Қарым-қатынас үдерісіндегі кинесикалық амалдар



РЕФЕРАТ

ГЛОССАРИЙ

КІРІСПЕ

1 БЕЙВЕРБАЛДЫ ҚАРЫМ.ҚАТЫНАСТЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ МЕН ПАРАЛИНГВИСТИКА ҰҒЫМЫНА ҚАТЫСТЫ ТҮСІНІКТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Ым тілінің зерттелу тарихы
1.2 Паралингвистика құбылысының жалпы сипаты

2 ПАРАТІЛДІ АМАЛДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ
2.1 Паралингвистиканың кинесика саласы туралы түсінік
Қарым.қатынас үдерісіндегі кинесикалық амалдардың қолданысы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША
Бітіру жұмысы қарым-қатынастағы бейвербалды амалдарға, олардың ұлттық табиғатына арналып отыр. ХХғасырдың соңғы жылдары лингвистика саласында паратіл амалдарын ғылыми тұрғыдан қарастыру қолға алынып келеді. Қарым-қатынас кезінде ауызша және жазбаша қолданыстармен бірге паратілдік құралдарды қолданудың маңызы өте зор. Сөйленістің вербалды тәсілдерімен бірге жүретін кинесикалық, проксемикалық, просодикалық амалдардар, қимылдар лингвистикада бейвербалды қатынастың құрамында болатынын түсіндіреді. Соның ішінде біздің қарастырып отырған қарым-қатынас үдерісіндегі кинесикалық амалдар қолданыста жиі ұшырасады.Көңіл-күйді білдіретін кинесикалық құралдардың туа біткен қасиетке ие екендігіне көз жеткізе аламыз,ал қарым-қатынастағы ұлттық-мәдени ерекшелікті және универсалдылықты білдіретін бейвербалды амалдар туа біткен қатынас құралдары емес,олар қатынас жасау барысындағы қабілет арқылы пайда болған.Осы секілді кинесикалық амалдарға қатысты мәселелер жұмысымыздың теория және практика бөлімдерінде қарастырылған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бітіру жұмысымызда қарым-қатынас барысында әр түрлі ұлт өкілдерінің кинесикалық амалдардың лингвомәдениеттану тарапынан қарастырылуы зерттеу жұмысының өзектілігі болып табылады.Қазақ тіл білімінде паралигвистика саласын көп ғалымдар зерттемеген. Ал түрлі халықтардың қарым-қатынасындағы бейвербалды амалдарды зерттеген ғалымдар жеткілікті.Зерттеулерде нысан ретінде белгілі бір тіл алынып, олар салыстармалы және салғастырмалы түрде қарастырылады. Орыс тілінің қарым-қатынасындағы бейвербалды амалдарды А.А. Акишина, И.Н. Горелов, Г.В. Колшанский, Е.В. Красильникова, А.А. Леонтьев, Т.М. Николаева т.б. ғалымдар; Т.Т. Железанова – неміс тілінің қимылдарын, Д.А. Абдуазизова, А.Н. Нұрманов, М.М. Сайдханов – өзбек тілінің қимылдарын, С.Б. Бейсембаева, К.Ш. Қажығалиева, М.М. Мұқанов, Ж.Қ. Ибраева, А.Д. Сейсенова, С.С. Татубаев, М.П. Ешимов сынды ғалымдар бейвербалды амалдарды қазақ тілін басқа тілдермен салыстырмалы, салғастырмалы,сипаттамалы аспектіде, психолингвистика тарапынан зерттеген. Енді біз зерттеуімізде паралингвистиканың бір тармағы болып табылатын кинесиканы қазақ тілін сипаттамалы және қытай, парсы тілдерімен салыстырмалы аспектіде қарастырамыз.
Зерттеудің мақсаты  қарым-қатынастағы бейвербалды амалдардың мән-мағынасын ашып, қимылдардың ұлттық табиғатын ашу. Түрлі халықтар қарым-қатынасындағы кинесикалық амалдарды қарастыра отырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, мәдени ерекшеліктерді анықтау. Осыған байланысты бітіру жұмысында төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- бейвербалды амалдарға семантикалық талдау жасау, олардың ұлт мәдениетімен, халықтың тұрмыстық дәстүрлерімен байланысын анықтау;
- қарым-қатынас әрекетіндегі кинесикалық амалдардың қызметін анықтау;
1.Татубаев С.Жесты как компонент искусства.- Алма-Ата, 1979.
2.Сейсенова А.Д.Лингвистикалық мәдениеттану: Фил.ғыл.канд.дис.- Алматы,1998.
3.Есенберлин І.Ғашықтар.-Алматы,1992.
4.Момынова Б, Бейсембаева С.Қазақ тіліндегі ым мен мен ишараттардың қазақша-орысша түсіндірме сөздігі.-Алматы,2003
5.Ибраева Ж.Қ.Невербальная коммуникация в контексте казахской культуры- Алматы,2002.
6.Нұрсұлтанқызы Жазира.Паралингвистика(О.Бөкеев шығармалары бойынша. Оқу құралы) -Алматы: КазНПУ им.Абая,2007.
7.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі/ Жалпы редакциясын басқарған Т.Жанұзақов. –Алматы: Дайк- Пресс,2008.-968б.
8.Есенберлин І.Көшпенділер.Тарихи трилогия.Үшінші кітап.- Алматы: Жазушы,1976.
9.Есенберлин І. Махаббат мейрамы: Роман – Алматы: «Көшпенділер» баспасы,2002.- 232б.
10.Кекілбаев Ә. Екі томдық таңдамалы шығармалар.- Алматы: Жазушы,1989.-Т.1: Роман және повестер.-400бет,суретті,портр.
11.Кекілбайұлы Ә.Он екі томдық шығармалар жинағы.- Алматы: «Өлке» баспасы.- Т.1.-1999.-400бет.
12.Мұқанов С.Таңдамалы шығармалар.Он алты томдық.Т.9- Алматы: Жазушы,1976.
13.Тіл білімі сөздігі/ Жалпы редакциясын басқарған профессор Сулейменова Э.Д.- Алматы: Ғылым,1998.-541б.
14.Колшанский Г.В.Паралингвистика. –М.,1974.-80c.
15.Горелов И.Н.Невербальные компоненты коммуникации.- М.: Наука,1980- 104c.
16.Крейдлин Г.Е. Невербальная семиотика: Язык тела и естественный язык.- М.: Новое литературное обозрение,2002.-592с.
17.Ибраева Ж.К.Национально-культурная специфика конвенциональных фразеологизмов с соматизмами: Дис.канд.филол.наук.- Алматы,1999 -124c.
18.Бейсембаева С.Б.Невербальные компоненты коммуникации в казахском языке: Дис.канд.филол.наук. – Алматы,2002.-120c.
19.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі/ Жалпы редакциясын басқарған А.Ы.Ысқақов.7 том.-Алматы,1983-671б.
20.Әуезов М.Шығармалар,10 том.- Алматы,1982.
21.Волос Р.П.Введение в изучение невербальной коммуникации русского языка// Страноведение и преподавание русского языка иностранцам/ Под ред. Е.М.Верещагина и В.Г.Костомарова – М.: Издательство МГУ,1972.-C.74-82.
22.Муканов М.М.Этнопсихологическая специфика невербальных коммуникативных знаков// Психология,Интелект и речь.-Алма-Ата,1972.-Вып. №92.-C.114-118.
23.Жарықпаев Қ.Жантану негіздері.- Алматы,2002.-415б.
24.Есенберлин І.Ғашықтар.-Алматы,1973.
25.Есенберлин І.Көлеңкеңмен қорғай жүр.- Алматы,1974.-224б.
26.Геворкян К.У. Кинесический язык (Введение в кинесику): Авторефер. дис. ... д-ра филол. наук: 10.02.19.  Ереван, 1991.  33 с.
27.Фрумкина Р.М.Психолингвистика: Учебник для студ. высш. учеб. заведений.  М.: Издательский центр «Академия»,2001.-320c.
28.Лингвистический энциклопедический словарь.-M.,1998.-221c.
29.Жұбанов Қ. Қазақ тілінің жоғарғы курсы.- Алматы: Қазақ университеті,1999.-112б.
30.Қобыланова А. Қазақ сөз этикеті: Филол.ғыл.канд.дис.- Алматы,1993.-151б.
31.Нарожная В.Д. Невербальная коммуникация как этнокультурный феномен.-Республика Казахстан:Кокшетау,2010.
32.Шмелев А.Д.Символические жесты и их отражение в языке.- М.: Наука, 1988
33.Смолькина Т.П. Невербальная коммуникация в педогогическом процессе. Основы педогогического мастерства.- Караганда,2009.
34.Акынова Д.Х. Қазақ тілінде мақұлдау,мақұлдамау модальділігінің жағдаяттық және паралингвистикалық құрал арқылы берілуі// ҚазҰУ хабаршысы.- 2007.-№6.
35.Пиз А.Язык телодвижений.Как читать мысли других людей по их жестам- М.:ЭКСПО,2004.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті

Жалпы тіл білімі кафедрасы

Диплом жұмысы

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ҮДЕРІСІНДЕГІ КИНЕСИКАЛЫҚ АМАЛДАР

Орындаған:
4 курс студенті___________________________ _____Мухамбетжанова Қ.Т.

Ғылыми жетекші
филол. ғыл. канд. доцент__________________________Ума това Ж.М.

Норма бақылаушы__________________________ ___Таусоғарова А.Қ.

Кафедра меңгерушісі
филол. ғыл. докт., профессор_______________________Мад иева Г.Б.

Қорғауға жіберілді:
7 маусым 2011 ж.

Алматы, 2011

РЕФЕРАТ

Диплом жұмысының тақырыбы: Қарым-қатынас үдерісіндегі кинесикалық
амалдар.
Диплом жұмысының көлемі: 49
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы реферат, глоссарий,
кіріспеден, екі бөлімнен, пайдалынған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан
тұрады.
Диплом жұмысының зерттеу нысаны: Этномәдени саланың феномені болып
табылатын қарым-қатынастағы кинесикалық амалдар табиғаты.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті: Кинесикалық амалдардың
семантикалық мағынасын ашу,ұлттық-мәдени ерекшелігі мен әмбебаптығын
анықтау.Қазақ жазушыларының көркем шығармаларда қолданылатын кинесикалық
амалдарды топтастырумен қатар, қытай,парсы, қазақ ұлт өкілдерімен қарым-
қатынас, әңгімелесу барысында қолданылған кинесикалық амалдарды салыстыра
зерттеу арқылы ерекшеліктерді түсіндіру.

ГЛОССАРИЙ

Коммуникация ( (лат. communicatio байланыстыру, қарым-қатынас жасау,
ортақ ету) ағыл. Communication ( қарым-қатынас терминімен бірдей;
белгіленген таңбалар жүйесі арқылы қоғамдағы адамдардың ақпарат алмасуы.
Ым-ишара тілі ( (ағыл. sign language ( ым мен ишара жасауға негізделген
коммуникативті жүйе (кинетикалық тіл).
Сөйлеу актісі ( (лат. aktus ( іс-қимыл) ағыл. speech act ( адресаты
бар, белгілі бір қоғамның әлеуметтік-тілдік мінез-құлқының қағидаларымен
реттелетін, алдын ала ойластырылған, мақсатты, нақты бір сөйлеу жағдайында
сөйлеуші айтатын, тыңдаушы қабылдайтын сөйленіс.
Пантомимика ( сөзсіз ымдау, ишарат көрсету, мәнерлі дене қозғалысы.
Мимика ( ішкі психологиялық жағдайды білдіретін бет құбылыстары.
Кинесика ( кең мағынасында, кинесика ( бұл дене мен оның бөліктерінің
тілі туралы ілім, тар мағынада-дене мен оның бөліктерінің қимыл-
қозғалысы,ым-ишара туралы ілім. Кинесика (грекше kinesis ( қозғалыс)
–сөйлеу аппаратының қимылдарынан басқа адам өзара қатынас жасау үшін
қолданылатын барлық ым-қимылдарды (кинемалар) зерттейтін ғылым (2, 174 б.(.
Паралингвистика ( (грек тілінен маңында және лингвистика) а) сөйлеу
хабарламасына ене отырып, вербалды амалдармен бірге мазмұнды ақпарат
беретін бейвербалды амалдарды зерттейтін тіл білімінің бөлімі; ә) сөйлеу
коммуникациясына қатысатын бейвербалды амалдардың бірлігі.
Паратілдік амалдарға мынадай анықтама беріледі: дене қимылы, әсіресе,
сөйлеу мәнерлілігін арттыратын қол қимылы (қолмен әр түрлі қимылдар жасау).
Бейвербалды амалдар ( вербалды амалдарды толықтырып, оларға қосымша
мағына үстейтін, коммуникативтік актіні жалғастыруға қызмет
ететін,адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз етуге көмектесетін қарым-
қатынас түрі.
Кинесикалық амалдар ( қарым-қатынас барысында қолданылатын мимика,
ишара, дене қалыбы, адамның аяқ алысы сияқты ұғымдардың жиынтығы.
Просодика ( тембр, интонация, дауыс қаттылығы, екпін, ырғақ т.б. баяншы
мен қабылдаушының көңіл-күйін,сезімін сипаттаушы амалдар.
Проксемика - коммуникативтік актіге қатысушы адамдардың арасындағы
арақашықтықты зерттеуді нысана етіп алады.
МАЗМҰНЫ

РЕФЕРАТ

ГЛОССАРИЙ

КІРІСПЕ

1 БЕЙВЕРБАЛДЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ МЕН ПАРАЛИНГВИСТИКА
ҰҒЫМЫНА ҚАТЫСТЫ ТҮСІНІКТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Ым тілінің зерттелу тарихы
1.2 Паралингвистика құбылысының жалпы сипаты

2 ПАРАТІЛДІ АМАЛДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ
2.1 Паралингвистиканың кинесика саласы туралы түсінік
Қарым-қатынас үдерісіндегі кинесикалық амалдардың қолданысы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Бітіру жұмысы қарым-қатынастағы бейвербалды амалдарға, олардың ұлттық
табиғатына арналып отыр. ХХғасырдың соңғы жылдары лингвистика саласында
паратіл амалдарын ғылыми тұрғыдан қарастыру қолға алынып келеді. Қарым-
қатынас кезінде ауызша және жазбаша қолданыстармен бірге паратілдік
құралдарды қолданудың маңызы өте зор. Сөйленістің вербалды тәсілдерімен
бірге жүретін кинесикалық, проксемикалық, просодикалық амалдардар, қимылдар
лингвистикада бейвербалды қатынастың құрамында болатынын түсіндіреді. Соның
ішінде біздің қарастырып отырған қарым-қатынас үдерісіндегі кинесикалық
амалдар қолданыста жиі ұшырасады.Көңіл-күйді білдіретін кинесикалық
құралдардың туа біткен қасиетке ие екендігіне көз жеткізе аламыз,ал қарым-
қатынастағы ұлттық-мәдени ерекшелікті және универсалдылықты білдіретін
бейвербалды амалдар туа біткен қатынас құралдары емес,олар қатынас жасау
барысындағы қабілет арқылы пайда болған.Осы секілді кинесикалық амалдарға
қатысты мәселелер жұмысымыздың теория және практика бөлімдерінде
қарастырылған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бітіру жұмысымызда қарым-қатынас
барысында әр түрлі ұлт өкілдерінің кинесикалық амалдардың
лингвомәдениеттану тарапынан қарастырылуы зерттеу жұмысының өзектілігі
болып табылады.Қазақ тіл білімінде паралигвистика саласын көп ғалымдар
зерттемеген. Ал түрлі халықтардың қарым-қатынасындағы бейвербалды амалдарды
зерттеген ғалымдар жеткілікті.Зерттеулерде нысан ретінде белгілі бір тіл
алынып, олар салыстармалы және салғастырмалы түрде қарастырылады. Орыс
тілінің қарым-қатынасындағы бейвербалды амалдарды А.А. Акишина,
И.Н. Горелов, Г.В. Колшанский, Е.В. Красильникова, А.А. Леонтьев,
Т.М. Николаева т.б. ғалымдар; Т.Т. Железанова – неміс тілінің қимылдарын,
Д.А. Абдуазизова, А.Н. Нұрманов, М.М. Сайдханов – өзбек тілінің қимылдарын,
С.Б. Бейсембаева, К.Ш. Қажығалиева, М.М. Мұқанов, Ж.Қ. Ибраева,
А.Д. Сейсенова, С.С. Татубаев, М.П. Ешимов сынды ғалымдар бейвербалды
амалдарды қазақ тілін басқа тілдермен салыстырмалы,
салғастырмалы,сипаттамалы аспектіде, психолингвистика тарапынан зерттеген.
Енді біз зерттеуімізде паралингвистиканың бір тармағы болып табылатын
кинесиканы қазақ тілін сипаттамалы және қытай, парсы тілдерімен
салыстырмалы аспектіде қарастырамыз.
Зерттеудің мақсаты ( қарым-қатынастағы бейвербалды амалдардың мән-
мағынасын ашып, қимылдардың ұлттық табиғатын ашу. Түрлі халықтар қарым-
қатынасындағы кинесикалық амалдарды қарастыра отырып, олардың ұқсастықтары
мен айырмашылықтарын, мәдени ерекшеліктерді анықтау. Осыған байланысты
бітіру жұмысында төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- бейвербалды амалдарға семантикалық талдау жасау, олардың ұлт
мәдениетімен, халықтың тұрмыстық дәстүрлерімен байланысын анықтау;
- қарым-қатынас әрекетіндегі кинесикалық амалдардың қызметін анықтау;
- басқа ұлт өкілдерімен араласу арқылы қазақ мәдениетінде қолданылатын
кинесикалық амалдарды олардың тіліндегі амалдармен салыстыру, қолданылу
себебін ашу, семантикалық мағыналарын көрсету;
- бізге дейін жазылған зерттеу жұмыстарына сүйене отырып тұжырым жасау.
Зерттеудің нысаны – этномәдени саланың феномені болып табылатын
бейвербалды қарым-қатынастың компоненті болып табылатын кинесикалық
амалдар.
Зерттеудің пәні – мәдениеттер диалогында оның ұлттық-мәдени ерекшелігі,
жекелей алғанда – Алматы қаласында тұратын, білім алушы әр түрлі ұлт
өкілдерінің қарым-қатынас, араласу кезінде қолданылатын кинесикалық
құралдар.
Зерттеу әдіс-тәсілдері. Жұмыста тілдік факторларды белгілеудегі негізге
алынған сипаттамалы әдіс, салыстырмалы әдіс, қарым-қатынастағы бейвербалды
амалдардың ұлттық және универсалдылығын нақтылау үшін салғастырмалы әдіс,
материалдарды жаппай іріктеп жинақтау, топтастыру тәсілдері қолданылады.
Зерттеу материалдары ретінде әр түрлі ұлт өкілдерімен қарым-қатынас
барысында бақылау жүргізу арқылы жиналған материалдары болып табылады.
Жұмысты жазу кезінде жазушылардың шығармаларынан кинемалар, тілдік
бірліктер жинақталды. Осы жұмысқа дейін жазылған зерттеуші-ғалымдардың
ғылыми жұмыстары пайдаланылды. Диплом жұмысында келесі лексикографиялық
дереккөздер қолданылды:
Қазақ тіліндегі ым-ишараттардың қазақша-орысша түсіндірме сөздігі
(Б.Қ. Момынова, С.Б. Бейсембаева); Қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме
сөздігі (жалпы ред. басқарған А.Ы. Ысқақов); Қазақ ым-ишараттары сөздігі
(М.П. Ешімов).
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Зерттеу барысында алынған жалпы
ұлттық және универсалды кинемалармен және олардың семантикасымен, өзіндік
ерекшеліктерімен жақынырақ танысуға, жалпы тіл білімі және лексика
саласының теориялық тұрғыдан толыға түсуіне үлесін қосады. Бітіру жұмысы әр
түрлі тілдердегі кинесикалық амалдарды салыстырмалы, лингвомәдениеттану
бағыттарда қарастырады.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Жұмыста алынған нәтижелер мен
қорытындылар паралингвистика, лингвомәдениеттану, мәдениетаралық қарым-
қатынас, лингвоелтану пәндері бойынша арнаулы курстарда, сонымен қатар оқу-
әдістемелік материал құрастыруда, сөздіктер жасауда пайдалануға болады.
1 БЕЙВЕРБАЛДЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ МЕН ПАРАЛИНГВИСТИКА ҰҒЫМЫНА
ҚАТЫСТЫ ТҮСІНІКТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1.1 Ым тілінің зерттелу тарихы
Тілдік орта қарым-қатынасты іске асыру үшін сөйленіс кезінде ойды
жеткізу мақсатымен түрлі-түрлі тілдік және тілден тыс, тілдік емес, тіл
айналасындағы құралдарды пайдалану дағдысын қалыптастырған. Осы тіл
айналасындағы құралдарға ольфакторлық, тактильдік, көзбен көретін, құлақпен
еститін тілдік және тілдік емес құралдар жатады. Тілдік құралдарды ғылым
тілінде вербалды элементтер деп атасақ, тілдік емес құралдар бейвербалды
элементтер деп аталады. Коммуникацияның осы аталған екі элементінің
арақатынасы қандай межеде танылуы керек деген мәселеге байланысты бүгінгі
таңда қалыптасқан ғылыми пікірлердің өзіндік жүйесі бар.
Вербалды және бейвербалдылықты тереңінен қозғап зерттеген белгілі ғалым
Г.В. Колшанский осы меже турасында былай дейді: Вообще паралингвистический
аспект релевантен только в сочетании с изучением вербального общения.
Случаи так называемого неязыкового общения лежат вне сферы паралингвистики,
на стыке психологии с физиологией и этнографией. Бұл пікірде тілддік емес,
тілден тысқары элементтердің паралингвистикалық құралдарға ұқсастығы
болатынын, бірақ оларды параамалдармен шатастыруға келмейтінін, олардың
адамның физиологиялық ерекшелігі ретінде ғылымның өзге салалары қарастыруға
тиістігі жөнінде айтылған пікірді оқимыз.
Орыс тіліндегі невербальные элементы деген терминнің бейвербальды
элементтер деген терминдік атауы филология ғылымдарының докторы, профессор
Э.Д. Сүлейменованың басшылығымен жарыққа шыққан тіл білімінің түсіндірме
сөздігінде ұсынылады.
Бейвербалды сөзі -бей префиксінің (сөзалды жұрнақ) түбірге жалғануының
нәтижесінде жасалған. Қазақ тіліндегі төл тілдік қосымшалардың қатарына
префикстер жатқызылмайды, табиғатында ондай қосымша түрі жоқ. Мұндай
қосымшалар кірме элементтер болып саналады. Осы секілді кірме сөзалды
қосымшалардың қатарына -бей, -авто, -агро, -аван, т.б. префикстерін
жатқызуға болады.
Ал -бей сөзалды жұрнағы арқылы жасалған сөздер қазақ тілінде көп емес,
саналуы ғана, солардың бірі ( бейвербалды сөзі, білдіретін мағынасына қарай
вербалдылыққа қатысы жоқ, вербалдылыққа жатпайды, вербалды емес дегенді
білдіреді.
Бейвербалды тілдік коммуникация құралдарына қатысты терминдер
бейвербалды амалдар, бейвербалды элементтер, қатынастың бейвербалды
құралдары деп түрліше аталып жүр, яғни олардың аталуына бірізділік жоқ,
толық тұрақталу сатысына жете қоймаған. Тілдік қатынастың осындай
элементтерін дене тілі, тән тілі деп те аталып жүргенін еске сала кетеміз.
Бұл атаулардың ішінде қатынастың бейвербалды элементтері табиғатына сай,
олар туралы толық түсінік бере алатын атау деп санаймыз.
Ал оның қазақ тілі біліміндегі нағыз ғылыми зерттелуі біртіндеп жолға
қойылып келеді. Осы саланың зерттелуі туралы тілші-ғалым Б.Қ. Момынова:
Кең ауқымдағы танымдық (когнитивтік) тұрғыдан да дене тілі, ым мен
ишаратты зерттеу – тілдің әлеуметтік, психологиялық лингвистика сынды
салаларының фактілерін салыстыра отырып, кшенді зерттеу арқылы іске
асатынын, теориялық тұғыры әлі толық қалыптаса қоймаған жаңа бағыт екенін
айтады.
Халық психологиясы ғасырлардың жемісі, ол ғасырлар бойы қалыптасады,
онда көңіл аударуға тұрарлық түрлі жайттар мен құбылыстар көп кездеседі.
Соның ішінде кейбір сезімді, іс-әрекетті сөзбен айтпақ-ақ, ыммен, қимылмен,
ишарамен сездіретін түрлі іс-әрекеттер бар. Сондай әрекеттердің ішінде
ымдау немесе ым көзбен, ауызбен, бет пішінмен берілетін дыбыссыз
ишаралардан тұрады. Қазақ халқы іспен, күшпен, іс-қимылмен немесе пәтуалы
бір ауыз сөзбен ғана емес, бет-пішіннің түрлі қозғалысқа түсуі арқылы, дене
қимылдарымен-ақ ойын сездіроіп, пікірін, ойын тыңдаушысына жеткізе білген.
Тіпті, кей тұстарда, кей жағдайларда ойын жеткізуде ым мен ишарат тиімді
болып келетін жағдайлар да болады. Бұл тек қазақ тілінде ғана емес, өзге
тілдерде де қалыптасқан көңіл аударатын қызық жағдай. Сондықтан да: Более
того, установлено, что для выполнения некоторых функций параязык более
пригоден, чем язык, сравнить: в обычном диалоге главное время фатической и
конативной функции возлагается на кинетическую коммуникацию, что позволяет
в один и тот же отрезок времени передать большую информацию, в виду большей
лаконичности жестов по сравнению с речевыми элементами, ( деген пікірдің
өзінен біраз жағдайды аңғаруға болады.
Кінәлап, ренжіген жазықсыз баланың отты көздері жарқ етіп, Байсалға
қадала қарадым (М. Әуезов) дегенде, сөзбен жеткізуден гөрі екпіні қатты,
алқымды алған ашу мен ашынуды отты көздің жарқ етуі мен қадала қарауы
арқылы жеткізу әлдеқайда оңтайлы, өте өтімді болып тұрғанын байқау қиын
емес. Мұндай жағдайларда ауызша сөйлесу кезінде сөздің артық көрінетіні,
қажеті жоқтығы не болмаса жеткіліксіз болуының байқалатыны бар. Келтірілген
мысалда бүкіл айтылар ой, айтайын деген сөз бір ғана көзқараспен-ақ
жеткізіліп тұр. Бұл көзқараста қаншама экспрессия мен эмоция, сезім
жатқанын қара сөзбен айту дәл мұндай әсерлі шықпас еді.
Сондықтан да, әсіресе, түрлі эмоцияны, әрқилы сезім-күйді жеткізу
кезінде ауыздан шығатын сөзбен бірге түрлі қимылдар, бет-пішін өзгерісі
қызметке кірісетіні көпке белгілі. Айталық:
- ашулану;
- қатты қуану;
- шаттану;
- ренжу;
- өкпелеу;
- ризалық таныту;
- мақұлдау, құптау;
- қарсыласу;
- жаратпау;
- жақтырмау;
- ұнатпау;\
- кею;
- жадырау;
- жабырқау;
- жұбату т.б. эмоцияның жасалуына бейвербалды амалдар еркін қатыса
береді. Осы аталған сезім күйлері сияқты түрлі әрекеттер ақпарат
жеткізудің, қарым-қатынастың хабарлама жеткізудің тілдік емес амалдары
болып табылады, олар елімізде көптеп кездеседі. Ондай амалдарды адам
өз ойын, айтайын дегенін тілдік құралдармен жеткізу жетімсіздеу
көрінгенде, болмаса сөйлеуші экспрессия үстемелегісі келгенде,
жеткізілетін ақпаратының эмоциялық бояу-реңкін үстемелей түсу мен
қоюлатуды мақсат еткенде кірістіреді. Осындай кезде сөйленіспен қатар
ым мен ишарат жарыстыра орындала бастайды. Көбінесе ұлттық, жеке бір
ұлтқа тән ым мен ишараттың сөйленіспен қатар өрілуі, қатарлыстыра
орындалуы тілдік қарым-қатынас үстіндегі заңды, тіпті қажетті көрініс
болып саналады. Сондықтан бейвербалды амалдардың жалпы адамзатқа ортақ
түрлерінен гөрі ұлттық сипатпен қаныққан ым-ишараттардың мөлшері көп
те, олардың салмағы алдыңғыларға қарағанда саны жағынан, мән-маңызы
тұрғысынан, қолданыс жиілігі мен ақпараттық маңызы жөнінен де басым
түсіп жатады.
Ым мен ишараттардың түрлері, таралу шеңбері әр түрлі. Ым-ишарат:
а) бірнеше ұлтқа ортақ болып келетін түрлері;
ә) ұқсас ым мен ишараттардың әр түрлі ұлттар тілінде мағыналары жағынан
қарама-қарсы, бір-біріне жасалуы бір болғанымен, мағынасы мүлдем ұқсамайтын
болып келетіндері кездеседі. Яғни, сөз мағынасының ерекшеліктері,
мағыналарына тән белгілердің бәрі, атап айтқанда, синонимділік,
антонимділік, омонимділік құбылыстар, олардың қатарында көп мағыналылық
бар, бәрі де – бейвербалды элементтерге де жат болмайтынын айту жөн. Ал
қазақ тіл білімінде бейвербалды элементтердің мұндай мағыналық
ерекшеліктері мен қырлары осы күнге дейін арнайы зерттеу нысаны болмай
келгені белгілі.
Бір ғана ымның я болмаса ишараның бірнеше мағынаны білдіретін кездері
жиі ұшырасды. Бейвербалды амалдардың, оның ішінде ишара, ымның саны
шектеулі, аз болатындықтан, семантикалық жақтан мағыналары нақтылықтан гөрі
жайылыңқы болып отырады, нәтижесінде ым мен ишараттардың басым көпшілігі
көп мағыналы болып келетіні сондықтан болар деп ойлаймыз. Бірақ ым мен
ищараттардың көп мағыналылығы коммуникацияның өту жылдамдығын шабандатпайды
және де тілдесім актісіне қатысушы тараптардың бір-бірімен түсінісуін
қиындатпай, ақпарат жеткізуге кедергі келтірмейді.
Айталық, қарсылықты, келіспеушілікті бірнеше бейвербалды элементпен
жеткізуге болады. Мысалы қарсылық: қол сермеу, бас шайқау, қабағын түйіп,
бас шайқау, орнынан үнсіз тұрып жалт бұрылып кету; қырын қарап отырып алу;
орнынан үнсіз тұрып жалт бұрылып кету; қырын қарап отырып алу; екі қолының
алақанын сыртқа қарата айқастыра ұстау, т.б.
Келіспеу:
- қырын қарап отырып алу;
- үндемей, жай бас шайқау;
- төмен қарап көзімен жер шұқу;
- кісіге тура қарамау;
- қол сермеу;
- екі қолының алақанын төмен қарата ұстап, қол сермеу;
- басын көтермей аяғымен жерді шұқу, т.б. мағыналары көптеп кездеседі.
Осы санамаланған ым мен ишараттардың әрқайсысы қарсылықтан өзге де
мағыналарды жеткізе алады. Орнынан тұрып кету қарсыласумен бірге: сөзді
тыңдағысы келмеуді; шыдамсыздықты;менсінбеушілікті; қажетсінбеуді; уақыты
жоқтығын; кездесудің аяқталғанын; жүре тыңдаудың; көңіл қоймаудың; т.б. да
мағыналарды білдіреді.
Сес, айбат көрсеткісі келген адамның: тістенуі; тісін қайрауы; саусағын
шығаруы; саусағын безеуі; бүкіл денесін шалқайта ұстап шірене түсуі, т.б.
мүмкін.
Кез келген қоғамда заттардың өмір сүру алғы шарты қарым- қатынас немесе
өзара араласу, пікір алмасу мүмкіндіктері. Бүгінгі күні коммуникацияның өзі
жан- жақты зерттеліп, әр түрлі ғылыми көзқарастардың орталығына айналып
отыр. Дүниеде қайталанбас тұрақты бір тіл бар, ол ұлтты,жынысты
таңдамайды,адамзатқа ортақ емеурін,ишара,іс-әрекет,қозғалыс тілі. Бет
әлпеті,дене тұрпаты,аяқ-қолдың,тіпті саусақтардың сәл қимылынан адамның
ішкі ойларын оқуға болады. Сөйтіп тұрған адамның өтірік- шындығын,тіпті
үндемесе де пиғылын ажыратудың қиындығы жоқ. Адамның беті, оның құбылысы-
оқи білетін жанға сан алуан сыр ашатын тамаша бір қиял ғажайып кітап!
Cонымен қатар,дене қимылдары арқылы түсінісу,хабарласу әрекеттерінің ежелгі
замандардан бері келе жатқанын,оның адам қоғамының өте балаң кездерінің
өзінде де мол кездесу мүмкіндігін ғылым бекер демейді. Бұл мәселені
зерттеуші мамандар оны хайуанаттар дүниесінде кездесетін әр түрлі дене
әрекеттерімен төркіндес емес пе екен; қазір де қолданылып жүрген әр түрлі
ымдау, нұсқауларымыз адамдардың хайуандар тобынан бөліне қоймаған кезінің
өзінде де болмады ма деген болжамдар айтады. Қазіргі хайуанаттар дүниесінде
осыған ұқсас әр түрлі жәйттерге қарағанда дене қимылдары арқылы
түсіндірудің тым арғы заманда дейтін пікірдің жаны бар. Оны бірақ дербес
қатынассыз өмір сүрген деуге ешқандай дәлел жоқ. Қайта өмір тәжірибесі дене
қимылдарының дыбыспен, үнмен қосарлана, соған көмекші ретінде
қолданылатынын көрсетеді. Ым мен дене қимылдары қарым- қатынастық мақсатқа
жету кезінде әлеуметтік мотивацияға ие болады. Ым тілінің қызметі жағынан
басқа семиотикалық таңбалардан елеулі өзгешеліктері бар. Ым тілі,ең алдымен
жасанды емес,ол ұрпақтан ұрпаққа ауысып,мұра ретінде беріліп отыратын
табиғи құбылыс. Шарттылық ретінде тым елеусіз, сондықтан сол негізде
интернационалдық құрал,оны бірінің тілін бірі білмейтін адамдар да түсіне
алады. Осы ым тілін зерттейтін ғылым саласы- паралингвистика.

1.2 Паралингвистика құбылысының жалпы сипаты
Паралингвистика адамның жазу,бейнелеу,қысқарту үлгілеріне қарап та көп
құпияның көзін аша алады.Ол қарым- қатынасқа қатысушылардың сөйлеу
қатынасын құптау факторларын зерттейтін жаңа тілдік пән болып табылады.
Паралингвистика (грек тілінен маңында және лингвистика) а) сөйлеу
хабарламасына ене отырып, вербалды амалдармен бірге мазмұнды ақпарат
беретін бейвербалды амалдарды зерттейтін тіл білімінің бөлімі; ә) сөйлеу
коммуникациясына қатысатын бейвербалды амалдардың бірлігі. Егер бұрын
паралингвистика термині ешқандай жіктелмей,сөздік емес қатынастың барлық
түрін белгілеген болса,қазіргі кезде ол тіл білімінде айқын белгіленіп, өз
орнын алды. Паралингвистика ғылымы ағым ретінде Э. Холл, Т. Себеон,
Л. Вест, Дж. Трейгер сынды Америка ғалымдарының еңбектерінде салыстырмалы
түрде жаңадан бастама алды. Бердвистелл кинесиканы, Э. Холл зоосемиотика
мен проксемиканы, Т. Себеон, Л. Вест саңыраулар тілін, В. Стока таңбалық
тілді, Дж. Трейгер сөйлеу тіліне жатпайтын дыбыс амалдар сияқты салаларды
қарастырды.
Американдық ғалым А. Хилл ұсынған паралингвистика термині бақыланушы
паралингвистикалық құбылыстардың байланысын білдіреді дегенге саяды. Оны
Э. Сепир еңбектеріне жүгінді деуге болады. Лингвистикалық әдебиетте
қалыптасқан пікірлерге сүйенсек, зерттеушілердің жаңа саласының шарасын
едәуір нақтылай түскен Дж. Трейгер екен. Ол дыбыстық сипаттағы
паралингвистиканың құбылыс ретінде ауызекі сөйлеу тілін қарастыруды ұсынған
Дж. Трейгер паралингвистиканы түсіндіруінен бұл ұғым туралы туралы түсінік
кеңейе түсті. Бұл салаға кинесикалық құбылыстармен қатар семантикалық
маркерлердің бір қатары қосылған. Бірақ соңғы жылдары бейвербалды мінез-
құлықтан сөйлеу қалпын бөліп қарауға деген тенденция пайда болып отыр (яғни
тілдік құрылым шеңберінде тілдік және тілге жатпайтын белгілердің өзара
әсерін жеке-жеке қарастыру).
Семантикалық зерттеулердің негізінде қалыптасқан паралингвистика
өзіндік лингвистикалық мәселелерден гөрі аумақты қоғамдық-мәдени
ерекшеліктерге байланысты саланы зерттейді.Бұл аталған саланың аса өзгеше
белгілерінің бірі. Парлингвистика ( бұл паратілдік жүйенің ерекше
функционалды компоненті,яғни вербалды коммуникативтік жүйенің қызметін
толықтырушы коммуникативтік астарлы жүйе. Паратілдік амалдар ойды жеткізуге
байланысты өзіндік паралингвистикалық(ойдың,сөйлеудің өзінен шығатын),
бүркеншікті паратілдік(ой білдіруге байланысты тұрақты) және аралық
(эмоцияны қалыпты сипаттайтын) болып үшке бөлінеді.
Американдық психолог, эмоция психологиясы және әлеуметтік қатынас
саласының маманы О. Клинеберг 1940 жылдың өзінде-ақ Белгілі бір
экспресивті мінез-құлық түрлерінің барлық адамзат қоғамдастығына ортақ
екендігі күмәнсіз-деген пікір айтқан.Бұл тұста зерттеуші,ғалым басты
мақсат ретінде қуаныш,қайғы,қорқу белгілерінің берілуі туралы айтқысы
келген. Сонымен бірге ол нақты эмоцияларға белгілі бет мүшесі мен аумағының
бекітілгендігін дәлелдей білді.
Қимылға деген көңіл,ықылас Еуропалық тіл білімінде антикалық заманнан
белгілі. Бұл кезде тілдің шығуына байланысты дыбыс тілінің алғашқы қимыл
тілінің көлемінде дамығаны туралы теория болған. Қимыл тілінің біздің
кезімізде зерттелуі семиотика,әлеуметтік лингвистика және коммуникация
зерттеулері негізінде іске асып отыр.
Еуропа мен Ресейде халық алдында жақсы қимыл жасай білуге көп көңіл
бөлген. XIXғасырда Ресейдің белгілі қайраткері М.М. Сперанский Қол тек
қимылдау керек,жүрек қолға қарай соққан кезде ақыл оған кедергі жасамау
керек деген пікір жазды.ХХ ғ. аяғында бейвербалды салада ғалым-социолог
маманының жаңа түрі пайда болды.Ориентологтардың құстардың мінез-құлқын
бақылай ләззат алғанындай,бейвербалды таңбалар мен сигналдарды тамашалай да
рахатқа кенелетін тұстары болады.
Ал, бұл мәселені зерттеудің техникалық жағына body language-ге
келетін болсақ, ХХ ғ. басында 1872 жылы жарық көрген Ч. Дарвиннің Адамдар
мен жануарлардың эмоцияларының көрінісі еңбегі ең құнды болды.Ол қазіргі
қимыл тіліне байланысты зерттеулерге әсерін тигізді, ал Ч. Дарвиннің
көптеген ойлары мен бақылауларын қазір бүкіл әлемнің ғалымдары мойындайды.
Сол кезден бері ғалымдар 1000-нан астам белгілер мен сигналдарды
белгілеген. Альберт Мейерабин хабардың берілуі вербалдық амалдар арқылы
7 %, дыбыстық амалдар арқылы(дауыстың үнін,ырғағын қосқанда) 38 %-ға, ал
бейвербалды амалдар арқылы 55 %-ға іске асатынын белгілеген.
Қимыл мен дене қимылы сөзбен тығыз байланысты және ойдың көрінісі бола
отырып, ол сөзді найзағайдың күн күркірейтінін ескерткендей ескертеді.
Атақты режиссер К. Станиславский өз актерлеріне Жанның, әр қимылдың
дауыста, қимылда, бет қимылында өзінің көрінісі бар дегенді көп қайталаған
екен.
Мылқаулар тілінің негізінде алынған қимылдар әр түрлі тілдерде
пантоқимылдардан алынған көрінеді. Ол көп қайталанғаннан кейін қалыпқа
келіп,жалпылық болады,бірақ кейбіреулері өздерінің бейнелік қасиеттерін
сақтап қалады. Тілдің қимылдары басқаларға көрсетілгенде,мағынасы
түсіндірілгенде әңгімелеушілер қимылдардың белгілі бір нәрсені көрсете
алғандығымен келіседі.
Бүкіл әлемде негізгі қарым-қатынастық қимылдар бірінен-бірі
ажыратылмайды. Адамдар бақытты болғанда жымияды,күледі, қайғырғанда қабақ
шытады, ренжігенде ашулана қарайды. Бұндай қимылдардың бәрін адамдардың
сөзінсіз-ақ кейіп-келбетінен ұғуға болады.
Қарым-қатынас актісінің нақты шарттары басталған кезде паралингвистика
лингвистикаға айрықша жақындай түседі. Көбінесе бұл қарым қатынастың нақты
шарттары қалыпқа айналады да,жалпы түрінде барлық паратілдік амалдардың
негізінде жасалған тілдің қызмет етуінің моделі, түрі ретінде көрсетілуі
мүмкін.
Паратілдік амалдарға барлық тіл маңындағы амалдар, ал бірінші кезекте
қимыл мен бет қимылы жатады.
Соңғы уақытта тіларалық және мәдениетаралық қатынастардың дамуына
байланысты лингвистердің, әлеуметтік тіл білімі мамандарының және
психологтардың назары әр түрлі мәдениет өкілдерінің қарым- қатынас процесін
зерттеуге аударылған. Өйткені, лингвомәдени қоғамдастықтардың ұлттық-мәдени
ерекшеліктері тілдік және тілге жатпайтын деңгейдегі қарым- қатынастардың
нәтижесінде әсер ететіні сөзсіз.
Белгілі бір лингвомәдени қоғамдастықтың мүшелерімен қатынасқа түскенде
тіпті соңғылардың тілінде сөйлей отырып, бәрін өз мінез құлық модельдері
бойынша жасайды, өздерінің кинесикалық, проксемикалық жүйелерін
қолданады, өздерінің мәдени білімдеріне жүгінеді.
Көрсетілген паратілдік амалдарға лингвистикалық сөздіктерде
төмендегідей анықтама беріледі: Кинесика (грекше kinesis ( қозғалыс) –
сөйлеу аппаратының қимылдарынан басқа адам өзара қатынас жасау үшін
қолданылатын барлық ым-қимылдарды (кинемалар) зерттейтін ғылым [28, 174 б].
Кинесика тіл білімінде тілдің шығу мәселелері және семиотикадағы қарым-
қатынас теориясына байланысты қарастырылды. Кинесика функциялары ХІХ
ғасырдан бастап-ақ ғалымдардың назарын өздеріне аудартқан. Кинесиканы қарым-
қатынастың көмекші амалы ретінде қарастырады.
Сондықтан түрлі лингвомәдени қоғамдастық өкілдерінің тілдік қарым-
қатынасы кезінде тілдің өзара әсер етуінің бейвербалды моделі жасалады.
Лингвистикада бұл мәселе ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының басында
Р.Л. Бердвисел, У. Лабарр т.б тіл мамандары мен психологтартардың
жұмыстарында қарастырылады. Сонымен қатар В. Вундт, С. Джонсон сынды шетел
ғалымдарының еңбектерінен бейвербалды амалдар туралы мәліметтерді
кездестіре аламыз. Ал бұрынғы Кеңес Одағын қамтитын елдерде соңғы жиырма-
отыз жыл көлемінде осы ұғым сөйлеу әрекетінің негізгі элементі ретінде
Б.А. Успенский, Т.М. Николаева, Г.В. Колшанский, А.А. Леонтьев,
Е.Ф. Тарасов, И.Н. Горелов, А.К. Байбурин, Н.И. Смирнова, В.В. Андриянов
т.б. ғалымдардың зерттеулерінің негізгі тақырыбы болып отыр, атап айтсақ,
С.В. Сенченко, С.К. Сапожников, Т.Т. Железанова, Л.О. Кулиш,
М.Е. Столярова, А.А. Акишина мен Х. Кано, С.А. Григорьева, И.А. Стернин,
Г.Е. Крейдлин, Н.Р. Добрушина, П.С. Тумаркин, Д.А. Абдуазизова бейвербалды
амалдардың қарым-қатынастағы рөлін анықтап, талдауға әрекет жасайды.
Жоғарыда аты аталған ғалымдар зерттеу жұмысының негізгі объектісі
ретінде орыс, ағылшын, неміс т.б. тілдердегі тілге жатпайтын амалдарды
алған болатын. Ал қазақ тіліндегі бейвербалды амалдарды зерттеген ғалымдар:
А.Д. Сейсенова, Ж.Қ. Ибраева, С.Б. Бейсембаева, М.П. Ешімов т.б. Атап айтар
болсақ, А.Д. Сейсенова бейвербалды амалдарды лингвомәдениеттану тарапынан
зерттеп, зерделеген. Ол қарым-қатынастағы бейвербалды амалдардың берілуін,
ұлттық түрін, қазақ тіліндегі паратілдік амалдардың орыс тіліне аударылу
жолын, оның әдеп ұғымымен сай келуін қарастырған (28(.
Ал Ж.Қ. Ибраева қарым-қатынас актісінде жүріп отыратын ым-ишараларды
соматизмдермен байланыстыра қарайды. Ғалым бейвербалды амалдарды қазақ
тілімен қоса, ағылшын,орыс тілдеріндегі ым-ишараларды салғастыру әдісі
арқылы зерттеп, бас, қол, көз, т.б.дене мүшелері арқылы берілетін
бейвербалды амалдарды жеке алып қарайды (29(. Осы аталған ғалымдардың
ғылыми жұмыстары мен ғылыми тұжырымдарына сүйене отырып С.Б. Бейсембаева
коммуникациядағы паратілдік құралдарды тек қана қазақ тілі негізінде
зерттейді (30(. Осы жұмыстың негізінде Б.Қ. Момынова мен С.Б. Бейсембаева
қазақ тіліндегі ым-ишараттың қазақша-орысша түсіндірме сөздігін құрастырды.
Онда авторлар алдымен қазақ тіліндегі ым-ишараттардың берілуін, содан кейін
оның орыс тіліне аударылуындағы ерекшеліктерді түсіндіріп жазады (31(.
Сонымен қатар қазақтың әдебиетші ғалымдарының ішінен өз шығармаларында
бейвербалды амалдарды ұтымды пайдалана білген қаламгер ( О. Бөкеев, оның
шығармаларының бағалылығы бейвербалды синонимдерді талғап, орнымен ебін
тауып,лайықтап жымдастырып жұмсай білуінде жатыр. Бір кинеманы шығармада
қайталап қолдана беру, айтар ойдың өңін қашырып, жұтаң тарттырады. Жазушы
шығармаларының тілдік күшін, ой-қуатын осы бейвербалды синонимдер арқылы
көруге болады. Жазушының басты мақсаты ( мәндес, мағыналас бейвербалды
амалдардың арасынан бейнелі сурет жасауда келісті, орынды амалдарды
айнытпай табу. Осы ретте ғалым Г.В. Старикова: Жестикуляция, мимика,поза
определются ситуацией. Это связано прежде всего тем, что, как правило, то
есть обладают многозначностью. Например, опущенные глаза можно воспринимать
как симптом каприза или решимости, легкую усмешку ( как знак презрения или,
наоборот, приветливости добродушия. Худошник отбирает такое значение жеста,
мимики, позы, которое в наибольшей степени соответствует выражению его
творческого замысла, то есть является определенной характеристикой
внутреннего мира портретируемого, ( деген пікір білдірген.
Адам баласына қуаныш, қорқу, ашу, табалау, уайымдау, өкіну, қайғыру,
сасқалақтау сияқты эмоциялар тән. Бұндай эмоциялардың барлығы адамның бет
әлпетінен, қимыл-қозғалысынан,ишарасынан, дене қалыбынан, дауысы арқылы
білінеді. Жалпы, эмоция терминінің сөзбе-сөз аудармасы – толғандырамын,
күйзелтемін деген сөз. Эмоция құбылысына әлемдік ғылым ертеден-ақ зер
салған. Бұл саладағы алғашқы басты ғылыми еңбектердің бірі –Ч. Дарвиннің
Адам және жануарларда эмоцияның бейнеленуі, И.М. Сеченовтың Жүйке
жүйесінің физиологиясы. Ал мұны кейінірек жан-жақты терең зерттеген ғалым
И.П. Павлов. Соңғы уақытта эмоцияның табиғаты, сыр-сипаты, оның адам
өміріндегі мән-маңызы туралы П.В. Симонов, Эмоция жайлы психологиялық,
лингвистикалық зерттеулерде айтылған анықтамалар, қағидалар,тұжырымдар
баршылық. Ә. Алдамұратовтың айтуынша, эмоция дегеніміз адамның органикалық
мұқтаждарын қанағаттандыру не қанағаттандыруға байланысты туатын психикалық
күйлер Эмоцияны Қ. Жарықбаев бірнеше топқа жіктейді:
1) жағымды,ұнамды эмоциялар;
2) жағымсыз,ұнамсыз эмоциялар;
3) қарапайым эмоциялар.
Ғалымның пікірінше, жағымды эмоциялар адамның тіршілік қажетіне
орайлас оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып
табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т.б. Осындай
эмоциялардың енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бұлар
–белсенді әрекетке азды-көпті нұсқан келтіретін қорғаш сезімдер. Мұндай
эмоцияларға қорқыныш, қайғы,абыржу, налу,үрейлену,үмітсіздену т.б. жатады.
Қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттерінің өтелу-өтелмеуіне
байланысты туып отырады. Мысалы,күрделі түрлеріне көңіл, аффект,құмарлық
эмоциялары кіреді.
О. Бөкеев шығармаларында кездесетін адамның қуанған кезіне сәйкес
бейвербалды амалдардың синонимдік қатары мынадай:
1) бөркін аспанға ату;
2) бетінен сау-тамтығын қалдырмай сүю;
3) қол шапалақтау;
4) санын шапалақтау;
5) жылау.
1. Міне, осы жауыз араны шетелге ұшатын самолетте істейтін
әріптестері арқылы жең ішінен жалғасып әкеліп бергенде, Ерік бөркін аспанға
атып,вертолетші Прохор Александровичтің бетінен сау-тамшығын қалдырмай
сүйіп еді (Атау- кере(.
2. Былғары киімді жігіттің артында тұрған Дарханның қуанғаны соншалық,
орденді өзі аоғандай масаттанып,қолын шапалақтап жіберіп еді,қалған жұрт
іліп әкетті (Өз отыңды өшірме(.
3. ( Уа, құдағи, көрдіңіз бе? Шөкең қандай шыдамды, (екі алақанымен
санын шапалақтады) ура, Шөкең арақ албастыны жеңді (Биғаң(.
4) Ботадай боздап жылап жібердім (Бәрі де майдан(.
Бұл амалдың мағыналық реңкі әр түрлі болғанымен, олардың білдіретін
мағынасы өзара мәндес, сәйкес болып келеді. Қуанған сәтте адам баласы
эмоцияға беріліп, әр түрлі кинемаларды қолданады. Мысалы, қолын шапалақтау,
санын шапалақтау, бөркін аспанға ату, секіру, тіпті қатты қуанғаннан жылап
жіберетін жағдаяттар да кездеседі. Бөркін аспанға ату кинемасы қатты
қуану, шаттану дағдысынан туындай келіп, жыныстардың гендерлік
ерекшеліктеріне орай жазушы шығармаларында ер адамдардың қарым-қатынасында
кездеседі. Қуанғанннан құшақтау,бетінен сүю сияқты кинемалар О. Бөкеев
қазақ халқының мәдени өмірінен, ұлттық болмысынан, дүниетанымынан,
кейіпкерлеріндің жағымды хабар естігенде,қатты қуанғанда қолданатын
ишаралары. Қуану – адам мінез-құлқының,алған әсерінің жоғары деңгейі. Бұл
процесте субъектіге адам жеке және эмоционалды бағасын береді. Қуану
сәтінде олар ішкі сезімдерін,алған әсерін бүкпей қасындағыларға айқын
көрсетеді. Адамдар арасында қуану түрлі деңгейлі, бірнеше өлшемді болады.
Қатты қуанған жағдайларда әйел адамдар жылап та алады. Бұл-қатты
қуанғанның әсері. Өйткені әйел адамдар ер адамдарға қарағанда ішіндегі
эмоцияларын жасыра алмайды. Адамның қуаныш эмоциясымен қатар жүретін,
белгілі бір психикалық сезімді, қуанышты білдіретін просодикалық амал –
күлу. Бұл амал жазушы шығармаларында сөз тіркестері арқылы жүзеге асады:
қуаныштан екі езуі құлағына жетті, жадырап қоя берді, езу жимады т.б. Жылау
және күлу просодикалық амалдары ( әмбебап амалдар. Қ. Жұбанов: Жылау мен
күлуді сол тілмен сөйлейтіндер болмай-ақ, кім болса да түсінуге болады.
Жылап отырған не күліп отырған қазақ болса,мұны көріп,естіп тұрған,өзі
қазақша білмейтін орыс,неміс,қытай әлгі қазақтың жылап отырғанын не күліп
отырғанын біле алады.Олай болса,жылау мен күлу- адам болған жердің бәріне
түсінікті, ( дейді.
О. Бөкеев шығармаларынан ашулану эмоциясына байланысты бейвербалды
синонимдер қатарын да кездестіруге болады. Ашулану психологиялық процесс
ретінде ең алдымен адамның бет-пішінінен аңғарылады. Ашуланғанда адам ернін
қатты қысып,тілін тістеп, қасын керіп, қабағын түйеді. Басын тік ұстап,
кеудесін керіп, бұлшық еттерін қатайтып, нық басып жүре бастайды. Ч. Дарвин
осы күнгі адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстардың біразы біздің ата-
бабаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттің қалдығы екенін
айтады. Мәселен, қатты ашу кернеген адам кейде жұдырығын түйіп тістенеді,
қабағын түйіп булығады, демін әзер алып, танауы делдиіп кетеді, жүрегі тарс-
тарс соғады. Осындай мәнерлі қозғалыстардың әрқайсысынан өзінше шығу тарихы
бар. Жоғарыда келтірілген мысалдан жауымен (жабайы аңдармен) айқасқа
түсейін деп тұрған адамның келбетін, даярлық белгісін байқауға болады.
Ертедегі адамдар жабайы аңдармен арпалысқа түсердің алдында денесін соған
бейімдеп алып, сонан кейін айқасатын болған. Мәселен, О. Бөкеев прозасында
ұшырасатын бейвербалды синонимдердің тағы бір үлгісі мыналар:
1) қабағын шыту;
2) ернін жымқыра тістеу;
3) тізесін тоқпақтау;
4) тісін шақұр-шұқыр қайрау;
5) жұдырығын түю;
6) асасымен жер сабалау;
7) қолы дір-дір ету;
8) көзі қанталау;
9) отының басын сабалау;
10) шашын жұлу;
11) столды салып қалу;
12) өңі сұп-сұр болу;
13) түкіру.
1) – Сенейін,сенбейін алдыма арыз түскен соң тексеруім керек қой.
( Тексер, ( деді Дархан қабағын шытып.
2) – Өй, бітім шайыңның ішін ұрайын, ( деп әкем ашуланғандағы әдеті
бойынша астыңғы ернін жымқыра тістеп сарт-сұрт шыға жөнелді.
3) Бағанадан бері өз тізесін өзі тоқпақтап,әрең отырған кемпір шорт
кетті:
( Әй, Әкемков, ( деді ызадан жарылардай болып.
4) Үлкендер жағы: Жағыңа жылан жұмыртқаласын,өз басыңа көрінсін,
жетпегір жаман ырым бастағаны несі, ( жер тепкілеп ұрысты.
5) – Өй,өңшең ғана қоян жүрек қорқақтар деп,тісін шақұр-шұқыр от шығара
қайрады да,білегіндегі сағатын шешіп шалға шырқатты.
6) Кішкене кісінің мөңкіп, тулағаны қызық екен, титімдей ғана жұдырығын
түйіп,тап-тап береді.
7) – Құлағын кескен шұнақсың,құйрығын кескен шолақсың, ( деп,қу бас
жалғыздығы мен кемдігін санай бастап еді,асасымен қара жерді сабалап,тұлан
тұтып ашуланды: қолы дір-дір етеді,көзі қанталаған.
8) Оны естігенде жұрт шамданып мыстан кемпірдің жағы қарыссын, қара
басына көрінсін деп долданып,өз отының басын өзі сабалайды.
9) – Соғысқа аттанатыныңызды жеңешеме естіртейік. Әй,отының басын
сабалап,шашын жұлып ойбайлайды-ау.
10) Бөлімше бастығы алақанымен столды салып қалып: Алатай қыстағына
сен барасың? ( деген (Сайтан көпір(.
11) ( Өңі сұп-сұр болып, дірілдеп кетті. Достары аға трактористің
ашуланғанын тұңғыш рет көруі еді,таңырқай қарады (Қар қызы(.
12) Бірақ тұлан тұтып,шарқая қатындарша бетін тырнап шаптықпай,сол міз
бақпаған қалпында тісінің арасынан темір пешке шырт еткізіп түкірді;
түкіріп алды да, тістене зілмен сөйледі.
13) ( Жоқ болғыр.Қараң өшкір.Ерді бермедің деп ерегісіп жүрсің-ау. Мә-
мә мынаны аласың! ( деп, соңынан топырақ шашып,қолымды шығарып долдандым.
Міне, осындай бейвербалды синонимдерді ұтымды да орынды пайдаланудан
О. Бөкеев шығармаларындағы кейіпкерлердің өзіндік характерлері, көңіл-күйі,
жан дүниесі мен бір-біріне деген қарым-қатынасы ашылған. Жазушы бейвербалды
амалдарды орынды жерінде қолданып, олар арқылы адамның көркем образын жан-
жақты бейнелеп отырған. Келтірілген бейвербалды амалдардың ішінде қабағын
шыту, ернін жымқыра тістеу, тісін шақұр-шұқыр қайрау сияқты кинемаларды
жазушы ашуланудың алғашқы белгісі ретінде қолданса,жер тепкілеу, асасымен
жер сабалау, отының басын сабалау,шашын жұлу, көзі қанталау сияқты
бейвербалды амалдарды ашулану эмоциясының ең жоғарғы сатысы ретінде
пайдаланған. Қазіргі кезде шашын жұлу, отының басын сабалау, асасымен жер
сабалау сияқты бейвербалды амалдар қоғамның дамуына қарай қолданыстан шығып
қалған архаизм кинемалар. Отының басын сабалау амалына белгілі этнограф
С. Кенжеахметұлы өзінің Әдет, дағды,ишара атты мақаласында мынадай
түсінік береді: Ел ішінде қиянат, зорлық-зомбылық болмай тұрмайды. Әлі
келгендер әлсіздердің немесе жетім-жесірлердің малын тартып алатын кездер
де болған. Осындай жағдайларда есесін алуға шамасы келмейтін әлсіздер
зорлық қылғанның аулына барып,оның үйін сабалайды, от басын сабап, күлін
шашады. Есесі кеткендер бұған қанағат тұтып, өшін алғандай сезімде болады.
Бұндай бейвербалды амал О. Бөкеев шығармаларында ер адамдардың ашуланған
кейпін беруде қолданылады. Шашын жұлу кинемасы гендерлік ерекшеліктерге
орай әйел адамдар қатынасында кездеседі.
Біріншісі – қайғы-қасіретке тап болған әйелдер өз шашын өзі жұлып зар
шегіп,жылап жоқтау айтқан.
Екіншісі ( әйелдердің ашуланған кезінде долылықтан туындайтын кинема.
Ашуланған кезде әйел адамдар шашын жұлса,ер адамдар амал жұдырығымен
тізесін,шықшытын,тіпті маңдайын ұрады. Қатты ашуланған кезде біреудің
орынсыз іс-әрекетіне қарсы бармақ шығару кинемасы да жазушы шығармаларында
жиі кездеседі. Әрине,бұл ерсі әрекет және ер адамдардың қолданысындағы
кинема. Дегенмен, О. Бөкеев шығармаларында бұл кинема ер адамдар
қолданысында да, әйел адамдар қолданысында да кездесе беретіндігіне
жоғарыдағы мысалдар дәлел. Қазақ халқында бұл кинема тыйым-бейвербалды амал
ретінде танылады.
Баяншы қарым-қатынас кезінде назар аударған адамды немесе затты
қолымен,саусағымен,иегімен, қабағымен, көзімен, аяғымен (жерде жатқан
нәрсен) немесе қолында ұстап тұрған затпен нұсқауы мүмкін. Мұндай
кинемаларды Т.М. Николаева нұсқау ишаралары деп атап, шартсыз түрде
орындалатын бейвербалды амалдар қатарына жатқызады. Осындай бейвербалды
амалдар әр түрлі дене мүшелері арқылы орындалғанымен, беретін мағынасы бір.
Ол – назар аударған нәрсені нұсқау, меңзеу. Мысалы:
1) иегімен нұсқау;
2) қолымен нұсқау;
3) саусағымен нұсқау;
4) қамшысымен нұсқау;
5) өзін нұсқау.
О. Бөкеев шығармаларында кездесетін нұсқау ишаралары вербалды
амалдармен (анау, мынау, осы, сен, ол есімдіктерімен) қатар қолданылып,
коммуникативтік актіні жалғастырады. Әрине, мұндай кинемалар барлық халық
арасында кездеседі. Дегенмен, қазақ халқының ұлттық-мәдени ерекшелігін
көрсететін нұсқау ишараларының бірі – қамшымен нұсқау.
Баяншының айтқанымен келіспейтін жағдайда О. Бөкеев кейіпкерлері бас
шайқау немесе қол сермеу сияқты кинемаларды қолданады. Бұл кинемалар өзара
синонимдес болып келеді. Бас шайқау кинемасы вербалды жоқ сөзінің орнына
жүреді. Қол сермеу кинемасы қос қолды я болмаса бір қолдың қалу қимылы
арқылы орындалады.
1) ( Ақсақал, не болды сізге? ( деп сүймекке жақындаған Батиға керек
емес дегендей қолын сермеп ишара жасады (Өз отыңды өшірме(.
2) Көзін жалма-жан ашқан Бати басын шайқады:
( Керек емес, ( деді тілге келіп. Сонымен қатар таңдану эмоциясын
білдіретін бейвербалды синонимдерде шығармада кездеседі. Оларға: жағасын
ұстау, таңдайын қағу, орнынан тұрып кету, басын шайқау жатады.
Әр түрлі әлеуметтік және ұлттық топтарда қимыл мен бет қимылының арнайы
жүйесі бар. Олар негізінен дыбыстық тілмен қатар жүреді де күнделікті қарым-
қатынаста қолданылады.
Бұл паратілдік амалдардың айтылудағы, сөйлеудегі қатысы жүйелік
тілдерден айрықша және әлеуметтік жағынан оның шығуы және биологиялық
тұрғыдан қарым-қатынас үрдісінде ұшырасуы табиғи болып табылады.
Олар вербалды ақпаратты жеткізіп қана қоймайды, оны қалыптастырады,
яғни қарым-қатынастық актінің паратілдік компоненті болады.
Бейвербалды(паратілдік) қатынас құралдарын зерттейтін ғылым үш саладан
тұрады: фонация, кинесика, графемика. Олардың өзіндік зерттейтін нысандары.

Паралингвистика

.

1 сурет ( Паралингвистиканың салалары

Адамдар қарым-қатынасында, қоғамда сөз, сөйлем басты амалдардың бірі
болып саналады. Сонымен бірге сөз, сөйлеммен қатар өзге амалдар да кең
қолданылады (ым тілі, қимыл). Сөйлеу барысындағы қарым-қатынаста
бейвербалды компоненттер ерекше әлемдік қалып танытады және де олар
бейвербалды әлеммен сөйлесумен сәйкестікте жүреді. Қарым-қатынас процесінде
осы екі айтылған әлем ескеріліп отырады. Адам өмірге келгеннен соң өзінің
сөйлеу қызметінен гөрі аса жоғары дәрежедегі салаға қарым-қатынастық
актінің вербалды және бейвербалды бөлімдерінің арасын ажырата алу
тәжірибесі қалыптасады, ( дейді Н.И. Горелов (15, 25 б.(.
Негізінен тарихтан белгілі бейвербалды қарым-қатынас жеке ғылым саласы
ретінде ХХ ғасырдың 50-жылдары қалыптасқан. Бейвербалды қатынастың
негіздерін шын мәнінде 60жылдардың басынан оқытыла бастады. В. Мироненконың
пікірі бойынша, мыңжылдар бойы бейвербалды ту қатынас мәселесі ғылыми және
псевдоғылыми фактілерге байланысты дамымаған [33].
Ал қазақ ғалымдарынан алғаш М.М. Мұқанов өзінің зерттеуінде ым-ишараға
анықтама беріп, қазақ мәдениетіндегі 28 бейвербалды белгіге сипаттама
берді. Ол ым қатынасын зерттеу қарым-қатынастың теориясын дамыту үшін өте
маңызды деп, сонымен қатар қазақ халқының өміріндегі тарихи өзгерістерге
байланысты ишаралардың өзгерісін бақылады. Мұқановтың пікірі бойынша,
солардың ішінде 22 бейвербалды белгіде қазақтың көшпенді өмір үлгісі және
ұлттық салтымен генетикалық байланысы бар, ал қалған 6 белгі басқа шығыс
халықтары өмірінен кіріккен, діни түсіндірмеге ие.
С. Татубаев ым-ишараны өнер компоненті деп қарастырады. М. Мұқановпен
салыстырғанда Татубаевтың ойынша, ымның өзіндік қызметі бар. Сөзсіз ишарлар
диалогта жеке реплика ретінде шыға алады.Сонымен қатар Татубаев көптеген
қазақ халқында қолданылатын ым-ишараларға сипаттама беруге тырысты.
С. Бейсембаеваның еңбегінде қазақ тіліндегі кинетикалық бірліктердің
классификациясы қарастырылған. Қазақ жазушыларының әдеби туындыларында
көрініс тапқан қарым-қатынастағы бейвербалды компоненттердің ұлттық-мәдени
құндылықтары тарихи аспектіде зерттелген.
З. Нұржанова еңбегінде қазақ тіліндегі бейвербалды құралдарды гендерлік
аспекті тұрғысынан қарастырады.
Б. Момынова: Кең ауқымдағы танымдық когнитивтік тұрғыдан да дене тілі,
ым мен ишаратты зерттеу тілдің әлеуметтік, психологиялық лингвистика сынды
салаларының фактілерін салыстыра отырып, кешенді зерттеу арқылы іске
асатынын, теориялық тұғыры әлі толық қалыптаса қоймаған жаңа бағыт, ( деп
жазған[41].
Ж. Аймауытовтың еңбегі жөнінде зерттеуші Г. Пиралиева: Адамның сыртқы
сезімдік құбылыстары,эмоция мен сезім, сондай-ақ түрлі мәнердегі келбет
ілімі, көз әлпеті, беттің ым-ишарасы, басқа дене құбылыстарының
психологиялық ерекшеліктері қазақ өмірінен алынған қызғылықты материалдар
арқылы зерттелген, ( деген пікір білдіреді.
Түсіндірме сөздіктерде паратілдік амалдарға мынадай анықтама беріледі:
дене қимылы, әсіресе, сөйлеу мәнерлілігін арттыратын қол қимылы (қолмен әр
түрлі қимылдар жасау) (19, 97 б.(. Мимика ( ішкі психологиялық жағдайды
білдіретін бет құбылыстары. Бір нәрсені бет қимылдарымен көрсету. Мұндай
қимылдарды көркем актерлік қабілетпен көрсету (19, 213 б.(, делінеді.
Сөйлеушінің ішкі жағдайын және оның адресатқа қатысын білдіру үшін мына
амалдар қолданылады: иықты қозғалту, құшақ жаю, қолды жүрек тұсына қою,
адресаттың арқасынан қағу, бас изеу, бас бармақты жоғары көрсету, саусағын
безеу.
Қол соматизміне байланысты қол алысу, қол беру, қол қусыру, қол соғу,
қол жаю, қол сермеу,қол бұлғау, қол көтеру т.б. кинемалар бар. Аталған
кинемалар барлығы жағдайы мен қатынас ерекшеліктеріне байланысты сараланады
[1, 1-15 бб.]
Адамдар қарым-қатынасында ым тілі – херемалар (грек. herios) көп
кездеседі, демек қарым-қатынас барысында дене мүшелерінің ішінде қол
қатысымен жасалынатын қимылдар жиі қолданылады. Мысалы, Шоқан (қолын
көтеріп) Тынышталыңыздар!.. (шу басылады) (12,54].
Кинесиканың ерекшеліктері мен функционалдық жүйесін ғылыми тұрғыдан
алғаш рет қарастыру белгілі ғалым Ч. Дарвиннің үлесіне тиді. Зерттеуші
тілдің шығу тарихы мен дене қимылын ымның дамуындағы байланыстармен
ұштастырады.
2. ПАРАТІЛДІ АМАЛДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ

2.1 Паралингвистиканың кинесика саласы туралы түсінік
Паратілдік амалдарға фонация (сөйлеу тембрі, дауыс екпіні, әуезділік
құбылыстар, кідірісті элементтер) және кинесика (ым, дене қимылы) мен
графемика міндетті түрде болады және этнос мәдениетінің негізгі
категориялары ретінде қызмет етеді.
Тіл білімі мен психолингвистикада дене қимылдарының мағынасы мен
қолданылу ерекшеліктеріне байланысты жүйелеу әрекетін Р. Волос, Л. Кулиш,
М. Родионов т.б. ғалымдар орыс, ағылшын, неміс, француз тілдерінің
негізінде қарастырған. Дене қимылдарының қандай да бір түрлері сөйлеушінің
әлеуметтік, кәсіби және ұлттық сипатына байланысты түрленіп отырады.
Бейвербалды қарым-қатынасты зерттеуді ең алдымен оның негізгі қасиеті –
қимыл жасайтын, субъектінің оптикалық жүйесінің көмегімен көрінетін
құрылымнан бастаймыз. Бейвербалды қарым-қатынастың бұл құрылымы кинесика
деп аталады.
Кинесика арқылы әңгімелесуші адамдардың бір-біріне көзқарасын, екеуі
үшін де ақпарат беретін, көзге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
О.Бөкеев шығармаларындағы бейварбалды амалдар
Көркем шығармадағы бейвербалды амалдар
Қазақ тіліндегі бейвербалды элементтердің көп мағыналылығы
Бейвербалды амалдардың теориялық негізі
О.Бөкеев шығармаларындағы бейвербалды амалдар
Қазақ тіліндегі эмоционалды сөздер
Гендерлік бейвербалды қатысымның мәдени-әлеуметтік сипаты
Бейвербалды амалдардың түрлері
Қазақ тіл білімінде бейвербалды амалдардың зерттелу жайы
Лингвистикадағы бейвербалды амалдар
Пәндер