Тұтыну несиесі және оның дамуы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес факультеті

Қаржы кафедрасы

Диплом жұмысы

Тұтыну несиесі және оның дамуы

Орындаушы Сабырова А. Қ

Ғылыми жетекші Ахметов А. А.

аға оқытушы

Норма бақылаушы Садыханова Д. А. аға оқытушы

Кафедра меңгерушісі Арзаева М. Ж.

Қорғауға жіберілді э. ғ. к., доцент

Алматы, 2010 жыл

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес факультеті

Қаржы кафедрасы

Қаржы мамандығы

Диплом жұмысын орындауға арналған

ТАПСЫРМА

«Қаржы» мамандығы 4 курс Сабырова Айнур Канатовна студентіне

«Тұтыну несиесі және оның дамуы» жұмыс тақырыбы

« 23 » желтоқсанда № 4-2841 бұйрығымен бекітілді

Дайын жұмысты тапсыру мерзімі « 26 » сәуір 2010 жыл

Жұмыстың бастапқы мәліметтері: отандық әдебиеттер, «Kaspi Bank» АҚ-ның тәжірибесі негізінде несиелеуді талдау, несиелеу ерекшеліктерін талдауда ішкі және нормативтік құжаттары, интернеттен алынған мәліметтер.

Диплом жұмысындағы толықтырылуы қажет сұрақтар тізімі немесе жұмыстың қысқаша мазмұны:

а) Тұтыну несиесінің түсінігі және түрлері. Тұтыну несиесіндегі тәуекелді басқару және кепіл саясаты.

б) Тұтыну несиесін «Kaspi Bank» АҚ тәжірибесінде талдау.

в) Қазақстан Республикасындағы халықты несиелендіруді дамытудың жолдары мен болашағы

Диплом жұмысын дайындау

ГРАФИГІ

Реттік

Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі
Ескертулер
Реттік№: 1
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Әдебиеттерді таңдау, оларды зерттеу мен өңдеу. Негізгі көздер бойынша библиография жасау
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі: 12. 01. 10
Ескертулер: Отандық авторлардың әдебиеттерін таңдау
Реттік№: 2
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Диплом жұмысының жоспарын жасау және оны жетекшімен қарастыру
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі: 19. 01. 10
Ескертулер: Жоспар бойынша ескертулер жасалды
Реттік№: 3
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Бірінші бөлімді жазу және оны тексеруге ұсыну
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі: 26. 01. 10
Ескертулер: 1 тарау бойынша толықтырулар енгізілуі қажет
Реттік№: 4
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Практикалық материалдарды және т. б. жинақтау, жүйелеу және талдау
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі: 16. 02. 10
Ескертулер: Артық мәліметтер алынып тасталды
Реттік№: 5
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Қорытынды мен ұсыныстарды ғылыми жетекшімен келісу
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі: 16. 03. 10
Ескертулер: Ұсыныстарды қайта өңдеу
Реттік№: 6
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Ескертуге сәйкес диплом жұмысын қайта өңдеу (толықтыру) . Аяқталған жұмысты кафедраға ұсыну
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі: 30. 03. 10
Ескертулер: Ескертулер түзетіліп, өңделіп, толықтырылды
Реттік№: 7
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Рецензия мен пікірлермен танысу
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі: 05. 04. 10
Ескертулер: Қол қойылды
Реттік№: 8
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Рецензия мен пікірлерді ескере отырып, қорғауға дайындықты аяқтау
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі: 15. 04. 10
Ескертулер: Жұмыс қарауға дайын

Тапсырманың берілген күні 29. 12. 2009 ж

Кафедра меңгерушісі Арзаева М. Ж.

(қолы) э. ғ. к., доцент

Жұмыс жетекшісі Ахметов А. А.

(қолы) аға оқытушы

Тапсырманы орындауға алған студент Сабырова А. К.

(қолы)

Мазмұны

Кіріспе . . . 6-7

1 . Тұтыну несиесі туралы түсінік және оның экономикадағы ролі

1. 1 Тұтыну несиесінің түсінігі және түрлері . . . 8-17

1. 2 Тұтыну несиесіндегі тәуекелді басқару және кепіл саясаты . . . 17-27

2. Қазақстан Республикасының тұтыну несиесі нарығындағы жағдайын талдау

2. 1 «Kaspi Bank» АҚ тәжірибесінде тұтыну несиесін талдау . . . 28-38

2. 2 «Kaspi Bank» АҚ-ның тұтыну несиесінің шарттары мен ерекшеліктері . . . 39-50

2. 3 «Kaspi Bank» АҚ-нда қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау . . . 50-56

3. Қазақстан Республикасындағы халықты несиелеуді дамытудың жолдары мен болашағы . . . 57-62

Қорытынды . . . 63-64

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 65-66

Реферат

Коммерциялық банктердің басты қызметінің бірі - экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңызды және банктің актив операцияларына жатады. Қазіргі уақытта жеке мен заңды тұлғалар үй немесе жеке бас қажеттіліктері, не бизнес үшін қажетті қаржымен коммерциялық банктерден несие алу арқылы қаржыландырады.

Дипломдық жұмысымның тақырыбы «Тұтыну несиесі және оның дамуы». Мен коммерциялық банктердегі несиелік операцияларды ұйымдастыру мен оның кезеңдерін, проблемаларын қарастырдым.

Тақырыптың өзектілігі халыққа көрсететін қызметтерінің ішіндегі коммерциялық банктердің несиелендіру процесін талдау, қарастыру. Тәжірибе жүзінде жеке және заңды тұлғаларды несиелендіру процесін қарастырып, несиелік қабілетін бағалау.

Диплом жұмысының басты мақсаты: ҚР-ның коммерциялық банктердегі несиелік операциялардың ұйымдастырылуы мен процесін, оның дамуын талдап мәселесін ашу. Осы мақсатын ашу үшін мына міндеттерді орындау керек:

  • Коммерциялық банктердегі тұтыну несиесінің мәнін ашу;
  • Тұтыну несиесінің процесін талдау;
  • Тәжірибе жүзінде тұтыну несиесіне талдау жүргізу;
  • Тұтыну несиесіндегі проблемаларды және оны жетілдіру жолдарын қарастыру.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарау теоретикалық тұрғыда болып келеді. Мұнда Екінші деңгейлі банктерде тұтыну несиесінің ұйымдастырылуы, оның кезеңдері мен қағидаларын қарастырдым.

Екінші тарауда Қазақстан Республикасындағы қазіргі уақыттағы несие нарығына, еліміздің алдыңғы қатарлы банктердің бірі «Kaspi Bank» АҚ-ның тұтыну несиесін беру ерекшеліктеріне талдау жүргіздім.

Үшінші тарауда, теория мен тәжірибенің жалғасы ретінде қазіргі уақыттағы тұтыну несиелерін беруде кездесетін проблемалар мен оларды жетілдіру жолдарын қарастырдым.

Қорыта келе, отандық банктердің тұтыну несиесін берудегі кемшіліктеріне және өзімнің ұсыныстарыма тоқталдым.

Кіріспе

Банк жүйесі - нарықтық экономиканың негізгі бір ажырамас құрылымы болып табылады. Тауар-ақша айналымы мен банктердің даму тарихи бірге дамып отырған. Мемлекетте несие жүйесінің дамуында маңызды ролді екінші денгейлі банктер атқарады.

Банктік жүйе мен оны анықтаушы элементтер-коммерциялық банктер нарықтық экономиканың құрылымы болып табылады.

Екінші деңгейлі банк - нарықтық экономикада бұрыннан келе жатқан қаржылық операцияларды атқаратын несие ұйымы болған. Қазіргі кезде банк көптеген операция түрлерімен айналысады. Олар тек ақша айналымы мен несиелік қарым-қатынастан өзге де қаржылық шаруашылық, сақтандыру, бағалы қағаздарды сату-сатып алу операцияларын, кейде мүлікті басқару кезінде делдал ретінде де қатысады.

Қазіргі кезде нарықтық экономикада несие түрі дамыған елдердің біріміз. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттерінің несиелік қабілеттігіне қарай әр түрлі несиелер береді. Солардың ішіндегі сізге қажет уақытта күттірмейтін мұқтаждықты төлеуге арналған несие, яғни тұтыну несиесі. Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие. Тұтыну несиесін - ұзақ мерзімді қолданыстағы, мысалы, жиһаз, компьютерлер және оргтехника, тоңазытқыштар, ыдыс жуатын машиналар, ас үй пештері, кондиционерлер, аудио-, видео-, теле-, және радиоаппаратуралар, басқ да күрделі тұрмыстық техникалар сияқты тауарларды сатып алуға; Медицина, білім, спорт және демалыс, туризм, автокөлік пен тұрғын үйді жөндеу, салтанаттар өткізу және т. б. қымбат тұратын қызметтерді төлеу үшін пайдаланады.

Тұтыну несиесі - бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық (бөлшек сауда орындары арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарды сату) және банктік (тұтыну мақсатына қарыздар) формада берілетін несие. Тұтыну несиесінің негізгі міндеті -тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан - тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан - тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілетіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік әсіресе қазіргі уақытта нарықтың тауарларымен толығу жағдайында көрінеді. Тауар қымбат болған сайын, несие де жиі қолданылады. Көбінесе автомобильдерді сату үлесіне тиеді. Дамыған елдерде тұтыну несиесінің маңызы өте жоғары. Ол тұрғындардың тауарларға сұранысын ынталандырады және оларды өндірісі мен өткізілуінің ұлғайуына жағдай жасайды. Тұтыну несиесін көбнесе табыс деңгейі орташа жұмысшылар мен қызыметкерлер пайдаланады. Бірақ ұзақ пайдаланыстағы тауарларды несиеге алу жеке тұлғаларға қолма-қол мәміле арқылы алғанға қарағанда едәуір қымбатқа түседі. Тұтыну несиесі тауарлы және ақшалай болып келеді. Автокөлік, қымбат тұратын тауарлар мен қызметтер - бұлардың бәрін көпшілікке коммерциялық банктердің тұтынушылық несиесінің арқасында қол жеткізу мүмкін болып отыр. Несие алу процесін оңай және жағымды қылуға коммерциялық несие желісі көмектеседі.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі тұтыну несиесінің халық үшін маңыздылығы, қазіргі кездегі дағдарыс жағдайында халықтың банктердің ұсынатын қызмет түрлеріне сұранысын қарастыру мен оның даму жолдары.

Менің дипломдық жұмысымның бірінші тарауында тұтыну несиесінің түсінігі, түрлері, оған қатысушы субьектілер мен обьектілер, тұтыну несиесіндегі тәуекелді басқару қарастырылған.

Екінші тарауда тұтыну несиесіне байланысты қазіргі кезде дамыған қаржы ұйымдарының бірі «Kaspi bank» АҚ мысалға ала отырып несиені беру процессінде қарыз алушының төлем қабілеттілігіне талдау жүргізу тәртібі қарастырылған.

Үшінші тарауда халықты несиелендірудің дамыту жолдары, яғни қазіргі дағдарыс жағдайында тұтыну несиесіне деген сұраныс пен оған ұсыныстың ара қатынасы. Еліміздің екінші деңгейлі банктерінің ұсынысын қарастыру.

Зерттеу тапсырмалары мен мақсаты. Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты тұтыну несиесінің қазіргі кездегі қажеттілігі мен оның тәуекелінің алдын алудың тәжірибелік негізде зерттеу.

Дипломдық жұмысты жазу барысында келесі тапсырмаларды анықтау алға қойылды. Олар:

  • жеке тұлғаларға берілетін несиелер түрлерімен танысу және несие жүйесін зерттеу;
  • тұтыну несиесінің процессімен таныстыру, оның шарртары, ерекшеліктері;
  • несиелік келісім шартқа отыру барысында қарызгермен жиналатын іс құжаттар тізімі;
  • тұтыну несиесінің даму болашағы.

Бұл тақырыпты зерттеудің обьектісі ретінде қаржылық ұйымдардың бірі «Kaspi bank» АҚ ұсынатын несиелік қызметтер қарастырылған.

Берілген жұмыстың пәні ретінде жеке тұлғаларды несиелеу кезінде қаржы-несие ұйымдарының құжаттарының рәсімделуін зерттеу болып табылады.

Дипломдық жұмысты жазу кезінде келесі ақпараттар базасы қолданылды. Олар: заңды және нормативті актілер, жалпы теориялық экономикалық әдебиеттер, журналдар, статистикалық мәліметтер мен қатар Отандық авторлар Сейткасымов, Хамитов, Мақыш сияқты авторлардың еңбегі қолданылған.

1. Тұтыну несиесі туралы түсінік және оның экономикадағы ролі

1. 1 Тұтыну несиесінің түсінігі және түрлері

Банктік несиенің рөлі оның экономикадағы мемлекеттегі және халықтағы қолданыс нәтижелерімен және олардың әдістерімен ерекшеленеді. Әдістері туралы айтатын болсақ, олар әдетте қаражаттың ақылы ұсынылуымен кредиттің қайтарылымын белгілі дәрежеде шартталады. Бұл несие операциясының қатысушыларының жауап кершілігі мен қызығушылығын арттырады, олардың қарыз қаражат қолдануына себеп болады. Несиелік қатынастарға қаражатты пайдаланғаны үшін төлеген құнына қоса қаражаттың қолданылатын қаражат мөлшері мен оларды пайдалану уақытын үнемдеудің қызығушылығын арттырады. Берілген несиелік қатынастардың ерекшелігі бюджеттік қаржыландырудың суммсының кемуінде материалдық қызығушылықтың, оларды пайдалану мүлдем жоқ болатын қайтарылмайтын бюджеттік қаржыландырумен теңестіргенде байқалады. Белгіленген ерекшеліктер, әсіресе, қайтарылымдығы, жеделдігі және ақылығы ресурстардың үнемдеуінде несиенің маңызын арттырыды. Несиені пайдалану нәтижелері маңызды және алуан түрлі қаражаттың қайтарылуы үшін қолданылатын несие өндіріс процесіне тауарды өткізу мен тұтымына және ақша айналымының саласына ықпал етеді. Несиенің рөлі коммерциялық, банктік, мемлекеттік тұтыну және ипотекалық несиелерде пайда болатын несиелік қатынастардың алуан түрлерін іске асыру нәтижесінде анықталады. Әр бағыттағы несиенің әсері несиелік қатынастардың қандай да бір түрі басты, яғни доминантты орынды алады. Несиелік қатынастардың жүйесінде несиелеу операцияларын орындау үшін қаражатты тарту өте маңызды. Бірақта ондай әрекет әр түрлі несиелік қатынастар үшін бірдей емес. Мысалы, коммерциялық несие қолданғанда несие алушының басқа жақтан қаражат тарту керегі жоқ. Өткізіліп жатқан тауардың төлеу мерзімін ұзарту үшін қарыз қаражатты ұсыну кезінде несие алушының ресурстары қолданылады. Бұл несие алушының қаржы салымын компенсациялау үшін банктік несиені қолдануды жоққа шығармайды. Банктердің бұндай іс-әрекеті маңызды, себебі тартылған қаражаттың бар болуы қаражат меншіктенушілері оларды тауарды сатып алу үшін жұмсамағанын білдіреді. Басқаша айтқанда, банктік несиені қолдану - нәтижесінде материалдық ресурстарды қайта бөлуге әкеліп соғады. Негізінде материалдық ресурстарды қайта бөлу мемлекеттік, тұтынушы және жылжымайтын мүлікті залогқа және тұрғын үй сияқты мүлікті құруда ипотекалық несиені қолдану кезінде материалдық ресурстарды қайта бөлу мүмкін болады. Бұның бәрі несиенің материалдық ресурстарды қайта бөлу кезінде өте маңызды екенін дәлелдейді. Бірақтан бұл ресурстарды орынды пайдалану дәрежесіне жететін несиелік қатынастарды керек етеді. Сонымен қатар, несиенің рөлі тауарды өндіру мен өткізудің үздіксіздігінде көрініс табады. Кәсіпорынның уақытша ақшалай түсім мен шығындардың жүйелі түрде сәйкес келмеуінен қажетті тауарлы - материалдардың құндылықтарды сатып алуға, қаражаттың жетіспеушілігі қызмет көрсетуді төлеу және осының салдарынан тауарды өндіру мен өткізу процессінің үздіксіздігінің бұзылуы мүмкін. Қарыз қаражаттарын беру уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіру процесі, сонымен қатар оның үздіксіздігі мен жылдамдатуына кедергі әсерін тигізіп отыратын, қарыз алушыларда қаражаттың үздіксіз қайталанып тұратын “құйылымы” мен “шегіну” игеріледі. Несие өндірістің мерзімділігі мен өнімнің белгілі түрлерін өткізумен шартталған қаражатта уақытша қажеттілігін қанағаттандыруда үлкен роль атқарады. Қарыз қаражаттарын пайдалану мерзімдік қосалқылардың пайда болуына және кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық мерзімдік салаларының мерзімдік шығындарды жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Ең маңыздысы несиені пайдалану кезінде кәсіпорынның табысты жұмыс істеуіне ғана қолайлы жағдайда жасалып қоймай, ресурстарды экономикада пайдалану үшін де жағдай жасалады, себебі бұл кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысын (әрекетін) өзінің қаражатының менималды көлемінің жұмсалуымен іске асыра алады және резервтердің азаюы, соның ішінде ақшалы бөлігін де санағанда. Сонымен бірге әр түрлі қарызгерлердің арасында қаражаттың қайта бөлудің арқасында қарызгерге берілетін біркелкі қаражаттың көлемінің азаюы туады. Мерзімдік қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігі үшін берілетін қарыз қаражатты беру кезінде керекті алғышарты болып қаражатта қажеттіліктің көлемі шығында да мезгілдік факторлармен шартталатындығы болып табылады. Қаражат айналым саласында несиенің рөлі маңызды. Бұл барлық қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз мемлекеттердің қаржы-несие жүйесінің қатысты. Қазақстанда Қазақстанның Ұлттық банкі қолма-қол ақшаның әмиссиясы мен олардың айналымын ұйымдастыруын жүзеге асырады, яғни банктер арқылы. Соңғысы орындалады, бір жағынан, егер банктер шоттарында қалдықтары бар болса, банк кассаларынан айналымға оларға қолма-қолақшаны шығару кәсіпорындар, ұйымдар мен жеке азаматтар қолма-қол ақшаны беру кезінде мүмкін. Бұндай қалдықтардың бар болуы несиелік қатынастардың бар болуын білдіреді. Банктердің тәжірибесінде қоланылатын несиелеу процесінің өзіндік кезеңдері болады. Несиелік процесс несиеге деген өтінішті өңдеуден басталып, несиенің толық қайтарылуымен аяқталады.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы неиселік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады. [1] .

Несиенің экономикадағы орны мен рөлі оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы, несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді атқарады:

  • қайта бөлу;
  • айналыс шығындарын үнемдеу;
  • айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
  • капиталдың шоғырлануын жеделдету;
  • ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.

Несиенің қайта бөлу қызметі кез келген елдің ұлттық экономикасының толық құнды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің көмегімен экономикалық жүйенің бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің қаржыны қайта бөлу қызметінен айырмашылығ қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизмі негізінде жүзеге асырылады.

Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегенміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай айналыс шығандарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.

Тұтыну несиесі - бұл тұтыну тауарларын сатып алуға және басқа да тұрмыстық жағдайларды жақсартуға бағытталған несие.

Тұтыну несиесі коммерциялық несие нысанында (яғни, бөлшек сауда орындары арқылы төлемін кейінге қалдырып, тауар сату) және банктік несие нысанында яғни, тұтыну тауарларын сатып алуға ақша беру) беріледі.

Тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда:

- автомобильдік несие;

- ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;

- тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;

- кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу және т. с. с. ) берілетін несие.

Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа және жүрілген автомобильдерді банк несиесі көмегімен алуға болады.

Ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:

  • жиһаз,
  • сантехника;
  • аудио-видио және тұрмыстық техникалар;
  • комьютер және оргтехника;
  • басқа да тұтыну тауарлары.

Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде және сыртында құрылыс және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.

Несиеге байланысты несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) Несиеге деген өтінішті қарау;

2) Несиелік қабілетін талдау;

3) Несиелік келісім шарт жасасу;

4) Несие беру;

5) Несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау. [2] .

I кезең. Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау. Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі.

Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар, банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш жасаған уақытта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау үшін есеп карточкасын толтыруы мүмкін. Онда: фирманың жетекшісі мен қарық алушының аты-жөні; қызметі жәнеменшік түрі; клиенттің заңды мекен-жайы; ағымдық және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттері; негізгі құрылтайшылары; ол сұрайтын несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі; соңғы есептік күнге берілген баланс құрылымы және басқа да көрсеткіштер.

Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарық алушының алған ссудасын қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар. Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде жасалады.

II кезең. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі. Қарыз алушының несиелік қабілеті - қарыз алушының алған ссудасы бойынша қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да, банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді.

Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады:

  1. Ссудаға қатысты қабілеттігі. Қарыз алушыға ссуданы бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс.
  2. Қарыз алушынаң іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісім шартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі.
  3. Табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының ссуданы қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы рыноктық несие жүйесі қатынастарының қалыптасуы
Тұтыну несиесінің экономикалық мәні мен теориялық негізіне жан-жақты зерттеулер жүргізіп, несиелеудің бұл түрінің “Еуразиялық банк” ақ-ның қызметіндегі жүзеге асырылу ерекшеліктерін қарастыру
Капиталдың шоғарлануын жеделдету
Несиенiң формалары және несиенiң түрлерi
Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесі және оның дамуы
Қазақстан банк ісі
Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеуін жетілдіру жолдары
Тұтыну несиесі туралы
Тұтыну несиесінің экономикалық мәні
Тұтыну несиесі жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz