ХҮ – ХҮІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығы


ХҮ - ХҮІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығы
Кіріспе
Жоспар:
І. Қазақ хандығының құрылуы қарсаныңдағы жалпы жағдайға сипаттама.
1. 1 ХҮ ғасырдағы Қазақ хандығының құрылуы мен нығайуы.
1. 2 Қазақ хандығының ішкі саясаты.
ІІ. Қазақ хандығының қайта дәуірлеу және қоғамдық құрылысы.
2. 1 ХҮІІ - ХҮІІІ ғасырдағы Қазақ хандығы.
2. 2 Қазақ хандығының тарихи маңыздылығы
Қорытынды
Кіріспе
Өзектілігі: Қазақ халқының тарихын зерттеу қоғам өміріндегі мәні мен орны ерекше және өте маңызды болып келеді. Солардың ішінде айырықша көңіл аударарлық кезеңдерінің бірі - ХҮ ғасырдағы Қазақ хандығының құрылуы, қалыптасу тарихының өзекті негізгі пробемаларын талдап, сол кездегі таптық күрестің және ұлт - азаттық қозғалыстың өзекті мәселелерін зерттеу бүгінгі күннің талабы.
Мақсаты: Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап көрсеткендей, «тарих дегеніміз өткеннің ғана сабағы емес, ол едәуір дәрежеде болашақтың да көрінісі» дегендей әрбір ұрпақтың өткен тарихты оқып үйренуі, одан тағылым алуға деген талпынысы барлық ұлттар мен халықтар үшін заңды құбылыс. Сол себепті Қазақ хандығының құрылуының өзіндік ерекшелктерімен ұлттық болмысымызды көрсету және тарихтағы орны мен мәнің ашу баяндаманың басты мақсаты болып келеді.
Міндеті: ХҮ ғасырдағы Қазақ хандығының орнығуының мәнін ашып көрсету мен ішкі саяси жағдайының ерекшеліктеріне тоқталуымен бірге қоғамдық құрылымына талдау жасау басты міндеттерінің бірі. Сондықтанда отандық тарихты оқып үйрену, оны ұрпақ санасына жеткізу бүгінгі күндегі басты міндеттерідің бірі болып табылады. «Егер біз мемелекет болғымыз келсе, өзіміздің мемелекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» (Нұрсұлтан Назарбаев. Тарих толқынында. Алматы, 1999ж, 273 - бет) .
Тарихнамасы: Әлемдік немесе кез - келген елдің тарихын білу үшін ең алдымен сол тарихтың түп - төркіндері мен тарихнамасын оқып үйренуден басталады, яғни аталған тақырып бойынша қандай зерттеулер жүргізілгендігін білу абзал. Сол себепті Қазақ хандығы тарихнамасына тоқталсақ: ХҮІІІ ғасырда Ресейдегі орыс императорлық Географиялық Қоғамы Алтын Орда сонымен қатар Қазақ хандығы мемлекетінің Ресей тарихында алатын орны мен маңызын анықтау үшін осы тақырыпқа байқау жариялады. Трихшылар үшін өте өзекті тақырыптардың біріне айналып, белгілі ғалым - зерттеушілер, тарихшылардың біренеше буын өкілдері ұзақ жылдар бойы осы мәселемен айналасты. Нәтижесінде ХҮІІІ -ХІХ ғасырларда Ресейдің толық ғылымы осы тақырыпты зерттеуде Еуропа тарихшыларынан асып түсіп, алға шығарды. Ең бастысы қазіргі күнде Қазақ хандығының тарихы Академиялық 5 томдықтың 2 томында Қазақ хандығының тарихы жақсы қарастырылған. Қазақ хандығын зерттеуге өз үлесін қосқан зерттеушілер орыс зеттеушілерінің бірі - Карамзин «Несторов жылнмасы», Татищев, Болтин, К. Пищулина : «Қазақ хандығы тура ХҮІІ ғасырға дейін біртұтас мемлекет болды . . . Ханның саяси( мемлекеттік) билігі ықпалының алмағы қазақтардың этникалық аумағымен сайкес келмесе де, ал хандықтыуң шекарасы хандардың соғыстағы табыстары мен сыртқы жағдайларға қарай жиі өзгеріп отырса да, дегенмен бұл кезеңмен деректемелерінің әрқасысында ең басты билеушінің билігі әбден айқындалады». С. Т. Кляшторный мен Т. И. Сұлтанов, М. Х. Дулатидың «Тарих - и - Рашидиін» жинақткап алғанда Қазақ хандығынығың ежелгі тарихын байланыстыра баяндайтын ортағасырлық мұсылман тарихнамасындағы жалғыз шығарма», деп өте дұрыс және жоғары баға берген еді. Сондықтан да Орта ғасырлық Махмұд пен Уәлиден бастапт кейінгі Вельяминов - Зерновқа және қазіргі қазақ тарихшыларына дейін Қазақ хандығының тарихын М. Х. Дулатидың деректері негізінде баяндалып келді. Қазақ хандығының құрылуы туралы Мұхаммаед Хайдар Дулати былай жаазады: «қазақ сұлтандарының билік етуі 870 (1465 - 1466) жылдан басталады. Алла жақсы біледі және 940 (1533 - 1534) жылға дейін қазақтар Өзбекстанның үлкен бөлігінде толық билікке ие болалды». Яғни Қазақ ханығының құрылуы 70 жылдай уақытқа созылған едәуір ұзақ үдеріс. Орыс тарихшысы В. В. Трепимов осы мәлеметке сүйене отырып: В конце 1460 - х в начале 1470 - х годов Тирей стал главным ханом Жанибек считался ханом справителем Тирейя, но, видемо, не имел большой власти. По традиционной схеме младший справитель полычал в управление правительное заподное крыло». Олай болса, осы дерғктерге жүгініп қазақ сұлтандарының хан ретінде билікке 1466 жылдан басталады деп есептелінеді. « Қазақ хандығының құрылуы бір мезгілде жүзеге асқан акт емес» ұзақ уақытқа созылған процесс делінетін А. А. Семенов, Т. И. Сұлтановтардың пікірімен келісуге болады. Мысалы: С. Г. Кляшторный, Т. И. Сұлтановтар Қазақ хандығының құрылуын Әбілхайыр өлген соң Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына қайтып оралып билікті басып алуымен байланыстырады да, хандықтың құрылуы мерзімін ХҮ ғасырдың 70 жылдары, нақтырақ айтқанда 1470 - 1471 жылдары деп есептелінеді. Н. Н. Вельяминов - Зернов М. Х. Дулатидың датасын автор өзінің әйгілі еңбегінде «Вы в первой части Тарих - и - Рашиди Мухамедь Хайдарь описывал царствованеИса - Бугахана, сына Увейсь - хана и брата Юнусь - хана говорит следующее: «Вы это время Абуль Хайрь - хана владычествовал Дешти - Кипчаке» деген жолодары бар. К. А. Пищулинаның пікірін келтірсек: «Жетісудағы Моғолстан құрамына деректерде жинақтамалы «моғол» атауымен белгілі болған этникалық топтар кірді:дулаттар, үйсіндер, керейттер тағы басқалары. Кейіндебұл тайпалар қазақ халқының қалыптасуында маңызды орынға ие болып, қазақтың ұлы және орта жүздеріне кірді». М. Х. Дулатидің «Тарих - и Рашиди» мен «Раузат ас - сафаның» дерегіне қарағанда, ХІҮ - ХҮ ғасырларда Іленің сол жағасында және Янги (Тараз) ауданында керейттер, Шу өзенінің оң жағасында арғындар мекендеген. Жалайырлар Қаратау баурайын, орта Сырдария өңірі мен Жетісуді қоныстанған. Сонымен қатар М. Х. Дулатидың «Шайбанинама» және тағы басқа деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандры қазақ хандығына Қасымхан тұсында біріктірілген». Қадырғали Жалаиырдың айтуынша «Ұрысхан ұлы Құйыршықтан соң оның ұлы Барақ хан болды. Тез арада әр тараптағы ұлыстарды өзіне бағындырды. Ақыр аяғында Еділ төңірегіндегі, Жайық бойында, Сарайшық қаласын жақын жердегі Қас наурыз өңірінде апат болды. Оның ұлы кіші Жәнібек хан деп атанған осы Жәнібек хан атасының ұлысын өзі биледі» деп жазды. Сондай - ақ Мұхаммед Хайдар Дулати еңбегінде Қасымханның билікке келуі туралы: « . . . Оның қуатының өскендігі соншалық Бұрындық ханды қуып жіберді. Бұрындық хан Самарқанға кетіп, Солжақта қайтыс болды» - деп баяндалады. Тарихшы Розбехан Исфахани былай дейді: «Түркістанның халқы қазақ саудагерлерімен ешқандкай сауда келісімін жасамасын олармен осы жердің тұрғындары арасында ешқандай қарым - қатынас және саудагерлердің араласуы болмасын деп ұлы мәртебелі хан (Мұхаммед Шайбани) жарлық шығарды. Ал тағы бір кезде Түркістанның кейбір аудандары мен Хорезм қалаларындағы қазақ саудагерлерін тонау жөнінде болған еді бұйрық та болған еді». Шайбани ханның жорықтары туралы баяндайтын Фаззлаллах ибн Рузбехан Исфаханидың « Михман наме - и - Бұхара» еңбегінде Бұрындық хан есімі сол тұстағы қазақ ханы ретінде аталады да, Шайбани хан әскерінің шабуылына қарсы тек қана Жәнібек хан ұлдарының есімдері жай айтылады. Шайбани ханның төртінші жорығы Абдаллах Балхидың «Зүбдат ал-асар» еңбегінде баяндалады. Мәуреннахыр әскерлері бұл жорыққа масқара болып жеңіліп, Самарқанға дейін қашып келеді. Шайбани ханның бұл жеңілісіне Абдаллах Балхи мынандай баға береді: « . . . Шахбахт ханның үлесіне ірі жеңіліс дейді, ең шарықтауға жеткен оның билігі енді құлдырауға түсе бастады». Орыс елшісі Бранцевтің айтуына қарағанда, қазақтың жеңілуіне себеп: екі ұдай болып жауласып жүрген Әбілхайыр сұлтан мен Қайыпт сұлтанға қараған жасақтың әскер басшылары өздерінің соғыс қимылдарының келісіп жүргізбеген». Қазақтардың жеңіліске ұшырау себебі қазақ хандары арасындағы феодалдық тартыстан болып отырғандығын Орынбор экспедициясының бастығы И. Крылов ақын айтқан. Ол: « егерде жалпы ауыз бірліктері қазақтар басқыншыларды жеңіп шыға алған болар еді, бірақ олардың бір ханы соғысқа шығатын болса, екіншісі соғысуды қояды. Сөйтіп, өздерінің иеліктерін қалмақтарға жем қылып, жұрдай болып шыға келді» деп жазады. Және де Қазақ хандығы туралы ұйғыр, араб жазулы ескерткіштерінде де сақталып, ұлағатай тілінлде жазылғаны белгілі. Солардың бірі - Әбілғазы Баһадүр ханның «Түрік шежіресі» (ХҮІІ ғ) - түрік тілінде жазылған төл деректердің бірі «Екіншісі - Мәжһүр Жүсіптің «Мес» жинағындағы тарихи дерек көзінің бірі - Әбілғазының «Түрік шежіресі» болып келеді.
Практикалық маңызы: Қазақ хандығына байланысты курстық жұмыс мектеп оқушыларына тарих пәнінен көмекші құрал ретінде қолдануға болады.
Құылымы: Құрылымына тоқталсақ курстық жұмысым кіріспеден басталады, яғни кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсат - міндеті жазылады. Екі тараудан құралған, ол тараулар бірнеше бөлімдерге бөлінеді, әр бөлім бірнеше бөлімшелерлден тұрады. Соңында қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Қазақ хандығының құрылуы қарсаныңдағы жалпы жағдайға сипаттама.
1. 1 ХҮ ғасырдағы Қазақ хандығының құрылуы мен нығайуы.
Қазақстан тарихындағы маңызды мәселелердің бірі қазақ хандығының құрылуы болып табылады. ХҮ ғасырдың 50 - 60 жылдарында этно - саяси процестердің нәтижесінде, яғни аймақтағы жерлердің бір саяси құрылымға бағынуы, қазақ жүздері мен тайпалардың бірігуі, ұзақ уақытқа созылған халықтық қүұрылымның аяқталуы қазақ хандығының құрылуына әкелді. Қазақ хандығының құрылуы қарсаныңда қазақ тайпалары Сібірден Сыр бойына, Ертістен Жайық жағасына дейінгі жалпақ өңірге жайылып қоныстанған болатан. Қазақ хандығының дәл осы уақытта құрылуына, оның алдында болған оқиғалар ықпал етіп, оның тарихи алғы шарттары дайындалған болатын. [1; 7] Хандықтың құрылуының алғы шарттарын оның алдыңдағы он - он бес жыл бұрын оқиғалардан емес, одан 100 - 150 жыл бұрынғы оқиғалардан іздеу керек. Алтын Орданың сол қанаты Ақ Орда (Көк Орда) қазіргі Қазақстан аумағының көп бөлігін қамтыған мемлекеттік құрылым болды. Астанасы Сығанақ қаласы болған Ақ Орда мемелекеті ХІҮ ғасырдан, Орыс ханның кезінен бастап дербес саясат жүргізе бастады. 1357 жылы Алтын Орданың ұлы ханы Жәнібек өлгеннен кейін үлкен ұлыстын саяси жағдайы қиындайды, аумалы - төкпелі дүрбелең кезеңі басталады. Жошыдан тараған әулеттер арасында тақ билігі үшін күрес өзара соғыстарға айналады. Айналасы жиырма жылда жиырма хан ауысады, барлығы да өзара қырқыс нәтижесінде қаза болады. Міне, осындай аумалы - төкпелі кезінде Ақ Орда хандарының әулеті де Алтын Орда тағына ұмтылады. Солардың арасында ұлы хан дәрежесіне қол жеткізгендердің бірі Жошы ұрпағы Орыс хан еді. Ақ Орда билік тізгінін ұстаған Тоқтамыстың сыртқы саясаттағы әрекеттері жер жаһанды жаулап алуға ұмтылған Ақсақ Темір мен күрес үстінде өтеді. Ақ Орданы жеке мемлекет ретінде сақтап қалуға ұмтылған Барақ ханның да күш - қайраты бұған жетпейді. 1428 жылы Барақ хан опасыздықпен өлтіріледі. Алтын Орданың шығыс бөлігінде тағы да береке кетеді. Тақ үшін күрес басталады. Бұл күресте Әбілхайыр жеңіске жетіп өз мемелкетін құрады. [1; 22] Бірақ Әбілхайыр мемлекетінің құрылымы берік болмады, оның ішкі жағдайы тұрақсыз болды. Міне, осы жағдай қазақ хандығының құрылуына жол ашты. Әбілхайыр ханның 1457 жылы ойраттардан ойсырай жеңілуі оның беделін бір жолата түсірді. Жеңілістің ашуын Әбілхайыр хан өз қарамағындағылардан алады, өзінің билігін мойындағандарды жазалай отырып, қатал тәртіп орната бастады. Өзара тынымсыз соғыстар мен таластар және Әбілхайырдың қатал шаралары халық бұқарасының жағдайына ауыр тиі. Биліктен шеттетілген Жошы Ұрпақтары Жәнібек пен Керейдің және Махмұт пен Уәлидің маңына көптеген ру және тайпа көсемдері топтаса бастады. Хан билігіне наразы болған халықтың өзара топтасып сыртқа кетуі бұл ғана емес еді. Әбілхйырға деген наразылық уақыт өте келе ашық жаулыққа ұласады. Орыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек бастаған үлкен топ Әбілхайыр билігіненбас тартады да, соңына ерген барлық жұртымен іргесін көтеріп бір күнде ауа көшеді және қазақ хандығының алғашқы іргесін Шу мен Қозыбасқа тігіп, хандықтың шанырағын көтереді. [1; 32] Бұл Мұхаммед Хайдар Дулатидың жазбасы бойынша хижыраның 870 жылы (1464 - 1465 жылдар) еді. Бірақ кебір тарихшылар қазақ халқының құрылуын одан да әрі 1456 - 1457 жылдарға дейін ұзартады. Бүлік шығарған туыстарын тәртіпке шақырмақ болып Әбілқайыр хан 1468 жылы үлкен қол жинап Шу бойына аттанады. Керей мен Жәнібекте қапы қалмай ұрысуға дайындалады. Бірақ суық түсіп, әскерлердің алға жылжуы қиындайды және осы кезде кенеттен Әбілхайыр хан қайтыс болып, тарихта орны боларлықтай шайқас өтпей қалды. Әбілқайыр хан өлгеннен кейін ол құрған мемлекеттің іргесі шайқалады. Ірі тайпалар мен рулардың көп бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшеді, олардағы шанырақ саны екі жүз мынға жетеді. Әбілқайыр хандығын орнына келтірмек болған оның ұлы Шейх - Хайдардың әрекетінен ештеңе шықпайды. Осы кездегі Моғолыстан мемлекетіндегі өзара тартыс пен оның әлсіреуі де қазақ хандығына қаз - қаз тұрып іргесін кеңейтуге жағдай жасады. Қазақ хандығы алғашқы кезде Батыс Жетісу жерін, Шу мен Талас алқаптарын иеленді. Моғолостан хандары Есен Бұғы мен Жүністің қазақтардың Жетісу жеріне одан әрі жылжуын тоқтатарлық күштері болмады.
Қазақ хандығының құрылуы мен оның нығаюы басқа да шығыстық әулеттерімен күрес жүргізген Керей мент Жәнібек аттарымен тікелей байланысты. Ата тегімен таратсақ екеуі де төре тұқымынан шыққан, Шыңғыс ханның тікелей ұрпақтары. Қазақ хандығының іргесі қаланып бұғанасы қатқан ХҮ ғасырдың соңғы 30 - 40 жылы Қазақстан мен Орта Азия тарихындағы ірі - ірі саяси оқиғаларға толы болған уақыт. Әбілхайыр дүние салысымен қазақ хандары сайын даладағы билікті өз қолдарына алу жолдарындағы күреске бірден араласып кетті. Қазақ хандығы ірге көтерген алғашқы жылдардан бастап - ақ Сырдария бойындағы қалалар мен олардың төңірегіндегі кең байтақ далалар үшін аяусыз күрес басталды. [2; 56]
Алғашында қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Міне, нақ осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет « Қазақстан» деген атау қолданылды (Уасифи, 16 - ғасыр), ежелден осы алапты мекендеген қазақтың ұлы жүз тайпалары дешті қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене аралдасып кетті.
Қазақ хандығының алдына үш үлкен тарихи міндет қойылды:
1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті - қыпшақ даласында бұрынныан қалыптасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілхайыр хандығындағы аласапыран арқылы бұзылған) көшпелі шаруалардың көкейкесті мүддесі еді.
2. Шығыс пен батыс арасындағы сауда керуен жолы үстіне орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Яса (Түркістан) қалаларын қазақ хандығына қарату. Бұлар осы өнірдегі саяси - экономикалық және әскери - стратегиялық берік база болатын.
3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территорисын біріктіру, бұлардың ішіндегі маңдайалды маңызды міндет - Сырдария жағасындағы қалаларды қарату күресі болды.
Әбілхайыр немерелері Мұхаммед Шайбани мен Махмұд сұлтан Астраханьға барып паналады. Әбілхайыр ханның мұрагерлерімен күресте толық жеңіске жеткен қазақ хандығы Әбілхайр хан 40 жыл билеген шығыс Дешті Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды бірте - бірте өзіне қосып алды.
«15-ғасырдың 70-жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас қаратау өңірінің бірсапыра территориясын басып алды». Сөйтіп қазақ хандығының территориясы әлдеқайда кеңейді, оған тұс - тұсынан қазақ тайпадары қосылып жатты [3; 5] .
Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайыр немересі Мұхаммед Шайбани ханмен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Бұл күрес Керей ханның баласы Бұрындық ханның (1480 - 1511) тұсында толастаған жоқ. Сырдария бойындағы қалаларды алу үшін қазақ хандығымен таласқан белді бәсекелес Мұхаммед Шайбани еді. Сонымен қатар Түркістан аумағымен билеген Әмір Темір әулетінен шыққан Әмір Мұхаммед Тархан мен Моғолостан ханы Жүніс ханда бұл қалаларды олдарына түсіруге сұқтанды. Бұлардың бәрінің назары - Сырдария жағасындағы стратегиялық маңызы зор шұрайлы қалалы аудандарға арқа сүйей отырып, қазақ даласын басып алу және ондағы халыққа өктемдік жүргізу еді. Бұл қалалар үшін қазақ хандары да қажырлы қайрат жұмсады. Бұл күрестің мән жайы мынанадай болды: Әбілхайыр ханның мұрагері Шайх Хайдар өлтірілген соң Астраханьға барып паналаған Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани Астрахань қоршауынан қашып шығып, Түркістан аймағына келіп, Әмір Темір тұқымынан шыққан Мұхаммед Мәзит Тархан паналады. Ол Мұхаммед Шайбаниді қолдап, қазақ хандығына қарсы аттандырмақ болды. Бірақ Мұхаммед Шайбани оның бұл үмітін ақтамады, керісінше оның қолынан Түркістан аймағын тартып алды. 1470 - жылы қыста қазақ ханы Керей қол бастап Түркістанға шабуыл жасады. [2; 58] . Қазақ ханы Әз Жәнібектің ұлы баласы Махмұд Созақ қаласын бағындырды, екінші балдасы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде қазақтардан соққы жеген Шайбани Бұхарға қашты. Сөйтіп, Сырдария жағасында екі қала - Созақ қаласы мен Сауран қаласы қазақ хандығының құрамына кірді. Екі жылдан соң Мұхаммед Шайбани Түркістанға қайта оралып, Ноғай ордасының әмірі Мұса мырзаның көмегіне сүйене отырып Аркөк бекенесі мен Сығанақ қаласын басыпалды. Бұл уақытша жеңіс еді, Бұрындық сұлтан мен Махмұд сұлтан бастаған қазақтың біріккен әскерлері Қаратаудағы Соғынылық түбінде Мұхаммед Шайбанидың әскерлерін талқандады. Бұрындық сұлтан Сығанақ қаласын қайтарып алды, бұл шайқаста күйрей жеңілегн Мұхаммед Шайбани Маңғыстауға қашты. Сырдария жағасындағы қалалар қайтадан қазақ хандығына өтті, бірақ аумалы - төкпелі Жағдай үздіксіз өмір сүріп отырды [3; 57] .
15 - ғасырдан сексенінші жылдарында Әмір Темір әулетінің өкілі Сұлтан Ахмет мырза мен Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд арасындағы соғыста Мұхаммед Шайбани Моғолыстан хандарына болысып, олардың қолдауымен тағыда Аркөк, Сығанақ қалаларын басып алды. Қазақ ханы Бұрындық хан қырдан келіп Сығанақ қаласын қоршады. Бұл кеде Мұхаммед Шайбани әскерлерінің бір бөлігі қала бекінісін қорғауға кеткент - ді. Қаланың тұрғындары қазақ әскерлеріне қала бекінісінің қақпасын ашып берді. Сонымен бұл аймақ Бұрындықтың қолына өтті. Бұдан соң қазақтар Мұхаммед Шайбанидың туысы Махмұд Сұлтан билеген Яса қаласын қошауға алды. Қазақтардың біріккен әскери күшінен қорғанған Шайбани әскерлері Аркөк қаласын қырық күн бекінді. Үш жыл бойы қазақтармен соғысқан Мұхаммед Шайбани жеңіліске ұшырады. Бұрындық хан мен Қасым сұлтан бастаған қазақтардың қысымына төтеп бере алмай, 1466 - жылы Түркістанды тастап, Хорезмге кетуге мәжбүр болды [3; 98] .
Қазақ хандығы, Шайбани әлеті, Әмер Темір әулеті және Моғолстан билеушелері арасындағы тайталаста қазақ хандығы мен Мұхаммед Шайбани арасындағы жауласумент қатар, Әмір Темір әулеті мен Моғолстан билеушілер арасында да арпалыстар асқана түсті. Осындай арпалыстар барысында Моғолстан ханы Жүніс 1482 - 1485- жылдары Ташкент пен Сайрам қалалдарын басып алды. Моғолстан билеушілері Әмір Темір әулетіне қарсы жұмсау үшін Мхаммед Шайбаниды қолдады, ал Әмір Темір әулетінен шыққан Әмір Мұхаммед Мәзит Тархан оларға қарсы қазақ хандығымен одақтасты. Сонымен бұлар екі шекке айырылды. 15 - ғасырдың басында Моғолстан билеушісі Жүністің баласы Сұлтан Махмұд хан Отырар қаласын басып алды да, оны Мұхаммед Шайбаниға берді. Мұндағы мақсаты - Мұхаммед Шайбаниды Әмір Темір әулетінен шыққан Ахмет мырзаға қарсы аттандыру еді. Моғолстан ханның қолдауына және Отырар сынды маңызды стратегиялық орынға ие болған Мұхаммед Шайбани тағы да Сауран мен Яса (Түркістан) қаласын басы алды [4; 23] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz