Қазақстанда кәсіпкерліктің даму жағдайы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 ҚАЗАҚСТАНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Кәсіпкерліктің мәні.мазмұны, түрлері, нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасу кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 ҚР.да кәсіпкерлікті трансформациялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2 ҚАЗАҚСТАНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.1 Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытудың қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Кәсіпкерліктің даму жағдайындағы трансформацияның қазіргі таңдағы ахуалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
3 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
3. Кәсіпкерліктің дамуының әлеуметтік.экономикалық және ұйымдық басқару қатынастарын жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
3.2 Кәсіпкерліктің ҚР.дағы трансформациялануының негіздерін нығайту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
3.3 Кәсіпкерлікті трансформациялаудың шетелдік даму тәжірибесі (АҚШ,Ұлыбритания) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Рынокты экономика еркін кәсіпкерлікті меншіктің әртүрлі нысандары (формалар) негізінде өндірістің барлық саласында кең дамуын қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлік барлық уақытта елдің экономикалық дамуының негізгі факторы болып табылады. Әсіресе, бүгінде республика экономикасын қайта құру ісіне, оның деңгейін көтеруге кәсіпкерліктің қай түрі болса да олардың қосар үлесінің қомақты екені белгілі. Сонымен қатар, рыноктың өрлеп өркендеуі жеке кәсіпкерлердің қызметтеріне де айтарлықтай дәрежеде тәуелді болады.
Қазақстан Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында ұсынылған және қоғамды одан әрі демократияландырып, аса маңызды экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған бастамалары арқасында оңтайлы экономикалық жағдайлар қалыптасып, кез-келген тұлғаның кез-келген экономикалық тұрғыда негізделген бастамасы өмір сүруге, жүзеге асырылуға, адамдарға материалдық және рухани игіліктер әкелуге мүмкіндіктер пайда бола бастады. Басқаша айтсақ, қоғамда кәсіпкерлік рухты арттыру және жеке меншікті қорғау жөнінде үлкен жұмыстар жүргізіліп отыр.
Дүниежүзі тәжірибесінен көріп отырғанымыздай, рынокты экономикаға өту жеке меншік қатынасының дамуымен байланысты болып отыр. Сонымен қатар, еліміздің экономикасын демократияландыру қазіргі таңда жалпы теориялық мәселелерді ғылыми түрде зерттеуді талап етеді. Және де рынокты қатынастарға сатылы жолмен өтудің өзі де, соның ішінде жаңаша жеке меншік қатынасының қалыптасуының өз сатысы бар екендігін көрсетеді. Сондықтан да меншік көптүрлілігінің болмысын зерттей отырып, оларға шынайы теориялық тұжырым жасау – теориялық экономика ғылымының басты міндеттері болып есептеледі. Дәлірек айтсақ, жеке кәсіпкерліктің теориялық негізін, оның еліміздегі қазіргі жағдайын, мәселелерін және оны дамыту жолдарын қарастыру болып табылады. Рынокты экономикасына өтпелі кезеңдегі алуан түрлі меншік қатынастарын, кәсіпкерліктің даму жолдарын объективті тұрғыдан зерделеу негізгі ғылыми мәселеге айналып отыр.
Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан жеке кәсіпкерлік мәселелері жалпы әлемдік дамудың бағыты ретінде республикамызда орын алған рынокты экономиканың басты ерекшелігімен айқындалады.Осыған орай,жеке кәсіпкерліктің ерекше бір түрі болып табылатын жеке дара кәсіпкерлік теориясы мкн тәжірибесін терең зерттеп, оның жүзеге асырылуындағы ұстанымдары (принциптері) мен бағыттарына талдау жасау тақырыптың өзетілігін аша түседі.
Қазақстанның ұлттық экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып, өтпелі қоғам экономикалық реформа шартында жеке кәсіпкерліктің қалыптасып даму мәселелері әлде болса толыққанды шешімін тапқан жоқ. Бұған себеп жеке кәсіпкерік біздің елімізде біраз уақыт зерттеліп қаралған жоқ.

1. « Еңбек туралы» Қазақстан Республикасының заңы 2005 жыл
2. Жакупова Б.А. Кәсіпкерліктің Қазақстан Республикасындағы нормативтік құқықтық негіздері 2003 жыл
3. Кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы Қазақстан Республикасының заңы 2004жыл
4. Ниязбекова Р.К. « Кәсіпорын экономикасы» 2008 жыл
5. Бисенғазиев М.Б. « Кәсіпкерлік негіздері» Орал-2001жыл
6. Интернет «Google» сайты.
7. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті трансформациялау «Егемен Қазақстан» газеті
8. А.Н.Токсанова «Основы предпринимательской деятельности», Астана, 2007 жыл.
9. О.Сәбден «Бәсекелестік экономика», Алматы, 2007 жыл.
10. «Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлiкті дамыту жөнiндегi жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы».
11. Ғаламтор: www.google.kz сайты.
12. Грибов В.Д. Основы бизнеса-Масква: Финансы и статистика 2006г.
13. Шейнин Э.Я. Предпринимательство и бизнес.Феникс 2006г.
14. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 2000жыл.
15. Жеке кәсіпкерлік туралы ҚР-ң заңы 2006жыл.

Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...3
1 ҚАЗАҚСТАНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Кәсіпкерліктің мәні-мазмұны, түрлері,
нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... .4
1.2 Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасу
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 ҚР-да кәсіпкерлікті трансформациялау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2 Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуының
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.1 Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытудың қазіргі

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Кәсіпкерліктің даму жағдайындағы трансформацияның қазіргі таңдағы
ахуалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
3 кәсіпкерліктің Даму жағдайындағы трансформацияны жетілдіру жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..18
3. Кәсіпкерліктің дамуының әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық басқару
қатынастарын жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
3.2 Кәсіпкерліктің ҚР-дағы трансформациялануының негіздерін нығайту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
3.3 Кәсіпкерлікті трансформациялаудың шетелдік даму тәжірибесі
(АҚШ,Ұлыбритания) ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .27
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Рынокты экономика еркін
кәсіпкерлікті меншіктің әртүрлі нысандары (формалар) негізінде өндірістің
барлық саласында кең дамуын қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлік барлық уақытта
елдің экономикалық дамуының негізгі факторы болып табылады. Әсіресе,
бүгінде республика экономикасын қайта құру ісіне, оның деңгейін көтеруге
кәсіпкерліктің қай түрі болса да олардың қосар үлесінің қомақты екені
белгілі. Сонымен қатар, рыноктың өрлеп өркендеуі жеке кәсіпкерлердің
қызметтеріне де айтарлықтай дәрежеде тәуелді болады.
Қазақстан Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында ұсынылған
және қоғамды одан әрі демократияландырып, аса маңызды экономикалық
міндеттерді шешуге бағытталған бастамалары арқасында оңтайлы экономикалық
жағдайлар қалыптасып, кез-келген тұлғаның кез-келген экономикалық тұрғыда
негізделген бастамасы өмір сүруге, жүзеге асырылуға, адамдарға материалдық
және рухани игіліктер әкелуге мүмкіндіктер пайда бола бастады. Басқаша
айтсақ, қоғамда кәсіпкерлік рухты арттыру және жеке меншікті қорғау жөнінде
үлкен жұмыстар жүргізіліп отыр.
Дүниежүзі тәжірибесінен көріп отырғанымыздай, рынокты экономикаға өту
жеке меншік қатынасының дамуымен байланысты болып отыр. Сонымен қатар,
еліміздің экономикасын демократияландыру қазіргі таңда жалпы теориялық
мәселелерді ғылыми түрде зерттеуді талап етеді. Және де рынокты
қатынастарға сатылы жолмен өтудің өзі де, соның ішінде жаңаша жеке меншік
қатынасының қалыптасуының өз сатысы бар екендігін көрсетеді. Сондықтан да
меншік көптүрлілігінің болмысын зерттей отырып, оларға шынайы теориялық
тұжырым жасау – теориялық экономика ғылымының басты міндеттері болып
есептеледі. Дәлірек айтсақ, жеке кәсіпкерліктің теориялық негізін, оның
еліміздегі қазіргі жағдайын, мәселелерін және оны дамыту жолдарын қарастыру
болып табылады. Рынокты экономикасына өтпелі кезеңдегі алуан түрлі меншік
қатынастарын, кәсіпкерліктің даму жолдарын объективті тұрғыдан зерделеу
негізгі ғылыми мәселеге айналып отыр.
Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан жеке кәсіпкерлік мәселелері жалпы
әлемдік дамудың бағыты ретінде республикамызда орын алған рынокты
экономиканың басты ерекшелігімен айқындалады.Осыған орай,жеке
кәсіпкерліктің ерекше бір түрі болып табылатын жеке дара кәсіпкерлік
теориясы мкн тәжірибесін терең зерттеп, оның жүзеге асырылуындағы
ұстанымдары (принциптері) мен бағыттарына талдау жасау тақырыптың
өзетілігін аша түседі.
Қазақстанның ұлттық экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып,
өтпелі қоғам экономикалық реформа шартында жеке кәсіпкерліктің қалыптасып
даму мәселелері әлде болса толыққанды шешімін тапқан жоқ. Бұған себеп жеке
кәсіпкерік біздің елімізде біраз уақыт зерттеліп қаралған жоқ. Соңғы он
жылдағы өзгерістер нәтижесінде жоғарыда аталған категориялардың құрамдас
бір бөлігі жеке-дара кәсіпкерліктің ғылыми теориялық және практикалық
маңыздылығы курстық жұмыс тақырыбы ретінде таңдап алынуы арқылы өзінің
өзектілігін айшықтай түседі. Және де оның мақсат-міндеті Республикамыздағы
жеке-дара кәсіпкерік қызметті жүзеге асыруда кездесетін қиыншылықтарды
болдырмау шараларын қалыптастыруға бағышталған. Сондай-ақ, оның ғылыми-
зерттеу мақсатын, міндеттері мен ұстанымдарын да ғылыми тұрғыдан жете
зерттеудің қажеттілігі мен маңызы арта түсті.
