Курорт



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
1. «Курорт» терминіне түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
2. Курортты басқару формалары: «Стандарттау» туралы түсінік ... ... ... ... 3
3. «Сертификаттау» туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
4. «Лицензиялау» туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
КУРОРТ– қолайлы климаты, минералды суы, емдік балшығы және табиғи шипалы қасиеттері бар жерлерге салынған емдеу-профилактикалық мекемелер (санаторийлер) кешені. Курортта емделудің жақсы нәтиже беруі онда қолданылатын емдеу әдісімен қатар, адамның көңіл-күйінің жақсаруына, күнделікті жұмыс пен тұрмыс жағдайларынан уақытша босауына тығыз байланысты. Емдеу әдісіне қарай - курорттар бальнеологиялық, шипалы балшықпен, климатпен, қымызбен емдейтін болып бөлінеді. Бальнеологиялық курорттарда минералды бұлақтардың шипалы суымен емдейді. Шипалы балшықты курорттарда балшық, лай, тұздың қою ерітіндісі қолданылады. Климатпен емдейтін курорттарда күн сәулесі мен ауа, теңізде, өзен-көлде шомылу арқылы емделеді. Емдік қасиеті жоғары, минералды суы бар Қазақстандағы бальнеологиялық курорттар: «Сарыағаш», «Алмаарасан», «Жаңақорған», т.б. Шипалы балшықпен емдейтін курорттар: «Мойылды», «Жаңақорған», т.б., ал республикалық маңызы бар «Бурабай» курорттары климатпен және қымызбен емдейді. Бальнеологиялық шипажайларда табиғи минералды сулармен емдейді. Олар сыртқы және ішке тұтынады. Минералды сулар көптеген ауруларды сауықтырады. Солардың ішінде асқазан – ішек ауруларын, жүрек тамыр ауруларын, қимылдатқыш аппартты ауру адамдар мұндай шипажайларға көп келеді. Жүргізілген медециналық зерттеулер кейбір аурулардың осы шипажайларда емделгеннен кейін жақсы нәтижелерге жеткенін көрсеткен.
Балшықты шипажайлар шипалы балшықтар бар (пелоидтар) жерлерде болады. Олар буын аурулары, жүйке аурулары, гинекалогиялық және кейбір ауруларды емдеуге осы балшықпен емдеу жақсы нәтиже береді.
Климаттық шипажайлар климат сияқты әртүрлі. Негізгі түрлері: теңіз жағалаулық, климаттық – қымыз сауықтыру. Бұл жердің климаттық табиғи факторларын (температура, атмосфералық қысым, күн шуағын) сауықтыру – профилактикалық мақсатта қолданады. Континенталды климат тән орманды шипажайлар жоғарғы тыныс жолдары, астма ауруларымен ауратын амдарға шипалы, ал таулы шипажайлар алғашқы формадағы туберкулез және қан аздық ауруларына шипалы болады.
1. Дехтярь Г.М. « Лицензирование и сертификация в туризме»

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
1. Курорт терминіне
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .2
2. Курортты басқару формалары: Стандарттау туралы
түсінік ... ... ... ... 3
3. Сертификаттау туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.8
4. Лицензиялау туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .21

Кіріспе
1. Курорт терминіне анықтама
КУРОРТ– қолайлы климаты, минералды суы, емдік балшығы және табиғи шипалы
қасиеттері бар жерлерге салынған емдеу-профилактикалық мекемелер
(санаторийлер) кешені. Курортта емделудің жақсы нәтиже беруі онда
қолданылатын емдеу әдісімен қатар, адамның көңіл-күйінің жақсаруына,
күнделікті жұмыс пен тұрмыс жағдайларынан уақытша босауына тығыз
байланысты. Емдеу әдісіне қарай - курорттар бальнеологиялық, шипалы
балшықпен, климатпен, қымызбен емдейтін болып бөлінеді. Бальнеологиялық
курорттарда минералды бұлақтардың шипалы суымен емдейді. Шипалы балшықты
курорттарда балшық, лай, тұздың қою ерітіндісі қолданылады. Климатпен
емдейтін курорттарда күн сәулесі мен ауа, теңізде, өзен-көлде шомылу арқылы
емделеді. Емдік қасиеті жоғары, минералды суы бар Қазақстандағы
бальнеологиялық курорттар: Сарыағаш, Алмаарасан, Жаңақорған, т.б.
Шипалы балшықпен емдейтін курорттар: Мойылды, Жаңақорған, т.б., ал
республикалық маңызы бар Бурабай курорттары климатпен және қымызбен
емдейді. Бальнеологиялық шипажайларда табиғи минералды
сулармен емдейді. Олар сыртқы және ішке тұтынады. Минералды сулар көптеген
ауруларды сауықтырады. Солардың ішінде асқазан – ішек ауруларын, жүрек
тамыр ауруларын, қимылдатқыш аппартты ауру адамдар мұндай шипажайларға көп
келеді. Жүргізілген медециналық зерттеулер кейбір аурулардың осы
шипажайларда емделгеннен кейін жақсы нәтижелерге жеткенін көрсеткен.
Балшықты шипажайлар шипалы балшықтар бар (пелоидтар) жерлерде болады.
Олар буын аурулары, жүйке аурулары, гинекалогиялық және кейбір ауруларды
емдеуге осы балшықпен емдеу жақсы нәтиже береді.
Климаттық шипажайлар климат сияқты әртүрлі. Негізгі түрлері: теңіз
жағалаулық, климаттық – қымыз сауықтыру. Бұл жердің климаттық табиғи
факторларын (температура, атмосфералық қысым, күн шуағын) сауықтыру –
профилактикалық мақсатта қолданады. Континенталды климат тән орманды
шипажайлар жоғарғы тыныс жолдары, астма ауруларымен ауратын амдарға шипалы,
ал таулы шипажайлар алғашқы формадағы туберкулез және қан аздық ауруларына
шипалы болады.

2. Курортты басқару формалары: Стандарттау туралы түсінік
Курортты басқару формалары:
1.Стандарттау
2.Лицензиялау
3.Сертифткаттау

Стандарттау (ағылшын тілінен алғанда – standard – норма, үлгі, негіз) жалпы
түрде – қандай да бір нақты саланың жалпыға ортақ және көп реттік
қолданылуына арналған ережелерін дайындау арқылы тәртіпке салуға қол
жеткізуге бағытталған қызмет. Стандартты жасау осыған ұқсас қызмет
түрімен айналысатындардың барлығының бір тілде сөйлесуіне мүмкіндік
береді, ақпараттық ағындарды үндестіруге және ақпараттық ресурстарды
пайдалануды қарапайымдандыруға ықпал етеді.
Стандарттаудың мемлекеттік жүйесі стандарттаудың мақсаттары мен
міндеттерін анықтайды, стандарт түрлерін, оларды дайындау, рәсімдеу,
бекіту, өзгерту және алып тасту ережелерін белгілейді.
Техникалық реттеу туралы Заңға сәйкес, стандарт стандарттау
нысанына қойылатын негізгі талаптарды және ережелерді, нормалар кешенін
(комплекс) белгілейтін нормативтік-техникалық құжат болып табылады.
Стандарттау тұтынушылардың құқығы мен мүдделерін мемлекеттік қорғауды
іске асыратын негізгі бағыттардың бірі ретінде алға шығады.
Стандарттаудың негізгі мақсаттары:
* өнімнің және көрсетілетін қызметтердің адамдардың өмірі мен
денсаулығы, қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
* тұтынушылардың құқығын қорғау;
* өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету;
* ғылым мен техниканың дамуына сәйкес өнімдердің, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ету;
* өндіріс пен саудада техникалық кедергілерді (барьерлерді) болдырмау
(соның ішінде халықаралық) болып табылады.
Стандарттау нысаны - бұл стандарттауға жататын зат (өнім,
көрсетілетін қызмет, процесс). Стандарттау нысандары - материалдық заттар
мен абстрактылық ұғымдар. Стандарт аспектілері стандарт бойынша
шығарылған өнім сәйкес келуге тиісті талаптар немесе шарттар болып
табылады.
Туристік-экскурсиялық қызмет көрсетуде стандарттау нысандарына :
туристік қызмет көрсетулер, экскурсиялық қызмет көрсетулер, туристік
саяхаттар, ақпараттық қызмет көрсетулер, транспорттық қызметтер, тұрмыстық
қызмет көрсетулер, тамақтандыру қызметі, мәдени-бұқаралық қызметтер,
физкультуралық- сауықтыру қызметтері, тұрғы-жай беру қызметтері жатады.
Стандарттаудың негізгі міндеттері:
* стандарттарды жасаушылар мен тапсырыс берушілердің арасындағы өзара
түсіністікті қамтамасыз ету;
* мемлекет пен тұтынушылардың мүддесін көздей отырып, өнімнің
сапасы мен номенклатурасына, оның сапалық сипаттарын стандарттау негізінде
талаптар белгілеу (мысалы, орналастыру құралдарына талаптар – ГОСТ Р 51185-
98 Туристік қызмет көрсету. Орналастыру құралдары. Жалпы талаптар);
* бұйымдар мен базалық конструкцияларға, конструктивтік-
унификацияланған блоктық-модульдық құрамдас бөліктерге параметрлік және
өлшемдік тип қатарларын қолдану және орнату негізінде унификациялау;
* метрологиялық нормалар, ережелер, баптар мен талаптарды (метрология
- өлшем және өлшеу туралы ғылым) белгілеу;
* технологиялық процестерге метрологиялық нормалар мен талаптарды
жасау және орнату;
* жіктеу (классификация) жүйесі мен техникалық-экономикалық
ақпараттарды кодтауды жасау және енгізу (мысалы, ОКУН - туризм
саласындағы сертификаттауға жататын қызметтерді жіктеу);
* нормативтік қамтамасыздық, стандарттау әдістері және құралдарымен
РФ заңнамаларын орындауға ықпал ету.
Әрбір нысан үшін стандарттаудың өзіндік ұстанымдары мен әдістері
бар. Мысалы, заттарды стандарттаудың принципі тараптар мүдделерінің
теңдесуі (сбалансированность) болып табылады, өнімді стандарттау үшін -
жүйелілік пен кешенділік, ал қызмет көрсету үшін - динамикалық және
оқиғаның алдын алу. Мысалы, туристік қызмет көрсетуді стандарттауда
қызмет көрсетуге қатысты мүмкін болатын баптар көзделеді – туристер мен
экскурсанттардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі, оларды бақылау
әдістері және т.б.
Стандартты дайындауда тірек болатын негізгі принциптер келесілер:
* өнімнің сапасы, оның үнемділігі, сыйымдылығы, қауіпсіздігі,
қажеттілігі және т.б. сияқты факторларды есепке алу және талдау;
* халықаралық саудада, сонымен қоса халықаралық ұйымдардың
стандарттарында, қажет болған жағдайда - өзге елдердің ұлттық
стандарттарында кедергілердің алдын алу;
* адамдардың өміріне, денсаулығына, мүліктеріне, қоршаған ортаны
қорғауға қатысты стандарттарды жасауға, сондай-ақ өнімдердің сыйымдылығы
мен өзара орнын алмастыруды қамтамасыз ететін стандарттарды жасауға
басымдылық (приоритет) беру;
* дайындауға қатысатын тараптардың өзара келісімі, заңнамалық
нормаларды сақтау және т.б.

Стандарт жалпы түрде келесі элементтерден тұрады: сыртқы титулдық
беті, алғысөз, мазмұн, кіріспе, атаулар, қолданылу саласы, нормативтік
сілтемелер, терминдер мен анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар,
негізгі нормативтік ережелер, қосымшалар, библиография, библиографиялық
мәліметтер.
Қызмет көрсетуге келесі стандарттар дайындалады: қызмет көрсетудегі
негізге алынатын стандарттар; қызмет көрсетудің қауіпсіздігі мен сапа
көрсеткішінің номенклатурасының стандарттары; жалпы талаптар стандарттары;
жалпы техникалық шарттар стандарттары; қызмет көрсететін персоналдарға
қойылатын талаптарды белгілеуші стандарттар; қызмет көрсету қауіпсіздігі
мен сапасын бақылау (бағалау) әдістерінің стандарттары.
Стандарттаудың негізгі мақсаты өнімдер мен қызмет көрсету
өндірісінің әр түрлі элементтерінің өзара әрекеттесуінің мейлінше тиімді
нормалары мен ережелерін белгілеудің ұстанымдары мен әдістерін дайындау
болып табылады. Бұл шарттар әр түрлі нормативтік құжаттарда көрініс
табады.
Төменде Ресейдегі стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың негізгі
категориялары ұсынылған.
РФ Мемлекеттік стандарты (ГОСТ және ГОСТ Р) – өнімді ерікті түрде көп
есе пайдалану мақсатында өнімнің негізгі сипаттамалары белгіленетін,
өндіріс процестері, пайдалануға беру, сақтау, тасымалдау, іске асыру және
жоюды, жұмыстардың орындалуы немесе қызмет көрсетуді жүзеге асырудың
жалпы ережелері белгіленетін нормативтік құжат. Ол сондай-ақ өзіне
өнімнің терминологиясы, белгілері, қораптау және маркілеуге қойылатын
талаптарды да қамти алады.
Туризм саласындағы ГОСТ және ГОСТ Р мемлекеттік стандарттары
туристік қызмет көрсетуге қойылатын жалпыға міндетті талаптарды
белгілейді, олар - жұртшылықтың өмірі мен денсаулығын қорғау,
қауіпсіздікті, қоршаған ортаны қорғау, кешенділікті, орындаудағы дәлдік
пен белгіленген уақытты сақтауды, сондай-ақ қызмет көрсетудің шарттарымен
қоса, қызмет түрлеріне қойылатын ұсынымдық талаптарды (жайлылық,
эстетиалық, тағайындауды және т.б.) қамтамасыз ететін талаптар болып
табылады.
Салалық стандарттар (ОСТ) өндірістің нақты салаларында жасалады және
осы салалардағы барлық мекемелер мен ұйымдар үшін қолдануға міндетті
стандарттар болып табылады. Оларда да өндіріс процестерін жүзеге асыру
ережелері мен негізгі сипаттамалар және т.б. көрініс табады.
Техникалық шарттар (ТУ) әдетте, өнімнің нақты маркаларына, типтері
мен артикулдарына қойылатын негізгі талаптар бейнеленетін нормативтік-
техникалық құжаттар.
Мекемелер және мекемелер бірлестіктерінің стандарттары (СТП) тек
қана нақты мекемелер үшін қолданылуға міндетті және оларда қолданылу үшін
дайындалып, бекітіледі.
Ғылыми-техникалық қоғамдар стандарттары білім саласы мен кәсіби
мүдделер саласындағы ғылыми зерттеулерден алынған нәтижелерді бейнелейді;
ГОСТ-қа сәйкес дайындалады.
Республикалық стандарттар (РСТ) бекітілген өнімдер тобы бойынша,
мекемелер шығарған жекелеген өнім түрлеріне Мемстандарт, сондай-ақ сәйкес
жетекші министрліктер мен ведомствалардың келісімі бойынша жасалады және
белгіленеді.

Курорттық стандарттар

Курорт емдік-сауықтыру мақсатында қолданылатын және игерілген ерекше
қорғаудағы табиғи емдік ресурстары бар табиғи аймақ болып табылады, оған
инфрақұрылым нысандарымен қоса, қажетті арнайы ғимараттар мен үйлер де
кіреді.
Табиғи емдік ресурстар заңды және жеке тұлғаларға ауруларды емдеу
және сауықтыру үшін, сондай-ақ демалу мақсатында ұсынылады; минералды
сулар мұнымен қоса өнеркәсіптік шаюларға да қолданылады.
Табиғи емдік ресурстар мемлекеттік меншік болып табылады.Барлық
санаторлық-курорттық ұйымдар заңдық күші бар.Денсаулық сақтау саласындағы
атқару үкіметінің органы әрбір нақта курорттың немесе санаторийдің
медициналық профильі және оның сыйымдылығын анықтайды.Ол табиғи емдік
ресурстарды пайдалану нормасы,оның қоры,табиғи жаңаруы,игеруге арналған бос
территориясының борлуы,курорттың инфрақұрылым объектілерін пайдалану
мүмкіндігі,аймақта қолайлы экологиялық жағдайды сақтау негізінде
анықталады.
Әдетте курорт территориясы ауқымындағы жер тілемдері,орман мен
сабақтар тау-санитарлық қорғау округінің режимі талаптарымен негізделетін
шектеулі пайдалану режимдеріне ие.Курорт территориясында азаматтардың
денсаулығы мен қоршаған табиғи ортаның саулығын қорғау бойынша іс-
шаралар,шумен,ауаның газдалуы мен шаңдануымен күресу іс-шараларын
өткізуді,көліктің,ойын-сауық және сауда ұйымдарының жұмыстарын реттеуді
көздейтін режимдер белгіленеді.Курорттар аймағында санаторлық-
эпидемиологиялық жайлы ахуалды сақтау мақсатында,санитарлық-эпидемияға
қарсы,санитарлық-гигиеналық,медико- санитарлық және ветениралық іс шаралар
жүргізіліп отыруы қажет.
Курортта ,курорттық аймақтарда минералды суларды,емдік батпақтарды
және өзге де табиғи емдік ресурстарды дайындау бұл қызмет түріне лицензиясы
бар арнайы мамандандырылған гидрогеологиялық мекемелер мен ұйымдар
тарапынан жүзеге асырылады.
Ресей курорттары мемлекеттік биліктің федеральдық органдар
қарауындағы – федеральдық маңызы бар курорттар; Ресей Федерациясының
мемлекеттік билік субъектілері органының қарауындағы - аймақтық маңызы
бар курорттар; жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қарауындағы –
жергілікті маңызы бар курорттар болып бөлінеді.
Табиғи емдік ресурстар мемлекеттік меншік болып табылады. Олар
федеральдық меншікте немесе Федерация субъектісінің меншігі болуы мүмкін.

Барлық санаторлық- курорттық ұйымдар заңдық күші бар Ресей
заңнамаларына және Ресей Федерациясы субъектілерінің заңдары мен өзге де
нормативтік құқықтық актілерге сәйкес құрылады.
Денсаулық сақтау саласындағы атқару үкіметінің федеральдық органы
(РФ денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі) әрбір нақты
курорттың немесе санаторийдің медициналық профильі және оның сыйымдылығын
анықтайды. Ол табиғи емдік ресурстарды пайдалану нормасы, оның қоры,
табиғи жаңаруы, игеруге арналған бос террриториясының болуы, курорттың
инфрақұрылым объектілерін пайдалану мүмкіндігі, аймақта қолайлы
экологиялық жағдайды сақтау негізінде анықталады.
Курорт емдік-сауықтыру мақсатында қолданылатын және игерілген
ерекше қорғаудағы табиғи емдік ресурстары бар табиғи аймақ болып
табылады, оған инфрақұрылым нысандарымен қоса, қажетті арнайы ғимараттар
мен үйлер де кіреді.

3. Сертификаттау туралы түсінік
Сертификаттау – персоналдарға, процестерге, процедуралар немесе
бұйымдарға қойылатын іс жүзінде бар квалификациялық талаптарды анықтау,
тексеру және құжат түрінде бекітуге бағытталған үкіметтің арнайы өкілетті
органының әдістемелік және практикалық қызметі.
Жалпы қабылданған халықаралық терминологиялық сертификаттау
сәйкестіктті бекіту ретінде анықталады. Ұлттық заңнамалық кесім (акт)
(біздің елімізде бұл Ресей Федерациясының жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтерді сертификаттау ережесі) бұл сәйкестік не үшін белгіленетінін
және оны кім белгілейтінін нақтылайды. Осылайша, Техникалық реттеу
туралы Федеральдық заңға сәйкес өнімді сертификаттау сәйкестіктікті бекіту
шарасы болып табылады, ол осы заң арқылы өнімді дайындайтын және оны
тұтынатын ұйымға тәуелсіз тұрғыда өнімнің белгіленген талаптарға жауап
бере алатын, алмайтындығын жазбаша түрде куәландырады.
Сертификаттаудың негізгі мақсаты ішкі рынокты пайдалануға жарамсыз
өнімнен қорғау болып табылады. Халықтың денсаулығын және қоршаған ортаны
қорғау, қауіпсіздікті сақтау мәселелері заңнамалық үкіметтің бір жағынан,
жеткізушінің (өндіруші, сатушы және т.б.) сапасыз өнімді айналымға
кіргізу үшін жауапкершілігін (Ресей Федерациясының Тұтынушылар құқығын
қорғау туралы Федеральдық Заңы, Еуропалық Одақ елдерінде қабылданған
өнімдер үшін жауапкершілік туралы Заңы ), екінші жағынан – айналымға
кіргізілетін өнімнің сипаттамасына қатысты орындалуға міндетті минимальдық
талаптарды белгілеуін міндеттейді (сипаттамаларға қойылатын минимальдық
талаптарды белгілейтін заңдар жалпы өнімдер тобына немесе оның жекелеген
параметрлеріне қатысты болуы мүмкін). Сертификаттау нысандарына өнім,
көрсетілетін қызметтер, жұмыстар, сапа жүйесі, персонал, жұмыс орындары
және т.б. жатады.
Қызмет көрсету саласындағы сертификаттау нысандары: қызмет көрсету,
қызмет көрсету саласының ұйымы (мекеме), персонал – қызмет көрсетуді
орындаушы, сапа жүйесі, өндіріс (өндірістік қызмет көрсету барысында)
болуы мүмкін.
Туристік қызмет көрсету сертификаттау жүйесінде сертификаттау
нысандары: қызмет көрсетуші мекеме, қызмет көрсетуді орындаушы, қызмет
көрсету процесі, сапа жүйесі болып табылады. Сапа жүйесін сертификаттауды
қызмет көрсетуді сертификаттайтын органдар жүргізеді, оған Ресей
Мемстандартымен аккредитацияланған сапа жүйесі бойынша аттестацияланған
сарапшылар тартылады.
Қызмет көрсетуді сертификаттау жүйесін қалыптастыруда оның келесі
мүмкіндіктері қарастырылады:
* ОКУН –ға сәйкес бір тектес көрсетілетін қызметтер тобын таңдау;
* міндетті және ерікті сертификаттау жүйесін қолдану;
* отандық мекемелер, сондай-ақ шетелдік мекемелер көрсететін
қызметтерді тарату;
* қызмет көрсетудің ерекшелігін ескере отырып, жүйенің Ресей
Федерациясы сертификаттау ережесімен сәйкестендіру.
Сертификаттаудың мақсаттары:
* өнімді таңдауда тұтынушыға жәрдем беру;
* тұтынушыны өнімі сапасыз өндірушіден қорғау;
* өнім және көрсетілетін қызмет сапасы көрсетікіштерін бекіту;
* ұйымдарға көмектесу, олардың қызметіне бірыңғай ресей тауар
нарығында жағдай туғызу;
* ұйымдардың халықаралық саудаға қатысуына жағдай туғызу,
халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа ықпал ету.
Сертификаттау органдары
Өз күшіндегі заңнамаларға сәйкес жалпы жағдайда өнімдерді
сертификатау барысында сертификаттау органы келесі операцияларды жүзеге
асырады:
* өтінім беруші тарапынан құжаттар жиынтығымен ұсынылған өтінімді
қарайды және өтінім бойынша шешім қабылдайды (құжаттардың түскен сәтінен
бастап 15 күн ішінде);
* өнім үлгілерін іріктеу, идентификациялауды орындайды, үлгілерді
сынақ зертханаларына тексеруге жібереді;
* өндіріске баға беруді жүргізеді (егер ол өтінім беруші тарапынан
таңдалған болса және сертификаттау органының ұсыныған сертификаттау
схемасымен келісілген болса);
* алынған нәтижелерге талдау жүргізеді және сәйкестік сертификатын
беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешім қабылдайды;
* сертификатталған өнімге сертификаттау схемасында көзделген
жағдайда инспекциялық бақылау жүргізеді, қажеттігіне қарай сертификатты
ұстаушымен түзетуші іс-шараларды келіседі;
* Ресей Мемстандартындағы сертификаттау нәтижелері туралы
ақпараттарды ұсынады.
Сетификаттау органдары келесі аймақтар бойынша біріктіріледі: Волга-
Вятский; Шығыс-Сібір; Қиыр Шығыс; Батыс –Сібір; Калининград; Поволжы;
Солтүстік; Солтүстік- Батыс; Солтүстік- Кавказ; Ураль; Орталық-
Қаратопырақты; Орталық.
Сертификаттау органы:
* өз қызметін аккредитациялау саласын, заңдық статусты (мәртебені),
құрам мен құрылымды, функцияларды, құқықтарды, міндеттерді,
жауапкершілікті, өзге де органдар және ұйымдармен өзара әрекеттестікті,
сондай-ақ өлшем жүргізуде сынақ зерттханаларын, қаржылық және өзге де
қызмет аспектілерін белгілейтін сертификаттау органдарының Аккредитациялау
ережелері негізінде дайындалған ережелерге сәйкес жүзеге асыруға;
* сертификаттау бойынша құжаттарды есепке алуды жүргізуге;
* сақталатын құжаттардың құпиялылығын (конфиденциальность) қамтамасыз
етуге;
* орындалған жұмыстың сипатына және ауқымына жауап бере алатындай
құжатпен рәсімделген сапа жүйесіне ие болуға;
* сертификаттау органы қызметінің мүмкіндігіндегі сенімділікті
қамтамасыз ететін сапа бойынша басшылық билігіне ие болуға;
* аккредитация саласымен сәйкестікті сертификаттау бойынша жүктелген
барлық функцияларды орындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрылымға ие
болуға;
* сертификаттау бойынша әрбір қызметкердің, сондай-ақ штаттан тыс
сарапшылардың біліктілігі, білімі, кәсіби тәжірибесі туралы мәліметтерді
есепке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Румыния елі бойынша курорт ісінің даму тәжірибесі
Халықтың рекреациялық қажеттілінің өзгеруі және оның сұрақтары
Курорттық іс пәні бойынша дәріс кешені
Қазақстанда курорт қызметтері нарығын қалыптастыру
Румыния мемлекеті
Қазақстандағы емдік туризмнің даму болашағы
Бурабай демалыс орындары
Қазақстан Республикасының емдік-сауықтыру орындарына баға беру
Қазақстанның емдік лайды қолданатын курорттары
Емдік туризмнің түсінігі
Пәндер