Қоғамдық орындардағы этикет


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География факультеті
СӨЖ
Тақырыбы : Қоғамдық орындардағы этикет.
Орындаған: Алдашева А. Б.
Тобы: қонақ үй 1
Қабылдаған: Шакен А. Ш.
Алматы 2009 ж.
Жоспары:
- Кафе және мейрамханадағы этикет.
- Кинотеатрдағы этикет.
- Вернисаждағы этикет.
- Театрдағы этикет.
Қоғамдық орындардағы адам ұстанатын бірқатар ережелер:
Жаныңыздағы немесе өтіп бара жатырған адамдармен сыпайы болыңыз. Оларға кедергі келтірген жағдайда, ыңғайсыз жағдайға қалдырғанда міндетті түрде кешірім сұрай біліңіз.
Айналадағы адамдарға тесіле қарамаңыз, оларды саусағыңызбен көрсетпеңіз.
Өтіп бара жатырған адамның артынан бұрылып қарама. Көшеде жүріп тамақ жеме.
Театрда қатарлар арасынан өткенде, сахнаға артыңызды беріп өтіңіз.
Автомобиль жүргізгенде тек қана жол тәртібін сақтап қоймай, өзге де жүргізушілер қамын ойлаған жөн. Сигналды қажеті болмаса, баса берме.
Қоғамдық транспорт көлігін пайдаланған кезде кезекті күтіп, итермелемеңіз. Мұндай жағдайда өз кезегіңізде қарт адамдарды, әйел адамдарды, балалы адамдарды, сырқат немесе мүгедек адамдарды алға жіберіңіз. Жастар үнемі қарттар мен әйел адамдарға орын беруі тиіс.
Қоғамдық орындарда қоқыстарды, пайдаланылған билеттерді, қағаздарды еденге тастау ұят саналады.
Кафеде және мейрамханадағы этикет.
Әйел адаммен кафеде немесе мейрамханада кездесуге келіскен ер кісі, бос орын табу үшін, осы орынға біраз ертерек келуі керек, себебі кей орын табу кезде көп уақытты алады. Егер де әйел адам оны шақырған ер кісіні күтіп қалса, одан трагедия жасау керек емес. Ер кісі кешірім сұрап, кешіккен себебін түсіндіріп айтады. Ал әйел адам көңіл-күйін түсірмей, оны кешіруі тиіс.
Егер мейрамханада бірнеше адам кездесетін болса, келген адамдар кешіккен адамдарды 20 минут күтеді. Одан кейінгі уақытта жалғастырып, ештеңеге міндетті болмайды.
Кейбір жас қыздар мен әйелдер кафеге немесе мейрамханаға жалғыз кірмеу үшін алдымен көшеде кездесуді жөн көреді. Егер ер адам осылай келіссе, онда міндетті түрде кешікпей келу керек.
Мейрамхана немесе кафенің ішіне әйел адам бірінші кіреді. Ішіне кіргенде, ер кісі бас киімін шешеді, сосын тек шыққанда ғана киеді.
Кафе немесе мейрамхана залының алдында әдетте гардероб орналасады. Мейрамхана немесе кафеге әйел адаммен ер кісі бірге келсе, ер кісі әйел адамның пальтосын шешуге көмектеседі. Сосын барып, өзі шешінеді. Гардеробқа берілген киімдердің номерін ер кісі өзінде қалдырады. Кейбір елдерде әйел адамдарға (тек әйел адамдарға) кафеде плащьпен отыруға рұқсат етілген. Ондай жағдайда, отырғанда оны көтеруге болмайды. Қыртыстағыңыз келмесе, ілгішке іліп кетіңіз. Мейрамханаларда сырт киімді гардеробқа қалдырады. Мейрамханадан шығарда, ер кісі жанындағы әйел адамның пальтосын гардеробщикке қалдырмай, өзі кигізеді. Гардеробта пакеттерді және ер кісі портфелін тастап кеткен жоқ.
Айнаның алдында шашты жөндеуге болады, ал тарауға, боянуға, галстук байлауға тек дәретханада ғана орындаған жөн (дәретхананың қайда екенін әрбір адам жеке сұрайды) .
Залға кіргенде әйел адамды алға жіберіп, есікті ашып кіргізеді. Сосын өзі орын таңдау үшін, алға шығады. Мейрамханада кірген қонақтарды метрдотель немесе даяшы қарсы алады. Мейрамханадағы ең ыңғайлы орын қабырға жақтағы оын болып саналады. Егер де орын залдың дәл ортасында болса, әйел адам шығар есікке қарап отыруы керек. Егер бос орын болмаған жағдайда, адамдар отырған столдарға отыру үшін, даяшыдан кеңес сұраған жөн. Өзіңізге де тауып алуға болады. Бірақ сіз алдын-ала «Мұнда отыруға рұқсат етіңіз» деп айтуыңыз керек. Кейде «Бос емес», «Досымызды күтіп отырмыз» деген жауаптарды естуіңіз мүмкін. Ондай жаңдайда ешқашан қарсы келуге болмайды.
Егер кафеде сіздің танысыңыз сіз танымайтын ортамен отырса, онда сіз олардың қасына барып отыра аласыз. Ал мейрамханада ондай болмайды, тек сіздің танысыңыз өтініп сұраса ғана. Үстелдің жанынан өтіп бара жатырған кісімен, әйел адам болса да тұрмай-ақ амандасады. Ол кісі сізге назар аударған жағдайда, тұру қажет. өзара әңгіме аз уақыт алса, оны отырған қонақтарға таныстырмай-ақ қоюға болады. Ол қонақтармен басын изеп қана амандасады, олар да солай жауап қайтарады. Ал ұзақ уақытқа созылса, қонақтардан кешірім сұрап, үстелге отыруға шақырады. Қонақтарға таныстырады, ол кісі тұрып тұрады. Келген адам ер кісі болса, үстелде отырған ер кісілер тұрып танысады, ал әйел адамдар отыра береді. Егер келген адам әйел адам болса, онда үстелдегі барлық адам тұрады. Бірақ үстел басында әңгімеге қатты кірісіп кетуге болмайды.
Кафенің және мейрамхананың кейбір арнайы жағдайларына қатысты бірқатар ескертулер.
Чашканы құлағынан дұрыстап ұстау қажет. Құлағынан сұқ саусақты шығарып жіберуге, шынашақты шығаруға болмайды. Шай немесе кофеге арналған қасық тек қантты араластыруға арналған, болғаннан кейін тарелканың шетіне қояды. Ыстық болған жағдайда, оны үрлеуге болмайды, сууын күту керек. Астындағы тарелканы көтеруге болмайды, тек чашканы ғана көтереді. Стакандағы лимонды ақырын қасықпен езуге болады, көп жағдайда оны стаканда қалдырады. Шайдағы лимонды жеуге болмайды. Шай пакетикте берілсе, оны болғаннан кейін, тарелкаға салады (күл салғышқа салуға болмайды) . Кейбір жағдайда сусындарды түтікшемен ішкен ыңғайлы. Бірақ мұндай кезде соңғы тамшы қалғанша, сорып ішкен ортадағы адамдарға жат көрінеді. Шайды немесе кофені пироженоемен ішкен кезде, стаканның шетін крем майымен бүлдірмеу қажет. Яғни пироженоены ерінге тигізбей жеу керек. Олай қиын болса, әр шай ішер алдынды ерінді майлықпен сүртіп отыру қажет. Бисквит пирогін қасықпен жейді. Құрғақ пирогті қолмен жейді, себебі қасықпен бөлгенде барлық үстелге шашырап кетуі мүмкін. Болғаннан кейін майлықты тарелкаға салып қояды.
Темекіні тек қана күл салғышта ғана сөндіреді, тарелкада қалдыруға болмайды.
Мейрамханада бір үстелге бір мәзір болса, онда ер кісі мәзірді әйел адамға ұсынады. Ал үлкен топта бір адам барлығына тағамдар тізімін дауыстап оқиды.
Кешкі асқа шақырылған қонақтар өте қымбат тағамдарға тапсырыс бермеуі тиіс. Асқа шақырды ма, онда қажетті ақша сомасы бар деп ойлау дұрыс емес.
Мейрамханада ортақ түскі немесе кешкі ас ішкенде алдын-ала ақша төлеу жағы шешілуі керек. Мыс: әрбір адам өзі үшін, жанұясы үшін, бірнеше адамдар үшін немесе іс-шараны ұйымдастырушы төлеуі мүмкін.
Мейрамханаға қонақтарды шақырған тұлға қонақтардың қалауынсыз мәзірге тапсырыс беруі мүмкін. Мұндай жағдайда барлық қонаққа бірдей тағамға тапсырыс беріледі.
Даяшыдан тағамның қандай екенін түсіндіріп беруді сұраудың еш ұяты жоқ. Керісінше, ол өте орынды. Кейбір адамдар тағамның атауын білмей, қарапайым гуляш немесе шницельге тапсырыс беруі мүмкін, ал атауын білмеген тағам одан дәмдірек болуы мүмкін. Тағамдардың атауы өте көп, сондықтан олардың бәрін біле бермейміз.
Мейрамханаларда үстелде приборлардың жанына полотно майлықтар қойылады. Оларды ашып, тізеге қояды. Оны сол қалыпта ұстап тұру өте қиын, әсіресе, әйел дамдардың жібек көйлектерінен сырғып түсіп кетеді. Бірақ мейрамхана этикеті майлықты солай ұстауды талап етеді. Егер майлық сырғып түсіп кеткен жағдайда, ер кісі оны еңкейіп көтермейді. Оны тек тұрғанда ғана әйел адам білдірмей, көтеріп, үстелге қояды.
Көбіне негізгі тағамға қосымша ретінде көкөніс пен соус қойылады. Кейде оларды жеке ыдыста әкеледі, мұндай жағдайда оларды аздап, өзіңіздің тарелкаңызға салуыңыз керек. Қиярдан, қызанақтан жасалған салаттарды тарелкаға салмай-ақ жеуге болады. Бұқтырылған ет немесе саңырауқұлақты тостағаннан жеу керек, ал астындағы тарелка жай қою үшін арналған.
Қай кезде темекі тартуға болады? Ең бірінші қолайлы уақыт - тапсырыс бергеннен кейін, яғни оның орындалуын күткен кезде. Тамақ ішіп отырған кезде темекі тартуға болмайды, әсіресе, жанындағы әйел адам тамақ ішіп отырғанда.
Есптескен кезде, есеп қағазына қараңыз, оны тексеруге де болады. Және қажетті соманы есеп қағазы берілген тарелкаға салыңыз. Егер ер кісі әйел адам үшін де төлесе, әйел адам оның даяшымен келісуіне еш кедергі жасамауы керек. Қасындағы әріптесі тамақ ішіп отырғанда, ещқашан есеп қағазын сұрауға болмайды. Себебі оны сыйламаған сияқты көрінесіз. Егер әйел адам түскі немесе кешкі асқа арнайы шақырылмаған болса, кафеде танысын кездестіріп қалса, онда ол өзіне есептесуіне болады. Осы тақырыпқа байланысты әңгіме даяшының қатысуында болмауы тиіс. Ондай жағдайдағы есептесу былай болады: даяшы келгенде әйел адам өзі тапсырыс берген тағамдарды қайталап, есеп қағазын алады, ал әріптесі өзінікін алады. Ер кісі шараптың ақшасын төлеуді өзіне алуы мүмкін.
Мейрамханадан кетуді кім бірінші ұсынады? Бірінші болып кездесуді ұйымдастырған адам айтады. Егер екі адамға арналған орынға тапсырысберілген жағдайда, ер адам бірінші болып ұсыныс жасайды. Кейбір жағдайларда ғана әйел адам сағатына қарап, «Өкінішке орай, менің кетуім керек» деп айтуы мүмкін. Үстелден тұрғанда, қалғандарымен қоштасады. («Рахмет бірге болғандарыңызға», «Астарыңыз дәмді болсын»), ал олар бастарын изеп немесе жақсы өткен уақыт үшін ықыласын білдіреді.
Кинотеатрдағы этикет .
Кинотеатрдағы қатты әсер ететін әтір сеуіп алған адам, қатты дауыстар сияқты көптеген жағымсыз қылықтармен қатар кино-бич болады. Ол - қасындағы әріптесіне қатты дауыспен «қазір не болатынын» айтып отыратын адам. ондай сұраусыз комментаторды жанындағы жолдасы тоқтатуы керек. Немес бейтаныс адам да оған ескерту жасауына болады.
Киноны театрмен салыстырғанда, онда попкорн, конфет жеуге, сусындар ішуге болады, бірақ даусын қатты шығармаған жөн. Қағаздарды қатты парақтап, орындықтың астына тастауға болмайды. Ал стадионда мұның бәрін жасауға болады, еш кедергі келтірмейді, бірақ шашып, бүлдірген орынсыз.
Концерттен, қойылымнана және киносеанстан кейін ер кісі өзі шақырған әйел адамды үйіне шығарып салады. Таксимен немесе өзінің машинасымен апарып, машинадан түсіріп, есігіне дейін шығарып салады. Ал әйел адам қоштасқанда осы кеш үшін ризашылығын білдіруі керек.
Вернисаждағы этикет.
Вернисаж, яғни суреттер мен мүсіндердің көрмесінің ашылуы - өзіндік қойылымның бір түрі болып табылады. Егер суретші сізге таныс болған жағдайда, міндетті түрде барып құттықтау керек. Ол адамды қазіргі суретшілермен салыстыратындай еш сөз айтпау қажет. Себебі шығармашылық көрменің авторы дәл сол суретшіні өзіне үлгі санамауы мүмкін.
Егер сізге суретші жеке таныс болмаса, оған барып, танысып, өзіңіздің ықыласыңызды білдіруге болады. Ол авторға жағымды болады.
Көптеген әйел адамдар концертке және киноға жалғыз баруды ыңғайсыз санайды. Әрине, екі адам болып барған қуанышты. Бірақ «баратын ешкім жоқ» деген принцип әйелдерге эстетикалық ләззат алудан айырмауы керек.
Театрдағы этикет.
Театрға асықпай шешінетін, өзіңді қалыпқа келтіретін, бағдарлама сатып алатын және өз орныңа баратын уақыт болу үшін, қойылым басталмас бұрын 15-20 минут ертерек барған жөн. Қойылымға соңғы минуттарда келіп, сіз алдын-ала өз орындарына отырған адамдарға кедергі келтіресіз. Кешігуші адамдар болады, бірақ сіз олардың қатарына қосылмауға тырысыңыз.
Фойеге кірген кезде ер кісі бас киімін шешеді, сосын шығарда ғана киеді. Гардеробта жанындағы әйел адамға пальтосын немесе плащын шешуге көмектеседі, сосын өзі шешінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz