Гипербайланыс пен гипермедиа


ЖОСПАР:

КІРІСПЕ

1. ГИПЕРСІЛТЕМЕЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1. 1Netscape Navigator

1. 2. ГИПЕРБАЙЛАНЫС ПЕН ГИПЕРМЕДИА

2. МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР

2. 1ДАУЫСТЫ РЕТТЕУ.

2. 2ӘМБЕБАП ОЙНАУЫШ.

2. 3АУДИО ЖӘНЕ MIDI ФОРМАТТЫ ФАЙЛДАРДЫ ТЫҢДАУ.

2. 4ДЫБЫСТАРДЫ ЖАЗУ МҮМКІНДІГІН ПАЙДАЛАНУ.

2. 5ДЫБЫС ЖАЗУ

2. 6ОҚИҒАҒА ДЫБЫСТЫ ТАҒАЙЫНДАУ.

2. 7МРЗ ПIШIМIНДЕГI ФАЙЛДАРДЫ ЖАСАУ.

ҚОРЫТЫНДЫ.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.


КІРІСПЕ

Электрондық пошта да, телеконференциялар жүйесi де ақпарат алмасудың “сырттай” жүйелерi iспеттес. өз пошталық жәшiгiмiздi ашып, бiз оған келiп түскен хабарламаны көремiз. World Wide Web қызметi интерактивтi жұмыс iстеуге арналған. Ол ақпараттарды iздеу және жинау мүмкiндiгiн бередi. WWW пен жұмыс iстеу қызықты орындарды көру мақсатында әлемге виртуалды саяхат жасауға өте ұқсас. World Wide Web астарында HTML құжаттарының форматы және гипермәтiндiк сiлтемелер деген екi ұғым бар.

WWW(World Wide Web ) қызметтегi құжаттар үшiн арнайы программалар броузерлер болады, олар жаңағыдай құжаттарды экранда көрсете алады. Боузердiң көмегi арқылы WWW(World Wide Web ) құжаттарының көпшiлiгiне шыға аламыз. Web құжаттарының кез келгенiнiң әдетте гиперсiлтемелерi болады. Гиперсiлтемелер - бұл басқа Web құжаттың адресi байланысқан мәтiннiң фрагментi немесе құрамдас объектiсi.

  1. ГИПЕРСІЛТЕМЕЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ

ТҮСІНІК

Броузерде қарағанда мәтiндiк гиперсiлтемелер түсi мен асты сызылумен, ал графикалық гиперсiлтемелер жақтауымен ерекшеленедi. Маустың көрсеткiшiн гиперсiлтеме болып келетiн объектiге бағаттағанда, көрсеткiш пiшiнiн өзгертiп, алақан бейнесiн қабылдайды. Гиперсiлтеменi шерткенде броузер автоматты түрде бұл сiлтеме нұсқаған Web құжатты, тiптi бұл құжат басқа континентте орналасқан компьютерде болса да жүктейдi. Осылай, гиперсiлтемелер бойынша бiр құжаттан басқасына өтiп, Web-кеңiстiгi бойынша саяхат жасауға болады.


1. 1Netscape Navigator

Ең танымал және кең тараған броузер -Netscape Navigator, одан соң-Intenet Explorer. Ол Windows -95 операциялық жүйесiне қосы тiркеледi.

WWW авторлары -Женевадағы элементтер бөлшектер физикасының лаборатория қызметкерлерi, физиктер Том Бренс-Ли және Роберт Кайо. Бұл ғалымдар физикалық зерттеу нәтижелерiн талдау мақсатында бүкiл дүние жүзi ғалымдары арасында байланыс орнатуды жүзеге асыру үшiн жүйе жасауды қолға алған. Мұнда ақпарат гипермәтiндi формат арқылы таратылады. Гипермәтiн мүмкiндiгi Web мәлiметтердiң бiрiнен екiншiсiне оңай көшудi жеңiлдетедi. World Wide Web қазiргi заманғы ақпаратқа шығу технологияларының бiрiн-гипермедианы iске асырады. Бұл технологияларының базалық түсiнiгiнiң бiрi гипербайланыс немесе гиперсiлтеме болып табылады.

1. 2. ГИПЕРБАЙЛАНЫС ПЕН ГИПЕРМЕДИА

Гипербайланыс пайдаланушыға менюi, жұмыс орн, басқару және ақпарат байланысы элементтерi Help -жүйесi және басқа жүйелер бойынша жақсы таныс гипермәтiндiк сiлтемеден тәуiр жақтарымен ерекшеленедi. Бiрiншiден, гипербайланыс-“не нәрсеге де” және “қайда да”, яғни жүйенiң кез келген нүктесiндегi кез келген файлға немесе бағдарламаға сiлтеме. Екiншiден, гипербайланыс “иерархиялық қосылу”, ”басқару”, “бағыну” сияқты “ауырлатылған “қатынастардан таза. Сондықтан ол ақпарат жүйесiнде байланыстың тiзбектi иерархиялық, көлденең, жалпы жағдайда неғұрлым табиғи желiлiк түрлерiн жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Бұл ресурстың “әлемдiк өрмекшi торы” деген атынан -ақ көрнiп тұр. Үшiншiден, қазiргi өнiмдерде гипербайланыс оңай және айқын орнатылады. Бұл да оның байланыстың басқа түрлерiнен артықшылығы.

Web-серверлерiн интернеттiң ауқымды желiсiнде пайладану мультимедиа пiшiмiнде ақпарат алмасудың кең мүмкiндiкерiн ашады. Бұл ол кезегiнде өнiмдi жарнамалап нарқыты зерттеуге техникалық қолдануды жүзеге асыруға, сондай-ақ көптеген мiндеттердi тиiмдi шешуге мұрындық болады.

Гиперсiлтеме және мультимедаи мүмкiндiктерi түрiндегi өзара байланыс кәсiпорындарын ақпараттық құрылымның шегiнде бiрқатар артықшылықтар бередi. Интернет технологияларын жергiлiктерiн қажетiлiктерi үшiн пайдалану “интернет” деген атқа ие болды. Бұл кеңесiлiк файл серверiмен жай ғана жұмыс емес, дербес компьютермен телекоммуникацияларды неғұрлым тиiмдi пайдалану мұның үстiне, жақын болашақта ұжымдық жұмыспен қамтамасыз ету мiндетiн интернет орындайды деген пiкiр бар.

Қазiргi кезде мультимедианы қолданудың бiрнеше негiзгi бағыттары қалыптасқан, оларда өздерiнiң ережелерi мен терминологиясы жасалған. Мультимедиа қосымшаларын жасау жөнiндегi мүмкiндiктер ауқымы айтарлықтай кең. Мультимедиа қауырт дамып келе жатқан хабарламалық технология, ол теледидарлық кескiнделудiң және дыбыс жазуының бейнелiгi мен шынайлығын дербес компьютердiң интерактивтi мүмкiндiктерiн бiрiктiредi. Бiлiм беру мен оқытылып үйретудегi мультимедиа аса маңыздыбағыттардың бiрi болып табылады. Жоғарғы кәсiби деңгейдi қамтамасыз ететiн бiлiмдер тез өзгерiстерге ұшырайды.

Мультимедиа дыбыс, графика, анимация көрiнiстiк фрагменттердi және мәтiндердi қатар пайдалана отырып динамикалық түрдегi бейнелер мен дыбыстық мәлiметтер алу мүмкiндiгiн беретiн арнайы жабдық.

Дыбыс жазу дыбыс платасының көмегiмен неше түрлi дыбыс, сөздер тiркесiн . WAV форматындағы файлдарға жазу, ойнату және өңдеу мүмкiндiк беретiн программа.

Медиаплеер - дыбыстар жазылған MIDI файлдарды әуендер, сөздер, жызылған компакт-дискiлердi және жылжымалы бейнелерi бар дискiлердi оқуға арналған мультимедиа мүмкiндiктерiн iске асыра алатын программа.

Мультимедиа -қауырт дамып келе жатқан хабарламалық технология, ол теледидарлық кескінделудің және дыбыс жазуының бейнелілігі мен шынайылығын дербес компьютердің интеративті мүмкіндіктерін білдіреді. Осы негізгі үш құрам, яғни үш орта мультимедиа (multimedia) терминінің түсінігін береді, оның ең қысқа анықтамаларының бірі -іштей пәрменді бағдарламалық қамтамасыз етуді басқару арқылы көру және дыбыс әсерлерінің өзара ықпалдасуы.


2. МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР

Мультимедиа- дыбыс, графика, анимация (қимыл-қозғалыс), көріністік фрагменттерді және мәтіндерді қатар пайдалана отырып динамикалық түрдегі бейнелер мен дыбыстық бейнесхемалары бар. Windows жүйесінің осындай мультимедиалық негізгі мүмкіндіктерді жүзеге асыратын аудиожазба және дыбыстық файлдар құрып, оларды құжаттар құрамына енгізуге, кез келген компакт-дискілерде жазылған музыка мен қимылдайтын бейнелерді ойнатуға болады.

Мультимедиалық мүмкіндіктерді толық пайдалану үшін компьютер 16 разрядты SVGA монитормен, MIDI форматын қолдайтын 16 разрядты дыбыстық тышқанмен және компакт дискіні оқуға раналған CD-ROM дискіжетегімен жабдықталуы қажет. Жұмыс барысындағы жағдайларға қарай мұнан басқа да көптеген компоненттерді орнатуға болады.

Дыбыстық фрагменттерді қосу кезінде компьютерде айқын көрінеді. Дыбыстық фрагменттерді жазу және оқу үшін, компьютерде дыбыстық тақша орнатылуы керек. Дыбыстық тақшаға динамик жалғанады (дыбысты компьютердің құрамындағы динамикпен тыңдау мүмкіндігі шектеулі) Дыбыстық жазу үшін микрофон, тыңдау үшін құлаққап құлаққалқан (наушник) болуы қажет. Егер компьютерде дыбыстық тақша орнатылған болса, ол Windows операциялық жүйесі жүктелгеннен кейін бірден жұмыс істейді.

Құлаққаптың параметрлерін тексеру немесе қайта орнату үшін Бас меню:Баптау →Басқару тақтасы қатарларынан таңдап, ашылған сұхбат терезедегі Мультимедиа шарт белгісінде тышқанды екі рет шертеміз. Аудио, Видео, MIDI, CD, Қосымша деген төрт астарлы беттен тұратын Мультимедиа қасиеттері: сұхбат терезесі ашылады.

Осы терезенің Аудио астарлы бетінде компьютерге орнатылған дыбыстық файлдарды тыңдау және жазу үшін қолданылатын құрылғыларды анықтай аламыз. Тыңдау және Жазу бөлігіндегі Негізгі құрылғы бөлігі-осы әрекеттерді орындауға арналған құрылғыны білдіреді. Жазу сапасы деген жерде Радиотрансляция деп көрсетілген. Неғұрлым жазу сапасы жоғары болса, сол файлды оқу сапасы да жоғары болады. Баптау (Настройка) батырмасын шерту арқылы ашылған терезеде тиісті параметрлерді өзгерту мүмкіндігі бар. Егер, компьютерге ешқандай тыңдау және жазу құрылғылары орнатылмаған болса, осы астарлы бетте ешнәрсе көрінбей тұрады. Видео, MIDI, CD астарлы беттерінде олардың әрқайсысына сәйкес параметрлерін орнату мүмкіндіктері бар. Қосымша астарлы бетінде Мультимедиа драйверлерінің тізімі шығады, қажетті параметрлерін өзгерте отырып жүзеге асыра аламыз.

Мультимедиа драйверлері дегеніміз - дыбыстық тышқанның жұмыс істеуін, сондай-ақ дыбысты жазу және оқу әрекетін іске асыруға арналған арнайы программалық жабдық.

Мультимедианың мүмкіндіктерін пайдалану үшін Бас менюде:Программалар →Стандартты→Мультимедиа қатарын таңдаймыз да, қажетті команданың бірін орындаймыз.

Дыбыстық файлдың жасалуы.

Аудиомен жұмыс істеуге арналған қарапайым бағдарламалардың бірі Windows-тың барлық версияларының құрамына енгізілген. Солардың көмегімен дыбыс дауысын реттеп, микрофонмен жүйелік енудің сезгіштігін орнатуға болады. Бұған қоса кішігірім дыбыстық фргаментерді жазып, оған қарапайым өзгертулер жасап, нәтижесін файлға жазуға болады. Сондай-ақ, Windows-қа компакт-дискілер мен мультимедиалық файлдарды ойнату құралдары да қосылған.

Windows-2000-ның соңғы версиясына мультимедиамен жұмыс істеудің қосымша құралдары енгізілген. Демек, кезкелген мультимедиалық жазбаларды ойнатып, музыканы сандық плеерға жазуға, Интернетпен жұмыста пайдалануға мүмкіндік бар. Мұның үстіне, компьютерге бейнефильмді кіргізіп, оны редакциялап, сандық түрде сақтауға немесе бейнемагнитафонға аударуға болады.

Дыбыстармен, муызкамен жұмыс істеу үшін көптеген бағдарлама ұсынылады. Олар бірнеше класқа бөлінеді. Дыбыстық редакторларда әртүрлі көздерден дыбыстарды енгізіп, оларды өңдеуге, сапасын жақсартуға және әсер қосуға жол ашады. Sound Forge және Wave Lab бағдарламалары ең жақсы редакторлары болып табылады. Көп арналы құрастыру үшін Cool Edit редакторы қолданылады. Музыканы жасау және редакциялау, сондай-ақ музыкаға вокал қосу үшін MIDI және аудиосеквенсор деп аталатын бағдараламалар пайдаланылады. Бұл кластың үздік бағдарламасы болып GakeWalk Pro Audio және Gubase танылған. Бұл бағдарламаларды кәсіпқой компазиторлармен музыканттар пайдаланады. Кәсіпқойлар әртүрлі қосымша бағдарламалармен жұмыссітейді. Мысалы, Soft Enode бағдарламасының көмегімен аудиоөнімдерді ауқымды дыбыс пішіміне кодтау мүмкін, ол DART Pro бағдарламасы фонограммаларды тазартып, қалпына келтіре алады. MIDI пішімдегі файлдарды Wav пішіміне өзгертетін AudioCompositor бағдарламасы да пайдалы. Clean бағдарламасы аудиокомпакт-дискілерді жазуға жәрдемдеседі. Басқа да бағдарламалар жетерлік, бірақ дыбыспен күнделікті жұмыста компьютерді пайдаланушылардың көпшілігіне қуатты SoudForge аудиоредакторы жеткілікті.

Видеомен жұмыс істеу үшін Windows-тің кірістірілген құралдарында, сондай-ақ осы үшін арнайы жасалған көптеген бағдарламаларды да пайдалануға болады. Видеомен жұмыс істеу үшін Windows-тің кірістірілген құралдарын да, сондай-ақ арнайы жасалған көптеген бағдарламаларды да пайдалануға болады. Видеомен жұмыс істеудің ең танымалы-Adobe Premiere және Ulead Media Studio Pro бағдарламалары. Бұл бағдарламалар әмбебап, сондықтан видеосигналды белгілеп, өңдеп, алынған бейнелерді түрлі пішімге кодтауға мүмкіндік береді.


2. 1ДАУЫСТЫ РЕТТЕУ.

Дауысты реттей бағдарламасы (VolumeControl) компьютерде дыбысты қайта жаңғырту үшін қажет. Бұл бағдарлама түрлі дыбысты көздерін компьютерге қосуға, ажыратуға, сондай-ақ әр дауыс пен стеробалансты реттеуге мүмкіндік береді. Кей жағдайларда дыбыс тембрін реттеуге де реттеуге болады. Бұл бағдарламаның екі жұмыс режимі бар. Windows тапсырмалар панеліндегі белгіні бір шерткенде дауысты тез реттеу терезесі ашылады.

Тік сырғытпа бір мезгілде компьютерге қосылған барлық құрылғылар үшін дыбысты бір мезгілде өшіруге мүмкіндік береді. Дыбыс өшіргенде тапсырмалар панеліндегі қатты дауыстағыштың белгісі сызылған түрде көрінеді. Бұл жалаушаны қозғау компьютердің дыбысын қайта қосады. Дауысты тез реттеу терезесін жабу үшін оның шегінен тыс кез келген тұстан шертсе жеткілікті.

Әдетте дауысты реттеу бағдарламасын жалпы реттеу үшін емес, жекелеген дыбыстық құрылғыларды жекелеп бабына келтіру үшін пайдаланады. Егер Windows тапсырмалар панелінгдегі бегісінде екі шертсе, онда терезе ашылады. Оның сырт көрінісі компьютерде қандай дыбыстық карта пайдаланылатынына байланысты. Кейде оны амалдарды орындау арқылы да, қосуға болады. Бас менюдегі Программалар → Стандартты → Мультимедиа→ Деңгейлерді реттеу командасын орындағаннан кейін тыңдау және жазу дыбыстарының қаттылығын реттеу мүмкіндігін беретін терезе ашылады.

Бұл терезеде компьютердегі дыбыстармен жұмыс істейтін құрылғыларды басқаратын аспаптарды басқарудың бірқатар элементтері бар. Мұндай құрылғылардың санына қарай элементтер жиыны да әрқалай. Басқарудың әр элементі дыбысты реттейтін қарапайым терезеге ұқсас. Онда дауысты реттейтін сырғытпа және аталған құрылғыны толық өшіріп тастайтын жалауша болады. Әр құрылғыда сол және оң стереоарналардың өзара балансын реттейтін тағы бір көлденең сырғытпа бар. Басқару элементінің ең сол жақтағы тобы барлық құрылғының дауысын бірден реттейді. Ол белгісінде бір шерткенде пайда болатын топпен толық үйлесімді.

Егер бұл терезеде өзімізге қажетті құрылғы жоқ болса, оны Параметрлер→Қасиеттер(Свойства) командасын орындау арқылы ашылған терезеде берілген тізімннен таңдап аламыз. Бұл жалаушаны жылжыту және орнату арқылы жасалады. Сендер жалаушаны өздерің құрлығы тізіміндегі микрофонның тұсына орнатылуы керек, содан соң микрофоннан кіруді қосып, дауысты бабына келтіріңдер. Сонда ғана компьютер дауыс зорайтқыш ретінде жұмыс істейді.

Қажетсіз шу болмас үшін, ең дұрысы, микрофоннан кіруді қоспаған жөн. Дегенмен, микрофоннан бір нәрсе жазып алу қажеттігі тууы мүмкін. Есте болатын бір жай, жазу және қайта жаңғырту бір-біріне тәуелсіз бапталады. Қайта жаңғыртуды баптау үшін диалогтағы ауысытырп, қосыш көмегімен жазбаға арналған құрылғыны табу керек те, содан соң диалогтағы ОК батырмасын шерту қажет. Сонда сендер реттеуге ораласыңдар, бірақ енді сендерге дыбыстың түрлі көздері жазбасының деңгейін реттеу ұсынылады. Сырғытпамен жазба деңгейін реттеуге болады. Бұл жағдайда микрофоннан қайта жаңғырту өшірілген болса, онда акустикалық жүйеде ешқандай дыбыс естілмейді. Дегенмен, дыбыспен жұмыс істеу бағдарламасы микрофонмен қажетті сигнал алады.

Кейбір дыбыстық қатарлар үшін дауысты реттеу терезесінде қосымша батырма болуы мүмкін, оны басқанда нақты дыбыс картасы рұқсат ететін тембр және басқа параметрлерді реттеу терезесі ашылады.

Сырғытпаны жылжытып, дыбысталудың қажетті тембрін орнатып, Закрыть батырмасын басыңдар. Жазу және қайта жаңғырту деңгейінің бабын келтірген соң бағдарлама терезесіндегі батырмасын басып, дауысты реттеу бағдарламасының терезесін жаба аласыңдар.

Жазу немесе тыңдау, басқа өрістерінің тиістісін таңдаған соң, жылжу жолағын таңдап аламыз.

ACTIVE MOVIE ФАЙЛДАРЫНЫҢ ТИПТЕРІ.

Бас менюдегі Программалар →Стандартты -Мультимедиа→ Active Movie файлдарының типтері командасы орындағаннан кейін, дыбыстық файлдармен жұмыс істеу процесінде Active Movie программасын қолдану немесе қолданбау мүмкіндігін ауыстырып қосу терезесі ашылады. Егер басқа программа қолданатын болсақ, жалаушаларды тышқанды шерту арқылы алып тастаймыз.

2. 2ӘМБЕБАП ОЙНАУЫШ.

Әмбебап ойнауыштың (Универсальный проигрователь) көмегімен аудио-видео және анимациялық файлдарды оқуға болады. Мультимедиа файлдарды өте көп орын алады, сондықтан олар көбінесе компакт-дискілерді, компьютердің қатты дискісінде, басқа үлкен көлемді ақпараттар сиятын жинақтауыштан мәліметтер жылдам оқылса, соғұрлым тыңдау сапасы жоғары болады.

Мульитимедиа файлдары түрінде (мысалы, . AVI тіркеуі файлдар) аудио және санды видеоақпарттар, мәтін немесе басқа да мәліметтер болуы мүмкін. Мультимедаиылқ құрылғы мен программалық жвбдық файлдың қандай ақпараттардан құралғанын анықтайды да, оларды жіктеп, тыңдау мақсатында сәйкес құрылғыларға жібереді.

Мультимедианың типі Файлдың тіркеуі

Анимация AVI

Санды (цифровое) видео AVI

Музыкалық аспаптық санды интерфейс MID

Аудиофайл WAV

Егер мультимедианың төменгі сатылы командаларының тізімінде Әмбебап ойнауыш жоқ болса, оны орнату керек. Windows операциялық жүйесін қарапайым режимде орнату кезінде Әмбебап ойнауыш қойылмайды. Оны орнату үшін бас менюдегі Баптау→Басқару тақталары командаларын орындаймыз да, ашылған терезеде Программаларды орнату және өшіру шарт белгісінде тышқанды екі рет шертеміз. Windows -ты орнату астарлы бетіндегі

Мультимедиа қатарында тышқанды екі рет шертеміз. Тізімдегі Деңгейлерді реттеу, Аудиожазбаларды қысу, Бейнежазбаларды қысу, Әмбебап ойнауыш қатарларының жалаушасын көтереміз .

МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ФАЙЛДАРДЫ ТАҢДАУ.

Бас менюдегі Программалар →Стандартты →Мультимедиа →Әмбебеп ойнауыш командасын таңдаған соң, мультимедиа файлдарын тыңдау мүмкіндігін беретін терезе ашылады.

Бұл терезеде Файл менюінің Ашу (Открыть) командасын орындаймыз. Сонда файлды таңдау мүмкіндігін беретін терезе ашылады. Осы терезеде файлдың типін көрсетеміз де, қажетті файлды ерекшелеп Ашу батырмасын шертеміз. Мысалы, анимациялық немесе санды видео файлдарын тыңдағымыз келсе, Файлдардың типтерін көрсететін батырманы шертіп, тізімнен Windows-қа арналған (*. avi) қатарын таңдаймыз. Файл таңдалынған соң, Әмбебап ойнауыш терезесіндегі Тыңдау батырмасын шертеміз. Терезені уақытша кішірейтіп қою немесе файлды тыңдау, мүлде жауып тастау әркеттерін өз қалаумызша орындаймыз. Төмендегі батырмалардың қызметі көрсетілген:

Тыңдау батырмасы

Тоқтау

Шығарып алу(Извелчь)

Алдыңғы белгі (предыдущая метка)

Артқа айналдыру

Алға айналдыру

Келесі белгі

Әмбебап ойнауыш терезесіндегі Құрылғылар менюінің командаларын орындау арқылы, қажетті құрылғыны немесе файлдың типін таңдап, ашылған сұхбат терезеде файлдың атын көрсете отырып, оларды тыңдау мүмкіндігі бар.


2. 3АУДИО ЖӘНЕ MIDI ФОРМАТТЫ ФАЙЛДАРДЫ ТЫҢДАУ.

Windows операциялық жүйесінің бірнеше форматты дыбыстық файлдарды жазу және тыңдау мүмкіндігі бар. Олар өте кең тараған дыбыстық форматтар: аудио файлдарға арналған Microsoft форматы waveform audio және музыкалық аспаптық санды интерфейс немесе MIDI -форматы.

Олар магниттік таспаға жазылған дыбыстар сияқты сақиалады. Аудиофайлдар дегеніміз-әрбір нүктеде сандар арқылы файлдар түрінде жазылған көптеген мәндерді қабылдайтын аналогты аудио сигналдар. Файлдарды тыңдау жылдамдығы мен дыбыс қаттылығын өзгертуге және жаңғырық немесе реверс сияқты арнайы эффектілер қосуға мүмкіндік бар. Адиофайлдар хабарлар немесе сөздер жазу кезінде қолданылады.

MIDI -файлдар дегеніміз- жазылған дыбыстар емес, қоладынлатын аспаптар және қандай ноталар қандай ұзақтықта тыңдалатыны жөніндегі мәліметтер жинағы. MIDI -файлдар аспапты әуендерді жазу және тыңдау үшін қолданылады. MIDI форматы көбінесе музыканттар пайдаланады.

Аудио және MIDI файлдардың айырмашылығы. Мысалы гитарамен сүйемелдеген әнді файлға жазу қажет болсын. Себебі ән орындалған кезде дауыс ырғағы, қаттылығы, ұзақтығы үнемі өзгеріп отыратындықтан өз дауысымызды аудиофайлға жазамыз. Ал, гитараның дауысын дыбыс жиілігі мен биіктігін анықтап, гитараны тыңдайтын аспап ретінде қолдана отырып MIDI файлға жазамыз. Сонан кейін Әмбебап ойнауыш терезесін ашамаыз. Файл-Ашу командасын орындаймыз да, аудиофайлға тыңдау үшін файлдың типін Дыбыс (Звук) . wav, ал MIDI файлдар үшін Секвенсер MIDI (*. mid, *. rmi) деп көрсетеміз де, қажетті файлды ашқан соң, тыңдау батырмасын шертеміз.


2. 4ДЫБЫСТАРДЫ ЖАЗУ МҮМКІНДІГІН ПАЙДАЛАНУ.

Аудиофайлдарды дыбыстық тақшаға орнатылған микрофон (немесе микшер) және күшейткіш көмегімен жазу мүмкіндіктері бар.

Жазу әрекетін бастамас бұрын Мультимедиа қасиеттері сұқбат терезесіндегі параметрлерді тексеріп алу қажет. Бас меню-Баптау-Басқару тақтасы командасын орындаймыз да, Мультимедиа шарт белгісінде тышқанды екі рет шертеміз. Аудио астарлы бетіндегі жазу дыбысының қаттылығын анықтайтын қозғалту жолағының шкала ортасында тұрғандығына көз жеткіземіз.

Егер тыңдай кезінде дыбыс өте қатты немесе жай болса, оны сұқбат терезеде өз қалаумызша реттейміз.

Дыбысты жазу үшін бас менюдің Программалар → Стандартты → Мультимедиа→Фонограф командасын орындаймыз. Сонда дыбысты жазу мүмкіндігін беретін терезе ашылады.

Микрофонды өзімізге ыңғайлы етіп алдымызға қоямызда, Жазу батырмасын шертеміз. Жазуға тиісті мәтінді оқимыз. Егер қателесіп кетксек Файл-Құру командасын орындап басынан бастауға болады. Тоқтау (Стоп) батырмасын шертеміз.

Эффектілер менюіндегі Жаңғырық қосу (Добавить эхо) командасын орындау арқылы, жазбаға ерекше әсер беруге болады. Егер әлсіз жаңғырық қосылса, үлкен аудиторияда немесе концерт залындағы дыбыс сияқты болып қатты естіледі. Эффектілер менюінің командаларын абайлап қолданбаса бастапқы дыбысты мүлде басып кету мүмкін. Жаңғырық қосу, жылдамдық, қаттылығын өзгерту әрекеттері бір-біріне қосыла береді де, әрбір дыбыс қаттылығын көтеру кезінде жазба дыбысының қаттылығы артып кететін жағдайлар да болады.

Жазылған дыбысты тыңдау үшін әуелі Басына көшу(переход начало) батырмасында, одан кейін Тыңдау батырмасында тышқанды шертеміз. Жазылған дыбысты файл ретінде сақтау үшін Файл-Сақтау командасын орындаған соң сақталатын орнын көрсетеміз де, атын теріп жазамыз.

Терезедегі батырманың қызметі.

1-Басына көшу (Жазылған дыбыстың бас жағына оралу)

2-Соңына көшу

3-Тыңдау

4-Тоқтау

5-Жазу


2. 5ДЫБЫС ЖАЗУ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп мұғалімдерінің интернет - ресурстарды пайдалану даярлығының әдістемесі
Интернеттен ақпарат iздеу
Іздеу серверлерімен жұмыс
Мультимедиалық окыту деген не Қандай түрлері бар
HTML тілі. Гипермәтін және гипермедиа
Window класы
Интербелсенді технологиялар
Операциялық жүйенің жіктелуі
Жаңа ақпараттық технологияны қолданумен өткізілетін сабақ
Бастауыш сынып математикасын оқыту барысында ақпараттық технологияларды қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz