Қазіргі заман философиясы



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1.Қазіргі заман философиясы. Философия тарихындағы адам проблемасы
2. Неофрейдизм
3.Жеке адамның өзіндік дәрежесі
4. Адам бостандығы мен праволары
5. Адамның әлеуметтік мәні

ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Адам проблемасы философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұған дәлел: философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ойтолғауларынан туған. Бір нәрсенің сырын ашып білу үшін алдымен адам бұл туралы ештеңе білмейтінін түсініп, соны іштей де болса мойындауы қажет. Мысалы, ағаш отқа жанады, тас жанбайды, тек қызады. Мұның себебін білмейтіңдігін адам өзі түсінсе, онда бұған таңдану сезімі пайда болады, ойланады, білуге ынта туады. Атақты грек философтары Платон мен Аристотель философиялық ойлардың психологиялық негізі адамның өзі түсінбейтін, түсіндіре алмайтын құбылыстарға ең алғаш таңдану, таңырқану сезімдерінде жатыр деп болжам жасады.
1. Ақназаров Х.З. Философия тарихынан дәрістер курсы. Алматы, 1992
2. Алтаев Ж., Касабек А., Мұхамбетәлі Қ. Философия тарихы. Алматы 2000
3. Әбішев Қ. Философия – Алматы: Ақыл кітабы, 2001
4. Бейсенов Қ. Философия тарихы. Алматы 1992
5. Бессонов Б.Н. Назначение человека. М., 1995
6. Гайденко П.П. Экзистенциализм и проблема културы. М., 1963
7. Есім Ғ. Фәлсафа тарихы - Адматы: Раритет, 2004
8. Зотов А.Ф., Мельвиль Ю.К. Запатная философия ХХ века. Уч. Пособие М., 1987
9. Зотов А.Ф., Мельвиль Ю.К. Запатная философия ХХ века. Уч. Пособие М., 1998
10. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ.Е. Философия. Алматы: 2003
11. Құлсариева А. ХХ ғасыр философиялық тұжырымдамасы. – Алматы 2001
12. Лейбин В.М. Фрейд, психоанализ и современная западная философия. М., 1990
13. Маркузе Г. Одномерный человек. М., 1969
14. Мудрагей Н.С. Рациональное и иррациональное. Историко –теоритический очерк.М., 1985
15. Мырзалы С.Қ. Философия әлеміне саяхат – Қостанай -2000
16. Немировская Л.З. Философия: уч. Пособие. М., 1996
17. Поппер К. Открытое общество и его враги. М., 1992
18. Поппер К. Логика и рост научного знания. М., 1983
19. Рассел Б. Человеческое познание, его сферы и границы. М., 1957
20. Современная западная философия.М., 1991
21. Современная западная философия: Словарь,М., 2000
22. Философский энцеклопедический словарь - М., 1994
23. Философия (под ред. проф. Никтич Л.А.) Москва 2000
24. Философия: Электрондық оқулық Т.Х.Ғабитов- Алматы. Юрлит, 2004

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1.Қазіргі заман философиясы. Философия тарихындағы адам проблемасы
2. Неофрейдизм
3.Жеке адамның өзіндік дәрежесі
4. Адам бостандығы мен праволары
5. Адамның әлеуметтік мәні

ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Адам проблемасы философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұған дәлел:
философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның
дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ойтолғауларынан
туған. Бір нәрсенің сырын ашып білу үшін алдымен адам бұл туралы ештеңе
білмейтінін түсініп, соны іштей де болса мойындауы қажет. Мысалы, ағаш отқа
жанады, тас жанбайды, тек қызады. Мұның себебін білмейтіңдігін адам өзі
түсінсе, онда бұған таңдану сезімі пайда болады, ойланады, білуге ынта
туады. Атақты грек философтары Платон мен Аристотель философиялық ойлардың
психологиялық негізі адамның өзі түсінбейтін, түсіндіре алмайтын
құбылыстарға ең алғаш таңдану, таңырқану сезімдерінде жатыр деп болжам
жасады.
Қазіргі заман философиясы
ХХ ғ. мен ХХІ ғ. Басындағы әлемдегі саяси-әлеуметтік шындық
экономикадағы күрделі өзгерістерге бағынышты болды. Еуропа монополистік
капитализм деңгейіне көтерілді. Ұлттық айырмашылықты жоққа шығаратын
әлемдік өнеркәсіп және сауда-саттық ерекше дами бастады. Осы өзгерістер
қоғамның әлеуметтік және рухани саласында да көрініс тапты. Философияда
ескі мәселелермен айналысумен қатар заманың талабына сай оларға жаңаша
қарап, жаңаша шешуге ұмтылыстар пайда болды. ХІХ ғ аяғы және ХХ ғасырдың
басында көптеген философиялық бағыттарда Нео деген қосымша сөз жалғанады,
ол ілімдерінің бір философиялық жүйеден шыққанын, яғни тектес екенін,
екінші жағынан бір-біріне қарама-қарсы екенін көрсетеді, классикалық
философия үлгісінен айырмашылығына көңіл аударады.
Биклассикалық пен классикалық философияның арасындағы қақтығыстықтың
орталық мәселесі рационалдық ақыл-ойға, оның рөліне байланысты болды.
Биклассикалық философия адамзаттың рухани байлығының ерекше бір бөлігі.
Бұл философия адамзат ақыл-ойының әтүрлі салаларына байланысты тұжырымдар
жасап жауап берді. Ол іштей біртекті емес, онда көптеген бағыттар,
концепциялар мен теориялар бар. Оның ішінде жаңа әлемдік және экологиялық
мәселелер көп.
Қазіргі Заман философиясының ерекше сипаты және белгілері төмендегідей:
1. Практицизм - дара тұлға мен әлеуметтің, материалдық пен руханидың
нақты шынайы өмірге бағытталуы.
2. Эволюционизм - табиғатта, қоғамда және адам танымында эволюция
идеасының кең таралуы.
3. Релятивизм - адам білімінде салыстырмалылық (относительдік) идеясы
-ның көп орын алуы.
ХХ философиясында бір-біріне қарама-қарсы сипаттағы негізгі екі
бағытты байқауға болады. Біріншісі - сцентизм (лат scientia-ғылым),
екіншісі-антисцентизм. Бұл рационализм мен иррационализм арасындағы
қатынас, ғылыми-техникалық прогреске байланысты қарама-қарсы көзқарастар:
сциентизм, яғни рационалдық, ең алдымен жаратылыстануда, ал гуманитарлық
салада-психология, логика және лингвистика секілді ғылымдардың жемістерін
қолдана отырып - ақыл-ойға сенім білдіреді. Антисцеинтизм керісінше - ақыл-
ойға және ғылымға сенбейді.
Сциентизм таным теориясында ақыл-ойға, оның негізіндегі дәлелденген
білімге сүйенеді. Рационализмнің қызметі екі сатыдан тұрады дейді.
- ойлау қызметі тәжірбиеге сүйенеді, яғни ойлау дегеніміз ақылға салу,
дәлелдеу.
- ойдың қызметі тәжірибеден де жоғары. Тану процесінде, адамның дүниені
игеруінде логикалық (ойға қонымдылық, қисынды) пайымдау арқылы, ұғым мен ой
тұжырымының нәтижесінде дүние туралы жаңа білімдер пайда болады. Ғылымға
сенудің себебі: ғылым жетістігі өмір сүруді жеңілдетеді, адамға қызмет
етеді; ғылымда көптеген жаңалық ашылады; жаңа техникалар пайда болады
(компьютерлер, самолет, телевизор, радио); жаңа, әрі тиімді технологиялық
әдіс дүниеге келеді.
Антисциентизм - иррационалдық (ақыл жетпейтін) құбылыстарды мойындап,
логикалық тәсілді жоққа шығарады. Ғылыми адамды шынайы біліммен қамтамасыз
ете алмайды, болмыстың бүтіндігі, үзіліссіздігі туралы ұғымды бөлшектеп
жібереді дейді. Логиканың орнына интуициялық әдісті ұсынады, шындықты
тікелей тәжірибенің көмегінсіз ашуға болады деп санайды. Ал ғылым ғылыми-
техникалық прогресс адамға зиян келтіреді, адамның ерекшелік қасиеттерін
сөндіреді, адамның физиологиялық жағдайын нашарлатады, адам есептеуді,
ойлап жатуды тоқтатады, адам миының қызметі нашарлайды деген сылтаулар
айтады. Иррационализм - мистикаға (түсініксіз, жұмбаққа) сенуге де, ғылыми
ізденістерге де жеткізеді. Сондықтан оған сынаржақты қарап, не жақтауға, не
даттауға болмайды.
Позитивизмнің үшінші түрі-неопозитивизм. Қазіргі батыс философиясының
негізгі ағымы, ХХ ғ. 30-60 жылдары пайда болды. Оның өкілдері: Вена
үйірмесінің философтары: М.Шлик – негізін қалаушы, оның ізбасарлары
Р.Карнап, О.Нейрат, Б.Рассел (1872-70); Львов – Варшава мектебінің өкілі
Тарский Альфред(1902-84). Олар философияның күрделі және маңызды
әдістемелік мәселелерін шешуде өздерінің нақты үлестерін қосты.
Неопозитивизмнің басты идеясы: философия ғылым тілі - логиканы талдап,
жетілдірумен шұғылдануы керек. Тіл қоршаған ортаны қабылдаудағы адамның
позитивтік (шынайы) басты құралы. Тілді логикалық талдау - бұл мәтіндерді,
ұғымдарды және таңбаларды зерттеп, солардың жүйесінің ішкі байланысын,
семантиканы (мәнін) қарастыру. Осынысымен неопозитивизм Герменвтикаға
жақындасады.
Неопозитивизмнің негізгі принципі верификациалау (лат. Verus – ақиқат
және fasio-істеп жатырмын) - ойды сезімдік тәжірбеиелермен салыстыру
арқылы тексеру. Егер ой тексеру немесе логикалық сараптау арқылы
верификацияланса (дәлелденсе немесе терістелсе) онда ғылымға жатады да,
қалғандары жалған болып шығады. Ақиқаттың ғылыми орнын анықтау үшін,
біріншіден логикалық-математикалық жолмен, екіншіден, эмпирикалық тексеру,
яғни бақылау, өлшеу мен эксперимент т.б. арқылы растайды.
Логикалық–математикалық сөйлемдерді тәжірбие арқылы тексеруге болмайды,
себебі олар обьективтік нақтылық туралы емес. Болмыс, сана, идея, құдай
секілді бұрынғы философиядағы мәселелерді алып тастау керек, себебі олар
верификациялауға жатпайды және ғылыми шешімі жоқ мәселелер болады дейді.
Неопозитивизмнің логикалық ғылым тілін талдаудан басқа мақсаты:
философияны метафизикалық дүниеге көзқарастық мәселелерден ажырату,
ғылымды философиядан бөліп тастап, білім тек қана нақты ғылымда мүмкін
деп, философияны тіл түрлерін, негізінен ғылыми тілді талдаумен шектеу.
Неопозитивизм өкілдері ғылымның обьективтік заңдылықтарын мойындамады.
Неопозитивизмнің түрлері көп: Прагматизм, инструментализм, структурализм,
герменевтика. Бұлар негізінен ХХ ғ. екінші жартысы философиясында өзінің
нақты қалыптасуын және дамуын тапты.
Прагматизм (гр. pragma іс-әрекет) - бұл ағымның өкілі әрі негізін
салушы Чарльз Пирс (1834-1914) және Джемс Уильям (1842-1910). Бұл
философияның негізгі принципі: қандай ой-пікір немесе іс-әрекет болса да,
егер ол пайда әкелсе - шын, басқаша болса - жалған. Прагматизм ағымының бір
түрі - инструментализм (instrumentum- қару), негізін қалаушы американ
философы Джон Дьюи (1859-1952). Инструментализм түсінігінде ғылыми заңдар
тек қару болып есептелінеді. Инструментализм қоғамдық прогресс дегеніміз
нақты межеге жету емес, жәй процесс дейді. Дьюи философиясының бағыты
эмпиризм болғандықтан тәжірибеге көп көңіл аударды. Алғашқы түрткі болатын
идеяны, тіршіліктің бастапқы себебін іздеу орынсыз дейді.
Структурализм - (лат structura - құрылым) объектінің тұрақты
байланыстарының жиынтығын қамтитын құрылым ұғымына негізделінеді. Онда кез-
келген зерттеп отырған құбылыстарды өзгерткенде, құрылымның сақталатынын
мойындау жатыр. Структурализм “адам – субъект” және оның бостандығы деп
қазіргі кезде тарап кеткен гуманистік түсініктерге қарсы шықты. Бостандық
тек қана фикция, ол тірі және өлі дүниедегі жалпы құрылымдарға тәуелді,
әлеуметтік және мәдени өмірдің бос қияли жемісі деп санайды. Құрылымдық
біртіндеп лингвистикалық әдіс болып қалыптасып, тіл мәселесімен айналысты.
Бұл әдістің жан-жақты тарауы, оны философиялық пайымдау, оның әлеуметтік-
саяси және мәдени оқиғаларға араласуы, сынау және өзіндік сынау арқылы
структурализмді постструктурализмге жеткізді.
Герменевтика (гр germenututios- түсіндіру). Бұл ілімнің мақсаты
мәдениет саласын ғылыми деңгейде тану, кең мағынасында адамның рухани
дүниесін түсіну болып саналады. Герменевтика ілімі антика заманынан
басталған. Оны Аристотель еңбегінің (Об истолковании- Түсіндірме туралы)
атауынан-ақ көреміз. Библияның мәтіндерін талдауға арналған Реформация
кезеңінде (ХVI) гермевтиканың рөлі арта түсті. Герменетивканың қазіргі
замандағы философиялық бастауын жасағандар Ф. Шлегель, Ф.Шлейермахер, бұл
ілімді ары қарай дамытқан және зор әсер еткен ойшылар: В.Дильтей,
Г.Зиммель, Э.Гуссерль, М.Шеллер, Э.Бетти, Г.Гадамер, М.Ландман, Г.Рикер,
М.Хайдеггер.
Неопозитивизм методологиясының орнына постпозитивизм ағымы 60-70
жылдары дамыды. Ол ғылыми білімді бірін-бірі алмастырған теориялар арқылы
өсетін, жинақталып өзгеретін деп санап, логикалық позитивизмнің кей
сұрақтарынан алшақтап кетті. Өкілдері: К.Поппер (1902-1994),Томас Кун
Сэмюэл (1922), Лакатос Имре (1922-74).
Постпозитивизмнің пайда болуы К.Поппердің Логика научного открытия
және Т.Кунның Структура научных революций деген еңбектерімен байланысты .
Рационализм ағымының өкілдерінің түсінігі бойынша, ғалымның мінез-құлқының
ерекше қағидасы: олар өздерінің ғылыми болжамының (гипотеза) қортындысы
жалған болуынан ешуақытта қорықпау керек. Рационализм демек факті мен
ғылыми әдістемелікке сүйенген сынға ашық болу керек. Сол үшін өзіне
фальсификация (лат falsus- жалған және fasio- істеймін) принципін қосады.
Фальсификация бекерге шығару арқылы дәлелдеу. Ол ойдың қисынды немесе
қисынсыздығын байқау арқылы шешіледі. Бұл принципті Поппер ғылымды
метафизикадан шектеудің белгісі (критерий) ретінде және неопозитивизмдегі
верификация әдісіне балама ретінде ұсынды. Оның ойынша ғылым заңдарын
бақылауға болмайды, олар верификациялауға жатпайды. Ғылым үшін верификация
принципі емес, фальсификация принципі қажет, яғни, ғылыми деген идеяға
сенімді қалай да болмасын жалғанға шығарып, жалғанға шықпаған ғылыми жобаны
ақиқат деп санауды ұсынады.
К. Поппер әлеуметтік философияда қоғамның дамуын зерттейтін тарихи
әдіске қарсы болды. Өзінің әлеуметтік-философиялық концепциясын Ашық қоғам
және оның жаулары деген еңбегінде баяндайды (1945). Ол қоғамды екіге
бөледі: Ашық қоғам және жабық қоғам. Ашық қоғам: демократиялық жолмен
дамитын қоғам; экономикада, саясатта, мәдениетте әлеуметтік дамыған
құрылымы бар азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет, оның плюралистік
сипаты жоғары. Ашық қоғам мүшелері сыни-рационалдық ойлауды алға қояды.
Осыдан қоғамдағы мінез-құлықты, әлеуметтік дамуды саналы түрде басқару
және мемлекеттік институттарды демократиялық принциптерге сәйкес
қалыптастыру мүмкіндігі туады. Жабық қоғам деп ол капитализмге дейінгі
және социалистік қоғамды санайды. Олардың жұмыс істеу тәсілі тоталитаризм,
ұжымның жеке адамнан басымдылығы, догматизм және әлеуметтік демагогия.
Постпозитивизмнің өкілі Т.Кун ғылым тарихы ғылыми қауымдастықтардың
бәсекестігі, алма-кезек күресінің нәтижесі дейді. Негізгі рольді логика мен
методология нормалары емес, парадигмалар (сөздердің үлгісі), қауымдастықтың
қабылдаған сенімі, құндылықтар, техникалық құралдарының жиынтығы атқарады.
Кун ғылым дамуындағы сабақтастықты мойындамайды, әрбір теорияны тәуелсіз,
басқамен сиыспайды дейді. Парадигма деген ұғым қазіргі замандағы
постпозитивизмде ең маңызды түсінік болып саналады. Парадигма - барлығының
ғылыми жетістіктерді мойындауы, бір берілген уақытта мәселелер мен
шешімдерді қоюдың моделі. Ғылым дамуының негізгі сәттері ғылыми революция
арқылы, секірмелі процесс ретінде іске асады. Т. Кун ғылымға, оның
философиялық мәнін түсінуге өте үлкен үлес қосты. Ол ғылым дамуы және
ғылымдардың қызметі туралы біздің түсінігімізді тереңдетті, ғылым дамуының
кейбір диалектикалық сипатын ашты.
И.Лакатос теорияларды емес, бірнеше жеке теорияларды қамтитын ғылым-
зерттеу жоспарларын салыстыруды ұсынады. П.Фейерабенд ғылымның
иррационалдық миф пен діннен ешбір айырмашылығы жоқ дейді. Ол
методологиялық анархизм теориясын жасады. Онда ол ғылымда ешбір тиянақты
өлшем жоқ, оларды біз жасаймыз және уақытқа байланысты өзгертіп отырамыз
дейді. Постпозитивистердің пікірінше ғылыми білімнің мақсаты объективтік
ақиқатқа жету емес, белгілі-бір міндетті орындау, мысалы, жәй және нақты
теория құрастыру. Ақиқат ұғымы сенімге, мүддеге және т.б. алмастырылады.
Постпозитивистер неопозитивистердің ғылыми әдістемелік талдау түсінігін
сынайды, бірақ логикалық позитивизмнің ұмтылыстарымен жалпы байланысты
үзбейді, одан талдау жолдарын алады, эмпиризмді жақсартып философиялық
мәселелерді тіл саласына аударады. Бүгінде постпозитивизм өзінің көптеген
мәнін жоғалтты. Бұл жалпылай мойындалған ғылымның даму теориясының
жасалуымен және ағымның тұйыққа тірелуіне байланысты болды.
Постпозитивизмнің өз ішіндегі дискуссия көптеген қарама- қайшылық
көзқарастың барлығын, философия ілімінің плюралистік сипатын көрсетті.
Философия тарихындағы адам проблемасы
Біздің білетініміздей, философияның негізгі мәселесі – бұл сананың,
рухтың табиратқа, материяға, субъективтің (адамның ішкі дүниесінің)
объективтікке (сыртқы дүниеге) қатысы. Бұдан шығатын қорытынды: адамның
сана сезімі мен ақыл-ойының, тілі мен дүниетану және оны өзгерту
қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатысы ңандай, табиғат пен қоғамның
адамға, оның ішкі рухани дүниесіне тигізетін әсері қандай – осының бәрі
философияның ең түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылады.
Материяны, табиғатты алғашқы, сананы олардың туындысы, бейнесі
болғандықтан соңғы деп қарайтын материалистер үшін де, рух пен сананы
алғашқы, материя мен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондықтан
да олар соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адамсыз, адам проблемасынсыз
философия жоң. Бұл философиялардың екеуінің де түсініктері мен көзқарастары
басқаша, қарама-қарсы болғанымен – қарастыратын, зерттейтін пәні біреу
ғана. Ол адамға тән қасиеттердің сыртқы дүниеге және сол сыртқы дүниенің
бұл қасиеттерге, қатысы.
Ертедегі атақты Шығыс ойшылдарының көбі алдыңғы тарауларда айтылғандай
өздерінің философия жүйелерінің негізгі өзегі етіп тікелей адамдық
проблемаларды алды. Көне замандардағы египеттіктер философияның үйрететін
пәні құдайлар мен әділеттік мәселесі деп білді. Бұдан 25 ғасыр бұрын өмір
сүрген әйгілі қытай философы Конфуций өз ілімінің түп қазығы етіп
адамсүйгіштік (жэнь) проблемасын алды. Оның түсінуінше тек
адамсүйгіштік қасиет адамды басқаларды сыйлайтын, ешкімнің алдынан кесе-
көлденең өтпейтін, шындықтан басқаға мойын бұрмайтын, батыл да байсалды,
ілтипатты да достыққа берік, сөзге ұстамды (біреуді өкпелетіп алмау үшін),
көмекке (кімнің де болса адамгершілік жағын жетілдіре түсуге) дайын етіп
қалыптастыра алады. Бұл қасиеттердің бәрінің басын біріктіріп, әрқайсысын
қамти алатын моральдық-философиялық ой түйінін Конфуций: Өзіңе жасалғанын
қаламайтын қылықтарды басқаларға сен де жасама деп қорытты.

Неофрейдизм
Фрейдтің ілімінң негізінд, неофрейдизм деген философиялық ағым пайда
болды. Бұл ілімді жалғастырушылар оның шәкірттері: Альберт Адлер,
Вильгельм Райх, Густав Юнг және Эрик Фромм (1900-1980).
Э.Фром неміс-американ социолог-психологі, психоаналиткалық бағыттың
өкілі. Оның иелену немесе болу деген еңбегінде гі орталық мәселе-адам
табиғатындағы қарама-қарсылық, оның тарихи тағдыры, шынайы дүниені көре
білу мүмкіндігінің болуы. Өзінің ұстанымында, бұл сұрақтарды түсінуде ол
Маркс пен Фрейдтің концепцияларына сүйенеді. Оған Спинозаның идеялары да
зор әсер етті. Фроммның пікірінше: біздің санамыздағы қиялды әшкерлеу -
аққатты табу және оны біздің ішкі дүние мен мінез- құлқымызды өзгертудің
қаруы ету. Бұл өзгертудің басты мәселесі – адам байланысының ашық болу
мүмкіндігіне қуану және жасау, оның шығармашылық күшін азат ету. Ол
Бостандықтан қашу деген еңбегінде нарық қоғамындағы бостандықтың өсуін
және адамардың сол бостандықты пайдалана алмауын талдайды. Осының негізінде
өмірден қашудың механизмін көрсетеді: симбиотикалық тұлғалар арасындағы
байланыстың (садизм және мазохизм), автоматтандырылған конформизмнің өсуі
т.б. Фроммның тоталитарлық мемлекеттің пайда болуын, адамдардың
жауапкершіліктен және ынталанудан бас тартуын, өз тағдырын патерналистік
өкіметке жүктей салуын психикалық ұмтылыс деп түсіндірді. Ол бұл жолды
жалғыздықтан арылудың қияли әдісі деді. Оның Адам өзіне-өзі үшін деген
еңбегі ерекше өмір сүру өнері ретінде этиканы және адам мінезі
типологиясын, жемісті немесе жемісті емес тағдырларды талдауға арналған.
Юнг Карл Густав (1875-1961) – Швейцария психологы, мәдениеттанушы,
аналитикалық психологияны жасаушы, негізін қалаушы. Фрейдтің жақын
жақтаушысы. Кейін Фрейдтің натурализм мен пансексуализміне қарсы болды,
ол психоанализ нақты, оны әрдайым жалғыз берілген схемамен жүргізуге
болмайды дейді. Юнг Фрейдтің жеке адам санасыздығымен қатар, Ұжымдық
санасыздықтың терең қабаттары болатынын айтады. Архетиптер (бас-тапқы
психикалық құрылымдар түрінде сақталған ежелгі тәжірибе) дүниені
қабылдау мен ой елегінен өткізуге априорилік әзірлікті қамтамасыз етеді.
Архетиптер, тәжірибеге дейінгі кейбір құрылымдар, шығармашылық ,
материалдық қатынастардың қалыптасу принципін реттеуші болады. Архетпитер
аналитикалық техниканы қолданғанда түсінілмейді, күйзелуде және нақты адам
бейнесінде, мәдениетте, діни дәстүрде және эзотерикалық символикада
көрінеді Олар түстер, мифтер, мінез-құлықтың ауытқуы арқылы білінеді.
Жетекші архетиптер: Анима (әйелдік бастама), Анимус (еркектік бастама),
Тень (біздің ішіміздегі арам адам, жеке санасыздық), Персона (әлеуметтік
бет перденің жиынтығы), Самость ( біздің шынайы интегралдық Менге
жақындау дәрежеміз). Архетиптер бастапқы кезден-ақ ақыл-ой қамти алмайтын
байланыстардың жинағы, олар құпия, киелі (сакральды) болады. Онда зор
энергия, өзіндігі жоқ күш бар. Адамдар мәңгі үлгілерге ұмтылады, және бір
шамада олардан қорқады, сондықтан символдарда бейнелейді. Олардың қай-
қайсы болсада санасыздықтың күшін аздап ашады және жасырады.
Фанкфурт мектебі ХХ ғ. 30-жылдары пайда болды. Ол өз атауын
Франкфурттың Майне университетінің жанындағы әлеуметтік зерттеу
институтында қызмет бастағанына байланысты алған. Франкфурт мектебінің
өкілдері: Г.Маркузе, В.Адорно, М.Хоркхамдер, Ю.Хабермас, А.Шмидт т.б. Олар
күрделі мәселелерді қоюымен танымал, оларға жаттану, әлеуметтік психолгия,
ғылыми-техникалық революцияның қоғам дамуының сипатына әсері т.б. жатады.
Олардың қызметтерінің елеулі кезеңі марксизм философиясына көңіл
аудару, оны тексеруден бастады. Өндірісті автоматтантандыру мен өнімнің
өсуі, Макузенің пікірінше, материалдық игіліктің тез көбеюіне, тұтынудың
жоғарғы деңгейіне жеткізеді, адамның революциялық ұмтылысын басады. Саяси
партиялардың, қозғалыстардың қажеттігі өздігінен сөнеді. Біртиптілік
адамда жаттандық сезім тумайды, оның өмірі пендешілік қажеттіліктерге,
ұмтылыстар мен құштарлықтарға толы, олар тек тұтынуға бағытталған. Мұндай
бірөлшемдік адам бірөлшемдік қоғамда туып, осыдан бірөлшемдік ғылым,
мәдениет, философия шығады.
ХХ ғ Батыс философиясының белгілі бағыты экзистенциализм. Оның негізін
дат теологі және философы С.Кьеркегор (1813-1855) жасады. Ол рационалдық
философияны раелизмді мүлде жоққа шығаратын абстракциялығы және адамға
деген салқындығы үшін айыптады. Олар тек бір жалпылықты - рухты, материяны,
құдайды, прогресті немесе дерексіз ақиқат мәселелерін қарастырады, ол
философиядағы негізгі мәселе - адам екенін ұмыттып кетті деді.
Философияда адамды мадақтауды антродиция дейді. Бұл мәселе өмір
философиясының үлкен ағымы экзистенцтализмде қаралады. Экзистенциализм
бағытына өмір философиясының өкілдері көп әсер етті. Олар Б.Паскаль, Ф.М.
Достевский және Ницше секілді ұлы адамдардың шығармаларынан да көп ойлар
алды. Философия ілімінің дамуының қазіргі кезеңі және мектептері ақыл-ой
дәлелінің жүрек дәлелін алмастыра алмайтынын көрсетті – деген
Б.Паскаль. Адамды және оның болмысын ақыл-ой тәсілімен түсіндіру өте қиын.
Нақты адамды ғылым көмегімен, ұдайы өзгеріп отыратын тұтас мән ретінде және
оның мақсатын, пейілін, күйзелісін, қамқорлығын, қорқуын, өмір сүруі мен
билікке ұмтылу еркін түсіну мүмкін емес.
Экзистенциализм идеялары әр елде, әр уақытта айтылды. Экзистенциализм
өзінің мазмұны бойынша бір текті емес. Сондықтан ол: діни, атеистік болып
екіге бөлінеді. Экзистенциализмге жақын теорияларды Ресейде бірінші
дүниежүзілік соғыс қарсаңында Л.Шестов, Н.Бердяевтар насихаттады,
Германияда бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін Францияда ол
тез тарады (К.Марсель, Ж-П Сартр, А.Камю т.б.), 50 жылдардың соңында АҚШ-та
дамыды.
Экзистенциализмнің басты мәселесі: адам, адамның болмысы, оның мәні мен
тағдыры. Экзистенциализмнің басты категориялары: жалғыздық жауапкершілік,
үрей, ажал, шекаралық жағдай, бостандық. Экзистенциалдық онтологияда
объективтік физикалық болмыс емес, адам болмысы туралы сөз болады. Ондағы
басты онтологиялық сипат - адамның әртүрлі күйінің болуы. Жиі-жиі
кездесетін жағдайлар - қорқыныш, ұят, намыс, күмән, үрей - күтімсіздік пен
қамқорлықтың салдары. Шынайы болмыстың негізгі көрінісі-адамның өмір
сүруі және ондағы оқиғалар. Оқиғалар ғана адам болмысының іске асуының
тәсілі болады. Оқиғасыз болмыстың өзі жоқ, экзистенция жоқ, адамның өмір
сүруі тоқтатылады. Адам өміріндегі оқиғаның көптігі, оның болмысының
толықтығының кепілі.
Экзистенциядағы шынайы болмыс уақытқа сәйкес болады. Уақыт - ең
алдымен адам болмысының нәтижесі, сонымен бірге болмыстың өзі оқиғаның
туындысы. Уақыт - өмірдегі бір оқиғадан басқадай нәтиженің қалыптасуы.
Сондықтан олар физикалық уақыт туралы емес (секунд, минут, сағат), оқиғалар
уақыты туралы айтады. Адамның барлық уақыты өз кезегімен өтіп жатқан
оқиғалар (туу, шілдехана, үйлену, ажырасу, оқуға түсу, пенсияға шығу, жұмыс
істеу, қызықты кездесулер т.б.) болады. Экзистенциалық уақыт - жеке бастық
сипатта болады, ол адам өміріндегі оқиғаның саны, сапасы, уайым, қайғы-
қасірет, таңдау мен жауапкершілік, яғни былайша айтқанда - ол тағдыр.
Экзистенциализмнің онтологиялық коценпциясының мәні: болмыс пен уақыттың
арасында өзара диалектикалық байланыс бар. Оны Хайдеггер болмыс пен Уақыт
бір-бірін анықтайды дейді.
Экзистенциализм онтологиясы (болмысы) мен гносеологиясы (танымы)
тиянақты байланыста болады. Экзистенциализм танымы - адамның қайғыруы, әрі
тағы да одан да күшті қайғыруы; осыған сай болмысты терең танимыз.
Дүниедегі нақты болмысты, әсіресе болмыстың мәнін ашуда Ясперс енгізген
шекаралық жағдай категориясының ролі зор. Ясперс тек осы минуттарда ғана
адам өзінің нағыз өмір сүруін (өзінің табиғатын) ұғынады, басқа уақытта
олар кәдімгі болмыстың күнделікті тікелей әсері арқылы жасырынып жатады -
дейді. Дау-жанжал кезінде адамның үміт үзуі, қайғыруы, қорқынышы шекаралық
жағдайға келеді, онда шынайы өмір сүрудің мәні ашылады. Қорқыныш тағдырда
табылады.
Мұндай танымды түсіну діни және атеистік экзистенциализмге де тән.
Осындай нақты шекаралық жағдайда адам өзінің таңдауын жасайды. М: Авраамның
таңдауы. Құдай Авраамға өз баласын өлтіруді міндеттейді. Осыдан оның жан-
дүниесі күйзеліске түседі: не сенімге бағыну немесе өзінің әкелік-моральдық
борышын атқару мәселесі туады. Экзистенциализмдегі діни көзқарастың
негізіндегі таңдау - ол дұрыс жол, Христос жолы, Құдай-адам жолы. Атеистік
экзистенциалимздегі таңдау – құдайсыз-ақ өзіңді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Совет дәуіріндегі казақ философиясы
: Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника
Қазіргі заманғы қазақ философиясы
Жаңа Заман философиясының ерекшеліктері
Мұсылман философиясы
Қазақ философиясының төл тарихы
Қайта өрлеу философиясы
Жалғыз философия
Философиялық тарих
Ислам философиясы. Араб философиясы
Пәндер