Мәселенің зерттеу деңгейі. Кәсіпкерлік жайлы ғалымдар мен зерттеушілер
әр уақытта өздерінің әр-алуан түсініктерін ұсынды, ол әртүрлі қоғамда
түрліше талқыланды.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы дара кәсіпкерліктің маңызын
ашып көрсету және оны ұйымдастырудың тиімді жүйесін ұсыну. Ашық
заңдық негіздер құру, әкімшілік тосқауылдарды жою.
Анықталған мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер шешілу тиіс:
- Жеке-дара кәсіпкерліктің мәнін-мазмұнын, түрлерін, нысандарын
анықтау.
- Қазақстан Республикасында жеке-дара кәсіпкерліктің қалыптасу
кезеңдерін сипаттау.
- Қазақстанда дара кәсіпкерліктің даму жағдайын талдау.
- Жеке-дара кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық
басқару қатынастарын жетілдіру жолдарын ұсыну.
- Жеке-дара кәсіпкеліктің ҚР-дағы нормативтік-құқықтық негіздерін
нығайту жолдарын ұсыну.
-Жеке-дара кәсіпкерліктің шет елдік даму тәжірибесі (АҚШ,
Ұлыбритания).
Теориялық әдістемелік негіздері:
ҚР-ң заңдары, Қр-ң Президентінің жарлықтары, ҚР-ң Үкіметінің
қаулылары және өзге де нормативтік құқықтық актілері, ҚР-ң статистика
агенттігінің мәліметтері, отандық және шетелдік экономикалық әдебиеттер,
оқулықтар, оқу құралдары, мерзімді басылымдар.
Курстық жұмыстың құрылымы – кіріспеден, теориялық бөлімнен, талдау
бөлімінен, жетілдіру бөлімінен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Кәсіпкерліктің мәні-мазмұны, түрлері, нысандары
Меншікке экономикалық және құқықтық ткатегориясы ретінде ғылыми
тұрғыдан талдау жасау арқылы ғана кәсіпкерікті рынокты экономиканың
ажырамас элементі екендігін дәлелдеуге болады. Бірақ, алдымен жалпы
кәсіпкеріктің талай ғасырларды қамтитын тарихына және кәсіпкерлік
ұғымының өзіне тоқталайық. Жалпы кәсіпкерлік ұғымы туралы экономикалық
әдебиеттерде көзқарастар әртүрлі болғанымен олар бірін-бірі толықтырады.
Және де кәсіпкерлікке байланысты анықтамалардың қалыптасып, даму
(эволюциясы) оның атқаратын нақты қызметіне байланысты көрсетілген.
Алғашқы кезеңде көрсетілген кәсіпкерік – адамның қандай да бір іс-
әрекетпен айналысуы, –деген түсінігі бүгінгі күнгі кәсіпкерлікке
берілген анықтамалардан біршама өзгеше мән-мазмұнға ие екендігі айқын.
Кәсіпкерлік туралы алғашқыдан кейінгі екі кезең IX-X ғасырларда өмір сүрген
орта ғасырлық араб ойшылдарыдының еншісінде.
Кәсіпкерлік осы уақытқа дейін қалыптасқан батыстық дәстүр тұрғысынан
алғанда ол пайда табуға бағытталған қандай да бір қызметтің белгілі бір
түрін ресурстарды тиімді пайдалана отырып, ақыл-ой, зерделік меншікті және
меншіктің басқа да нышандарымен ұштастырып, іскерлікті жүзеге асыру болып
табылады. Ал, кәсіпкерлік қызмет – бұл меншік қатынасының әр түрлі
нышандарының экономикалық жүйедегі белгілі бір әрекет.
Сонымен кәсіпкерлік ұғымының мәні мен ол туралы әр кезеңде
қалыптасқан тұжырымдамаларға қысқаша тарихи шолу жасай келе біз
кәсіпкерліктің мазмұнын неғұрлым кең тұрғыдан түсінуді ұстанамыз. Басқаша
айтсақ, кәсіпкерлікпен кез-келген халық, кез-келген адам, кез-келген
уақытта айналысады. Солай бола тұра, әдебиеттерде, әр заманда, әр халықтың,
тіпті әр адамның кәсіпкрлік іс-әрекетінің ішкі сипаты мен мазмұны әр түлі
болуы хақ. Баса айтатын нәрсе, кәсіпкерлік туралы осы уақытқа дейін
қалыптасып, сіресіп қалған дәстүрлі,яғни батыстық көзқарастан түбегейлі
бөлекше кең тұрғылы тұжырымдама Қазақстан зерттеушілердің еншісінде. Нақты
айтсақ, кәсіпкерліктің ұлттық жүйесінің үш классикалық тегінен
(түрінен,нысанынан), яғни мемлекеттік, жеке, дара және аралас
тектерінен (түрлерінен, нысандарынан) тұратынын айту керек. Кәсіпкерліктің
жоғарыда айтылған нысандарын жүзеге асыратын меншіктің классикалық және
классикалық емес құрылымын төмендегі 1-суреттен көруге болады.
Алдымен, меншіктің классиклық емес түрлеріне келетін болсақ,
ұжымдық меншік дегеніміз-бір тектес меншік иелерінің белгілі бір ортақ
мақсатқа жетуге байланысты бірігіп,ортақ меншік құруы. Басқаша
айтқанда,ұжымның мүшелері өздерінің үлестерін қосу арқылы осы меншікті
қалыптастырады. Ал аралас меншік дегеніміз- мемлекеттік, ұжымдық, жеке және
дара меншік тектерінің ортақ мақсат негізінде әр түрлі нұсқада өзара
бірігуі. Яғни, аралас меншік-мемлекеттік-жеке, мемлекеттік-ұжымдық,
мемлекеттік-дара, дара-ұжымдық (мемлекеттік-шет елдік, жеке-шет елдік, дара-
шет елдік) нысанындағы меншіктерінің бірігуінен тұрады.
Ал, енді меншіктің классикалық түрлеріне тоқталайық. Мемлекеттік
меншікке елдің, қоғамның игілігіндегі меншікті жатқызамыз. Мемлекеттік
меншік негізінде мемлекеттік кәсіпкерлік құрылып, ол мемлекеттік органдар
мен мемлекеттік кәсіпорындар арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен, жеке меншік дегеніміз – мемлекет меншігінде емес жеке және
заңды тұлғалардың немесе отбасының, сонымен қатар жеке топтардың меншігі.
Жеке меншік және осы меншік негізінде құрылған кәсіпорын 2-ге бөлінеді:
а)белгілі бір топтың меншігіне негізделіп құрылған жеке – топтық
меншік (заңды тұлға меншігі), кәсіпорын және кәсіпкерлік. Бұл – жеке
кооперативтік, жеке акционерлік, жеке бірлескен, жеке шағын кәсіпорындар.
Жеке тектегі кәсіпорындардың бұл нысандарының қызметі меншікті
жекешелендірумен байланысты;
ә) жеке-дара тұлғаның немесе отбасы меншігіне негізделіп құрылған жеке-
дара меншік (жеке тұлға меншігі), жеке-дара кәсіпорын және жеке-дара
кәсіпкерлік. Бұл – жеке-дара еңбек және отбасы еңбек шаруашылығы арқылы
жүзеге асырылады.
Жеке топтың меншігі, сәйкесінше, кәсіпорыны заңды тұлғалардың іс-
әрекетін жүзеге асырады. Яғни, жеке-топтық меншік субъектілеріне осы топты
ұйымдастырушы меншік иелері жатады. Ал жеке-дара меншік субъектісі бір
тұлға, ерлі-зайыпты адамдар (2 адам) немесе отбасы толығымен бола алады.
Дара кәсіпкерлік туралы пікірді біз К.Маркстің Капитал еңбегінен көре
аламыз. 1-сі,өз еңбегіне негізделген дара меншік. 2-сі-кооперацияға және
жер мен құрал-жабдықтарды ортақтасып иеленуге негізделген дара меншік.
Дара меншік дегеніміз – қоғамның барлық мүшелерінің (әр пенденің)
қоғамның байлығының бір бөлігін үлестік пайы түрінде иемденуі. Яғни, дара
меншіктің жеке меншіктен айырмашылығы қоғамның әрбір мүшесінің әрқайсысының
қоғамдық байлыққа дара иелік ететңн өз үлестерінің қалыптасуында. Ал,
олардың үлестік жарнасы қоғамдық байлықтың (мысалы, ұлттық қордың) әрбір
адамға тиесілі бөлігі арқылы құрылады. Демек, дара меншіктің әрбір адам
дүниеге келгеннен бастап қалыптасуы шарт. Басқа сөзбен айтқанда, қоғамда
(дүниеде) қанша адам болса, сонша дара меншік бар болады. Дара меншік
мемлекеттік меншікті дараландыру және оны жүзеге асыру арқылы қалыптасады.
Дара кәсіпкерлікті жүзеге асыратын дара кәсіпкерге А.Хоскинг
төмендегідей анықтама берген: Дара кәсіпкер – кәсіпкерлікті өз қаржысымен
және бизнесті өзі басқаратын, қажетті құралдармен өзі жабдықтайтын, өз
бетінше шешім қабылдайтын адам.
Енді өзіндік меншікке тоқталайық. Осы уақытқа дейін көптеген
экономистер өзіндік меншікке дара қажеттілікті қанағаттандыратын тұтыну
заттары мен кейбір өндіріс құралдары - деген анықтама беріп келді. Бұл
жердегі кейбір өндіріс құралдары дегеніміз-егер меншік иесі өндіріс
құралдары арқылы өндірілген өнімді өзі тұтынатын болса, онда өндіріс
құралдарын өзіндік меншік нысанына жатқызады. Қосалқы шаруашылық пен үй
шаруашылығы осы өзіндік меншік негізінде құрылады,-деп көрсеткен болатын.
Олар қосалқы шаруашылыққа жеке тұтынуға немесе тауарлардың бір бөлігін
сатуға бағытталған ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін отбасы кәсібін
жатқызады. Бұл шаруашылықтардың өндірілген өнімдерінің бір бөлігі сатуға
арналған. Ал, жоғарыда көрсетілген анықтама бша өзіндік меншікке тек қана
тұтыну заттары жатады.Бұл шаруашылықтар осы өзіндік меншік негізінде
құрылған болғандықтан жоғарыда айтылған анықтамаға қарама-қайшы келеді.
Негізінен, жеке кәсіпкерліктің осы жеке өзара өндіру нысаны туралы
сөз болды. Дегенмен, алдымен жеке-дара кәсіпкерлік негіздерінің бірі болып
табылатын дара меншікке, өзіндік меншікке тоқталып кеттік. Дара меншік
дегеніміз не және ол қалай пайда болды деген сұрақтарға тоқталып өттік.
1-сурет. Меншік типтерінің құрылымы.
Жеке кәсіпкерлік-жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кіріс алуға
бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің меншігіне
негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан олардың
тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүжеге асырылатын бастамашылық
қызмет. Кәсіпкерлік - меншік иесінің өзіндік және қарыз құралдарын
пайдалана отырып табыс табуға бағытталған тәуекелді инициативалы қызметі.
Кәсіпкерлік функциясының даму теориясы үшке бөлінеді.
Біріншісі – 8 ғасырдың пайда болған, бұл кәсіпкердің тәуекелдікке
баруына аса мін берумен байланысты.
Екіншісі – ғылыми негізінде кәсіпкерліктің негізгі ерекше қасиеті
ретінде инновацияны қолданумен байланысты.
Үшіншісі – кәсіпкердің жекелеген ерекше сапалық қасиеттеріне (қоғамдық
және экономикалық жағдайлардың өзгерісін сезу, шешім қабылдаудағы және
таңдаудағы еріктігі,басқа да басқарушылық қабілеттері) және бір қалыпты
экономикалық жүйені реттеуші кәсіпорындағы рөліне ерекше көңіл бөледі.
Кәсіпкерлік экономикалық көрініс ретінде нарықтық экономикалық
(сұраныс пен ұсыныс, бәсекелестік, құн, тағы басқа) экономикалық заңдар мен
тауарлы өндірістің айналымының барлау құралдары ретінде кәсіпкердің басқа
шаруашылық субъектілері мен қатынастардың тауарлы мінездемесі. Кәсіпкерлік
– инновациялы кәсіпкерлік идеяға, жауапкершілікке, ерікті инициативаға
негізделген экономикалық белсенділіктің ерекше түрі. Экономикалық
белсенділік – индивидтің қоғамдық өндіріске қатысу түрін және өзі мен
жанұясының өмірін қамтамасыз етуге қаражат алу тәсілін білдіреді.
Кәсіпкерлік белсенділіктің негізгі субъектісі кәсіпкер болып
табылады.Бірақ кәсіпкер негізгі контрагент ретінде тұтынушымен, түрлі
жағдайларда көмекші нсе қарсылас ретінде болатын мемлекетпен байланыста
болу керек. Тұтышушы да мемлекет те жалдамалы жқмысшы мен бизнестегі серігі
сияқты кәсіпкерлік белсенділіктің субъектілері категорияына жатады.
Кәсіпкерлік түрлері. Кәсіпкерлік қыметтің әр түрлі міндеттемелері мен
белгілері бойынша сыныптауға болады,бірақ теория мен практикада келесі
белгілері бойынша классификациясы қалыптасқан; меншік формасы бойынша
заңдылығы, аймақ көлемі, түрлі аймақтарға таралуы, құрушылар құрамы,
айналым көлемі, персонал саны, табыстылық деңгейі мен өсу қарқыны және тағы
басқалары.
Дара кәсіпкерлік түріне жататындар:
1. Өзіндік кәсіпкерлік. Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне
меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға
және оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге
асырады.
2. Бірлескен кәсіпкерлік. Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (дара
кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде,
сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және оған билік етуге жол беретін
өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.
Меншік формасына келетін болсақ нарықтық экономикада кәсіпкерлік
негізінен 2 формада:
- Мемлекеттік;
- Жеке меншік формаларында дамып келеді.
Заңдылық белгілері бойынша кәсіпкерлік:
- заңды;
- заңсыз;
- алдамшы кәсіпкерлік болып бөлінеді.
Алғашқы түрлері бойынша біздің түсінігіміз бар, ал алдамшы
кәсіпкерлікке анықтама беріп кетейік. Бұл кәсіпкерлік түрі азаматтарға,
ұйымдарға, мемлекетке залалын тигізетін, кәсіпкерлік және банктік қызметпен
айналысу мақсаты жоқ, мақсаты: несие алу, салықтан босатылу, басқа да
мүліктік пайда алуды және заңсыз қызмет түрін жасыру үшін құрылған
коммерциялық ұйым.
Қызметінің түрлі аймақтарға таратылу бойынша:
- Жергілікті, ұлттық, халықаралық,әлемдік, аймақтық болып бөлінеді.
Құрылтайшылар құрамы бойынша:
- әйелдер,
- жасөспірімдер кәсіпкерлігі болып бөлінеді.
Көптеген елдерде әйелдер және жасөспірімдер кәсіпкерлігінің дамуына
қолдау көрсетумен айналысатын ассоциациялар қызмет етуде. Мысалы, Ресейде
Ресей кәсіпкер әйелдер ассоциациясы құрылған.
Даму қарқыны мен табыстылық деңгейі және түсімділігі бойынша
кәсіпкерлік ұйымдарды:
- қарқынды өспелі;
- даму қарқыны бәсең;
- жоғары табысты;
- рентабелділігі төмен ұйымдар деп жіктейміз.
Өзінің қызметіне инновацияларды, жаңалықтарды, жаңа
технологияларды,жаңа тауарларды өндіру мүмкіншіліктерін әрдайым іздестіру,
жұмыстарды атқару, қызмет көрсету, жаңа өткізу нарықтарын жаулау, өндіріс
факторларын жаңадан комбинирлеу негізінде жаңа сұраныс пен ұсыныстың
қалыптасуы, өнімді белгілі әдістер мен белгілі еңбек өнімдерін ұдайы
өндіруге бағытталған және т.б. болады.
Өз ісінің құрылтайшылар көлеміне байланысты:
- жеке кәсіпкерлік;
- коллективті кәсіпкерлік болып бөлінеді.
Кәсіпкерлік нысандары. Жеке-дара меншік, дара меншік бір-бірімен тығыз
байланысты. Олардың иемдену нысандарының өндіруші, тұтынушы нысандарының
өзара байланысын 2- суреттен көруге болады.
2-сурет. Өзіндік,жеке-дара, дара меншік нысандарының
өндіруші,тұтынушы нышандары
Қорыта айтсақ, өндіріс құралдары арқылы өндірілген өнім өндірушінің
өзіне арналып, оны өзі тұтынса, онда ол жеке-дара тұтыну нысаны болып
табылады. Ал егер өндіріс құралдары арқылы өндірілген өнім сатуға, яғни
пайда табуға негізделсе, онда оны жеке – дара өндіру нысанына жатқызамыз.

кезеңдері
Кәсіпкерліктің қалыптасып дамуын дұрыс түсіну үшін алдымен оның даму
тенденцияларын,басқа құбылыс, процестермен байланысын анықтау керек. Ол
қандай басты тарихи кезеңдерді басынан кешті және осы уақытқа дейін қандай
дәрежеге жеткеніне тоқталу керек. Қазақстанда жеке-дара кәсіпкерліктің
дамуын осы уақытқа дейін, негізінен,төрт кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең – алғашқы қауымдық құрылыс қалыптасқаннан бастап 1917
жылға дейінгі аралық. Бұл кезеңде кәсіпкерлік ісі өз заманына байланысты
дамып, сол уақыттың тұрмыс-тіршілігіне сай болып отырады.
Екінші кезең ел басына Октябрь революциясының келуімен 1986 жылға
дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңде ( жаңа экономикалық саясат кезеңін
есептемегенде) елде социалистік жүйенің орын алуы және оны жақтаушылардың
идеологиялық көзқарастарына байланысты тәуелсіз меншік иелерінің әрекетіне
жан-жақты қысымшылық жасалынып, олардың кәсіпкерлік қызметіне жол
берілмеді.
Үшінші кезеңге 1986 жыл, яғни КСРО- ның Жеке еңбек қызметі туралы
заңы шыққанынан бастап 1991 жылдар аралығын жатқызуға болады. Бұл уақыт
аралығында жеке-дара кісіпкерлік азаматтардың және олардың отбасы
мүшелерінің өзіндік еңбегі арқылы жүзеге асырылды.
Ал төртінші кезең 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралықты
қамтиды. Яғни, егемендік алғаннан кейінгі еліміздің өз бетінше тәуелсіз
Республика болып қалыптасқан уақыттан бастап, осы бүгінге дейінгі аралық
жатады.
КСРО-ның 1988 жылдың маусымында қабылданған қаулысында мектеп
жасындағы балалардың сабақтан брс уақытында мемлекеттік мекемелерде 14
жасынан бастап жұмыс жасай алатындағы туралы және де КСРО- дағы кооперация
туралы КСРО-ның заңында кооператив мүшесі 16 жастағы ер балалар мен
қыздар бола алатындығы айтылған. Яғни, мектеп жасындағы балаларға жеке
кәсіпкерлікке қарағанда мемлекеттік кәсіпкерліктен ертерек аралысуға
болады. Мұны сол кездегі орын алған мемлекеттік басқарудың жеке меншік
тектес кәсіпорындарды әділ бағаламауы деп айтуға болады. Сол сияқты Жеке
еңбек қызметінде жалдамалы жұмыс күшін қолдануға заңның 1- бабымен тыйым
салынады.Ал кәсіпкерліктің кейбір түрлерімен ( мысалы, тұрғын үй, саяжай
үйлері құрылысын салу, науқастардың түрлері бойынша дәрігерлік кеңес беру
және тағы басқалары) бір адамның айналысуы мүмкін емес. Кәсіпкерліктің
осындай қызмет түрлерімен айналысу мақсатында екі немесе одан да көп патент
иелерінің бірігіп жұмыс жасауы сол уақытта мүмкін емес жағдай.
Ал жеке өндірушілердің қызметі өзінің шектелген мүмкіндіктеріне
қарамастан тұтынушылар сұранымына және оның өзгерісіне сай әрекет етті.
Жеке еңбек қызметі мемлекеттік мекемелер қамтамасыз етпеген тауарлар мен
қызметтерді ұсынды. Яғни, сұранымға,сән үлгісіне байланысты өзгеріп
отыратын қызметтер мен тауарлар өндіруге қатысты. Ал олардың ұсынған
қызметтері мен тауарларлардың кейбір түрлерін өндіруде жоғары бағаланады.
Мысалы, халық көркем кәсіпшілігі – жеке адамдардың сурет салумен
шұғылданып, оны тұтынушыларға ұсыну және де тағы басқалар. Сонымен қатар
жеке-дара кәсіпкерліктегі атқарылатын қызметтер көмегімен жеке адамдардың
білімін, біліктілігін, еңбекке деген қабілеттілігін, ерекше жігерін жүзеге
асыруға жол ашыла бастады.
Жеке кәсіпкерлік қызметін социалистік шаруашылық жүйесінде
жақтамағандықтан,ол қоғамда кәсіпкерліктің осы нысанының әрәкет етуіне
кедергі болатындай әртүрлі қөзқарастармен негізделген болды. Осының
нәтижесінде жеке-дара кәсіпкерлік айналасында жағымсыз әлеуметтік-
экономикалық орта қалыптасты. Мысалға, осы қызметпен айналысатын адамдарға
несиелер беру туралы (23 наурыз,1987 жыл), кооперативте және жеке еңбек
қызметінде өндірілген өнімдерді өткізуді ұйымдастыру шараларын жақсарту
туралы (24 қыркүйек,1987 жыл), жеке еңбек қызметімен айналысушыларды
материалдық-техникалық жабдықтау және шикізатпен қамтамасыз ету туралы (17
шілде,1987) жарлықтар қабылданды. Жеке еңбек туралы заң қабылданғанмен
жеке кәсіпкерлікпен айналысушылар өз іскерлігін жүзеге асыруда көптеген
қиыншылықтарға кездесті, атап айтсақ бюрократиялық және әкімшілік-
әміршілдік билік ету осы заңнан да өз көрінісін тапты. Мысалы,
кәсіпкерлікті жүзеге асыруда тыйым салынған қызметтер түрімен жергілікті
Кеңестің атқарушы комитеттерінің рұқсатымен ғана айналысуға болады.
Осы кезде статистикалық, қаржы мекемелері,құқық қорғау орғандары жеке
кәсіпкерліктің өндірілген өнімдері мен көрсетілген қызметтер туралы толық
мәліметтерді жинай алмады. Ал мына мәліметтер арнайы социалистік зерттеулер
мен экономикалық есеп нәтижесінде алынған.
Қорыта айтатын болсақ, Қазақстан экономикасындағы жеке-дара қалыптасу
жәге даму эволюциясына талдау жасап, оның 1998 жылдан бастап бастау алғанын
көрдік. Қазақстандағы жеке-дара кәсіпкерлік қазіргі таңда қарқынды даму
үстінде, біздер оған куәміз.

Кәсіпкерлік субъектілерін - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта
тіркеу) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды
мемлекеттік тіркеу келіп тіркелуі сипатында болады және дара кәсіпкер
ретінде мемлекеттік тіркелу кезінде мәлімделген орналасқан жері бойынша
аумақтық салық органында (бұдан әрі - тіркеу органы) дара кәсіпкер ретінде
есепке қою болып табылады.
Мына шарттардың біреуіне сай келетін:
1) тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын;
2) жеке кәсіпкерліктен Қазақстан Республикасының заңдарында жеке тұлғалар
үшін белгіленген салық салынбайтын жылдық жиынтық табыстың мөлшерінен
асатын мөлшерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес
есептелген жылдық жиынтық табысы бар дара кәсіпкерлер міндетті мемлекеттік
тіркеуге жатады.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларды
қоспағанда, мемлекеттік тіркеусіз аталған дара кәсіпкерлердің қызметіне
тыйым салынады.
Қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын жеке тұлғалар
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мынадай
табыстарды:
1) төлем көзінен салық салынатын;
2) мүлік табыстарын;
3) өзге де табыстарды алу кезінде дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы.
Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мерзімсіз беріледі.
Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітеді.
Дара кәсіпкер мемлекеттік тіркеу үшін:
1) тіркеу органы белгілеген нысан бойынша өтінішін;
2) дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасын бюджетке
төлегенін растайтын құжатын;
3) түпнұсқасы ұсыныла отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
4) 3,5 х 4,5 сантиметр көлемдегі фотосуретін;
5) дара кәсіпкердің орналасқан жерін растау құжатын тіркеу органына
ұсынады.
Азаматтарды тіркеу кітабы немесе жылжымайтын мүлікке жекеменшік немесе оны
пайдалану құқығын растайтын құжат дара кәсіпкердің орналасқан жерін
растайтын құжат болып табылады.
Егер өтініш беруші кәмелет жасына толмаса, жоғарыда аталған құжаттарға ата-
анасының, асырап алушының немесе қамқоршының келісімі, ал мұндай келісу
болмаса, кәмелет жасына толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп
жариялау туралы сот шешімі қоса беріледі.
Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені)
үшін алым төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында
айқындалады.
2. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беруге өтініште көрсетілген деректер
өзгерген кезде дара кәсіпкер өзгерістер туралы осы орган белгілеген нысан
бойынша тіркеу органына он жұмыс күнінің ішінде хабарлауға міндетті.
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген деректер өзгерген кезде дара
кәсіпкер қайта тіркеуді жүзеге асыруға және жаңа куәлік алуға міндетті.
3. Дара кәсіпкер мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті жоғалтқан жағдайда,
оның өтініші бойынша оған мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың
телнұсқасы беріледі.
Мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін дара
кәсіпкерден Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған
тәртіппен алым алынады.
4. Бірлескен дара кәсіпкерлікті тіркеу кезінде өтінішті үшінші тұлғалармен
және мемлекеттік органдармен қатынастарда мүдделерін білдіретін уәкілетті
тұлға береді.
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік уәкілетті тұлғаға жазылады. Куәлікке
тіркеу органының басшысы куәландырған бірлескен дара кәсіпкер мүшелерінің
тізімі қоса беріледі.
2 Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуының жағдайы
2.1 Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытудың қазіргі жағдайы
1-кесте Қазақстан Республикасында кәсіпкерлердің тіркелгені және нақты
жұмыс істейтіні
2007 2008 2009 2009-2007%
Салалар
Тіркел-Нақты Тіркел-Нақты Тіркел-Нақты Тіркел-Нақты
гені жұмыс гені жұмыс гені жұмыс гені жұмыс
істейтін істейтін істейтін істейтін
і і і і
Республика
бойынша барлығы321838 247688 394672 297234 469648 358583 145 144
Балық аулау,
балық өсіру 807 494 817 529 893 548 110 110
Өнеркәсіп 6043 4819 8169 6715 10012 8043 165 166
Кен өндіру
өнеркәсібі 12 7 19 11 26 18 216 257
Өңдеу
өнеркәсібі 5847 4672 7923 6540 9725 7854 166 168
Электр
энергиясы газ
бен су өндіру 184 140 227 164 261 171 141 122
және бөлу
Құрылыс 2765 1933 3704 2945 5295 4129 191 213
Сауда;
автомобильдерді
, тұрмыстық 189487 147237 226158 166777 262835 198041 138 134
бұйымдар мен
пайдаланатын
заттарды жөндеу
Қонақ үйлер мен
мейрамханалар 15011 12065 15526 13071 18193 14577 121 120
Көлік және
байланыс 38716 28575 48238 36105 57966 45040 149 157
Бұл кестеде Қазақстан Республикасындағы дара кәсіпкерлердің 2007,
2008, 2009 жылдардағы тіркелгені және нақты жұмыс жасағандары көрсетілген.
Олардың саны Республика бойынша 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда
тіркелгендер саны 1,4 есеге, нақты жұмыс жасағандар саны 1,4 есеге артқан,
соның ішінде жеке салалар, сәйкесінше, атап айтқанда балық аулау 1,1; 1,1
есе, өнеркәсіп 1,6; 1,6 есе, кен өндіру 2,1; 2,5 есе, өңдеу өнеркәсібі 1,6;
1,6 есе, электро энергиясы 1,4; 1,6 есе, құрылыс 1,9; 2,1 есе, сауда мен
автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен пайдаланатын заттарды жөндеу 1,3;
1,3 есе, қонақ үйлер мен мейрамханалар 1,2; 1,2 есе, көлік және байланыс
1,4; 1,5 есе ге өскен.
Бұл көрсеткіштер Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлердің
тіркелгендер және нақты жұмыс істегендер санының айтарлықтай дәрежеде артып
келе жатқанын көрсетеді.
2-кесте Кәсіпкерліктің шығарған өнімдері
Салалар 2007 2008 2009 2007-2009
%
Республика
бойынша барлығы155030,6 222993,1 302715,3 135
Балық аулау,
балық өсіру 193,6 561,4 386,6 68
Өнеркәсіп 5355,8 7706,7 9170,8 118
Кен өндіру
өнеркәсібі 17,1 88,2 28,5 32,3
Өңдеу 5004,7 7089,4 8810,2 124
өнеркәсібі
Электр
энергиясы газ
бен су өндіру 334,0 529,1 332,1 62,7
және бөлу
Құрылыс 3260,1 4151,8 7446,2 179
Сауда;
автомобильдерді
, тұрмыстық 83381,1 110032,3 169207,7 153
бұйымдар мен
пайдаланатын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz