Жастар әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. ЖАСТАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ..6
1.1 Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс әдістері және оларды жүзеге асыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың шетелдік тәжірибесі..11
II ЖАСТАР ҚОЗҒАЛЫСЫ, БАЛАЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ҰЙЫМДАРМЕН БІРЛЕСТІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.1Жастар құқығын қорғауға бағытталған ұйымдар бірлестіктері ... ... ... ... .22
2.2Жастардың қозғалысы және олардың жұмыс моделін ұйымдастыру ... ...26
ІІІ. ЖАСТАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
3.1 Жастарды экономикалық дамыту мен еңбек және жұмыспен қамту саласында жағдайлар жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
3.2 Жастар ортасында азаматтықты және қазақстандық патриотизмдi дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

Тақырыптың өзектілігі. Ұйымдар бірлестіктерінің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 6.5.13-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк ұйымдар бірлестіктері туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрленген.
Осының алдындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 13 ақпандағы N 155 қаулысымен бекiтiлген Ұйымдар бірлестіктерінің 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасында ұйымдар бірлестіктері елдiң әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмiріне жас азаматтарды белсендi тарту үшін қажеттi алғы шарттар жасауға бағдарланған болатын. Осы бағдарламаны iске асырудың нақты нәтижелерінің бiрi жастардың 26 әлеуметтік қызметін құру болып табылады.
Ұйымдар бірлестіктері жастарды кепілдiктермен қамтамасыз ету тетіктерін кеңейтуге және қол жеткен нәтижелердi баянды етуге, жастардың белгiлi бiр мақсаттағы топтары шеңберiнде атаулы көмектердi арттыруға, нақты проблемаларды шешуге әлеуметтік тұрғыдан бағдарланған және соған бағытталған. Осы проблеманы шешу жөнiндегi неғұрлым тиiмдi жол жастардың кәсіпкерлігі үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Президенттің Қазақстан халқына "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлетті халық үшін" деген 2004 жылғы 19 наурыздағы Жолдауында, онда атап айтқанда: "Әлеуметтік сала мен адам ресурстарын дамыту Қазақстан үшін шешушi ұзақ мерзiмдi басымдық болып табылады" деп айтылғаны - жастар қоғамды қалыптастырудағы неғұрлым қуатты факторға айналып отыр. Сонымен бiрге жастар халықтың ең бiр осал топтары болып табылады, ал олардың жағдайы iзгіліктi проблема ретінде қаралады.
Экономика дамуының қазiргi заманғы кезеңiнде жоғары бiлiмдi және шығармашыл, бәсекеге қабiлетті жас адамдардың саны барған сайын көбiрек болуы қажет. Мемлекеттiк органдар мен жастар ұйымдары "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұйымдар бірлестіктері туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейiн мемлекет пен жастар қатынастарын жетiлдiруде жаңа қарқынға ие болды. Ұйымдар бірлестіктерін iске асыру жөнiндегi уәкiлеттi органдар жас адамдардың қоғамға, экономикалық өзара қатынастар жүйесiне енуi жағдайларын жақсарту жөнiнде тұрақты жұмыстарды жүзеге асырады. Осы процесте экономиканың салаларын инновациялық дамытуға неғұрлым икемділер ретінде нақ жастарға басты рөл беру қажет, бұл осы проблеманы барынша тиiмдi тәсілдермен шешудi қамтамасыз етеді.

1. «Егеменді Қазақстан»- газеті 22сәуір 2006 жыл.
2. «Ғылым және Білім» журналы
3. «Техника и Молодежь» 13 мамыр, 2003 ж
4.Баркер Р. Словарь социальной работы. М., 1994.
5. Блашенкова О.Н., Ковальчук А.С. Труд молодёжи: права и обязанности. Пособие для организаторов тренинговых занятий. - М.: АНО Штаб, 2001. – 104.
6. Бондарь Ш. Социальная работа и молодежные организации: Конспект лекций. – М.: Институт молодежи, 1993.
7. Горбачев А., Омаргазин Р. Евразийская культура — как ее
понимает молодежь. Мысль. 1997. № 12.
8. Григорьев, Л.Г. Гуслякова, В.А. Ельчанинов. Социология. - М., 1994.
9. «Грядет ли светлое будущее?» /«Казахстанская правда», 1999, № 24.
10. Гуслякова Л.Г. Введение в теорию социальной работы. Барнаул, 1995.
11. Гуслякова Л.Г., Холостова Е.И. Основы теории социальной работы: учебное пособие. М., 1997.
12. Джаманбалаева Ш.Е. Особенности социализации подрастающего поколения//Казахстанское общество и социология: новые реалии и новые идеи/сборник материалов 1 конгресса социологов Казахстана.-А: Қазақ Университетi, 2006. –с.297-307.
13. Ешпанова Д. Д., Нысанбаев А. Н. Социальный портрет молодежи в современном Казахстане // Социологические исследования. - 2008. - N 12. - С. 86-95.
14. Зайнышев И.Г. Теоретико-методологические основы социальной работы // Социальная работа. М., 1992. Вып. 6
15. Западные молодежные субкультуры 80-х годов: Научно-аналитический обзор. – М.: ИНИОН АН СССР, 1990.
16. Интелектуальная культура специалиста. Новосибирск, 1993.
17. Калибеков Д. Современные проблемы молодежи. /«Вопросы экономики», 2004, № 8.
18. Кебина Н.А. Молодое поколение Казахстана: сегодня и завтра. //Социология молодежи. 2009, № 2.
19. Ковалева А.И., Луков В.А. Социология молодежи: Теоретические вопросы. – М.: Социум, 1999.
20. Колков В.В., Колков С.В., Шахина Н.А. Государственная молодежная политика и социальная работа с молодежью: Учебное посмобие. – М.: Социально-технический институт, 2004.
21. Концепция государственной социальной службы помощи населению: Семье и личности / Под ред. Л.С. Ржанициной. М., 1992.
22. Лукашева Е.А. Право, мораль, личность. М., 1986.
23. Молодёжь планеты: глобальная ситуация в 90-х годах, тенденции и перспективы /Ильинский И.М. и др. - М.: Ин-т молодёжи - "Голос", 1999. – 324. с.
24. Молодёжь России и Европа. Молодёжная программа Европейского Союза - новые возможности для молодых россиян. - М., 2006 г. - 88 с.
25. Основы социальной работы: Учебник / Отв. ред. П.Д. Паевленок. М., 1999.
26. Основы социальной работы. М., 1997.
27. Руслан ЕРБОЛҰЛЫ. Жастарға аты бар, заты жоқ заң неге керек? //«Жас Алаш» № 148 (14720).
28. Саппс М., Уэллс К. Опыт социальной работы. Введение в профессию. М., 1994.

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Жастар әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде ... ... ... ... ..6
1.1 Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс әдістері және оларды жүзеге
асыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың шетелдік тәжірибесі..11
II Жастар қозғалысы, балалардың қазіргі ұйымдармен
бірлестіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.1Жастар құқығын қорғауға бағытталған ұйымдар
бірлестіктері ... ... ... ... .22
2.2Жастардың қозғалысы және олардың жұмыс моделін ұйымдастыру ... ...26
ІІІ. Жастар қызметінің
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
3.1 Жастарды экономикалық дамыту мен еңбек және жұмыспен қамту саласында
жағдайлар
жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .28
3.2 Жастар ортасында азаматтықты және қазақстандық патриотизмдi
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 3
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 35
Кiрiспе
Тақырыптың өзектілігі. Ұйымдар бірлестіктерінің 2005-2007 жылдарға
арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 5
қыркүйектегi N 903 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінің
2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар
жоспарының 6.5.13-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк
ұйымдар бірлестіктері туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7
шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрленген.
Осының алдындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 13
ақпандағы N 155 қаулысымен бекiтiлген Ұйымдар бірлестіктерінің 2003-2004
жылдарға арналған бағдарламасында ұйымдар бірлестіктері елдiң әлеуметтік-
экономикалық және қоғамдық-саяси өмiріне жас азаматтарды белсендi тарту
үшін қажеттi алғы шарттар жасауға бағдарланған болатын. Осы бағдарламаны
iске асырудың нақты нәтижелерінің бiрi жастардың 26 әлеуметтік қызметін
құру болып табылады.
Ұйымдар бірлестіктері жастарды кепілдiктермен қамтамасыз ету
тетіктерін кеңейтуге және қол жеткен нәтижелердi баянды етуге, жастардың
белгiлi бiр мақсаттағы топтары шеңберiнде атаулы көмектердi арттыруға,
нақты проблемаларды шешуге әлеуметтік тұрғыдан бағдарланған және соған
бағытталған. Осы проблеманы шешу жөнiндегi неғұрлым тиiмдi жол жастардың
кәсіпкерлігі үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Президенттің Қазақстан халқына "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн,
бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлетті халық үшін" деген
2004 жылғы 19 наурыздағы Жолдауында, онда атап айтқанда: "Әлеуметтік сала
мен адам ресурстарын дамыту Қазақстан үшін шешушi ұзақ мерзiмдi басымдық
болып табылады" деп айтылғаны - жастар қоғамды қалыптастырудағы неғұрлым
қуатты факторға айналып отыр. Сонымен бiрге жастар халықтың ең бiр осал
топтары болып табылады, ал олардың жағдайы iзгіліктi проблема ретінде
қаралады.
Экономика дамуының қазiргi заманғы кезеңiнде жоғары бiлiмдi және
шығармашыл, бәсекеге қабiлетті жас адамдардың саны барған сайын көбiрек
болуы қажет. Мемлекеттiк органдар мен жастар ұйымдары "Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік ұйымдар бірлестіктері туралы" 2004 жылғы 7
шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейiн мемлекет пен
жастар қатынастарын жетiлдiруде жаңа қарқынға ие болды. Ұйымдар
бірлестіктерін iске асыру жөнiндегi уәкiлеттi органдар жас адамдардың
қоғамға, экономикалық өзара қатынастар жүйесiне енуi жағдайларын жақсарту
жөнiнде тұрақты жұмыстарды жүзеге асырады. Осы процесте экономиканың
салаларын инновациялық дамытуға неғұрлым икемділер ретінде нақ жастарға
басты рөл беру қажет, бұл осы проблеманы барынша тиiмдi тәсілдермен шешудi
қамтамасыз етеді.
Нарықтық қатынастар ұйымдар бірлестіктері мәселелерін iс жүзінде
шешуде елеулi өзгерiстер енгiзедi. Бұл мыналарды көздейдi:
барлық меншiк нысандарындағы кәсіпорындарда жастардың еңбек ету
құқықтарын әзiрлеу мен жүзеге асыру;
жастарды жұмыссыздықтан қорғау және оларды еңбек рыногының терiс
әсерлерiне байланысты табыс табудан айырмау жөнiнде және жастардың
экономика саласындағы құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiндегi
кепілдiктердiң тиiмдi жүйесiн құру;
еңбекке жарамсыз, еңбек қабiлетi шектеулi адамдарды және жас
отбасыларының әлеуметтiк-экономикалық қорғалуын қамтамасыз ету;
жастардың психологиялық-педагогтік және заң көмегi жүйелерiн құру;
балалар үйлерiнiң бұрынғы тәрбиеленушiлерiне, қамауға алу орындарынан
оралған және басқа да қайта әлеуметтендiрудiң ерекше жағдайларын талап
ететiн адамдарға кәсiби бағдар беру және оларды еңбекке орналастыру,
әлеуметтiк-еңбекке бейiмдеу жағдайларын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының балалар мен жастар ұйымдары
қауымдастығының, жастардың инновациялық әлеуметтiк-экономикалық мiнез-
құлықтарын қалыптастыруға ықпал ететiн басқа да қоғамдық ұйымдардың
қызметтерiн дамыту.Жастар - жасына қарай сипаттамалары жиынтығының,
әлеуметтiк жағдайлар ерекшелiктерiнің негiзiнде бөлiнетiн және қоғамдық
құрылыспен, мәдениетпен, әлеуметтендiру заңдылықтарымен, осы қоғамды
тәрбиелеумен айқындалатын, сол немесе басқа да әлеуметтiк-психологиялық
қасиеттермен ескерiлген әлеуметтiк-демографиялық топ; қазiргi заманғы
жастардың жасына қарай 14-тен 25 жасқа дейiнгiлердi қоса алғанда
Қазақстанда 14-29 жастағы жастар үлесi 2004 жылғы 1 қаңтарда халықтың
құрылымында 29,5% құрады, бұл 4405138 адамды құрайды, оның iшiнде
экономикалық жағынан белсендi халық 2406775 адам болып табылады.
Республикада жастар өсiмiнiң демографиялық үрдiсi сақталуда: халықтың
табиғи өсiмi - 6,3%. Жастар - бұл қашанда үлкен ерекше жасына қарай кiшi
топ ретiнде білінетiн объективтiк қоғамдық құбылыс. Жастар - қоғамның бiр
бөлiгi. Бұл ретте, ұйымдар бірлестіктері жас ұрпақты қоғамдық өмiрге
әлеуметтік ықпалдастырудың бiрден-бiр мүмкiн болатын тетiгi болып табылады.
Қазақстан Республикасында ұйымдар бірлестіктерін iске асыру Қазақстан
Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 13 ақпандағы N 155 қаулысымен бекiтiлген
2003-2004 жылдарға арналған ұйымдар бірлестіктері бағдарламасымен
айқындалған негiзгi бағыттарға сәйкес жүзеге асырылды.
2003-2004 жылдары құрылған жастардың коммерциялық емес ұйымдар
базасында жастардың әлеуметтiк қызмет желiлерi жастардың әлеуметтiк жағынан
өз-өздерiн реттеп отыруына жәрдемдесудi өздерінің алдына негiзгi мiндет
етiп қойып отыр. Осы жүйеде қолданылып жүрген "бiр-бiрiне тең санау",
"жастардың КЕҰ - жастар" сияқты әр түрлi түзеу технологиялары да осы
проблемаларды шешуге жәрдемдесуге тиiс. Осыған байланысты осы Бағдарламаның
негiзгi мiндеттерінің бiрi қазiргi бар жобаларды қолдау және пысықталған
бағыттар бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстар ұсыну практикасын
кеңейту ғана емес, әлеуметтiк өзiн-өзi реттеудi қамтамасыз етуге
бағытталған құрылымдарды құрудың жаңа жолдары мен нысандарын iздестiру және
жас адамдар санасындағы мінез-құлық, әлеуметтiк-саяси және өзге де
нормаларды қайта егу болып табылады.
Бұл кезең осы саланың неғұрлым өзектi проблемаларын шешудегi жүйелi
көзқарасты қалыптастырумен және ұйымдар бірлестіктерінің әлеуметтік жағынан
бағдарланған сектораралық моделiн жүзеге асырумен сипатталады.
Сонымен бiрге, ұйымдар бірлестіктерін iске асырудың қазiргi кезеңiнде
жастардың одан әрi даму қарқынын және елiмiздiң әр түрлі өңiрлерiндегi
ұйымдар бірлестіктерін тиiмдi жүргiзудi тежейтін бiрқатар проблемаларды
бөліп алу қажет, олар: жастардың қазiргi заманғы талаптарына сәйкес
келмейтiн қолданыстағы нормативтік құқықтық базаның жетілдiрiлмеуi;
өңiрлік ұйымдар бірлестіктерін iске асыру үшiн тиiстi қаржылық,
ұйымдастырушылық және ақпараттық ресурстардың жеткілiксiздігі;
жастардың әлеуметтік проблемаларының шешiлмеуi, мұнда жастарға
қатысты жүргізілетін мемлекеттiк саясат еңбек ету, денсаулық, бiлiм беру
және тәрбие сияқты өмiрдің аса маңызды салаларына өзiнің назарын
шоғырландыруы тиiс. Бұл ретте, жас ұрпақтың құндылықтарын, олардың
құштарлықтарын, өз-өздерiн көрсетудiң әр түрлі нысандарын, бастамаларын,
әлеуметтiк белсенділігiн, өмiр сүру салтын назарға алу қажет;
бүгiнгi күнi жастар iске қосылмаған еңбек ресурстары, осыдан
туындайтын барлық салдарларымен бiрге талап етілмеген әлеует болып отыр.
Дәл осы, кеңiнен жайылған масылдықта жастар белсенділігінің басты тежеуiшi
жасырын жатыр. Демек, жастардың әлеуметтік белсендiлiктерi мен өз болашағы
және өз елiнiң болашағы үшiн жауапкершіліктерiн арттыру үшiн мүмкiндiктерін
түбегейлi кеңейтуге арналған жағдайлар жасау қажет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Ұйымдар бірлестіктері
департаментi 2004 жылы жүргiзген әлеуметтік сауалнама нәтижелерi бойынша
жастар санасындағы оларды толғандыратын неғұрлым өзектi проблемалар:
сыбайлас жемқорлық, билiк органдарындағы қызмет бабын терiс пайдаланушылық
(44,3%), есiрткінің таралуы (31,6%), жастар арасында қылмыстың өсуi (29,8%)
болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты жастар қозғалысын, балалардың қазіргі
ұйымдармен бірлестіктерін қарастыру .
Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланған
әдебиеттен тұрады.
І. Жастар әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде

асыру жолдары
Ғылым объектісі –нақты өмір сүретін шындық (табиғи және әлеуметтік)
және бұл жай ғана табиғаттың және қауымның заты емес, адам әрекеті
саласында қолданылатын зат болып табылады.
Қоғамда қандай да бір объектіні зерттеу қажеттілігі туғанда ол белгілі-
бір көзқараста қарастырылатыны белгілі. Әрбір объект жеке-жеке зерттеуді
қажет ететін бірнеше тараптар мен қасиетке ие болады, яғни қандай да бір
ғылымның заты болып табылады. Ғылым затын анықтау көптеген факторларға, ең
алдымен осы саладағы жеткен жетістіктерге, ғалымдар алдына қоятын
әлеуметтік практиканың дамуына байланысты.
Қазіргі кезеңде -әлеуметтік жұмыстың өзіндік әлеуметтік ғылым және оқу
пәні болып қалыптасуы қарқынды жүріп жатқан кезеңде әлеуметтік жұмыстың
мәні мен негізгі белгілері туралы көптеген көзқарастар бар. Бірақ барлық
авторлар әлеуметтік жұмыстың объектісіне өмірлерінде кездесетін
проблемаларды шешуде қиындықтар көретін жеке адамдар мен әртүрлі адамдар
тобын жатқызады[1].
Жастар кез-келген қоғамда үлкен немесе кіші деңгейде кемсітілетін топ
болып табылады. Қазіргі кезде жасөспірімдерді, бозбалалар мен
бойжеткендерді, жастарды қорғау проблемалары, жастар мен жасөспірімдер
қылмыстары, девиантты мінез-құлқы проблемалары, жас жұмысшылар мен
жасөспірімдерді қызметте және өнеркәсіп орындарында кемсіту проблемалары
және т.б. белгілі болып отыр.
Халықтың белгілі-бір жасына байланысты бөлінетін тобына жататындықтан
да жастар қазіргі таңда әлеуметтік жұмыстың негізіне айналып отыр, яғни
оның объектісі болып табылады.
Жастарға әлеуметтік жұмыс объектісі ретінде сипаттама беру үшін жастар
–оны құрастыратын көптеген құрамдардан тұратын, жеке және топтық формасы
бар, соматикалық, психологиялық және әлеуметтік даму ерекшеліктеріне ие,
қоғамдық қарым-қатынастардың тарамдалған желісінде жатқан күрделі жүйе
екенін есте сақтау керек. Ресейлік социолог В.Н.Боряздың жастар түсінігін
объективтік, әлеуметтік табиғаттан тұратындықтан антропологиялық және
психологиялық бағыттарда қараумен шектелмеу керек, жастар туралы мәселені
қозғағанда оны бір-бірімен салыстырмай, бөліп қарамай әлеуметтік жұмыс
объектісі ретінде қарап, антропология, психология, педагогика, социология
және басқа да ғылымдардың жастар мен олардың проблемаларын зерттеудегі
жетістіктеріне сүйене отырып қарау керек деген пікірімен келісеміз, өйткені
жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс құралын, нысанын және әдістерін
анықтау, оның тиімділігі ең алдымен халықтың осы тобының, әлеуметтік
мәртебесі мен әлеуметтік проблемалары білімі мен жас ерекшеліктеріне,
психологиялық және әлеуметтік-экономикалық, социо-мәдениеттік
ерекшеліктеріне тікелей байланысты.
Жастар зерттеу объектісі ретінде әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік
педагогика және социология сияқты ғылымдарда да кездесетінін есте сақтау
керек.
Әлеуметтік жұмыстың объектісіне кез-келген жас іліге бермейді, оның
міндетті түрде қандай да бір проблемасы болуы керек. Ол проблемалар
психологиялық, медициналық, құқықтық, материалдық және басқа да сипатта,
немесе адамға тәуелсіз кейбір сыртқы факторларға, болмаса ішкі жеке басының
жағдайларына байланысты болуы мүмкін, қалай болғанда да әлеуметтік жұмыс
үшін жас адам осы проблемасын өз бетімен шеше алмай, әлеуметтік
қызметкердің кәсіптік көмегін қажет етуімен маңызды.
әлеуметтік педагогика үшін жай ғана жас адам емес, әлеуметтену
процесінде көмекті қажет ететін бала –жеке тұлғадан әлеуметьік субъектіге
айналатын, яғни дамушы, қалыптасушы жеке адамның болуы маңызды.
Міне ,осындай әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік педагогика сияқты ғылымның
әлеуметтік бір құбылысты зерттеудің сипаттамаларына қарамастан оларды
біріктіретін де, алшақтатын да белгілері бар.
Әлеуметтік қызметкердің жастар проблемасына осындай кеңкөзқараста
болуы жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізетін маман мен жастармен жұмыс
жүргізетін маманның лауазымды міндеттерін ажырата білуді қажет етеді.
Жастармен жұмыс жүргізетін маманның міндетіне балалар мен жастар
ұйымдарының әрекеттерін үйлестіру, жастардың қалыпты құрылымы бұзылған
бейресми бірлестіктерімен жұмыс, жастардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша
іс-шаралар жүргізу және оларды талдау, жасөспірімдердің, жастардың, жас
отбасылардың құқығын қорғау және т.б. жатады.
Осыған байланысты, жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізетін маманның
кәсіби дайындығына ең алдымен жұмыстың объектісі ретіндегі жастардың
сапалық сипаттамасын, осы бір күрделі әлеуметтік феноменді, әлеуметтік-
демографиялық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік және әлеуметтік-мәдени
аспектілерімен бірлікте және өзара байланыста зерттеу жүргізу қажеттігі
туындайды.
Әлеуметтік жұмыстың технологиясы әлеуметтік технологиялардың бір
саласы. Ол қиын өмірлік жағдайға ұшыраған азаматтарға көмек көрестіп,
қолдау жасау мен әлеуметтік қызмет көрсетуге бағытталған.
Әлеуметтік жұмыстың технологиясы әдетте екі мағынада қарастырылады. Кең
мағынасында -әлеуметтік жұмыс объектісіне әсер ететін ұйым, юағдарлама,
құрал, тәсілдерінен тұратын теориялық білім мен практика жүйесі ретінде.
Мұндай түсінік әдетте әлеуметтік жұмысты жалпы мемлекеттік және аймақтық
басқару органдары деңгейінде қолданылады. Ал тар мағынасында –жеке
технологиялар жиынтығы ретінде, яғни нақты субъект пен әлеуметтік жұмыс
объектісіне ғана қолданылатын белгілі-бір, нақты тәсілдер мен құралдар
болып табылады. Мұндай түсінік ең алдымен халықтың әртүрлі категорияларымен
мекен-жайы, оқуы, жұмысы және т.б. бойынша әлеуметтік жұмысты
ұйымдастырушылардың тікелей әрекетінде қолданылады.
Жоғарыда көрестілгендей екі жол жастармен әлеуметтік жұмыс
технологияларында қолданылады, оны жастардың әлеуметтік көмек пен қолдауды
қажет ететін белгілі-бір категориясына, оларды өмірлік қиындықтардан алып
шығу мақсатында қолданылатын тиімді тәсілдер, құралдар, әдістерді
ұйымдастырудың білімдер жүйесі деп анықтауға болады. Жастармен әлеуметтік
жұмыстың технологиясында екі форманы бөлуге болады:
1. процедура мен операциялардан іс-әрекеттің ьтәсілі мен құралы ретінде
тұратын бағдарламалар.
2. осындай бағдарламаларға сәйкес құрылған іс-әрекеттің өздері.
Жастардың әлеуметтік жұмысының технологиясы әр алуан, олардың түрлері
көптеген негіздерге байланысты жүзеге асады, солардың ішінде тәжірибеде ең
көп тарағаны –объектілердің (жастар ортасында, жастар тобында және т.б.
болатын құбылыстар, процестер) жіктелуі, мұнда олардың әрқайсысының
объектісінің ерекшеліктерін ескере отырып, белгілі-бір әсер ету тәсілдерін
қолдану арқылы олардың тиімді қызмет етіп, дамуы мен жетілуіне мүмкіндік
туады[2].
Жастардың әлеуметтік жұмысының технологиясының жіктелуі олардың жаңа
дәрежесіне де байланысты. Осы түріне қарай жаңа (жаңарған) және дәстүрлі
(бұрынғы тәжірибелер технологиясы) деп бөлінеді. Жаңарған технологияға
жастардың әлеуметтік жұмысының мобильдік (басқаша атауы көшедегі
әлеуметтік жұмыс) технологиясын жатқызуға болады, бұл соңғы уақыттардағы
батыс елдерінде кеңінен тараған технология, ал ТМД елдерінде, соның ішінде
Қазақстанға аз танылып отыр. Оның мәні –ешбір жастар орталығынан, кеңес
беру пунктерінен, немесе басқа да жастар қызметінен көмек сұрамайтын, бірақ
девиантты мінез-құлық танытатын, агрессивті жастардың бір бөлігіне бақылау
жасау. Осындай жастарға рокерлер, спорттық және музыка фанаттары және
т.б. жастар тобын жатқызуға болады. Бұл технологияның негізгі қағидасы
-әлеуметтік қызметкерді осындағы тусовка енгізу, оның қатысушыларымен
өзара қатынасқа түсіп, олардың қызығушылықтарын зерттеп, түсіну, осы
негізде ондай топтардың көбеюіне жол бермеу, таралуына әсер ету, олардың
агерссивті көңіл-күйлерін дұрыс ағымға бағыттау.
Әлеуметтік жұмыстың технологиясы стратегиялық сипаттағы технологиялар
болып жіктеледі. Біріншісі жастардың көп ауқымын қамтып, олардың өмір
деңгейін жақсартуға, білім алып, жұмысқа орналасуға және т.б. мүмкіндік
жасауға бағытталған технология. Екіншісі –жастардың кейбір
категорияларымен, соның ішінде әлеуметтік көмек пен қорғауды қажет ететін
топтарымен жұмыс жасау технологиясы. Қазіргі Қазақстанның жағдайна
байланысты тактикалық сипаттағы технологиялар анықтаушы ғана болып отыр,
себебі, жастардың рискілік жігін, топтардың пайда болуын алдын-ала
саралайтын стратегиялық технологияның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге
мемлекеттің қаражаты жетіспейді, сондықтан жастармен жүргізілетін
әлеуметтік жұмыстың жүйесінде адрестік әлеуметтік көмек тұжырымдамасына
ғана сүйенеді.
Соған қарамастан, жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмысын табысты
жүзеге асыруда тактикалық технологияны алдын-ала саралайтын стратегиялық
сипаттағы технологиямен үйлестіре қолданған дұрыс. Мысалы, балалар мен
жасөспірімдердің қамқорсыздық проблемасын шешу үшін үйсіздерге нақты көмек
көрсетудің жеке, тактикалық технологиясын іске асыру жеткіліксіз. Оған бір
мезгілде, мемлекет пен жергілікті билік органдарының мүмкіндіктеріне қарай,
балалар мен жасөспірімдердің қамқорсыздығына алып келетін себептерді тауып,
оны болдырмау шараларын қолдануға бағытталған стратегиялық технологияны да
жүзеге асырған дұрыс.
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты жалпылау осы салада
қолданылатын көптеген технологиялар негізделетін басты қағидаларды бөліп
қарауға мүмкіндік береді:
✓ ұйымдастырушылық тәсіл жұмыс нысанының, жобаларының әр алуандығына
бағытталғанымен сипатталады, оны орталық және жергілікті әкімшілік
байқаудан өткізу арқылы қарап, қабылдайды да, оған қажетті қаржы бөледі,
оның жұмсалуына бақылау жасайды және таңдалған технологияның қолдану
нәтижесін бақылайды;
✓ кезеңмен қолдану тәсілі жұмыстың шартты түрде екі негізгі кезеңге
бөлінуін қарастырады. Бірінші кезең таңдалып алынған технологияның
объектісі –жастардың белгілі-бір тобы немесе жеке өспірім, бозбала,
бойжеткен, олардың отбасының басындағы жағдайларды терең зерттеумен
байланысты. Осы кезеңде барынша маңызды, алдымен шешуді талап ететін
проблемалар анықталады. Бұл кезеңнің аяқталуы әлеуметтік қызметтің,
әлеуметтік қызметкердің клиентпен (жеке адам, топ) бірге проблеманы
шешудің жоспарын құрудан тұрады. Екінші кезең –жасалған жоспарға сәйкес
жұмыс жасау, ол психо-әлеуметтік және басқа да қажетті көмекті
қарастырады және басына түскен жағдайдан шығуда қолайлы жағдай жасау,
клиенттің жағдайын реттеу сияқты істерді атқаруға бағытталған.
✓ Кадрмен қамтамасыз ету таңдап алынған технологияны жүзеге асыруға
арнайы мамандарды –психологтарды, әлеуметтік педагогтарды, медиктерді
және т.б. дайындауды қарастырады. Осындағы негізгі тұлға жастармен жұмыс
істеуге арнайы дайындалған, клиентпен сенімді қатынасқа түсіп, оның
басына түскен жағдайды зерттеп, оның проблемасын шешуде қолайлы әсер
ететін адамдарды, қоғамдық (ресми және бейресми) институттарды және
байланыстарды іздеуші, осы жоспардың жүзеге асуына бақылау жасаушы
маманданған әлеуметтік қызметкер болып табылады.
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс технологиясының тағы бір
маңызды қағидасы –саралап жіктеу тәсілі қағидасы, ол жоғарғы аталғандардан
басымырақ түсетіндіктен жеке қарауды қажет етеді.
Әлеуметтік жұмысының мақсаттары мен қызмет ету жағдайларымен және
жалпы жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстары жағынан жақынырақ, соның
ішінде Ресей Федерациясының жастар ісі бойынша әлеуметтік қызмет көрсету
жүйесінің органдарының мынадай құрылымы бар:
□ Жастарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету Орталығы дағдарыс
жағдайында, микро және макро орталарда келіспеушілік жағдайында жүрген
жастарға, халықтың осы категориясының девиантты, деликвентті және
суицидальды мінез-құлықтың алдын-алу сияқты медико-психолого-
педагогикалық көмек көрсетуге арналған. Бұл орталық екі бөлімнен тұрады
деп есептеледі: әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бөлімі, оған баспана,
қонақ-үй, социотерапия мектебі, мамандықты таңдау кабинеті, өндірістік
кешен, мәдени-спорттық кешен, еңбек биржасы, юристтік кеңес беру кеңсесі
жатады, және медико-психолого-педагогикалық көмек көрсету бөлімі, оған
диагностика-психологиялық пункт, ата-аналарға арналған кеңес беру пункті,
оқушыларға арналған кеңес беру пункті, анонимдік қабылдау кабинеті,
кризистік стационар, лекторий және бос уақытты өткізу пункті жатады;
□ Жастар үшін ақпарат беру Орталығы, оның мақсаты –жастар ісі бойынша
билік орындаушы органдарға, жастармен, әртүрлі жас адамдар тобымен жұміс
істейтін ұйымдар мен мекемелерге ақпараттық және әдістемелік қызмет
көрсету. Юристтік, коммуникативтік, жеке дара, кәсіби, бос уақытты өткізу
бойынша, білім алу, тұрғын үй және басқа да жастар проблемаларды шешуге
әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырудан басқа Орталық жастар
ортасында болып жатқан процесстер туралы ақпаратқа және жастардың
сұраныстары туралы ақпараттарға талдау жасаумен айналысады.
□ Еркінен айыру орындарынан келген жасөспірімдер мен жастардың қайта
әлеуметтендіру Орталығы, бейімделуі қиын жағдайда жүрген жастарға кеңес
беру, әлеуметтік-құқықтық, мамандықты таңдау және психологиялық көмек
көрсетуге арналған. Оның мақсаты -әлеуметтік пайдалы байланыстарын
жоғалтқан, бейімделуі қиын жағдайда жүрген жастардың криминогендік
категорияларына олардың әлеуметтік салаларға кірігіп кетуі мен
рецидивті алдын-алу мақсатында көмек көрсету; еркінен айыру орындарында
болып келген жастарға жұмысқа орналастыруға, мамандық таңдауға және қайта
мамандыққа дайындыққа көмектесу; юристік, медициналық және әлеуметтік
мәселелер бойынша кеңес беру; бейімделуге қиындық туғызған себептерді,
көкейкесті проблемаларды және қиын жағдайларды анықтап, олардан шығудың
жолдарын іздеу, дау-жанжалдарды тоқтату, қамқорлыққа алынғандармен бірге
осы дағдарыс жағдайларынан шығудың жолдарын іздеу; дау-жанжалдарды
тоқтату, қамқорлыққа алынғандармен бірге осы дағдарыс жағдайларынан
шығудың жолдарын табу мақсатында жоспарлар жасау. Орталықтың құрамында
телефон арқылы кеңес беру бөлімі (сенім телефоны), психологиялық емдеу
кабинеті, мамандықты таңдау және қайта даярлау мектептері, криминогендік
контингентпен жеке жұмыс істеу бөлімі, кеңес беру пункті болуы керек.
□ Жасөспірімдер мен жастарға кеңес беру Орталығы телефон арқылы жедел,
анонимді, ақысыз психологиялық кәсіби көмек көрсетуге арналған.
Орталықтың негізгі мақсаттарына: көкейкесті дау-жанжал жағдайын басынан
кешіріп, басқа да психикасына зақым келген жағдайда қалған абоненттерге
көмек көрсету, дағдарыстан шығу үшін жеке басының, рухани және физикалық
ресурстарын жұмылдыру; әлеуметтену мен дамудың психологиялық проблемалары
бойынша телефон арқылы балаларға, жасөспірімдерге жастарға, жас адамның
ата-аналары мен тәрбиешілеріне психологиялық кеңес беру.
□ Жасөспірімдерге арналған баспана объективтік және субъективтік
себептерге себептерге байланысты отбасында, тәрбие мекемесінде, қоғамда
дамудың қолайлы жағдайынан қағажу қалған кәмелетке толмағандардың
өмірінің уақытша жағдайын (тұрмыстық, психологиялық, эмоционалдық)
қамтамасыз етуді, кәмелетке толмағанның әрі қарайғы отбасындағы,
жұмысындағы, оқу-тәрбие мекемелеріндегі өмірінде жаңа жағдайлар жасауда
немесе өзгерістер енгізуде заң жүзінде шешім қабылдауды мақсат етеді.
Жоғарыда аталғандар қазіргі ТМД елдеріндегі жастарға арналған
әлеуметтік қызмет көрсетудің таптырмас жалпы ұйымдастырушылық-технологиялық
моделі. Тәжірибеде қазіргі шындыққа тән осындай қызметтердің аймақтық
әртүрлі модельдері бар. Олар әртүрлі ТМД елдерінің әлеуметтік-экономикалық,
саяси және әлеуметтік-мәдени дамуының өзіне тән ерекшелігіне, ұйымдар
бірлестіктерінің қалыптасу процесінің ерекшеліктеріне, тіпті жастарға
арналған әлеуметтік қызмет көрсетудің мазмұны мен рөлін мемлекеттік билік
органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшыларының
түсінуіне негізделген.
1.2 Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың шетелдік тәжірибесі
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстарда шет елдік тәжірибені
зерттеуде және қолдануда мынадай сәттерді ескеру керек:
□ оны бағалау мен пайдалану мүмкінгдігіне нақты тарихи
жағынан келу, яғни тәжірибесі зерттеліп отырған елдің
қоғамдық-саяси деңгейі мен әлеуметтік-экономикалық дамуын
ескеру;
□ әлеуметтік жұмыстың тәжірибесіне бейімделу өз елінің, өз
аймағының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып
жүзеге асыру керек;
□ шет елдік тәжірибені қолдану өз елінде жинақталған жастарды
әлеуметтік қорғау саласындағы тәжірибені алып тастау деген
сөз емес;
Дамыған елдерде жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың қазіргі
дейгейі біршама жағдайларға негізделген. Бұл елдердегі басқарушылар шеңбері
мен қоғам мыналарды сезінеді:
□ қоғамда әлеуметтік тұрақтылық жағдайын ұстап тұруға
мүмкіндік жасайтын әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың
қажеттілігін сезінеді, оны мынадай жолдар арқылы жүзеге
асырады: экономиканың нарықтық сипатын сақтай отырып
әлеуметтік бағдарлануы; табыстарды халықтың аса қамтамасыз
етілгендері ман аса қамтамасыз етілмегендерінің арасында
қажетті және әлеуметтік қызмет көрсету үшін мемлекеттік және
жергілікті бюджетті, әр алуан қорлардағы қаржыларды
шоғырландыру; білім беру, медициналық қызмет көрсету,
еңбекпен қамту және т.б. салаларда белгілі-бір әлеуметтік
кепілдіктер беру;
□ жастарды әлеуметтендіру мен интеграциялауда қоғамның
кездесетін қиындықтары жылдам өзгермелі заманда жас
адамдардың бір жағынан, қажеттіліктері мен ұмтылыстарының
сәйкессіздігі нәтижесінде болса, екінші жағынан қоғам оларға
ұсынады да, олардан талап етіуінен болатыны;
□ осы қайшылықтарды шешу үшін жастарға өзін-өзі көрсетуге
жағдай жасап, қоғамның даму процесіне өз үлестерін қосуға
мүмкіндік беру керек.
Осы жағдайларды ескере отырып, қазіргі уақытта дамыған елдерде
жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың, әлеуметтік қолдаудың екі
негізгі моделі қалыптасқан: америкалық (көмек пен қолдаудың мемлекеттік
емес нысандары басымдау) және батыс-еуропалық (жастарға көмек көрсету мен
қолдау жасаудың мемлекеттік нысандары басым)[3].
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың жүйесі АҚШ-та жалпы
мемлекеттік заңдылықтар, немесе штат заңдарымен регламенттелген әр түрлі
әлеуметтік бағдарламалардан тұрады. Сонымен қатар, жеке бағдарламаларды
жергілікті билік органдары қабылдайды. Мұндай тәсілдер нақты аймақта
тұратын жастарға әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттіліктерін толықтай
көрсетуге мүмкіндік береді.
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың батыс-еуропалық жүйесі
америкалықтан жас ұрпаққа қатысты әлеуметтік саясаттың бағытын анықтауда,
жоспарлауда және іске асыруда мемлекеттің қатысуымен, әр алуан әлеуметтік
қызмет көрсетуге жастардың біршама шеңберін қамтуымен ерекшеленеді. Мұнда
жергілікті өзін-өзі басқару органдары да маңызды рөл атқарады.
Нарықтық экономикасы қалыптасып қалған дамыған елдердегі жастармен
жүргізілетін әлеуметтік жұмысының жүйесінің ортақ белгісіне әлеуметтік
қызметтердің түрлерінің өзгеруінен, өзгермелі жағдайларға байланысты жүзеге
асыру нысандарынан, қажеттіліктердің ескеруі мен жаңасының пайда болуынан
көрінетін нысандарының тармақталуы және әр алуандығы, иілгіштігі жатады.
Басқа бір ортақ белгіге -әлеуметтік қызмет көрсетудің барлық жүйесінің
барынша құқыққа негізделуі, оны ұсынудың сипаты мен жағдайлары туралы
халықтың барынша хабардар болуы, бұл өз кезегінде, әрбір осыған қызығушылық
танытқан жас адамға, жасөспірімге немесе оның ата-анасына (қамқоршыларына)
қажет болған жағдайда заң жүзінде тиесілі әлеуметтік қызметті пайдалануына
мүмкіндік береді[4].
Батыс елдеріндегі жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың тағы бір
ортақ белгісіне отбасын қоғамның негізгі ұясы, жас ұрпақты
әлеуметтендірудің басты факторының бірі ретінде есептеуі жатады.
Батыс елдеріндегі жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыспен
айналысатын барлық мекемелер мен ұйымдарды екі топқа бөлуге болады: жалпы
профильдік және арнаулы. Жалпы профильдікке нақты аймақтың (штаттың,
аймақтың, департаменттің және т.б.) тұрғындарына қызмет көрсететін
мекемелер жатады. Мекен-жайларға барынша жақын орналасқан олар әлеуметтік
көмекке зәрулердің барлығына, соның ішінде жастарға өз көмектерін
көрсетеді. Ал арнаулы мекемелер қатарына белгілі-бір жастар тобына -мүгедек-
балаларға, үйден қашып кеткендерге, қараусыздарға, нашақорларға және
басқаларына әлеуметтік көмек көрсететін мекемелер жатады.
Әр елде балалық пен бозбалалықты әлеуметтік қорғау саласына, осы халық
санатының теріс мінез-құлықтарына профилаклика жүргізуге әртүрлі тәсілдер
қалыптасады. Бірақ, бұл жұмыстың ұйымдастырушылық-практикалық нысандарының
әр алуандығына қарамастан оларда ортақ үрдістер мен қағидаларды байқауға
болады. Олар ең алдымен мыналар:
□ жастардың құқық бұзушылығы мен теріс мінез-құлықтарына
профилактика жасау мен алдын-алу жүйесін гуманизациялау,
жазалаумен мәжбүрлеу шараларынан қорғау-сақтау шараларын
үстемдету;
□ тәрбиелеу-профилактикалау және қорғау-сақтау әрекеттерін
мамандандыру, отбасы жағдайында теріс мінез-құлықтарын түзету
және емдеу бойынша практикалық жұмысқа маманданған әлеуметтік
педагогтардың, әлеуметтік қызметкерлердің арнаулы
лауазымдарын енгізу;
□ отбасына, мектепке, балаларға, жасөспірімдерге,
бозбалаларға көмектесуге шақырылған арнаулы құрылымдар
желісін құру: психологиялық қызметтер мен кеңестер, сенім
телефондары, қиын жағдайларға ұшыраған балалар мен
жасөспірімдерге арналған әлеуметтік баспаналар;
□ әлеуметтік теріс бейімделген кәмелетке толмағандарды
реабилитациялауда тәрбиелеу-профилактикалау және қорғау-
сақтау әрекеттерін психологизациялау, теріс мінез-құлықтарды
түзетуде басты рөлді медико-психологиялық көмек пен қолдауға
беру;
□ тәрбие институтының бастысы ретінде отбасына әлеуметтік-
құқықтық, психолого-педагогикалық көмек пен қолдау көрсету,
тәрбие мақсаттарын орындай алмаған әлеуметтік қауіпті
отбасыларында отбасылық тәрбие беру жағдайын жақсартудың
әлеуметтік жұмыстарын ұйымдастыру.
Көптеген Батыс Еуропа, АҚШ, Жапония мемлекеттерінде жастармен
жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар әртүрлі көмек көрсетумен ғана шектеліп
қалмайды, оларда тыйым салу, бақылау сипатындағы шаралар да тұрады. Мысал
ретінде құқықтық негізде жүзеге асырылатын шаралар қолданылатын ФГР
тәжірибесіне сүйеніп көрейік:
□ жас адамның рухани және физикалық жағдайына қауіпті
жерлерде болуының алдын-алу. Мұндай қауіп төндіретін
объектілерге көпшілік үйлер, жастарды девиантты мінез-құлыққа
жетелейтін орындар жатады.
□ Жасы 16-ға толмаған жас адамдардың қоғамдық тамақтану,
кафе, асханаларда және басқаларында, сондай-ақ дискотекаларда
болуына тәртіп белгілеу, оны оларды тәрбиелеуге жауапты
адамның бірге жүруімен, осы орындарда болу уақытын шектеу
арқылы жүзеге асырады.
□ Қоғамдық орындарда алкогольді сатып алуға және қолдануға
тыйым салынады: 16 жасқа дейінгі жас адамдарға ата-анасымен
жүргенде ғана жеңіл алкоголь ішімдіктерін (сыра, шарап және
т.б.) ішуге рұқсат етіледі.
□ Жасы 18-ге толмаған жас адамдарға құмар ойындарын ойнауға,
әсіресе ұтып алу мақсатында ойын автоматтары бар залдарға
баруға (бұл ереже қасында ата-анасы немесе тәрбиешісі бар
барлық балаларға қатысты) тыйым салынады;
□ Балалар мен жасы 15-ке толмаған жас адамдарға қоғамдық
орындарда темекі тартуға тыйым салынады.
Шетелдерде, әсіресе дамыған елдерде жастармен –құқық бұзушы кәмелетке
толмағандармен, жас нашақорлармен, қараусыздармен, қауіпті топ отбасында
тәрбиеленуші балалар мен және басқаларымен жүргізілетін арнаулы әлеуметтік
жұмыстың біршама тәжірибесі жинақталған. Әр елде бұл проблемалардың өзіне
тән ерекшеліктері бар, олар әртүрлі байқалады және оларды шешу үшін сол
елдің әлеуметтік-экономикалық, демографилық және басқа да ерекшеліктерін
есепке ала отырып жасалған әлеуметтік бағдарламалар, технологиялар
қолданылады. Соған қарамастан, осының өзі әр елдерде қалайша жүзеге асып
жатқанын білу әлеуметтік қызметкерге ол елден әлеуметтік және мәдени
жағынан барынша ерекшеленетін жағдайлардың өзінде көмектесіп, жастар
ортасында жаңа проблемалардың туындауын көре білуге және адекватты шешімдер
қабылдауына көмектесетіні сөзсіз.
Австрияда жастардың құқығын қорғау үшін және оларға көмектесу үшін
аймақтарда арнайы үйлерде орналасқан, жастардың қалауынша безендірілген
ақпараттық орталықтар ашылған. Мұнда жас адамдар педагогтардан,
психологтардан, юристерден ақпарат пен кеңестер ала алады. Және де
клиенттердің анонимділігі сақталады.
Елдің жастар қызметінің әрекеттерінде жас отбасыларына көмек көрсету
мақсатында тұрғын-үй басқармаларымен байланыс қарастырылған. Толық емес
отбасылары ерекше назарда ұсталған. Қызмет орталықтары мұндай
отбасыларының, ең алдымен балаларының мүдделеріне орай, материалдық
базасының нығаюына қаржылай көмек көрсетуге бар күштерін салады. Балалар
мен ата-аналары арасындағы қарым-қатынастарға байланысты туа қалған
құқықтық мәселелерді шешуде көп көмектер көрестіледі[5].
Зорлық көрген балаларға көрсетілетін көмек түрлері әсіресе назар
аударарлық. Онымен бірнеше мекемелер айналысады. Жастар мен отбасына қызмет
көрсету орталықтары отбасы ісіне араласу арқылы немесе арнаулы бақылауға
алу арқылы көмек көрсетеді. Егер баланы қорғау қажет болса, оны отбасынан
алып басқа жерге орналастырады да, қамқорлық көрсетеді. Отбасында зорлық
көруіне байланысты қауіпті жағдайды басынан кешіп отырған балалар сондай-ақ
балалардың психологиялық бөлімдерінен көмек ала алады, онда олар және оның
отбасы бірнеше апта бойы психологтардың қарамағында болады, қажеттілігіне
қарай клинико-психологиялық диагностика, кеңес беру және т.б. жүргізіледі.
Мұндай көмектердің мақсаты қызмет орталықтарының мамандарының қарауында
болуды жалғастыра отырып, баланы отбасына қайтару.
Тағы бір әлеуметтік қызмет түрі –Аймақтық күйзеліс орталықтары. Олар
мектеп жасындағы балаларға тәулік бойы көмек көрсетіп, кеңестер берумен
айналысады. Егер оқушыға қауіп төнсе қысқа уақытта оны тұрғындар тобына
қабылдайды. Осының өзінде ол сабағына баруды тоқтатпайды және орталық
мамандары тиесілі жұмыс істеген өзінің ата-аналарымен кездесіп тұрады.
Орталықтардың мақсаты дағдарыс жағдайларда балалармен және ата-аналарымен
бірге жанжалдарды шешудің жаңа жолдарын табу.
Ұлыбританияда әлеуметтік қызметтердің жұмысы жасына, этникалық және
басқа да демографиялық жағдайларға байланысты, сондай-ақ физикалық немесе
психикалық денсаулығының бұзылуына байланысты мемлекеттік көмекті қажет
ететін азаматтардың әртүрлі категориясын әлеуметтік қорғау мен көмек
көрсетуден тұрады. Осыған байланысты, әлеуметтік қызметтердің әрекеттерінің
саласына әлеуметтік, психологиялық қорғауды немесе материалдық қолдауды
қажет ететін балалар, жасөсіпірімдер мен жастар, сондай-ақ олардың
отбасылары кіреді.
Әлеуметтік қызмет орталықтары бюджеттік ұйымдар болғандытан, ақысыз
көмек көрсетеді. Бұл қызмет орталықтарының өзіндік айырмашылығына олардың
оқу, емдеу және басқа да жас ұрпақтың білім алуына, тәрбиесі мен
денсаулығына жауап беретін мекемелерден тәуелсіз болуы. Сондақтан
әлеуметтік қызметтердегі әлеуметтік қызметкерлер балалармен,
жасөспірімдермен, бозбалалармен жұмыс істейтін, солар үшін жауап беретін
басқа мекемелердің қызметкерлердің маманданбаған немесе ізгілікке қарсы
әрекеттеріне шынайы қарсы тұра алады.
Әлеуметтік қызметкер жергілікті билік органдарына нақты мекеменің,
маманның, ата-аналары немесе жеке тұлғаның тарапынан баланың немесе жас
адамның психикалық болмаса физикалық дамуына қауіп төндіретіні жөнінде
мәселені көтере алады. Әлеуметтік қызметкердің арызының және оған сәйкес
материалдар негізінде жергілікті сот органы сәйкес заңды немесе жеке
тұлғаларды жауапкершілікке тарта алады, билік органы отбасына қаржылай
көмек көрсету мөлшерін белгілейді, жас адамның жұмысқа орналасуына
жәрдемдеседі, тұрмыстық жағдайын жақсартуды және т.б.
Көптеген әлеуметтік қызметкерлер тікелей білім беру және емдеу
мекемелерінде жұмыс істеп, штаттық педагогтар мен психологтармен тығыз
байланыста бола отырып кәмелетке толмағандармен жәке және топтық жұмыстарды
жүзеге асырады, бірақ әкімшілік жағынан жергілікті әлеуметтік қызмет
орталықтарына бағынады.
Бұл елде әлеуметтік қызмет орталықтарымен бірдей деңгейде жұмыс
істейтін әр профильді көптеген орталықтар да бар. Орталықтар нақты
аймақтарда тұратын халықтың белгілі бір санаттарына қызмет көрсетеді. Соның
ішінде балаларға, жасөсіпірімдер мен олардың отбасыларына қызмет көрсететін
арнаулы орталықтар бар.
Мұндай орталықтар нақты бағыттарда жұмыс істеуге арналады және
әлеуметтік қызметтердің желілік құрылымы болып табылады. Мысалы тек
отбасыларына көмек беретін, немесе тек маскүнем жасөсіпрімдер мен
нашақорларға және басқаларына көмектесетін орталықтар бар. Желілі
құрылымдағы әлеуметтік қызметкерлер барынша шектеулі маманданған: бірі
психотерапевтік практикамен айналысса, екіншісі отбасы психологтары сияқты
әрекет етеді де, бірнеше отбасыларына ондағы жанжалдардың шешілуіне дейін
ғана көмектеседі, ал үшіншілері орталыққа келушілерге әлеуметтік қорғауды
қамтамасыз етіп, заңды мекмелермен, денсаулық сақтау ұйымдарымен,
әлеуметтік қамтамасыз ету қызметтерімен, бос уақытты өткізу мекемелерімен
байланысып отырады.
Голландияда ұсақ ұрлықтар жасаған немесе вандализм актілерін жасауға
барған жасөспірімдермен Халит жобасы шеңберінде қызықты жұмыс тәжірибесі
жинақталған, оның мәні құқық бұзған жасөспірім өз кінәсін, материалдық
немесе моральдық залалды өз еңбегімен өтеуден тұрады. Келтіріліген залалдың
орнын толтырудың ең кеңінен тараған тәсілдеріне: құқық бұзу нәтижесін
тікелей түзету (жасөспірім шимайлап тастаған қабырғасын жуу немесе сырлату
және т.б.); құқық бұзудан зардап көрген ұйымда жұмыс істеу (жасөспірім өзі
залал келтірген дүкенде ақысыз еңбек ету арқылы залалының орнын толтырады
және т.б.); келтірілген залалды жасөспірім қоғамдық орындарда тапқан ақшасы
арқылы төлейді.
Сәйкес әкімшілік орган, жасөспірім (оның отбасы) және зардап шеккен жақ
үш жақты келісім-шартқа отырады, онда жасөспірім кешірім сұрап, залалдың
орнын толтыруға, оның құқықтық білімін көтеруге бағытталған, әсіресеөзі
жасаған құқық бұзушылық пен оның салдарына қатысты жауапкершіліктер туралы
айтылатын шараларға қатысу міндеттемелері қаралады. Халит бюросы осы
келісім-шарттың орындалуына бақылау жасайды: егер жасөсіпірім өз
міндеттемесін орындаса, істі жабады, егер орындамаса –құқық бұзу туралы
хаттамаға ресми түрде жасөспірімнің заңды жауапкершілікке тартылуын
қарастыратын әрекет етуге жол ашылады[6].
Исландияда кәмелетке толмаған құқық бұзушылар мен қауіпті топқа
жататын жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс арнаулы балалар мен бозбалалардың
әл-ауқаты туралы Заңының негізінде жүзеге асады. Аймақтық деңгейде бұл
жұмысты жергілікті әкімшіліктің қасынан құрылған әлеуметтік қызмет көрсету
Комитеттері атқарады. Комитеттер жасөсіпірмдер арасында жас адамдардың
қажеттіліктері мен қызығушылықтарын оларға және социумның каналдарына
пайдалы белсенді әрекеттерге бағыттау мақсатында алдын-алу жұмыстарын
ұйымдастырады. Балалардың денсаулығы мен мінез-құлықтарына теріс әсер
ететін қолайсыз жағдайларда тұратын балалардың отбасыларына қатысты
профилактикалық шаралар отбасылық бақылаудан, отбасылық қолдау мен кеңес
беруден, мектептік проблемаларды шешуде көмек беруден тұрады. Егер ата-
аналары баланың күтімі мен тәрбиесіне дұрыс қарай алмаса, Комитеттің
қарамағында қызмет ететін балаларды қорғау бөлімі оларды қорғау мен
тәрбиелеуде жауапкершілікті өз мойындарына алады, баланы қамқор болатын
отбасыларға немесе балалар үйіне анықтайды.
Норвегияда әрбір муниципалитетте балаларды қорғайтын бөлімдер бар, олар
жасы 18-ге дейінгі жас адамдарды денсаулығы мен дамуына кері әсер ететін
жағдайларда тұратын жастарды қорғап, көмектесуге арналған. Жұмыс үш
деңгейде жүргізіледі: негізгі профилактикалық шаралар, отбасындағы
профилактикалық шаралар және қорғау шаралары. Негізгі профилактикалық
шаралардың мақсаты муниципалитеттің аймағында тұратын балалардың өмірлік
жағдайларын жақсарту болып табылады да, ол балалардың алаңдарын, жастар
клубын ашудан, көлік проблемаларын шешу (балаларды мектепке тасу) және т.б.
мәселелерді шешуден тұрады. Отбасыларындағы профилактикалық шаралар мен
қорғау шаралары жергілікті, адрестік сипатта болып, проблемалық
отбасыларында, жас нашақорлармен, құқық бұзушылармен және басқа да
әлеуметтік қолдауды қажет ететін жастар санатымен әлеуметтік жұмыс
жүргізуді қарастырады.
Жастар ортасында алкоголизммен күрес тәжірибесі де қызықты. Жергілікті
билік органдары –муниципалитеттер алкогольді қолдануды дүкендер, кафелер
мен мейманханалар арқылы таралуына бақылау жасайды, алкогольсіз жастар
клубтарының, дискотекалар мен басқа да осы сияқты мекемелердің әрекеттеріне
жәрдем ақша беру және басқа да қолдау көрсету арқылы көмектесіп тұрады.
Алкогольді шектен тыс қолданатын жастар арасында көшеде жұмыс істеу деп
аталатын жұмыс жасалады, оның мақсаты жас адамдарға алкогольмен байланысты
үзуге көмектесу.
Ресейде Ресей Федерациясының халқына әлеуметтік қызмет көрсету
негіздері туралы Заңы бойынша жастарды әлеуметтік қорғау мекемелерінің
типтік құрылымы қарастырылған, оның мазмұны мынадан тұрады:
1. әрбір қала, аудан үшін міндетті минимум, оған мыналар кіреді:
а) әлеуметтік қызмет көрсету орталығы (бөлімдері: үйде әлеуметтік көмек
көрсету, күндізгі, уақытша тұру, жедел әлеуметтік көмек көрсету);
ә) отбасы мен балаларға әлеуметтік көмек көрсету орталығы;
б) кәмелетке толмағандар үшін әлеуметтік-реабилитациялық орталығы;
в) әлеуметтік қонақүй;
г) балалар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік баспана.
2. қалалар мен аудандардағы қосымша желілер, оларға мыналар жатады:
а) психолого-педагогикалық көмек беру орталығы;
ә) телефон арқылы жедел психологиялық көмек көрсету орталығы;
б) қайырымдылық үйі;
в) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, соның ішінде балалар мен
жасөсіпірімдерге арналған реабилитациялық орталықтары.
3. республикалық, өңірлік, облыстық, аймақтық, аудан аралық мекемелер,
оларға мыналар кіреді:
а) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету
орталықтары;
ә) интернат-үйлер: балалар, психоневрологиялық, арнаулы;
б) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған жатақханалар.
Федерация субъектілерінің билік органдары, жергілікті билік органдары
осы құрылымдар негізінде аймақтың өзіне тән ерекшеліктері мен материалдық-
қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып жастармен жүргізетін әлеуметтік жұмыс
қызмет орталықтары құрылады. Мысалы, Башқұртстан Республикасында әлеуметтік-
психологиялық, заң, наркологиялық көмек көрсету және жастардың еңбек
биржасы қызметтерімен бірге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz