Коммерциялық негізде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕР ҚАРЖЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ МӘНІ, СЫНЫПТАМАСЫ
1.1 Коммерциялық негізде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Коммерциялық негізде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ ЖҰМЫСЫН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ
2.1 «Интергаз Орталық Азия» АҚ.ның қаржылық . шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2. Коммерциялық негізде қызмет ететін кәсіпорынның қаржы жұмысының ұйымдастырылуын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
3. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы – бірыңғай қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі. Шаруашылық жүргізуші субъект түсінігі –барлық ұйымды-құқықтық меншікті сандарына және қыызметінің барлық түрлеріне қатысты, шаруашылық жүргізуші субъектілерді жалпылама айтқанда –экономикалық агенттер, экономикалық бірліктер. Олар өзіне міндеттемелер қабылдай алады, активтерді иемденіп басқарады және экономикалық қызметті жүзеге асырады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер түсінігі соңғы кездері шаруашылық қызметке заңды тұлғаларды ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тұлғаларды -жеке кәсіпкерлерді, шағын бизнестің дамуымен байланысты қолданады. Шаруашылық жүргізуші субъектілерге көбінесе кәсіпорындар мен ұйымдар жатқызылады. Шаруашылық субъектілер қаржысы кәсіпорынның, қоғамның, бірлестіктер мен ұйымдардың қаржысын кірістіреді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызмет сферасындағы өндірістік қатынастардың айырықшалықты ерекшеліктері, таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастармен өте тығыз байланысты, бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша кәсіпорындар мен салалар қаржысы қаржы жүйесінің жалпымемлекеттік қаржылардан ортақ белгілерінен гөрі көбірек айырмашылығы бар буыны болып табылады дегенге жеткізеді. Олардың пікірінше, егер бұл буынға кәсіпорындардың ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қосса, онда дербес экономикалық категорияның – кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша шаруашылығының бар екендігі жөніндегі мәселені қоюға болады.
Коммерциялық, шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс (пайда) алу максатында құрылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі жәнс материалдық емес сфера ұйымдары мсн мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер, сақтық үйымдары, қаржы секторының басқа мекмелсрі (жинақ ақша-деиозит мекемелсрі, инвестидиялық қорлар, қор биржалары, бағалы қағаздар рыногі мен ақша-кредит рыноктеріне қызмет көрсететін әр түрлі мекемелер), сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық компаниялар және басқалары.
Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.

1. Н. Назарбаев «Қазақстан-2030» Процветание, безопасность и благсостояние всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана.
2. Қазақстан Республикасының Ата Заңы 1995 ж.
3. К. Ш. Дюсембаев «Анализ финисового состояния предприятия» Учебное пособие Алматы «Экономика» 2002 г.
4. К. Ш. Дүйсенбаев, Э. Т. Төлегенов, Ж.Г. Жұмағалиева «Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдаиын талдау». Оқу құралы, Алматы: Экономика. – 2007ж.
5. О.В. Ефимова «Как проанализировать финансовое положение предприятия». Практическое пособие. Москва 2004г.
6. П. Балабанов «Управление финансами предприятия»
7. Под редакцией профессора И.О. Волкова «Экономика предприятия» Москва Инф. 2007г.
8. Под редакцией профессора В.Я. Горфинкеля Учебник для ВУЗ-ов «Экономика предприятия» 2006г.
9. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2003. – 448 бет.
10. О.В. Ефимова «Финансовый анализ» Москва 2004г.
11. В.И. Бренстайн « Анализ финансовой отчетности» Москва 2006г.
12. В.М. Родионова, М.А. Федотова «Финансовая устойчивость предприятия в условиях инфляции», «Перспектива» Москва 2007.
13. А.И. Ковалев, В.П. Привалов «Анализ финансового состояния предприятия» Москва 2003г.
14. Н.А. Русак «Анализ финансового положения предприятия» Минск 2005г.
15. Журнал // Экономика и права Казахстана, 2008 г. № 7.
16. Мельников В.Д, Құлпыбаев С. Қаржы негіздері: Оқулық. – Алматы: 2009. – 448 бет.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕР
ҚАРЖЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ МӘНІ, СЫНЫПТАМАСЫ
1.1 Коммерциялық негізде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің
сыныптамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...5
1.2 Коммерциялық негізде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер
қаржысының мәні

..8
2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН Кәсіпорынның қаржы ЖҰМЫСЫН тиімді
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ талдау
2.1 Интергаз Орталық Азия АҚ-ның қаржылық – шаруашылық қызметінің
нәтижелерін талдау

... ... ... ... ..12
2.2. Коммерциялық негізде қызмет ететін кәсіпорынның қаржы жұмысының
ұйымдастырылуын талдау

... ..14
3. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ

... ... ... ... ... ... ... ..22
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... ..25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
КІРІСПЕ
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы – бірыңғай қаржы жүйесінің
құрамдас бөлігі. Шаруашылық жүргізуші субъект түсінігі –барлық ұйымды-
құқықтық меншікті сандарына және қыызметінің барлық түрлеріне қатысты,
шаруашылық жүргізуші субъектілерді жалпылама айтқанда –экономикалық
агенттер, экономикалық бірліктер. Олар өзіне міндеттемелер қабылдай алады,
активтерді иемденіп басқарады және экономикалық қызметті жүзеге асырады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер түсінігі соңғы кездері шаруашылық қызметке
заңды тұлғаларды ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тұлғаларды -жеке
кәсіпкерлерді, шағын бизнестің дамуымен байланысты қолданады. Шаруашылық
жүргізуші субъектілерге көбінесе кәсіпорындар мен ұйымдар жатқызылады.
Шаруашылық субъектілер қаржысы кәсіпорынның, қоғамның, бірлестіктер мен
ұйымдардың қаржысын кірістіреді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызмет сферасындағы
өндірістік қатынастардың айырықшалықты ерекшеліктері, таза қаржы
қатынастарының басқа ақша қатынастармен өте тығыз байланысты, бірқатар
ғалымдардың пікірі бойынша кәсіпорындар мен салалар қаржысы қаржы жүйесінің
жалпымемлекеттік қаржылардан ортақ белгілерінен гөрі көбірек айырмашылығы
бар буыны болып табылады дегенге жеткізеді. Олардың пікірінше, егер бұл
буынға кәсіпорындардың ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қосса, онда
дербес экономикалық категорияның – кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша
шаруашылығының бар екендігі жөніндегі мәселені қоюға болады.
Коммерциялық, шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс (пайда) алу
максатында құрылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра
алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар; шаруашылық қоғамдар мен
серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерде
материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі жәнс материалдық
емес сфера ұйымдары мсн мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді:
коммерциялық банктер, сақтық үйымдары, қаржы секторының басқа мекмелсрі
(жинақ ақша-деиозит мекемелсрі, инвестидиялық қорлар, қор биржалары, бағалы
қағаздар рыногі мен ақша-кредит рыноктеріне қызмет көрсететін әр түрлі
мекемелер), сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық
компаниялар және басқалары.
Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы
мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген
қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына
бақылау жасау.
Сондықтан мен, курстық жұмысымның тақырыбын Коммерциялық негізде
жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы деп алдым. Бұл
тақырыптың өзектiлiгi осы аталған қаржы ресурстарын қалыптастыруда және осы
қаржыларды нақты өндiрiске қосуда корпорациялардың қаржысының орны ерекше
болып табылады. Корпорация қаржысын пайдалануды және корпорацияға қаржы
тартуды тиiмдi ұйымдастыру арқылы жалпы экономикалық тиiмдi өндiрiс
процесiн қалыптастыруға болады.
Жалпы түрде корпорациялардың қаржысы деп өнiм өндiрiп немесе қызмет
көрсетiп, сатумен және ақша қорларын жасаумен, бөлумен және пайдаланумен
байланысты экономикалық қатынастарды айтады.
Корпорацияның қаржы саясаты қаржылары стратегиялық және тактикалық
мiндеттердi мақсатты түрде iске асыруға бағытталады. Мысалы, рыноктағы
корпорация тауарының өтiмдiлiгiн көбейту немесе сұранысты өсiру активтер
мен меншiк капиталдарының пайдалылығы мен рентабельдiлiгiн арттыру,
баланстық төлем қабiлетiн және өнiмдiлiiгн сақтау, акционерлер жағдайын
жақсарту және инвестициялық климатты жақсарту болып табылады.
Мен осы тақырыпты орындау барысында келесi мiндеттердi ескерудi жөн
көрдiм:
• Коммерциялық негізде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер
қаржысының экономикалық категория ретiнде оның мәнi мен қызметтерiн
анықтау;

қаржысының жалпы қалыптасу негiзiн және оның құрылымы туралы хабардар
болу;

қаржысының экономика дамуындағы негiзгi қызметтерiн атап өту;
• Корпорациялардың қаржылық саясаттарының бағыттарын айқындау;
• Коммерциялық негізде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржылық жағдайын талдау мен олардың қаржысының тиiмдi
ұйымдастырылу қағидаларына тоқталып өту.

сыныптамасы
Коммерциялық негізде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржылары бірегей қаржы жүйесінің құрамды бөлімі.
Коммерциялық негізде жұмыс істейтін шаруашылық субъектілер қаржысын
қарастырмас бұрын шаруашылық жүргізуші субъектілер ұғымына келесі
түрдегідей анықтама беруге болады: өзінің атынан активтерді иемдене алатын,
өз мойнына міндеттер алатын, экономикалық қызметтерді жүзеге асыратын
экономикалық агенттер немесе экономикалық бірліктер. Осы шаруашылық
субъектілерге атап айтқанда компаниялар, серіктестер, фермерлік
шаруашылықтар, бірлестіктер және тағы басқалары жатқызылады. Коммерциялық
негізде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы ақша
түрінде кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің негізгі тұстарын көрсетеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер – кәсіпорындар мен ұйымдар
(фирмалар, компаниялар, фермер шаруашылығы, шаруашылық серіктестіктері,
ассоцияциялар, ұлттық компаниялар және басқалары), мекемелер әр түрлі
белгілері бойынша айырудың негіздемелері қаржыны ұйымдастьрудың сипатына
елеулі әсер етуі мүмкін.
Айырудың ең жалпы белгісі кәсіпорындар мен ұйымдарды қызмет сфераларының
біріне – материалдық немесе материалдық емес сфераға жатқызу болып
табылады. Қызметтің материалдық сферасының кәсіпорындары бүкіл қоғамның
тіршілік әрекетінің негізі болып табылатын материалдық өнімдер мен
игіліктерді жасайды.
Бұл сферада жасалған өнімнің бір бөлігі оның салалары ішінде
(өндірістік тұтынудың енімдсрі) тұтынылады, басқа бөлігі түпкілікті
тұтынуға, соның ішінде өндірістік емес сферада бағытталады. Өндірістік емес
сфера қызметінің нәтижелері қызметтердің нысанын қабылдайды, к,ызметтерді
жасаудың процссі, әдеттсгідей, оларды тұтыну процссімсн тоқайласады, яғни
олар қордалауға, сақтауға жатпайды.
Қоғамдық өндірістің екі сферасының аталған қағидалы айырмашылықтары бұл
сфералардың қаржысын ұйымдастыруға — каржыландыру, өнімдер мен қызметтер
құнының жасалу процестеріндегі қаржы қорларының қозғалысы ксзінде де,
сондай-ақ қызметтің қаржы нәтижелерін қалыптастыру — қорланымдарды,
табыстарды немесе пайданы бөлу және пайдалану кезінде де әсерін тигізеді.
Мысалы, материалдық сфера қорларынын қозғалысында өндірістік босалқы
қорларды, аяқталмаған өндірісті жасаумен, дайын өнім және өндірістік емес
сфераға сипатты емес бірқатар басқа процестердің қозғалысымен
байланыстылары елеулі орын алады.
Қаржы қатынастарының мазмұны мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржылық жұмысын үйымдастыруға олардың салалық тиістілігі, ұлттық
шаруашшықтың техникалық-экономикалық ерекшеліктері айтарлықтай ықпал
жасайды.
Материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындардың қаржысының өзгешелігі
едәуір дәрежеде кәсіпорынның іс-әрскет ететін саласына да байланысты болып
келеді.
Қаржының салалық ерекшеліктері өндірістің сипатымен, түрлі салалардың
технологиясымен, өндірістік циклдың ұзақтығымен (созыңқылығымен),
маусымдылықпен, өндірістің табиғат және климат факторларына тәуслділігімен,
шаруашылықты жүргізудің экономикалық жағдайларының айырмашылығымен
анықталады. Саланың өзгешелігі қаржы ресурстарының жылдамдығына,
қалыптастырылатын ақша қорларының құрамына, қаржы ресурстары мен
кәсіпорыңдардың шығындары құрылымына, бюджетпен және басқа қорлармен
болатын өзара катынастарға әсер етеді. Маусымдылық факторы ауыл
шаруашылығы, құрылыс өндірісі үшін сипатты болып келеді. Мұндай факторлар
өндіріс шығындарының мөлшеріне әсерін тигізеді: мысалы, ұзақ кезеңді немесе
маусымдық сипаттағы өндірістер аяқталмаған өндіріске қаражаттарды едәуір
оқшауландыруды туғызады; қүрылыста маусымдылық қыс уақытында жүмыстардың
қымбаттауына әкеп соғады. Табиғи-климат факторлары жалақыға, сақтандыруға,
аудандық коэффициенттерді төлеуге байланысты шығындарға соқтырады. Ақырғы
қорытындысында шығындардың артуы қызметтің қаржылык, нәтижелеріне әсер
етеді: нарықтық бәсеке жағдайында мұндай кәсіпорындар өнімді өткізу кезінде
аз табыс алатын болады немесе рынокте өзінің ұстанымдарын сақтап калу үшін
оны барынша көбейтудің қаржылық әдістерін табуы тиіс.
Сыныптаманың келесі ірі белгісі кәсіпорындардың, ұйымдардың,
мекемелердің қаржылық қызметінің сипаты — коммерциялық және коммерциялық
емес қызметі болып табылады.[1]
Коммерциялық қызметтің мақсаты табыс алу болып табылады. Коммерциялық
негізде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және
материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жүмыс
істейді.
Өндірістік емес сфера мекемелерінің едәуір бөлігі: мемлекеттік
басқару, қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жәнс қамсыздандыру,
құқық тәртібін қорғау, айналадағы ортаны қорғау, денсаулық сақтау мен білім
берудің, мәдениеттің және шығармашылықтың үлкен тобы, іргелі ғылым
коммерциялық емес секторда қалып отыр. Коммерциялық емес қызмет табыс
(пайда) алуға емес, бүкіл қоғам үшін, соның ішінде халықты әлеуметтік
қорғауды қамтамасыз етуге қажет функциялар мен іс-қимылдарды орындауға
бағытталған.
Коммерциялық және коммерциялық емес қызмет болып межелену Қазақстан
Республикасының Азаматгық Кодексінде бекітіліп берілген, онда заңды тұлға
ұғымы анықталады. Заңды тұлға деп меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел
басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері
бойынша жауап беретін ұйымды айтады. Өз атынан мүліктік және мүліктік емес
жеке құқықтық міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алады, сотта
талапкер және жауапкер бола алады.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейтін
(коммерциялық үйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және
алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес үйым) үйым
занды тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын,
шаруашылық серіктестігі, өндірістік кооператив нысандарында қүрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық
бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және
заң қүжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес үйым кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық
мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады.
Сыныптаудың бұл белгісіне қатысты қаржыны ұйымдастыру қызметті
қамтамасыз етудің түрлі қағидаттарына: коммерциялық есепке немесе белгілі
бір деңгейде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қажетгіліктерін жабатын
бюджеттік қаржыландыруға есептелген. Егер мекеме коммерциялық және
коммерциялық емес қызметті ұштастыратын (үйлестіретін) болса, онда бүл
қызмет тиісті қаржылық зардаптарға ұшыратады: мұндай қызметтің өзін-өзі
қаржыландырылуын үйымдастыру, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу,
алынған табыстарды немесе пайданы бөлу.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сыныптаудың маңызды белгісі
меншіктің белгілі бір нысанына тиістілігі (қатыстылығы) болып табылады.
Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында меншіктің екі нысаны
қабылданған: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Жеке меншік азаматтардың
және (немесе) мемлвкеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктері
ретінде болады, жеке меншіктің айырықша түрі ретінде қоғамдық
Ұйымдардың меншігі болады.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып
ажыратылады.
Меншікгің аталған нысандарының ішінде шаруашылық жүргізудің үйымдық-
құқықтық нысандарының көптеген түрлерін (санын) туғызатын әр түрлі
шаруашылық қүрылымдары қалыптасуы мүмкін:
1. Мемлекеттік меншікке негізделген мемлекеттік кәсіпорындар,
соның ішінде:
республикалық — Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік
дамуының жалпымемлекеттік міндеттерін шешу үшін;
коммуналдық меншіктегі көсіпорындар — тиісті аумақтың халқының
әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі
міндеттерді шешу үшін, жергілікті бағанышта болады.
2. Заңды түлғалардың жеке меншігіне негізделген кәсіпорындар:
әр түрлі тұрпаттағы шаруашылық серіктестіктері, соның ішінде
акционерлік қоғамдар, кооперативтік кәсіпорындар мен үйымдар.
3. Қоғамдық бірлестіктердің меншігіне негізделген көсіпорындар.
4. Құрылтайшылардың, соның ішінде шетелдік занды түлғалар мен
азаматгардың мүлкін біріктіру негізіндегі бірлескен кәсіпорындар.
5. Азаматтардың меншігіне негізделген жеке меншікті кәсіпорындар.
6. Меншіктің жоғарыда келтірілген әр түрлі нысандарының
қатысуындағы аралас кәсіпорындар[2].
Меншіктің барлық нысандарының тендігі мен меншік субъектілерінің
құқығын теңдей қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасымен
кепілдендірілген.
Шаруашшық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексімен анықталған, ол шаруашылық жүргізуші субъектілердің
құқықтық тәртібіне айтарлықтай өзгерістер енгізді.
Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары мен олардың мөлшерін ажырата
білген жөн. Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары меншік нысанымен —
мемлекеттік, жеке (әр түрлілігімен) меншікпен анықталады. Мөлшері бойынша
кәсіпорындар шағын, орта және үлкен болуы мүмкін. Кез келген нысан шағын,
орта және үлкен болуы мүмкін. Заңнамалық тәртіппен қызметтің әр түрлі
сфералары шағын көсіпорындарының өндірістік және ұйымдық міндеттерді жедел
шешуге мүмкіндік беретін тиімді қүрылымдар ретінде олардың дамуын
ынталандыру мақсатында параметрлері анықталуы мүкін.
Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны жарғылық капиталды жасаудың
процесіндегі қаржы қатынастарының мазмұнын анықтайды.

субъектілер қаржысы ақшалай түрде көрсетілген өндіріс процесінің негізгі
жақтарын сипаттайды және оны экономикалық заңдардың талаптарымен сәйкес
жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Олар ұлттық шаруашылықты әрі қарай дамыту
үшін қажет ақшалай жиынтықтар мен табыстарды пайдалану мен қайта бөлу үшін
пайдаланады. Бұл даму процесі ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды
экономикалық құралы болып табылады. Коммерциялық негізде жұмыс істейтін
шаруашылық субъектілердің қаржысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың
бір бөлігі ретінде, олар басқа да өндірістік қатынастармен сәйкес ұлттық
шаруашылықты басқарудағы төмеңгі бөлімшелердің шаруашылық қызметінің
тиімділігіне әсер етеді.
Коммерциялық негізде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер
қаржысы өзіне кәсіпорын, фирма, қоғам, ассоциация, басқа да шаруашылық
ұйымдардың, шаруашылық аралық, сала аралық, мекемелердің, құрылыс,
транспорттық, саудалық, жобалық қызметтердің, байланыс, сақтандыру, ғылым,
білім, медицина, ақпараттық, маркетингтік және басқа да қоғам саласындағы
қызметтердің қаржыларын қамтиды.
Жекеменшіктің дамуы кәсіпорынның жаңа түрлерінің пайда болуына
әкеледі: жеке, кооперативті, акционерлік және аралас.
Ұлттық шаруашылықтағы әр салаларының қаржылары өзіндік ерекшеліктерге
ие болады. Бірақ, барлық саладағы шаруашылық субъектілер қаржысының мәні
мен негізгі принциптері ұқсас болып келеді, бұл жалпы шаруашылық
принциптермен бірыңғай экономикалық заңдармен себепті.

қаржысы саласындағы көп жақты қатынастар іріленген топтарға жинақталады.
Бұл қатынастар мынадай процестер негізінде қалыптасады:
• мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыру кезінде кеңейтілген өндіріс
пен мемлекеттік және оның өндірістік кәсіпорындары;
• ұсынылған ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелерді төлеу бойынша
шаруашылық субъектілер мен несие жүйесі;
• қорларды, табысты қайта бөлу кезінде шаруашылық субъектілер мен жоғарғы
деңгейлі ұйымдар;
• персоналды, мүлікті сақтандыру бойынша шаруашылық субъектілер мен
сақтандыру ұйымдары;
• шаруашылық субъектілердің негізгі қызметімен қаржылық ресурстарды
қамтамасыз ету процесіндегі капитал арасындағы процестер.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу
және бақылау функцияларын орындайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлгіштік функциясының
ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесінде
өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер негізінде
бөлінетіндігінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс процесінде
құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар мен
қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негіздеп бөлу қаржының ұдайы
өндірістік қосалқы функциясын да іске асырудың басты шарты болып
табылады. Бөлу - өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл
процесс кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім-ақша алуы және оны
өндірістің жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты жасвауға
пайдалану арқылы болып жатады. Табыстың бір бөлігі қайта бөлу ретінде
орталықтандырылған қорларға – мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс
қорларға түседі, ал қалған бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік
мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және дамыту жөніндегі шығындарды
қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында қалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сонымен бірге бөлгіштік
функция шеңберінде ұдайы өндірістік функцияны[3] орындайды. Оның мазмұны
жәй және ұдайы өндіріс кезінде материалдық және ақша қаражаттарының
ауыспалы айналымы процесінде олардың қозғалысы арасындағы сәйкестікті
қамтамасыз етуде болып табылады. Бұл үшін кәсіпорындар өнім өндіру мен
оны өткізудің жоспарлары, болжамдары мен ниеттері негізінде, белгіленген
экономикалық нормативтер негізінде уақыттың белгілі бір мерзіміне
кірістер мен шығыстардың көлемін жасайды; шығыстардың шамаланған меншікті
қаржы ресурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерінің уақытша тартылған
қаражаттары, банк несиелері есебінен, ал айрықша жағдайда бюджеттен
бөлінетін қаражаттар есебінен жабылатынын анықтайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы
кәсіпорын экономикасында маңызды рөль атқарады: есепсіз және бақылаусыз
шаруашылық жүргізуге болмайды. Қаржы басқа экономикалық тұтқалармен бірге
экономиканы басқару, өндірістің өсуін ынталандыру және еңбек, материал,
табиғи және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануға қажетті бақылауды
қамтамасыз ету процесінде маңызды рөл атқарады. Ақшамен бақылау тек
шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның
басқа субъектілерімен, жоғары ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен
өзара қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады. Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржысы сферасындағы сан алуан қатынастар олардың
шаруашылық қызметі процесінде басқа шруашылық жүргізуші субъектілермен
болатын мынадай топтарға ірілендірілген ақша қатынастарына саяды:
Басқа әр түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен (олар: өнім өткізуден
түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, материалдық шығындарды
төлеу, шарт міндеттерін бұзған кезде айыппұл төлеу және алу, бағалы
қағаздарды өткізу, басқа кәсіпорындардың акциялары мен облигацияларына
қаражаттарды инвестициялау, олар блойынша дивидендтер мен пайыздар төлеу
және алу процесінде, коммерциялық несиелеу кезінде қалыптасады);
өзінің еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, сыйлық
қорын жасауды, табысты бөлу және тұтыну қорынан қызметкерлерге
жәрдемақылар төлеуді, сонымен бірге қызметкерлердің қаражаттарын тартуды
(бағалы қағаздар сату, кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін
үлестік жарналарды) ортақтастырады;
өз ішіндегі бөлімдермен (олардың арасында қаржы ресурстарын бөлу
кезінде);
мемлекетпен – бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру
кезінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар
бойынша төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарды
қалыптастырғанда;
банктермен (қаржы қатынастарының бұл тобы банк кредиттерін алу,
оларды қайтару, кредиттер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша
пайдалануға белгілі бір төлеммен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы
қағаздармен жасалатын операциялар нысаны түрінде іске асады);
сақтық органдармен – мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық және
коммерциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;
жоғары ұйымдармен – ішкісалалық қайта бөлу шегінде (пайданы,
табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалгарлік төлемдер бойынша және
басқалары);
құрылтайшылармен (бұл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық капиталды
қалыптастыру үшін қаржы жарналарын төлеу кезінде, сондай-ақ кәсіпорынның
пайдасын бөлгенде және оның бір бөлігін шартқа сәйкес құрылтайшыға
аударған кезде қалыптасады) және т.с.с.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, бір жағынан, жалпы
қаржылардың экономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан,
қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызмет етуіне
байланысты ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай
негізгі белгілерді атауға болады:
1) қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен
мақсатты арналымының сан алуандығы;
2) өндірістік құралдардың міндетті болуы және оларды
қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты
қатынастардың пайда болуы. Өндірістік капиталдар – бұл
өндірістің серпінді элементі, олар өндірістің өзі сияқты
үздіксіз қозғалыста болады; сонымен қатар құн нысандарының
тұрақты ауысымы болып отырады. Кәспорын қызметінің кез келген
мезетінде өндірістік құралдар материалдық-заттық және ақша
нысанында болуы мүмкін;
3) жоғары белсенділік, кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің
барлық жағына әсер ету мүмкіндігі;
4) шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл қаржы
жүйесінің айқындаушы болып табылады
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН Кәсіпорынның қаржы ЖҰМЫСЫН тиімді

Интергаз Орталық Азия АҚ (одан әрі Компания) Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес құрылды. Компания 1997 жылы 1 шілдеде жабық
акционерлік қоғам ретінде тіркелді. Компания 2008 жылдың 28 қаңтарында
акционерлік қоғам ретінде қайта тіркелді.[4]
Компанияның 100% акциясы Нидерланды заңына сәйкес құрылған Интергаз
Интернэшнл БВ (Акционер) компаниясының иелігінде, өз кезегінде оның 100%
акциясы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құрылған КазТрансГаз АҚ
қарауында. КазМұнайГазҰлттық компания АҚ (одан әрі КазМұнайГаз),
КазТрансГаз АҚ-ның жалғыз акционері болып табылады. КазМұнайГаз жалғыз
акционері Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру Комитеті (2009 жылдың маусымынан бастап Мемлекеттік
активтерді басқару бойынша Казақстандық холдингі Самрұқ АҚ) түріндегі,
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Үкімет) болып табылады.
Компанияның қызметінің негізгі бағыты табиғи газды тасымалдау, оны жүзеге
асыру және сақтау. Компания мен Үкіметтің арасындағы шартқа сәйкес
(Келісім), Компания Қазақстан Республикасындағы магистральді газ жүргізу
жүйесін басқарады. 2000 жылдағы предшествующего оператордан Келісімге
сәйкес компания магистральді газ жүргізу жүйесіне басқаруды алды. Келісімге
сәйкес Компания 2017 жылдың 14 маусымына дейін магистральді газ жүргізу
жүйесін басқаруға және оны күтуге міндетті, бұл келісімді 10 жылға ұзартуға
болады, содан кейін олар Үкіметке берілуі тиіс.
Қаржылық есеп берудің шығарылуы 2010 жылдың 11 ақпанында экономика және
қаржы бойынша бас директордың орынбасарымен және Компанияның бас
бухгалтерімен бекітілді.
Экономикалық жағдайды жақсартумен қатар (соның ішінде, жалпы ішкі өнімнің
өсуі және инфляция деңгейінің төмендеуі), Қазақстанда нарықтық экономиканың
талаптарына жауап беретін экономикалық реформалар және құқықтық, салықтық
және әкімшілік жүйенің дамыту жалғасуда.
Қазақстанның экономикалық тұрақтылығы белгіленген аудандарда
реформалардың жүруінен, сонымен қатар экономика, қаржы және ақша несие
саясаты сферасында үкіметпен қолданылатын шаралардың тиімділігіне
байланысты.
2008 жылдың 23 желтоқсанында Компания мен КазСтройИнвест АҚ жаңа сала
құруға келісім-шартқа қол қойды, ҚҚС-ті қосқанда жалпы соммасы 64709400 мың
теңгені құрады. Келісім-шарт бойынша жұмыстарға, жұмыстық жобалау мен
құрылыстар жатады. Келісім- шарт бойынша жұмыстар 2010 жылдың 23
желтоқсанына дейін аяқталуы керек. 2009 жылдың 31 желтоқсанына келісімдік
міндеттер, осы контрактта 22825738 мың теңгені құрайды (2008 жылы 6438561
мың теңге). 2009 жылдың қыркүйегінде Компания КазСтройИнвест АҚ-мен жаңа
келісім жасады, ол 10990600 мың теңге құрайтын САЦ-4 желілері бойынша жаңа
құрылыстар үшін жасалды. 2009 жылдың 31 желтоқсанына жаңа контракт бойынша
контракттік міндеттемелер сомасы 10990600 теңгені құрайды.
2001 жылдың 8 қаңтарында КазТрансГаз АҚ мен MAN Ferrostaal
Industrienlagen GmbH САЦ газ жүйесін Опорная компрессорлық станциясын
жобалауға, құруға және жабдықтарды жеткізуге бас келісім-шартқа қол қойды.
2007 жылдың 14 желтоқсанында MAN Ferrostaal Industrienlagen GmbH
контракт бойынша барлық құқықтары мен міндеттерін MAN TURBO AG (Германия)
берді. 2008 жылдың 23 наурызында Бас контракт бойынша бүкіл міндеттері мен
құқықтары КазТрансГаз АҚ-нан компанияға берілді. Бас келісім-шарттың
жалпы соммасы 84080178 евроны құрайды. Бас келісім-шарт Жоба 1 және Жоба 2
бойынша жұмыстар жатады. Жоба 1 бойынша жұмыс құны АҚШ доллары соммасын
құрайды, эквивалентті 48315178 евро, Жоба 2 бойынша құны 35765000 евроны
құрайды.
2009 жылдың 31 желтоқсанына Компания Бас контрактің жалпы сомасынан 57%
көлемінде алдын ала төлем жасалады. Бас келісім бойынша келісімдік
міндеттемелер 2009 жылдың 31 желтоқсанына 35953554 евроны құрайды.
1997 жылдың 17 шілдесінен бастап Компания ҚР Үкіметіне Батыс жүйесімен
тасымалданған газдың көлемінен шамамен 2% көлемінде роялти төлеуі тиіс,
бірақ келісімге сәйкес бұл төлем ҚР Үкіметі немесе Қаржы Министрлігінің,
яғни клиенттердің Батыс жүйесі бойынша олардың Компанияға роялти төлеу
керектігін ескертетін қаулысы шығуы керек. 2009 жылдың 31 желтоқсанына
осындай қаулы шыққан жоқ. Қазіргі уақытта Компания өздерінің клиенттеріне
роялти төлемейді.
2009 жылдың ішінде ҚР Үкіметі Компанияның келісім бойынша өз міндеттерін
орындауы бойынша тексеріс жүргізді, 2008 жылғы 31 желтоқсан жағдайы бойынша
инвестициялық міндеттерінің орындалуын қоса, 2009 жылдың Келісімі бойынша
міндеттердің орындалуын тексеру 2010 болады. Басшылық 2009 жылдың 31
желтоқсанына Компания инвестициялық міндеттері бойынша талаптарды орндайды
деп санайды.
2008 жылдың желтоқсан айына дейін Компания Үкіметке 2009 жылдың 31 наурыз
айындағы келісімге сай таза табыстан 10% төлейді. ҚР, өкілі Қаржы
Министрлігі мен Компания қосымша келісімге қол қойды, келісім мынадай
түзетулермен:
• 2009 жылдың 1 қаңтарынан 2010 жылдың 31 желтоқсан арасындағы кезеңде
Компания Үкіметке 1085797 мың теңге көлемінде бекітілген сомманы төлейді.
• 2008 жылдың 1 қаңтарынан 2012 жылдың 31 желтоқсан арасындағы кезеңде
және қосымша бесжылдық кезең, жылдық төлем әр кезеңнің басында келісіледі,
келісім болмаған жағдайда, Компания жылына 2082287 мың теңге төлейді.[5]
2007 жылдың қарашасында КазТрансГаз АҚ туынды компаниясы – Интергаз
Файнэнс БВ халықаралық облигациясы орналастырылды. КазТрансГаз АҚ мен
Интергаз Орталық Азия АҚ жалпы және бөлек кепілімен 7 жылдан кейін
төленетін 250 миллион АҚШ доллары соммасына облигациялар орналастырылды,
ABN AMRO Bank NV және JP Morgan Securities LTD делдалдарымен төленеді.
2009 жылдың 31 желтоқсанына КазТрансГаз АҚ мен Компания басшылығы
халықаралық облигациялық төлеуінің мерзімін жеделдету тәуекелі жоқ деді.
2008 жылдың 31 желтоқсанына Компания АБН АМРО Банк Казахстан ДАҚ АҚ
пайдасына төленбеген кепілі болды, займдар бойынша қамтамасыз ету
КазТрансГаз АҚ, кепіл бойынша қамтамасыз етілген қарыз соммасы 50 миллион
АҚШ долларын құрады. 2009 жылы 31 желтоқсан жағдайы бойынша Компания
басшылығы, КазТрансГаз АҚ займ бойынша барлық талаптарды орындайды, оған
сәйкес Компания төлемді жүзеге асыруына ешқандай тәуекелі жоқ деді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау кезінде баланс активтерінің құрамы
мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және
оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему
мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау
барысында, осы активтердің нақты қолда бары зерттеледі. Активтердің жалпы
құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын
талқылауға мүмкіндік береді.
Активтердің өсуі кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан,
ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі
баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден
айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет.
Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстың
құнын құру барысында жүргізіледі. 9, 220 б
Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім
және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының
өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.
Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың құрылымына
талдау жасау үшін келесі аналитикалық кестелер құрылады.
Кесте 1. Интергаз Орталық Азия АҚ-ның активтінің құрамы мен
құрылымы.[6] 2008ж.
Көрсеткіштер 01.01.2007ж. 01.01.2008ж. Ауытқулар
Мың теңге% Мың теңге% (+,-) %
үлесі үле- мың теңгеүлесі
сі
1.Ұзақ мерзімді активтер 41473441 56,8 63188494 64,3 21715053 152,3
2. Ағымдағы активтер 31669070 43,2 34954383 35,7 3285313 110,3
2.1.Ақша қаражаты және 211491 0,2 3951540 4,0 3740049 1868,4
қаржы инвестициялары
2.2.Дебиторлық қарыздар 10319489 14,1 6242322 6,3 -4077167 60,4
2.3.Тауарлы-материалдық 6937076 9,4 6026349 6,1 -910727 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz