Конституциялық құқық негіздері



1. Конституциялық құқық: ұғымы, пәні.
Қазақстан Республикасының Конститутциясы.

2. Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.
Конституциямен бекітіліп, реттелетін қоғамдық қатынастар маңызды болғандықтан, коституциялық құқық, Қазақстан құқық салаларының арасында жетекші рөл атқарады. Құқық жүйесіндегі конституциялық құқықтың жетекші рөлі төмендегі мәселелер арқылы көрінеді: біріншіден, конституциялық құқық қоғам мен мемлекет құрлысының негізгі қағидаларын құқықтық формада бекітеді; екіншіден, конституциялық құқық барлық қоғамдық үрдістерді басқарудың жалпы негіздерін анықтайды; үшіншіден, конституциялық құқықтың нормалары құқықтық актілердің түрлерін, оларды қабылдайтын органдарды, актілердің заңдық күштерінің ара салмағын анықтайтындықтан, конституциялық құқықтың нормалары құқықтың жасалу үрдісін реттейді.
Конституциялық құқық ғылымы қоғамдық ғылымдар жүйесіне жататын заң ғылымдарының құрамдас бөлігі. Конституциялық құқық ғылым болғандықтан оның өзіне оқытылатын пәні, зерттейтін объектісі, әдістері, деректік негіздері бар. Конституциялық құқық салалық заң ғылымдарына кіреді. Конституциялық құқық ғылымы – конституциялық құрылыстың институттарында бекітілген мемлекеттік-құқықтық және мемлекеттік биліктің іске асырылуына байланысты болатын – ерікті қоғамдық қатынастардың дамуы заңдылықтары жайындағы ғылыми білімдер жүйесі. Конституциялық құқық жүйесіне: 1) конституциялық құқықтың құқық саласы екендігі жайындағы білімдер; 2) Қазақстан Республикасы Конституциясының мәні, мазмұны, құрылымы жайындағы білімдер; 3) Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының негіздері және олардың қоғамдағы үстем қатынастарымен қарым-қатынасы жайлы білімдер; 4) Қазақстан Республикасы азаматының, адамның құқықтары мен бостандықтары туралы білімдер; 5) Қазақстан Республикасының ұлттық-мемлкеттік және әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы білімдер; 6) Қазақстан Республикасының билік органдары жүйесі, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы білімдер жатады.
Көрсетілген объектілер ғылыми зерттеудің пәні болып табылып ғылыми әдістемелік қағидаларға сүйеніп, тарихи, қисынды, салыстырмалы-құқықтық , жүйелік, статистикалық, нақты-әлеуметтік сияқты әдістерінің көмегімен оқытылады.
Теориялық қортындылар жасай отырып, конституциялық құқық ғылымы, ғылыми танымның негізін құрайтын барынша кең деректер жүйесіне сүйенеді. Осындай деректердің қатарына Конституция, конституциялық және қатардағы заңдар, Президенттің, Парламенттің; Үкіметтің, жергілікті атқару және өзін-өзі басқару органдардың нормативті актілері жатады. Сонымен бірге конституциялық құқықтың деректері көздеріне отандық, шетел оқымыстылары, ғалымдары, зерттеушілерінің конституциялық құқық саласына байланысты жазған еңбектері жатады.
1). Авторы: Опанов Қ.И
Кітап аты: «Құқық негіздері»
Басылым орны: Алматы, «Жеті жарғы» - 2006 жыл
Шифрі: ББК 67.99 (5 каз) 0я73

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Конституциялық құқық негіздері

Жоспары:

1. Конституциялық құқық: ұғымы, пәні.
Қазақстан Республикасының Конститутциясы.

2. Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.

1. Конституциялық құқық: ұғымы, пәні.
Қазақстан Республикасының Конститутциясы.

Конституциямен бекітіліп, реттелетін қоғамдық қатынастар маңызды
болғандықтан, коституциялық құқық, Қазақстан құқық салаларының арасында
жетекші рөл атқарады. Құқық жүйесіндегі конституциялық құқықтың жетекші
рөлі төмендегі мәселелер арқылы көрінеді: біріншіден, конституциялық құқық
қоғам мен мемлекет құрлысының негізгі қағидаларын құқықтық формада
бекітеді; екіншіден, конституциялық құқық барлық қоғамдық үрдістерді
басқарудың жалпы негіздерін анықтайды; үшіншіден, конституциялық құқықтың
нормалары құқықтық актілердің түрлерін, оларды қабылдайтын органдарды,
актілердің заңдық күштерінің ара салмағын анықтайтындықтан, конституциялық
құқықтың нормалары құқықтың жасалу үрдісін реттейді.
Конституциялық құқық ғылымы қоғамдық ғылымдар жүйесіне жататын заң
ғылымдарының құрамдас бөлігі. Конституциялық құқық ғылым болғандықтан оның
өзіне оқытылатын пәні, зерттейтін объектісі, әдістері, деректік негіздері
бар. Конституциялық құқық салалық заң ғылымдарына кіреді. Конституциялық
құқық ғылымы – конституциялық құрылыстың институттарында бекітілген
мемлекеттік-құқықтық және мемлекеттік биліктің іске асырылуына байланысты
болатын – ерікті қоғамдық қатынастардың дамуы заңдылықтары жайындағы ғылыми
білімдер жүйесі. Конституциялық құқық жүйесіне: 1) конституциялық құқықтың
құқық саласы екендігі жайындағы білімдер; 2) Қазақстан Республикасы
Конституциясының мәні, мазмұны, құрылымы жайындағы білімдер; 3) Қазақстан
Республикасы конституциялық құрылысының негіздері және олардың қоғамдағы
үстем қатынастарымен қарым-қатынасы жайлы білімдер; 4) Қазақстан
Республикасы азаматының, адамның құқықтары мен бостандықтары туралы
білімдер; 5) Қазақстан Республикасының ұлттық-мемлкеттік және әкімшілік-
аумақтық құрылымы туралы білімдер; 6) Қазақстан Республикасының билік
органдары жүйесі, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару
туралы білімдер жатады.
Көрсетілген объектілер ғылыми зерттеудің пәні болып табылып ғылыми
әдістемелік қағидаларға сүйеніп, тарихи, қисынды, салыстырмалы-құқықтық ,
жүйелік, статистикалық, нақты-әлеуметтік сияқты әдістерінің көмегімен
оқытылады.
Теориялық қортындылар жасай отырып, конституциялық құқық ғылымы,
ғылыми танымның негізін құрайтын барынша кең деректер жүйесіне сүйенеді.
Осындай деректердің қатарына Конституция, конституциялық және қатардағы
заңдар, Президенттің, Парламенттің; Үкіметтің, жергілікті атқару және өзін-
өзі басқару органдардың нормативті актілері жатады. Сонымен бірге
конституциялық құқықтың деректері көздеріне отандық, шетел оқымыстылары,
ғалымдары, зерттеушілерінің конституциялық құқық саласына байланысты жазған
еңбектері жатады.
Конституциялық құқық тұлғаның құқық мәртебесі мен Қазақстан
Республикасы мемлекеттік құрлысын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы,
құқықтың саласы. Сондықтан мемлекеттің құрылымына, адам мен мемлекет
арасындағы қатынасқа, мемлекеттік билікті іске асыру мен ұйымдастыруға
байланысты қоғамдық қатынастар конституциялық құқықтың оқытатын пәні.
Құқықтың басқа салалары сияқты, конституциялық құқықтың өзіндік
қоғамдық қатынастарды құқықпен реттеу әдістері деп аталатын, амал-айла,
тәсілдердің жиынтығы бар. Конституциялық құқықтың қатынастар төмендегідей
әдістердің көмегімен реттеледі:
1) міндеттеу әдісі; 2) тыйым салу әдісі; 3) рұқсат беру әдісі; 4)
мойындау әдісі.
Сонымен, конституциялық құқық дегеніміз - Қазақстан Республикасы
конституциялық құрылысының, адам мен азаматтың мәртебесінің, мемлекет
құрылымының, мемлекеттік билік органдары жүйесінің, жергілікті мемлекеттік
және өзін-өзі басқарудың негіздерін реттейтін, құқық нормаларының
жиынтығынан тұратын құқықтың бір саласы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция латыншадан
constitutio – аударғанда бекіту, орнату деген мағына береді. Ежелгі Римде
конституция деп императорлардың шығарған актілерін атаған. Орта ғасырда әр
түрлі сословиялардың құқықтары мен еркіндіктері туралы нормативті актілер
конституция делінген. Конституцияның қазіргі замандағы ұғымына жақын
мәндегі ең алғашқы Конституция – 1787 жылы қабылданған АҚШ Коституциясы.
Екінші конституция 1791 жылы Францияда қабылданған. Батыс Еуропа елдерінде
конституцияның қалыптасуына 18-19 ғасырдағы буржуазиялық революциялар
тікелей әсер етті. Конституция сол кезеңде феодалдық билікті, абсолюттік
монархияны шектеудің, буржуазияның (капиталистердің) экономикалық – саяси
үстемдігінің күшейтудің, бекітудің құқықтық нормасы болып табылады.
Заң ғылымында Конституция деп мемлекет пен адамның, азаматтың өзара
қарым-қатынасын, мемелекеттік органдар жүйесінің ұйымдастырылуы мен іс-
әрекетін, қоғамдық құрылыс пен мемлекеттік құрылымды бекітетін, жоғарғы
заңдық күші бар нормативті акт, негізгі заңды айтамыз.
Конституцияның қоғамдағы маңыздылығы оның атқаратын қызыметтерімен
тығыз байланысты. Конституцияның негізгі міндеттері: 1) Конституцияның
заңдық қызыметі құқықтың басқа салаларының негізі, құқықтың басты деректік
қайнар көзі болып табылатындығынан, нормаларының ең жоғарғы, заңдық күші
барлығынан көрінеді.; 2) Конституцияның саяси қызыметі қоғамның саяси
жүйесі әрекетінің тәртібін реттеуінде; 3) Конституцияның идеологиялық ықпал
жасаудың құралы болуы, оның идеологиялық қызыметі; 4) Конституцияның
мемлекеттегі меншіктің нысанын (формасын), әрекет етуінің тәртібін реттеуі
зкономикалық қызыметіне жатады.
Конституцияны нормативтік құқықтық актілердің басқа түрлерінен
ерекшелендіретін өзіндік бірнеше заңдық қасиеттері бар.
Біріншісі, конституцияның үстемдігі – оның жоғарғы заңдық күші. Ол
дегеніміз: Конституцияның нормалары басқа құқық салалары үшін дерек көзі;
нормативтік актілерді тек Конституцияда көрсетілген органдар ғана қабылдай
алады; нормативтік актілердің барлығы Конституция нормаларына сәйкес болуы
қажет; мемлекеттік органдар, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі
басқару органдары, лауазымды адамдар, азаматтар, бірлестіктер Конституция
нормалары мен баптарын бұзбай сақтауға міндетті. Конституцияның үстемдігі
сол Конституцияның өзімен бекітіледі.
Екіншісі, Конституцияның құрылтайлық сипаты. Конституция мемлекеттік
құрылыс пен мемлекеттік биліктің іске асырылуының негізін құрайды,
бекітеді. Конституцияның нормалары мен баптары басқа нормативтік актілерге
қарағанда алғашқы болып табылады.
Үшіншіден, Конституцияның тура, тікелей әрекеті. Бұл қасиетін
төмендегідей түсіну керек:
Конституцияның нормалары заң шығару, атқару және сот билігі үшін
міндетті болып есептеледі; Конституцияның нормалары сотта құқық
субъектілері өз құқықтарын қорғау үшін пайдаланылуы мүмкін.
Төртіншіден, Конституцияны өзгертудің және қабылдаудың ерекше тәртібі
бар. Конституцияны қабылдау не оған толықтырулар мен өзгерістер енгізу, тек
Конституцияда бекітілген ерекше жолмен, яғни конституцияның дәрежесіндей
заңдық күші бар актінің көмегімен және ол актіні қабылдауға құзіреті мен
құқы бар органның еркімен жүзеге асырылады.
Бесіншіден, Конституция ерекше құқықтық қорғауға жатады.
Конституцияны құқықтық қорғау дегеніміз конституциялық заңдылықтың сақталу
тәртібін қамтамассыз ететін заңды құралдардың жиынтығы. Конституция мен
конституциялық құрылысты қорғауда ерекше рөл, мемлекет басшысы, ең жоғарғы
лауазымды мемлекеттік қызмет, Конституцияның мызғымастығының кепілі,
Конституцияны қорғауға ант беретін Қазақстан Республикасы президентінің
үлесіне тиеді. Сонымен бірге, Конституцияны қорғау мақсатында құқық қорғау
органдары құрылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасу кезеңдері. Бірінші
кезең. Егеменді, тәуелсіз Қазақстан Конституциясының қалыптасу тарихы
өзінің бастамасын Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Конституциясына
өзгерістер мен толықтырулар енгізі туралы 1990 жылғы 24 сәуір заңынан
алады. Аталған заң мемлекеттік басқару жүйесіне маңызды өзгеріс енгізді.
Нақты айтсақ, елімізде бірінші рет Президент лауазымы енгізілді.
Конституциялық сипаттағы ең алғашқы акты 1990 жылы 25 қазанда
қабылданған Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Деклорация болды.
Деклорация бойынша Қазақ КСР-і заңдарының КСРО заңдарынан артықшылығы; КСРО
мен ҚКСР арасындағы қатынас шартқа негізделінетіндігі; Қазақстан әкімшілік
– аумақтық құрылымға, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени – ұлттық
құрылысқа байланысты мәселелердің барлығын өз еркімен шешетіндігі; ҚКСР
заңдарын бұзған жағдайда өз аумағында КСРО-ның заңдарын тоқтатуға құқы
барлығы; Республика аумағына қол сұғылмайды және бөлінбейді, шекарасы оның
келісімінсіз өзгермейтіндігі.; Жоғарғы Кеңестің келісімінсіз республика
жерінде басқа мемлекеттердің әскери бөлімдері мен базалары
орналаспайтындығы; Қазақстанның өзінің ішкі әскерін, мемлекеттік және
қоғамдық қауіпсіздік органдарын құруға құқығы; Қазақстанның өз мүддесіне
сәйкес сыртқы саясаты мен халықаралық қатынасын өз ұйғарымынша анықтай
алатындығы жарияланды. Деклорацияның жаңа Одақтық шарт пен Қазақстан
Конституциясын жасауға негіз болатындығы осы деклорацияның арнайы бабында
айтылды.
1978 жылғы Қазақ КСР – ның Конституциясы Қеңестердің билігін бекітсе,
1990 жылғы егемендік Деклорация мемлекеттік биліктің тармақталу қағидасы
жарияланған бірінші акты еді. Заң шығару билігі Жоғарғы Кеңеске берілді,
республика басшылығы және жоғарғы бөлу – атқару билігі Президенттің
қолына, сот билігі Жоғарғы Соттың қолына берілді. Деклорацияда мемелкеттің
әлеуметтік негізін анықтаудың таптық тәсілі көрсетілмеді. Егемендіктің және
мемлекеттік биліктің бірден – бір қайнар көзі халық деп жарияланды.
Республикадағы билік органдары мен басқару жүйесі саласындағы ірі
өндірістердің бастамасы болған 1990 жылы 20 қарашадағы Қазақ КСР-ның
Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік билік пен басқарудың құрылымын жетілдіру
туралы, 1991 жылы 15 ақпанда Қазақ КСР-ның жергілікті халық депутаттары
Кеңестері және жергілікті жердегі өзін -өзі басқару туралы заңдар
қабылданды.
Бірінші заң бойынша бұрынғы КСРО Министрлер Кеңесі Президенттің
жанындағы Министрлер Кабинеті болып қайта құрылды. Он беске жуық
министрліктер мен мекемелер жойылып, жартысы қайта құрылды. Мемлекеттік
жоспарлау, Мемлекеттік ауыл шаруашылығы өнеркәсібі, Мемлекеттік құрылыс,
Мемлекеттік жабдықтау, халықтық бақылау комитеті сияқты мекемелер жойылды.
Олардың орнына экономика жөніндегі мемлекеттік комитет, монополияға қарсы
комитет, мемлекеттік мүлікті басқару комитеті сияқты жаңа басқару органдары
құрылды. Республиканың Вице – президенті мен Бас прокуроры лауазымдары
енгізілді.
Екінші заң бойынша өкілетті және атқару биліктері Кеңестің
төрағасының қолына шоғырландырылды. Жергілікті Кеңестердің қолына
жергілікті шаруашылық, коммуналды меншік, жергілікті бюджетке түсетін
салықтың түрлері бекітілді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасуының екінші кезеңі
1991 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған Қазақ Кеңестік Социалистік
Республикасы атын өзгерту туралы заңын қабылдаудан басталады деуге болады.
Бұл заң конституциялық заң деп аталмағанымен іс жүзінде солай болды.
Себебі, заң мемлекеттік ұйымдардың идеологиялық негізін жою туралы Қазақ
КСР – ның Конституциясына өзгеріс енгізді.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды. Заңның 1 – бабында
Қазақстан тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет, оның аумағы
біртұтас, бөлінбейді және қол сұғылмайды деп жарияланды.
Заңның 2 – бабында ортақ тарихи тағдырдың барысында қазақ ұлтымен
біріккен республикадағы барлық ұлттың азаматтары егемендік пен мемлекеттік
биліктің бірден – бір қайнар көзі біртұтас Қазақстан халқын құрады деп
көрсетілді. Қазақстан аумағынан кетуге мәжбүр болып, басқа мемлекеттердің
жерінде тұрып жатқан қазақтар үшін заң сол елдің заңына қайшы келмеген
жағдайда сол елдің азаматтығымен қоса Қазақстан азаматтығын алу құқығын
мойындады.
Заңның 3 – тарауы мемлекеттік биліктің органдары мен басқарудың
құрылымын анықтады. Мемлекеттік билік оны заң шығару, атқару және сот
биліктеріне бөлу қағидасына негізделіп іске асырылады деп жазылды.
Қазақстан Республикасының және атқару билігінің басшысы Президент деп
жарияланды.
4 – тарау мемлекеттің зкономикалық негізін анықтады. Қазақстан
өзіндік экономикалық жүйеге және меншіктің әр алуан түрлігі мен теңдігіне
сүйенеді делінді. Жер және оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдік,
жануарлар дүниесі және басқа табиғат байлықтары мемлекеттің ерекше меншігі
деп жарияланды.
Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың субъектісі және сыртқы
экономикалық мәселелерді өз еркімен шешетіндігі айтылды. 18 – бапта бұл заң
Қазақстанның жаңа Конституциясын жасауға негіз бола алады деп көрсетілді.
Бүгінгі күннен бастап Қазақстан заң жүзінде егеменді мемлекет делінді. Осы
мемлекеттік тәуелсіздік туралы конституциялық заңға қайшы келмейтіндіктен
Қазақ КСР Конституциясының, заңдарының, КСРО заңдарының нормалары күштерін
жоймай әрекет жасай берді.
Осы кезеңде 1978 жылғы Конституцияға елеулі өзгерістер енгізген
бірнеше конституциялық заңдар қабылданды. Мысалы 1991 жылы 20 желтоқсанда
қабылданған Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заң КСРО
азаматтығы мен қос азаматтылықты мойындамады. Заң бойынша Қазақстан
Республикасы азаматтығын алудың жаңа негіздері бекітілді.
Конституцияның қалыптасуының үшінші кезеңі 1993 жылғы 28 қаңтарда
Жоғарғы Кеңес қабылданған егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясынан
басталады. 1993 жылғы Конституция Қазақстанның мемлекеттік және қоғамдық
құрылысын жаңаша анықтады. Конституция егемендік жарияланған уақыттан бері
қабылданған конституциялық заңдардың көптеген құқықтық нормаларын,
қағидалары мен идеяларын пайдаланды. Сонымен бірге Конституция ескі 1978
жылғы Қазақ КСР – ның кейбір ережелерін сақтады. Мысалы, Жоғарғы Кеңес бір
палаталық өкілеттік және заң шығарушы орган болып қалды, бірақ бұрынғыдай
бүкіл биліктік орган болған жоқ. Жергілікті өкілетті органдар – Кеңестер
сақталды. 1978 жылғы Конституцияда жарияланған адам мен азаматтың құқықтары
мен бостандықтарының және тағы басқа да идеялар, ережелер сақталды.
Конституцияда тұңғыш рет мемлекетті діни бірлестіктерден бөлуді және
Қазақстан аумағында саяси не мәдени автономиялар құру мүмкін еместігін
білдіретін зайырлы және біртұтас (унитарлы) деген ұғымдар пайдаланылды.
Конституция мемлекеттік билік тармақтарының өзара қарым – қатынасында
тежемелік және тепе – теңдік жүйесін пайдаланудың және Конституция
нормаларының тура әрекеті ережелерін бекітті.
Конституциялық соттың қаулысына сәйкес 1993 жылы 10 желтоқсанда
Жоғарғы Кеңес Президентке қатардағы заңдық ғана емес, конституциялық заңдық
күші бар жарлық қабылдауға болатын уақытша заңды құзырет берді. 1993 жылғы
Конституцияда бұндай ереже блмағандықтан, Жоғарғы Кеңестің осы шешімін
Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар деуге болады.
Конституция дамуының төртінші кезеңі бүгінгі таңда өзіміз өмір сүріп
отырған, Республиканың 1995 жылғы екінші Конституциясының қабылдануымен
байланысты. Бұл Конституцияның алғашқы конституциядан қабылдану тәртібі
жағынан айырмашылығы бүкілхалықтық референдум арқылы қабылдануында.
Конституциялық дамудың бесінші кезеңінде 1998 жылы 7 қазанда
Парламент осы Конституцияға 19 және Қазақстан Республикасындағы сайлау
туралы Жарлығына түзетулер енгізді. Парламент 1999 жылғы 10 қаңтарда
мерзімінен бұрынғы президент сайлауын өткізу туралы шешім қабылдады. Келесі
түзетулер президенттік құзыреттіліктің мерзімін бес жылдан жеті жылға
ұзартты. Президентке кандидаттың шектеулі жас мөлшері алынып тасталды.
Келесі түзету бойынша кандидаттар дауыс берушілердің 50 пайызынан төмен
емес мөлшеріндегі дауысын алғанда сайлау өтті деп есептеледі деген ереже
алынып тасталды.

2. Қазақстан Республикасы қоғамдық
құрылысының конституциялық негіздері.
Әр мемлекеттің өзіндік ерекшелігін көрсететін мемлекеттік құрылымы
(құрлысы) болады. Мемлекет осындай құрылымы жағынан демократиялық,
демократиялық емес сипатта не басқаруы жағынан республика, монархия болуы
мүмкін. Демократиялық мемлекетте мемлекеттік құрылыстың негізін
төмендегідей үш қағидат құрайды: халықтық билік, биліктің бөлінуі, адам мен
азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылықтары. Мемлекеттік
құрылыс сол мемлекеттің негізгі заңы Конституцияда бекітіліп, заңдық күшке
ие болады. Конституцияда көрсетіліп, бекітілген мемлекеттік құрылыс
конституциялық құрылыс деп аталады. Сондықтан, конституциялық құрылыс
мемлекет іс - әрекетінің негізгі қағидаларын бекітетін, конституциялық
нормалардың жиынтығы. Сонымен, Қазақстан Республикасының конституциялық
құрылысы қандай бөлшектерден тұрады?
Біріншіден, бұл егемендік. Қазақстан егеменді мемлекет.
Конституцияның 2 – бабының 2 – тармағында Республиканың егемендігі оның
бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын
және бөлінбеуін қамтамассыз етеді - деп жазылған. Мелекеттік егемендік
дегеніміз мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі
секілді тармақтарының өз аумағындағы толықтығы және халықаралық қатынастар
саласындағы мемлекеттік биліктің шет мемлекеттердің билігінен тәуелсіздігін
білдіретін мемлекеттік биліктің үстемдігі.
Демократиялық мемлекетте биліктің бірден – бір қайнар көзі халық
болып табылады. Халықты барлық биліктің қайнар көзідеп мойындау, халықтық
егемендіктің көрінісі. Халықтық егемендік қоғамды және
Мемлекетті басқару ісіне накты араласу үшін халыктың әлеуметтік-
экономикалык және саяси құралдар мен мүмкіндіктерге ие болуын
білдіретін халықтың толық билігі деген сөз. Халык өз билігін
республикалык референдум не сайлау арқылы тікелей немесе мемлекеттік
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Қазақстан Республикасынаң құқығы негіздері
Халықаралық құқықтың түсінігі
Конституциялық құқық саласы ретінде
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ
Азаматтық құқық және құқықтық қатынас субъектілері жән объектілері
Конституциялық құқық. Құқықтық норма
ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ. Студенттерге арналған оқу құралы
Конституциялық құқық
Пәндер