Жасөспірімдердің ерікті зейінінің өзгеру динамикасы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Биология факультеті


Адам мен жануарлар физиологиясы және биофизика кафедрасы

Дипломдық жұмыс

Жасөспірімдердің ерікті зейінінің өзгеру динамикасы

Орындаған Елшіманова А. Н.

4 курс студенті

Ғылыми жетекшісі Бақтыбаева Л. Қ.

Нормоконтролер Гумарова Л. Ж.

Қорғауға жіберілді Төлеуханов С. Т.

кафедра меңгерушісі

Алматы, 2010

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
6
КІРІСПЕ: 1 НЕГІЗГІ БӨЛІМІ
6: 8
КІРІСПЕ: 1. 1 Әдебиетке шолу
6: 8
КІРІСПЕ: 1. 1. 1 Зейіннің анықтамасы
6: 8
КІРІСПЕ: 1. 1. 2 Зейіннің қызметтерімен физиологиялық негіздері
6: 11
КІРІСПЕ: 1. 1. 2. 1 Зейіннің қызметтері
6: 11
КІРІСПЕ: 1. 1. 2. 2 Зейіннің физиологиялық негіздері
6: 11
КІРІСПЕ: 1. 1. 3 Зейіннің негізгі қасиеттері
6: 12
КІРІСПЕ: 1. 1. 3. 1 Зейіннің бөлінушілігі
6: 12
КІРІСПЕ: 1. 1. 3. 2 Зейіннің тұрақтылығы мен жинақтылығы
6: 13
КІРІСПЕ: 1. 1. 3. 3 Зейіннің аударылуы
6: 14
КІРІСПЕ: 1. 1. 3. 4 Ақпаратты орналастыра алу мүмкіндігімен көлемі
6: 14
КІРІСПЕ: 1. 1. 3. 5 Зейіннің көлемі
6: 15
КІРІСПЕ: 1. 1. 3. 6 Алаң болушылық
6: 15
КІРІСПЕ: 1. 1. 4 Зейін түрлері
6: 16
КІРІСПЕ: 1. 1. 4. 1 Ерікті зейін
6: 16
КІРІСПЕ: 1. 1. 4. 2 Еріксіз зейін
6: 16
КІРІСПЕ: 1. 1. 4. 3 Үйреншікті зейін
6: 17
КІРІСПЕ: 1. 1. 5 Балалардың зейінінің даму кезеңдері
6: 17
КІРІСПЕ: 1. 2 Зерттеу объектілер мен әдістер
6: 20
КІРІСПЕ: 1. 2. 1 Зерттеу объектілер
6: 20
КІРІСПЕ: 1. 2. 2 Зерттеу әдістері
6: 20
КІРІСПЕ: 1. 3 Зерттеу нәтижелері мен талқылану
6: 24
КІРІСПЕ: 1. 3. 1 Зерттеу нәтижелері
6: 24
КІРІСПЕ: 1. 3. 1. 1 Зейін өнімділігі деңгейінің өзгеру динамикасы
6: 24
КІРІСПЕ: 1. 3. 1. 2 Зейін тұрақтылығы деңгейінің өзгеру динамикасы
6: 24
КІРІСПЕ: 1. 3. 1. 3 Зейін белсенділігінің өзгеру динамикасы
6: 25
КІРІСПЕ: 1. 3. 1. 4 Зейін аудару деңгейінің өзгеру динамикасы
6: 25
КІРІСПЕ: 1. 3. 1. 5 Зейін топтау деңгейінің өзгеру динамикасы
6: 26
КІРІСПЕ: 1. 3. 2 Талқылану
6: 26
КІРІСПЕ: 1. 3. 2. 1 Зейін өнімділігі деңгейінің өзгеру динамикасы
6: 26
КІРІСПЕ: 1. 3. 2. 2 Зейін тұрақтылығы деңгейінің өзгеру динамикасы
6: 26
КІРІСПЕ: 1. 3. 2. 3 Зейін белсенділігінің өзгеру динамикасы
6: 27
КІРІСПЕ: 1. 3. 2. 4 Зейін аудару деңгейінің өзгеру динамикасы
6: 27
КІРІСПЕ: 1. 3. 2. 5 Зейін топтау деңгейінің өзгеру динамикасы
6: 27
КІРІСПЕ: 2 ҚОРЫТЫНДЫ
6: 28
КІРІСПЕ: Пайдаланылған әдебиеттер
6: 29
КІРІСПЕ:
6:

РЕФЕРАТ

Негізгі сөздері: з ейіннің көлемі, ерікті, еріксіз зейін, зейінің өнімділігі, тұрақтылығы, белсенділігі, топтау, бөлінушілігі, жинақтылығы, аударылуы, көлемі, үйреншікті.

Дипломдық жұмыс 30 беттен, 1 кестеден, 5 суреттен, 37 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеу жұмыстың өзектілігігі: Негізінде жасөспірімдердің зейінді дамыту үшін.

Жұмыстың мақсаты: Жасөспірімдердің ерікті зейінінің өзгеру динамикасын зерттеу.

Жұмыстың міндеттері:

1) Жасөспірімді оқушылардың ерікті зейіні өнімділігінің апта параметірлерінің динамикасын зерттеу.

2) Жасөспірімді оқушылардың ерікті зейіні тұрақтылығының апта параметірлерінің динамикасын зерттеу.

3) Жасөспірімді оқушылардың ерікті зейіні белсенділігінің апта параметірлерінің динамикасын зерттеу.

4) Жасөспірімді оқушылардың ерікті зейіні аударуынын апта параметірлерінің динамикасын зерттеу.

5) Жасөспірімді оқушылардың ерікті зейіні топтауының апта параметірлерінің динамикасын зерттеу.

Зерттеу объектілері мен әдістері:

Объектілері: Ж. Жабаев атындағы ұлттық гимназиясының 12 - 13 ж. оқушылары (10 ұл және 10 қыз) . Әдістері: зейін өнімділігі деңгейін зерттеу әдісі, зейін тұрақтылығын зерттеу әдісі, зейін белсенділігінің зерттеу әдісі, зейін аудару деңгейінің өзгеру динамикасын зерттеу әдісі, зейін топтау деңгейін зерттеу әдісі .

Жұмыстың қорытындылары:

1. Қыздардың зейін өнімділігі апта басында ұлдармен салыстырғанда жоғарлау және тұрақты болып шықты, бірақ аптаның соңына қарай жылдам түсті.

2. Қыздар мен ұлдардың зейін тұрақтылығы өзгеру динамикасы бірдей анықталды.

3. Ұлдарда апта басында зейіннің белсенділігінің көрсеткіштері қыздармен салыстырғанда жоғарлау және тұрақты болған. Қыздарда зейіннің белсенділігі ұлдармен салыстырғанда төмен және тұрақты емес, бірақ апта сонына қарай сәл жоғарылады.

4. Қыздарда да, ұлдарда да зейін аудару деңгейінің динамикасы бірдей болды. Апта ортасына дейін жоғарылап, соңына қарай төмендеді. Апта соңында ұлдарда төменірек болды.

5. Қыздарда зейін топтау деңгейі ұлдармен салыстырғанда жоғарлау. Бірақ аптаның өзгеру динамикасы бір-біріне ұқсас. Ұлдар зейін топтаудың төмен деңгейімен және оның апта соңында төмендеуімен ерекшеленді.

Практикалық маңыздылығы: Жасөспірімдернін ерікті зейінін дамыту үшін

мұғалімдерге қажетті және маңызды жаттығуларды және әдістерді кепілдеме бойынша беру.

ГЛОССАРИЙ

Зейіннің көлемі, ерікті, еріксіз зейін өнімділігі, зейін тұрақтылығы, зейін белсенділігі, зейін топтау, зейіннің бөлінушілігі, зейіннің жинақтылығы, зейіннің аударылуы, зейіннің көлемі, үйреншікті зейін, доминанта, сұрыптау, толқу, гипотеза, шоғырлану, бағытталу.

КІРІСПЕ

Психологиялық процестер таңдамалылығымен, бағыттылығымен анықталады. Гуссерельдің (1859 - 1938) айтуы бойынша кез - келген түсінік “интенционально” яғни “бір нәрсені түсіну” жалпы тілде бұл материалды және идеальды объект мына түрде беріледі: мен (бір нәрсе) туралы ойлаймын, мен (бір нәрсені) қалаймын және т. б. Психологияда таңдамалы бағытталған ерекше психикалық қасиет зейінмен байланысты.

Өзектілігігі. Бұл жұмыс оқушылардың сабақ үлгеріміне қатысты сұрақтарды қарастырады. Инновациялды технологиялардың жаңа ғасыры әртүрлі бағыттан келетін: мектептегі сабақ, достармен араласу, интернет, ақпаратпен жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Өкінішке орай материалдар жанымызды жадыратардай толық емес. Сонымен бірге оқушының сабақ үлгерімінің төмен болуы себептерге гиперактивтілік, көңіл - күйдің ауысуы, есте сақтаудың бұзылуы, көрудің, естудің бұзылуы, интелектінің дамымауы, оқу мотивациясының жоқтығы және зейіннің жоқтығы немесе зейін даму деңгейі төмен.

Негізінде оқушыға көмектескіміз келеді, сондықтан жасөспірімдердің ерікті зейіннің өзгеру динамикасын зерттеп және алған мәліметтердің негізінде зейінді дамыту үшін жаттығуларды таңдау.

Зейінді оқытудың ең бірінші мәселелері Лейбниц пен Кант жұмысынан бастау алған философия түсінік апперцепциясынан айналасында жүріп қалды. Бұл берілген түсінік өткен тәжірибелерден белгілі болғандай қабылдауда тәуелді. Апперцепциядан әмбебап принциптерді көрген Вундт зейінді қабылдаған ақпаратты нақты түсіндіретін процесс деп есептеді. Т. Рибо зейінді идеомоторлы қозғалыстарды қабылдаумен байланыстырды. ХІХғ жүз жылдықтың психолог ғалымы зейінді адамның еркімен байланысты процесс деп есептеді және “зейін еркі” атты теорияны енгізді. Зейін динамиканы және түсінуді, түсінудің бір элементі ретінде анықтайды, бірақ түйсік процестеріне (қабылдау, ес, ойлау) қарағанда өзіндік арнайы мазмұны жоқ болып табылады.

Мақсаты: жасөспірімдердің ерікті зейінінің өзгеру динамикасын анықтау.

Жұмыс міндеттері:

1. Жасөспірімді оқушылардың ерікті зейіннің өнімділігі, тұрақтылығы, белсенділігі, аудару, топтау деңгейінің өзгеру динамикасын зерттеу.

2. Ұлдардың және қыздардың ерікті зейіннің апта көрсеткіштерін салыстырмалы сипаттамасын беру.

Ғылыми - әдістемелік зерттеу базасы: әл - Фараби атыңдағы Қазақ ұлттық университетінің биология факультетінің адам және жануарлар физиологиясы мен биофизика кафедрасы

Зерттеу объектісі. Жамбыл Жабаев атындағы ұлттық гимназиясының оқушылары. 12 - 13 жастағы жасөспірімдер (10 ұл және 10 қыз) .

Зерттеу әдістері. Зейін өнімділігі деңгейін зерттеу әдісі, зейін тұрақтылығын зерттеу әдісі, зейін белсенділігін деңгейін зерттеу әдісі, зейін аудару деңгейінің өзгеру динамикасын зерттеу әдісі, зейін топтау деңгейін зерттеу әдісі.

Жұмыстың қорытындылары:

1. Қыздардың зейін өнімділігі апта басында ұлдармен салыстырғанда жоғарлау және тұрақты болып шықты, бірақ аптаның соңына қарай жылдам түсті.

2. Қыздар мен ұлдардың зейін тұрақтылығы өзгеру динамикасы бірдей анықталды. Апта басынан ортасына қарай жоғарылап, апта соңында апта басының көрсеткішімен тең болып шықты.

3. Ұлдарда апта басында зейіннің белсенділігінің көрсеткіштері қыздармен салыстырғанда жоғарлау және тұрақты болған, апта соңына қарай сәл түсіп кетті. Ал қыздарда зейіннің белсенділігі ұлдармен салыстырғанда төмен және тұрақты емес, бірақ апта сонына қарай сәл жоғарылады.

4. Қыздарда да, ұлдарда да зейін аудару деңгейінің динамикасы бірдей болды. Апта ортасына дейін жоғарылап, соңына қарай төмендеді. Апта соңында ұлдарда төменірек болды.

5. Қыздарда зейін топтау деңгейі ұлдармен салыстырғанда жоғары. Бірақ аптаның өзгеру динамикасы бір-біріне ұқсас. Ұлдар зейін топтаудың төмен деңгейімен және оның апта соңында төмендеуімен ерекшеленді.

Практикалық маңыздылығы: Жасөспірімдердін ерікті зейіннің дамыту деңгейін анықтап, оны дамыту және белсенділігін, үлгерімін көтеру үшін мұғалімдерге қажетті және маңызды жаттығуларды және әдістерді кепілдеме бойынша беру.

1 НЕГІЗГІ БӨЛІМІ

1. 1 Әдебиетке шолу

1. 1. 1 Зейіннің анықтамасы.

Зейін - кез - келген қабылдау объектісінде психикалық әрекеттің ерікті немесе еріксіз бағыты және зейін таза түрде пайда болмайды, ол әрқашан функциональды “бір нәрсеге зейін”. Сондықтан зейінді танымдық процестердің динамикалық ерекшеліктерін сипаттайтын психофизиологиялық процесс жағдай ретінде қарастыруға болады. Психологияда зейін анықтамасының бірі Н. Ф. Добрынин бойынша зейін адам психикалық әрекетінің бағыттылығы мен жинақтылығы. Бағыттылықта белсенділіктің таңдау сипаты түсініледі. Ал, жинақтылықта белгілі әрекетке терең ену. Есту, сақтау секілді зейін психикалық пайда болуға қатысады, сондықтан, егер адамның психикалық ұйымдастыру құрылымына қарасақ зейінді процес (немесе қандай да бір психикалық процесс, мысалы, сенсорлық, перцептивтік интелектуалды зейіндер), және жағдай (мысалы, жинақталу жағдайы), тұлғаның негізі. Мысалы, ұқыптылық ретінде қарастыруға болады.

С. Л. Рубинштейн айтқандай “зейін ерекше мазмұнға ие емес, ол ішкі қабылдау, ойлау арқылы пайда болады. ” Ол - белгілі бір объектіге бағытталған әрекет ретінде танымның барлық процестері[3] .

Зейін - бұл тану әрекетінің динамикалық сипаттамасы: ол психикалық әрекеттің белгілі бір объектпен иелік байланысын айқындайды. Зейінде әрқашан тұлғаның қызығушылығымен қажеттілігі дамуы мен бағыты орын алады. Бұлар объектіге қарым - қатынасты өзгертеді. Бұл өзгерістер зейіннің осы объект әдісінің өзгерісінде, түсінуде көрінеді: ол анығырақ болады. Осындай әдіспен зейін басқа үрдістерде пайда бола отырып аса ерекше мазмұнға ие болмайды, әдетте мұнда әрекет және әдіс қатынасы маманданған әдіспен пайда болады. Зейіннің өзгерісі танымдық әрекетке кіріскен анықтылық пен нақтылықтың өзгерісі көрінеді[5] .

Зейінде зат пен танымның арасында байланыс туылады. Таным белсенді болған сайын объект анық болады, таным объектіден нақты болса, таным интенсивті болады. Зейін - зат пен танымның байланысынан шығатын түсінік. Зейін индивид пен объект арасындағы психикалық әрекетпен таным болғандықтан белгілі екі жақты мәселе туындайды. Зейін объектіге бағытталады, екінші жағынан объект өзіне зейінге назар аудартады[1] .

Дәстүрлі түрде зейін ең біріншіден қабылдаудың шекті кеңістігімен байланысады. Яғни, адам көргісі және естігісі келетін ақпаратты қабылдайды. Осы арқылы ақпараттың құрылымын зейін арқылы қабылдайды. Қабылдаудың бағыты 2 түрлі факторға байланысты: 1) сыртқы тітіркендіргіштің құрылымына (сигналдың физикалық параметрлері интенсивтілік және жиілік) ; 2) адам әрекетін анықтайтын ішкі кеңістік құрылымы(тітіркендіргіштің жаңа сатылары) [26] .

Психикалық іс- әрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін, адам ең алдымен өзінің ой-санасын істеп жатқан іс-әрекеті мен сол әрекет нысанына тоқтата білуі қажет. Әдемі сурет салуға бекінген баланы көз алдыңызға келтіріңізші! Сурет затын, оның түр-түсі мен қағазға қалай орналастырамын деп, жас суретшінің жұмысқа шомғаны сонша, тіпті ата-аналарының оған қарата айтқан сөздерін мүлде аңғарар емес. Мұндайда бала зейінін істеп жатқан әрекетіне шоғырландырды, назарын қажетті заттарына аударды, басқа заттардың бәріне алаңдамастан, өз керегімен шұғылданды дейміз[2] .

Келтірілген мысал адамның бір мезгілде әрқандай заттар туралы ойлап, әртүрлі іспен бірдей шұғылдана алмайтынының дәлелі. Сондықтан да оның санасы белгілі мезеттің әрбір бөлігінде өзіне қажет болған заттар мен құбылыстардың маңызды да мәнді тараптарына бағытталады[7] .

Ой сананың бағытталуы деп ең алдымен психикалық іс-әрекеттің таңдамалылық сипатын, нақты обьектіні күні бұрын ниетті іріктеуін не оған мән бермеуін айтамыз. Бағытталу түсінігі сонымен бірге іс-әрекеттің біршама уақыт аралығында өз сипатын сақтап тұра алу қасиетін де қамтиды. Зейінді болу үшін қандай да бір істің түрін таңдап қана қалу жеткіліксіз, сол таңдаулы тұрақтатып, сақтап қалу қажет. Мысалы, педаглгикалық процесте оқушылар зейінін ану не мынау, зат не іске бағыттау онша қиындық тудырмайды, әңгіме төркіні-сол зейін бағытын қажетті уақыт аралығында сақтап тұру[10] .

Зейін сөзі сонымен бірге біздің ой-санамыздың белгілі іс-әрекетке шоғырлануы мен шому мағынасын да білдіреді. адам алдында тұрған міндет неғұрлым қиын болса, зейін де соғұрлым күшті әрі өткір болып, ал жұмыс қиындығы болмағанда, зейін салудың күші де кемірек келеді[15] .

Өз кезегінде зейін шоғырлануы ой-сананы қажетсіз обьектілердің бәрінен ауыстыра алумен де байланысты. Зейін күші толығымен нақты бір істің шешіміне бағышталған шақта, төңіректегі қалған заттардың бәрі біз үшін елес күйінде байқалады.

Сонымен, қандай да бір затқа зейін қоюымыздан, ол зат біздің санамыздың төрінен орын теуіп, қалған дүние деректерінің бәрі сана аймағының шектеріне ығыстырылады. осығын орай зейін аударылған заттың санамыздағы бейнесі нақты айқындалып, ол жөніндегі елестер мен ойлар іс-әрекет мақсатына жеткенше, санамызда бекіген халде сақталады. осыдан, зейін іс-әрекетті бақылау және реттеу қызметін де атқарады[9] .

Зейін, әдетте, адамның бет, дене қалпы мен қозғалыстарында көрінеді. Сырттай-ақ зейінді тыңдап отырған оқушыны зейінсізінен айыруға болады. Ал кей жағдайларда зейін қоршаған дүние емес, адам санасындағы ойлар мен бейнелерге де бағытталады. Мұндай жағдайдағы зейін интеллектуалды деп аталып, ол сезімдік (сыртқы) зейіннен біраз өзгеше келеді. Ал ой-сана дене қозғалыстарына бағытталатын болса, онда сөз арқауына қимылдық зейін алынады. Мұның бәрі зейіннің дербес танымдық, өз мазмұнына ие болмай, өзге танымдық процестердің қосалқы қызметтерін атқаратынын дәлелдейді.

Зейіннің мұндай қызықты да қайшылықты қасиеттері ғалымның назарына түсіп, оның пайда болуы мен мәнін әрқилы пайымдауға негіз берді. Зейін табиғатын түсіндіруде Н. Н. Ланге ғылымда қалыптасқан келесі тұжырымдар тобын алға тартады[21] .

1. Зейін қимылдық икемделудің нәтижесі. Мұндай пікір келесі негізде туындаған: зейіннің бір заттан екінші затқа ауысуы бұлшық ет қозғалыстарынсыз мүмкін емес, қимыл нәтижесінде ғана сезім ағзалары қабылдау үшін тиімді жағдайларға икемдеседі[28] .

2. Зейін сана аумағының шектеулі болуынан туындайды . Сана аумағы мен ауқымының қандай мәнге ие екенін түсіндіріп жатпастан, И. Герберт пен У. Гамильтон күшті елестердің әлсіз елестерді ығыстыратынын немесе тежейтінін алға тартады.

3. Зейін- көңіл-күй нәтижесі. Ағылшын психологиясында кең өрісті дамыған бұл теория зейіннің алға қойылған ниетке тәуелділігіне негізделеді. Дж. Миль « ұнамды немесе жағымсыз сезімге не идеяға бөліну мен сол факторларға зейінді қатынас - екеуі де бір нәрсе »- деп тұжырымдайды.

4. Зейін өткен тәжірибенің нәтижесі, яғни адам білген, таныған затына ғана ден қояды.

5. Зейін рухтық сананың ерекше белсенділік қабілеті. Зейін құбылысының ғажайыптығына таң қалған кей психологтар оны пайда болуы түсіндіруге келмейтін әу бастан бар белсенді қабілетпен баламалайды.

6. Зейін жүйке тітіркендіргіштері күшеюінің нәтижесі . Бұл гипотезаға орай зейін орталық жүйке жүйесінің мекенді тітіркену қабілетінің ұлғаюынан пайда болады деп түсіндіріледі.

7. Жүйкелік тежелу теориясы зейіннің негізгі себебін төмендегіше пайымдайды: алғашқы физиологиялық жүйке процесінде қаланған елестер соңғы басқа елестер мен қозғалыстардың физиологиялық процестерінен басымдау келеді, осыдан сананың ерекше шоғырлануы туындайды[4] .

Қазіргі заман психологтарының зейінді түсіндіруге байланысты пайымдаулары П. Я. Гальперин еңбектерінде келтірілген. Олар келесідегідей.

  • зейін бағыттау-зерттеушілік іс-әрекеттің бір кезеңі, осыдан зейін адам психикасында нақты бір мезетте пайда болған бейнелер мен ой мазмұнын тұрақтатуға бағышталған психологиялық әрекет;
  • өз қызметі бойынша зейін осы мазмұнға қойылған бақылау. Әр адам әрекеті бағыттау, орындау және бақылау бөліктерінен тұрады. Осы тізбектегі үшінші іс зейін арқылы орындалады;
  • белгілі өнім шығаруға бағытталған әрекеттен ерекше зейіннің, яғни бағыттаудың, өз алдына нәтижесі болмайды;
  • психикалық бақылау әрекеті ретінде танылған құбылыс тұрғысынан зейіннің әрбір нақты көрінісі жаңа ақыл-ес ептіліктерінің пайда болу ізімен туындайды;

Аталған теориялар нақты деректерге негізделгені сөзсіз, бірақ әрқайсысы өздері ұстанған зейін белгілерін асыра көтеріп, қалғандарын елемеуге тырысады. Ал, шындыққа жүгінсек, зейіннің мән-мағынасын оған байланысты барша қасиеттер мен сапаларды өзара біріктіре талдау негізінде түсінуі мүмкін. Осы тұрғыдан қазіргі уақытта зейіннің келесідегідей анықтамасы қабылданған[35] .

Зейін - бұл кісінің сезімдік, ақыл-ес және қимылдық белсенділігін көтеруге қажет дүниелік не идеалды нысанға сананың бағытталуы және шоғырлануы[ 17 ] .

1. 1. 2 Зейіннің қызметтерімен физиологиялық негіздері.

1. 1. 2. 1 Зейіннің қызметтері.

1. Сұрыптау - Адам қажеттілігіне қарай берілген ақпаратты сұрыптау және қажет емес ақпаратты жою.

2. Мақсатқа жетпейінше, танымдық әрекет аяқталмайынша берілген әрекетті сақтау.

3. Әрекетке бақылау жасау және реттеу.

Психология мәліметтеріне сәйкес бағытталған зейін біріншіден ағзаның “оянуымен және назарға жүйке жүйесінің активтілігімен байланысты. Таңдамалы активті зейін жоғарғы және ағзаның белсенді кезінде жүзеге асады. Осы кезде назар аудару мен бейімделу іске қосылады” ал пассивті және төмен белсенділік кезінде немесе өте жоғарғы белсенділік кезінде эмоциональды қозу, қобалжу және тынышсыздану пайда болады. Сонымен зейіннің физиологиялық негізгі пассивті белсенділікті активтендіретін және мидың қыртысы қамтамасыз ететін қозуды активтендіретін мидың жалпы белсенділігі[20] .

1. 1. 2. 2 Зейіннің физиологиялық негіздері.

Зейіннің физиологиялық негіздері И. П. Павлов ашқан нерв процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.

И. П. Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті қозу процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады.

Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физологы, академик А. А. Ухтомскийдің (1875 - 1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапты беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден (мысалы, сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге жәрдемдеседі. Өйткені, жоғарыда айтылғандай мидағы басыңқы қозу әлсіз тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен күшейіп отырады. А. А. Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И. П. Павловтың “Қозудың оптимальдық алабы” дейтін теориясы одан сайын толықтыра түседі[11] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдердегі өтпелі кезеңдегі психикалық процестердің даму сатылары
Үйреншікті зейін - зейіннің ерекше түрі
Жасөспірімдердің еркін зейін өзгеруінің динамикасы
Қалыпты балалардың зейінінің ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың ерікті зейінін қалыптастыру жасы
Жасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері
Зейін қасиеттерін дамытудың теориялық әдіснамалық негіздері
Жас ерекшеліктік психологияның әдіснамалық негізі
Қарым - қатынас үрдісінде зейін қасиеттерін зерттеу
Зейіннің түрлері мен қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz