Қазақстанның экологиялық мәселелері туралы ақпарат
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Жалпы экология түсінігі
1. Қазақстанның экологиялық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Қазақстандағы радиациялық жағдай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
3. Қазақстанның су ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
4. Қазақстан Республикасының орман қоры және
оны пайдалану мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Экология – тірі ағзалардың айналадағы ортамен қарым – қатынасы туралы ілім. Экология ортаның өсімдіктер мен жануарлар ағзаларына, сондай – ақ олардың ортаға тигізетін әсерін зерттейді.
Адамның бүкіл өмірі – бұл оның табиғатпен және қоғаммен қатынасы, өзара әрекеттесуі. Адам табиғаттан тыс өмір сүре алмайды. Ол өзінің еңбегімен табиғаттың құрамды бөліктерін (жер, су, өсімдік, пайдалы қазбалар, жел, т.б.) өзінің қажетін, түрлі мұқтажын қанағаттандыруға пайдаланады. Адам айналадағы ортаны өзгерте отырып, өзі де осы өзгерген табиғаттың әсеріне ұшырайды.
Қазіргі кезде қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуі бүкіл дүниежүзілік көлемде экологиялық проблема тудырды. Бұл проблема қоғам өмірін индустрияландыру мен урбандалу нәтижесінде айналадағы ортаның ластануына, энергетика мен шикізат қорының азаюына, табиғи экологиялық баланстың (биосфераның ішкі өзін - өзі реттеу механизмінің) бұзылуына, адамның шаруашылық әрекетінің қалдықтарымен табиғаттың ластануының салдары ретіндегі энергетикалық зиянды зардаптарға байланысты.
Адам қоғамының прогресі индустрияның дамуын қажет етеді. Индустрия дамыған сайын, өнеркәсіп қалдықтары көбейе түседі. Қазіргі кезде айналамыздағы бүкіл табиғат – ауа, су, топырақ, бәрі де белгілі бір дәрежеде ластанған. Бір жерлерде қышқылды жаңбыр жауады, су қоймаларындағы балықтар қырылады, басқа бір жерлерде ластану қауіпті шекке жете қойған жоқ, бірақ ұлғайып келеді.
Экология – ойлаудың жаңаша түрі. Әрбір адам машинаны өзенде жуу, орман – тоғайда қоқыс, консерві қалбырлары мен бөтелкелерді, егістіккке тыңайтқыш үйіндісін қалдыру – табиғат алдындағы қылмыс екенін санасына сіңіруі тиіс. Айналадағы ортаны таза сақтауға әрқайсымыз белсене қатысуға міндеттіміз. Климаттың, өзен, көлдердегі судың сапалық өзгерістері әлемдік проблемалар тудырады.
Табиғат – оны құрайтын бөліктердің (су, ауа, топырақ, өсімдік, жануарлар және т. б.) жай қосындысы емес, ол барлық бөліктері өзара тығыз байланысқан біртұтас жалпы планеталық биосфера жүйесі. Табиғат аясына неше түрлі қалдық, қоқыс, тозған бұйымдардың шығарылуы айналадағы ортаның ластануы деп аталады. Ластану – бұл ауа, топырақ пен судың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерінің қолайсыз өзгерістері, олар өсімдік, жануар және адам тіршілігіне зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Ең кең таралған ластағыштардың қатарына өнеркәсіп қалдықтары жатады. Адамға жаңа химиялық заттардың, энергия түрлерінің, әр алуан физикалық сәулелердің әсер етуі бұрын тіпті болмаған генетикалық, токсикологиялық, аллергиялық, тыныс жолдары, эндокриндік және т. б. ауру түрлерін тудырады.

1. «Дүние» журналы, №6, 2003:
«Табиғатқа аялы алақан қажет» - А.Самақова
2. «Дүние» журналы, №8, 2003:
«Каспий аймағының ахуалы» - Э.Пак
3. «Дүние» журналы, №11, 2003:
«Каспий қайраңының құқықтық мәртебесі» - Е.Іңірбайұлы
4. «Экология и устойчивое развитие» журналы, №7, 2003:
«Боль Каспия» - М.Хакимов
5. «Экология и устойчивое развитие» журналы, №1, 2004:
«Состояние окружающей среды и условия жизни населения прикаспийского региона» - М.Хакимов
6. «Экология и устойчивое развитие» журналы, №4, 2004:
« А Каспий все загрязняется...» - И.Кушенов
7. «Экология и устойчивое развитие» журналы, №9, 2004:
«Катаклизмы Каспийского моря» - З.Кагирова

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Жалпы экология түсінігі
1. Қазақстанның экологиялық
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Қазақстандағы радиациялық
жағдай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
3. Қазақстанның су
ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1
3
4. Қазақстан Республикасының орман қоры және
оны пайдалану
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..21
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 23
Кіріспе
Жалпы экология түсінігі
Экология – тірі ағзалардың айналадағы ортамен қарым – қатынасы
туралы ілім. Экология ортаның өсімдіктер мен жануарлар ағзаларына, сондай –
ақ олардың ортаға тигізетін әсерін зерттейді.
Адамның бүкіл өмірі – бұл оның табиғатпен және қоғаммен қатынасы,
өзара әрекеттесуі. Адам табиғаттан тыс өмір сүре алмайды. Ол өзінің
еңбегімен табиғаттың құрамды бөліктерін (жер, су, өсімдік, пайдалы
қазбалар, жел, т.б.) өзінің қажетін, түрлі мұқтажын қанағаттандыруға
пайдаланады. Адам айналадағы ортаны өзгерте отырып, өзі де осы өзгерген
табиғаттың әсеріне ұшырайды.
Қазіргі кезде қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуі бүкіл
дүниежүзілік көлемде экологиялық проблема тудырды. Бұл проблема қоғам
өмірін индустрияландыру мен урбандалу нәтижесінде айналадағы ортаның
ластануына, энергетика мен шикізат қорының азаюына, табиғи экологиялық
баланстың (биосфераның ішкі өзін - өзі реттеу механизмінің) бұзылуына,
адамның шаруашылық әрекетінің қалдықтарымен табиғаттың ластануының салдары
ретіндегі энергетикалық зиянды зардаптарға байланысты.
Адам қоғамының прогресі индустрияның дамуын қажет етеді. Индустрия
дамыған сайын, өнеркәсіп қалдықтары көбейе түседі. Қазіргі кезде
айналамыздағы бүкіл табиғат – ауа, су, топырақ, бәрі де белгілі бір
дәрежеде ластанған. Бір жерлерде қышқылды жаңбыр жауады, су қоймаларындағы
балықтар қырылады, басқа бір жерлерде ластану қауіпті шекке жете қойған
жоқ, бірақ ұлғайып келеді.
Экология – ойлаудың жаңаша түрі. Әрбір адам машинаны өзенде жуу,
орман – тоғайда қоқыс, консерві қалбырлары мен бөтелкелерді, егістіккке
тыңайтқыш үйіндісін қалдыру – табиғат алдындағы қылмыс екенін санасына
сіңіруі тиіс. Айналадағы ортаны таза сақтауға әрқайсымыз белсене қатысуға
міндеттіміз. Климаттың, өзен, көлдердегі судың сапалық өзгерістері әлемдік
проблемалар тудырады.
Табиғат – оны құрайтын бөліктердің (су, ауа, топырақ, өсімдік,
жануарлар және т. б.) жай қосындысы емес, ол барлық бөліктері өзара тығыз
байланысқан біртұтас жалпы планеталық биосфера жүйесі. Табиғат аясына неше
түрлі қалдық, қоқыс, тозған бұйымдардың шығарылуы айналадағы ортаның
ластануы деп аталады. Ластану – бұл ауа, топырақ пен судың физикалық,
химиялық және биологиялық қасиеттерінің қолайсыз өзгерістері, олар өсімдік,
жануар және адам тіршілігіне зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Ең кең таралған
ластағыштардың қатарына өнеркәсіп қалдықтары жатады. Адамға жаңа химиялық
заттардың, энергия түрлерінің, әр алуан физикалық сәулелердің әсер етуі
бұрын тіпті болмаған генетикалық, токсикологиялық, аллергиялық, тыныс
жолдары, эндокриндік және т. б. ауру түрлерін тудырады.
1. Қазақстанның экологиялық мәселелері.
Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан территориясы кең-
байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай - 2,925км (Каспий
теңізі мен Орал ойпаттарының Алтайға дейін). Солтүстіктен Оңтүстікке қарай
- 1,600км. Батыс Сібір жазығы мен Орал тауларының жоталарынан Тянь-Шань
таулары мен Қызылқұм шөліне дейін. Қазақстанның жалпы ауданы (2.7млн. шаршы
км) Франциядан бес есе артық.
Метеорологиялық процестер өнеркәсіптік ластағыш заттарды тасымалдап,
таратып, шашыратып отырады. Биологиялық құбылыстар олардың жиналып,
шоғырлануына себеп болады. Тамақтану және тыныс алу кезінде кейбір
элементтер адам ағзасына алғашқы мөлшерден (жер бетіндегі, судағы, ауадағы)
бірнеше мыңдаған есе көп дәрежеде келіп түседі. Бұл элементтер айналадағы
ортамен, тірі организммен өзара әрекеттесу нәтижесінде тізбекті реакция
жүреді. Орта ластанып, адам денсаулығына зиян келеді. Адам денсаулығына
ядролық жарылыстардың да тигізетін зиянды әсері көп. Мысалы, космодромға
көршілес аудандарда, ядролық полигон төңірегінде тұратын халық қатерлі
ісік, қанның азаюы (анемия), ақ қан (лейкемия) ауруларымен көп ауырады.
Қазіргі кезде Байқоңырдан ұшырылып, апатқа ұшыраған зымырандардың сынығы,
Орталық Қазақстан жеріне құлаған Протон қондырғылары халық денсаулығына
өте зиян келтіруде. Өнеркәсіпті қалаларда және оған көршілес орналасқан
елді мекендерде ауаның әр түрлі газдармен ластануы нәтижесінде халық
арасында тыныс жолдары ауруларының саны артуда. Мысалы, Алматы тәрізді ірі
қалаларда автокөліктерден шыққан улы газдың молаюы байқалады. Көптеген елді
мекендерде орталық су құбырлары жүйесінің болмауына байланысты тұрғындар
асқазан, ішек ауруларына ұшырайды.
Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше
фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен
қатар, оны өзгертеді де. Табиғаттағы құрамдас бөліктердің бір – бірімен
тығыз байланыста екенін ескерсек, олардың біреуі өзгерсе басқалардың да
өзгеретіні түсінікті. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның
кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет.
Адамның табиғат кешендеріне кері әсері озық ғылыми – техниканың
тікелей жемісі емес. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық
жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын –
шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды
тыңайтқыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің
ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен
бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады.
Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу
мезгілсіз батпақтануға, топырақ, өсімдік жамылғысы мен сол жердің
микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік
ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар
жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен
оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып
табылады.
Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде
қарастырылуы қажет. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет
ететін проблемалар бар.
Каспий проблемасы. Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына
байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте
зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде
де үлкен маңызы бар. Каспий теңізінің қазіргі деңгейі теңіз деңгейінен 27 м
төмен орналасқан. ХХ ғасырдың өзінде теңіз деңгейі бірнеше рет ауытқуға
ұшырады. 1978 жылы теңіз деңгейі өте төмендеп кетсе, қазіргі кезде қайтадан
көтерілуде. Теңіз деңгейінің ауытқуы ондағы тіршілік дүниесіне де әсер
етеді. Теңізде балықтардың 75 түрі (олардың 43 – і көксерке тұқымдасына
жататын бағалы балықтар) бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің
салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын
нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды
экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл
аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл
аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар
туындауда:
- экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші
Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне
байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;
- - мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі,
балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының
кеміп кетуі;
- - осы теңізге ғана тән (ендемикалық) итбалықтың мезгіл – мезгіл
қырылуы;
- - аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).
Аралдың экологиялық проблемасы. Бұл проблеманың тууына себепші болған-
адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен
Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта,
күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын
шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп
соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге
бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км кв.
жетеді Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200
млн тоннаға дейін тұзды шаң – тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның
жағалауындағы 800 га тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл
күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз
тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз
кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Қазір
Арал тағдыры – адам тағдыры деген қанатты сөз кеңінен тараған.
Келтірілген мысал бір ғана табиғат компонентінің өзгеруі басқа құрамдас
бөліктердің, бүкіл табиғат кешенінің өзгеріп, экологиялық апат аймағына
айналғанын дәлелдей түседі.
Балқаш проблемасы. Балқаш көлі алабында да күрделі экологиялық
жағдай қалыптасып отыр. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай
бөгені мен су электр стансасының (СЭС) салынуы Іле – Балқаш су шаруашылығы
кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық жағдай өзгере
бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы
табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік
ететін жануар дүниесіне (ондарт, балық т.б.) және ауыл шаруашылығына көп
зиян келеді. Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге
аспай қалды. Қыруар қаржы текке жұмсалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның
кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз
кеңейтілуі, төменгі Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің
болашағы үшін қауіпті. Болжау бойынша, ХХ1 ғасырдың басында, көлдің батыс
бөлігінің мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл өз
кезегінде Балқаш маңындағы ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды
түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі
оның суының шамадан тыс минералдауына әкеп соғуда. Бұл, бір жағынан,
егістік далалардан көлге қайта келіп құятын су құрамында әр түрлі тұздардың
көп болуына байланысты. Сонымен қатар алаптағы өзгерістер Балқаш маңы
аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді. Су айдынының тәуліктік
температураны, ауа ылғалдылығын реттеуші ретіндегі әсері өз күшін жояды.
Ғалымдардың болжауынша, Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы
географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін.
Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның
ластануы. Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң –
тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он
есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер,
Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың
концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа
кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады.
Атмосфераның ластануы Байқоңыр айлағында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де
байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен қатар
ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40 %-ы
өндіріс орындарының қалдық суларынан тұрады. Өзен суында дизентерия,
паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ
кездеседі.
Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нәтижесінде
пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік
жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар, пестицидтер,
мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес,
тамақ өнімдерін де ластауда.
Семей ядролық полигонында да экологиялық апатты аймақ қалыптасып
отыр. 1948 – 1964 жылдары аралығында Семей полигонында жер бетінде ядролық
сынықтар жүргізілді, ал 1964 – 1989 ж. аралығында жер асты сынақтары
жүргізілді. Ядролық қару – жарақтарды сынау аймақтың табиғи ортасына және
халықтың денсаулығына кері әсер етті.
Республика көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар
жоспарлы түрде еске асуда. Олар: жер қойнауын тиімді пайдалану (минералды
шикізаттарды кешенді пайдалану, игерілген жерді құнарлыландыру және
көгалдандыру).
Кеңінен белгілі аймақтық экологиялық мәселе - Арал теңізі. Арал
теңізінің кеуіп қалған түбінен сарапшылардың мәліметтері бойынша 50-70 мың
тоннадан астам тұз көтерілуде. Ауыз судың сапасының нашарлығы балалар
арасындағы инфекциялық аурулардың жоғары болуына әкеліп соқтырады.
Су ресурстарын тиімсіз пайдалану, Қытайға судың көптен берілуіне
байланысты Балқаш көліне де Арал тағдыры тууы мүмкін. Қазір су ресурстарына
деген қажеттілік 50% ғана орындалып отыр.
Аймақтың әлеуметтік және экономикалық дамуы экологиялық ішкі және сыртқы
миграциясы байқалуда. Халықтың ауруға шалдығу деңгейі соңғы жылдарда 2-3
есе артқан. Халықтың өсуі мыңға шаққанда 15,3-ке кеміген. Балалар өлімінің
деңгейі мыңға шаққанда 30,4 құрайды. Негізгі себеп - суға байланысты
аурулар. Экстремалды жағдайлар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына
кедергі келтіреді.
Қазақстандағы қоршаған ортаның жағдайы туралы ақпараттарды сараптай және
қорытындылай келе ұлттық деңгейде ең алдымен шешуді талап ететін маңызды
экологиялық мәселелерге мыналар жытады:
1) су ресурстарының тапшылығы;
2) жайылымдар мен егіс танаптарының азуы;
3) урбанизацияланған территориялардың атмосфералық ауасының ластануы;
4) мұнай өндіретін аймақтардағы қоршаған ортаның ластануы:
5) қоршаған ортаның өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен ластануы;
6) ормандар мен ерекше қорғауға алынған территориялардың жетіспеуі;
7) су қорларының шайынды сулармен ластануы;
8) радиациялық ластануы.
2. Қазақстандағы радиациялық жағдай.
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі - радиациялық ластану болып
қалып отыр. Радиоактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана
болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық
ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша
тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік
өнімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге
дейін жиналуы мүмкін.
Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері
жасалды. Семей полигонында 1949-дан 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс,
оның 90-ы ауады, 354-і жер астында және 26-ы жер бетінде жүргізілді.
Олар Қазақстан территориясының біраз бөлігінің радиациялық ластануына
әкеледі. Шығыс Қазақстан тұрғындары Хиросима-Нагасаки мен Чернобыльдан
кейінгі ең үлкен иондаушы сәулелену дозасын алған. Радиациялық әсерге
байланысты туған аурулар туралы мәліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып
келді. Ресми емес көздердің мәліметтеріне сүйенсек лейкемиядан қайтыс
болғандар саны ондаған мың адамды құрайды.
Қазақстан территориясында радиациялық ластану себептеріне мыналар жатады:
Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары, радиоактивті
материалдарды пайдаланатын атомдық өнеркәсіп орындары, ғаламдық жауындар,
халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық
жарылыстар, табиғи радиоактивті қалдықтар.
Семей ядролық полигоны. 1995 жылы Шығыс Қазақстан облысының Орталық
бөлігіндегі жүргізілген аэрограмма, спектрографиялық суреттер жер бетіндегі
цезий - 137 активтілігі 65-100 мкрсағ. болғанын көрсетті.
Кейбір жерлерде 120-500 мкрсағ. байқалған. Зайсан көлінің Оңтүстік Батыс
жағалауында цезий 137 радиациялық фоны 120-150мкрсағ. құраған.
Бұрын жүргізілген ядролық жарылыстар табиғи сулардың, тек ядролық полигон
зонасында ғана емес, оған жақын жатқан территорияларда да қалыптасуына
теріс әсер етеді. Стронций-90 ең көп мөлшері Сарыөзек жылғасы мен Мұржық
тауының етегінде "Мұржық" және "Дегелең" аймағында байқалған. және
белсенділіктің жоғары деңгейі Семей облысының Қайнар селосында,
Абыралы колхозындағы барлық дерлік құдық суларында анықталған. Сонымен
қатар, Семей қаласынан оңтүстікке қарай, Тарбағатай маңында су алмасу
белсенді жүретін аймақта - және белсенділік саластырмалы түрде
төмен болған.
Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатындағы жер асты ядролық
жарылыстар. 1995 жылға дейін Қазақстан территориясында әскери полигондардан
тыс 32 жер асты ядролық жарылыстары жасалған. Олар әр түрлі халық
шаруашылық міндеттерін шешу үшін, соның ішінде жер қыртысын сейсмикалық
зерттеулер, Каспий маңы ойпатында тұзды мұнараларда жер асты кеістіктерін
жасау үшін жүргізілген. Қазіргі уақытқа дейін бұл территориялардағы жер
асты суларының ластану дәрежесі және мониторингі бойынша ешқандай жұмыстар
жүргізілмеген.
Радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық кәсіпорындар. Қазақстан
территориясының техногенді қызмет әсерінен радиоактивті ластану уран өндіру
кен орындармен, ядролық зерттеу және энергетикалық құрылғылар,
полиметалдық, мұнай және газ кен орындарындағы өндіру және өңдеу
жұмыстарымен байланысты. Бұл жұмыстар уран-радий және торий қатарының
элементтерінің әсерінен радиоактивтіліктің жоғары болуымен сипатталады.
Республикамызда 80000-нан астам иондаушы сәулелер көзін пайдаланатын 800-
ден астам кәсіпорындар жұмыс істейді. Олардың жалпы белсенділігі 250 мың
кюриден астам. Аталған иондаушы сәулелер көздерінің жалпы санынан, шамамен
20000 (80 мың кюри) өндірістен шығарылып, көмілуі қажет.
Зерттеулер нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысында 1995 жылы бірқатар
аномалиялар анықталған. "Үлбі" комбинатының өнеркәсіптік территориясында 15
радиоактивті ластану учаскелері табылып, оның 13-і жойылды. Маңғыстау
облысында Иранға жөнелтілетін металл қалдықтарының радиоактивтіластануы
анықталды. Жамбыл облысында "Нодорос" АҚ-да 1995 жылы ылғал өлшегіштің
нейтронды сәулелену көзі жоғалған. Кәсіпорында комиссия құрылып, бұл
жағдайдың себептерін анықтау мақсатында тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Солтүстік Қазақстан облысының территориясында Смирнов поселкесінің
элеваторынан қуаты 200-3000 мкрсағ. иондаушы сәулелер шығаратын құралдар
табылған. Павлодар облысының құрылыс кәсіпорындарында кейбір құрылыс
материалдарының түрлерінің радиациялық сапа сертификаты жоқ. Қарағанды
облысында кәсіпорындар иондаушы сәулелердің көздерінде кезінде жоюға
арналған приборлары мен аппаратураларымен қамтамасыз етілмеген. Семей
облысында кедендік бақылау жүйесімен бірлесе отырып жүргізілген тексеру
нәтижесінде Қазақстан территориясынан сыртқа радиоактивті ластанған сым
кабельдерінің шығарылуының 3 фактісі тіркелген.
Ғаламдық жауындар. 1995 жыл бойында цезий - 137 коецентрациясы айына 0-
0,42 Бккв м шамасында ауытқиды. Ал жалпы - белсенділік айына 0,4-0,9
Бккв м өзгереді. Бұл республика халқына қауіп туғызбайды. Ауадағы
радиоактивті аэрозольдердің мөлшері рұқсат етілетін мөлшерден артық емес.
Радиоактивті қалдықтар. Қазақстан территориясының табиғи радиоактивтілігі
оны құрайтын метереологиялық әртектіліктің түзілуіне генетикалық
байланысты, сонымен қатар уран, радий мен торий қатарының элементтерімен
және космостық сәулеленумен байланысты. Табиғи радиоактивтік вон әр түрлі
болуы мүмкін: Ірі су қоймаларының акваторияларында (Каспий, Арал теңіздері,
Балқаш көлі) 6-8 мкрсағ. болса. Граниттік массадан тұратын территорияда 50-
60 мкрсағ. құрайды.
Магмалық жыныстар жер бетіне шығып жататын табиғи радиоактивті фон 18-22
мкрсағ., ал күшті қазіргі тұнбалық түзілістердің табиғи радиациялық фоны
10-18 мкрсағ. құрайды.
Космостық сәулелердің жалпы табиғи радиациялық фондағы үлесі 3-8 мкрсағ.
1995 жылы зерттеулер нәтижесінде Көкшетау облысының Арықбалық және
Сарытүбек мекен-жайларындағы барлық ғимараттарда радиоактивті газ радонның
жоғары концентрациясы анықталған. Мысалы, Арықбалық селосында екі балалар
бақшасы жабылған (радонның концентрациясы 4000 Бккуб. М-ге жеткен, қалыпты
мөлшері 200 Бккуб. м.).
Елімізде үкіметтік емес экологиялық ұйымдардың қызметін саяси, құқықтық
негізде дамытуға да қолайлы жағдайлар жасалуда. "Қоршаған ортаны қорғау
туралы", "Экологиялық сараптау туралы" заңдарда жұртшылықтың қатысу
ережесі, ақпарат туралы негіздер қаланған. Республикамызда 200-ден аса
үкіметтік емесұйымдар қоршаған ортаны қорғау, экологиялық ііі беру,
радиациялық қауіпсіздік, экологиялық ағарту сияқты бағыттарда жұмыс
істейді.
Қалалардағы ауаның ластануы, жердің тозуы мен шөлейттенуі, өндірістік
және тұрмыстық қалдықтардың көбеюі, жер асты және жер үсті су көздерінің
ластануы, Ертіс, Жайық , Талас, Сырдария, Іле, Шу өзендерінің ластанған
сулары негізгі экологиялық мәселелер болып отыр. Ауаның ластануы 15 қалада
нормададан асып кеткен. Өскемен, Ленинагор, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау,
Теміртау, Шымкент, Тараз, Петропавл, Қарағанды т.б. бұрынғыға қарағанда
қазір үлкен деңгейде болып отыр. Арал өңірінің 59,6 млн. га жері азған.
Сонымен қатар көтерілген тұзды шаңның ағындары 300
шақырымға, ара қашықтығы 500 шақырымға дейін таралып жатыр. Республикамызда
20 млрд. тоннадан астам өндіріс және тұрмыс қалдықтары жиналып қалған. Жыл
сайын 14 млн. куб м. тұрмыстық және 700 млн. тонна өнеркәсіптік қалдықтар,
олардың ішінде 84 млн. тонна уландырғыш т.б. жиналады. Сонымен қатар зауыт,
фабрикалар өңдеген рудаларын өндіріс қалдықтарының 1-18 үйіндісі жалпы
көлемі 56 млн. текше метрді алып жытыр, радиоактивті фоны 35 мкрсағаттан
3000мкрсағатқа жетіп, халық денсаулығын бұзуда.
Қазақстан АЭС құрылысын салу туралы әңгіме, сонау Кеңес Одағы тұсында жиі
қозғалатын. 1995 жылы бұл мәселе Үкімет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz