Көркем прозадағы психологиялық талдау



КІРІСПЕ
І ТАРАУ: КӨРКЕМ ПРОЗАДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
1.1 Психологиялық талдаудың түрлері
1.2 Психологиялық талдаудың көркемдік қызметі
II ТАРАУ: ҚАЗАҚ КӨРКЕМ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҚАЛАМГЕРЛІК ШЕБЕРЛІК
2.1 Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы ішкі монологтың өзіндік ерекшелігі
2.2 Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесіндегі ой ағысы
2.3 М.Әуезов әңгімелеріндегі жалғыздық мәселесі
2.4 Ә. Кекілбайұлының «Аңыздың ақыры» романындағы сана ағымы
2.5 О.Бөкей шығармаларындағы психологиялық параллелизм және пейзаж
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
«Көркем прозадағы психологиялық талдау» атты курс жұмысында әдеби кейіпкердің жан диалектикасын, ішкі рухани әлемін, құпиясы мол күрделі табиғатын зерттейтін әдебиеттану ғылымындағы психологизм поэтикасының теориялық мәселелері жан-жақты қарастырылады. Психологиялық романның өзге жанрлық түрлерден ерекшелігі кейіпкердің жан дүние бейнелеуінен көрінеді. Суреткер кейіпкердің жан дүние диалектикасын, белгілі бір іс-әрекетке бастар көңіл-күйінің себеп-салдарын көркемдік тұрғыда талдап жазғанда ғана шығармада психологизм өріс алады [1, 13]. Бұл ойымызды нақтыласақ: "Әдебиеттегі психологизм – кейіпкердің ішкі әлемнің толық суреттелуі шығармадағы эстетикалық әлемнің бөлігін құрайды" [2, 834].
Шынында да көркем шығармада кейіпкердің әр түрлі қалыптағы қарама-қайшы дүниетанымын, көзқарастарын, іс-әрекеттерін, көңіл-күйлерін тереңдей талдап, жан-жақты бейнелеу психологизмнің көркемдік табиғатын танытады.
Ғылыми сында психологиялық талдаудың аналитикалық, синтетикалық яки динамикалық психологизм атты ұғымдары бар. М.Храпченко Н.Гоголь шығармашылығын зерттеп, типологиялық психологизм ұғымын енгізген. Психологизмнің бұл түрін Б.Майтанов М.Әуезов шығармашылығымен байланыстырып, "тұйық психологизм" деген ат береді [3, 86]. Бұл синтетикалық психологизмнің өзгеше бір сергек те сыпайы түрі деуге келеді. Синтетикалық психологизм дегеніміз – қоғамдық тартыстағы кейіпкер көрсететін іс-әрекет, қақтығыстар, сыртқы кескін-келбет, бет-жүздегі құбылулар.
Жоғарыда аталған синтетикалық элементке қарама-қайшы, бірақ онымен өзектес сана ағымындағы күрделі толқындарды суреттеу, ішкі толғаныстарды көрсету, жан диалектикасын бейнелеу – аналитикалық психологизм деп аталады. Аналитикалық тәсілдің басты көрінісі – ішкі монолог. Адамның сезім-күйін, ой-толғанысын, күйініш-сүйінішін барлық қайшылықтарымен, сонымен қатар асқан шеберлікпен шынайы әрі дәл де нанымды нақышпен бейнелейтін психологиялық романның ерекшелігі жанрлық талап пен автордың кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты. Психологиялық романның көркемдік әлемін Ф.М.Достоевскийше түсінсек, бар мәселе – автордың оқырманды өз кейіпкерінің ішкі өміріне қалай ендіруінде жатыр. Кейіпкеріне сөз бере отырып, оның сана ағымын, қақтығысқа толы рухани әлемін, жан қозғалысын нәзік детальдармен бейнелей білу – нағыз шеберліктің шыңы [4, 88].
1. Пірәлиева Г. Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм мәселелері. Автореферат. – Алматы, 2004.
2. Литературная энциклопедия терминов и понятий. Главный редактор и состовитель А.Н.Николюкин. – Москва, 2003.
3. Майтанов Б. Қаһарманның рухани әлемі. Зерттеулер. – Алматы: «Жазушы», 1987.
4. Достоевский Ф.М. О русской литературе. – Москва, 1987.
5. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. – Алматы, 2002.
6. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. – Алматы: «Санат», 1996.
7. Әбдікова Қ. Ж.Аймауытов романдарындағы тұлға концепциясы. – Алматы, 1997.
8. Иезуитов А. Проблемы психологии в эстетике и литературе // Проблема психологии в советской литературе. – Ленинград: «Наука», 1970.
9. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. – Алматы: «Ғылым», 1991.
10. Әдебиеттану терминдер сөздігі. – Алматы: «Ана тілі», 1998.
11. Чернышевский Н. Полные собрания ОГИЗ. – Москва, 1939.
12. Исмакова А. Казахстанская художественная проза: поэтика, жанр, стиль. – Алматы, 1998.
13. Пірәлиева Г. Ізденіс өрнектері: әдеби сын, зерттеу, сұхбаттар. –
Алматы: «Білім», 2001.
14. Қоңыратбаев Ә. Шеберлік сырлары. Әдеби сын. – Алматы: «Жазушы», 1979.
15. Аймауытұлы Ж. Шығармалары. – Алматы: «Жазушы», 1989.
16. Піралиева Г. Ішкі монолог. – Алматы, 1994.
17. Елеукенов Ш. Мағжан. – Алматы: «Санат», 1995.
18. Әуезов М. Анкетаға жауап. // Жұлдыз, 1991, №10.
19. Жұмабаев М. Шығармалары. Үш томдық. – Алматы: «Білім», 1996.
20. Мотылева Т. Внутрений монолог и «поток сознаний». // Вопросы литературы, 1986, № 1.
21. Әуезов М. Өскен өркен. – Алматы: «Жалын», 1977.
22. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Жазушы», 1979.
23. Кекілбаев Ә. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы, 1989.
24. Выготский Л.С. Психология искусства. – Москва, 1987.
25. Веселовский А.Н. Психологический параллелизм и его формы в отражениях поэтического стиля. Историческая поэтика. – Москва: «Высшая школа», 1989.
26. Бес ғасыр жырлайды. Екі томдық. – Алматы: «Жазушы», 1989.
27. Бөкеев О. «Мұзтау». Повесть, эссе, новеллалар. – Алматы: «Жазушы», 1976.
28. Ыбырайымов Б. Көркемдік көкжиегі. – Алматы: «Жазушы», 1981.
29. Бөкей О. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Повестер. – Алматы: «Жазушы», 1994.
30. Қирабаев С. Сын мақалалар мен зерттеулер. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Жазушы», 1992.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Көркем прозадағы психологиялық талдау атты курс жұмысында әдеби
кейіпкердің жан диалектикасын, ішкі рухани әлемін, құпиясы мол күрделі
табиғатын зерттейтін әдебиеттану ғылымындағы психологизм поэтикасының
теориялық мәселелері жан-жақты қарастырылады. Психологиялық романның өзге
жанрлық түрлерден ерекшелігі кейіпкердің жан дүние бейнелеуінен көрінеді.
Суреткер кейіпкердің жан дүние диалектикасын, белгілі бір іс-әрекетке
бастар көңіл-күйінің себеп-салдарын көркемдік тұрғыда талдап жазғанда ғана
шығармада психологизм өріс алады [1, 13]. Бұл ойымызды нақтыласақ:
"Әдебиеттегі психологизм – кейіпкердің ішкі әлемнің толық суреттелуі
шығармадағы эстетикалық әлемнің бөлігін құрайды" [2, 834].
Шынында да көркем шығармада кейіпкердің әр түрлі қалыптағы қарама-
қайшы дүниетанымын, көзқарастарын, іс-әрекеттерін, көңіл-күйлерін тереңдей
талдап, жан-жақты бейнелеу психологизмнің көркемдік табиғатын танытады.
Ғылыми сында психологиялық талдаудың аналитикалық, синтетикалық яки
динамикалық психологизм атты ұғымдары бар. М.Храпченко Н.Гоголь
шығармашылығын зерттеп, типологиялық психологизм ұғымын енгізген.
Психологизмнің бұл түрін Б.Майтанов М.Әуезов шығармашылығымен
байланыстырып, "тұйық психологизм" деген ат береді [3, 86]. Бұл
синтетикалық психологизмнің өзгеше бір сергек те сыпайы түрі деуге келеді.
Синтетикалық психологизм дегеніміз – қоғамдық тартыстағы кейіпкер
көрсететін іс-әрекет, қақтығыстар, сыртқы кескін-келбет, бет-жүздегі
құбылулар.
Жоғарыда аталған синтетикалық элементке қарама-қайшы, бірақ онымен
өзектес сана ағымындағы күрделі толқындарды суреттеу, ішкі толғаныстарды
көрсету, жан диалектикасын бейнелеу – аналитикалық психологизм деп аталады.
Аналитикалық тәсілдің басты көрінісі – ішкі монолог. Адамның сезім-күйін,
ой-толғанысын, күйініш-сүйінішін барлық қайшылықтарымен, сонымен қатар
асқан шеберлікпен шынайы әрі дәл де нанымды нақышпен бейнелейтін
психологиялық романның ерекшелігі жанрлық талап пен автордың кәсіби
шеберлігіне тікелей байланысты. Психологиялық романның көркемдік әлемін
Ф.М.Достоевскийше түсінсек, бар мәселе – автордың оқырманды өз кейіпкерінің
ішкі өміріне қалай ендіруінде жатыр. Кейіпкеріне сөз бере отырып, оның сана
ағымын, қақтығысқа толы рухани әлемін, жан қозғалысын нәзік детальдармен
бейнелей білу – нағыз шеберліктің шыңы [4, 88].
Психологиялық роман табиғатының өзі жеке адам тағдырын екі әлем,
атап айтсақ, сұлулық пен ұсқынсыздық, саналылық пен бейсаналық, өмір мен
өлім арасындағы ымыраға келмейтін күрес, мәңгілік құндылықтар жайында ой
қозғауға мәжбүр етеді. Бұл – психологиялық туындыға қойылар басты
шарттардың бірі.
Психологиялық шығарманың өзіне тән жанрлық ерекшеліктері нақты
көркем мәтіндерді талдау барысында төмендегідей айқындалады:
Біріншіден, психологиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт,
тақырып, идея деген мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол арнайы түрде
талап етілмейді.
Екіншіден, мұнда ең бастысы – жеке адамның ішкі өмірі, өмір мен өлім
арасындағы кезеңде адам бастан кешетін азапты тағдыр тәлкегі, кейіпкердің
күрделі тұлғаға айналуы көркемдік назарға алынады.
Үшіншіден, шығармада шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі, жеке адам
санасындағы сапалық өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар
тереңдетіле талданады.
Төртіншіден, психологиялық прозаның көркемдік әлемі өзінің жанрлық
талабына сай жеке санада жүріп жатқан ой мен сезім қайшылықтарын, сөз бен
іс сәйкессіздіктерін тереңдеп талдап, көркемдік жүйеде саралайды [1, 14].
Асылында, көркем шығармада психологиялық талдау жасалынбаса,
"адамның ойына өң беріліп, көңіліне күй түсірілмейді" [5, 36].

І ТАРАУ: КӨРКЕМ ПРОЗАДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

1.1 Психологиялық талдаудың түрлері

Көркем әдебиеттегі психологизм – ғылыми, әдеби мәні мол, күрделі
үдеріс. Психологизм – қоғамдық алғышарттар мен жеке адамдар дүниетанымын,
олардың іс-әрекетіне жетекші сана-сезімдік қозғаушы күштерді сенімді
суреттеудің дара жемісі болып табылады.
"Қаһарманның рухани әлемін, жан сырын жеткізу амал-тәсілдерінің
жиынтығы немесе идеялық-эстетикалық шығармашылық феномен – психологизм" [6,
3], - дейді Б.Майтанов.
"Психологизм – көркемдік әлемнің жұлын-жүйесі" [6, 12] болғандықтан,
психологияның әдебиет саласындағы тұрақты "елшісі" ғана деп есептеуге толық
мүмкіндігіміз бар. Себебі әдебиет психологияның өзінен бұрын енші алып,
ерте дамыған. Даму барысында психологизм элементтері ертедегі әдебиеттерде
де орын тепкен. Нақтылы психологизмнің көркемдік тәсіл ретінде әдебиетке
келуі XVIII ғасырдан басталады. Сол кездегі сентименталист жазушылардың
алға қойған мақсаты – адамның жан қозғалысын, нәзік әрі терең сезімталдықты
суреттей білу болатын.
XIX ғасырдың басына қарай адамның жан дүниесіне үңілу тіптен
тереңдей түсті. Көркем шығармадағы басты нысана адам болғандықтан, оның
ішкі, сыртқы болмысы шынайылықпен сомдалуы тиіс еді. Сондықтан да адам
жанын жандандырудың басты тәсілі психологизмнің осы тұрғыда алатын орны
ерекше, маңыздылығы жағынан алғашқы орында болды.
Қ.Әбдікова әдебиеттегі тұлға мәселесінің психологиялық талдау арқылы
жүзеге асатынын айта келіп, Ж.Аймауытов талдау жасайды. Қазақ
әдебиетіндегі тұлға мәселесін психологизм тұрғысында айтқан
А.Иезуитов: "Біріншіден, психологизм- сөз өнерінің тектік белгісі, ажырамас
қасиеті, көркемдік кепілі" [11, 50], - деп баса көрсеткен. Суреткер барлық
күш-қайратын, шеберлігін бір ғана мақсатқа – адам жүрегінің сырын, адам
жанының шындығын танытуға жұмылдырады. Адам жанына психологиялық талдау
жасау жаңағы шеберлік шеңберімен астасып жатады.
"Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде" психологиялық талдаудың пайда
болуын 3.Фрейд есімімен байланыстырып былай делінген: "Шығармашылық
қабілетті жыныстық инстинктерімен төркіндететін әйгілі туындылардың
психологиялық астарына басқаша үңілуге шақыратын психоанализ тәсілі өнердің
барлық саласына, соның ішінде әдебиеттануға ерекше ықпал етті.
Психологиялық талдау өнертанудағы соны сипаттағы белес болды, кейіпкер
психологиясын талдау тареңдей түсті" [10, 278]. Көркем әдебиеттің негізгі
предметі адам болғандықтан, оның рухани әлемін, ой-сезімін, түсінік-
түйсігін, дүниетанымын, ішкі қайшылықтарын ашып көрсету – суреткердің
негізгі міндеттерінің бірі. Мұны танытудың әдіс-тәсілі сана ағымы жан
диапектикасы сияқты психологиялық талдау негізінде, Р.Стендаль, Л.Толстой,
Ф.Достоевский шығармаларында қалыптасқаны айтылып жүр.
Психологизмге алғаш баға бергендердің бірі Н.Чернышевский Л.Толстой
шығармаларындағы психологизмді реализмнің басты тәсілі, әсіресе адамды
танытудың материалистік әдісі деген және психологиялық талдау –
шығармашылық таланттың қуатын көрсететін қасиеттің ең маңыздысы екенін
атап айтқан [11, 36]. Кейіпкердің жан қалтарысының, сезім толқындарының
әрбір қақтығысын көз алдымызға тізбектей мөлдіретіп әкелу қаламның эпикалық
құлашы мен лирикалық толғанысын керек етеді. Шығарманың өн бойындағы
үзілмес желі оқиғалар тізбегін адам жасаса, әрекет-қимыл, тартыс үстінде
болса, сол қозғалыстарға жан беретін ақыл-ой, сана-сезім, яғни
"жан диалектикасы" болып табылады.
Психологиялық талдаудың негізгі міндеті – кейіпкер жаны қоғаммен,
адаммен, табиғатпен қарым-қатынаста қандай эмоционалды-психологиялық
өзгеріске ұшырайды, қандай қалыпқа енеді – соны жіті бақылау болып
табылады. Көркемдік – шынайылық болса, оны ұғындыратын, әрі ұғынатын
адамдар жалпы үрдістерден өзге жеке сезімдік әуендерді таңдауға бейім. Сол
себепті көркем шығармадағы өмір шындығының ең жоғары деңгейі психология
заңдылықтарымен сабақтас.
Психологиялық роман адамның жан дүниесін, ішкі сезімін терең ашып
көрсетуге айырықша мән берген [12, 280], - деп баға береді А. Ысмақова.
Орыс әдебиетінде XIX ғасырда психологиялық романды Л.Толстой
шығармашылығынан бастап тарататынын айттық. Ол адамның сезім күйін,
толғанысын, қуаныш-қайғысын барлық қайшылығымен терең ашып бейнелеген.
Кейіпкердің ішкі дүниесінің нәзік иірімдерін, құпия сырларын әсерлі
суреттеу адам мінезін асқан шыншылдықпен нанымды көрсетуге мүмкіндік
береді. Л. Толстой жеке адамдардың "жан диалектикасын" ашу арқылы қоғамдық
өмірдің қайшылықтарын адамгершілік пен қатыгездіктің қақтығысынан туған
трагедиялық жағдайды әсерлі бейнелейді.
Ал Ф.Достоевскийдің психологизмді берудегі жаңашылдығы –
романдардағы сан алуан кейіпкердің өмір қүбылыстарын сезінуі әрқилы. Кейде
тіпті бір-біріне мүлде қайшы дүниетаным көзқарастарын үңіле зерттеп
сипаттауынан айқын аңғарылады. Кейіпкердің адам тағдыры, дүние жаратушы
жайлы белгілі бір шешімнің, нақтылы түйіннің аясына симайтын, шығармаға көп
үнділік – полифониялық қасиет дарытатын қым-қиғаш ой-толғаныстарынан, жеке
адамның ой-санасы, ішкі сезімі бүкіл әлеммен, бүгінгі ғана емес, өткен
өмірмен де, келешекпен де жалғасып жатқанын байқаймыз [4, 85].
Әдебиетіміздегі тұңғыш психологиялық роман деп зерттеушілер
Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романын атап жүр. "Ақбілектің" психологиялық роман
табиғатына тән негізгі сипаты – шығарманың сюжеттік-композициялық
концепциясы кейіпкердің ішкі әлемін талдау мақсатына тәуелділігінде деп
қарастырамыз [12, 280]. Кейіпкердің қиын тағдырын жазушы ішкі монолог,
толғаныс сияқты адами проблемаларды, бір кезеңдік қазақ өмірін: ондағы жаңа
тіршілік-тынысты, сыртқы реалдық өмір шындығын сана күресі, ой арпалысы,
көзқарас қақтығысы арқылы бейнелейді. Суреткердің өзіне тән психологиялық
стилі осы романда жан-жақты көрінген. Ол – күнделік ретінде берілген
Ақбілек ойлары.
Адамның жан дүниесін бейнелеу – психологизм, әрине бір ғана жанрдың
психологиялық романның шеңберімен шектелмейді. Кейбір шығармаларды бөліп,
осы жанрлық түрге жатқызудың өзі де "шартты түрде жасалған жіктеу" [12,
280] деп санаған жөн. Осыған байланысты психологиялық талдаудың
элементтерін басқа туындылардан (М.Әуезов, Ә.Нұрпейісов) табуға болады. Ал
бұлардағы психологизмнің басты орын алмауы психологиялық талдаудың әр түрлі
болатынымен төркіндес. Осы жөнінде Н.Чернешевский: "Психологиялық талдау әр
түрлі бағытта кездесуі мүмкін: бір ақынға характердің сыртқы белгілері,
екіншісіне қоғамдық қарым-қатынас пен өмір тартысының сол характерге
жасайтын әсері мәндірек, үшіншіге – сезім мен әрекеттің байланысы,
төртіншіге құмарлықты талдау қымбат, ал граф Толстой үшін ең маңыздысы –
психологиялық талдаудың өзі, соның формалары, заңдары, анықтауыштық
терминмен айтқанда – адам жанының диалектикасы" [11, 36], - деп айтады. Ұлы
сыншы психологизмнің межесін сол кездің өзінде-ақ жіті пайымдаған. Қазіргі
қолданыста жүрген "аналитикалық, синтетикалық" деген терминдерді
қолданбағанымен, соларға жататын көркемдік әдіс-тәсілдерді атап көрсеткен.
Ғылыми сында психологиялық талдаудың аналитикалық, синтетикалық яки
динамикалық психологизм атты ұғымдары бар. М.Храпченко Н.Гоголь
шығармашылығын зерттеп, типологиялық психологизм ұғымын енгізген.
Психологизмнің бұл түрін Б.Майтанов М.Әуезов шығармашылығымен
байланыстырып, "тұйық психологизм" [3, 86] деген ат береді. Бұл
синтетикалық психологизмнің бір сергек те сыпайы түрі деуге келеді.
Ж.Дәдебаев М.Әуезов шығармашылығына қатысты психологиялық талдаудың
эпикалық және лирикалық тәсілі болатынын айтқан [9, 159]. Қалай десе де,
екі ғалымның еңбегінде психологиялық талдаудың аты өзгергенімен, негіздері
бірдей шығып отырады. Бұған дәлел – М.Әуезов шығармашылығына қатысты
талдаулары. Бірінші, Ж.Дәдебаев эпикалық тәсілмен психологиялық талдауды
мынадай мысалдармен дәлелдеп көрсетеді: Құнанбайдың қыбыр қақпай бір
нүктеге қадалып сөйлеген сөзі, жалпы бет-бедері ешбір қимыл-қозғалыссыз
беріледі. Ал Абаймен алғаш кездескен сәттегі Тоғжан күйі, оның бет пішіні,
бірнеше рет қызыл бояумен албырап толқып көрінеді. Жазушы Тоғжанның әшекей-
сырғасына дейін толқытып, баяу дірілмен сілкіндіре суреттейді. Осылайша іс-
әрекеттерді, олардың көріну процестерін суреттеген [9, 159].
Психологизмнің синтетикалық түріне Б.Майтанов жоғарыда аталған
психологиялық процестерді көрсетеді. Сонымен қатар, Оянған өлкедегі
Ғ.Мүсірепов стилін де синтетикалық психологизмге жатқызады. Мұнда өзімізге
мәлім сюжет қоюлығы, қоғамдық-саяси тартыстар шымырлығы, суреттеу
құрылымындағы динамизм басым [3, 137]. Осыдан келіп, синтетикалық
психологизм дегеніміз – қоғамдық тартыстағы кейіпкер көрсететін іс-әрекет,
қақтығыстар, сыртқы кескін-келбет, бет-жүздегі құбылулар екендігін қорытуға
болады.
Синтетикалық тәсіл қазақ әдебиетінде ертеден қалыптасқан. Бүгінгі
таңдағы синтетикалық тәсіл жазушы идеясының жүзеге асуына қызмет етіп,
жазушылық мақсат-мүддеге бағындырылады. Бұған дәлел портретті, қимыл-
әрекетті алсақ, екеуі де ауыз әдебиетіндегі батырлар жырынан бастап, бүкіл
әдебиеттегі кейіпкер түр-тұлға, ой-санасын, мінез-қүлқын танытуға қызмет
етіп келеді. Пейзаж да, деталь, штрих та (бұлар аналитикалық тәсілге де
тән) ертеден қалыптасқан дәстүр.
Жоғарыда аталған синтетикалық элементке қарама-қайшы, бірақ онымен
өзектес сана ағымындағы күрделі толқындарды суреттеу, ішкі толғаныстарды
көрсету, жан диалектикасын бейнелеу аналитикалық психологизм деп аталады.
Аналитикалық психологизм, негізінен психологиялық роман жанрының тууына,
шығармаға психологиялық талдау жасауға негіз болған бірден бір тәсіл.
Аналитикалық тәсіл Қ.Әбдікованың көрсетуінше, "Ақбілек" романының негізгі
желісін құраған, оның басты көрінісі – ішкі монолог. Романның бүкіл оқиғасы
Ақбілектің айналасында, соның ойында өтеді. Психологиялық талдаудың
аналитикалық түрі арқылы кейіпкер өзін-өзі таниды. Ішкі жан дүниесінің
дірілі, сезім қақтығыстары арқылы танылады [7, 73].
Г.Пірәлиева: Эмоционалдық қозғалыс ой қозғалысына дем беріп отырады
[13.71], - деп ішкі әлемді әшкерелеудің (бейнелеудің) бірден-бір әдісі осы
психологиялық тұрғыдан өзін-өзі талдау (өзін-өзі жегідей жеу) екенін
айтады. Бұған Ақбілектегі Мұқаш бейнесін жатқызуға болады, аналитикалық
тұрғыда Ақбілектің де, Мұқаштың да жан дүниелерінің сұлбасы жасалған.
Ж.Аймауытов аналитикалық психологизмге синтетикалық тәсілді де үстемелеп
отырған. Бұл туралы Қ.Әбдікова өз еңбегінде атап көрсетіп: Аналитикалық
тәсіл мен синтездік тәсілдердің ғажап қосындысын жасаған [7, 45], - дейді.
Таза аналитикалық тәсілмен жазылған шығармалар баршылық, олардың
көркемдік бояуы кемімей, композициялық құрылымына шек келмей жазылған.
Мұндай шығармаларды "сана ағымына" құрылған шығармалар деп атап көрсетіп
жүрміз. Әдебиетімізде мұндай туындыларға Ә.Кекілбаевтың, О.Бөкейдің
шығармалары жататынын А.Ысмақова, Г.Пірәлиева атап көрсетті. Аталған
жазушылар туындыларындағы психологизм мәселелерінің актуальды мәні жоғарыда
айтылған жайттармен желілес.

1.2 Психологиялық талдаудың көркемдік қызметі

Қазіргі қазақ жазушыларына осы заманғы әдебиеттің жағдайына сәйкес
уақыт қойып отырған үлкен міндеттің бірі – "адам жанының диалектикасын"
ашу. Дәлірек айтқанда, кейіпкердің ішкі рухани әлеміне үңілу, жан сарайына
психологиялық талдау жасау саласында терең толғану, тынбай іздену керек
болып отыр [9, 142]. Психологиялық талдаудың бұлайша әдебиеттің күн
тәртібінде бірінші мәселеге айналуының басты себебі неде?
Әдеби әдіс мәселелері ең басты дүниетанымдық, көркемдік құбылыс
саналса, осы мәселелердің неғұрлым нақты, толымды, шешімі айқын ғылыми
келбеті – кейіпкер жан дүниесін бейнелеу мүмкіндіктері мен амал-жолдары,
бағыт-бағдары, сол бағдардағы жемісті нәтижелер арқылы танылмақ. Шартты
теңеуге барсақ, көркемдік әдіс – мазмұн, психологиялық талдау – пішін.
Пішін мазмұнға қарай, мазмұн пішінге қарай өзгермек. Эстетикалық байлық –
іш пен тыстың бірлігі мен өзара ықпал-әсерінде, жаңа байланыс түзе алуында
жатыр. Психологиялық талдаудың тағы бір көркемдік мәні мынада деп
ойлаймыз, атап айтқанда "ол – жазушы үшін толыққанды образ, өміршең тұлға
жасаудағы бірден бір қолайлы да, оңтайлы тәсіл". Расында, образ, характер
жоқ жерде көркем шығарма рухы түгілі, оның елесі де жоқ. Осы туралы сөз
қозғаған Ә. Қоңыратбаев: Даралау – характер жасаудың ішкі заңы [14, 31],
- деген болатын. Даралыққа жету үшін типтендіру қажет.
"Типизм - творчествоның негізгі заңының бірі, онсыз творчество жоқ"
[14, 32]. Сонда біздің психологиялық талдаудың көркемдік қызметіне
тоқталғанда айтатынымыз – оның кейіпкер характерін даралаудағы басты
сипаты. Мәселен, қазіргі қазақ әдебиетінің классигі Ә.Қоңыратбаевтың
шығармаларын алып қарайық. Жазушының қол артқан басты тәсілі –
психологиялық талдаудың аналитикалық түрі. Аналитикалық дегеніміз – бір
кейіпкердің жан дүниесін бүгі-шегісіне дейін талдау деп жүрміз. Яғни,
Ә.Кекілбаев шығармаларының басты сипаты – психологизм.
Аңыздың ақыры романындағы кейіпкерлер – Ұлы Әмірші, Бибі ханым,
шебер іс-әрекеттерімен емес, Г.Піралиеваның тілімен айтсақ: Көңіл-
күйлеріндегі күйзелістермен, жан әлеміндегі арпалыстармен, ішкі
буырқаныстардан сыр берер бет-жүздегі, мінез-құлықтағы сезімдік
құбылыстармен көрінеді [13, 172]. Әмірші де кезінде Әмір әскерінің көп
сардарының бірі ғана болатын. Сол көптің бірін осы данқ пен дақпыртқа,
бақытқа жеткізген қанағаттанбаушылық сезім еді. Жоғарыда біз айтып өткен
типтендіру мәселесі – Алмас ханның бойында. Өмірдің қаталдығы мен
қатыгездігін, қулығы мен сұмдығын, әккілігін, талғампаздығын бойына
жинақтаған тамаша кейіпкердің сұңғылалығына нандырады. Әккі Әмір ел
қармағындағыларды уысында ұстау үшін, елді қабағынан тануды қажетті құрал
етті. Айналасындағы адамдардың іші-сыртын, пендешілік осалдығын, көңіл
түкпіріндегі құпия сырларын Әміршінің тап басып зерттейтінін бейнелеуде
үлкен суреткерлік алымдылық танытқан.
Жазушылық бұндай позиция туралы Ә.Қоңыратбаев былай деген: Сонымен
бірге оның өзіне адамдық характері болуы керек. Мұны даралау дейміз.
Даралау жоқ жерде образ жоқ [14, 31].
Өз сырын өзге түгіл өзінен жасыратын Әміршінің табиғаты – тұнып
тұрған құпия, өзінің не күйінішін, не сүйінішін сырт көзге сездірмес
тәкәппар. Кейіпкер – тек төңірегіндегілер үшін ғана емес, оқушысына да
оңайлықпен сыр ашпайтын тылсым характер. Оның сырт көзге байқала
бермейтін ішкі сезім иірімдеріне, жан арпалыстарына, ой-сезім
құбылыстарына, санасындағы психологиялық процестегі терең тебіреністеріне
тек автор көмегімен дендейсіз. Әміршінің ой-монолог, күпті көңілімен
ойланса да, неден күдіктенсе де іште сақтайтын сарбаздығы оқиғаны өрбітеді.
Суреткерлік бүкіл роман бойына оқиға қумай, адам жандүниесіне терең бойлап,
оның психологиясын, рухани әлемін, ішкі иірімдерін драматизммен ашуында
жатыр. Біз айтып өткен сипаттамалар "даралаудың бір тәсілі – мінездік
талдау-психологизмі" [9, 173]. Ендеше, кейіпкер психологиясын шынайы
суреттеу шеберлігі суреткердің ерекшелігі ғана емес, оның ерекше талантының
айғағы да. Психологтік түйсік немесе суреткерлік сезімталдық туа біткен
таланттың еншісі. "Аңыздың ақырындағы" Әміршінің тынымсыз ойға, небір
қиялдарға бөленген ұзақ жол, жол бойындағы оңашалық, жалғыздық болса, еліне
келген бетте оны мазалайтын нәрсе – өзегіне құрт түскен қызыл алма. Бұл
жерде қызыл алма – Әміршінің тынышын тонаған көркемдік нышанның басты
кілті. Иә, қызыл алма – опасыздықтың символы. Осы бір өзөгіне құрт түскен
қызыл алма арқылы үй-ішінің, өз шаңырағы астындағы алауыздықты, өзі жоқта
орын алған опасыздықты ғана түсініп қойған жоқ Әмірші, сонымен қатар,
жалған өмірдің өткіншілігін, жер жүзінің жартысын билеген қаһары да, атағы
жер жарған даңқ пен дақпырттың да шын ғашықтың жүрегінен шығып, көңілінен
қаланған мұнара меңзеп тұрған адал махабаттың қасында ешқандай да құны жоқ
екенін түсінеді, түсінеді де күйінеді. Күйініш оны күйреуге әкеледі.
Жазушының шеберлігі сол, дараланған образдың нанымдылығын, шынайылығын
сақтайды. Бұл ретте психологиялық талдау ерекшелігі творчестволық ерекше
категория ғана емес, ол реалистік әдебиеттегі көркемдік тәсілдердің бірі,
яғни адам характерін ашып, образын сомдауға мүмкіндік беретін, әдеби
тәжірибеде сыналып, өміршеңдігін көрсеткен стильдік тәсіл. Айталық, бұл
үрдістің беделді өкілі деп Ш.Айтматовты атауға болады. Кемеңгер жазушы өз
шығармаларындағы даралауды психологизм тәсілімен жүзеге асырады. Барлық
прозасында жоғарыда біз айтып өткен даралау типтендіру, көркемдіктің шынайы
заңдарына жүгіну, ұсақты дардай ету, реализм мен ғажап поэтика бар.
"Алғашқы ұстаз", "Ақ кеме", "Боранды бекет" шығармаларындағы кейіпкерлердің
сомдалуы, олардың саналарындағы ағым процестерімен астарлас. Ондағы адамдар
схема емес, автордың өзін де, оқушыны да үйіріп, тез билеп алады. Демек,
шеберліктің кілті мәселенің айқындылығымен, қолмен ұстап көргендей барлық
жан-жүйесін таныта білумен ұштасып отыр.
Психологизм – көркем әдебиеттің тұтас болмысынан ажырамас қасиет,
біз ол жағдайды байқай бермейміз. Сонымен бірге психологизм – көркемдік
бейнелеу принципі, ойлау типі, жазушы талантының төл белгісі [6,318].
Психологиялық талдау – шығарманың композициялық құрылымына, сюжеттік
желісіне, кейіпкер сомдау амал-тәсіліне әсерін тигізер бірден-бір әдіс.
Сондықтан да психологиялық талдау әдебиеттегі өміршеңдігін сақтай беретіні
ақиқат.

II ТАРАУ: ҚАЗАҚ КӨРКЕМ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ
ҚАЛАМГЕРЛІК ШЕБЕРЛІК

2.1 Ж.Аймауытовтың Ақбілек романындағы ішкі монологтың өзіндік
ерекшелігі

Прозадағы психологизм әлем әдебиетінде ХХ ғасыр басында-ақ әр түрлі
бағытта дамығаны мәлім. Сол кездері жарық көрген Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев
сынды ақын-жазушылардың шығармалары бұл айтқанымызға дәлел бола алады.
Ж.Аймауытов суреткердің ішкі өміріне психологиялық талдау жасаудың
үздік үлгісін "Ақбілек" романы арқылы көрсетеді.
"Ақбілек" романының ұстанып отырған нысанасы – әйел тендігі. Бұл –
сол кезеңдегі демократия бағытындағы жазушылардың ортақ тақырыбы. Романда
бас кейіпкерді тек періште етіп көрсете бермей, өмірдегі бар болмыс-
бітімімен, өзіндік табиғат-тіршілігімен, яғни пенделік қалтарыстарымен қаз-
қалпында бейнелейді [13, 3].
Шешесін өлтіріп, өзін зорлықпен алып кеткен ақ офицердің озбырлығына
үнсіз көндіккен Ақбілектің жан дүниесіндегі күрделі құбылыстарды жазушы
психологиялық тұрғыдан терең талдап, шебер береді. Романның бүкіл оқиғасы
Ақбілектің айналасында өтеді, оның бәрі Ақбілектің ойы арқылы өрбиді.
Күтпеген жерден нәсілі бөтен жұрттың ортасына түсіп, қара мұрттың
меншігіне айналған жас қыздың қайшылықты тағдыры, жан күйзелісі романда жан-
жақты әрі айшықты бедерленеді. Қазақ емес, орысқа намысын таптатумен
тұрмай, оң жақта отырып, жүкті болуы, оны атастырылып қойған жігіті
Бекболаттың біліп қалып, одан айырылуы, әкесі мен өгей шеше арасындағы
қырғи-қабақтық – бәрі Ақбілектің тағдырын қиындатып, жан азабына салады.
Кейіпкердің қиын тағдыры жазушыны ішкі монолог, толғаныс секілді әдеби
тәсілдерге жүгіндіреді. Суреткер бүкіл адами проблемаларды, бір кезендік
қазақ өмірін, ондағы жаңа тіршілік-тынысты, сыртқы реалдық өмір шындығын
сана күресі, ой арпалысы, көзқарас қақтығысы арқылы бейнелейді. Сөйтіп,
жазушы Ақбілекті үлкен психологиялық образ дәрежесіне жеткізеді. Романның
әрбір беті бізге Ақбілектің өміріндегі тоқтаусыз өзгерісті, бір байламға
келе алмаған ой арпалысын аңғартады. Және бір айтар жай, оқиғаны баяндау
барысында автор мен кейіпкердің ойы мен сөзі көбіне бірігіп кетіп отырады.
Мысалы: "...Алды-арты тұйық, қараңғылық, не болары белгісіз... Сонда
да Ақбілек тірі, Ақбілек сұлу... Ол елден асты: қазақ тұрсын, атағын орыс
естіп, іздеп келіп, алып қашты... Орыс біткен бұған бола қырқысты. Кім
біледі, тірі болса, үмітсіз шайтан... Өз еркімен келіп отырған жоқ..." Бұл
автордың монологы секілді, бірақ бұл Ақбілектің ой арпалысынан сыр
беретіндей. Мұндағы көп нүктелер кейіпкердің санасында жүріп жатқан ой
ағысын, өзін-өзі жұбату (шарасыздықтан туған), алдауды аңғартады [15, 164].
Кейде керісінше, Ақбілекке тиісті ішкі ой автордың атынан айтыла
береді: Төре болса қайтсін? Мұның іздегені орыстың төресі ме еді? Киім,
тамақ әпереді дейді. Соған зар болып, осылардан сұрауға келіп отырғаны-ау!
Шаруаны қатын істемейді дейді. Енді кім істемекші?
Міне, осы үзінділерден романдағы ішкі монологтың ортақ төл сөзбен
берілгендігін байқауға болады. Мұны не әңгімелеушінің, не кейіпкердің айтып
тұрғаны белгісіз, екеуі кірігіп кеткен [13, 46].
Романның алғашқы бетінен-ақ ішкі монологтың көркемдік қызметі, оның
әдебиеттегі атқарар рөлі айқын көрінеді. Мысалы, жазушы кейіпкерлерінің
рухани әлемін, жан дүние қалтарыстарын, жалпы табиғатын ашу үшін, ішкі
монологқа көп жүгінеді. "Бекболат", "Офицер", "Мұқаш" деп жеке-жеке тарау
етіп алады да, басты деген үш кейіпкердің портреттерінен бастап, ішкі ой-
сезімдеріне дейін осы монолог арқылы барлау жасайды. Олардың өз ауыздарына
сөз сала отырып, біраз табиғатын аша түседі.
Тегінде адам анадан туғанда жаман болып тумайды. Оның жақсы, жаман
болуы да өмір сүрген ортасына, алған тәрбиесіне байланысты болса керек.
Олай болса әрбір адамды өмір бақи бір ғана нәрсе – ар-ұят қана азаптап өте
алады. Мәселен, Мұқаш осындай сатқындыққа неге барды? Оны күнәсіз жас қыз
Ақбілектің тағдыры толғандырмады дейсіз бе? Осы әрекеттеріне есеп бермей,
төсегінде тыныш ұйықтай алатын Мұқаш па? Романда Мұқаштың жоқ болып кетуі
себепсіз емес қой. Міне, бұл жайлар "Мұқаш" деген тақырыппен берілген
кейіпкерлердің монологында жан-жақты ашылған. Яғни бұл автор тұрғысынан
ішкі монологты кейіпкер болмысын, оның ішкі ойын, ой ағысы мен драмалық
құбылыстарын талдау құралы ретінде пайдаланған әдісі екенін аңғарамыз.
Суреткердің бұл тәсілі кейіпкердің рухани жан әлемін ашудағы қазақ
прозасында алғаш қолданылған өзіндік түрлік ізденіс.
Тегінде ішкі монологтың авторлық және персонаждық түрлері
(формалары) де бар. Кейде ішкі монолог кейіпкердің ішкі ой-сезімін
жеткізетін автор сөзі тұрғысында да берілуі мүмкін. Немесе тура автордың өз
атынан, әйтпесе кейіпкер рөліне көшкен автор сөзі ретінде көрінуі ықтимал.
Міне, біз айтып отырған осы үш тәсілдің бәрі "Ақбілектің" өн бойында тұнып
тұр. Біздің жоғарыда ішкі монологты не автор, не кейіпкер айтып тұрғаны
белгісіз деген себебіміз де сондықтан. ...Әкесі мен екеуінің арасын қара
мысық кесіп өткендей, бір өткел түскенін Ақбілектің жүрегі сезеді. Әкесінің
қабағы қашан жадырар екен, қашан жылы қарар екен, қашан тіл қатар екен деп
сарылып, сарғайып күтеді: әкесінің көзі түсер ме екен деп, көзінің қырымен
жансыз аңдып отырады. Бір қараса да, қайғысы жеңілдейтіндей, бақытты
болатындай көреді. Сонда да әкесі көз салмайды. Енді Ақбілекке шешесінің
өлімінен де мынау жаман батты. Жан дегенде жалғыз әкем мені жек көрсе,
енді кімге сыямын? - деп қайғырады [15, 253]. Міне, Ақбілекті ендігі ауыр
күрсіндіретін жаңа қайғы осы еді.
Бұл – ішкі монолог кейіпкерлерінің ішкі ой-сезімін жеткізетін автор
сөзі тұрғысынан берілуі. Алды-арты тұйық, қараңғылық, не болары
белгісіз... Сонда да Ақбілек тірі, Ақбілек сұлу... Ол елден асты: қазақ
тұрсын, атағына орыс естіп, іздеп келіп, алып қашты... Орыс біткен бұған
бола қырқысты. Кім біледі, тірі болса, үмітсіз сайтан... Өз еркімен келіп
отырған жоқ... Қара күшке, тағдырға не шара? Жамандығынан мұндай болған
жоқ. Ақбілекті кім жазғыра алады? Малына, жанына ие болып отырған қай қазақ
бар? Азар болса, жазықсыз құрбан болып жатқан көп қорғансыздың, көп
сорлының бірі шығар... [15, 164].
Бұл – кейіпкер рөліне көшкен автор сөзі екендігі сөзсіз. Міне, қарап
тұрсаңыз, роман бастан-аяқ монологтан тұратын секілді. Және көбі белгілі
бір оқиға, сезім не жан толқуы туралы бір кейіпкердің монологы емес, қапыда
үлкен қасіретке душар болған бойжеткеннің айналысындағы адамдардың болмашы
ғана жылы қабақ, мейірім, тағдыры, титтей пенделігі, бақыт тілеген тынымсыз
жан арпалысы, толқу мен тебіреніске, мұң мен налаға толы тынышсыз ішкі
әлемі, эмоционалдық сезім жағдайы – жүйелі түрде жүріп жатқан психологиялық
процесс.
Біз көбінесе жекелеген эмоционалдық жағдайды екінші бір сезімге
ауысуына, оның бет-жүз құбылысы мен ой-сана процесіндегі қозғалысына куә
болып отырмыз. Мысалы, бір бөлімнің сонындағы Әмір ағалары Ақбілекті тауып,
ауылына алып келе жатқандағы көрініс, сондағы қыз шері – монологы қалай
шебер берілген десеңізші: Осы арам деміммен, арам ауызымен әкемнің иманды
жүзіне қалай жақындармын, қайтып оны да арамдармын? Құдайдан қорықпай, оның
құтты қадам мешітіндей үйіне қалай кіремін? "Кәпір" сүйген, аймалаған,
аяғымен жайнамаз салатын жерін қалай денем шімірікпей басармын? Мені
көргенде, "пәленшенің орыс бүлдіріп... кеткен қызы деп, кім көрінген ішінен
күледі-ау! Әлде біреуі әкеммен, не өзімнен егескен күні айтып та салады-
ау!.. [15, 201].
Жалғыздық ішкі монологтың ең негізгі қасиеті екені белгілі. Өйткені
адам жалғыз қалғанда ғана ойына, сана ағымына ерік бере алады. Сөйтіп өз-
өзімен сөйлесіп кеткенін де сезбей қалады.
Эмоционалдық қозғалыс ой қозғалысына дем беріп, дамытып отыр. Дәл
осындай ойлау динамикасы Ақбілекті ақтарға ұстатып, кейін үйіне қайтып келе
жатқан Мұқаштың ішкі монологы арқылы да бейнеленеді. Аймауытовтың
психологизмінде, әсіресе психологиялық өзін-өзі талдау (психологический
анализ) көрнекті орын алады. Ішкі әлемді әшкерелеудің (бейнелеудің) бірден-
бір әдісі – осы психологиялық тұрғыдан өзін-өзі талдау, жегідей жеу. Бұл
әдіс көбінесе өзі қылмыс жасаған сәттегі (сәтке дейін немесе сәттен кейін)
көңіл-күйі, жан азабы үстінде кейіпкердің ақтарылуы немесе өз ары алдында
ақталуы жағдайында көрінеді. Және ол сөз қылмыс жасаушының өз атынан
айтылады. Оның екі түрі болады: өзін-өзі талдау (самоанализ) және
кейіпкердің өзін ашуы (самораскрытие героя). Осы екінші түрде кейіпкер
өзінің ойы мен сезімін, ішкі өмір ағынын айтады, ол мезгіл өзі қылмыс
жасаған сәтке сәйкес келеді. Кейіпкер дәл сол сәтте қандай көңіл-күйде
болды не сезінді т.б. туралы әңгімелейді. Ал бірінші жағдайда өзінің
әлеміндегі жай-күй мен жан арпалысы, өз ісін таразға салу тұрғысынан жан-
жақты айтылады. Осы орайда айтылған теориялық тұжырымға Аймауытов бейнелеп
отырған Мұқаш бейнесі, оның ішкі монологы нақты дәлел бола алады [13, 8].
... Япыр-ау, мен қазақпын ба? Қазақ болсам өз қаныма неге мұнша
өшіктім? Өзгем өзге ғой, "ағатайлап" жалынып, қолын созып келе жатқан
Ақбілектің білегін көкке созғызып, жүйкесін құртып орыстарға ұстап бердім-
ау! Ағасы болмаса, бұ қызда не жазық бар еді? ...Тегі мен өлерімді
білмейтін ақымақ шығармын [15, 164].
Мұқаштың өзін әшкерелейтін күнәсі де бар, оның себебі де бар. Өз
дәрежесінде оның бәрін Мұқаштың өзі-ақ ақтарып салады. Аймауытов пайдаланып
отырған бұл тәсілі Ф.М. Достоевскийдің Раскольников бейнесін көз алдымызға
әкеледі. Достоевскийдің кейіпкердің жан дүниесін ашуда қолданатын
двойственность (екіге жарылу) тәсілі Жүсіпбектің де жиі жүгінетін әдісі.
Оған "Ақбілек" романы тұтастай дәлел [16, 17].
Ендігі бір ескерер жайт, романдағы кейіпкерлердің өзін-өзі іштей
әшкерелеуі, өз ісін саралап-таразылауынан өзге автордың араласып отыратыны
жиі кездеседі. Мәселен, әлгіндегі Мұқаштың қаны бұзық адам екендігін автор
мына бір соны сурет арқылы да аша түседі: ...Баласын иіскейін деп оқталды
да, ойына бірдеңе түсіп кеткендей тоқтай қалды. Күнәға батпаған, періштедей
сәбиге жаман қолын, арам демін, арам ернін тигізуге батылы бармады.
Молдадан да, ұйықтап жатқан нәрестеден де, нәресте емес, өзінен ұялғаны
күштірек тәрізденеді. Аңдаусызда аяқ астынан әлде бір ит арс еткендей-ақ,
Мұқаштың тұла бойы шымыр ете түсті [15, 167].
Суреткер пәк нәресте мен қылмысты әке бейнесін осылай салыстыра
отырып, кейіпкердің ішкі әлемін әшкерлей шенейді.
Суреткер қыз қасіретін бейнелеуде ой толғаныстарымен бірге, сол ішкі
шерді сыртқа сездіртіп тұратын бет құбылыстарына, жалпы мимикаға үлкен
мән бергені байқалады. Ішкі тебіреніс сәтіндегі кейіпкер жүзіндегі,
дауысындағы, көзіндегі, қимыл-қозғалысындағы еріксіз әрекеттер де өз
рөлдерін мінсіз атқарады. Осы орайдағы озық үлгінің бірі ақтардан да,
қасқырдан да құтылып, әулие-дуанаға аттай мініп келе жатқан уыз, жас
Ақбілекті жазушы былай бейнелейді: ...Оның келе жатқан ауылы, әкесі.
Әкесін көреді, құшақтай көріседі, апасына құран оқытады, әкесін апасындай
болып күтеді. Бірақ, өзін-өзі қалай жұбатса да, жүрегінің басында
түйіртпектеліп бір зілді нәрсе жатыр, ол түйіртпек нәрсе арқандаған аттай,
қуаныштың құлашын жаздырмайды, бер жағы бұған да шүкіршілік еткісі келсе
де, ар жағы құрсаған күндей жадырамайды, езу ғана жымиғандай болады. Бет-
ауызы, көзі күлмейді, ілгіштеніп жібермейді [15, 191].
Аймауытов адам психологиясын, жан-жүйедегі дүлей толқындардың сыртқа
сыр беріп қалатын осынау оңтайлы әдістерін де әдемі түрлендіреді.

2.2 Мағжан Жұмабаевтың Шолпанның күнәсі әңгімесіндегі ой ағысы

М.Жұмабаев шығармашылығының зерделі зерттеушісі Ш. Елеукенов былай
деп жазады: Шолпанның күнәсі атты әңгіме, сөз жоқ, қазақ прозасының
көркем дамуындағы ірі қадам, қазақ әдебиеті психологизміне соны дем
бітірген шығарма [17, 282].
Автор Шолпанның күнәсі әңгімесінде шығармашылық еркіндікке
жекелеген әйел образы, оның мінез-құлқын, табиғатын зерттеу, танып-білу
арқылы әйелдің адами-пенделік сезім арпалыстарын кеңінен қамти жазу арқылы
барды. Әңгімеде бір Шолпанның болмыс-бітімін ашу арқылы жалпы әйел затының
жан сезіміне терең шолу бар, сонымен бірге адамның тіршілік иесі ретіндегі
жан сырын ашып, сол арқылы барша әйелдің басында кездесетін мінезді,
табиғатты зерттеуге ұмтылу бар.
Жанры жағынан қарастырғанда бұл шығарма – психологиялық әңгіме.
Автор адам жанының құпия сырларын шұқшия зерделеп, саралайды. Мағжан
Жұмабаевтың көркем мінез жасау жүйесінде күрделі психологизм алдыңғы сапқа
шығып, көркем зерттеу нысанына айналған.
М.Жұмабаевтың қай шығармасынан болсын жаңашылдық пен өзгешелік
көрініп тұрады. Шолпанның өзгеден оқшаулығы – өзінің сүйгеніне, жүрегі
қалаған адамға тұрмысқа шыққандығында. Ол кезенде сүйгеніне тұрмысқа шығу –
қазақ қыздарының арасында сирек кездесетін жайт.
Психологиялық көркем дүниелерді сомдаған Мұхтар Әуезовтің көркем
шығармадағы психологизм туралы: Орыс жазушыларында анық сүйенетінім –
Толстой, Достоевский. Адам жанын соларша қойма ақтарғандай ақтармаған соң,
жазушылықтың мәні де жоқ. Прозаға психология араласпаса, өзгенің бәрі
сылдыр су, жабайының тақ-тақ жолы [18, 129], - деген пікірі бар. Мағжан
Жұмабаев та өз шығармасында адам болмысының қатпар-қатпар қалтарыстарына
үңіле білді. Онсыз шығарманың сылдыр су болатындығын ұғынғандығы анық.
Бұл әңгімедегі бар оқиға, сыртқы әлем Шолпанның санасындағы
құбылыстар арқылы өрбиді. Шолпанның өмірі де ойлау логикасы да өзгеше,
ешкімге ұқсамайды.
Ол – ойдың адамы, сондықтан да ол көп қателеседі. Баланы керек
етпеген қателігін Шолпан кеш те болса, түсінді. Түсінді де, бармағын
тістеді. Сүйгені Сәрсенбай бала сүйгісі келеді екен. Сол түннен бастап
Шолпанның ойына не келіп, не кетпеді, не істеп, не қоймады. Қолынан
келгеннің бәрін істеді. Пірәдәр келін де атанды, молданың сасық түкірігін
де жұтты. Бір бала үшін дүниеден баз кешіп кеткен ол ақырында беттегі арын
белге түйіп, күйеуінің көзіне шөп те сала бастайды. Осының бәрі сүйгені,
соның бақыты үшін жасалған әрекеттер. Алайда, оның ойын да, жанын да,
түсінер жан табылмады. Жанына жалау болар жалғыз жары да оның ойының
тілегінен тысқары болды.
Шынында да, ірі сезімнің иесі ғана ірі әрекетке бара алады. Біреудің
бақыты үшін өзін құрбандыққа шалу да үлкен жүректің, ерен ерліктің белгісі.
Тәңірден сұраудан, тәуіптен емделуден бала болмасын білген Шолпан басын
өлімге тігеді. Ол елдің өсегіне, құдай алдыңдағы күнәдан де қорықпай,
Сәрсенбайдың бір ғана тілегі – бала үшін Әзімбайға келісім береді. Бұл,
әрине, арзан мінез, жеңілтек қылық емес. Мұндай қадам тек батыл әйелдің
ғана қолынан келмек. Шолпанға елдің сыпсыңы емес, Сәрсенбайды бақытты
ететін бала керек.
Адам жанындағы драматизмді, үлкен әлеуметтік мәні бар ішкі
қайшылықты автор былай бейнелейді:
...Сәрсенбай әңгімесінің арасында жай сөздің екпінінен: Балалы үй
– базар, баласыз үй – мазар" деген сөз ып-ырас-ау - дегенде, Шолпанның
басында жаңа бір ой жарқ ете түсті: "Үш жылдан бері балам болмасын деген
тілегінің қате болғанда да есалаң екендігі, бала болмаса екеуінің өмірінің
қу мазарға айналатындығы" еді [19, 295].
Бұрындары ойы түгіл түсіне енбеген бала, міне, осы сәтте бастап
Шолпан үшін жатса да, тұрса да арманға айналды. Бала Шолпанға жаңа ой, жаңа
арман, жан толғаныстары мен азан арпалыстарын алып келді. "Өмірдің әрбір
минуты сайын, Шолпан ойының, Шолпан жанының әрбір ұшқыны өліп жатты". Бірақ
бала болмады. Қазақтың " Ұрлық қыл да, мал тап. Ойнас қыл да, бала тап"
деген мақалына сүйінген Шолпан шын шатасты. Осы бұзық ой келген сәттен
бастап "баланы кімнен табу керек" деген сауал мазалайды. Арлы әйел жанын
жегідей жеген бұл сауал тағы да тынымсыз ой арпалысын, сана сергелдеңін
тудырады. Сөйтіп, батыл шешімнің шешуін де тауып береді. Ақыры болашақ
баласына ата болар адамға Әзімбайды таңдайды, жастығы, тектілігі,
денсаулығының мықтылығына дейін таразыға салып, санасынан өткізіп әбден
елеп-екшеуі Шолпанның тегін әйел еместігін, кең масштабты ойлайтын ақылды
Әйел-ана екендігін дәлелдесе керек-ті.
Жалпы автор кейіпкер тіршілігін өз бейнелік қадір-қасиетіне, мінез-
құлқына, үміт-ынтасына, іс-әрекетіне қарай бір қою оқиға қомында бейнелеуге
бейім. Адам психологиясы, толқу-тебірену, өмір жолындағы бұралаң-
бұлтарыстарының логикалық құбылыстары, сананың үздіксіз күресі т.б. мұнда
үлкен шеберлікпен суреттелген. Бір ғажабы біз Шолпанның түр-түсін де жөндеп
танымаймыз, ол сұлу ма, жоқ әлде көріксіз бе, түр-тұлғасы қандай? Кейіпкер
бізге Шолпан емес, оның ойы, санасы секілді. Өйткені, әңгімеде сана
кейіпкердің рөлін толығымен атқарып тұр.
Кез келген психологиялық шығармада оның табиғатын ашатын тәсілдердің
қолданылатыны хақ. Олай болса "Шолпанның күнәсінде" де адамның
психологиялық құбылыстарын, жан дүниесін ашып, характер сомдауға сүбелі
үлес қосарлық, іс-әрекеттің нанымдылығын да дәлелдерлік, логикалық
шешімдері ширықтыратын көркемдік компонеттердің жүзеге асқаны күмәнсіз.
Жазушы тіршілік үшін, бала үшін ешбір жолдан тайынбайтын әйел
бейнесін сомдаған. Әңгіме соныңда автор кейіпкерін азапқа салып өлтіреді.
Әдебиеттанушы ғалым А. Ысмақова: Жазушы өз кейіпкерін ақтап отырған
жоқ, бірақ оның білетіні біреу: ешкім адам өмірін қиюға құқылы емес, себебі
өмірді адамдар бермейді, ол жоғарыдан берілген [12, 181] - деп Шолпан
өлімінің себебіне үңіледі.
Психологиялық талдаудың күшті компоненті – ішкі монолог. Бұл орайда
орыс ғалымы Т.Мотылева: Адам өз сөздерінен гөрі, ойларында әлдеқайда ашық
болады. Ішкі монолог ол XIX ғасырдың бірінші жартысында ұлы реалистердің
адам ойының мән ашудағы басты тәсілі болды. Онда сырт көзден бүркемеленіп,
ашық айтылмайтын мән-мағына бар [20, 179], - деген пікірді айтады.
М.Жұмабаев та осы ішкі монологты әңгіменің өн бойында ұдайы
пайдаланып отырады. Автор Шолпанды көбіне іштей сөйлетеді, ойлантады,
күйіндіреді, қуантады. Бала болуын алғашында тілемеген Шолпан кейін
өзгереді. Өзінің қателескенің сезіп аһ ұрады.
Автор кейіпкер өмірінің бір ғана бөлігін алады да, сол ситуация
арқылы бүкіл болмыс-бітімін, жан-дүниесін ашып береді.
Оқиға бас аяғы аз ғана уақыт ішінде өрбиді. Ары қарай оқиғаның
шешімі ширыға түседі. Шолпанның күнәсі жұртшылыққа біліне бастайды.
Сәрсенбай әйелінің бойындағы баланы өзінің баласы еместігін біледі. Яки,
Сәрсенбай өзінің бедеулігін бұрыннан-ақ сезген. Мұны Мағжан түсіндіріп
жатпайды. Оқырманға бұл астарлы ой түсінікті. Өйткені, Сәрсенбайдың
кемшілігі жайында ой Шолпанның ішкі толғанысынан көрінеді.
Шолпанның күнәсі әңгімесіндегі терең психологизм, ішкі монологтың
барлық мүмкіндігін пайдаланып, жалпы көркем шығарманың сипатына сай
баяндаудың драмалық тоқайласуын оқиға мен кейіпкердің ситуациясына сай
мәнерлеу, бұл тұста адам жанының, оның бүкіл іс-әрекетінің психологиясы мен
ой-арманын, толғанысын, болмыс пен құбылысқа тән бүкіл қилы-қилы сезім
қалтарыстарын иіріп отыру М.Жұмабаевтың өзіне ғана тән және осы тектес
бүкіл классикалық шығармаларға тиесілі үрдіс.

2.3 М.Әуезов әңгімелеріндегі жалғыздық мәселесі

Жалғыздық – қашанда жеке адамның басындағы қайғы-қасіретке, ішкі
ойға, емін-еркін егілуге де, ішкі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүсіпбек Аймауытов шығармаларындағы психологизм
Проза, оның даму сатылары және дәстүр мен жаңашылдық
Көркем прозадағы түс көру тәсілінің сипаттамасы
Көркем шығармалардағы психологизм
Жазушы прозасындағы тұлғаның психологиялық болмысы
Ішкі монолог
ХХ ғасыр басында қазақ прозадағы әйел тағдырының көрініс алуы
ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ СОНЫҢ ІШІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПОЭТИКА МӘСЕЛЕСІ
Көркем шығармадағы психологизм
Қазіргі қазақ повесть - әңгімелеріндегі лиризм
Пәндер