Қылмыс сатылары


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
І . Қылмыс істеу сатылары . . . 4
1. 1 Қылмысты істеу сатылары туралы ұғым . . . 4
1. 2 Аяқталаған қылмыс . . . 9
2. Қылмыс сатылары және көптігі . . . 11
2. 1 Қылмыстардың жиынтығы . . . 11
2. 2. Қылмыстын қайталануы . . . 19
Қорытынды . . . 30
Пайдаланған әдебиеттер . . . 31
Кіріспе
Істелген әрбір қылмыс үшін кінәнің болуы - объективті ақиқат. Қылмыстың субъектісінің кінәлілігі туралы тұжырымды сот іс бойынша жинақтаған дәлелдемелер арқылы анықтайды. Кінә екі түрлі - қасақаналық және абайсыздық нысанда болады. Кінә туралы сөз қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға кауіпті іс- әрекеттерді, яғни қылмысты істеген жағдайда ғана болады. Қылмыс құрамы болмаса кінә туралы сөз де болмайды. Кінә психологиялық, сондай-ақ әлеуметтік ұғымдардың жиынтығы, адамның істеген әрекетінін немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті зияндылығын және одан туатын зардапты сезінуі немесе сезінуге мүмкіндік болуы кінәнің психологиялық мазмұнын құрайды. Адамның әзінің істеген іс-әрекетінің және одан туындайтын зар-даптың, яғни оның қоғамға кауіпті мәнін сезінуі немесе сезінуге мүмкіндігі болуы кінәнін әлеуметтік мазмұнын құрайды.
Қылмыстық құқықтың ең маңызды кағидаларының бірі - қылмыстық жазаға және қылмыстық жауапқа тек қана қылмыс істегенге кінәлі адам ғана тартылатындығы болып табылады. Бұл қағидат Қылмыстық кодекстің арнаулы бабында атап көрсетілген. Онда адам қылмысқа қатысты кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жазаға тартылуы тиіс. Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады делінген (19-бап) . Қылмыстық құқықта белгілі бір қоғамға зияңды зардап орын алады немесе қоғамға зиянды іс-әрекет істеді екен деп кінәсізден-кінәсіз жауапқа тартуға мүлдем жол берілмейді. Бұл - қылмыстық кұкықтың табиғатына жаткұбылыс. [1, 25б]
І . Қылмыс істеу сатылары
1. 1 Қылмысты істеу сатылары туралы ұғым
Қылмысты істеу сатылары деп қасақана істелінетін қылмысқа дайындалу, оқталцдан біткенге дейінгі өтетін кезеңдерін айтамыз. Қасақаналықпен істелінетін қылмыста бірнеше саты болады. Олар: қылмыс істеуге оқталу және қылмысты аяқтау.
Кез келген қылмысты істеу үшін адам өзін соған итермелейтін қоғамға зиянды мүдделерді, қажеттіліктерді, зұлымдық пиғылдарды басшылыққа алады. Яғни, адам қылмыс істеу үшін ең алдымен өзінің психологиялық ой-ниетін қалыптастырады. Бұл адамның ішкі сезімін, ойын, ниетін білдіреді. Бірақ, осы сезім, ой-ниет адамның нақты мінез-құлқы, қимылы, әрекеті арқылы сырттай көрініс бермеуі де мүмкін. Сондықтан да адамның мұндай сыртқа шықпаған ішкі жан дүниесінің белгілі бір іс-әрекет арқылы сырттай көрініс бермеуін қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Яғни, мұндай психологиялық сана-сезім, жалаң ой, қиял, қылмыстық құқық нормасынан тысқары болады, ол үшін қылмыстық жауаптылық жоқ.
