Латын Америкасының экономикалық ұйымдары


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар.

  1. Кіріспе.
  2. Негізгі бөлім. Латын Америкасының жаңа индустриалды елдернің даму әлемдік экономикадағы орны Латын Америкасының экономикалық ұйымдары. Кариб бассейні елдерінің экономикалық ұйымдары. Еркін сауданың Солтүстік Американдық аймағы.
  1. Азия мемлекеттерінің аймақтық экономикалық ұйымдардары.
  2. Еуропа мемлекеттерінің аймақтық экономикалық ұйымдары. Батыс Еуропа елдерінің аймақтық экономикалық ұйымдары. Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің аймақтық экономикалық ұйымдары.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе

Халықаралық ұйымдардың дүниеге келуі мен халықаралық экономикалық қатынастарының интенсивті дамуға ауысуының әлемдік құбылысқа айналыуының тікелей нәтижесімен соның көрінісі. Әр елдің егеменді ел болуы еш елдің заңдары халық аралық дауларды шешуге негіз бола алмайды деген сөз. Бұл салада түсініктеме беру, келісім, ынтымақтастық және т. б. сол сияқты түрлерде жүргізілетін іс қимыл керек. Осы жағдайларға сәйкес халықаралық ұйымдар түріндегі институттар пайда болады.

Қазіргі заманда дүние жүзінде саяси және экономикалық тұрақтылық пен бахуаттылықты қамтамасыз етуге арналған аймақтық, үкіметаралық болмаса қоғамдық ұйымдар болуы мүмкін . Бірақ олардың санының күрт өсуі көптеген сұрақтарды, әсіресе экономикалық мәселелерді, халықаралық реттеудің керектілігін көрсетеді.

Халықаралық экономикалық қатынастарының одан әрі интенсивті дамуы жаңа халықаралық ұйымдардың құрылуына, немесе бар ұйымдардың күрделі тарихи жағдайда іске аса қоюы екіталай. Бірақ мұндай ойдың тууының өзі тез дамып келе жатқан мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастық пен бәсекелестікті, халықаралық реттеудің объективті қажеттілігін көрсетеді . Қалыптасқан жағдай мен болжам жетер уақытта мұндай реттеу қызметтерін халықаралық экономикалық ұйымдар атқаратынына күмән келтіре алмаймыз.

Қазіргі уақытта халықаралық ұйымдарға мүше болу және олардың қызметтеріне белсенді қатысу - егеменді, тәуелсіз мемлекеттердің маңызды істерінің бірі. Реформалар жолына түсіп, өркениетті қоғам құруға талаптанып жатқан Қазақстан үшін халықаралық ұйымдардың қызметіне кең көлемде араласу- бүгінгі күннің көкейтесті мәселесіне айналып отыр.

Халықаралық ұйымдардың қызметіне тиімді түрде қатысу үшін олардың іс- қимылдарын жан- жақты зерттеу қажет.

Саяси, экономикалық қатынастардың қарқынды дамуына хх ғасырдағы ғылыми- техникалық прогрестің елеулі жетістіктері де өз әсерін тигізеді.

Халықаралық ұйымдар түсінігінің негізгі бес элементі бар:

  1. Келісімдік негіз . Мұның мәні халықаралық ұйымдарды құру актісі, жарғы ретінде көпжақты халықаралық келісім - шарт есептелінеді. Келісім - шарттар халықаралық ұйымдардың заңдық болмысын анықтайды.
  2. Белгілі мақсаттардың болуы . Халықаралық ұйымдардың белгілі бір мақсатта құрылуы олардың заңдылығын, ұйымдық құрылымын, қызмет бабын анықтайды.
  3. Өзіне сай ұйымдық құрылымы яғни халықаралық ұйым шеңберінде ынтымақтастық механизімін құрайтын тұрақты органдар жүйесінің болуы.
  4. Ұйымдардың дербес халықаралық құқықтары және міндеттері болуы, олардың құқықтық еркі бар заңды тұлға ретінде қалыптасуы.
  5. Халықаралық құқық талаптарына сай құрылуы, яғни халықаралық ұйымның өз қызметін халықаралық құқықтың жалпыға бірдей принциптері мен нормалары шеңберінде жүргізуі.

1. Америка мемлекеттерінің аймақтық экономикалық ұйымдары.

Америка мемлекеттеріндегі аймақтық реттеу көп жақты экономикалық ұйымдар, даму банктері, инвестициялық корпорациялар арқылы жүзеге асады және олардың басты мақсаты - аймақтық қатысушылардың экономикалық дамуына әрекеттесу болып табылады.

Америка мемлекеттерінде негізгі 14 ұйым қызмет етуде, бірақ олардың 3 -нің ғана қызметі түгелдей аймақтың дамуына бағытталған, ал бір ұйым - еркін сауданың солтүстік американдық аймағы - Солтүстік Америка мемлекеттерінің - АҚШ, Канада мен Мексиканың экономикалық қатынастарындағы сұрақтарымен айналысады. Ал, қалған ұйымдардың қызметі Орталық және Латын Америкасы мен Кариб бассейні мемлекеттерінің экономикалық қатынастарын реттеуге бағытталған.

Америка мемлекеттерінің аумақтық экономикалық экономикалық интеграцияның 4 формасын жүзеге асырады:

  1. Еркін сауда аймағы.

- Еркін сауданың Солтүстік американдық аймағы(НАФТА)

Көзделеді: Өзара саудадағы баж салықтарын жою.

  1. Жалпы рынок.

- Оңтүстік жалпы рынок. (МЕРКОСУР)

- Орталықамерикандық жалпы рынок . (ЦАОР)

Көзделеді:тарифтік емес кедергілер мен баж салықтарын жою; жұмыс күші мен капиталдық еркін қозғалысы; бірыңғай сыртқы тарифтерді енгізу; экономика салалардағы саясаттардың үйлесімдігі; валюта қаржылық саясаттық үйлесімдігі;

  1. Экономикалық әріптестік
  • Америка мемлекеттерінің ұйымы (ОАГ)
  • Латиноамерикандық экономикалық жүйе (СЕЛА)
  • Латиноамерикандық интеграциялық ассоциация(ЛАИ)

Көзделеді:Экономикалық және әлеуметтік саясаттың үйлесуі; экономикалық әріптестіктің дамуына әрекеттесу; стратегиялық мәселелерге байланысты жалпы ұстанымдарды әзірлеу;

  1. Экономикалық бірлестік және жалпы рынок
  • Карибтік қауымдастық және карибтік жалпы рынок(КАРИКОМ)
  • Шығыс карибтік мемлекеттердің ұйымы.

Көзделеді: бірыңғай экономикалық саясатты әзірлеу; өндірістік және құрылымдық саясатты үйлестіру; жалпы рынок- тауарлардың, капиталдың, адамдардың еркін қозғалысы; сыртқы саясаттың үйлесімдігі ; экономика ғылым мен техника, халықаралық қатынастар салаларындағы әріптестік және халықаралық т. б.

Америка мемлекеттерінің аймақтық экономикалық одақтары.

Одақтың атауы

Қатысушы

Мем-дің

саны

Құрылған жылы
:

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

11.

12.

13.

14.

Одақтың атауы:

Американдық мем-ң ұйымы (ОАГ)

Америка аралық даму банкі (МАБР)

Америка аралық инвестициялық

корпорация (МАИК)

Латын американдық экономикалық жүйе (СЕЛА)

Латын американдық интеграциялық ассоциация (ЛАИ)

Карибтік қауымдастық және Карибтік жалпы рынок (КАРИКОМ)

Карибтік даму банкі (КБР)

Шығыскарибтік мемлекеттерінің

Ұйымы (ОВКГ)

Еркін сауданың солтүстік американдық аймағы (НАФТА)

Оңтүстік жалпы рынок (МЕРКОСУР)

Андтік топ

Орталық американдық жалпы рынок (ЦАОР)

Экономикалық интеграцияның орталық американдық банкі (ЦАБЭИ)

Энергетика бойынша латиноамерикандық ұйым(ЛАОЭ)

ҚатысушыМем-діңсаны:

35

28

34

27

11

14

25

7

3

4

5

6

7

25

Құрылған жылы:

1948

1959

1989

1975

1980

1973

1870

1981

1994

1985

1969

1961

1961

1973

Ал, енді Америка мемлекеттерінің өңірлік ішіндегі ең негізгілеріне тоқталып өтейік.

  1. Америкааралық даму банкі (МАБР)

1959жылы Америка мемлекетінің ұйымы арнайы комитетімен дайындаған келісім негізінде құрылды. Америкааралық даму банкіне 46 мемлекет, оның ішінде Кариб бассейні мен Латын Америкасының 28 мемлекеті және 18 аймақтық емес мүшелері, оның ішінде Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Дания, Испания, Италия, Канада, Нидерланды, Норвегия, АҚШ, Финляндия, Франция, Швеция, Жапония.

ААДБ-нің мақсаттары:

- Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінің экономикалық және әлеуметтік дамуды тездету жолында көмек көрсету;

- Осы елдердің экономикасына жеке меншік және мемлекеттік инвестицияларды тартуға әрекеттеу;

- Экономикалық өзара толықтыру мен сыртқы сауданы дамыту негізінде ресурстарды пайдаланудың едәуір тиімді саясатына бағытталған ААДБ -ға мүше мемлекеттермен әріптестік.

Банк қызметтерінің басты бағыттары:

- Аймақтағы экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру; Экономикадағы басты мәселелер мыналар: өндіріс (қазба байлықтарын қоса алғанда) энергетика, ауылшаруашылығы мен балық аулау, транспорт, туризм және шағын кәсіпорын, инфраструктура, білім беру жүйесі мен денсаулық сақтау жүйесі, қалалық шаруашылықты дамыту.

- дайындық, қаржыландыру мен ұлттық және аймақтық жоспарлар мен дамыту жобаларын жүзеге асырудағы жәрдемдесу мақсатында техникалық көмек көрсету;

- Банктің қаржыландыруы мүмкін болатын артықшылығы бар жобаларды таңдауға жәрдемдесу;

-жобаларды бүкіл жобалық цикл аралығында бағалау, оның ішінде : жобаны бағдарламалауды және идентификациялауды; жобаны дайындауды; анализ және банк басшылығының жобаны бекітуін; орындауды және жоба нәтижелерін бағалауды бақылау.

Банк құрамына 8 департамент кіреді. Олар: банк операциялары, қаржылары, экономикалық және әлеуметтік даму, жобалардың анализдер заңы, жоспар және бағдарлама, әкімшілік және хатшылық.

Банктің қаржылық ресурстары өз капиталдарынан, ақша нарығындағы кірістерден нақты даму жобаларын қаржыландыру мақсатында, мүше мемлекеттерімен құрылатын трасттік қорлардан алынатын қаражаттар құрады. Банк бақылауында Арнайы операциялар қоры, Әлеуметтік прогрестің Трастік қоры, Венесуелланың трастік фонды және техникалық әріптестіктің трастік қоры. Бұл трасттік қорлардың басты мақсаты - Латын Америкасындағы мемлекеттерге көмек көрсету.

2. Карибтік қауымдастық және Карибтік жалпы нарық . (КАРИКОМ) 1973 жылы Чагуарамас келісімінің негізінде, еркін сауданың Карибтік ассоциоциясының ізбасары ретінде құрылды. Қауымдастықтың құрамына Кариб бассейінінің 14 елі және 3 ассоциирленген мүшелер кіреді. Аймақтық мүшелер - Антигуа мен Барбуда, Багамы аралдары, Барбадос, Белиз, Доминика, Грекада, Гайана, Монсеррат, Сент- Китс пен Невис, Сент- Люсия, Сент-Винин мен Гренландия, Тринидад және Тобаго, Ямайка. Ассоциирленген мүшелері- Виргиндік Британдық аралдар және Теркс пен Кайкос аралдары.

Бұл ұйымның басты мақсаты - жалпы нарықты құру, оның ішінде бірыңғай сыртқы тарифтер орнату, тауарлардың пайда болу ережелерін қолдану, үйлестірілген фискальдық мерекелер жоспарын жүзеге асыру жолымен қатысушы мемлекеттердің экономикалық интеграциясына әрекеттесу. Сонымен қатар, қатысушы мемлекеттердің сыртқы саясатының үйлесімдігі мен техникалық, әлеуметтік және мәдени салалардағы қызметтестік.

3. Карибтік даму банкі (КБР)

1970 жылы Кариб бассейні елдерінің экономикалық дамуы мен өсуіне әрекеттесу және мүше елдердің экономикалық әріптестік пен интеграциясын жеделдету негізінде құрылды.

Ұйым құрамына Кариб бассейінінің 25 мемлекеті, сонымен бірге Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада және Франция кіреді.

4. Еркін сауданың Солтүстікамерикандық аймағы (НАФТА)

1қаңтар 1994 жылы өз күшіне енген келісім негізінде Канада, АҚШ және Мексика арасында құрылды. Бұған 1988 жылғы еркін сауданың америка - канадалық келісімі себепші болды. Канада мен АҚШ арасында 1965 жылдан автомобиль өндірісіндегі өнімдер саудасы туралы келісім жүзеге асуда.

НАФТА құру келісімінде Солтүстік Америка аумағындағы кәсіпкерлік қызметтің әр түрлі аспектілеріне байланысты жағдайлар көрсетілген: инвестициялар; кепілдіктер; қызмет көрсету; интелектуалдық меншікке байланысты құқықтар; бизнесмендердің уақытша кірулері; дауларды шешу. Келісім бойынша алдағы жылдары НАФТА қатысушы елдердің арасында барлық саудалық және инвестициялық кедергілер жойылуы керек, сондай-ақ кедендік баж салықтары алып тасталынады. Аталған кедергілер америка - канадалық саудада жойылды, бұл жерде тек қана осы елдердің Мексикамен тауар алмасуындағы либерализация туралы сөз қозғалып отыр.

5. Оңтүстік нақты нарық (МЕРКОСУР)

1995 жылы Асунсьондық келісім негізінде құрылды .

Қатысушы елдер:Бразилия, Аргентина, Парагвай мен Уругвай.

Келісім бойынша қатысушы төрт елдің арасындағы саудада барлық баж салықтары мен тарифтік емес кедергілерді жою; капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы ; бірыңғай сыртқы тарифтерді орнату; өндіріс, ауыл шаруашылығы, транспорт және байланыс, сонымен қатар валюталық - қаржылық салалардағы саясатты үйлестіру көзделеді.

6. Орталықамерикандық экономикалық интеграция банкі (ЦАБЭИ)

1961жылы Орталық Америка елдерінің аймақтық капитал салу саясатын жүзеге асыру мақсатында экономикалық даму мен интеграцияға әрекеттестік негізінде құрылды. Банк құрамында 7 мемлекет мүше:Гватемала, Гондурас, Коста- Рика, Мексика, Никарагуа, Сальвадор, Тайвань.

Банк қызметінің басты бағыттары:

- Орталықамерикандық жалпы рыноктың аймақ елдерінің өндіріс салаларында ең көп қызығушылығын тудыратын, сонымен қатар ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету, туризм, қоршаған ортаны қорғау;

- Нақты аумақтық жүйелерді дамытуға әрекеттесетін, оның ішінде, энергетика және телекомуникациялық салаларында инфрақұрылымдық жаңартуды қалыптастыру мақсатында инфрақұрылымдық объектілерді қаржыландыру;

- Аймақ ішіндегі, сонымен қатар Орталық Американың 3-ші елдермен сауда қатынастарын дамыту;

- Әлеуметтік дамуға әрекеттесу; муниципалдық инфрақұрылымды қаржыландыру; кедейлікпен күрес мақсатында әлеуметтік инвестициялар бағдарламаларын жүзеге асыру.

Банкті қаржыландыру көздері мыналардан тұрады:

Жарғылық капитал, резервтік капитал, тартылатын қаражаттар-кепілдіктер, субсидиялар және т. б. Банк қарыз берулерді келесі фондтар арқылы жүзеге асырады.

Қарапайым қор - жеке және мемлекеттік секторларда өндіріс пен инфрақұрылымды дамыту жобаларын қаржыландыру;

Мемлекеттік, жергілікті және муниципалдық басшылық ұйымдарының қоры - автономды үкіметтік мекемелер, орталықамерикандық халықаралық ұйымдар.

Тұрғын үй құрылысы қоры - қалалық шаруашылықты дамыту; тұрғын үй құрылысы.

Әлеуметтік даму қоры - ауылдық және қалалық аудандарды дамыту.

Төленіп қойған капитал ретінде қолданылатын Орталықамерикандық экономикалық және әлеуметтік дамыту қорлары. Сонымен бірге, Банк бірқатар жеке меншік капиталдары бар қорларды басқарады.

7. Энергетика бойынша латиноамерикандық ұйым (ЛАОЭ)

1973 жылы Келісім негізінде құрылды. Құрамына 25 мемлекет мүшелері кіреді:Барбадос, Гватемала, Боливия, Бразилия, Венесуэла, Гайти, Гайона, Гондурас, Доминик республикасы, Колумбия, Коста - Рика, Куба, Мексика, Никарагуа, Панама, Парагвай, Перу, Сальвадор, Суринам, Тринидад және Тобаго, Уругвай, Чили, Эквадор, Ямайка.

ЛАОЭ -нің басты мақсаттары: әріптестікті жүзеге асыру, энергетика саласында үйлесімдік және кеңес беру.

ЛАОЭ қызметінің негізгі бағыттары:

- Энергетика саласында жалпы эканомикалық мәселелерді ескере отырып, жалпы аумақтық даму концепциялары мен жобаларын әзірлеу;

- Латын Америкасы мен Кариб бассейіні елдерінің мемлекеттік және жеке меншік капиталдарын тарту негізінде энергетиканың аймақтық даму жобаларын жүзеге асыру.

2. Азия мен Тынық мұхиттық аймақтық экономикалық ұйымдар

Азияда экономикалық интеграцияның негізгі формасы - экономикалық ынтымақтастық болып табылады. Барлық алты жұмыс істейтін экономикалық аймақтық ұйымдар мына бағытты жарым - жартылай немесе ұстанады:

1) экономикалық саясаттық келісу.

2) саясаттағы үйлесімділік және экономикалық әлеуметтік стратегияның дамуы

3) экономика салаларындағы ынтымақтастық

4) аймақ ішілік сауданың дамуына көмектесу

5) өнеркәсіптік ынтымақтастыққа көмектесу

6) қаржының еркін айналымы

7) технологиялық алмасу

8) қол - ұшын беру (көмек көрсету) .

Ұйым аты

Мемлекеттер

саны

Құрылған

жылы

:

1.

2.

3.

4.

5.

6.

Ұйым аты:

Азия - Тынық мұхиттық экономикалық ынтымақтастығы

(АТЭС)

Оңтүстік - Шығыс Азия мемлекет-

терінің ассоциациясы (АСЕАН)

Оңтүстік Тынық мұхиты мем-ң

комиссиясы (КЮТО)

Оңтүстік Тынық мұхиттық форум

(ЮТФ)

Азиялық даму банкі (АзБР)

Оңтүстік - Азия аймақтық ынтымақтастығының ассоциациясы(СААРК)

(СААРК)

Мемлекеттерсаны:

18

9

27

15

40

7

Құрылғанжылы:

1999

1967

1947

1971

1947

1985

Болашақта АСЕАН, СААРК және ЮТФ аралығындағы еркін сауда аймағын құру жоспарланып отыр Азия- Тынық мұхиты аймақтық ұйымдары өзінің құрамындағы мемлекеттердің экономикасының біртекті еместігімен өзгешеленеді, бұл ынтымақтастыққа өз әсерін тигізіп отыр. Мысалы:

1988 жылы Сингапурда жан басына шаққанда 9070$ болса, Индонезияда 440$ болды.

АСЕАН - да өнеркәсіп пен сауданы қосқанда әр- түрлі саладағы ынтымақтастық тар жақты дамып келеді. Қазіргі кезеңде АСЕАН мүшелері еркін сауда өңірін құруда әлі бір шешімге келмеді, бірақ та олар әр түрлі салалардағы тарифтерді төмендетуде бірлесуде. Ассоциация аралығында еркін сауданың болуы туралы Базалық келісімге ГАТТ- келісімін берген болатын. АСЕАН мүшелері аралығында кедендік баж салығында 5% жеңілдік болады.

Қазіргі жағдайдағы халықаралық ұйымдардың ұлттық формасы жаңа аймақтық ынтымақтық формаларымен толықтырылуда. Ол дегеніміз үш жақты келісімнің жасалуы. Оның негізгі жұмысы аймақтық саудаға көмектесу және экспортты дамыту үшін өнеркәсіп орталықтарын көшіру барысында қолда бар ұлттық экономикалық артықшылықтарды пайдалану. Бұл келісімде үшінші мемлекеттің рынкына қол жеткізудегі дискриминацияның ескіруі мен инвестицияға жақсы жағдайдың жасалуы қарастырылады. Бұл үш жақты келісімдер “ экономикалық дамудағы үшбұрыш” атауын алады. Осы мақсаттарда шекараға жақын 3-4 елдердің ынтымақтастығы қалыптасуда:

1) Гонконг, Тайвань, Оңтүстік Қытай елдері арасында.

2) Сингапур, Оңт. Малайзия, Индонезия аралының Риау провинциясы

3) Солт- Шығыс Азияның Гуманьцзянь шыға берісі : Қытай, Россия, КНДР

4) Солт. Суматра мен Aрекс (Индонезия) провинциялары, Солт. Малайзияның 4 штаты мен Оңт. Тайландтың 5 провинциясы аралығында.

5) АСЕАН -ң шығыс аймақтары -Бруней, Индонезия(Батыс және Шығыс Кашмантан, ) Малайзия (Сабах және Саравак) Филиппин( Минданао және Палаван) .

1997 жылы Азия аймағында Оңтүстік және Солтүстік - Шығыс Азия мемлекеттері қатысуымен жаңа сауда аймағы қалыптасты. ( Индиядан Вьетнам аралығында) . Бұл сауда аймағының орталығы болып аймақтық экономикалық топқа “Bist - Es”- ке кіретін елдер болды. Олар: Бангладеш, Индия, Таиланд, Шри-Ланка, Мьянма одағы. Кейін бұл бірлестіктің аты “ Bimst - Es” болып өзгертілді. Бұл бірлестік сыртқы сауда, транспорт және басқа да сала ынтымақтастықтарын дамытуда белсенді жұмыс жасайды- деп, болжануда. Аймақтардың қалыптасуымен ЭСКАТО мен АзБР - ң маңыздылығы, трансазия автомагистралі мен

қазіргі заманға сай теміржол желісінің құрылуының маңызы жоғарылай түседі. Қатысушы елдердің маңызды порттары арасындағы жүйелі байланысқа бірінші назар аударылуда. Азаматтық авиацияда кодпен хабарласудағы біріңғай жүйеге көшу, сомалет ұшу графигінің синхронизациясы. Қалыптасушы жаңа органдар - тігін, формацептика, зергерлік, тоқыма және ақпараттық технология, балық шаруашылығы, жеміс және жидектер өсіру және өңдеу салаларын дамытуға қаржы ресурстарын іздеумен айналысады .

Азия - Тынық мұхиттық экономикалық ынтымақтастығы АТЭС

АТЭС 1989 құрамындағы мемлекеттерді дамыту және экономикалық даму деңгейін тұрақтандыру мақсатымен құрылды.

АТЭС - тің құрамына кіретін 18 мемлекеттер тізімі: Австралия, Бруния, Гонконг, Канада, Қытай, Кирибати, Малайзия, Маршалов аралдары, Мексика, Жаңа Зеландия, Папуа - Жаңа Гвинея, Корей республикасы, Сингапур, США, Таиланд, Тайвань, Филлипин, Чили.

Кейін 1997жылы АСЕАН құрамына РФ кірген болатын ЖІӨ - де 60%, халықтық саудада 40%, алтын валюта қорында 80%.

АТЭС -ң іс - әрекетінің негізгі мақсаттары

- тұрақты дамуға қол жеткізу мақсатындағы саяси және экономикалық даму жайында ақпарат алмасу мен консультациялар өткізу;

- қызмет, инвестиция және тауар қозғалысындағы бөгеттерді қысқартатын стратегияны жоспарлау;

- энергетика, балық шаруашылығы, транспорт және телекомуникация, туризм, қоршаған ортаны қорғау сияқты нақты салалардағы ынтымақтастық;

- аймақтық сауданың дамуы, инвестиция, қаржы ресурстарының қозғалысына, технологиялық алмасуларға, инфраструктураны дамытуға, еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуге көмектесу.

Оңтүстік - Шығыс Азия мемлекеттерінің ассоциациясы АСЕАН

АСЕАН 1967 жылы Бангког декларациясына қол қою негізінде құрылған құрылған болатын.

АСЕАН құрамына кіретін 9 мемлекет : Бруней, Вьетнам, Индонезия, Комбоджа, Лаос, Малайзия, Филиппин, Сингапур, және Таиланд.

АСЕАН қызметінің негізгі бағыттары:

- ынтымақтастықтың экономикалық, ғылыми - техникалық, әлеуметтік, мәдени салаларын дамытуға көмектесу.

- 2003 жылға дейін еркін сауда аймағын құру; кедендік тарифтерге біртекті жеңілдіктер енгізу;

2000 жылға дейін АСЕАН мемлекеттері арасында сатылатын тауарлардың 90% құрайтын тауарларға 5% аспайтын баж салығы салынатын болады.

- келесі салаларда экономикалық ынтымақтастық құралатын болады, ; қоршаған ортаны қорғау, телекоммуникация.

- халықаралық және аймақтық ұйымдармен ынтымақтастық.

Азияның даму банкі.

АзДБ 1966 жылы желтоқсан айында құрылды. Бұл Азия мен Тынық мұхит аймақтарында қақтығыстар көбейіп, ашаршылық, сауатсыздық пен аурулар көп тараған уақыт болатын. Банкті құрудың басты мақсаты Азия - Тынық мұхит аймағының құлдыраған экономикасын қалпына келтіруге қажет шетелдік қаржылардың тапшылығын қалпына келтіруге болады.

АзДБ Азия мен Тынық мұхит аймағын қаржыландыратын халықаралық ұйым болып табылады. Оның мүше елдерінің саны 5, 5 олардың 39 - а Азия мен Тынық мұхит елдері, 16 - Солтүстік Америка мен Еуропадан. Бас кеңсесі Манилада орналасқан.

АзДБ - ның басты мақсаты - осы ұйымға кіретін дамушы елдерді несие мен техникалық көмек беру арқылы экономикалық және әлеуметтік дамуға бағыттау.

Банктің басты міндеті - Азия - Тынық мұхит аймағының экономикалық өрлеу мен ынтымақтастығын қамтамасыз етуге көмек.

АзДБ - ің іс - әрекетінің негізгі приоритеттерінің ( бас мақсаттары) :

- Азия мен Тынық мұхит аймағындағы дамушы елдердің даму бағдарламаларын қаржыландыру;

- Осы елдердің сыртқы саудасына қолқабыс ету.

- қаржылық, техникалық және экономикалық көмек көрсету.

Банк қарыздың 2 түрін береді:

1) кәдімгі капиталдың ресурстарын ( ККР) берілетін қарыздар( 68, 8%) құрайды.

2) Азия даму қорынан ( АДҚ) берілетін қарыздар ККР - дан қарыздар орта табысты елдерге беріледі.

АДҚ - ың қарыздары өте кедей елдерге жеңілдік шарттарымен беріледі.

3 . Еуропа мемлекеттерінің аймақтық экономикалық ұйымдары.

Батыс Еуропа елдерінде Экономиканың қарқынды дамуына интеграциялық процестер көп әсер етеді.

Интеграция - бұл объективті экономикалық процесс, халықаралық еңбек бөлінісінде өзінің қажеттіліктерін іске асыру мақсатында, бірыңғай шаруашылық комплекстерді біріккен мемлекеттер арасында құру болып табылады. Интеграцияның маңызды бір мақсаттарының бірі ғылыми техникалық бірігу арқылы мемлекетаралық бірлескен программалар құрылды. Осындай программалардың бірі “Эврика”, өзіне 19 батыс еуропалық мемлекеттерді біріктіреді. Бұл программа жаңа технологиялар, микроэлектроника, информатика, лазерлі техникамен автоматизациялау, биотехнология және жаңа материалдар шығару жолында еңбек етеді.

Батыс Еуропа мемлекеттерінің жан - жақты экономикалық одақтары.

Одақтар аты

Мүшелерінің

саны

Құрылған

жылы.

:

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

11.

Одақтар аты:

Еуропалық одақ ( ЕС)

Еуропалық біріккен ұйым (ЕС)

Еуропалық валюталық рынок (ЕВС)

Еуропалық инвестициялық банкі (ЕИБ)

Еуропалық еркін сауда ассоциациясы

(ЕАСТ)

Еуропалық экономикалық кеңістік (ЕЭП)

Еуропалық көлік министрлігінің ассоциациясы (ЕКМТ)

Еуропалық азаматтық авиация ассоциациясы (ЕКГА)

Еуропалық әуе, кеме қатынастарының қауіпсіздік ұйымы (ЕВРОКОНТРОЛ)

Еуропалық ғарыштық агенттігі (ЕКА)

Еуропалық даму және құру банкі (ЕБРР)

Мүшелерініңсаны:

15

15

15

14

4

12

31

33

20

14

57

Құрылғанжылы.:

1992

1992

1992

1958

1960

1992

1952

1955

1963

1957

1990

Еуропалық Одақ (ЕС)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Латын Америка елдеріне кіретін мемлекеттер
Латын Америкасы мен Африка елдеріндегі әлеуметтік жұмыстың құралуы
Испан-американ соғыстары
Зейнетақы жүйесі қалыптасуының теориялық сұрақтары
Монро доктринасы
Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударым
Латын Америка елдері
Ватикан -қала мемлекеті
ҚХР-ның дамушы елдермен экономикалық байланысы
Латын Америка елдері туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz