Инвестиция түсінігі және экономикалық мағынасы



1. Инвестиция түсінігі және экономикалық мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2. Банктің инвестициялық операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салымдар» деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлікқызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелерғ кез-келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі - пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді.
Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардын тек бір уақыттық сипатымен ғана айырықшаланатын залал түрінде көрінеді.экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салымдар инвестицияның синонимі болып табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салымға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға баса назар аударады. Себебі, нарықтық экономикасы дамыған елдерде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асад. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де қолданылады.
1. Мақыш С. Б., Ілияс А. Ә. Банк ісі: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ унивеситеті, 2004.
2. Инвестициялық жобалау

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1. Инвестиция түсінігі және экономикалық
мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2. Банктің инвестициялық
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...9

Инвестиция түсінігі және экономикалық мағынасы

Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде
пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде
жалпы капиталдық салымдар деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша
жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған
кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына
(өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа
(өндірістік емес капиталдық салымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар
түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар,
акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар,
қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу
мақсатында кәсіпкерлікқызмет объектісіне салынатын интеллектуалды
бағалықтар, несиелерғ кез-келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде
анықталады және осының бәрі - пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге
жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір
жақын келеді.
Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның
мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік
жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан,
инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық
экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика жағдайында
инвестициялар ағымдағы шығындардын тек бір уақыттық сипатымен ғана
айырықшаланатын залал түрінде көрінеді.экономика ғылымы мен тәжірибесі
дәлелдеп отырғандай, капиталдық салымдар инвестицияның синонимі болып
табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салымға қарағанда
инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын
қарастыруға баса назар аударады. Себебі, нарықтық экономикасы дамыған
елдерде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы
қағаздар арқылы іске асад. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де
қолданылады.
Инвестиция термині латынның investire – жұмылдыру сөзінен алынған.
Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады.
Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Пол
Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: Біз қоғамның нақты
капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар,
өндіріс-материалдық запастар және т.б.) таза инвестицияландыру немесе
капитал қалыптасуы деп атаймыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген
құнды қағаздарды немесе меншіктің кез-келген түрін сатып алу
инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза
трансферттік операциялар. Яғни біреуі инветицияландырса, басқа біреуі
дезинвестицияландырады. Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал
қалыптасқан кезде ғана орын алады .
У. Шарп инвестицияны былайша анықтайды: Нақты инвестицияларға әдетте
қандай да бір материалдық-көрнекті активтер түріне инвестициялау кіреді,
мысалы, жер, қондырғылар, ауыттар сияқты. Қаржылық инвестициялар қағазда
жазылған келісім-шарттарда, мысалы, кәдімгі акциялар мен облигациялар
сияқтыны білдіреді. Қарапайым экономикаларда инвестициялардың негізгі
бөлігі нақтыға жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында инвестициялардың
үлкен бөлігі қаржылық инвестициялар болып табылады. Қаржылық
инвестицияландыру институттарының жоғары дамуы нақты инвестицияның өсуіне
едәуір дәрежеде ықпал етеді. әдетте, бұл екі форма бәсекелес емес, бір-
бірін толықтырушы болып табылады. В. Бочаров инвестицияны табыстың тұтынуға
жұмсала алмайтын бөлігі деп түсінеді. Инвестициялық ресурстар инвестициялық
іскерліктің капиталдық құнның табыс немесе әлеуметтік әсер түріндегі өсімі
алынатын нақты объектілеріне трансформацияланады.
Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық
ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салған
капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады.
Капиталдық салым процесінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз
бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды келешекте инвестициялық
игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.
Инвестиция – бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және
табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға
болатын кез-келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды,
себебі қолма-қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандай
да табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен
айырықшаланатын әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын
мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын және
үлкен тәуекелмен; қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және жанама.

Банктің инвестициялық операциялары

Банк қызметіндегі инвестициялаудың өзіндік ерекшкелігі бар. Кең
мағынада, банктік инвестиция – пайда табу мақсатында банктің ресурстарын
орналастыруға бағытталған активтік операциялардың жиынтығы.
Ал, тар мағынада, банктік инвестиция – табыс немесе пайда алу
мақсатында ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы.
Сонымен қатар, банктік инвестициялау деп негізгі капиталға жұмсаған
қаражаттарды да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық инвестиция портфелінің түсінігі, мазмұны және түрлері
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және инвестициялық қызметі
Инвестициялық бизнес - жоспар
Инвестициялық климаттың мәні және әсер ететін негізгі факторлары
Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері
Инвестиция теориясы
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестердің инвестициясының есебі
Инвестициялық жобалардың түрлері
Макроэкономикалық динамиканың үлгілері
Инвестициялық тәуекелдіктер түсінігі және олардың түрлері
Пәндер