Қоршаған ортаның ластануы туралы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
“Химия-технология” кафедрасы
Тақырыбы : Қоршаған ортаның ластануы
Қоршаған ортаның химиялық ластануы .
Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфе- раны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ор- таға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады.
Осы қалдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам организміне келіп түседі.
Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген же- рі жоқ деп айтуға болады. Тіпті ешқандай өнеркәсіп орын- дары жоқ Антарктиданы алайық. Бұл жерде адамдар кішігі- рім ғылыми станцияларда тұрып, ғылыми бақылаулар ғана жасайды. Ғалымдар осы заманғы өнеркәсіптердің әр түрлі улы заттарын осы Антарктидадан да тапқан. Олар бұл жерге басқа жерлерден ауа ағындарымен келіп түскен.
Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай әр түрлі жағамсыз нәтижелер туғызады. Осындай зөаттардың қысқа мерзімде болса да адамға әсері - адамның басын айналдырады, құс- қысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтелтеді Егер де адам организміне осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе, қатты уланып есінен танады, тіптен өліп кетуі мүмкін. Ондай улы заттарға ірі өнеркәсіптік қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған қара түтіндер немесе өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтары мысал бола алады. Электр станциялары, түрлі - түсті металл өндіретін зауыттар, химиялық және мұнайды қайта өндейтін кәсіпорындар атмосфераға үлкен түтін шығаратын мұржалар арқылы көптеген адам организміне зиянды улы заттарды ауаға шығырады.
Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді.
Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі күкірттің қос тотығы ( SO 2 ) коксохимия заттарымен, тау - кен өндіру және целлюлоза - қағаз өнеркәсіптерінің жұмысы нәтижесінде ауаға шығарылады. Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт қышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей қабаттарына, терісіне әсер етеді және өсімдік те көп зардап шегеді. Ауадағы күкіртті сутек адам организмін улап қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың жүйке ауруларын туғызады.
Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азық түлік құрамындағы фторлы сутек адамды, жануарларды құстырып өте жаман ауру туғызады. Хлорлы сутек пластмасса қалдықтарын жақ- қанда пайда болады. Осы газбен тыныс алғанда адамның тыныс жолдарының кілегейлі қабығын зақымдандырып, өкпенің ісік ауруын туғызады.
Ендігі жерде біз, қоршаған ортаның қазіргі заманға нақты проблемаларына тоқталамыз.
Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа бөлеміз:
1. Физикалық ластану- радиоактивті заттар, электромаг- ниттік толқындар, жылу, шулар және тербелістер.
2 . Химиялық ластану - көмертегі өнімдері, күкірт, көмір- сулар, шайынды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар.
3. Биологиялық ластану - ауру қоздырғыш бактериялар, вирустар, құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.
4. Эстетикалық зиян - табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының бүлінуі, орман- тоғайлардың жойылуы т. б
Биосферадағы ластану процесін 3 кезеңге бөлеміз:
- ластаушы заттардың таралуы;
- ластағыштардың биомассаға енуі;
- ластағыш заттардың биологиялық топтануы немесе қорлануы;
Қоршаған ортаның химиялық ластануының кейбір түрлері қазіргі кезде глобальды экологиялық проблемаларды туғызып отыр. Олар жер шарындағы жиі - жиі байқалып отырған “Жылу эффектісі”, “ Озонның жұқаруы”, “ Қыш- қыл жауындар”, “Фотохимиялық тұмшалар” және осылардың әсерінен туындайтын аурулар.
Атмосферадағы тіршілікке қажетті барлық процестер оның тропосфера қабатында жүреді. Оның жер бетінен қалыңдығы 10-18 км Енді біз жекелеген зиянды заттардың өзіне және қоршаған ортаға тигізетін әсеріне тоқталамыз.
Көміртегі оксиді (CO 2 ) және монооксид (CO) . Жалпы отын жаққан кезде көміртегінің екі газы түзіледі. Екеуі де ластағыш газдар. Оның бірі көміртегі диоксиді - улы емес, ал монооксид улы болып келеді. Ол адамның қанындағы гемоглобинмен өте тез қосылып зиянды қоспа түзіп ауру туғызады.
Соңғы жылдары атмосферадағы көміртегі оксидтері тез көбейіп өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесін жылдамдатуда. Нәтижесінде, көміртегі оксиді әрбір 10 жыл сайын 2 % - ке өсіп, атмосферада жылу эффектісін туғызуда. Ал, жылу эффектісі өз кезегінде жер шары климатының орташа температурасын көтеріп, түрлі экологиялық апаттардың (мұхиттардың көтерілуі, ауа райының көтерілуі, қауіпті циклондар мен цунамилар, шөлейттену, өрттер, т. б) тууына себеп болып отыр.
Озонның жұқаруы XIX ғасырдың 80-жылдарында атмосфера қабатында opoнның кейбір жерлерде жұқаруы байқалған. Мәселен, 1987 жылы Антакида тұсында opонның мөлшері күрт азайып (космостық станциясының фотосуреті бойынша) ол 7 млн км аумақты қамтыған. Осы жағдай 1992 жылы Оңтүстік Америка тұсында оның мөлшері 50%-ке жеткен.
Осы жағдайға байланысты БҰҰ жанынан ғылыми кеңес құрылып « озонның жұқару» себебін зерттеу басталды. Нәтижесінде, оның негізгі көзі- хлорфторкөміртектік (фреондар) қосылыстар екені анықталды. Осы химиялық қосылыс атмосфераға көтеріліп, фотохимтялық ыдырауларға ұшырап, хлор тотығын түзеді. Ол өз кезегіндегі озон молнеуласын ыдыратып жойып отырады. Нәтежесінде озонның жұқару проццесі басталып, Космостан келетін зиянды ультракүлгін (УК) сәулелердің еркін өтуіне жол беріп, бүкіл тіршілік атаулыға қауіп төндіреді.
Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау БДС) ұйымының мәліметі бойынша атмасферадағы озонның 1% -ке азаюы қауіпті ісік ауруларын көбейтіп жіберетіні анықталған. Сол сияқты УК сәуленің көбірек өтуі адам баласының иммундық қорғаныс қабілетін азайтып, жұқпалы аурулардың меңдеп кетуіне жол ашатыны дәлелденіп отыр. Осыған орай, 1985 жылы озон проблемасын шешу үшін халықаралық Конвенция қабылданды. Оның мкқсаты-озон қабатынан бүлдіргіш заттар шығаруды тежеу немесе тоқтату. Осы бағытта Ресей мен ТМД елдерінің біріккен ғалымдар ұжымы енбек етуде.
Қышқыл жауындар- атмасфераға байланысты қазіргі кезендегі үлкен проблема. Оның негізгі көздері күкіртті ангидрид (SO 2 ) пен азот тотығы( NO, азот қос тотығы NO 2 ) және азот тетраоксиді( N 2 O 4 )
Күкіртті ангидрид. Адам баласы жылу алу үшін көмір мен мазутты жағу кезінде күкірт ангидриді ауаға түседі. Мәселен, 1 млн тонна көмір жаққан кезде 25 мың тонна күкірт бөлінеді екен. Әрине, күкірт және элемент күйінде емес, оның күкірт тотығы ретінде ауағашығарылады. Осы газ атмасфераға түсіп, оттегімен тотығып әрі су буымен қосылып одан күкірт қышқылы түзіледі. Құрамында қышқыл бар тұмандықтан жауын түрінде биосфераға түсіп қауіпті зиян келтіре бастайды.
Сол сияқты отындарды жаққан кезде де күкірт қышқылы түзіліп, ауа еағысымен алыс жерлерге жетіп, күтпеген аймақтарда да фауна мен флораға, адам баласына зиян келтіріпотыр.
Қоршаған ортаның радиациялық ластануы.
Радиациялық ластанудың басқа ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды электромагниттік сәуле шығарумен зарядталған бөліктерді бөліп шығаратын тұрақсыз химиялық химиялық элементтердің ядросы - радиоактивті - нуклидтер. Міне осы бөлшектер мен шығарылған сәулелер адамның органезіміне түскенде жасушаларды бұзады, сонның нәтежесінде түрлі аурулар пайда болады.
Радициялық ластанудың негізгі көздері-альфа гамма және бэта сияқты радиоактивті сәулелер.
Адамның іс-әрекеті нәтежесінде биосфераның радиациялық ластануы өте үлкен қауіп тудырып отыр. Қазіргі кезде радиоактивті заттар өте кенң қолданылуда. Осы элементерді тасымалдауда болатын немқұрайдылықтың нәтежесінде өте күшті радиациялық ластану болады. Мысалығ атом қаруын сынақтан өткізу биосфераның радиациялық ластануына әкеліп соғады. Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан бастап, түрлі атом электр станциялары, мұз жарғыш кемелер, ядролық қондырғылары бар сүңгуір қайықтарды кең түрде пайдалана бастады. Өнеркәсіп пен атом энергиясын пайдаланатын мекемелер дұрыс жұмыс істегенде қоршаған ортаның радиоактивті нуклидтермен ластануы өте аз мөлшерде болады. Радиациалық латану нәтижесінде түскен радиоактивті шөгінділердің өзі бірнеше мыңдаған километрге дейін таралады. Қазіргі кезде әскери өнеркәсіптің радиоактивтік қалдықтарын сақтау мен жою мәселесі тұр . Ол қалдықтар жыл санап қоршаған орта үшін аса қауіпті бола түсуде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz