Конфедеративтік мемлекеттер бірлестігі


КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Қазақстан Рсепубликасының қазіргі кезеңдегі дамуы және оның іргелі мемлекеттердің ортасынан өзінің тиісті орнын алуы үшін мемлекетаралық ынтымақтастықтарда белсенді роль атқұаруымен тығыз байланысты. Себебі, қазіргі ХХІ ғасыр жаһандану мен бірігудің ғасыры болып отыр. оның белгілі дәрежеде объективтік себептері де бар. Еліміздің экономикалық гүлденуі үшін көршілес және басқа да алыс-жақын шет елдердің әр түрлі бағыттарда интеграциялық бірлесулерге ден қойғаны жөн. Оны әлемде болып жатқан қазіргі кезеңдегі даму үрдісі толығымен дәлелдей алады деп санауға болады.

Жаһандану қазіргі кезеді айнымас шындыққа айналуда. Осы үрдістен өзінің тәуелсіздігін жоғалтпай өту еліміздің алдында тұрған стратегиялық негізгі міндеттердің «сындарлы он жыл» атты еңбегінде былай дейді: «Сондай-ақ біздің пікірімізге енетін жаһагнданудың жағымды-жағымсыз болуы тек бізге ғана, жарасым мен жақсылыққа ұмтылуға біздің сезінуіміз бен түйсігімізге ғана байланысты емес қой, мәдени мүмкіндіктер, тарихи дәстүрлер, экономикалық ахуалдар, ресурстық негіздер, сонымен бірге логика мен констуктивті негізгі көне бермейтін төл немесе ұлттық ұлттық дүниетүйсінулер мен дүниетанымдар дегеннің бәрі демесек те, осы сияқты көптеген жағдайлармен кейде аңғарып болмас факторлар өзгелермен санасуды қажет етеді» [1, 11 б] . Бұл айтылған ойды өте орынды бағалай отырып өзіміздің тарапымыздан мынандай жағдайларға көңіл бөле кетуді жөн санаймыз. Біріншіден, екінші мыңжылдықтың аяғы мен жаңадан басталып отырған үшінші мыңжылдық әлем елдерінің масштабты демкоратиялық даму жолына бет бұруға ұмтылғандығын көрсетеді. Демкоратиялық даму қазір көптеген дамыған елдерде интегративтік өзіндік нысандарын қалыптастыруда. Қазіргі Батыс Европа мен Орталық Европа елдері Европалық Одаққа біріге отыра осының өзінің үлгісін көрсетуде. Европалық одақ оған кіретін елдердің тәуелсіздігін сақтай отыра, экономикалық және саяси интеграцияны тереңдету үсітінде. Бұған әлемнің басқа да тараптарында орналасқан мемлекеттерде ұмтылуда. Екіншіден, кезінде КСРО құрамында болған елдер алғашында тәуелсіздік алып бірінен - бірі алшақтаса, кейіннен бұл мемлекеттерде экономикалық, саяси, мәдени т. т. жақындасудың қажеттілігін айқын сезінуде. ТМД кейінгі Ресей мен Беларусь мемлекеттерінің одаққа бірігуін, Ресей, Қазақстан және Беларусь кеден одағын жатқызуға болады. Бұл болып жатқан мемлекеттік-құқықтық бірлесулер конфедеративтік мемлекеттердің бірлестігін тағыда ой елегінен өткізіп, оның негізін айқындауға бізді жетелейтіндей болып көрінеді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі . Конфедерация мәселесі жоғарыда айтып өткеніміздей көп жағдайларда еоіміздің заңгер ғалымдары тарапынан арнайы қойылмай үстірт қарастырылып өткен болатын. Сонда да болса, бұл мәселе ғалымдар тарапынан сөз етілед. Олардың қтарынаеліміздің мемлекет тарихын қарастыру барысында көңіл бөлген С. З. Зимановты, С. С. Сартаевты, Ғ. С. Саарғалиевті, А. Н. Тәукелевті тб. Жатқызамыз. Белгілі дәрежеде Т. А. Ағдарбеков, А. С. Ибраева, С. Өзбекұлы, Ө. Қ. Қопааев, Ж. Д. Бусурманов, А. Н. Бейсенова, Д. А. Булгакова, А. Қ. Мухтарова т. б. сынды құқық теориясының өкілдері өздерінің еңбектерінде сөз еткені белгілі.

Отандық ғалымдардың ішінде заңгерлер ғана емес, тарихшылар, экономистер, философтар т. б. қоғамтану ғылымының өкілдері де еліміздің мемлекеттік даму тарихының түрлі аспектілерін қарау барысында қозғап өтеді. Атап айтқанда, С. Е. Толыбеков, В. Ф. Шахматов, Д. Кішібеков, С. Ақатай, К. Р. Аманжалов, Ә. Дәулетхан, Т. С. Жұмағамбетов, С. Сыздықов, Б. Е. Көмекво, А. М. Хазанов, С. Г. Кляшторный, Т. И. Султанов, Е. А. Әбіл, Н. Ә. Масанов, И. В: Ерофеева, Ж. О. Артықбаев, З. Қиянатұлы, А. И. Оразбаева, Н. Н. Крадин т. б.

Диплом жұмысының объектісі. Диплом жұмысының зерттеу объектісіне мемлекет нысанының теориялық мәселелері жатады. Сонымен бірге, мемлекет нысанынының түрлері, оны жіктеудің негіздері де зерттеудің объектісін көрсетеді.

Диплом жұмысының пәні. Диплом жұмысының пәні конфедеративтік бірлестігінің тарихи-құқықтық дамуы және оның қазіргі кезеңдегі мемлекеттік бірлестіктердің нысандары мен арақатынасы, болашақ даму тенденциясы да зерттеудің пәнін айқындайды.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысында конфедеративтік мемлекеттердің бірлестігінің қалыптасуы мен дамуына талдау жасауды және конфедерацияның құзыреттері мен құқықтық негіздеріне талдау жасауды мақсат етеді. Алға қойылған мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу орынды деп танылып отыр:

  • конфедеративтік мемлекеттік бірлестіктердің пайда болуы мен дамуына тарихи-құқықтық сипаттама беріп, оның ішінде қазақ жеріндегі әр түрлі конфедеративтік бірлестіктер туралы ой-пікірлерді саралау;
  • конфедерацияның басқа да мемлекетаралық бірлестіктерден (достастық, қауымдастық, уний т. б. ) айырмашылығын ашып көрсету және оның құқықтық табиғатына, түсінігіне, ерешелігіне баға беру;
  • конфедеративтік мемлекеттік бірлестіктерді құруға қатысты арнайы құжаттарды саралай келе, конфедерацияның құзыретіне талдау жасау.

Диплом жұмысының әдістері және әдістемесі. Диплом жұмысының негізгі методологиясына конфедеративтік мемлекеттік бірлестіктердің пайда болуы мен дамуына жүйелі және құрылымдық талдау жасау жатады. Сонымен қатар, еліміздің белгілі ғалымдарының теориялық тұжырымдарын басшылыққа алынды. Олардың ішінде, С. З. Зимановтың, С. С. Сартаевтың, Ғ. С. Сапарғалиевтің, С. Н. Сабикеновтің, З. Ж. Кенжалиевтің, Н. Ө. Өсерұлының, А. С. Ибраеваның, Г. А. Мукамбаеваның, Б. А. Жетпісбаевтың, Л. Т. Жанұзакованың, С, Өзбекұлының, Т. А. Ағдарбековтың, Ж. Д. Бусурмановтың теориялық тұжырымдамасы зертету жұмысын жазу барысында негіз қалады. Кезіндегі кеңестік және қазіргі ресейлік ғалымдар С. Н. Бабурин, М. Н. Марченко, Ю. И. Лейбо, Ю. А. Тихомиров, Б. Н. Топорнин, М. Л. Костенко, Н. В. Лавронова еңбектерінің тұжырымдарына мән берілді.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Диплом жұмысында конфедеративтік мемлекеттік бірлестіктің қалыптасуы мен дамуы, оның құзыреттерімен құқықтық негіздері жүйелі түрде талданып отыр.

Диплом жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы . Диплом жұмысының негізгі тұжырымдарын қазіргі кезеңде жүргізіліп жатқан мемлекеттердің арасындағы интеграциялық үрдістерді негіздеуде басшылққа алуға болады. Зертету нәтижелері мемлекетаралық интеграцияның болашағын болжауға мүмкіндіктер де беруі мүмкін.

Сонымен қатар, еліміздің жоғарғы оқу орындарында шетелдердің мемлекет және құқы тарихы, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы; шетелдердің конституциялық құқығы, халықаралық жария құқығы пәндерінен дәрістер жүргізуде, тәжірибелік сабақтар өткізуде пайдалы.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс негізінен кіріспеден, үш бөлімнен, алты бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 КОНФЕДЕРАТИВТІК МЕМЛЕКЕТТЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Конфедеративтік мемлекеттік бірлестіктердің қалыптасуы мен дамуының тарихи-құқықтық алғышарттары

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, өзінің егемендігін сақтаған конфедерациялық мемлекеттік бірлестіктердің көптеп кездесетіндігін көре аламыз. Мұндай мемлекеттік бірлестіктер тарихи даму кезеңдерінің әрбір тұсында ұшырасып отырады. Кейіннен олар жойылып кетіп отырды немесе федеративтік мемлекеттік құрылымға ауысып отырған жағдайлар көптеп кездеседі.

Тарих тереңіне үңілетін болсақ, конфедеративтік құрылымдардың негізгілерінің қатарына мыналарды жатқызуға болады:

  • Швейцария конфедерациясы (1891-1798 жж және 1815-1848 жж) ;
  • Америка Құрама Штаттары (1781-1887 жж) ;
  • Америка конфедерациялық штаттары (1861-1865 жж) ;
  • Нидерланды провинцияларының біріккен Республикасы (1579-1795 жж) .

Соңғы кезеңдерде, яғни ХХ ғасырларда да конфедерациялық құрылымдарды құру жалғасуда. Мұндай соңғы кезеңдегі әрекеттердің біріне, Сенегамбия, [2, 162-163 бб] Гамбия және Сенегал мемлекеттерінің қосындысынан тұратын конфедерациялық құрылымды жатқызамыз. Әрине, бұл конфедерация 1981 жылдары таратылған болатын.

Одан бірнеше уақыт бұрын, 1958 жылдың ақпан айында Египет пен Сирия конфедерациялық негізде Біріккен Араб Республикасын құрған болатын [2, с 3] . Бұл мемлекеттердің Одағы онша көп уақыт өмір сүре қоймады. 1961 жылдың қыркүйек айында төңкерістің нәтижесінде Сирия мемлекеті өзінің конфедерация құрамынан шығатындығын және тәуелсіз Сирия Араб Республикасын құратындығын мәлімдеді [4, с 128] .

Конфедеративтік мемлекеттің кейбір элементтерін Біріккен Араб Әмірліктерінен де көруге болады [5, с 37] . Яғни екі мемлекет - Әбу Даби мен Дубай-өздерінің егемендік құқықтарын сақтаған. Оларға абсолюттік вето құқығы берілген. Олардың өзіндік әскері және ақша жүйесі бар.

Бүгінде (1980, 1995 жж) Канада провинциясы Квебекте екі рет, яғни оларға кең құқық беру жөнінде (оның ішінде Канададан бөліну құқығы) мемлекеттік референдум өткен болатын. Бірақ та, егеменді-ассоциация жобасы екі рет Квебек тұрғындары тарапынан қабылданбады [6, с 183] .

Қазіргі кезеңдерде Батыс Европаның елдері конфедерациялық құрылысқа аяқ басуда. Конфедерация классикалық түрде әлемдік тәжірибеде бүгін жоқ. Мәселен, 1999 жылы қабылданған конституциясына сәйкес Швейцарияның тікелей аты «Швейцария конфедерациясы» болып табылуына қарамастан, оның шынайы мемлекеттік құрылымы федерация болып табылады [7, с 220] . Мұндай жағдайды Канададан кездестіреміз. Ел ішінде «конфедерация» сөзі қолданғанмен, нақты іс-жүзінде федерация [8, с 12] екені белгілі.

Конфедерацияның ортағасырда дамыған мемлекеттік құрылым болғанына қарамастан, көптеген зерттеушілер әр түрлі ежелгі дәуірлердегі мемлекеттік бірлестіктерді мысалға көбінесе алға тартады. Оның ішінде Ахейлік одақты көптеген ғалымдар конфедерацияның классикалық үлгісі деп есептейді. Мысалы, И. Маевский Ахейлік және Этомийлік одақты конфедерация ретінде таниды [9, с 6] . Ал, А. Ященко оларды федеративтік мемлекет [10, с 259], - деп санайды.

Қазір біздің ойымызша бұл таласты мәселені шешудің тек тарихи маңызы ғана бар. Ол мемлекеттік одақтар егемендік және конституция сияқты түсініктер қалыптасқанға дейін өмір сүрген болатын. Сондықтан да, қазіргі кезеңдердегі мемлекеттің құрылымның ерекшеліктерін айқындау әдістерін ежелгі одақтарға тікелей қолдану мүмкін емес.

Кезіндегі кеңестер одағында конфедерацияны буржуазиялық мемлекеттерге тән [11, с 120] құбылыс ретінде бағалау үстемдік құрған болатын. Бұрын теорияда орын алған көзқарастарда: “Буржуазный ученый, даже наиболее современный, берет эти различные виды государственных объединений всех исторических и даже доисторических эпох и ищет в них общие признаки, пытается свести их всех к единой абстрактной формуле. Такая работа бесплодна и нечего дать не может, кроме более или менее удачных, остроумных, даже блестящих формул без всякого содержания” [12, с 84], - деген ой үстемдік құрды. Сондықтан да, ежелгі антика дәуіріндегі конфедерацияға қатысты пікірлер негізге алынбады.

ХҮІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХҮІІІ ғасырларда үш орталық Европалық конфедерациялар халықаралық деңгейде мойындалды. Олар 1648 жылғы Қасиетті Рим империясын бөлу жөніндегі Вестфаль шарты негізінде қалыптасқан болатын.

Оның біріншісі-Герман ұлтының Қасиетті Рим империясы болып табылды. Кейбір авторлар Герман ұлтының Қасиетті Рим империясын өзінің нысаны бойынша мемлекеттегі “мемлекет” деп санайды. Мұндай мемлекет өзінің билігін сюзеренитетке негіздей отыра, өзінің вассалдарына билік жүргізеді. Сюзеренитет құқықтық режим ретінде ХХ ғасырдың басында протекторатқа эволюциялық жолмен ауысқан болатын. Герман ұлтының Қасиетті Рим империясы 1806 жылға дейін өмір сүргенін біз білеміз. Неміс ғалымдары оны сондықтан да одақтас мемлекет (федерация) деп санай отыра, 1806 жылдары қайта құрылған мемлекеттердің одағы (конфедерация) деп мойындайды. Кейбір ғалымдар оны ежелгі Герман конфедерациясы деп те санайды. Ресей авторлары, оның ішінде Е. Р. Кастель Герман ұлтының Қасиетті Рим империясы федеративтік құрылысқа негізделген мемлекет деп тануға ешқандай негіз жоқ деп санайды [13, с 19] .

ХҮІІІ ғасырдағы конфедерациялардың ішінде 1579-1795 жж. Біріккен провинциялар - Нидерландыны ерекше атап өтуге болады. Бұл конфедерация өзінің таза конфедеративтік сипаты бойынша Швейцарияға, АҚШ-қа және Герман Одағына ғана орын берді. Әдебиеттерде Нидерланды конфедерация мен федерацияның ортасындағы мемлекет немесе мемлекеттер одағы деген көзқарастар кездеседі. А. Д. Градовский Голландия Республикасын басқа да конфедерациялармен салыстыра қарай отыра, оны құру жөніндегі 29 қаңтар 1579 жылғы Утрехт унии жөніндегі шартқа сүйене келе, одақтық мемлекеттердің ерекшеліктерін табады [14, с 103] .

Провинциялардан құрылған Республикалардың ерекшелігі олар мемлекет мәртебесін иеленген болатын. Жоғарыдағы айтқан 1648 жылғы Вестфаль шартының негізінде жаңа мемлекеттердің тәуелсіздігі мойындалды. Осы шарттың негізінде бірнеше тәуелсіз мемлекеттер (провинциялар) біріктірілді. Оны А. С. Ященко былай бағалайды: «Соединенные государство, предполагалось, не образовывало суверенитет отдельного и отвлеченного от суверенитета провинций, и оно считалось лишь потому суверенным, поскольку составляющие его провинции были суверенны» [15, с 643] . Біріккен провинциялардың республикасында мемлекеттің мәртебесі Герман ұлтының Қасиетті Рим империясына қарағанда мемлекет сюзеренитеті ретіндегі феодалдық қатынастардың сарқыншағы болып табылған жоқ. Біріккен провинциялардың республикасы бірнеше коллонияларды иемденді. Осы қырынан олардың біртұтас мемлекеттік сипаты көрінетін болған.

Осы жерде 1367-1669 жж аралығында өмір сүрген Ганзей лигасы туралы айта кеткен жөн. Оны көбінесе конфедерацияға жатқызады [16, с 3] . Кейбір авторлар мұндай пікірмен келіспейді. Г. Еллинек оны ортағасырлық қалалардың одағы деп бағаласа [17, с 566], ал А. А. Жилин болса, Ганзей мемлекетаралық емес, аймақтық деңгейдегі одақ болып табылды деп санайды [18, с 130-131] .

Қазіргі кезеңдегі Герман федеративтік республикасының федерация субъектісі болып табылатын екі қаласы - Гамбург пен Бремен бүгінде «Ганзейлік» қалалар деп ресми түрде аталады.

Конфедеративтік мемлекеттің кең тараған үлгісі әдебиеттерде кеңінен айтылып жүрген Швейцария болып табылады. Швейцарияда конфедеративтік мемлекет 1291 жылғы үш кантонның, яғни Ури, Швица және Унтервальденнің арасындағы одақ құру жөніндегі шарттың негізінде қалыптасқан деп саналады. Кейбір авторлар Швейцариядағы конфедерацияның құрылуын 1315 жыл деп санайды, яғни Моргартенде Австриялық әскерді кантондардың жеңуімен байланыстырады [19, с 102] . Немесе 1648 жылғы халықаралық мойындаудан Швейцария конфедерациясы бастау алатындығында қолдайтын авторлар бар. ХІ ғасырдың аяғы мен ХІІ ғасырдың басында Швейцария аумағындағы ең ірі феодалдық герцогтерге Церинген, Кибургтер, Савойскилер, Габсбургтердің иеліктері жатқан болатын. Габсбургтер Ури, Швица және Унтервальдердің орман кантондарын өзіне бағындыруға тырысты. ХІІІ ғасырдың ортасындағы Габсбургтермен арадағы күрестің нәтижесінде А. Н. Чистозвоновтың айтуы бойынша мынандай келісім жасалды: «лесные кантоны заключили между собой в августе 1291 года «вечный союз», заложивший основы Швейцарского Союза (Швейцарской Конфедерации) как фактически самостоятельного государства в рамках «Священной Римской империи»» [20, с 25] . Қазіргі кезде 1 тамыз Швейцарияда конфедерацияның құрылған күні, ұлттық мереке ретінде аталып өтіледі.

Императорлар өздерінің кантондарының империяға тәуелділігін сақтай отыра, Габсбургтердің билігінен 1291, 1297, 1309 жылдардағы граматолар арқылы арылған болатын. Габсбургтің ормандық кантондарды бағындыруға деген әрекеттері 1315 жылғы Моргартендегі соғыстың нәтижесінде сәтсіздікке ұшырады.

ХІҮ - ХҮ ғасырларда Швейцария Одағы аумақтық және әскери саяси тұрғыдан күшейе түсті. Швейцария Одағының құрамына Габсбургтер билігіндегі Люцерн 1332 жылы кірсе, 1351 жылы Цюрих, 1352 жылы Гларус пен Цуг, 1353 Берн кірген болатын. Швейцария Одағының одан ары дамуы Р. В. Поповтың айтуы бойынша былай өрбіді: «Конфедерация формировалась в постоянных войнах с Габсбургами, стремившимися вновь подчинить освободившиеся земли. В 1386 г. Союзники разгромили войска Габсбургов при Земнахе, в 1388 г. при Нфельсе. Габсбурги вынуждены были признать существование Конфедерации 8 кантонов (1389 г. ) . в 1481 г. к Союзу присоединились Фрибур (Фрибург) и Золотурп. Так называемая Швейцарская или Швабская война 1499 г. закончилась установлением фактической независимости Швейцарии от империи. В 1501 г. в Союз были приняты на правах кантонов Базель и Шафхаузен, в1513 г. - Аппенцелль, таким образом, образовалась Конфедерация 13 кантонов (просуществовавшая до 1798 г) [21, с 18] ». Швейцария конфедерациясының құрамына өздерінің сыртқы және ішкі саясатын шешуде дербестігі бар кантондармен қатар, одақтық жерлер (Санкт-Галлен, Граубюнден, Женева т. б. ) енді.

Конфедерацияда 1798 жылға дейін орталық мемлекеттік органдар жүйесі болған жоқ, оның орнына аракідік жалпыодақтық Сейм-Тагзатцунги шақырылып отырған. Бұл Сеймде тек толық құқылы кантондардың ғана шешуші даусы болды. Жалпы одақтың әкімшілік, әскер, қаржы т. б. органдары болмады.

Әрмен қарай Швейцария конфедерациясы мына бағытта дамыған болатын: «Весной 1798 г. французские войска вступил в Швейцарию, 5 марта заняли Берн. Конфедерация 13 кантонов распалась. 12 апреля в городе Ааргау при поддержке Франции была провозглашена Гельветическая республика (в состав ее, наряду с прежними 13 кантонами, вошли Вале, Леман, Ааргау, Беллинцона, Лугано, Реция, Зарганс, Тургау и Сант-Галлен), введена конституция (составлена по образцу французской Конституции 1795 г. ) . Швейцария становилась централизованным унитарным государством. Одновременно в Швейцарии развертывается и борьба между унитариями и федералистами. В феврале 1802 г. была принята новая, так называемая Мальмезонская конституция (от названия города Мальмезон, где происходили переговоры унитариев с федералистами), предоставлявшая кантонам ограниченное самоуправление. 19 февраля 1803 г. Наполеон І издал «Акт о медитации», восстанавливающий (с некоторыми изменениями) существовавшее до 1798 г. государственное устройство Швейцарии. Кроме прежних 13 кантонов, в состав Союза включались Граубюнден, Ааргау, Тургау, Санкт-Галдлен, во, Тичино» [21, с 102] .

Америка Құрама Штаты өзінің тәуелсіздігін 1776 жылы жариялады. 1777 жылы 15 қарашада Екінші Континентальды Конгресс «Конфедерация статьяларын» қабылдады. 1778 жылы 9 аілдеде штаттардың ратификациясының нөтижесі іойынша оларға қол қойылды, ал 1781 жылы 1 наурызда күшіне енді. Тәуелсіз Солтүстік Америка штаттарының конфедерациясы халықаралық мойындауға 1789 жылы 3 қыркүйекте Версаль бейбітшілік шартының негізінде ие болды. 1787жылы 7 қыркүйекте Филадельфияның конвентінде АҚШ Конституциясы қабылданды, формальды түрде 1788 жылы 26 шілдеде күшіне енген (кейбір деректер бойынша-1779 жылы 4 наурызда делінген [22, с 67] .

АҚШ-та конфедерацияның болған уақытын ғылыми әдебиеттерде әр түрлі кезеңдермен байланыстырады. Сондықтан да, конфедерацияның өмір сүрген уақыты туралы әр түрлі көзқарастар жүйесі қалыптасқан. Кейбіреулері конфедерация 1776-1787 жылдары [23, с 16], кейбірі - 1776-1789 жылдары [24, с 67], үшіншілері-1777-1787 жылдары, төртіншілері -1781-1787 жылдары [25, с 67], бесіншілері-1787-1789 жылдар аралығында болған деген болжам жасайды [26, с 67] . Сондай-ақ, Солтүстік Америкада конфедерацияның болу кезеңін, 1778-1787 жылдарға [27, с 37] немесе 1778-789 жылдары немесе тіптен 1176-1788 жылдарда болған деген пікірлер де кездеседі. Кейбір жұмыстарда нақты мерзімдер керсетілмеген [28, с 67] .

Қанша дегенмен, құқықтық тұрғыда АҚШ-та федеративтік мемлекеттің заңдастырылуын 1787 жылғы Конституциямен байланыстыру басым болып табылады. 1861-1865 жылдар аралығындағы азаматтық соғысқа дейін АҚШ-та нақты федеративтік құрылым болды деген мәселе, ғылыми әдебиеттерде дау тудырады. Бір авторлар, бұл уақыт аралығында конфедерация болды десе, [29, с 165] екінші біреулер, бұл көзқарасты мүлдем теріске шығарады [29, с 67] .

Конгреске Вирджинии штатының өкілі жолдаған 1776 жылдың 7 шілдесіндегі резолюцияда, былай делінген: «Соединенные колонии есть и по праву должны быть свободными и независимыми государствами» [30, с 18] . Осыған сәйкес, алып қарайтын болсақ, Американдық штаттар өз
тәуелсіздігін жариялағаннан бастап, (de-facto) конфедеративті мемлекет болып табылды, яғни барлық билік нақты түрде штаттардың қолында шоғырланды.
АҚШ тарихындағы жалпы ұлттық конституция болып саналатын - конфедерация статьялары да мемлекеттің бүл құрылым нысанын сақтаған болатын.

1776 жылы маусымда Бірінші Континентальды Конгресс Конфедерация статьяларын дайындау үшін Комитета тағайындады. Бұл комитет дайындаған жоба 1777 жылы 15 қарашада Конгресте мақұлданды. Бірақ та, барлық 13 штаттың бұл құжатты мақұлдауы үш жылдан астам уақытқа созылып кеткендіктен, Конфедерация статьялары, тек қана, 1781 жылы 1 наурызда күшіне енді.

Конфедерация статьялары заңды түрде солтүстік, америка континенттері штаттарының арасында «мәңгілік одақты» рәсімдеп, бекітті. Бұны жүзеге асырудың негізгі мақсаты - бейбітшілік, одақтық қарым-қатынасқа түсуші мемлекеттердің қарым-қатынасын нығайта түсу, штаттарды қорғау, бостандықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ гүлденуді қамтамасыз етуді көздеді.

ІІ-ші бапта ерекше түрде мынаны көрсетіп кеткен: «каждый штат сохраняет свое верховенство, свою свободу и независимость, равно как всю власть, всю юрисдикцию и все права, которые не предоставлены дословно этой конфедерацией Соединенным Штатам, собравшимся на конгресс» [32] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқару және құрылымы
Конфедеративтік мемлекеттердің құрылымдық ерекшеліктері
ТМД - ның қалыптасуы мен даму проблемалары
Мемлекет нысаны ұғымы
Мемлекет түсінігінің пайда болуы
Мемлекет нысанының түсінігі. Мемлекет нысаны түрлері
Мемлекеттің құрылымдық нысаны мемлекет нысаны ретінде
ҚР мемлекетінің нысаны
Мемлекетті басқару нысаны
Мемлекет нысаны түсінігі және құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz