Экономика-статистикалық құбылыстардың өзара байланысы



КІРІСПЕ
1.Құбылыстардың өзара байланысы туралы түсінік және оның түрлері.
1. ҚҰБЫЛЫСТАДЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫН СТАТИСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ ЗЕРТТЕУ.
2. ӘРЕКЕТТЕГІ ФАКТОРДАН ТӘУЕЛДІ ЗЕРТТЕЛІП ОТЫРҒАН КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ЭКОНОМИКА. МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҮЛГІСІН ҚҰРУ
2.2. Көрсеткіштердің өзара байланысын статистикалық жолмен оқып үйрену.
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
«Статистикаң латынның “statuc” “жағдай”, “жайы” деген сөзінен шыққан. 18 ғасырдан бастап «статистикаң сөзі мемлекет басқару мағынасында қолданыла бастады. Қазірге кезеңде статистиканың бірнеше мағынасы бар. Оның бірі – “статистика”- мәлімет деген мәнде қолданылады. Мысалы- қазақ еліндегі туудың және өлім-жітімнің статистикасы, кітапхананың статистикасы, қаржының статистикасы.
Екіншісі – білімнің саласы ретінде қолданылады. Мұнда көқпшілік құбылысты сипаттайтын сандық мәлметтер жинақтайтын, сұрыптаудың және тиісті түйін жасаудың қағидасы, жолы, әдісі көрсетіледі.
Үшіншісі – статистикалық сандық мәліметтерді жинақтау, сорттау және тұжырым жасау.
Статистиканың жетілуі мелекет дамуына тығыз байланысты. Өйткені, енді мемлекеттік басқару мүддесіне керекті мәліметтер статистиканы жетілдіруге итермелеген. Көне заманның өзінде шаруашылық, соғыс мүддесіне халықтың саны, құрамы жөнінде, оның қолындағы мүліктің мөлшері жайндағы мәліметтер керек болған.
Салық үшін де арнаулы мәліметтер де қажет болған. Жер жайлы мағлұмат жасалған. Мұнда ондағы құбылыс, адамның, малдың, мүліктің, құрал-сайманның, алынған пайданың аумағы көрсетілетін болған. Статистикамен белгілі данышпан ғұламалар айналысқан. Біздің осы жыл санауымыздан 400 жыл бұрын гректің атақты ғалымы Аристотель қалалардың және мемлекеттің жайы жөнінде статистикалық баяндау жасаған. 19 ғасырда жаппай құбылыс жөнінде статистикалық жұмыс жүйелі жіргізіле бастады.
Стаистика – бұл жан-жақты да, күрделі қоғамдық ғылым. Оның өзі бірнеше бөлімдерге бөлінеді. Соған жататындар мыналар: статистиканың жалпы теориясы, ол статистиканың жалпы принциптері мен әдістерін қарастырады; әлеуметтік – экономикалық статистика – мұнда халық шаруашылығы көрсеткіштерінің жүйесін, оның құрылымы мен пропорциясын ,қоғамдық ұдайы өндіріс салалары мен элементтердің өзара байланысын зерттейді, салалық статистикалар- өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс, көлік, байланыс, сауда, қаржы, еңбек, демография және т.б. болып бөлінеді. Соңғы кезде өмір салтын, әлеуметтік қарым-қатынастың әр алуан саласын сипаттайтын және көрсеткіштер жүйесін зерттейтін әлеуметтік статистика қалыптасты. Осы аталғандардың ішіндегі негізгі бір бөлігі болып саналатыны- статистиканың жалпы теориясы.
1. Ызғарбек Әміреұлы «Стаистиканың жалпы теориясың;
2. М.Ғ. Қабылбеков, Н.К. Арханогельская « Экономика- статистикалық талдау және экономика-математикалық үлгімен экономикалық көрсеткіштерді өзара байланыстыруң;
3. Өскенбай Кесікбайұлы, Мұхтарғали Өскенбайұлы «Стаистиканың жалпы теориясың.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Статистикаң латынның “statuc” “жағдай”, “жайы” деген сөзінен шыққан.
18 ғасырдан бастап статистикаң сөзі мемлекет басқару мағынасында қолданыла
бастады. Қазірге кезеңде статистиканың бірнеше мағынасы бар. Оның бірі –
“статистика”- мәлімет деген мәнде қолданылады. Мысалы- қазақ еліндегі
туудың және өлім-жітімнің статистикасы, кітапхананың статистикасы, қаржының
статистикасы.
Екіншісі – білімнің саласы ретінде қолданылады. Мұнда көқпшілік
құбылысты сипаттайтын сандық мәлметтер жинақтайтын, сұрыптаудың және тиісті
түйін жасаудың қағидасы, жолы, әдісі көрсетіледі.
Үшіншісі – статистикалық сандық мәліметтерді жинақтау, сорттау және
тұжырым жасау.
Статистиканың жетілуі мелекет дамуына тығыз байланысты. Өйткені, енді
мемлекеттік басқару мүддесіне керекті мәліметтер статистиканы жетілдіруге
итермелеген. Көне заманның өзінде шаруашылық, соғыс мүддесіне халықтың
саны, құрамы жөнінде, оның қолындағы мүліктің мөлшері жайндағы мәліметтер
керек болған.
Салық үшін де арнаулы мәліметтер де қажет болған. Жер жайлы мағлұмат
жасалған. Мұнда ондағы құбылыс, адамның, малдың, мүліктің, құрал-сайманның,
алынған пайданың аумағы көрсетілетін болған. Статистикамен белгілі
данышпан ғұламалар айналысқан. Біздің осы жыл санауымыздан 400 жыл бұрын
гректің атақты ғалымы Аристотель қалалардың және мемлекеттің жайы жөнінде
статистикалық баяндау жасаған. 19 ғасырда жаппай құбылыс жөнінде
статистикалық жұмыс жүйелі жіргізіле бастады.
Стаистика – бұл жан-жақты да, күрделі қоғамдық ғылым. Оның өзі
бірнеше бөлімдерге бөлінеді. Соған жататындар мыналар: статистиканың жалпы
теориясы, ол статистиканың жалпы принциптері мен әдістерін қарастырады;
әлеуметтік – экономикалық статистика – мұнда халық шаруашылығы
көрсеткіштерінің жүйесін, оның құрылымы мен пропорциясын ,қоғамдық ұдайы
өндіріс салалары мен элементтердің өзара байланысын зерттейді, салалық
статистикалар- өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс, көлік, байланыс, сауда,
қаржы, еңбек, демография және т.б. болып бөлінеді. Соңғы кезде өмір салтын,
әлеуметтік қарым-қатынастың әр алуан саласын сипаттайтын және көрсеткіштер
жүйесін зерттейтін әлеуметтік статистика қалыптасты. Осы аталғандардың
ішіндегі негізгі бір бөлігі болып саналатыны- статистиканың жалпы теориясы.
Статистиканың жалпы теориясы – статистика пәнінің бастапқы бөлімі
ретінде экономика мамандарын даярлайтын жоғары және арнаулы орта оқу
орындарының барлығында жүргізіледі. Бұл пәнді оқытудың негізгі мақсаты -
студенттерді, ғылыми ұйымдастырылған жүйе бойынша статистикалық, әдістерді
қолдану арқылы, орталықтандырылған жоспары экономикадан нарықтық
экономикаға өту кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен
процесстердің сандық өзгерістерін сапалық жағымен байланыстыра отырып,
зерттеу жұмыстарын қалай жүргізуге керек екендігін үйрету.

1.Құбылыстардың өзара байланысы
туралы түсінік және оның түрлері.

Қоғамда болып жатқан өзгерістер бір-бірімен өзара байланысты көптеген
және әр түрлі себептердің әсер-ықпалынан пайда болады. Сол құбылыстар мен
процесстерге негізінен қандай себептер ықпал ететін айқындау және олардың
арасындағы өзара байланыстың жан-жақты зерттеу өте күрделі жұмыс болып
тыбылады. Сондықтан оған әсерін тигізетін себептері толық түсіне білу үшін
статистикалық заңдылықтарды ғылыми жүйеде қолдана білуіміз керек.
Статистикалық қоғамдық құбылыстар мен процесстердің арасындағы
өзара байлансты анықтамай тұрып, алдымен сол өзгеріске, әсерін тигізетін
факторлары мен нәтижелері белгілері арасындғы тәуелдікті анықтайды. Оның
өзі құбылыстың ерекшеліктеріне қарай функционалдық және корреляциялық
байланыс болып екі түрге бөлінеді.
Функционалдық байланыс деп бір белгі мәнінің өзгеруіне әсерін
тигізетін екінші бір белгінің сәйкес келуінің, яғни бір факторлы белгінің
өзгерісі салдарынан нәтежиелі белгі мәні өзгеруін айтады.
Демек, бұдан осы екі белгінің арасында толық немесе функционалдық
байланыстың бар екендігін білуге болады. Мысалы, шеңбердің көлемі оның
радиусының шамасына тура пропорционалды. Оны мына формула бойынша көрсетуге
болады:
S= R2
Мұнда нәтежиелі белгіге- шеңбердің көлемі, ал факторлы белгіге – шеңбердің
радиусы алынады.
Функционалдық байланыста нәтежиелі белгі мәніне бір немесе бірнеше факторлы
белгі мәндері сәйкес келеді және әрқайсысының тигізген әсері белгілі
болады. Демек, олардың арасында тура байланыс бар екендігі көрінеді.
Ендеше, оны мына теңдеу арқылы көрсетейік:
у f (x1, x2, ... .xn) немесе қысқаша былай да жазуға болады:
у=f (xі)
мұнда у-нәтежиелі белгі;
xі – факторлық белгі;
f (x1) – осы екі белгі арасындағы функционалдық байланыс.
Функционалдық байланыста нәтежиелі белгінің мәні толығымен бір немесе
бірнеше факторларды белгі мәндерді негізінде анықталады. Сондықтан оны
толық немесе дәлдікті көрсететін байланыс деп атайды.
Қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне әртүрлі әсер етуін корреляциялық
байланыс деп атайды. Олардың әрқайсысының тигізген ықпалының мәндері
белгісіз, яғни нәтежиелі және факторлы белгі арасындағы өзара тәуелділік
дәлме-дәл көрсетілмесе де және бір шаманың өзгеруінен екінші шаманың
орташа мәні өзгеретін болса да, оны корреляциялық байланысқа жатқызады.
Статистикада корреляциялық байланыс деп нәтежиелі және факторлы
белгілер арасында сәйкестіктің болмауын айтады. Корреляциялық байланысқа
факторларды белгі мәніне нәтежиелі белгінің бірнеше орташа мәні сәйкес
келеді. Мысалы, еңбек өнімділігінің артуына өндірістік негізгі қормен
қарулануы, жұмысшылардың кәсіптік деңгейінің артуы және тағы басқа себептер
ықпал етеді. Немесе еңбек өнімділігінің артуы өндірілген өнімнің өзіндік
құны төмендетеді. Ал кейбір кезде керісінше болуы да мүмкін, яғни еңбек
өнімділігі артқанымен, өзіндік құны өзгермеген күйінде қалады. Себебі оған
жұмсалған шикізаттың құны, үнемдеу дәрежесі, өндірісте жұмыс пайдалана
және ұйыдастыра білу сияқты басқа себептер әсерін тигізеді. Мұнда қоғамдық
құбылыстардың өзгеруінің тек орташа шамасы ғана есепке алынады және сандық
көрсеткіштердің қатынасы арқылы тұрақты бір шаманың өскені немесе кемігені
салдарынан екінші бір шаманың өзгергендігін көрсетеді. Бірақ корреляциялық
байланыста қандай факторлар оның нәтежиелі белгісіне қаншалықты әсер
ететіндігін белгісіз болады. Сондықтан оны толық емес, жуық шамалы және
дәлдікті көрсетпейтін байланыс деп атайды.
Корреляциялық байланысты мына теңдеу арқылы көрсетуне болады:
yі=f (xі)+Eі,
мұнда f (xі) – корреляциялық байланыста белгілі болған f пен yі арасында
және ерекше алынған немесе бірнеше факторлық белгінің әсерінен
қалыптақан нәтежиелі белгі бөлігі;
Eі- жанама және кездейсоқ факторлардың әсерінен пайда болатын нәтежиелі
белгінің бір бөлігі.
Корреляциялық байланыс әр түрлі тығыздық дәрежесіне болуы мүмкін. Егер
факторлық белгі мәндері (х) бір – біріне жақын, тығыз орналасқан нәтежиелі
белгінің орташа мәніне (у) сәйкес келетін болса, онда олардың
көрсеткіштері арасындағы байланыс тығыз болады. Ал нәтежиелі белгінің мәні
тұрақты фактолық белгімәніне едәуір алшақ болатын болса, онда олардың
көрсеткіштері бойынша олардың арасындағы байланыс тығыздығының дәрежесі
анықталады.
Тура және кері байланыстар. Байланыстың юағытына қарай функцияларды
және корреляциялық байланыстар тура және кері болып бөлінеді. Тура
байланыста нәтежиелі белгі мәнінің бағыты себепті ықпалдар белгі мәндерінің
өсуіне немесе кемуіне қарай нәтежие белгі мәндері де өседі немесе кемиді.
Мысалы, жұмысшылардың мамандық дәрежесі (разряды) неғұрлым жрғары болатын
болса, соғұрлым олардың еңбек өнімділігінің дәрежесі де жоғары болады.
Демек, бұл белгілердің арасында тура байланыс бар екенін көруге болады.
Егер себепті ықпалдар белгі мәндерінің өсу салдарынан нәтежиелі белгі
мәндері кемісе немесе керісінше, яғни себепті ықпалдар кеміген сайын
нәтежиелі белгі мәндері өсетін болса, онда оны кері байланыс деп атайды.
Мысалы, еңбек өнімділігінің артуына байланысты өндірілген өнімнің өзіндік
құны төмендейді.
Түзу және қисық сызықты байланыстар Аналитикалық сипаттама
байланыста түзу және қисық сызықты болып бөлінеді.
Түзу сызықты бйланыста себепті ықпалдар белгі мәндерінің өсуіне
немесе кемуіне қарай нәтежиелі белгі мәндері бір қалыпты, әрі үздіксіз
өседі немесе кемиді. Демек, мұнда функционалды байланыстың бар екені
байқалады және оны математикалық түзу сызықты теңдеудің формуласы арқылы
көрсетуге болады:

у=а0+а1х
мұнда у-нәтежиелі белгі, ол графиктің ординатасы өсінде жатады,
х-факторлы белгі, ол графиктің абцисса өсінде жатаыд,
а0 және а1 параметрлері.
Түзу сызықты байланыстың графигі – түзу сызықпен сызылады және
экономикалық талдауда сирек, тек сол көрсеткіштер арасындағы байланысты
көрсету үшін ғана жиі қолданылады.
Қисық сызықты байланыста себепті ықпалдар белгі мәндерінің өсуіне
немесе кемуіне қарай нәтежиелі белгі мәндері бірқалыпты өзгермейді және
оның өзгеру бағыты керісінше болады, яғни корреляциялық байланыс
көрсетіледі. Байланыстың бұл түрі математикалық қисық сызық теңдеуі
арқылы парабола немесе гипербола функциялары бойынша анықталады және ол
мына теңдеу арқылы өрнектеледі:
у= а0+а1х+а2х2
Сонымен бірге қисық сызықты байланысты көрсету үшін бөлшек
теңдеуді де қолдануға болады, ол төмендегідей түрде көрініс береді:
у=

Аналитикалық спаттама функционалдық байланыстың мәні дәлдікті
көрсеттін болса, онда корреляциялық байланыстың мәні мен белгілі бір
себептердің ықпалына қарай жуық шамамен анықталады.
Бір факторлы және көп факторлы байланыстар. Корреляциялық
байланысты зерттеу кезінде қоғамдық құбыдымтардың өзгеруіне әсерін
тигізетін фактолардың сандық көрсеткіштеріне қарай нәтежиелі белгі
көрсеткіштері де өзгереді.
Егер тек бір факторлы белгі мен нәтежиелі белгі көрсеткіштері
арасындағы өзара байлныс қана қарасытрылатын болса, онда оны бір факторлы
(екі белгі арасындағы байланыс) немесе жұпты корреляция деп атайды. Ал екі
немесе одан да көп факторлар белгісі мен нәтежиелі белгі көрсеткішінің
арсындағы өзара байланыс қарастырылған болса, онда оны көп факторлы
байланыс яғни көптік корреляция деп атайды. Көп факторлы бйланыстың
нәтежиелік мәніне ондағы көрсетілген барлық факторлар бір-бірімен
байланысты және жиынтықты түрде, бір мезгілде әсерін тигізеді. Сондықтан
корреляциялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері
Статистика ғылым ретінде
Экономика дәрістер кешені
Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар
Әлеуметтік статистика көрсеткіштері
Арнайы кедендік статистика
Құқықтық статистика негіздері
Әлеуметтік-экономикалық статистика
«Статистика» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Экономикадағы ғылыми зерттеудің әдістері туралы
Пәндер