Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І ТАРАУ. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА САЛЫҚ

САЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІДЕРІ

1. 1. Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланудың тәртібі және оны ұйымдастыру . . . 5

1. 2. Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушыларының салықтары мен арнайы төлемдері . . . 7

ІІ ТАРАУ. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚТЫҢ БЮДЖЕТ КІРІСІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ

2. 1. Пайдалы қазбаларды өңдіру салығының ерекшеліктерін тадау . . . 13

2. 2. Қазақстан жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салықтың бюджет кірісінде алатын орны . . . 22

ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОЙНАУЫН

ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫНА САЛЫҚ САЛУ ЖҮЙЕСІН

ДАМЫТУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАСЫ . . . 32

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 35

КІРІСПЕ

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері әлемдік қауымдастық мемлекеттерінің оған деген назары арта түсуде. Мұндай назардың артуына республикадағы табиғи бай ресурстардың және ең алдымен оның көмір сутегі ерекше роль атқарып отырғаны белгілі. Қазақстан туралы болашақта Парсы шығанағы елдеріне балама бола алатын неғұрлым перспективті аймақ ретінде сөз болуда.

Қазақстанның одан әрі экономикалық дамуы да мұнай индустриясымен байланыстырылады. Алайда, осындай даусыз пайдалылығына қарамастан, болашақта бұл сала оны тереңдей өңдеуге, мұнай химияны дамытуға және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті өнімдердің түр-түрін өндіруді дамытуға емес, өнімді көбейте түсуге және шикі мұнайды экспорттауға бағытталғандықтан, валюталық кірістерді жеткіліксіз алуға соқтыруы мүмкін.

Ел экономикасына құйылатын шетел инвестцияларының жартысынан көбі мұнайгаз секторына тиесілі. Мұның өзі осы жылдар ішінде республиканың мұнай және газ конденсатын өндіруді 54 пайызға дерлік арттыруына себеп болды. Осынау қомақты цифрлардың артында не тұр?

Қазақстан әлемдік энергоресурстарын қалыптастыруға ықпал ететін стратегиялық көмір сутегі қоры бар мемлекетердің қатарына жатады. Республика мұнай мен газ конденсатының барланған қорын өндіруден әлемде 13-ші орынға (тиісінше 2, 095 млрд. тонна және 0, 7 млрд. тонна) және ТМД елдері арасында 2-ші орынға, табиға газ қоры бойынша 15-ші орынға (2 трлн. текше метр) және көмір сутегі шикізатын өндіру деңгейі бойынша 26-шы орынға ие.

Қазақстанда жалпы энергия қуатын өндіру бойынша жалпы үлестің мұнай 30 пайызына, газ - 13-15 пайызына ие болып отыр. Мұнайгаз аудандарының перспективтік аумағы 1700 млн. шаршы шақырымға тең, мұның өзі барлық аумақтың 62 пайыздан астамын құрайды. Анықталған стратегиялық қорлар 169 көмір сутегі қазба орындарын қамтиды, оның 87-сі мұнай, 17-сі газ, 30-ы мұнайгаз, 25-сі мұнай және газ конденсаты, 20-сы мұнай конденсаты. Қазақстанда анықталған қорлар 2, 8 млрд. тонна мұнайды және 1, 8 трлн. текше метр газды құрайды.

Болжамды қорлар 12 млрд. тонна мұнай мен конденсатты және 3 трлн. текше метр газды құрайды.

Қазақстан мұнайгаз секторының елеулі ықтимал ресурстары әлемдегі жетекші мұнай компанияларының құлқынын тесуде. Тұтастай алғанда Қазақстан мұнайгаз саласының инвестициялық ахуалы көңіл көншітерліктей, тіпті тәуекелдіктің өзі, заңнамалық базаның кейбір шикіліктеріне қарамастан, ТМД елдерімен және әлемдік қауымдастықпен салыстырғанда инвесторлар үшін әбден жарап жатыр.

Өткен жылы республикада 30, 6 млн. тонна мұнай және 4, 7 млн. тонна конденсат өндірілді, ал 2011 жылы 100 млн. тонна мұнай өндіру көзделуде, мұның өзі еуразия кеңістігіндегі көмір сутегін өндірушілер мен экспорттаушылар арасында негізгі позициялардың біріне ие болуға мүмкіндік береді. Алдын ала бағалаулар бойынша, өндірудің мұндай деңгейіне жету үшін кемінде 10-12 млрд. доллар инвестиция қажет болады. Онымен қоса тек шикізат өндіруге ғана емес, инфрақұрылым қалыптастыруға да қаржы тарту қарастырылып отыр.

Қазақстан мұнай резервінің молдығына қарамастан, елдің сан мен сапа жағынан да, мұнайды әлемдік нарыққа тасымалдау жағынан да, Таяу және Орта Шығыс мұнай экспорттаушыларымен бәсекелесе қоюы екіталай, өйткені, мұнайдың өзіндік құны өте жоғары.

2011 жылы күтіліп отырған Солтүстік теңізде мұнай өндірудің төмендеуі, сондай-ақ, батыстың жетекші экспорттаушы елдері Каспий мұнайының әлемдік нарыққа тұрақты құйылуын Парсы шығанағының саяси тұрақсыз саясатын әлсірету үшін мұнай экспорттау ағынын қайта құрудың негізгі факторы ретінде қарастыруы Қазақстан үшін оңды инвестициялық ахуал қалыптастыруы мүмкін.

Каспий теңізі қайраңы мен оның жағалау аймағының болашағы айтарлықтай. 100 мың шаршы шақырымдық аумаққа жүргізілген геофизикалық зерттеулер нәтижесінде тек мұнайдан ғана 12 млрд. тонна болжамдық қорымен 96 құрылым локализацияланды.

Тұтастай алғанда, бүгінгі күнде, Қазақстан мұнайгаз кешені үшін бір мәселенің өмірлік маңызы зор: көмір сутегінің орасан мол қоры бар республика жыл сайын тап бола беретін созылмалы «болжанбаған» қиындықтар мен проблемалардан құтыла ала ма?

Жұмыстың өзектілігі - мұнай саласы Қазақстандағы негізгі басым сала болып табылады және бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыратын табыс көздерінің бірінен есептеледі.

Жұмыстың мақсаты - жер қойнауын пайдаланушылар қызметіне талдау жасау, оны шешудің проблемалары мен жолдарын айқындау.

Жұмыстың міндетері - Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланудың тәртібі мен ұйымдастырылуын айқындау; арнайы салықтар мен төлемдерді қарау; әлемдік тәжірибемен салыстыру; мұнай саласының қазіргі жағдайы мен дамуын зерттеу; мұнай өндіру компанияларына салық салуға талдау; проблемаларды анықтау және қарау; реформалаудың негізгі бағыттары мен жолдарын қарастыру.

І ТАРАУ. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА САЛЫҚ

САЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІДЕРІ

1. 1. Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланудың тәртібі және оны ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының салық жүйесінде табиғи ресурстарды, пайдалы қазбаларды, жер қойнауын пайдалануға байланысты бірқатар төлемдер бар, оларды шартты түрде салықтық сипаты бар табиғи ресурстар үшін төленетін төлемдер ретінде бір топқа біріктіруге болады. Оларға үстеме пайдаға салынатын салық, жер қойнауын пайдаланушылардйң арнаулы төлемдері, су үшін төленетін төлем, орманды пайдаланғаны үшін төлем (орман табысы) және басқалары жатады. Аталған төлемдер негізінен ренталық сипатта болады, өйткені олардың пайда болуы мен мөлшерлемелерінің шамасы шығарылатын және шаруашылық қызметте пайдаланылатын материалды, шикізатты, минералды ресурстарды алу, тұтыну, олардың сапасы табиғат факторларымен байланысты болады.

Техногендік минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса, Қазақстан Республикасыда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайдаға салынатын салығы мен арнаулы төлемдерді төлеушілер болып табылады.

Жер қойнауын пайдаланушы үшін белгіленген салық режімі тек қана Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға жасалатын келісімшартта айқындалады.

Бұл жұмыста жер қойнауын пайдалану келісімдері бойынша туындайтын салық міндеттемелерін орындаумен, есептеу, төлеу тәртіптерін белгілеумен байланысты ерекшеліктер қарастырылады.

  1. Үстеме табыс салығы
  2. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері:
  1. бонустар:

а) қол қойылған;

б) коммерциялық.

  1. роялти;
  2. өнімді бөлісудегі Қазақстан Республикасының үлесі.

Қазақстан Республикасында техногенді минералды түзілістерден пайдалы қазбаларды алумен қоса, басқа да жер қойнауын пайдалану операцияларын іске асырушы жеке және заңды тұлғалар жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен үстеме табыс салығын төлеушілер болып табылады.

Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу келісімнің негізгі түрлеріне қарай екі модельге бөлінеді:

  1. біріншісі жер қойнауын пайдаланушылардың Кодекс тағайындаған салықтардың барлық түрлері мен басқа да арнайы төлемдерді төлеуін қарастырады;
  2. екіншісі - жер қойнауын пайдаланушылардың өнімді бөлісудегі Қазақстан Республикасының үлесін, сондай-ақ

шикі мұнай мен басқа да пайдалы қазбаларға акциздер;

үстеме пайда салығы;

жер салығы;

мүлік салығынан басқа Кодекс тағайындаған салықтардың барлық түрі мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуін қарастырады.

Салық режимінің 1-моделі өнімді бөлісу туралы салық режимінің 2-моделінің келісімдерінен басқа келісімдердің барлығына тағайындалады.

Өнімді бөлісу туралы келісімдерден Қазақстан Республикасының алатын үлесі республикалық және жергілікті бюджеттердің көздері болып табылатын және келесі жылдың республикалық бюджеті туралы заңнан анықталған мөлшерде тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.

Бонустар жер қойнауын пайдаланушылардың тіркелген төлемдері болып табылады және жер қойнауын пайдалану туралы келісімде белгіленген тәртіппен, мөлшермен ақшалай төленеді.

Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу тәжірибесіндегі қазіргі жағдайды өзгерту мемлекетімізді сақтауда және дамытуда стратегиялық жағынан маңызды. Бұл ретте Елбасы Жолдауынан туындайтын тапсырмаларға сәйкес, салық жүйесін дамудың жаңа кезеңіндегі міндеттерге сәйкестендіру, экономиканың шикізаттық емес секторына, әсіресе шағын және орта бизнеске салынатын жалпы салық жүктемелерді төмендету, бюджеттің ықтимал шығындарын өндіруші секторлардың экономикалық қайтарымы есебінен өтеу маңызды.

Қазақстанның елдік тәуекелі айтарлықтай төмендеді. Соңғы жылдары барлық қажетті инфрақұрылым қалыптасып, дамуда, экспорттық бағыттар әртараптандырылды, заңнамалық реттеу тұрақтанды, әлемдік нарықтағы шикізатың баға коньюктурасы қолайлы. Осыған қарамастан, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтық жүктемелері ешқандай өзгерген жоқ, ол осыдан он жыл бұрынғы күйінде қалып отыр.

«Жер қойнауы және жерқойнауын пайдалану туралы» заң жобасы ҚР экономикалық мүдделерін өзгертіп, жерқойнауын пайдаланушылармен келісімге келе алмаған жағдайда ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайда, жерқойнауын пайдаланушылармен келісім шарттарды мерзімінен бұрын бұзуды қарастырады. Келісім шартты тоқтатуға құзыретті орган мен Қазақстан үкіметі ынталы бола алады.

Заң жобасына сәйкес, Қазақстан жерқойнауын пайдаланушылар келісімдердің шарттарын үш мәрте бұзған жағдайда және ескертпе хат алғаннан кейін оны жоймаған жағдайда, сонымен бірге, мемлекеттің басым құқықтарын сақтамаған жағдайда келісім шарттарды бұза алады.

1. 2. Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушыларының салықтары мен арнайы төлемдері

Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары:

1) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерін;

а) қол қойылатын бонусты;

б) коммерциялық табу бонусын;

в) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерді;

2) пайдалы қазбаларды өндіру салығын;

3) үстеме пайда салығын қамтиды.

Осы бөлімдегі арнайы ұғымдар мен терминдердің Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында айқындалған маңызы бар.

Кен орындарын (кен орындары тобын, кен орындарының бір бөлігін) рентабельдігі төмен, қоюлығы жоғары, суланған, шағын дебетті және игерілген санатқа жатқызу тәртібін, олардың тізбесі мен салық салу тәртібін осы бөлімде белгіленген салықтар мен арнаулы төлемдер бөлігінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Келісімшарт қызметі бойынша бөлек салықтық есепке алу мынадай салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:

1) корпорациялық табыс салығы;

2) қол қойылатын бонус;

3) коммерциялық табу бонусы;

4) пайдалы қазбаларды өндіру салығы;

5) үстеме пайда салығы;

6) өзге де салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша жүргізіледі.

Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында жер қойнауын пайдаланушының барлық табыстары мен шығыстары тікелей, жанама және жалпы болып бөлінеді.

Жер қойнауын пайдаланушы табыстар мен шығыстарды тікелей, жанама және жалпы деп сыныптауды қызмет ерекшелігінің негізінде дербес жүзеге асырады.

Тікелей табыстар мен шығыстар тікелей себеп-салдарлық байланысы бар келісімшарт қызметіне немесе келісімшарттан тыс қызметке ғана толық көлемде жатқызылуға тиіс.

Жалпы табыстар мен шығыстар келісімшарт қызметі мен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлінуге жатады және тікелей себеп-салдарлық байланысы бар сол келісімшарттың және тиісті үлесімен келісімшарттан тыс қызметтің табыстары мен шығыстарына жатады.

Жанама табыстар мен шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар арасында ғана бөлінуге жатады және тиісті үлесімен себеп-салдарлық байланысы бар сол келісімшарттың табыстары мен шығыстарына жатады.

Жалпы және жанама тіркелген активтер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) мен келісімшарттан тыс қызмет арасында жер қойнауын пайдаланушының осы тіркелген активтер бойынша шеккен шығыстары, оның ішінде амортизация, бойынша шығыстары және бұдан кейінгі шығыстары бөлінуге жатады. Сыйақылар жөніндегі жалпы және жанама шығыстар бойынша осындай сыйақылар жөніндегі шегерімнің жалпы сомасы бөлінуге жатады.

Бағамдық айырмашылық бойынша салықтық кезеңде алынған жиынтық (сальдоланған) нәтиже оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі немесе теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуі түрінде бөлінуге жатады.

Жер қойнауын пайдаланушы әрбір келісімшарт қызметі үшін жалпы және жанама табыстар мен шығыстарды бөлуді қызмет ерекшелігін немесе жер қойнауын пайдаланушының салықтық есепке алу саясатында қабылдаған бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің бір немесе бірнеше әдістерінің негізінде жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізуді; оның ішінде:

1) жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде алған табыстарының жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей табыстардың үлес салмағы бойынша;

2) салық төлеушінің жер қойнауын пайдалануға арналған барлық келісімшарттары бойынша пайдалы қазбаларды өндірудің жалпы көлеміндегі жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшарт бойынша пайдалы қазбаларды өндіру көлемінің үлес салмағы бойынша;

3) жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде шығарған шығыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей шығыстардың үлес салмағы бойынша;

4) мына баптардың бірі бойынша - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде осы бап бойынша шығарған шығыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей өндірістік шығыстар, еңбекақы төлеу қоры немесе тіркелген активтердің құны бойынша шеккен шығыстардың үлес салмағы бойынша;

5) жер қойнауын пайдаланушы қызметкерлердің жалпы орташа тізімдік санына келісімшарт қызметіне қатысатын қыметкерлердің орташа тізімдік санының үлес салмағы бойынша;

6) өзге де әдістерді ескере отырып, дербес жүргізеді.

Жалпы және жанама табыстар мен шығыстардың әр түріне қатысты оларды бөлудің осы тармақта белгіленген әртүрлі әдістері қолданылуы мүмкін.

Жалпы және (немесе) жанама табыстар мен шығыстарды неғұрлым дәл бөлу жоғарыда аталған әдістердің бірін қолдану нәтижесінде алынған үлес салмақтың маңызы үшін жер қойнауын пайдаланушы үлесінің жүзден бірге дейінгі процентімен (0, 01%) айқындайды.

Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық міндеттемелерін қоспағанда, салық міндеттемелерін есептеу үшін бөлек салықтық есепке алуды жүргізу туралы ережелері жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың мынадай түрлері:

1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге;

2) жерасты суларын барлауға және (немесе) өндіруге;

3) емдік балшықты барлауға және (немесе) өндіруге;

4) барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша туындаған салық міндеттемелеріне қолданылмайды.

Жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері бонустар болып табылады.

Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттың түріне және талаптарына қарай жер қойнауын пайдаланушы үшін бонустың мынадай түрлері белгіленуі мүмкін:

1) қол қойылатын бонус;

2) коммерциялық табу бонусы.

Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшін алған біржолғы тіркелген төлемі қол қойылатын бонус болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасқан жеке және заңды тұлғалар қол қойылатын бонус төлеушілер болып табылады. Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері жер қойнауын пайдалануға жасалатын әрбір келісімшарт үшін мынадай мөлшерде жеке белгіленеді:

1) пайдалы қазбалардың бекітілген қорлары жоқ аумақта геологиялық барлау жүргізуге арналған келісімшарттар үшін:

мұнай келісімшарттары үшін - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2800 еселенген мөлшері;

техногендік минералды құралымдарды әзірлеуге арналған келісімшарттарды қоспағанда, минералды шикізат өндіруге арналған келісімшарттар үшін - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 280 еселенген мөлшері;

кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшықтар жөніндегі келісімшарттар үшін - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 40 еселенген мөлшері;

2) өндіруге арналған келісімшарттар үшін:

мұнай келісімшарттары үшін:

егер қорлар бекітілмеген болса, - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 3000 еселенген мөлшері;

егер қорлар бекітілген болса, - (Қ х 0, 04%) + (Қа х 0, 01%) формуласы бойынша, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 3000 еселенген мөлшерінен кем емес, мұнда:

Қ - А, В, Қ1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен шикі мұнайдың, газ конденсатының немесе табиғи газдың жиынтық қорларының құны;

Қа - әлеуетті коммерциялық объектінің және Қ3 санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытындысында бекітілген және (немесе) назарға алынған Қ2 санатындағы алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;

техногендік минералды құралымдарды әзірлеуге арналған келісімшарттарды қоспағанда, минералды шикізат өндіруге арналған келісімшарттар үшін:

егер қорлар бекітілмеген болса, - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 500 еселенген мөлшері;

егер қорлар бекітілген болса, - (Қ х 0, 01%) + (Қа х 0, 005%) формуласы бойынша, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 500 еселенген мөлшерінен кем емес, мұнда:

Қ - А, В, Қ1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен минералды шикізаттың жиынтық қорының құны;

Қа - әлеуетті коммерциялық объектінің және болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясының қорытындысында бекітілген және (немесе) назарға алынған Қ2 санатындағы минералды шикізаттың алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;

кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшықтарға арналған келісімшарттар үшін - (Қ1 х 0, 01% ) формуласы бойынша, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 120 еселенген мөлшерінен кем емес;

3) техногендік минералды құралымдарды қайта өңдеу келісімшарттары үшін - Қ1 х 0, 01% формуласы бойынша, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен кем емес.

4) сарқынды суларды ағызу үшін жер қойнауын барлауға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар үшін - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 400 еселенген мөлшері.

Пайдалы қазбалар қорларының құны Халықаралық мұнай биржасында немесе Лондонның металл биржасында жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс жарияланған күні «The McGraw-Hіll Companіes Іnс» компаниясының «Platt’s Crude Oіl Marketwіre» анықтамалығында, «Metal Bulletіn Journals Lіmіted» баспасының «Metal Bulletіn» журналында, «Metal-pages Lіmіted» баспасының «Metal-pages» журналында жарияланған биржалық баға бойынша айқындалады.

Пайдалы қазбаларға биржалық баға белгіленбеген жағдайда, алынатын және болжанатын қорлардың құны келісімшарт қолданысының барлық кезеңінде жұмыс бағдарламасында көрсетілген өндіруге жұмсалған жалпы шығындардың 1, 2 коэффициентке ұлғайтылған сомасынан айқындалады.

Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс өткізілгенге дейінгі қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері құзыретті органның конкурстық комиссиясының шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін.

Қол қойылатын бонустың бастапқыдан төмен емес сомадағы түпкілікті мөлшерін жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналып өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша конкурстық комиссияның шешімі немесе жер қойнауын пайдаланушымен тікелей келссөздер жүргізу нәтижелері бойынша құзыретті орган белгілейді және ол жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа енгізіледі.

Қол қойылатын бонус бюджетке мынадай тәртіппен:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тікелей салықтардың құрылымы
Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын өндіруге және экспорттауға салынатын салықтардың экономикалық мәні
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу ерекшеліктері
Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері
Салық түрлері туралы
Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдерi
Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдері
Салық кезеңі
Салық есебінің ережелері және салық есептілігі
Жер нарығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz