ҚР-ның Ұлттық банкі туралы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3


1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, МАҢЫЗЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

Ұлттық банктің. ҚР.ның Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің экономикадағы негізгі қызметтері мен операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6


2. ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ ЖҮРГІЗЕТІН САЯСАТТАРЫ МЕН ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

Ұлттық банктің ақша. несие саясатының экономиканы реттеудегі маңызы мен құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

Ұлттық банктің инфляцияны реттейтін ақша. несие саясатының маңызы, қызмет ету механизмі және динамикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлер мен тәжiрибесi жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға алды. Бұл кезең , сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша –несие құралдарының және факторлардың әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы жасалынды. Бұл бағдарламаның негізін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы 1995 ж. 30 наурыздағы № 2155 Қазақстан Республикасының Заңы құрады, ол бойынша Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты- Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:
1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Осы аталған Ұлттық банктің міндеттері мен қызметтерінің тиімді жүргізілуі ұлттық экономиканың тұрақты дамуын, инфляция деңгейінің төмен шамасын қамтамасыз ету, валюталық операциялардың бір ізге түсуін, елдің жалпы қаржы жүйесінің дамуын жүзеге асырады.Ұлттық банктің еліміздің орталық банкі ретіндегі экономикадағы атқаратын қызметтері мен жургізетін ақша-несие саясатын толық зерттеп қарастыру менің осы жұмысымның мақсаты болып табылады. Жұмыстың негізгі міндеті- ҚР- дағы ҰБ- тің жүргізген ақша- несие саясатының динамикасын және оның инфляцияға әсерін анықтау.
Сондықтан мен жұмысымның тақырыбын «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» деп алдым. Бұл тақырыптың өзектілігі Ұлттық банк еліміздің несие және банк жүйесінің негізгі құрылымы және бүкіл экономиканы реттейтін экономикалық құрылғы болып табылады.
Бүгінгі таңда Ұлттық банк өзінің атқаратын ақша-несие саясаттарының механизмдері бойынша Еуропа кеңістігінің стандарттарына өтуде. Сондай-ақ Ұлттық банкіміз ТМД елдері бойынша нағыз классикалық банктің операциялары мен саясаттарын жүргізіп отырған жалғыз банк болып табылады, яғни, ТМД елдерінің Орталық банкі деп те атасақ болады.
1. Мақыш С.Б., Ақша айналысы және несие.– Алматы, Қазақ университетi, 2004.– 248 бет.
2. “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы. –Алматы, Атамұра.2007
3. Көшенова Б., Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары.- Алматы, Экономика, 2000.-326 бет.
4. Ред. басқ. Ғ.С. Сейітқасымов, Ақша, несие, банктер.-Алматы, Экономика, 2001.-462 бет.
5. Мамыров Н.К., Төлеужанова М.Ә., Макроэкономика.-Алматы, Экономика, 2003.-430 бет.
6. Мұхамедиев Б.М., Дуламбаева Р.Т., Рахматуллаева Д.Ж., Макроэкономика.-Алматы, Қазақ Университеті, 2008.-248 бет.
7. Мақыш С.Б., Банк ісі . ¬¬ ¬¬- Алматы, ИздатМаркет, 2007.- 471бет.
8. Мырзабеков Ш. Қазақстанның банк жүйесi ТМД көлемiнде бiрiншi орында: “Центркредит” банкiнiң директорымен сұхбат // Дала мен қала. – 2006.-1 қазан.-13 бет.
9. Инфляцияға шолу 2009ж. режим доступа: http://www.nationalbank.kz/cont/publish301220_5888.pdf
10. А.Г. О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка // Банки Қазахстана, №12, - 2004.- 2-4 бет.
11. Досниязова А.К. Инфляционное таргетирование: SWOT-анализ // Банки Қазахстана, №10. - 2005.-56-61 бет.
12. О ситуации на финансовом рынке // Банки Казахстана №2.-2007.
13. О ситуации на финансовом рынке // Банки Кзахстанаа № 12.-2008.
14. Предварительные итоги 2008 года и о ситуации на финансовом рынке // Банки Казахстана №12.-2009.
15. О ситуации на финансовом рынке // Банки Казахстана №11,2009
16. Үдерістерді тежеу: Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Әнуар Сәйденовпен сұхбат // Қаржы. Қаражат.,№3.-2007
17.Основные направления денежно-кредитной политики НБ РК на 2007- 2009 годы // Банки Казахстана №4.-2009.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, МАҢЫЗЫ МЕН
ҚЫЗМЕТТЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 4

. Ұлттық банктің- ҚР-ның Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және
құқықтық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...4

. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің экономикадағы негізгі
қызметтері мен
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...6

2. ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ ЖҮРГІЗЕТІН САЯСАТТАРЫ МЕН
ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

. Ұлттық банктің ақша- несие саясатының экономиканы реттеудегі маңызы мен
құралдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..9

. Ұлттық банктің инфляцияны реттейтін ақша- несие саясатының маңызы,
қызмет ету механизмі және
динамикасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...31

КІРІСПЕ

Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық
банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк
құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлер мен тәжiрибесi
жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн
қолға алды. Бұл кезең , сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру
саясатына орай шарттасылған ақша –несие құралдарының және факторлардың
әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда
Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж.
арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы
жасалынды. Бұл бағдарламаның негізін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
туралы 1995 ж. 30 наурыздағы № 2155 Қазақстан Республикасының Заңы құрады,
ол бойынша Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi)
Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан
Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты- Қазақстан Республикасында
баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай
мiндеттер жүктеледi:
1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Осы аталған Ұлттық банктің міндеттері мен қызметтерінің тиімді
жүргізілуі ұлттық экономиканың тұрақты дамуын, инфляция деңгейінің төмен
шамасын қамтамасыз ету, валюталық операциялардың бір ізге түсуін, елдің
жалпы қаржы жүйесінің дамуын жүзеге асырады.Ұлттық банктің еліміздің
орталық банкі ретіндегі экономикадағы атқаратын қызметтері мен жургізетін
ақша-несие саясатын толық зерттеп қарастыру менің осы жұмысымның мақсаты
болып табылады. Жұмыстың негізгі міндеті- ҚР- дағы ҰБ- тің жүргізген ақша-
несие саясатының динамикасын және оның инфляцияға әсерін анықтау.
Сондықтан мен жұмысымның тақырыбын Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкі деп алдым. Бұл тақырыптың өзектілігі Ұлттық банк еліміздің несие
және банк жүйесінің негізгі құрылымы және бүкіл экономиканы реттейтін
экономикалық құрылғы болып табылады.
Бүгінгі таңда Ұлттық банк өзінің атқаратын ақша-несие саясаттарының
механизмдері бойынша Еуропа кеңістігінің стандарттарына өтуде. Сондай-ақ
Ұлттық банкіміз ТМД елдері бойынша нағыз классикалық банктің операциялары
мен саясаттарын жүргізіп отырған жалғыз банк болып табылады, яғни, ТМД
елдерінің Орталық банкі деп те атасақ болады.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, МАҢЫЗЫ МЕН
ҚЫЗМЕТТЕРІ

1.1 Ұлттық банктің –ҚР-ның Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және
құқықтық негіздері

Өз егемендiгiн алғанға дейiн Қазақстан Республикамызда банк жүйесi
болған жоқ. Елде КСРО - ның орталықтанған банк-несие жүйесiнiң филиалдары
мен бөлiмшелерi қызмет көрсеттi. Сондықтан мен елiмiздiң банктiк жүйесi
туралы өз егемендiгiн алған 1991 жылдан бастап қалыптасуы мен жүргiзiлiп
жатқан реформаларға тоқталғым келдi. Қазақстан
Республикасының экономикасында нарықтық қатынастарға көшу кезеңiнде несиенi
басқарудың жүйесiн және шаруашылық қызметiне банктiк қызмет көрсету
механизмiн құру, банктер мен кәсiпорындардың қызметiне жетекшiлiк етуде
экономикалық әдiстердi қолдану; банк пен клиенттерi, сонымен қатар, банктiң
өз жүйесi шеңберiндегi, оның жекелеген буындарының арасындағы өзара қарым –
қатынастар жүйесiн қайта құру, яғни жаңадан пайда болған нарықтық
құбылыстар мен процестердi ескере отырып, принциптi реформалаудың маңызы
зор.

Қазақстан Республикасының қазiргi банк жүйесiнiң құрылуы 1990 жылдың
желтоқсанында ҚазКСР – нiң Жоғары Кеңесi қабылдаған “Банктер және банк
қызметi туралы” Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екi
деңгейлi банк жүйесi құрылды: жоғары (бiрiншi) деңгейдегi банк – ҚазКСР-
нiң Мемлекеттiк банкi және төменгi (екiншi) деңгейдегi банк – коммерциялық
банктер жүйесi. [1, 73-74 б.]
Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық
банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк
құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ
Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға
алды. Бұл кезең , сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру
саясатына орай шарттасылған ақша –несие құралдарының және факторлардың
әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда
Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж.
арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы
жасалынды.
Бұл бағдарламаның негізін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
туралы 1995 ж. 30 наурыздағы № 2155 Қазақстан Республикасының Заңы құрады.
[2, 36 б.]
Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа
банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-кредит
ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн
бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттерiн орындау кезiнде пайда табу
мақсатын басшылыққа алмауға тиiс. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан
Республикасы Заңдарының негiзiнде және оны орындау мақсатында өз құзырына
жататын мәселелер бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
асыратын барлық банктердiң, ұйымдардың, олардың клиенттерiнiң, Қазақстан
Республикасының аумағында тұратын басқа да заңды және жеке тұлғалардың
мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтiк актiлер шығарады. [2, 37б.]
Қазақстан Ұлттық Банкi өз қызметiн Қазақстан Республикасының
Үкiметiмен үйлестiрiп отырады. Қазақстан Ұлттық Банкi мен Үкiмет
жалпымемлекеттiк маңызы бар болжалды iс-қимыл мен қол жеткен нәтижелер
жөнiнде бiр-бiрiн хабардар етiп отыруға және ұдайы консультациялар алысып
отыруға мiндеттi.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз жұмысында Үкiметтiң экономикалық саясатын
ескерiп отырады және оны егер мұның өзi оның негiзгi функциясын атқаруына
әрi ақша-несие саясатын жүзеге асыруына қайшы келмесе, жүзеге асыруға
жәрдемдеседi.
Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаржысын
орналастырылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiмет шоттары бойынша төлем
жүргiзедi, өзге де операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ оған басқа да
қызметтер көрсетедi.
1. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы мен органдарына:
11 департаменттен (1
департамент Астана қаласында), 10 жеке басқармадан  және 1 жеке
бөлімнен тұратын орталық аппарат
2. 16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы екі филиал - Кассалық
операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы және Ұлттық Банктің
қызметін қамтамасыз ету орталығы
3. Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі
4. 4 есеп беретін ұйым.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп
айырысу орталығы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік
кәсіпорны:

– Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы
шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

– Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге
сарайышаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
– Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы
шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
жатады.[2,38б]

Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен
келiсе отырып, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы
органдардың мемлекеттiк бағалы қағаздарының айналысын реттеудi жүзеге
асырады.

1.2 Қазақстан Рсеупбликасының Ұлттық банктің экономикадағы негiзгi
қызметтерi мен операциялары

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, мемлекеттiң Орталық банкке кең
өкiлеттiк беруi екiншi деңгейлi банк жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн
қамтамасыз етедi. Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негiзiнде
экономиканы жалпы мемлекеттiк тұрақтандыру саясатын, тауар – ақша тепе-
теңдiк саясатын жүргiзедi.
Ұлттық банк - ақша резервтерiн құрайтын және алтын валюта резервтері
мен басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкi бар заңды
тұлға. Мүлiктiң құралу көздерiне – банк iсiнен түскен табыстар, бағалы
қағаздардан түскен табыстар және бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты- Қазақстан Республикасында
баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай
мiндеттер жүктеледi:
1)мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
2)төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
3)валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4)қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Ұлттық банктiң негiзгi мiндеті- ұлттық валютаның iшкi және сыртқы
тұрлаулылығын қамтамасыз етуге бағытталады. Соның ішінде Ұлттық Банк:
─ Ақша айналымы, несие, банктiк есеп айырысу мен валюталық
қатынастарды ұйымдастырады;
─ Ақша, несие және банк жүйелерiнiң тұрақты қызметiн қамтамасыз
етедi;
─ Несие берушiлер мен салымшылардың , сондай-ақ шетел валютасын
сатып алу – сату және айырбастау операцияларын жүргiзетiн банктiк
және басқа ұйымдардың мүддесiн қорғау және олардың жұмысын бақылау
сияқты мемлекеттiң экономикалық саясатын жүргiзедi.[3.74б.]
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қызметтерi мен операциялары.
Ұлттық банк “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” Заңға сәйкес
мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:
─ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-кредит саясатын
жүргiзедi, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының
аумағындағы бiрден-бiр эмитентi болғандықтан, бағалы қағаздар
эмиссиясын жасайды. Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссия жасайтын бағалы
қағаздар мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады және олар
жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкi мiндеттемелер алады.
─ Қаржы рыногындағы сыйақының рыноктық ставкаларына ықпал етудi жүзеге
асырады.
─ Қазақстан Республикасында ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге
асыру тәртiбiн, жүйесi мен нысанын белгiлейдi, банктер, банк
операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында
Қазақстан теңгесiмен ақша аударымдарының уақтылы және кiдiрiссiз
жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн төлем жүйелерiнiң жұмыс істеуін
ұйымдастырады, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асырады, банктердiң,
банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың
өздерi пайдаланатын автоматтандырылған жүйелер мен банк ақпаратын
қорғаудың сенiмдi, қауiпсiз болуын қамтамасыз ету жөнiндегi ең
төменгi талаптарын белгiлейдi; Банк операцияларын жүзеге асырған
кезде электрондық банк қызметiн көрсету ережелерiн белгiлейдi;
─ Қазақстан Ұлттық Банкi өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына
жәрдемдесетiн және (немесе) қаржы рыногының инфрақұрылымының бiр
бөлiгi болып табылатын ұйымдарды құруға және олардың қызметiне
қатысуға құқылы;
─ Елдің есептiк төлем балансын, халықаралық инвестициялық
ұстанымын және жалпы сыртқы борышын бағалауды қалыптастырады, төлем
балансының қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi
болжамды бағаларын әзiрлеуге қатысады, валюталық операцияларды
тiркеудi және мемлекеттiк кепiлдiктерi жоқ мемлекеттiк емес сыртқы
заемдар бойынша шарттардың мониторингiн жүзеге асырады; [3, 78б.]
Сонымен қатар Ұлттық банк:
1) өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерден, олардың
қауымдастықтарынан (одақтарынан) және мемлекеттiк органдардан, жеке және
заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат алуға құқылы;
2) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес
вексельдердi қайта есептеудi жүзеге асырады;
3) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi
арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiкпен
басқару туралы шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;
4) банк шоттарының режимiн белгiлейдi;
5) банктер операциялары мен мәмiлелерiнiң жекелеген түрлерi бойынша
сандық шектеулердi белгiлейдi;
6) банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
асыратын ұйымдарға банк қызметi, ақшаны есепке алу, оның төлемдерi мен
аударымдарын, валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша
нормативтiк құқықтық актiлердi бұзған жағдайда, оларға өз құзыретi шегiнде
банктік және валюталық заңдарда белгіленген тәртiппен ықпал ету шараларын
және санкциялар қолданады;
7) жеке және заңды тұлғаларға инвестициялық және коллекциялық
монеталарды сату бағасын белгілейдi.
Сондай-ақ ҚР-ның заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтердi
атқарады. [3, 82б.]
ҚР-ның Ұлттық банкi “банктердiң банкi” ретiнде ең басты мақсаты-
экономиканы төлем құралдарымен үздiксiз жабдықтауды қамтамасыз ету және
елдiң барлық несие жүйесiнiң қызмет етуiне жағдай жасау, есеп айырысу
жүйесiн қалпына келтiру, банк қызметiн реттеу болып табылады. Ол басқа
қаржы – несие құралдарымен бәсекелеспейдi және өз қызметiнде пайданы табу
мақсатын көздемейдi. Оның клиенттерi – коммерциялық банктер және басқа да
несиелiк мекемелер болып табылады. Осыдан келiп, Ұлттық банкiнi
“банктердiң банкi” деп атайды.
Ұлттық банк “банктердiң банкi” қызметiн атқару үшiн:
─ коммерциялық банктердiң резервтерiн сақтайды;
─ жалпы ұлттық ауқымда қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүргiзедi;
─ банктердiң қызметiне бақылау және қадағалау жүргiзедi.
Ұлттық банк – коммерциялық банктердi және басқа да қаржылық – несиелiк
мекемелердi несиелеу қызметiн атқарады. Шетелде Орталық банктердi “сонғы
сатыдағы несие берушi” деп атайды. [4, 347-348б.]
Сонымен қатар Ұлттық Банк:

─ Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қоры
─ Сақтандыру төлемдеріне
кепілдік беру қоры
─ Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры
─ Қазақстан Актуарлық орталығы 
─ Q-BRO
Қазақстан  Ұлттық Банкі Резервтік Орталығы  акционерлік
қоғамдарының, сондай-ақ Ұлттық процессинг орталығы акционерлік
қоғамы құрылтайшыларының бірі және "ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры"
акционерлік қоғамы акционерлерінің бірі болып табылады.[4, 349б.]
Қорытындылай келе, ҚР-ның Ұлттық банкi ҚР-ның орталық банкi ретiнде басқа
елдердiң орталық банктерiмен және халықаралық қаржы ұйымдарымен қатынаста
ҚР-ның мүддесiн қорғайды. Ұлттық банк – бұл эмиссиялық, резервтiк, кассалық
және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жүргiзу құқығына ие,
“банктердiң банкi” ролiн атқарады, сондай-ақ ақша – несие және валюта
саясаттарын жүргiзетiн бiрден бiр ұйым. [4, 351б.]

2. ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ ЖҮРГІЗЕТІН САЯСАТТАРЫ
МЕН ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАРЫ

2.1 Ұлттық банктің ақша-несие саясатының экономиканы реттеудегі маңызы мен
құралдары

Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемiн,
сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн реттеуге
бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық
деңгейдегi субъектiсi – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие
саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектiлерiне экономикадағы қолма-
қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екi түрi бар:

1) рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
2) экспансиялық ақша-несие саясаты.
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты (“Қымбат ақша” саясаты немесе
тежеуші саясат)- екiншi деңгейлi банктердiң несиелiк операциялар көлемiн
шектеуге және қатаң шарт белгiлеуге, ақша массасын төмендетуге, сондай-ақ
сыйақы мөлшерлемесiнiң деңгейiн арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.Оны
Ұлттық Банк инфляцияның өсуі әсерінен экономика қызыған кезде қолданады
және ол “трансмиссиялық механизмге” сүйенеді. Егер Орталық Банк:
MS((r((I(r)((AD((Y(
Экспансиялық ақша-несие саясаты (“Арзан ақша” саясаты немесе
ынталандырушы саясат) – несие беру көлемiн кеңейтумен, айналымдағы ақша
жиынының өсуiне бақылаудың әлсiздiгiмен және сыйақы мөлшерлемесiнiң
төмендеуiне байланысты сипатталады. Оны Орталық Банк өндірістің құлдырауы
кезінде қолданады. Ол Кейнстің табыстау механизміне сүйенеді. Яғни егер
Орталық Банк: MS (( r((I(r)((AD((Y(. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының
басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенiң тұрақтылығын
қамтамасыз ету болды. [5, 213 б.]
Енді осы көрсеткіштерді график түрінде келтіретін болсақ:

I MD I MS2 MS1
MS1 MS2 I2

I0 -------------- I0 --------
---------

MD
I2 -----------------------

M M
1сурет ─ Пайыз мөлшерлемесіне ақша ұсынысының әсері
Ескерту: [5,213б.] мәліметтері бойынша автор құрастырған.

Ынталандырушы Тежеуші
Ақша ұсынуды жоғарылату (ашық Ақша ұсынуды жоғарылату (ашық
нарықта облигация сатып алу); нарықта облигация сату);
Есепті пайызды төмендету; Есепті пайызды жоғарылату;
Міндетті резервтер нормасын Міндетті резервтер нормасын
төмендету; жоғарылату;

2 сурет ─ ҰБ ынталандырушы және тежеуші ақша −несие саясаты. [5, 127б.]
Осы іс-шараларды қолдану нәтижесінде банк жүйесінің артық резерві
көбейеді. Артық резервтер коммерциялық банктердің несие беру түріндегі ақша
ұсынысының негізі болғандықтан, мемлекеттегі ақша ұсынысы өседі деген
болжам жасауға болады. Ақша ұсынысының өсуі пайыздық қойылымды төмендетеді
және инвестиция мен таза ұлттық өнім көлемі көбейеді. Яғни, несиені
жұмысбастылық пен шығындар көлемін көбейту үшін арзан қылып ету- бұл
саясаттың басты мақсаты болып табылады.
[5, 147б.]
Ақша-несие саясатының құралдарын төмендегiдей топтастыруға болады:
а) несие берудiң лимитi, пайыз мөлшерлемесiн тiкелей реттеу, есептеу
мөлшерлемесiнiң өзгеруi ;
ә) мiндеттi резервтер нормасының өзгеруi;
б) ашық нарықтағы операциялар.
Бұндағы ақырғы мақсат:
а) экономиканың өсуi;
ә) толық жұмысбастылық;
б) бағаны тұрақтандыру;
в) төлем балансын тұрақтандыру.
Аралық мақсат:
а) ақша жиыны;
ә) пайыз мөлшерлемесi;
б) айырбас курсы.
Тiкелей (а) және жанама (ә,б) құралдарының арасында айырмашылықтар
бар. Жанама құралдарды тиiмдi пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз
байланысты. Нарықтық экономикада әсiресе алғашқы өзгерiстер кезеңiнде,
тiкелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын
ығыстырады. Бұл мақсаттарға жетуге Ұлттық банк ақша-несие саясатын
жүргiзуде. [5, 214б.]
Пайыз саясаты. Қазақстан Ұлттық банкi пайыз саясатының басты мақсаты
– айналыстағы теңге деңгейiн көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту,
соның нәтижесiнде ақша жиыны және инфляцияның өсуiн төмендетудi қамтамасыз
ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесi, шын мәнiсiнде пайыз үшiн
төлемдер өз кезегiнде шығынның көлемiн құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты
алдағы уақытта немесе белгiлi бiр уақыт аралығында өзiнiң нәтижелерiне қол
жеткiзуi тиiс. [5, 232б. ]
Ішкі валюта нарығындағы жағдай сауда-саттық көлемінің біршама
тұрақтылығымен және жалпы төмендеуімен ерекшеленеді.2009 жылғы 2 тоқсанда
Қазақстан Қор биржасындағы валюта сегментіндегі және банкаралық валюта
нарығындағы сауда- саттықтардың жалпы көлемі 2008 жылғы 1- тоқсанмен
салыстырғанда 2,6%-ға азайып, 15,5 млрд. АҚШ долларын құрады.
Қазақстан Қор биржасындағы долларлық позициядағы биржалық сауда-
саттық көлемі 2009 жылғы 1- тоқсанмен салыстырғанда 3,3 төмендеді және 6,2
млрд. АҚЩ долларын құрады (Қазақстан Қор биржасындағы сауда-саттықтардың
нетто-көлемі брутто-көлемінің 82% құрады.) биржадан тыс валюта нарығындағы
операциялардың көлемі 2009жылғы 2-тоқсанда өткен тоқсандағымен
салыстырғанда 2,2%-ға төмендеді және 9,3 млрд. АҚШ долларын құрады. [11,
58б.]

3 сурет – Ішкі валюта нарығындағы сауда-саттық көлемі. [9]

2009 жылғы 2-тоқсанның қорытындысы бойынша Ұлттық Банк биржадан тыс
валюта нарығында шетел валютасын сатып алушы ретінде басым болды. Ұлттық
Банктің Қазақстан Қор биржасындағы нетто-қатысуы ең аз болды, бұл ретте
қатысу коэффициенті (-)0,1% құрады (2009 жылғы 1-тоқсанда ол (-)37,5% тең
болды). Тұтастай алғанда, 2009 жылғы 2-тоқсанда Ұлттық Банк ішкі валюта
нарығында шетел валютасын сатып алушы ретінде басым болды. [9]
Ақша-несие саясаты арқылы пайыздық реттеудің бірі – есеп мөлшерлемесін
өзгерту. Мұндай тіркеу мөлшерлемесін пайдаланатын Орталық банк
коммерциялық банктерге несие береді. Егер де есеп мөлшерлемесі өсетін
болса, онда Орталық банктен қарыз алу азаяды, демек коммерциялық банктің
қарыз беру операциялары азаяды және коммерциялық банктер қымбат несие
алғаннан соң, қарыз пайыз мөлшерлемесін өсіреді. [6, 178б.]
Несиенiң азаюы және ақшаның қымбаттауы барлық жүйеге таралады.
Экономикада ақша ұсынысы төмендейдi. Әдетте тiркелген мөлшерлеме нарықтағы
банкаралық мөлшерлемеден төмен болады, бiрақ Орталық банктен несие алу
белгiлi әкiмшiлiк қиындақтарға тiреледi.
Сонымен, егер D%((несие коммерциялық банктерге қымбатқа
беріледі(Re((r((M( және тиісінше керісінше. [6, 145 б.]
2009 жылғы 2-тоқсанда экономикаға кредиттер 0,4%-ға 8109,2 млрд.
теңгеге дейін төмендеді. Бұл ретте халыққа кредиттер 3,2%-ға азайды,
заңды тұлғаларға – 0,8%-ға өсті. 2009 жылғы маусымда экономикаға кредиттер
2008 жылғы маусымдағы жағдай бойынша олардың көлемінен 11,9%-ға асты.

4 сурет – Экономикаға кредиттер және олар бойынша сыйақы ставкаларының
динамикасы [9]
Заңды тұлғаларға берілген кредиттер бойынша орташа алынған
ставка 2009 жылғы маусымда 2008 жылғы маусымдағымен салыстырғанда 15,3%-
дан 12,8%-ға дейін төмендеді. Ставкалар өлшемдерінің төмендеуі барлық
бағыт бойынша валюта түрлері бойынша да, сол сияқты кредиттеу
мерзімдеріне қатысты да байқалды. Бұл көбіне мемлекеттің кредиттеуді
қолдауға жаңа заемдар беруі, сол сияқты қолдағы берешекті қайта
қаржыландыруы арқылы қаражатты бөлуімен байланысты.
Жеке тұлғаларға берілген кредиттер бойынша орташа алынған
ставка 2009 жылғы маусымда 2008 жылғы маусымдағымен салыстырғанда 19,0%-
дан 17,9%-ға дейін төмендеді, бұл ретте ставкалардың өсуі (22,9%-дан
30,4%-ға дейін) ұлттық валютада берілген тек қысқа мерзімді кредиттер
бойынша байқалды. Кредиттер құрылымында берешектің негізгі көлемі
айналым құрал-жабдықтарын сатып алуға, жаңа құрылысқа жəне қайта
жаңартуға, сондай-ақ басқа да мақсаттарға, негізінен, бұрын берілген
кредиттерді қайта қаржыландыруға берілген кредиттер есебінен
қамтамасыз етілді. Тұтыну мақсаттарына, сондай-ақ азаматтарға тұрғын
үй салу мен сатып алуға берілген кредиттер айтарлықтай азайды. Салалар
бойынша банктердің кредиттері бойынша елеулі берешек саудаға,
құрылысқа, өндірістік емес салаға жəне жеке қызметке тиесілі.[12,5б.]
Резервтік талаптар. Ақша нарығындағы тепе-теңдiктi қамтамасыз етуде,
банктерге берiлетiн несие көлемiн реттеуде және олардың мiндеттемелерi
бойынша төлемсiздiктi төмендетуде, сол сияқты банктiң салым иелерi мен
акционерлерiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгi
резервтiк талаптар механизмiн қолданады.
Резервтiк талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен
қатар коммерциялық банктердi жанама ақшалай-несиелiк реттеудiң негiзгi
құралдарының бiрiне жатады. Қазақстан банк жүйесiнiң бүгiнгi даму
жағдайында резервтiк коммерциялық банктердiң депозиттерiн сақтандыру
қызметiн, екiншi жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация үрдiсiн
реттеу қызметтерiн атқарады.
Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгiзiлген “ҚР
коммерциялық, кооперативтiк және жеке банктердiң қызметiн реттеу туралы”
нұсқауға сәйкес, мiндеттi резерв нормативi 18-20% мөлшерiнде бекiтiлген
болатын. Қазiргi уақытта ол төмендеп, 10,5%-ды құрайды. Банктер
резервтерiнiң артық болуы яғни Ұлттық банктегi корреспонденттiк шоттардағы
қаражаттардың өсуiне байланысты резервтiк талаптар шамасын төмендетiп қана
қоймай, сол сияқты резервтеудiң баламалы тәртiбiне өтуге, яғни бұл
банктердiң нормативтерiн орындау барысында корреспонденттiк шотттағы
қаражаттар сомасын ең төменгi резервтер мөлшерiнен төмен болмауын сақтап
отыруға тиiстiгiн бiлдiредi.
Ұлттық банк екiншi деңгейдегi банктер үшiн, олардың нормативтердi
орындауына байланысты ең төменгi резервтiк талаптарды орындау барысында
банктерге келесiдей екi тәсiлдi қолданады:
1) мiндеттi резервтеу;
2) резервтеудiң баламалы тәртiбi.
Орталық банк неғұрлым мiндеттi резервтердiң нормасын жоғары
тағайындаған сайын, коммерциялық банктердiң операцияларды жүзеге асыруға
пайдаланатын қаражаты аз болады. Резерв нормасының өсуi ( rr ) банк және
ақша экспансия мультипликаторын( MS=1rr(D) төмендетiп, ақша жиынының
азаюына алып келедi.(rr((Re((несие беру((M( және rr((Re((несие беру((М().
Сонымен Орталық банк мiндеттi резервтер нормасын өзгерте отырып , ақша
ұсынысының динамикасына әсер етедi. [7,145б.]
2009 жылғы 1-тоқсанда болған ең төменгі резервтік талаптар
нормативтерінің төмендеуі банктердің артық резервтердің елеулі көлемін
қалыптастыруына əкелді. 2009 жылғы сəуір-маусымда орташа есеппен резервтік
активтер резервтеудің қажетті көлемінен 3,6 есе асып түсті. [13, 6б.]

5 сурет – Ең төменгі резервтік талаптар нормативінің орындалуы [9]
Ашық нарығындағы операциялар – Ұлттық банктiң айналыстағы ақша
жиынының көлемiн реттеу мақсатында екiншi реттегi нарықта мемлекеттiң
бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операцияларын
бiлдiредi.

Бұл бiршама ақша жиынын, коммерциялық банктердiң өтiмдiлiгi және
несиелiк жұмыстарды реттеудiң ыңғайлы әдiстерiнiң бiрi болып табылады. Оның
негiзгi мәнi ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердiң несиенi эмиссиялауын
шектеудi бiлдiредi.
Ұлттық банк рыноктағы бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып
алушылардың резервтiк шоттарынан тиiстi соманы ұстап қалады. Сөйтiп,
банктерге несие берудi және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында Ұлттық
банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиiстi соманы банктердiң резервтiк
шотына қайта аударады.[7,135б.]
Орталық банк ақша нарығы операцияларын мұқтаждық пайда болуына немесе
ақша-несие эмиссиясы көлемiнiң кеңеюiне байланысты жүйесiз жүргiзедi.Ұлттық
банк бұл құралды пайдалана отырып, ақша массасын реттей алады:Егер ол МҚО
сатып алса(Re((Cu((MB((M(. График түрінде көрсетсек: [7,127б.]

P LRAS
SRAS
В
P ------------●
А AD2
P1 ---- ●
AD1

Y1 Y* Y
6 сурет – Ынталандырушы саясат [5,280б.]

Ұлттық банк МҚО сатса(Re((Cu((MB((M(:
P LRAS

В SRAS
P1----------------●
А
P2---------● AD1
AD2

Y* Y1 Y
7 сурет – Тежеуші саясаты [5,280б.]

2009 жылғы 2-тоқсанда банктердің тарапынан Ұлттық Банктің қысқа
мерзімді ноталарына сұраныс өсті. Алайда Ұлттық Банк бұл сұранысты
толық көлемде қанағаттандырған жоқ. Бұл Ұлттық Банктің қысқа
мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды Қаржы
министрлігінің қазынашылық міндеттемелеріне қайта бағыттау бойынша
бастамасымен байланысты. Осыған қарамастан, Қаржы министрлігі Ұлттық
Банктің бастамасын қолдаған жоқ, осыған байланысты Қаржы
министрлігінің орта- жəне ұзақ мерзімді облигациялары басым болып
қалды. Нəтижесінде, 2009 жылғы сəуір-маусымда қысқа мерзімді ноталар 2009
жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда 350 млрд. теңге сомаға 14,9%-ға көп
шығарылды, бұл мемлекеттік бағалы қағаздардың осы түрлеріне нарыққа
қатысушылардың жалпы сұранысының 25,5%-ын құрады. Ноталар 28 күн айналу
мерзімдерімен шығарылды. Орналастырылатын ноталар бойынша орташа алынған
кірістілік 2009 жылғы 1-тоқсандағы 6,06%-дан 2009 жылғы 2-тоқсанда 5,24%-ға
дейін төмендеді. Осы көрсеткіштерді график түрінде көрсетсем: [13,7б.]

8 сурет –Қысқа мерзімді ноталарды орналастыру көлемі және олар бойынша
кірістілік [9]

2009 жылғы маусымның аяғында айналыстағы қысқа мерзімді ноталардың
көлемі 145,0 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылғы наурыздың аяғындағы
көлемнен 24,2% -ға аз жəне 2008 жылғы маусымының аяғындағы көлемнен 55,1%
аз болды, яғни диаграмма түрінде көрсетсек: [14,5б.]

9 сурет – Айналыстағы қысқа мерзімді ноталар [9]

Ұлттық банк – коммерциялық банктердi және басқа да қаржылық – несиелiк
мекемелердi несиелеу қызметiн атқарады. Шетелде Орталық банктердi “сонғы
сатыдағы несие берушi” деп атайды.Бұған байланысты ҰБ қаржылай тұрақты,
бірақ уақытша қиындықтарға тап болған коммерциялық банктерге несие береді.
Кейбір кезде федералды резервтік жүйе(ФРЖ) ұзақ мерзімді несиелеуді ерекше
жағдайларда да жүзеге асырады. Мысалы, ұсақ банктердің ақша құралдарындағы
маусымдық қажеттіліктеріне байланысты несиелер береді, сонымен қатар қаржы
жағдайы күрделеніп кеткен, әрі өз теңдік балансын ретке келтіруді қажет
ететін банктерге берілетін несиелер. Несие бере тұра, ФРЖ коммерциялық
банктің резервтерін ұлғайтады және оны ұстап тұру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС НАҚТЫЛЫ БАНКТІК
Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нарықтық жағдайдағы алатын орны
Экономиканың ақшалай-несиелік тұрақтылығындағы орталық банктің атқарылатын рөлі
Ұлттық банк-Қазақстан Республикасының Орталық банкі
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму кезеңдері
Қазақстан Республикасының банк жүйесі туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Банктік жүйенің мәні және Қазақстанның экономикасындағы ролі
Халықаралық қаржылық-несиелік қаржы институттарының даму жағдайы
Пәндер