Сондықтан да сөз жүзінде жай айтыдған, түсінде көрген, қияли пиғылдар қылмыс деп саналмайды. Өйткені, мұндай жалаң ойдан, қасақаналық ниеттен қылмыстық заң қорғайтын объектіге ешқандай зиян келмейді және зиян келтіру қаупі болуы да мүмкін емес. Сондықтан да қылмыстық ойдың болуы қылмыс істеу сатысына жатпайды. Өйткені, ондай ой, ниет нақты іс-әрекет арқылы сыртқа шықпай іште қалады, сондықтан да қылмыс сатысына жатпайды. Қылмыстық ой, ниетті табуды қорқыту арқылы ауыр қылмыс жасаумен шатастыруға болмайды. Қылмыстық заңда қорқыту арқылы жасалған бірнеше біткен қылмыстардың құрамы көрсетілген.
Қылмыс істеудің бірінші сатысы - қылмысқа даярланғандық болып табылады. Қылмысқа даярланғандық үшін құралдар немесе қаруларын іздестірген, әзірлеген немесе бейімдеп жасаған қылмысқақатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдай туғызған реттерде туындайды. Мысалы кісіні өлтіруүшін у дәрі дайындайды, мылтық сатып алады, жоспар жасап қылмыс жасайтын жерді, жағдайды анықтайды, қылмысқа қатысушыларды іздестіреді. Жәбірленушінің келу-кету жолдарын анықтап ізіне түсіп, т. б. әрекеттер. Осындай жағдайларды жасағаннан кейін қылмыстың субъектісі қылмыс жасаудың екінші сатысы қылмыс жасауға оқталу сатысына көшеді, яғни қылмыс құрамын орындауға тікелей бағытталған Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі жеке құрамдарында көрсетілген іс-әрекеттерді істейді. Яғни, субъект тікелей қасақана қылмысты іс-әрекетті істеуге кіріседі, бірак та субъектінің ырқынан тыс жағдайларға байланыссыз қылмыс ақырына дейінжеткізілмей қалады. Мысалы, біреуді өлтіремін деп оған жанды жерінен пышақ салады, бірақ дәрігердің дер кезінде көмек көрсетуі нәтежиесінде ол тірі қалады немесе қас адамын өлтіремін деп оған у дәрі береді, бірақ адам кездейсоқ себеппен өлмей тірі қалады. Қылмыс істеуге даярланғандық және оқталғандық қылмыс істеудің бастапқы, алдын ала сатысыболып табылады. Осы 2 сатыға да тән белгілер:қылмыстымінез-құлықтың аяғына дейін жеткізілмеуі, субъективтік жағынан осы 2 сатыдағы қылмыстардың тікелей қасақаналықпен істелуі. Қылмыстың субъектісінің ырқынан тыс жағдайларға байланысты ақырына дейін жеткізілмеуі болып табылады.
Қылмыстың субъектісінің түпкі мақсаты - жәбірленушінің өміріне я денсаулығына қауіпті түрде күш жұмсап, сондай-ақ күш жұмсаймын деп қорқытып, бөтен біреудің мүлкін иемдену болғанмен, қылмыс мүлікті иемденіп, иемденбегеніне қарамастан шабуыл жасап, тонау уақытынан бастап аяқталған деп саналды. Кейбір қылмыс құрамдарының аяқталуы адам өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайда қалдыру, басқа адамды көрінеу ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтыру қаупінде қалдыру. Бұл аталған қылмыстар құрамындағы қауіпті жағдайда қалдыру, жұқтыру қаупінде қалдыру бітпеген қылмыс құрамының белгісі болып табылады. Сондықтан да мұндай құрам аяқталған қылмыс құрамы деп аталады. [2, 86б]
Қылмыс істеуге дайындалу
Тікелей ниетпенқылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру, әзірлеу немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмысқа дайындалу деп танылады. Сонымен, қылмыс істеуге дайындалу мынадай белгілермен сипатталады:
1. дайындық іс-әрекеттерін жасау.
2. қылмысты тек тікелей қасақаналықпен істеу.
3. оның қылмыс құрамын толық орындауға дейін үзіліп қалуы.
4. қылмыс адамның еркінен тыс жағдайларға байланысты істелмеуі.
Дайындық әрекеттері көп жағдайларда қылмыс құрамының объективтік жағының белгілерін қамтамасыз етумен тікелей байланысты болады. Өзінің объективтік белгілеріне сәйкес қылмыс істеуге дайындық адамның мынадай 3 түрлі әрекеттері арқылы жүзеге асырылады, қылмыс істеу үшін құралдар немесе қарулар іздестіру ия лайықтау немесе қасақана бір жағдайлар туғызу.
Қылмыс істеу үшін құралдар мен қару-аспаптар іздестіру дегеніміз кез-келген тәсілмен заңды немесе заңсыз жолымен осы заттарды алуды айтамыз.
Қылмыс істеу қару аспаптары болып қылмыс істеуге қолданылатын кез-келген заттар саналады. Оған атылатын немесе суық қарудың барлық түрлері қолдан жасалаған фин пышағы, сондай-ақ әр түрлі кесіп-кесетін нәрселер жатады. Қылмыс құралдарына қылмыс істеуге әдейі бейімделіп пайдаланылатын таяқ, үшкір тас, бөтелке сынығы, балта, балға, бұрғы, шеге суырғыш сияқты заттарда жатады. Мысалы, адам қолдануға қолайлы үшкір тасты денеге жарақат келтіруге немесе автокөліктің әйнегін сындырып, ішіндегі заттарын ұрлауга, пайдалануы мүмкін. Кінәлі адам шеге шығарғышты, бұрауышты немесе қашауды бөтен бірауедің үй-жайының есігін бұзып, мүлкін ұрлау үшін дайындауы мүмкін. Қылмыс істеу құралына қылмысты істеуге жеңілдік туғызатын заттар жатады. Бұлар мсысалы, әскер міндетін өтуден жалтару немесе контрабандамен айналысу үшін жалған құжат дайындау, адамды өлтіру үшін у дәріні немесе қатты әсер ететін зәрлі нәрселерді қолдану, ұрланған заттарды, қылмысты топтың мүшелерін пайаланылатын көлік құралдары жатады. Егер автөлік, трактор, басқа да техника түрлері қоймаларды бұзуға кедергілерді таптап өтуге пайдаланылса, онда ол қылмыс істеудің құралы емес, қылмыс істеудің қаруы ретінде есептеледі.
Қылмысқа қатысушыларды іздестіру әртүрлі тәсілдермен уәде беріп қорқыту, бопсалау жолымен болашақта істелетін қылмысқа бірге қатысушыларды табу, алу болып табылады. Қылмыс жасауға сөз байласу - екі немесе оданда көп адамдармен нақты қылмысты істеу жөнінде күні бұрын уағдаластыққа қол жеткізу. Қылмыс істеу үшін қасақана басқа бір жағдайлар тұғызу деп құралдар мен қару-аспаптарды дайындаудан басқа қылмыс істеуге бағытталған әрекеттерді айтамыз. Бұған жататындар: ұрлық істеу үшін қылмысты топқа мүше іздестіру, болшақ қылмыстың жоспарын жасау. Қылмыс істелетін объектілердің жүйесін зерттеу, қоймаларға жасырын кіру үшін үй иелерінің келіп-кету мерзімін болжау сияқты әрекеттер жатады.
Қылмысқа дайындықтың адам ойының қалыптасуынан айырмашылығы мынандай: адам ойының қалыптасуы - қылмыстың психологиялық сыртқы, объективті көрініс бермеген сатысы, қылмысқа дайындық- әр уақытта қасақана қылмыс жасаға бір жағдайлар туғызатын нақты іс-әрекет. Адамның ойын, яғни өзінің ойын қылмыс жасау туралы мінез білдіруі қылмыс сатысы болмайды, өйткені ол қылмыс жасауға өзінің пікірін айтқанымен, қылмыс істеуге бағытталған әрекет жасамайды. Қылмысқа дайындалу әр уақытта да іс-әрекет арқылы қылмыс жасауға қолайлы жағдайлар жасайды. Онсыз қылмыстың орындалуы мүмкін болмайды. Қылмыс істеуге дайындықтың қылмысқа оқталудан айырмашылығы бар. Қылмысқа дайындықта белгілі бір нақты қылмыс құрамын жасауға мүмкіндік жағдайлар жасалады, ал қылмықа оқталуда ол мүмкіндітер жүзеге асырылады.
Дайындық сатысында істеген қылмыс Қылмыстық Кодекстің 24- бабы және Қылмыстық Кодектсің Ерекше бөліміндегі тиісті баптары бойынша сараланады. Мысалы, басқа біреудің пәтерін ұрлау үшін кілт дайындап жатқан субъект, осы кезде әшкереленсе оның әрекеті Қылмыстық Кодекстің 21, 176- баптары бойынша урлық жасауға оқталғаны үшін сараланады. Бұл жерде 24-баптың көрініс табуы субъектінің аяқталмаған қылмыс жасағанын білдіреді.
Қылмыс істеуге оқталу
Қылмыстық Кодекстің 24-бабының 3-4 бөлітері бойынша: «Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты бойынша мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып танылады.
Қылмыстық жауаптылық ауырлығы орташа, ауыр немесе ерекше ауыр қылым ыжасауға оқталғаны үшін ғана басталады». Қылмыс істеуге оқталудың 4 түрлі белгісі бар. Бірінші іс-әрекеттің қылмыс істеуге тікелей бағытталуы қылмыс істеуге оқталғанда, қылмыс субъектісі құлмыс құрамын орындауға тікелей кіріседі және қылмыстық құқылық норма диспозициясының объективті жағында көрсетілген элементтерін орындайды. Мысалы, кісіні өлтіруде оған қарай мылтық атады, ұрлық жасағанда есікті бұзып тұрғын кіреді, көлік құралын айдап әкетуде көлікті қозғалысқа келтіру әрекетін жасайды және т. б әрекеттір. Қылмысқа оқталғандығы іс-әрекет қылмыстың зардабын туғызатын себептің көрінісін білдіреді. Егер ол іс-әрекет үзіліп қалмаса, онда қылмыс зардабының болуы сөзсіз болар еді.
Қылмыс істеуге оқталудың екінші белгісі - субъективтік белгісі болып табылады. Қылмыс істеуге оқталғандық тек тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Бұл туралы қылмыстық заңның өзінде қылмыс істеу үшін тікелей бағытталып, істелген әрекет немесе әрекетсіздік деп тура көрсетіліп отыр. Мысалы, кісіні қасақана өлтіру жөніндегі со тәжірибесі туралы Жоғарғы Сот қаулысында кісіні өлтіруге оқталу тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады, өйткені мұндай жағдайда кінәлі адам өзінің әрекетінің зиянды екенін біле тұра, оның зиянды зардаптарын болжай тұра, бұл зардаптардың болуын тілеп істейді делінген.
Қылмыс істеуге оқталғандық әрекетсіздік арқылы да жүзеге асырылады. Мысалы, анасының өз нәрестесінен құтылу үшін, емшек бермей, өлтіруге бағытталған әрекетсіздігі. Қылмыс істеуге оқталу жанама қасақаналықпен жүзеге асырылмайды. [3, 46б]
Қылмыс істеуге оқталғандықтың үшінші белгісі - істеуге бағытталған қылмыстың ақырына дейін жеткізілмеуі болып табылады. Яғни, қылымыс құрамын орындау сатысында қылмысты әрекет амалсыздан үзіледі. Бұл жерде қылмыс істеуге оқталғандықтың белгісі қылмыстың аяқталмай қалуы, бітпеуі болып отыр. Бұл белгі аяқталған қылмысты қылмыс істеуге оқталғандықтан айырудың басты белгісі болып табылады.
Қылмысты істеуге оқталғандықтың да қылмысты ниетті жүзеге асыру дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Осыған байланысты оқталудың өзі біткен және бітпеген оқталу деп екіге бөлінеді. Біткен оқталу деп - кінәлінің қылмысты аяқталуға қажетті жеп санаған барлық іс-әрекеттерін толық істеуі, бірақ осыған қарамастан, адамның ырқынан тыс жағдайларда қылмыс аяқталмайды немесе қылмыстың зардабы болмай қалады. Оқталудың бұл түрін біткен қылмыстан қылмыстың аяқталмауы немесе зардаптың болмай қалуы ғана ажыратып тұр. Бітпеген оқталу деп кінәлінің қылмысты аяқтауға қажетті деп санаған барлық іс-әрекеттерін толық емес, жарым-жартылай орындау болып табылады. Қылмыстық құқық теориясында қылмыс істеуге оқталу жарамсыз объектіге, затқа немесе жарамсыз құралмен оқталу деп екі түрге бөлінеді. Жарамсыз объектіге немесе затқа оқталу деп оған кінәлі қаншалықты әрекет істегенімен жәбірленушінің қылмыстың объектісінің немесе затының өзіндік ерекше өзгешеліктеріне байланысты оған зиян келтіру мүмкіндігінің мүлдем болмайтындығын айтамыз. Мысалы: кінәлі тірі адм екен деп өлген адамның басын балтамен шауып, ақша екен деп жәбірленушінің қалтасынан бір бума хатталаған қағаз ұрлайды.
Жарамсыз құралмен оқталу - кінәлі адам қылмысты ниетті жүзеге асыруда қателесіп жарамды құралдың орнына жарамсыз құралды пайдаланып қылмыс жасайды. [3, 18б]
1. 2 Аяқталаған қылмыс
Кінәлінің істеген іс-әрекетінде қылмысьық заңда көрсетілген қылмыстың барлық белгілері болса, онда қылмысты аяқталған қылмыс деп атаймыз (25-бап) . Қылмыстық заңның көрсетілген қылмыстың құрамының ерекшеліктеріне байланысты аяқталған қылмыс біртүрлі емес, әр түрлі болуы мүмкін, оның әр түрлі болуы қылмыс құрамының құрылысының түрліше болуына тікелей байланысты болады. Қылмыстық заң осы аталған жағдайлардың орын алған уақытынан бастап қылмыс құрамының аяқталғанын білдіреді. Сол себепті де қылмыстың аяқталуы барлық уақытта да белгілі бір қылмыс құрамының ерекшелігімен тығыз байланысты болады. Қылмыстық зааңда белгіленген материалдық қылмыс құрамының аяқталуы үшін осы құрамда көрсетілген қылмыстың зардабының болуы қажет. Мысалы, 316-баптағы лауазымды салақтықты айтамыз. Осы қылмыс аяқталды деу үшін субъектінің әрекеті мен мемлекеттік мүддеге немесе азаматтардың заңды құқықтары мен мүддесіне елеулі түрдегі бұзу орын алуы керек. Және осындағы істлеген іс-әрекетпен келтірілген зиянның арасында себепті байланыстың болуы шарт.
Қылмыстық кодекстің 20-бабында атап көрсеткендей адамның дайындау іс-әрекеттерін немесе қылмыс істеуге тікелей бағытталағн дайындалу іс-әрекетін тоқтатуы не іс-әрекетті тоқтату, егер адам қылмысты ақырына дейін жеткізу мүмкіндігін ұғынаған болса, қылымыс істеуден өз еркімен бас тарту деп есептеледі. Егер адам бір қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен және біржола бас тартса, ол осы қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тартылмауы тиіс. Қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тарқан адам оның нақты жасаған әрекетінде өзге қылмыс құарым болған жағңдайда ғана қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс. Осы баптың мазмұнынан шығатын қорытынды, егер адам қылмысты ақырына дейін жеткізуіне дейін мүмкіндігі барын біле тұра даярланғандық әрекеттерін өз ерткімен тоқтатса, я қлымыс істеуге тікелей бағытталған әрекетті немесе әрекетсіздікті өз еркімен тоқтаста, бұл қылмыс істеуден өз еркімен бас тарату болып табылады. Өз еркімен бас тарту болған іс әрекет қылмыстық жауаптылыққа жатпайды. Қылмастын өз еркімен бас тарту алдын-ала дайындык-қылмыс істеуге даярланғандық немесе қылмыс істеуге оқталғандық сатыларының кайсысында болсын жүзеге асырылады. Егер қылмыскер алдын-ала қылмысқа даярланғанда жүзеге асыру мүмкіндігі болмай қылмыс істеуден бас тартса, онда оның әрекеті қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту болмайды. Мысалы, баукеспе ұры кезекті ұрлықты жасаудан өзінің ниетін басқа біреуге білдіріп қою арқылы білдіріп бас тартса, мұнда оның әрекетінде ұрлық жасауға даярланғандық қылмыс құрамы болады. Қылмысты ақырына дейін жеткізудің өз еркімен бас тартқан адам егер оның нақты істеген іс-әрекетінде басқа бір қылмыстың белгілері бар болған ретте ғана қылмыстық жауапқа тартылады. Егер оның әрекетінде басқа бір қылмыстың құрамы болмаса, онда ондай адам қылмыстық жауапқа тартылмайды. Қылмыс істеуден бас тартуға мынадай 2 белгінің:өз еркімен бас тарту және түпкілікті бас тарту орын алғандығында ғана жол беріледі.
Өз еркімен бас тарту дегеніміз алдын-ала қылмысты әрекет істеуге кіріскен адам өз еркімен оны одан әрі дамытудан бас тартады. Бұл жерде адам қылмысты ақырына дейін жеткізуге мүмкіндігі барын біле турып, осы мүмкіндікті пайдаланудан екірті түрде бас тартады. Мұндай жағдайда адам өзінің ойлаған қылымысын толық жүзеге асыруға нық сенімде болады, бірақ бұл ойын жүзеге асырмайды. Өз еркімен бас тартуда басшылыққа лаынған ниеттер әр түрлі болуы мүмкін. Олар бастаған ісінінң зардабының зиянды екенінен сескену, қатаң жазаға тартылудан қорқу, жәбірленушіге аяушылық білдіру, істеген ісіне өкіну сияқтылар. Заң мұндай ниеттердің түріне мән бермейді. Екінішіден, қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту қасақана істелген қылмыстың тек дайындық немесе оқталу сатыларында болады және де өз еркімен бас тарту сол қылмыс істеліп бітпей тұрып, түпкілікті және бір жола болуы тиіс. Егер қылмыс істеуджен бас тартуды бірах уақытқа тоқтата тұрса, мысалы инкоссатрдың ақшаны т ек жеке өзі алып жүрген уақытын күтіп, оған сол кезде шабуыл жасауды ойласа, онда бұл жерде қылмыс істеуден біржола бас тартушылық болмайды.
Кейбір жағдайларда ерікті бас тартуың бастамалары болып басқа адамдар-туыстары, достары да б олуы мүмкін. Бұл жағдайларда да ерікті бас тарту қылмыс істеуді бастаған адамның өзінің оны ақырына дейін жеткізуге мүмкіндігі бар бола тұрып, оны жүзеге асырғысы келмегендігінен туындауы қажет. [4, 101б]
2. Қылмыс сатылары және көптігі
2. 1 Қылмыстардың жиынтығы
Бір адамның бір (жеке) немесе бірнеше қылмыс істеуі мүмкін. Жеке қылмыс деп қылмыстық занда көрсетілген бір әрекеттен, зардаптан, кінәнің нысанынан құралатын бір құрамды білдіретін және Ерекше бөлімнің бір бабымен ғана сараланатын қылмысты айтамыз.
Кейбір жағдайларда бір адам бірнеше қылмысты істеуі мүмкін, мұндай жағдайда олардың іс-әрекетін дұрыс саралау үшін қыл- дүрыс анықтау керек. Қылмыстық жауапқа тартудың, мерзімі ескірмеген немесе сотталғандықтан арылмаған немесе сотталғандығы жойылмаған жағдайда бір адамның екі немесе одан да көп қылмыстарды істеуін қылмыстар көптігі деп айтамыз. Қылмыстардың көптігінің өзіндік белгілері: бір адамның екі немесе одан да коп әрқайсысы жеке-жеке құрам болып табылатын қылмысты істеуі болып табылады.
Сондықтан әкімшілік құқық бұзушылық іс-әрекеті қылмыстар көптігіне жатпайды. Сондай-ақ, қылмыстық жауапқа тарту мерзімі ескірген немесе сотталғандықтан арылған немесе ондай атағы жойылған іс-әрекеттер қылмыс көптігіне жатпайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz