Қазақстан телеарналарында сөз жанрларының прагмастилистикасы

Кіріспе

1.ҚАЗАҚСТАН ТЕЛЕАРНАЛАРЫНДА СӨЗ ЖАНРЛАРЫНЫҢ ПРАГМАСТИЛИСТИКАСЫ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

1.1. Сөз тілінің ерекшелігі
1.2. Сөз жанрларының прагмастилистикасы көркемдік белгілері және жүргізуші шеберлігі
1.3 Сөз жанрларының прагмастилистикасын шетелдік зерттеу

2. ТЕЛЕАРНАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1. «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы сөз прагмастилистикасы
2.2. Қазақстандық телеарналардағы пікірталастық бағдарламалар

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында бірнеше жылдар бойы қалыптасқан қазақ телеарналарындағы сөз жанрларының прагмастилистикасы көркемдік ерекшеліктері жүйелі түрде жан-жақты қарастырылады.
Көптеген телевизиялық хабарлардың, оның ішінде сөз-сайыс бағдарламалардың халық игіліне айналмай, екінші планда болып келуінің, кейбір хабарлар жөнінде кезінде атүсті немесе мүлде қате «үкімдер» шығарылуының да түпкілікті себебі сөз табиғатын түсіну мен талдаудың қиындығынан.
Егер сөз тек аузым бар деп сөйлей беретін кейіпкерлерден түзіліп, беталды бөсетін, «тисе терекке, тимесе бұтаққа» деп орынсыз сөз жұмсалатын хабар болса онда көркемдік ерекшелік іздеудің қажеті шамалы болатын. Сөз жанрларының прагмастилистикасы болмысы сол – ол нақты этикалық нормаларға құрылған, эстетикалық талғамға толық жауап бере алатын, әрі сөздің мазмұны кенеулі боп құрылып, көркемдік негізде берілуінде. Сөз - алқа-қотан жиылып, әңгіме-дүкен құратын, «Күлтөбенің басында күнде жиын қылатын» қазақтың қанында бар өнер емес пе? Енді замани тұрғыдан келгенде сөз прагмастилистикасыға біз өзіміздің ұлттық колоритімізді концентраттауымыз керек емес пе? Көшпелі халықтың синтезді өнері саналатын шешендік өнер мен сөз жанрларының прагмастилистикасы талап-тілектері бір екенін дәлелдеуге ешкім тырыспаған. Ғылым енді мойындай бастауы кәдік. Біз журналистиканың негізгі жанрларының эпостарда сайрап жатқанын іштей білеміз, санамен түйсінеміз, алайда нақты шешім, нақты баға бере алмай келдік. Оған отарлаушы Кеңес үкіметінің өткеннен қол үздіруге талаптануы мен ұлттық құндылықтарды жою болмақ мақсаты да кері әсері, ұлттық публицистиканы қасаң деректермен ғұмырын ХХ ғасырдың басынан ғана шолтитып, тамырсыз балдыр мен саңырауқұлақтай дүние етіп көрсету өткен заманның кемтар ғылымының кесірі еді. Ал, тәуелсіздік таңы атқанда біз төл журналистикамыздың тарихын тереңнен тартсақ, арыдан толғасақ бүгінгі журналистиканың қадамы да, тамыры да түзелетіні тарих заңдылығы, детерменация құбылысы.
Диплом жұмысының өзектілігі. Қай ұлттың, қай халықтың басынан өткерген тарихи кезеңдерімен, өмір тіршілігімен байланысты туындаған салт-дәстүрі, өнері, дәстүрлі мәдениеті болады. Ал, сөз жанрларының прагмастилистикалық хабарлар осы қалыптасқан канонды дамыту үшін, халықтың инттеллектуалдық деңгейін арттыратын бірден-бір телевизиялық жанр, қолайлы құрал. Сөз – шешендікті, әділдікті бұқараға насихаттау миссиясын орындайды және қоғамға тікелей бағытталады. Әр кезеңге байланысты сөз жанрларының прагмастилистикасы да қатып қалмай, замана көшіне ілесіп, жаңарып, көтерілген мәселе жаңғырып отырады.
1. Тертычный А.А. Расследовательская журналистика: Уч.пособие для вузов. – М: Аспект Пресс, 2002.
2. Шум Ю. Журналистское расследование. – Санкт-Петербург, 2008.
3. Уллмен Дж. Журналистское расследование: современные методы и техника. – М.,1998.
4. Журналистское расследование / Под. ред. А.Д. Константинова. Санкт-Петербург,2001.
5. Самуйлов С.М. Уотергейт: предпосылки, последствия, уроки. – М.: Наука, 1991.
6. Геевский И.А. Мафия, ЦРУ, Уотергейт: Очерки об организации. – М.: Политздат, 1983.
7. Иванян Э.А. От Джорджа Вашингтона до Джорджа Буша. Белый дом и пресса. – М. – 1991.
8. Фонер Ф. Марк Твен – социалист-критик. – Москва, 1961.
9. Вальраф Г. Нежелательные репортажи. – М.,1982.
10. Вальраф Г. Репортер обвиняет. – М., 1988.
11. Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалар. – Алматы, 1980.
12. Жақсылықбаева Р. Журналистік зерттеудегі публицистикалық пайымдар. Халықаралық ғылыми-практикалық және теориялық конференция материалдары, 6-7 желтоқсан 2006 ж. – Алматы, 2006.
13. Медеубекұлы С. Айғақтама. Бұқаралык коммуникациялар теориясы және қазіргі заманғы технологиялар. Халықаралық ғылыми-практикалық және теориялық конференция материалдары, 6-7 желтоқсан 2006 жыл. – Алматы, 2006.
14. Мәулетұлы З., Шамақайнұлы Қ. Демократиялық қоғамдағы журналистік зерттеудің орны. – Ақиқат, №6, 2009.
15. Медеубекұлы С. Қазақ журналистикасының төл аталымдары. – Түркістан, 4.04.2010.
16. Вейер Д., Нойес Д. Противоядие от летаргии. Журналистское расследование в США. – Журналист, №5, 1994.
17. Старцев С. Андреотти оправдан. – Независимая газета, 28.09.1999.
18. Ильинский М. Неотмытые «Чистые руки». – Независимая газета, 20.02.2002.
19. Малеванный В. Глобальный электронный перехват. – Независимое военное обозрение, 11.08.2000.
20. Bernstein Carl, Woodward Bob. All the president’s men. – New York, 1974.
21. Drudge Matt. Drudge Manifesto. New American Library. – New York, 2000.
22. CIA payoffs toppled Taliban. Woodward. – New York Post, 2002.11.17.
23. Allen Mike. CIА`s cash toppled Taliban. – The Washington Post, 2002.11.16
24. Newsline. – The Washington Post, 07.23.2001
25. Журналистам от журналистов: Справочник. – Издательство: Британский Совет, UN и British Embassy, 2007. // http://library.cjes.ru/online/
26. Ворошилов В.В. Журналистика. – Учебник. – СПб.: Изд-во Михайлова В.А. 1999.
27. Михайлов С.А. Журналистика Соединенных Штатов Америки – СПб.: Изд-во Михайлова В.А., 2004.
28. Рэндалл Дэвид. Универсальный журналист / Пер. с англ. Алексея Порьяза. – Алматы: Ценральноазиатская школа молодых журналистов, 1996.
29. Березин В.М. Теория массовой коммуникации. – Москва, 1997.
30. Ваксберг А. Нераскрытые тайны. – М.,1993.
31. Ворошилов В.В. История журналистики зарубежных стран. – Санкт-Петербург, 2000.
32. К. Бернстайн, Б. Вудворд. Вся королевская рать. – Нью-Йорк, 1974.
33. Л.Колодни, Р.Геттлин. Тихий поворот. – Нью-Йорк, 2001.
34. www.time.kz
35. www.hrc.utexas.edu
36. www.washingtonpost.com
37. www.journalism.org
38. www.politics.nuvvo.com
39. www.hnn.us
40. Журналистские расследования. Сборник статей. Проект «Развитие практики журналистских расследований по социально-значимым темам в Казахстане». – Алматы, 2011. С. 228
41. «Ана тілі» газеті.
42. «Дала мен қала» газеті.
43. «Түркістан» газеті.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1.Қазақстан телеарналарында сөз жанрларының прагмастилистикасы қалыптасуы
мен дамуы

1.1. Сөз тілінің ерекшелігі
1.2. Сөз жанрларының прагмастилистикасы көркемдік белгілері және жүргізуші
шеберлігі
1.3 Сөз жанрларының прагмастилистикасын шетелдік зерттеу

2. Телеарнаның шығармашылық ерекшеліктері

2.1. Қазақстан ұлттық телеарнасындағы сөз прагмастилистикасы
2.2. Қазақстандық телеарналардағы пікірталастық бағдарламалар

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында бірнеше жылдар бойы
қалыптасқан қазақ телеарналарындағы сөз жанрларының прагмастилистикасы
көркемдік ерекшеліктері жүйелі түрде жан-жақты қарастырылады.
Көптеген телевизиялық хабарлардың, оның ішінде сөз-сайыс
бағдарламалардың халық игіліне айналмай, екінші планда болып келуінің,
кейбір хабарлар жөнінде кезінде атүсті немесе мүлде қате үкімдер
шығарылуының да түпкілікті себебі сөз табиғатын түсіну мен талдаудың
қиындығынан.
Егер сөз тек аузым бар деп сөйлей беретін кейіпкерлерден түзіліп,
беталды бөсетін, тисе терекке, тимесе бұтаққа деп орынсыз сөз жұмсалатын
хабар болса онда көркемдік ерекшелік іздеудің қажеті шамалы болатын. Сөз
жанрларының прагмастилистикасы болмысы сол – ол нақты этикалық нормаларға
құрылған, эстетикалық талғамға толық жауап бере алатын, әрі сөздің мазмұны
кенеулі боп құрылып, көркемдік негізде берілуінде. Сөз - алқа-қотан
жиылып, әңгіме-дүкен құратын, Күлтөбенің басында күнде жиын қылатын
қазақтың қанында бар өнер емес пе? Енді замани тұрғыдан келгенде сөз
прагмастилистикасыға біз өзіміздің ұлттық колоритімізді концентраттауымыз
керек емес пе? Көшпелі халықтың синтезді өнері саналатын шешендік өнер мен
сөз жанрларының прагмастилистикасы талап-тілектері бір екенін дәлелдеуге
ешкім тырыспаған. Ғылым енді мойындай бастауы кәдік. Біз журналистиканың
негізгі жанрларының эпостарда сайрап жатқанын іштей білеміз, санамен
түйсінеміз, алайда нақты шешім, нақты баға бере алмай келдік. Оған
отарлаушы Кеңес үкіметінің өткеннен қол үздіруге талаптануы мен ұлттық
құндылықтарды жою болмақ мақсаты да кері әсері, ұлттық публицистиканы қасаң
деректермен ғұмырын ХХ ғасырдың басынан ғана шолтитып, тамырсыз балдыр мен
саңырауқұлақтай дүние етіп көрсету өткен заманның кемтар ғылымының кесірі
еді. Ал, тәуелсіздік таңы атқанда біз төл журналистикамыздың тарихын
тереңнен тартсақ, арыдан толғасақ бүгінгі журналистиканың қадамы да, тамыры
да түзелетіні тарих заңдылығы, детерменация құбылысы.
Диплом жұмысының өзектілігі. Қай ұлттың, қай халықтың басынан
өткерген тарихи кезеңдерімен, өмір тіршілігімен байланысты туындаған салт-
дәстүрі, өнері, дәстүрлі мәдениеті болады. Ал, сөз жанрларының
прагмастилистикалық хабарлар осы қалыптасқан канонды дамыту үшін, халықтың
инттеллектуалдық деңгейін арттыратын бірден-бір телевизиялық жанр, қолайлы
құрал. Сөз – шешендікті, әділдікті бұқараға насихаттау миссиясын
орындайды және қоғамға тікелей бағытталады. Әр кезеңге байланысты сөз
жанрларының прагмастилистикасы да қатып қалмай, замана көшіне ілесіп,
жаңарып, көтерілген мәселе жаңғырып отырады.
Сөз қоғамда болып жатқан оқиға, нақты тақырып пен түйінді ой, сұрақ-
жауап, пікірталас арқылы өрбитінін жан-жақты қарастыру, зерттеп-зерделеу,
сабақтас арналарды таным елегінен өткізу диплом жұмысының өзектілігінің бір
қыры болып табылады. Сондай-ақ, сөз жанрларының прагмастилистикасы мазмұны
мен мәтініндегі ерекшеліктеріне, көркемдік-эстетикалық сипаттарына баға
беру, телевизиялық журналистика жанрларының, элементтерінің қолдану
принциптеріне талдау жасау жұмыстың өзекті мәселесі, зерттеудің
көкейтестілігі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақ сөз жанрларының
прагмастилистикасының көркемдік күші – адам жанының тереңіне еніп,
қоғамдық мәселелерді қозғап, қоғамға ой салып, бірлікке, әділеттілікке
үндеуінде. Тек ұлттық тұрғыдан емес адами құндылықтардан ажырамауды,
адамгершілікті ту ететін сөз жанрларының прагмастилистикасының
ерекшеліктерін жүйелі түрде саралау, тіл көркемдігінің қазаққа тән стильдік
байланысын, эфирде айтылатын сөздердің өнегелі түрде жүзеге асу жолдарын,
жалпы осы сөз жанрларының прагмастилистикадағы тележурналистиканың аясын,
орнын зерттеп, зерделеу дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты болды. Осы
мақсатқа орай диплом жұмысына мынадай нақты міндеттер қойылды:
- қазақ телевизиясы қалыптастырған, әрі даму мен қалыптасу үстіндегі
төл сөз жанрларының прагмастилистикалық стильге ғылыми тұрғыда баға беру;
- қазақ телеарналарында қалыптасқан журналистикалық дәстүр мен кейінгі
публицистік ізденістердің жалғастығын, сабақтастығын, оның жаңашыл
сипаттарына, жаңашыл қырларына, жанрларына ғылыми тұрғыда баға беру.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Бұл дипломдық жұмыста өзіндік
қалыптасу кезеңін өткерген қазақ журналистикасына, осы ұлттық
журналистикадағы шоқтығы биік сөз жанрларының прагмастилистикаға бүгінгі
күн тұрғысынан баға берілді. Жалпы қазақ журналистикасы шешендік, ділмарлық
өнерге тікелей қатысы бар екені, әу бастан қазақ журналистиканы қолданғаны
алғаш ғылыми дәлелденді. Қазақ публицистикасында қалыптасқан сөз-тартыс, ой-
жарыс дәстүрінің сабақтастығы, дәстүр жалғастығы мен оның жаңашыл сипаты
анықталды. Сөз жанрларының прагмастилистикадағы көркемдік ерекшелік
анықталып, ғылыми танымнан өткізілді.
Ғылыми жұмыс барысында қазақ сөз жанрларында өзара ой айту, қиыннан
қиыстыру, ұтымды сөз айту мәселесі төңірегінде ғылыми ізденістер
жүргізілді. Этикалық, эстетикалық, мәдени дүниетаным қалыптастырудағы
телеарналардағы сөз жанрларының прагмастилистикасы көркемдік деңгейіне
ғылыми тұрғыда талдау жасалды.
Диплом жұмысын зерттеу әдістері. Ізденіс барысындағы нәтижелер мен
қорытындыларды тұжырымдау үшін теориялық талдау, жүйелеу, жинақтау, тұжырым
жасау, салыстырмалы талдау әдіс-тәсілдері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны. Зерттеу жұмысының негізгі нысаны
ретінде Қазақстан, Хабар, Ел арна, 31 арна, КТК, Алматы,
Астана телеарналары.
Дипломдық жұмыстың теориялық-әдістемелік негізі.
Сөз жайында алғаш пікір айтып, зерттеу жүргізген ғалымдар —Н.
Вакурова, Л. Московкин, Қ. Тұрсынов, Г. Кузнецов, М. Садық. Олардың
әрқайсысы әр кезеңде болса да сөз хабарлардың формасын, өзіндік ерекшелігін
атап көрсетті, көркемдік және мазмұндығы сапаларына шолу жасады. Сонымен
бірге олар эфирде көрсетілген бағдарламарды түсіндіруде, жүргізушіге
қойылатын міндеттер мен жүргізуші сұрағының өткірлігін, мығымдығын жазуда
көп еңбек етті. Қазақ бағдарламаларының, оның ішінде сөз хабарлардың
халыққа берері мен залалы жайында қалам тербеген Әділ Бек Қаба, Дина
Мыңжасарқызы, Берік Уәли, Серік Абас-Шах, Зарина Қозыбаева сынды
журналистердің пікірлерінің ғылыми бағасы зор.
Ғылыми жұмыста қарастырылған мәселелердің шешімін іздеуде белгілі
публицистердің теориялық-танымдық еңбектері басшылыққа алынды.
Дипломдық жұмыстың теориялық-практикалық маңызы. Қазақ сөз
жанрларын, сөз-сайыстың бағзыдан басқа пішінде көрініс тапқанын тану
оқырман қауымға мол материал, тың деректер береді. Ғылыми-зерттеу
жұмысының нәтижелері мен тұжырымдарын орта, арнайы, жоғары оқу орындарының
журналистика факультеттерінде арнайы курстар мен семинарлар жүргізгенде
пайдалануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тарау екі
бөлімнен және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Қазақстан телеарналарында сөз жанрларының прагмастилистикасы
қалыптасуы мен дамуы

Теледидар табиғатын зерттеу қызықты да күрделі мәселе. Себебі оның
құрылымы әртүрлі жанрларды қамтиды. Сондықтан біз зерттеу барысында
телеарнадағы жанр ұғымының анықтамасын айналып өте алмаймыз.
Тәуелсіздік жылдарында сөз бостандығымен бірге сөздік қорымызға
журналистік зерттеу сөз жанрының прагмастилистикасы деген атау қосылды.
Сөз бостандығы жоқ жерде мұндай терминнің болуы, әрине, мүмкін емес. Кәсіби
лексиконымызға жуырда ғана енген бұл терминнің журналистика теориясы мен
тәжірибесіндегі, сондай-ақ, жалпы қоғамдық-саяси өміріміздегі жаңа құбылыс
болып табылатынына дау жоқ. Тәуелсіз баспасөзді дамыту, журналистік
зерттеуді БАҚ өмірінде қалыптастыру деген оңайлықпен жүзеге асырылатын іс
емес. Оның сыртында жоғары дамыған демократиялық елдердің өздерінде
журналистиканың осы бір күрделі саласының даму тарихы тым алыста емес,
беріректе жатыр.
Әлемге танымал Эмиль Золя, Марк Твен және басқа да жазушылар осы жанр
классиктері болып саналады. XX ғасыр басында мемлекет аппаратын қатаң
сынға алған зерттеу журналистерін (олардың бірі – Сэмюэл Легхорн Клеменс,
яғни Марк Твен) АҚШ Президенті Теодор Рузвельт 1906 жылы макрейкерлер
(muckrakers), яғни лас өсекке құмартушылар, өкше сығалаушылар,
қазбалаушылар деп атап, тіл тигізген.[1] Алайда, қоғамды лас қоқыстан
тазартуды өздерінің басты ісіне айналдырған журналист-зерттеушілер сүйікті
істеріне жоғарыдағыдай анықтаманың берілгеніне қарсылық көрсетпеген.
Керісінше, дұрыс пікірмен қолдау көрсеткен.
Макрейкерлер сары журналистиканың қағидасыз тәжірибесінен аулақ
болды. Сонысымен де шығармашылық істерінде журналист этикасы нормаларын
қатаң ұстаудың озық үлгісін көрсетті. Осылайша, олар Америка
журналистикасына жаңа аура әкелді.[2]
АҚШ-та негізі қаланған макрейкерлер қозғалысы Америка
журналистикасындағы іздеуші және әшкерелеуші, сыншыл бағыттың пайда болуына
зор ықпалын тигізген. Әлем зерттеушілерінің арасынан осы үрдісті
журналистиканың ерекше бір жанры деп қарастырғандар да баршылық.
Бүгінгі таңда 70-жылдары американ халқын дүр сілкіндіріп, президент
Ричард Никсонды қызметінен кетірген аты шулы Уотергейт ісі журналистік
зерттеу классикасы болып саналады. Ал президентті тақтан тайдырған
мақалалар топтамасының авторлары: The Washington Post газетінің тілшілері
Боб Вудворд пен Карл Берстайнның есімдері журналистика тарихында алтын
әріппен жазылды деуге болады.
Лексикографиялық еңбектерде, функционалдық стилистикаға қатысты
зерттеулерде подстиль жанр ұғымымен бірдей түсіндіріледі. Әдебиеттану
ғылымы бойынша Жанр – шығармалардың жеке түрлері, көркем әдебиет салалары
деген анықтама беріліп, әдебиетте орныққан жүйе бойынша эпостық жанр,
лирикалық жанр және драмалық жанр бар екендігін көрсетеді (16, 250 б.].
Жанр - әдеби терминдік ұғым ретінде кең қолданылады, әдеби шығармаларды түр-
түріне ажырату үшін жанр деген ұғым қалыптасқан. Әдебиеттану категориялары
бойынша әдеби жанрларды ажырату – көркемдік қызметі бірдей шығармалардың
тақырыпты баяндау, шығармалардың құрылысы, оқиғаны бейнелеу тәсілі жағынан
бір-бірінен айырмашылықтары бар екендігін сипаттау үшін қажет.
Әлемдік зерттеу журналистикасының орны әрбір елдегі сөз бостандығы мен
тәуелсіз баспасөздің деңгейіне тікелей байланысты. Сондай-ақ, журналистік
зерттеуді дамытуға мүмкіндік жасай алатын, азат, дербес, пікір
алуандылықтың мінберіне айналған БАҚ-тың болуы да өз септігін тигізері
сөзсіз. Бірақ демократия нышандары қалыптасқан шет мемлекеттерде бұл
жағдайдың әртүрлі болуы заңды құбылыс. Мысалы, Ұлыбританияда бірнеше
ғасырлар бойы алдыңғы қатарлы БАҚ-ы мемлекеттегі саясат жақтаушысының рөлін
атқарып келеді. Ал Швецияда баспасөз бостандығы мен сөз бен ой еркіндігінің
мықтап қалыптасуына да талай жылдар кетті. Соңғы он жыл көлемінде ғана
Испанияның бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық пікірді қалыптастыруды өз
қолдарына алып отыр.
Теледидар табиғатын зерттеу қызықты да күрделі мәселе. Себебі оның
құрылымы әртүрлі жанрларды қамтиды. Сондықтан біз зерттеу барысында
телеарнадағы жанр ұғымының анықтамасын айналып өте алмаймыз.
Лексикографиялық еңбектерде, функционалдық стилистикаға қатысты
зерттеулерде подстиль жанр ұғымымен бірдей түсіндіріледі. Әдебиеттану
ғылымы бойынша Жанр – шығармалардың жеке түрлері, көркем әдебиет салалары
деген анықтама беріліп, әдебиетте орныққан жүйе бойынша эпостық жанр,
лирикалық жанр және драмалық жанр бар екендігін көрсетеді (16, 250 б.].
Жанр - әдеби терминдік ұғым ретінде кең қолданылады, әдеби шығармаларды түр-
түріне ажырату үшін жанр деген ұғым қалыптасқан. Әдебиеттану категориялары
бойынша әдеби жанрларды ажырату – көркемдік қызметі бірдей шығармалардың
тақырыпты баяндау, шығармалардың құрылысы, оқиғаны бейнелеу тәсілі жағынан
бір-бірінен айырмашылықтары бар екендігін сипаттау үшін қажет.
Теледидар тілі қоғам өміріне, қоғам мүшелерінің күнделікті тіршілігіне
тікелей араласып, қоғамдық пікір тудыруды мақсат етеді. Яғни диктор белгілі
бір жаңалықты жеткізе отырып, оған өз бағасын береді. Осы екі мақсатқа сай
хабарда қолданылатын сөздің ерекшелігі де айқындала түседі.
Дүниетаным - жүйелі құбылыс, ол тілдік байланыста динамикалық үрдіс
ретінде айқындалатын дискурс арқылы берілетін білім қорымен тығыз
байланысты. Дискурстың көмегімен қоршаған ортаның бар құбылысы тіл арқылы
жеткізіледі. Мұның БАҚ тілін зерттеуде маңызы басым, себебі тілдік динамизм
белгілі бір прагматикалық жағдайда өрбитін сөйлеу динамизмі мен айтылған
ойдың шындықпен сәйкестігін білдіреді. Дискурс дегеніміз – мәтінге тән
лингвистикалық сипаттамаларымен қатар экстралингвистикалық параметрлері -
өлшемдері бар тілдік туынды. Бұл параметрлер әңгімелесуші субъектілердің
кім екендігі, олардың қарым-қатынасы қандай дәрежеде, қатысым қандай тілдік
ситуацияда жүргізіліп отыратындығы туралы мағлұмат береді. Басқаша
айтқанда, дискурс интралингвистикалық (құрамына мәтін кіретін болғандықтан)
және экстралингвистикалық ақпарат көзі болып табылады, ал бұл ақпарат
әңгімелесушілердің өзін қоршаған ортасы, жалпы әлем туралы көзқарасын
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Н.Д. Арутюнова коммуникацияның динамикалық
сипаты болатындығын қарастыра отырып: Дискурс – экстралингвистикалық-
прагматикалық, әлеуметтік-мәдени, психологиялық және басқа да факторлармен
байланысты мәтін; оқиғалық (событийный) аспектіде алынған мәтін, – деген
анықтама береді (17, 136 б.(.
Соңғы он, жиырма жылдың төңірегінде заманауи Қазақстан телеарналарында
сөз атты жаңа жанр түзілді. Жалқы жанр ретінде ғана емес қосалқы жанрларды
да өзіне синтездей алды. Мәселен, саяси дискуссиялар, жарнамалар,
ойынсауықтық және ақпараттық-сараптамалық хабарлар бар. Қалыптасқан отандық
нұсқалардағы бұл біртектілік жүйе енді батыстық моделдегі сөз вербальды
және бейвербальды шығындарды анықтай бастады, әрі мамандардың қызығушылығын
тудырды. Психологияны, социологияны, саясаттануды, журналистиканы,
когнитивті психологияны, конфликтологияны, лингвистиканы,
психолингвистиканы, социолингвистиканы және тағысын тағы ғылымның түрлі
саласын. Сөз сапалық тұрғысынан медиакеңістік негізінде қарастырылып,
аудиторияның сұранысы және мәселе ұсынушымен құрылады.
Сөз - әңгіме-дүкен жанры. Сөз прагмастилистиканың бүгінгі жаңа қоғамға
лайықталған формасы. Қазіргі таңда сөз отандық телеарналардағы ең көп
таралған жанрдың бірі. Сөз жанры телевизиялық пресс-конференция деп те
аталады. Себебі, жүргізуші көп сауалдарды өз тарапынан қояды, әрі алдын-ала
сценарий мен сценарлық жоба дайындайды. Мұндай хабарлар жасауда саяси
ойындар қосуға мүмкіндік бар, яғни тұтқиылдан қойылған сұрақ пен төтеннен,
тыңнан қосылған жаңалықтың елді елең еткізуі арқылы көпшілік сұранысына ие
болып та үлгереді. Отандық телеарналар сөз элементтерін ақпараттық
бағдарламалар мен ақпаратты-сараптамалық бағдарламаларда пайдаланып жүр.
Негізінде сөз жанры ақпараттықтан гөрі ойын-сауықтық, көңіл көтерушілікті
қалайды.
Классикалық сөз үштағаннан құралады: жүргізуші – шақырылған қонақ
(сарапшы) – студиядағы қонақ. Сөз журналистік әдіс-тәсіл мен сахналық әдіс-
айланы кіріктіреді. Және сөз жанрларының прагмастилистикасы әр қатысушысы
бағдарламаның ішінде қандай қызметтік функция атқарғанымен, бір мезетте
кейіпкер сөз жанрларының прагмастилистикадағы рөлді ойнап шығады. Бұл жанр
– тұлғалар, көрермендер, жүргізуші, сұрақтар және жауаптар сынды қарапайым
ғана схемадан тұрады. Бірақ көптеген мамандардың пікіріне қарағанда, сөз
жанрларының прагмастилистикасы басты ұтары – ондағы әзіл-қалжыңның көп
болуы деп саналады. Тұлға - өз-өзіне күле алуы керек. Мәселен, АҚШ-тағы ең
танымал бағдарлама Опра шоуын зерттеген ғалымдар сөз туралы мынадай
пікірге тоқтаған. Бұл - нағыз журналистика. әйгілі тұлғамен әңгіме-дүкен
құруға тыңғылықты дайындалған, шеберлігі мол, әрі үлкен экранда суреттер
мен басқа да материалдарды пайдалана алатын кәсіби жанр. [1, 23-28 б.]
Сөз жанрына қойылатын талап – мазмұнның мейлінше тез ұғынықты,
қарапайым болуы. Диспут формасымен, алуан әрі өткір сұрақтар, түрлі
көзқарас қайшылықтары көрінуі керек. Ал қазақ сөз жанрларының
прагмастилистикасының ұтатын жері – қазақ аталы сөзге, тура шешімге, әділ
байламға еш мәймөңкесіз тоқтаған. Өзіндік ұстаным параметрлерінде
өзгешеліктер болғанмен, әр қатысушы да бір ғана мүдде тұрады. Ол – қазаққа
қайтсем жағам? не қайтсем үлгі көрсетем? – деген ұлы белес.
Бір атап айтып өтетін дүние – кейбір көзқарастарда сөз
прагмастилистикасы термині кез-келгенінде тек әңгімеге құрылған
хабарлардың санатына саналып, сол тұйық ауқымда қалатыны. Мәселен, студияда
дөңгелек үстел үстінде өрбитін қарапайым сұхбат, белгілі бір топтың
(әдебиетшілер, музыканттар, экономистер т.т.) жиналып, емен-жарқын әңгіме-
дүкен құруы. Егер жұлдыз жүргізуші мен ел көп қарайтын танымал
хабарлардың өзі тек сөз элементтерін ғана пайдаланады. Толыққанды сөз
талаптарына жауап бере алатын хабарлар некен-саяқ.
Сөз елеусіз, кейде қызып әрі күйіп тұрған тақырыптар мен функционалды
жанрларды кең қамтуымен ерекшеленеді. Мамандардың пікірінше, сөз интервью,
дискуссия, ойын белгілерімен қоса, жүргізушінің тұлғалық келбетін керек
етеді. Бұл барынша тұлғалықты көрсететін экрандық форма ғана.
Керібайланыста болатындықтан жүргізушінің тұлғалық сапасына қойылатын
талаптар: ой, ептілік, әзілқойлық, орағыта білу, мұқият тыңдай білу
қасиеті, орнықты жүру және тағы да басқалар. Сөз жанрында драматургия
сұрақ-жауап негізінде берік қалыптасқан. Форма, сапа, түр және сұрақ беру
логикасы интрига туындатады және хабардың сюжеттік қозғалысын дамытады.
Негізгі сұрақтар жүргізуші тарапынан қойылады, оған әр түрлі категориядағы
қатысушылар (тұлғалар, сарапшылар, көрермендер және т.б.) жауап береді.
Негізгі үдеден шығу үшін, түпкі мақсатқа жету үшін жүргізуші бағдарламаны
түрлі этаптарға бөледі және сұрақтарды да құбылтып отырып қояды.
Заманауи сөз жаңа формат пен мәселенің әр қиырын, түрлі бағытын
қамтиды. Бұлар не үй қызметшісіне кеңес, не халықтық емдеулер, не
таныстарың мен жақындарыңды іздестіру, не саясат пен мәдениетке қатысты
түйткілдер болуы мүмкін. [2, 12-15 б.]
80-ші жылдардың аяғына таман Фил Донахьюдің бастамасымен АҚШ-тың
үлкенді-кішілі телеарналарында өзіндік сөз прагмастилистикасы жаңбырдан
кейінгі саңырауқұлақша қаптап шыға келеді. Сөйтіп, жаңа қанатын қомдай
бастаған сөз хабарлары әлеуметтік және саяси мәселелерді ығыстырып қойып,
енді қоғамға іріткі салатын, адамдар арасына от жағатын жанрға айналып шыға
келеді.
Бұл Америкалық формат. Жаман кеселдің жұғуы оңай болатыны сынды енді
еліміздегі телеарналарды да сөз белең ала бастады, әрине жақсы мағынасында.
Америкалықтар мен батыстықтар сөз прагмастилистикасының тәңірі ретінде –
Фил Донахьюді атайды. Ресей өздерінің төл сөз прагмастилистикасының атасы
ретінде – Владимир Познерді санайды. Ал, Қазақстан журналистері сөз
жанрларының прагмастилистикасы пірі етіп кімді баларын білмей дал болды.
Себебі, түсінікті. Қайта құру жылдары қазақ телеарнасында тұңғыш сөз
форматындағы хабар Ар жастар студиясы аталып, Қазақстан-1
телеарнасынан көрсетілді. Оны бір ғана жүргізуші, бір ғана редактор, не бір
режиссер ғана жасаған жоқ. Ар жастар студиясын сол кездегі жас
журналистер Серік Жанболат, Дәурен Қайып, Қойшыбай Есентаев, Молдабек
Сағымбек, Сәуле Жиренше, Дүрия Данияровалар тең дәрежеде жүргізіп, ұжымдық
сөз ретінде қалыптастырды. Түрлі тақырып бағдарламаланың өзегі болды. Ең
алғашқы қазақы сөз Ар жастар студиясында көрсетілді. Бұл қазақ
телеарналарын зерттеуде әлі айтыла қоймаған, мойындалмаған тың дерек, шын
ақиқат.

Бұл Ар жастар студиясының алғаш ашылуы жөнінде, алғашқы қиындықтар
жөнінде белгілі журналист, ҚР Мәдениет қайраткері, бұл күндегі
Қазақстан ҰТА-сы, Мәдени-танымдық бағдарламалар Шығармашылық
Бірлестігінің шеф-редакторы Молдабек Сағымбек Арпалыспен өткен ғұмыр атты
естелік кітапта жақсы жазады.
Айтан Нүсіпханның ұлтжанды күрескер тұлғасын бұған дейін қолыма
кездейсоқ түскен Аласапыранмен өткен төрт жыл атты кітабын оқығанда
таныған едім. Енді осы қолжазбаларындағы ой үзінділері мен Адамзаттың
Айтматовы атанған қайраткер-қаламгерге өзі Мәскеуде қызмет етіп жүріп
жазған көлемді хатымен танысқан соң мүлде жақын көрдім. Онда Айтан аға
Шыңғыс Айтматовқа Желтоқсан оқиғасына түрткі болған өз ой-пікірлерін
негіздеп жеткізе отырып, осы қозғалыстың Одақтық деңгейден әділ бағалануына
ықпал жасауын өтінеді.
Осының бәрі біз үшін түн түнегін түріп түскен найзағай отынан бір
де кем әсер еткен жоқ.
Бірде Айтан аға:
– Бүгінгі қоғамда болып жатқан бар өзгеріс, сілкіністерді сендер
бірінші көріп, жазып, айтып жеткізулерің керек. Жассыңдар, неден
қорқасыңдар? Қазір демократия бел алып келеді. Қараңдаршы, анау Орталық
телеарна журналистері не жасап жатыр? Сендер де қимылдаңдар!- деген Айтан
ағаның қайрауымен көп ұзамай біз АР жастар студиясы атты үлкен
телебағдарлама жобасын сөз негізінде ұсындық. Мұндағы АР ұғымы малым –
жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы деп айтылатын қазақтың ұлттық
ұстанымының түйінді мәйегін танытса, екіншіден, осындағы бас әріппен
алынатын екі дыбыстың алғашқысы А – алаш, келесі Р – рух сөздерінің
бас әріптері екендігі туралы ойымызды таратып түсіндіргенімде, Айтан
ағаның масайрап қуанғанын көрсеңіз! Шағын кабинетіндегі орындығына
шалқалай түсіп, бар даусымен рахаттана күліп алып:
– Өте тамаша! Атауын керемет ойлап тауыпсыңдар, енді құрылысы мен
атына сай қозғайтын тақырыптарыңды анықтаңдар. Бүгінгі өмірдегі ең өзекті
деген мәселелерді өткір, ашық әңгіме етіңдер. Редакция құрамына тек
жастарды тарт. Өйткені олар әлі шағылмаған, жалтақтауды білмейді, - деп,
мен аттарын атаған Сәуле Жиреншина, Серік Жанболат, Дүрия Даниярова, Дәурен
Қайып, Қойшыбай Есентаев сынды жас журналистер мен режиссерлар – Боран
Мұсабай, Уәлихан Исабай, Ботагөз Исмаиловаларды құлшына мақұлдап, бекітіп
берді.
Бірнеше жыл бойы белсене еңбек еткен осы АР жастар студиясы сөз
бағдарламасын өзі әрдайым назарында ұстап, бағыт-бағдар сілтеп, барынша
қолдау-көмек көрсетті. Сөйте жүріп, Айтан ағаның біз үшін, осы сөз
хабарымыз үшін қызметінен қуыла жаздаған кезі де болды.
90-жылдардың бас кезеңі – еліміз егемендігіне қол созған, ұлттық
рухтың қайнар қуатының тасқындаған, түрлі қоғамдық-әлеуметтік, саяси
оқиғалардың жалындай өршіген тұсы. Қазақ теледидары қызметкерлері, оның
ішінде АР жастар студиясы сөз жанрларының прагмастилистикасының ұжымы
да осы оқиғалардың бел ортасында жүрді. Соның бәрі өз бояу, үнімен
бейнеленіп, эфирге шығып жатты. Осындай қарбалас күндердің бірінде, қызу
монтаж жұмысы үстінде отырғанымызда хатшы қыз телефон шалып:
– Өздеріңнің жанашырларың Айтан Нүсіпханды сендердің кінәларың үшін
қызметінен босатқалы жатыр,- деп хабарлады. Дереу жұмысты доғарып,
тобымызбен жиылып, жиналыс өтіп жатқан бас директордың кабинетіне баса -
көктеп кіріп бардық. Расында, Айекеңді бір қауым басшылық ортаға алып,
жәукемдеп жатқанының үстінен шықтық. Үкім кесіліп те қойған секілді. АР-
дың өткен бір санындағы ашық әңгімеде Ақ үйдің қытығына тиетін жағымсыз
сын айтылғанға ұқсайды. Енді оған қол қойып, эфирге рұқсат еткен – сол
кезде Ұлттық арнаның директоры болып істейтін Айтан Нүсіпхан кінәлі деп
табылған...
Айтекең өзі баулыған еркіндіктің буымен, шығармашылық топтың
жетекшісі ретінде алға суырылып шығып, екпіндеп сөйлей жөнелдім:
–Орталық Комитеттің бас хатшысының өзі күн сайын баспасөз
бостандығы, демократиялық ашық қоғам, ой мен сөз еркіндігі, қайта
құрулар туралы ауыз жаппай айтып жатыр. Мәскеу телеарналарынан партия
атына қандай сын-ескертпелер айтылмай жатыр? Ал бізде ше?.. Әрбірден соң,
өз ісімізге өзіміз жауап бере аламыз. Айтан Нүсіпханды емес, бізді
босатыңыздар жұмыстан. Сосын біздер бүкіл ақпарат құралдарына жария
жасаймыз осылай болды деп. Сонда жауап беру кезегі сіздерге келеді!-
деген мазмұндағы сөздерді екіленіп айтып бола бергенімде, менің сөзімді
Боран (режиссер) іліп әкетті, одан әрі басқалары қосылды...
Сол кезеңдегі демократиялық дүмпудің шынында өмірге ене
бастағанының белгісі болар, әйтеуір, сол жерде стол басында отырғандардың
бірде біреуі тырс етіп қарсы уәж айта алмай, тосылып отырып қалды.
Есесіне, біздің айылымызды жимай белсеніп тұрған тұрысымыз жүрегін
тебірентіп жіберді ме, Айтан аға орнынан тұрып:
– Жастар – қай кезде де, қай қоғамда да ең ұшқыр, сезімтал, қозғаушы
күш. Сондықтан олар дер уақытында айтарын айтып, батыл іс-әрекетке де
алдымен барады. Олар жаңалыққа асығады. Ол – табиғи заңдылық. Сол себепті
олардың қателесуге де хақылары бар. Ал біздер, орынды - орынсыз олардың
бетінен қағып, жасқап,жалтақ етпей, қайта керісінше, бабын тауып баулып, ел
ертеңін еңселендіретін ер-азамат тұғырына жеткізуіміз керек. Сондықтан,
құрметті жолдастар, осы іске байланысты әйтеуір біреуді жазалау керек
болса, мені-ақ жазалай беріңіздер. Ал жастарды арандатып, араға
киліктірмеулеріңізді сұраймын, – деді ішкі жан дүниесінің толқынысынан
даусы бұзылып тұрса да, нық-нық сөйлеп.
Біздің шешімді әрекетіміз себеп болды ма, болмаса, басқа бір
жағдайлар араша болды ма, анығын білмедік, бірақ сол жолы Айтан аға өз
қызметінде қозғаусыз қалды. Ал анау әңгіме де көп ұзамай басылып кетті.
[3, 232-242 б.].
Сөйтіп, қазақ телеарнасындағы тұңғыш сөз Ар жастар студиясы 1990-
1993 жылдары аралығында өмір сүрді. Сөз Ар жастар студиясымен тоқтап
қалмады. Кейіннен Нұртілеу Иманғалиұлы Құрдастар, Әлішер Сүлейменов
Майдан сөз прагмастилистикасы, Иманбай Жұбаев Бар мен жоқ, Бейбіт
Құсанбек Тіл, Сәуле Әбединова Ақжүніс, Серік Абас-Шах Кеш
қалмаңыз..., Берік Уәли Дода, Серік Әбікенұлы Кім? секілді шоқтығы
биік сөз хабарларды дүниеге әкелді.
Қазақстан телеарналарында сөз жанрларының прагмастилистикасы
қалыптасуы мен дамуы түрлі кезеңдер мен белестерден тұрады. Бірақ сол сөз
прагмастилистикасыға баспасөз беттерінде айтылып жүрген сын аз емес.
Хабар телеарнасының бас продюсері Серік Абас-Шах Жас алаш газетіне
берген сұхбатында: Қазақ телеарналарында ойын-сауық көп, интеллектуалдық
хабарлар аз деген пікір бар. Аз болса оның себебі неде? Себебі,
интеллектуалдық хабарларды жасауға тартылатын мамандардың көбі орыс тілді.
Сондықтан біздің интеллигенция, әр саланың озық ойлы азаматтары өз ойларын
қазақ тіліндегі интеллектуалдық тақырыптардағы жоталарды дүниеге көптеп
әкелу қиындау - дейді. [4]. Сонда көпшіліктің топшылауынша сөз хабар жасау
оңайдың оңайы, жеңілдің асты, ауырдың үсті деген пікірдің туатыны.
Айқын басылымында Зарина Қозыбаеваның телеарналардағы түйткілдерге,
кемшіліктер мен жетістіктеріне тоқталған Қазақ бағдарламаларына қазақы бап
керек деген мақаласы жарияланды. Автор көптеген жағдаяттарға тоқтала келе:
31 арна қазіргі таңда Кім?, Замандастар деген екі бағдарламамен
шектеліп отыр. Ал Хабар агенттігі Азамат бағдарламасын сәтті
жалғастырып келеді. Онда қоғамдағы әр түрлі кезекті проблемалар талқыға
салынып, көрермен жастардың танымдық көкжиектерін кеңейтуге орасан зор үлес
қосып келеді. Оған соңғы жылдары Таразы, Төртеу түгел болса атты
жекелеген бағдарламалар қосылды. [13]. Мерзімді баспасөз беттерінде осы
тұрғылас жекелеген мақалалар, рецензиялар жарық көріп жүр. Бұл сөз
хабарлардың елді, бұқара халықты бей-жай қалдырмағанын аңғартса керек.
Жақсылы-жаманды пікірлердің өзі қазақы сөз прагмастилистикасыдың даму
үстінде екендігін көрсетеді.

1.1. Сөз тілінің ерекшелігі

Сөз прагмастилистикасы сөзінің кең мағынасына тоқталатын болсақ, бұл
бір ғана жүргізушісі, бірнеше қатысушылары және көрермені бар бағдарлама,
оның мазмұны осыған сәйкес белгілі бір тақырыпқа құрылады. Бұл шоу мен
интервьюдің араласуынан тұратын теледидарлық пікірталастың ерекше нұсқасы
болып табылады. Осыған байланысты, сөз жанрларының прагмастилистикасы
дегеніміз – қазіргі теледидардың ақпараттық (бағдарламаның тақырыбына
байланысты ақпарат, аудиториядағы және телекөрермендерге кеңес беру және
т.б.) және ойын-сауықтық (музыкамен көркемдеу, документалды немесе көркем
фильмдерден үзінділер қолдану, бағдарламаның қатысушыларына қатысты
жүргізушінің комментарийі және т.б.) сипатта берілетін формаларының бірі.
Сөз жанрларының прагмастилистикасы әр алуан жанрларының бір-бірінен
айырмашылықтары өте көп.
Ағылшын тілінен орыс тіліне сөз прагмастилистикасы ұғымы әңгіме,
пікірталас және көрініс, спектакль сияқты сөздерге аударылады.
М.К. Барманқұлов (5, 261 б.( өз еңбегінде сөз прагмастилистикасы
жанрына ауызша теледидарлық бағдарлама деген анықтама береді. Осылайша ол
француз радиосы мен теледидарлық диалогтық бағдарламаларының шоу және шоу-
элементтеріне шолу жасап, неміс және француз халықтарының осы жанрда
жасалынған бағдарламаларын жекелеген аспектілер бойынша салыстырмалы түрде
талдау жасаған. Ғалымның зерттеу жұмысының тақырыбымен танысып және жарыққа
шығарылған әдебиетін қарастыра отырып, біз оның теледидарлық
бағдарламалардың әр алуан түрлерін қысқаша суреттеген бір ғана еңбегін
таптық. Сөз прагмастилистикасыды сипаттау барысында автор қысқаша
комментарий берумен және қазақстандық сөз прагмастилистикасыымен
салыстырғанда, ресейлік сөз прагмастилистикасыдың басым көпшілігін тізіп
шығумен ғана шектелген.
Сөз жанрларының прагмастилистикасы дегеніміз қазіргі теледидар саласының
жаңа жанрларының бірі, ол ойын-сауық және ақпараттық сипатта беріледі. Сөз
жанрына құрылған бағдарламалардың теледидар арналарында жиі берілуінің
нәтижесінде тілдің қалыптасуының қажетті қосымша құралы болып табылатын
тілдік коммуникацияны (радио бағдарламаларға қарама-қарсы) нақты талдауға
мол мүмкіндік туындайды.
Шет ел ғылымында сөз прагмастилистикасы және осыған ұқсас
телебағдарламалық жанрлардың лингвистикалық жағынан талдануына қатысты
ғылыми еңбектердің көптігі, бұл мәселенің шет ел ғылымында жеткілікті
деңгейде қарастырылғандығы қазақстандық теледидарға мүлдем қарама-қарсы.
Себебі мұндай бағдарламалар біздің елімізде соңғы он бес жыл жүзінде ғана
жасалынып келеді. Сондықтан да ол шет елдермен салыстырғанда, зерттелуі
жағынан болсын, жасалуы жағынан болсын, кенже қалып келе жатқан жанрлардың
қатарынан орын алады. Дегенмен Қазақстан телеарналарындағы сөз жанрларының
прагмастилистикалық бағдарламалар соңғы кездері қалың көрерменді баурап
алуда, осыған байланысты бұл жанрдың болашағы зор екендігіне көз жеткізуге
негіз бар. Ал ғылым жағынан келетін болсақ, сөз біздің елімізде енді
өркендеп келе жатқан жаңа жанр болғандықтан, оның тілі, теледидарлық
диалогта құрылуы және т.б. ерекшеліктері жеткілікті деңгейде зерттелмеген.
Сөз бағдарламаларын лингвистикалық тұрғыда мынадай аспектілер арқылы
зерттеуге болады: а) теледидарлық диалог шеңберінде коммуникацияның
жасалуының шынайылығын анықтау; ә) сөйлеу актілерін талдау; б) басқа
елдердің сөз жанрларының прагмастилистикалық бағдарламаларымен салыстырмалы
түрде зерттеу; в) жүргізушілердің, кейіпкерлердің тілін қарастыру; г)
аргументтік стильді анықтау, оның мәдени сипаттағы жалпы белгілері мен
ерекшеліктеріне қатысты зерттеу, т.б.
Қазақстандық телеарналардағы қазіргі болып жатқан сөз жанрларының
прагмастилистикалық бағдарламалардың басым көпшілігі диалогқа құрылады. Сөз
прагмастилистикасыда диалог сөйлесім қатынасының формасы ретінде үнемі
монологпен қатар жүреді. Мәселен, сөз прагмастилистикасыды жүргізуші ең
алдымен хабардың мақсатымен, сөз прагмастилистикасыға қатысушыларды
телекөрермендерге, студиядағы көрермендерге таныстыру барысында монологты
қолданады. Монолог та, диалог та белгілі бір әлеуметтік қатардың бірдей
табиғи құбылыстары болып саналады. Диалог пен монолог сөйлесім барысында
көбінесе аралас келіп отырады. Жүргізуші хабардың мақсатына қарай
қатысушыға әртүрлі сұрақтар қоя отырып, әңгіме арнасын кеңейтеді, тақырыпты
ашу мақсатында қатысушымен өзара қарым-қатынас орнатады, яғни диалог
құрады.
Диалог - екі адамның белгілі бір тақырып шеңберінде сөйлесуі.
Лингвистикалық-энциклопедиялық сөздікте диалогқа мынадай анықтама берілген:
Диалогическая речь – первичная, естественная форма языкового общения.
Языково-стилистические особенности диалогическая речь соответствует
индивидуальному стилю и информативно-эстетическим нормам жанра (6]. Ал
О.С. Ахманованың Словарь лингвистических терминов сөздігінде диалог пен
монологқа олардың айырмашылықтарына қатысты анықтамалар берілген: Диалог
одна из форм речи, при которой каждое высказывание адресуется собеседнику и
оказывается ограниченной непосредственной тематикой разговора. Диалог
характеризуется относительной простотой синтаксического построения
отдельных высказываний (7, 132 б.].
Диалог тілдік қатынастың бастапқы түрі болғандықтан оның түп-төркіні
сөйлеу тілінен тарайды. Диалогқа айтар ойдың қысқалығы, синтаксистік
құрылымның қарапайымдылығы тән. Диалогтың табиғаты, оның атқарар қызметі
жөнінде орыс тіл білімінде Л.В. Щерба, Л.П. Якубинский,
В.В. Виноградов, В. Винокур, Д.Э. Розенталь, А.Н. Гвоздев, Н.Ю. Шведова,
т.б. ғалымдар өз зерттеу еңбектерінде қарастырды.
Қазақ тіл білімінде диалог туралы Р. Әмір, Х. Нұрмұқанов, З. Базарбаева
т.б. зерттеушілердің еңбектерінде сөз болады. Сөйлеу тілі диалогқа
құрылады. Бірі – сұрақ қоюшы, екіншісі – жауап қайтарушы. Диалогта
айтушының көңіл-күйі, сезімі жеңіл бейнеленіп, оңай түсініледі, - деп
Балақаев бастаған бір топ ғалымдар диалогқа тән өзіндік қасиеттер мен
ерекшеліктерін сөз етсе (8, 19-20 бб.], диалогтың кейіпкер мінезін
жасаудағы ерекшелігін Д.Э. Розенталь: Диалог мазмұны жағынан ғана емес, ой
мен сезімді беру жағынан да сөйлеушінің мінезін беру, көркем бейне жасау
құралы бола алады, - деп қарастырды (9].
Диалогтағы сәттiлiк пен сәтсiздiк а) коммуниканттардың әлеуметтiк-
стереотиптiк ерекшелiктерiне; ә) коммуниканттардың аялық бiлiмiне; б)
коммуниканттардың құзыретiндегi жақындыққа, я болмаса алшақтыққа; в)
коммуниканттардың жыныс, жас, тұлғалық ерекшелiктерiне байланысты жайттарды
ескеруескермеуден болуы ықтимал. Көркем шығарманың тілі монолог пен
диалогтың әртүрлі типтерінен ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілдің алуан
түрлі формаларының қосылуынан тұрады. Теледидарлық сөз прагмастилистикасыда
кездесетін диалог адамдар арасында, өмірде кездесетін сан қилы қарым-
қатынасты бейнелеп, кейіпкерлер репликалары арқылы бір-біріне әсер етіп,
адам мінезінің нақты түрде, нанымды түрде ашылуына көмектеседі, соның
тілдік амалына айналады.
Теледидар тілінде тіл біліміндегі сөйлеу актісінің үш түрі кездеседі:
- локутивтік
- иллокутивтік
- перлокутивті.
Локутивті сөйлеу актісінде тек қана хабар беру мақсаты қамтылса,
иллокутивті көрініс - кешірім жасау, өтіну, құттықтау, уәде беру, кеңес
беру сияқты негіздерде сипат алады. Перлокутивті акт осы екеуінің
семантикалық ерекшеліктерін қамтитын шешім болып табылады.
Сөйлесу - екі адамның бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуі, яғни диалогтың
құрылуы. Екі адам арасындағы сөйлесулер белгілі бір мәтінді түзеді. Осындай
мәтін арқылы кейіпкерлердің қоршаған орта туралы мағлұматын, оның танымдық
сұранысын, яғни когнитивтік ой-өрісін бағамдауға болады. Сөйлеу актісіне
қатысу барысында кейіпкерлер әрдайым өзінің өмірлік тәжірибесіне, білім
қоры мен санасында қалыптасқан әлемнің біртұтас тұжырымдамасына сүйеніп,
сол арқылы өз ой-пікірін білдіреді. Адамның жеке басына тән когнитивтік
қабілеттері мен интеллектуалдық қасиеттері туралы Э.
Сүлейменова Сөйлеу актісі коммуниканттардың біреуіне не екеуіне де белгілі
сөз болатын жағдайдың негізінде құрылады. Тыңдаушы мен мәтін құрушы тіл
бірліктерінің арасында коммуникативтік қарым-қатынас белсенді түрде
сақталады, - дейді (10, 54 б.].
Профессор Г.И. Винокур (11] монологтың үш түрін:
- таза драмалық монолог;
- этикалық сипаттағы монолог;
- лирикалық монолог;
Академик В. Виноградов 4 түрін:
- сендірмелі реңктегі монолог;
- шешендік сөздің қарапайым формасындағы монолог;
- лирикалық монолог;
- драмалық және хабарлаушы сипаттағы монолог деп бөліп қарастырады.
Адамдар бір-бірімен сөйлесу үшін міндетті түрде сөзді қолданады. Сөзсіз
адамдар пікір алысып, тіл табыса алмайды. Осыған байланысты сөйлеу үрдісі
үш түрлі коммуникативтік бағытта жүзеге асады:
- сөйлеуші;
- тыңдаушы;
- сөйлеу жағдаяты мен орны.
Тіл мен сөйлеу бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болады. Тіл белгілі бір
жүйе құраса, сөйлеу соның іске асқандығының көрінісі болып табылады.
Зерттеушілер тілді ұзақ ғасырлар бойы белгілі бір ұлттың қалыптастырған
әлеуметтік, әрі ұзақ өмір сүре алатын, адам миымен, санасымен жасалынған,
адамдардың қарым-қатынасында бәріне ортақ психикалық процесс негізінде
қарастырып, ал сөйлеуді тұрақсыз, жеке-дара, әрі жиі өзгеретін, әркім өзі
дамытатын, автордың өз қолтаңбасы тұрғысынан бағалайды (12, 171 б.]. Яғни
қарым-қатынас жасаудың негізін ой мен сөз құрайды. Адам өз пікірін ойы,
білімі, сөздік қоры, өмірлік тәжірибесі арқылы екінші адамға жеткізеді.
Интенция құбылысы, психолингвистердің пайымдауынша, сөйлеушінің белгілі бір
ситуацияға қатысты айтар ойының мақсатты уәжі. Сызба арқылы түсіндіретін
болсақ, мынадай: уәж – қарым-қатынастың мақсаты – интенция. Белгілі бір
сөздің уәжі талап-тілектерден туатындығы баршаға мәлім. Уәжді талап-
тілектер қарым-қатынаста интенция арқылы көрінеді. Сөздік уәж қарым-қатынас
жасаудағы мақсатты сөйлеулер арқылы синтаксистік конструкциялар түзіп,
жүзеге асады.
Сөз жанрларының прагмастилистикасы теледидарлық диалог ұғымын
нақтылау үшін тілдік емес, яғни жиынтықтағанда сөз жанрларының
прагмастилистикасы негізгі критерийлерін құрайтын ситуациялық элементтер
ұсынылады:
а) диалог пен шоу аралығындағы байланыс;
Ақпараттық (диалог) және ойын-сауықтық (шоу-элементтер) бөліктер бір-
бірімен алмасып отырады. Осыған байланысты әңгіменің өзі бағдарламаның
басты, жігі ажырамас бір бөлшегі болып саналады. Бұрынғы сөз
прагмастилистикасыдағы теледидарлық диалог пен шоу-элементтерінің араласуын
білдіргендігі сияқты, сөз жанрларының прагмастилистикалық бағдарламаның
ойын-сауықтық бөлігі ендігі жерде диалогтың негізінде туындауы қажет.
Қазіргі телекөрермендердің талғамының өзгергендігі айрықша байқалады.
Теледидарлық бағдарламаларды музыкалық сүйемелдеумен жүргізу бастапқыда бір
керемет, ерекше қолданыс ретінде үлкен танымалдылықпен қолданылды. Ал қазір
музыкалық сүйемелдеулер клиптердің көптігінен және басқа да музыкалық
көріністердің басы артық болуына байланысты өз маңыздылығын жойып алды.
Теледидарлық пікірталастарда көбінесе әңгімелесушілерге қарай
бағытталып, олардың коммуникативтік кеңістігіне нұқсан келтірмейтін сөйлеу
қызметтері пайда болады. Түсіндіру және ақпараттандыру сөйлеу
қызметтері өз мақсаттарына сәйкес әңгімелесуге қажетті білім және ақпарат
беруге құрылады. Ал сұрау сияқты сөйлеу қызметі сөйлеушінің коммуникация
барысындағы серіктестерінен белгілі бір жетіспей отырған ақпараттық мәлімет
алуына бағытталып жасалады. Ал кейде сөз жанрларының прагмастилистикасы
тақырыбын ашу мақсатында қойылатын дәстүрлі сұрақтар да кездеседі. Мәселен,
Таң қалмаңыз бағдарламасында тақырыпқа сәйкес келген бағдарлама қонағына
өмірде таң қалған сәтіңіз болды ма, сізді не таң қалдырады, сіздің алғашқы
таң қалған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ток - шоу тікелей эфир арқылы миллиондаған көрермен жинай алатын бағдарлама
Пән атауы Қазақ тілі стилистикасы
Авторлық телебaғдaрлaмaлaрдың жaсaлу технологиясы
Қазақ кинематогрфиясының және кинодраматургиясы
Қазіргі қазақ деректі фильмі: әлеуметтік киноның ерекшелігі («Жетімдер қалашығы» атты фильм негізінде талдау)
Қaзaқ өнерінің телевизиядa нacиxaттaлуы
Қазіргі қазақ тележурналистикасының тілі
Мөлшер үстеулері
Республикалық телеарналар және олардағы авторлық телебағдарламалар әлеуеті
Шоу бағдарламалардың түрлері
Пәндер