Озон қабаттары


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Озон қабаттары
Жердiң озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсiмдiктер мен микроорганизмдер тiршiлiгi үшiн ықтимал қатер болып табылады.
1973 жылдан бергi байқаулар Қазақстанның үстiндегi озон қабатының қалыңдығы 5-7%-кe азайғанын көрсеттi.
Монреаль хаттамасына сәйкес қабылданған, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалануды реттеу жөнiндегi шаралар әлемде 1986 жылдың деңгейiмен салыстырғанда оның 10 eceгe азаюына ықпал еттi.
Бiздiң ел озон қабатын сақтау туралы халықаралық келiсiмдерге 1998 жылы қосылды. Қазiргi уақытта Қазақстанда озон бұзғыш заттарды (ОБЗ) пайдалануды қысқарту және оларды айналымнан алып қою, озон қабатын бұзбайтын заттарды қолданумен жаңа технологияларды енгiзу жөнiндегi жұмыстар жүргізілуде.
Озон қабатын бұзу қатерiн жоюдың негiзгi жолдары мыналар болып табылады: ОБЗ пайдаланудан жедел бас тартуды және оларды қауiпсiз жоюды қамтамасыз ету, ОБЗ-дың заңсыз айналымының алдын алу және қолға алынған күш-жiгердiң табыстылығына көз жеткiзу үшiн тропосферада оның жиналуының тұрақты мониторингін жүргізу.
Сондай-ақ 2004 жылдың барысында ОБЗ пайдаланатын кәсiпорындардың қызметiн лицензиялау жөнiндегi қажеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау, ОБЗ пайдалану қызметiмен айналысатын мамандарды оқытуды және Қазақстанның үстiндегi озон қабатының жай-күйiн зерделеу жөнiнде iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзудi бастау, сондай-ақ жаңа технологияларды енгiзу жолымен ОБЗ пайдалануды қысқарту және қолданыстан алу жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру қажет болады.
Осы iс-шараларды жүргiзу нәтижесiнде ОБЗ шығарындысы қысқарып, ол Жердiң озон қабатын сақтауға септiгiн тигiзетiн болды.
Климаттың өзгеруi
"Қызу әсерiнiң" салдарынан болатын климаттың өзгеруi жалпы әлемдiк көлемдегi проблема болып табылады және қоршаған ортаның жай-күйiне барынша ықтимал қатер төндiредi.
Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруi жөнiндегi БҰҰ Yлгiлiк конвенциясын бекiттi, ал 1999 жылы осы Конвенцияға Киото хаттамасына қол қойды.
Аталған хаттаманы бекiткен және ол күшiне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөнiндегi сандық мiндеттемелердi өзiне жүктей отырып, I қосымшаның Тарапы болады.
Қазақстанның Киoтo хаттамасын бекiтуiнiң мақсатқа сайлығын айқындау үшiн 2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөнiндегi сандық мiндеттемелердiң Қазақстанның экономикасына әсерi мәселелерi бойынша зерттеулер жүргiзу қажет.
Талассыз экологиялық тиiмдiлiгiнен басқа, Киото хаттамасын бекiту бiздiң ел үшiн халықаралық инвестицияларды тарту, басқа елдердiң экономикасына активтердi орналастыру мүмкiндiгiмен инвестор рөлiндегi бiрлескен жүзеге асыру жобаларына және "таза даму" процестерiне қатысу, өндiрiстiң энерготиiмдiлiгiн арттыру үшiн жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық рынокта елдiң экономикалық мүдделерiн қорғау үшiн көмiртегi кредиттерiн шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына квоталар сату жөнiндегi перспективаларды ашады.
Киото хаттамасын бекiткеннен кейiн нақты жобалар мен iс-шараларды iске асыруды көздейтiн Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын азайту жөнiндегi 2015 жылға дейiнгi бағдарлама әзiрленетiн болады.
ОЗОН МӘСЕЛЕСІ
Атмосфераның озон мәселесінің адам қызметіне қатысты өзара байланысты екі аспектісі бар: жоғары қабаттағы бұзылу («озон қабаты») және жер маңы кеңістігіндегі концентраңиясының артуы.
Озон қабаты полюстерде 9-30 км, экваторда - 18-32 км биіктікте орналасқан. Ондағы озонның концентрациясы 0, 01-0, 06 мг/м 3 . Егер қабаттағы озонды таза күйде бөліп алса, оның қалындығы 3-5 мм құрайды. Озонның мөлшері сантиметрмен (0, 3-0, 5) немесе Допсон бірлігімен (100 есе үлкейтілген миллиметр-300-500 бірлік) есептеледі.
Атмосфераның жоғары қабатындағы озон оттегі молекулаларының (О 2 ) ультракүлгін сәулелер әсерінен ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Бос оттегінің оттегі молекуласына қосылуынан озон түзіледі. Бір уақытта озон молекулаларының ыдырап, оттегіне айналу процесі жүреді. Реакция жүруінің шарты ультра-күлгін саулелерінің болуы және олардың инфрақызыл жылулық сәулелерге айналуы болып табылады.
Озон толқын ұзындығы 200-320 нм болатын сәулелерді сіңіреді. Олардың бір бөлігі, ұзын толқындармен қатар Жер бетіне дейін жетеді. Ұзындығы 200-400 нм сәулелер биологиялық белсенді ультракүлгін сәулелер категориясына жатады.
Соңғы жылдары атмосфераның жоғары қабатындағы озонның мөлшерінің кемуі байқалуда. Солтүстік жарты шардың орталық және жоғары ендіктерінде бұл кему 3% құраған. Мәліметтер бойынша озонның 1%-ға кемуі терінің қатерлі ісігімен ауыру деңгейін 5-7%-ға арттыруы мүмкін.
Озонның ең көп мөлшері Антарктиданың үстінде жойылған. Мұнда соңғы 30 жылда озонның мөлшері 40-50% кеміген. Озонның концентрациясының кемуі нәтижесінде түзілген кеңістікті «озон тесіктері» деп атайды. «Тесіктің» көлемі жылына 4% артып отыр.
Қазіргі кедергі оның мөлшері АҚІІІ-тың көлемінен артық. Сонымен қатар, «көшіп жүретін тесіктердің» пайда болуы жиілеп барады. Оның мөлшері 10-100 мың км 2 .
«Озон тесіктерінің» пайда болу себептері әлі де болса толық анықталмаған. Олар алғаш рет осы ғасырдың 80-жылдарында байқалған. Аз уақыттық бақылау қандай да бір нақты қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді.
Қазіргі кездегі озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар (хладондар) болып есептеледі. Бұл хлорфтор - көміртектер бөлме температурасында қайнайды. Олар тоңазытқыш құрылғыларда, әр түрлі баллондарда тасымалдаушы-газ ретінде, т. б. қолданылады. Тасымалдаушы-газ (пропилленттер) ретінде фреондарды кеңінен пайдалану олардың өте тұрақты (инертті) газ болуына байланысты. Осы жоғары дәрежеде тұрақты (100 жылдан астам өмір сүреді) болуына байланысты фреондар озон қабатына жете алады және белсенді ортада одан хлор бөлініп шығады. Хлордың әрбір атомы катализатор ретінде озонның 100 мыңдаған атомын бұзуға қабілетті.
Қазіргі кезде фреондардың мөлшерін кеміту және болашақта өндіруді тоқтатуа багытталған іс-шаралар жүргізілуде.
Көптеген мемлекеттер фреондардың өндірісін 50% кеміту және оларды басқа пропилленттермен алмастыру туралы міндеттеме қабылдады. Бірақ, жоғары дәрежеде тұрақтылығына байланысты фреондар атмосферада өте ұзақ уақыт сақтала алады. Бірқатар елдерде (АҚШ, Ұлыбритания, Франция) фреондар гидрохлорфтор көміртек немесе гидрофторкөміртекпен алмастырылуда. Бұлардың өмір сүру мерзімі қысқа (2-25 жыл) .
Сонымен қатар, озон қабатының тұрақтылығын арттырудың басқа да жолдары қарастырылуда. Озон қабатына этан мен пропанды жіберу хлорды пассивті хлорлы сутегіне айналдырады. Сонымен қатар озонның түзілуі мен жиналуына электромагнитті сәулелер, лазер сәулелері, электр разрядтары әсер етеді. Олар оттегінің диссоциаңиялануын арттырып, озонның түзілуі мен жиналуына жағдай жасайды.
Озон қабаты интенсивті түрде көктемде бұзыла бастайды. Себебі қыстағы төмен температура мен бұлттылықтың артуы фреондардың құрамындағы хлордың бөлініп шығуына әкеледі. Ал көктемдегі температураның жоғарылауы хлордың озонға әсерін арттырады.
Поляр маңы аймақтарындағы озон қабатының интенсивті түрде бұзылуын осы аудандардағы озонның бұзылуына себепкер хлордың метанды топпен аз мөлшерде жабылуымон түсіндіреді.
Соңғы жылдары ғалымдар «озон тесіктерінің» пайда болуы адам қызметіне байланысты емес деген пікірлерді жиі айтып жүр. Ғалымдар бұған ұқсас құбылыстардың ертеде де орын алғанын және олар тек табиғи процестерге байланысты, соның ішінде күн белсенділігінің 11 жылдық циклімен, екені туралы жорамал айтады.
Мәңгі мұздықтардағы ауа көпіршіктерін зерттеу фреондардың өндірістік дәуірге дейін де болғанын дәлелдейді.
Озон қабатының бұзылуының тағы бір себебі ретінде атмосфераға оттегін бөліп шығаратын негізгі фактор ретінде ормандардың жойылуы аталады. Сонымен қатар, Антарктиданың үстінде озонның таралуына әкелетін жоғары қарай бағытталған жерлердің болуы туралы да пікірлер айтылуда.
Космосқа ұшу аппараттарын шығару («Шаттлдың» бір ұшуы 10млн. т озонды ыдыратқан), атмосферадағы ядролық жарылыс, атмосфераның жоғарғы қабаттарына азот оксидтері мен кейбір көмірсулардың шығарылуына әкелетін ірі өрттердің озон қабатын бұзатыны тіркелген. Сондай-ақ озон қабатының бұзылуын Галлей кометасымен де байланыстырады ғалымдардың болжамы бойынша оның өтіп кетуіне байланысты, озонның концентрациясы әдетте қалпына келеді.
Атмосфераның төменгі қабаттарында озон күшті антитоксикант және бактериоцид болып табылады. Ол жағымсыз иістерді, кейбір канцерогенді заттарды бұзуға қабілетті. Бірақ жоғары концентрацияда озон күшті у болып табылады. Адамда ол тыныс алуды қиындатады, көзді тітіркендіреді, өсімдіктердің ассимиляциялық аппаратын зақымдап, хлорофиллді бұзады.
Қолда бар мәліметтерге қарағанда ауаның жер бетіне жақын қабатындағы озонның концентрациясы өндірістік дәуірдің басынан бері 2 есе артқан және жыл сайын 1, 0-1, 6% жоғарылап келеді. Бұл құбылыстың негізгі себебі фотохимиялық смогтар болып табылады.
ОЗОН МӘСЕЛЕСІ
Атмосфераның озон мәселесінің адам қызметіне қатысты өзара байланысты екі аспектісі бар: жоғары қабаттағы бұзылу («озон қабаты») және жер маңы кеңістігіндегі концентраңиясының артуы.
Озон қабаты полюстерде 9-30 км, экваторда - 18-32 км биіктікте орналасқан. Ондағы озонның концентрациясы 0, 01-0, 06 мг/м 3 . Егер қабаттағы озонды таза күйде бөліп алса, оның қалындығы 3-5 мм құрайды. Озонның мөлшері сантиметрмен (0, 3-0, 5) немесе Допсон бірлігімен (100 есе үлкейтілген миллиметр-300-500 бірлік) есептеледі.
Атмосфераның жоғары қабатындағы озон оттегі молекулаларының (О 2 ) ультракүлгін сәулелер әсерінен ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Бос оттегінің оттегі молекуласына қосылуынан озон түзіледі. Бір уақытта озон молекулаларының ыдырап, оттегіне айналу процесі жүреді. Реакция жүруінің шарты ультра-күлгін саулелерінің болуы және олардың инфрақызыл жылулық сәулелерге айналуы болып табылады.
Озон толқын ұзындығы 200-320 нм болатын сәулелерді сіңіреді. Олардың бір бөлігі, ұзын толқындармен қатар Жер бетіне дейін жетеді. Ұзындығы 200-400 нм сәулелер биологиялық белсенді ультракүлгін сәулелер категориясына жатады.
Соңғы жылдары атмосфераның жоғары қабатындағы озонның мөлшерінің кемуі байқалуда. Солтүстік жарты шардың орталық және жоғары ендіктерінде бұл кему 3% құраған. Мәліметтер бойынша озонның 1%-ға кемуі терінің қатерлі ісігімен ауыру деңгейін 5-7%-ға арттыруы мүмкін.
Озонның ең көп мөлшері Антарктиданың үстінде жойылған. Мұнда соңғы 30 жылда озонның мөлшері 40-50% кеміген. Озонның концентрациясының кемуі нәтижесінде түзілген кеңістікті «озон тесіктері» деп атайды. «Тесіктің» көлемі жылына 4% артып отыр. Қазіргі кедергі оның мөлшері АҚІІІ-тың көлемінен артық. Сонымен қатар, «көшіп жүретін тесіктердің» пайда болуы жиілеп барады. Оның мөлшері 10-100 мың км 2 .
«Озон тесіктерінің» пайда болу себептері әлі де болса толық анықталмаған. Олар алғаш рет осы ғасырдың 80-жылдарында байқалған. Аз уақыттық бақылау қандай да бір нақты қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді.
Қазіргі кездегі озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар (хладондар) болып есептеледі. Бұл хлорфтор - көміртектер бөлме температурасында қайнайды. Олар тоңазытқыш құрылғыларда, әр түрлі баллондарда тасымалдаушы-газ ретінде, т. б. қолданылады. Тасымалдаушы-газ (пропилленттер) ретінде фреондарды кеңінен пайдалану олардың өте тұрақты (инертті) газ болуына байланысты. Осы жоғары дәрежеде тұрақты (100 жылдан астам өмір сүреді) болуына байланысты фреондар озон қабатына жете алады және белсенді ортада одан хлор бөлініп шығады. Хлордың әрбір атомы катализатор ретінде озонның 100 мыңдаған атомын бұзуға қабілетті.
Қазіргі кезде фреондардың мөлшерін кеміту және болашақта өндіруді тоқтатуа багытталған іс-шаралар жүргізілуде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz