Менеджмент, менеджмент түрлері



Менеджменттің мәні.
Қаржы менеджментінің мазмұны және міндеттері
Инновациялық менеджмент
Инновация классификациясы
Электронды бизнес және электронды коммерцияның түсінігі
Интернет бизнестің формалары
Қазақстан Республикасын модернизациялау жағдайындағы саяси менеджменттің ерекшелігі

Пайдаланған әдебиеттер
Менеджмент кәсіпорынды ұйымдастырудың принциптері (заң жағынан ) туралы, оны дамытудың стратегиясы (идеологиялық бөлігі) туралы, қызметтерді іріктеу (әлеуметтік жағы) туралы және олардың жұмысын оңтайландырудың тәсілдері (психологиялық бөлігі) туралы ілімдерді қамтитын кәсіпорынды тиімді басқару ғылымы.
Менеджментте басты нәрсе кез келген адамдық қарым-қатнастарға жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін іс жүзінде бөлу, анықтау және қолдану болып табылады.
Менеджмент тура мағынасында «адамдарды басқару» ұғымын білдіреді. Менеджменттің отаны болған АҚШ-та корпаративтік бизнеспен мүлікке билік жүргізуді жүзеге асыру бойынша міндетті заңға сәйкес өз мойнына алатын тұлғаны менеджер деп атайды. «Менеджмент» термині американдықтар үшін фирманың алға қойған мақсаттарна қол жеткізудегі материалдық және адамдық ресурстарды әлде қайда тиімді пайдалануды және интеграцияны қамтамасыз ететін процесті білдіреді.
Басқаша айтқанда, менеджмент – бұл нарық жағдайында фирманы және оның қызметкерлерін басқарудың теориясы мен іс тәжірибесі.
Менеджмент – нарықтық экономиканың қажеттіліктері мен жағдайына толығырақ жауап бере алатын басқару типі.
Менеджмент еркін кәсіпкерлік, бәсекелестік, экономикалық уәждеме (мотивация) жағдайларында туған нақты басқарудың өзінше тұжырымдамасында пайда болып, ресімделеді. Әміршілдік-әкімшілдік, технократиялық, жоспарлы-директивтік, өктемшілік (авторитарное) басқарулар оның қарсы түрлері болуы ықтимал.
Басқару типі ретінде менеджменттің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:
1.Адам, онвң қажеттіліктері, мүдделері, уәждері (мотивы), құндылықтары, нұсқамалары басқаруды ұйымдастырудың бастапқы сәті мен оны жүзеге асырушы болып табылады.
2.Басқарудың тәсілдемесінде, птинциптерінде және әдістерінде экономикалық құралдар мен басқару әдістеріне артықшылықтар беріледі. Бұл әсіресе маркетингте – тұтынушылардың мүддесін алдыңғы орынға қоятын басқаруда жиі білінеді.
3.Менеджермен қызметкерге қойылатын басты талап ретінде көрінетін кәсіби тұрғыдан басқару менеджментке тән. Менедже,р экономикалық және әлеуметтік – психологиялық білімдерді игеріп оқуы керек.
4.Ұйымдастыру ісінде менеджментке жағдайдың өзгеруіне қарай және инновациялық типті ұйымдастыруда, яғни жаңашылдыққа жылдам бейімделе алатындай басқаруды икемді ұйымдастыру тән.
1. Макаров С.Ф. Менеджер за работой.-М., моладая гвардия, 1989. (26 – 29 бет)
2. Руководитель коллектива. Наше общество сегодня и завтра. –Л., 1924-23 ст.(20 – 25 бет )
3. Бобрыщев Д.Н. Основные категориитеории управления. М.: 1988-189 ст.(30 – 35 бет )
4. Гвишиани Д.М. Организация и управление. М. Наука, 1972-535 ст. .(120 – 128 бет )
5. Оксфордский учебный словарь английского языка (А.С. Хориби – Оксфорд: Изд-во Оксвордского ун-та, 1974-англ. яз). .(13 – 15 бет )
6. Шағын кәсіпкерлікті басқару. О. Сәбден. А. Тоқтанова. «Білім». Алматы, 2002 ж. .(32 – 35 бет )
7. ҚР-сы Президентінің 1997 жылы 6 наурыздағы «Шағын кәсіпкерліктің дамуына мемлекеттік қолдау көрсетуді күшейту және белсендіру шаралар туралы» жарлығы Казахстанская правда. 1997ж. .(3 – 4 бет )
8. Экономика предприятия. В. П. Грузинов. В. Д. Грибов. Финансы и статистика. Москва, 2001г. .(12 – 18 бет )
9. Қазақстан экономикасы. К. Р. Нұрғалиев. «Қазақ университеті». Алматы, 1999ж. .(36 – 38 бет )
10. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік. «Экономика». Алматы, 2003г. .(28 – 35 бет )
11. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру. М. Қ. Баймұхашева. Оқу құралы. Атырау, 2004ж.(65 – 68 бет )
12. Кәсіпорын экономикасы. Г. Ө. Жолдасбаева. «Экономика». Оқу құралы. Алматы, 2002ж. (35 – 36 бет )
13. Кәсіпорын экономикасы. А. Қ. Мейірбеков. Қ. Ә. Әлімбетов. «Экономика». Алматы, 2003ж. .(45 – 48 бет )
14. З.Е. Старобинский «Как управлять персоналом». – 1997 г. .(50 – 55 бет )
15. В.В. Глухов «Основы менеджмента» - М., 2000г. .(26 – 28 бет)
16. К.Г. Ахметов «Өндіріс менеджменті» - Орал .2001г. .(40 – 48 бет )
17. В.Е. Герчикова «Менеджмент» -М:1998г. .(15 – 25 бет )
18. Акофф Р. Планирование будущего корпорации.— М’, 1985. Браков А.Е. и др. Можно ли управлять предприятием вместе?/Под ред. И.П. Фаминского и А.И. Наумова.— М., 1990. .(37 – 45 бет )
19. Виханский О. С., Наумов АЯ. Менеджмент: человек, стратегия, организация, процесс.— М., 1995. .(45 – 55 бет )
20. Виханский О.С., Наумов А.И. Практикум по курсу «Менеджмент»/Под ред. А.И. Наумова.— М., 1998. .( 75– 85 бет )
Шекшяя С.В. Управление персоналом современной организации.— М.,

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Менеджменттің мәні.
Қаржы менеджментінің мазмұны және міндеттері
Инновациялық менеджмент
Инновация классификациясы
Электронды бизнес және электронды коммерцияның түсінігі
Интернет бизнестің формалары
Қазақстан Республикасын модернизациялау жағдайындағы саяси менеджменттің
ерекшелігі

Пайдаланған әдебиеттер

Менеджменттің мәні.

Менеджмент кәсіпорынды ұйымдастырудың принциптері (заң жағынан )
туралы, оны дамытудың стратегиясы (идеологиялық бөлігі) туралы, қызметтерді
іріктеу (әлеуметтік жағы) туралы және олардың жұмысын оңтайландырудың
тәсілдері (психологиялық бөлігі) туралы ілімдерді қамтитын кәсіпорынды
тиімді басқару ғылымы.
Менеджментте басты нәрсе кез келген адамдық қарым-қатнастарға
жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін іс жүзінде бөлу, анықтау және
қолдану болып табылады.
Менеджмент тура мағынасында адамдарды басқару ұғымын білдіреді.
Менеджменттің отаны болған АҚШ-та корпаративтік бизнеспен мүлікке билік
жүргізуді жүзеге асыру бойынша міндетті заңға сәйкес өз мойнына алатын
тұлғаны менеджер деп атайды. Менеджмент термині американдықтар үшін
фирманың алға қойған мақсаттарна қол жеткізудегі материалдық және адамдық
ресурстарды әлде қайда тиімді пайдалануды және интеграцияны қамтамасыз
ететін процесті білдіреді.
Басқаша айтқанда, менеджмент – бұл нарық жағдайында фирманы және оның
қызметкерлерін басқарудың теориясы мен іс тәжірибесі.
Менеджмент – нарықтық экономиканың қажеттіліктері мен жағдайына
толығырақ жауап бере алатын басқару типі.
Менеджмент еркін кәсіпкерлік, бәсекелестік, экономикалық уәждеме
(мотивация) жағдайларында туған нақты басқарудың өзінше тұжырымдамасында
пайда болып, ресімделеді. Әміршілдік-әкімшілдік, технократиялық, жоспарлы-
директивтік, өктемшілік (авторитарное) басқарулар оның қарсы түрлері болуы
ықтимал.
Басқару типі ретінде менеджменттің негізгі белгілеріне мыналарды
жатқызуға болады:
1.Адам, онвң қажеттіліктері, мүдделері, уәждері (мотивы),
құндылықтары, нұсқамалары басқаруды ұйымдастырудың бастапқы сәті мен оны
жүзеге асырушы болып табылады.
2.Басқарудың тәсілдемесінде, птинциптерінде және әдістерінде
экономикалық құралдар мен басқару әдістеріне артықшылықтар беріледі. Бұл
әсіресе маркетингте – тұтынушылардың мүддесін алдыңғы орынға қоятын
басқаруда жиі білінеді.
3.Менеджермен қызметкерге қойылатын басты талап ретінде көрінетін
кәсіби тұрғыдан басқару менеджментке тән. Менедже,р экономикалық және
әлеуметтік – психологиялық білімдерді игеріп оқуы керек.
4.Ұйымдастыру ісінде менеджментке жағдайдың өзгеруіне қарай және
инновациялық типті ұйымдастыруда, яғни жаңашылдыққа жылдам бейімделе
алатындай басқаруды икемді ұйымдастыру тән.
5.Менеджмент менеджменттің жеке басына қойылатын талаптардың кешенін
танытуы керек. Олардың ішіндегі негізгілері-тапқырлық, байланысқа
бейімділік (коммуникабельность), сенімділік. Менеджменттің басқару өнерімен
қатар қойылатыны кездейсоқ емес.
Менеджменттің мыналарды қамтамасыз ететін ең маңызды деп саналатын
сәттерін бөліп көрсетуге болады:
- еңбек өнімділігін арттыру;
- бәсекеге жарамдылық;
- тұтынушыға бағдарлану (маркетинг);
- іс-әрекетте еркін болу әрі ереже бойынша жұмыс істеу.
Басқару процесі кез келген ахуалға ғылыми тәсілдемені қолдану өнері
болып табылады. Менеджмент әрдайым жағдайларға қарай басқаратын ахуалдық
басқаруды білдіреді.
Менеджментте бастысы – ең алдымен кәсіпорынның мүддесін көздейтін
нақты мақсаттарды (ұзақ мерзімді, алдағы кезендік және ағымдық) белгілейді.
Ескі стилді ұсынатын кәсіпорын басшыларынан менеджерлердің басты,
яғыни принциптік айырмашылығы, міне, осында.
Жеке кәсіпорынмен тұтас экономиканың экономикалық жағдайы түпкі
есебінде үш негізгі факторлармен анықталады:
- техника мен технологияның деңгейі;
- жұмысшы күшінің сапасы және еңбек уәждемелерін кеңінен пайдаланылуы;
- өндірісті ұйымдастыру және басқару )менеджмент).
Менеджменттің жағдайы техникамен технологияның деңгейіне, жұмысшы
күшінің сапасына әсер етеді. Осы заманғы менеджмент – бұл экономикалық
қатнастардың ерекше саласы.Аса көрнекті экономист Альфред Маршалл (1842-
1924 ж.ж.) басқаруды үш дәстүрлі – капиталмен, еңбекпен және жермен қатар
өндірістің жеке факторы ретінде бөліп көрсетуі тегін болмаса керек.
Техника мен жаңа технологияның дамуы өндіріс ауқымының өсуі басқаруды
қиындатып, оны арнайы білімді талап ететін ерекше қызмет түріне
бөлді.Мәселені шешу қажеттілігі тәжірибені белсенді түрде байытуға, өндіріс
пен еңбекті басқарудың тиімді әдістерін іздеструге, басқару ғылымының пайда
болуына әкеп соқты. (Басқару тәжірибесін жүйелеуге талпыныс Англияда ХІХ
ғасырдың басында орын алды. Басқару бойынша алғашқы оқулық – математика,
инженер профессоры, ағылшындық кәсіпкер Ч.Бебиджаның “Экономика машин и
производства” (1832 ж) атты кітабы болды.)
Бұл анықтамадан бөлек басалардың көптеген анықтамалары бар. Оның
біреуі менеджментті адамдармен қалай қарым-қатнас жасаудың тәсілі ретінде,
билік және басқару өнері ретінде, ептілік және әкімшілік машық
(административные навыки) және т.б. ретінде қарастырады.
Менеджмент анықтамасы менеджер қызметінің мазмұны тікелей байланысты.
Танымал америкалық менеджер Ли Якокка “Карьера менеджера” кітабында
адамдармен қарым-қатнас жасай білу, олардың мінез-құлқын танып, жұмысқа
ынталарын ояту, басқаларға тапсырма берудің тәсілдері сияқты оның негізгі
элементтерін бөліп көрсетеді. Осы заманғы басқару ғылымы – пән аралық
болады. Басқарудың әрбір функциясы айрықша ғылымға жатады: индустиялық
социология, инженерлік социология, әлеуметтік психология, әлеуметтік
инженерия және т.б. Шетелдегі менеджменттің дамуы басқарудың нарықтық
тұжырымдамасын тудырған басқару теориясы мен маркетинг теориясын
біріктірді.
Менеджмент мәселелерімен бүгінгі таңда әр түрлі білім саласының
мамандары – математиктерден антропологтарға дейін айналысады.

Қаржы менеджментінің мазмұны және міндеттері

Нарықтық экономика және бәсекелестіктің дамуы жағдайларында
кәсіпорындардың қаржылық менеджментінің ролі мен міндеттері ең маңызды
мәселердің бірі болып отыр. Кәсіпорынның табыстылығы, бәсекелестік
жағдайлардағы өміршеңдігі, қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігі
мәселелері қаржы менеджментінің негізгі басқару объектісі болып табылады.
Отандық экономикалық теорияда және тәжірибе жүзінде кәсіпорын қызметін
стратегиялық басқару мәселелері әлі де болса жеткіліксіз қарастырылып
келеді. Мұның басты себебі – еліміздегі экономикалық бетбұрыстардың
басталуына дейін стратегиялық басқару мемлекеттің өз қолында болып келді.
Мемлекет өзінің экономикалық саясаты шеңберінде елдің дамуы мен келешегінің
стратегиясын қалыптастырып, салалар мен кәсіпорындардың өзекті стратегиялық
мақсаттарын анықтап келді. Алайда, нарықтық қатынастардың қалыптасуы және
дамуы бәрін де өз орнына қойды. Қазіргі таңда кәсіпорындардың өміршеңдігі,
табыстылығы, бәсекелестікке жарамдылығы өз қолдарында, яғни олардың өз
қаржылық және шаруашылық жағдайын нығайту кәсіпорынның қаржы менеджментінің
стратегиялық міндеті балып табылады.
Жалпылай айтқанда қаржы менеджменті дегеніміз – бұл кәсіпорынның табыс
табудың және өндірісті дамытудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін
қажетті ақша ағындарын қамтамасыз етумен, қаражаттар мен ақша қорларын
қалыптастырумен және қолданумен байланысты кәсіпорындардың басқару қызметі
болып табылады.
Қаржы менеджментінің қызметтерінің түрлерін келесідей тәртіп бойынша
бір жүйеге келтіруге болады:
жоспарлау – стратегиялық, оперативтік және ағымды қаржылық жоспарлауды,
түрлі шараларға сметалар мен бюджеттер құруды қамтиды;
баға саясатын анықтауға және өнімді сату жоспарын құруға қатысу;
өзге кәсіпорындармен қосылу немесе бөліну нәтижесінде мүмкін болатын
капитал құрылымының өзгеруін бағалау;
қаржыландыру көздерімен қамтамасыз ету: қысқа және ұзақ мерзімді
қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздерін іздестіру; олардың оңтайлы
құрылымын қалыптастыру;
қаржы ресурстарын басқару: есеп шоттардағы және кассадағы ақша қаражаттарын
басқару; құнды қағаздар қоржынын басқару; қарыз қаражаттарды басқару;
қаржылық есеп, бақылау және талдау: есеп саясатын қалыптастыру; қаржылық
есеп беру түріндегі ақпараттарды өңдеу және пайдаланушыларға ұсыну;
қаржылық нәтижелерді талдау және сараптау; есептік көрсеткіштерді жоспарлық
және стандарттық көрсеткіштермен салыстыру; кәсіпорын ішіндегі аудит.
Аталған қызметтерді жүзеге асырудың нақты нысандары мен әдістері
кәсіпорынның қаржылық саясатымен анықталады. Қаржылық саясат кәсіпорынның
өз қызметін жүзеге асыру мақсатында қаржы ресурстарын басқару үшін
қолданатын шаралардың жиынтығы болып табылады және келесідей элементтерді
қамтиды:
есеп саясаты;
несие саясаты;
инвестициялық саясат;
ақша ағындарын басқару саясаты;
шығындарды басқару саясаты;
дивидендтік саясат.
Есеп саясатын мемлекеттік бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға және
бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес қалыптастыру қажет. Қазақстан
Республикасында бұл тұрғыда негізгі құжат ретінде Қазақстан Республикасы
Президентінің Заңдық күші бар Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру
туралы 1995-жылдық 25-желтоқсанында қабылданған Жарлығы және Бухгалтерлік
есеп стандарттары қарастырылады.
Несие саясаты шеңберінде кәсіпорынның айналым қаражаттарымен қамтамасыз
етілуі шаралары қарастырылады – меншікті айналым қаражаттарының көлемін
және қарыз қаражаттарға мұқтаждылықты анықтау. Ұзақ мерзімді несиелерді
тарту қажет болған жағдайларда кәсіпорынның капитал құрылымы және қаржылық
тұрақтылығы зерттеледі.
Инвестициялық саясат барысында меншікті және тартылған қаражаттарды
тиімді орналастыру шаралары қарастырылады.
Ақша қаражаттарын басқару саясаты кәсіпорынның есеп шоттарындағы
қаражаттардық қалдықтарын оңтайландырумен, қаражаттардың есеп шоттарға
келіп түсуі және олардың қолданылуы уақыттарының аралығын азайтумен, есеп
айырысудың түрлі нысандарын қолданумен, дебиторлық қарызды инкассациялаумен
байланысты болады.
Шығындарды басқару саясаты шығындардың барлық элементтері бойынша
сметалар (жоспарлар) құру және олардың қолдануды тиімді бақылау арқылы
жүзеге асады.
Дивидендтік саясат кәсіпорын иелерінің және акционерлері мен
менеджерлерінің мүдделерін бірдей деңгейде қорғауға, сондай-ақ кәсіпорын
акцияларының, яғни бизнестің құнын арттыруға арналған. Дивидентік саясаттың
келесідей нұсқалары мүмкін:
дивидендтер табыстан бірқалыпты пайыз ретінде бөлініп отырады. Бұл әдістің
артықшылығы – қарапайымдылығы. Кәсіпорын табысы артқан сайын акционерлердің
де дивидендтік табыстары арта түседі. Сәйкесінше, табыс төмендеуімен
дивидендтер де төмендей бастайды;
тіркеулі дивидендтік төлемдер саясаты – дивидендтер әрбір акцияға тіркеулі
мөлшерде төленеді. Артықшылығы – нарықтық ауытқуларды реттеп отыратын
қарапайымдылығы; кемшілігі – кәсіпорын табысы төмендеген жағдайда кәсіпорын
табыссыз қалады;
кепілді минимум және экстра дивидендттік төлемдер саясаты;
дивидендерді капиталдандыру – дивидендтерді акциялар түрінде төлеу. Мұндай
саясат кәсіпорын қаржылық қиындықтарға душар болған жағдайда қолданылады.
Қаржы менеджментінің негізгі міндеті – қаржыны басқарудың кәсіпорынның
стратегиялық және ағымды мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған тиімді
жүйесін қалыптастыру болып табылады. Нақты бір кәсіпорынның қаржыны басқару
жүйесі көптеген факторларға байланысты болады: меншіктік нысанына, ұйымдық-
құқықтық дәрежесіне, салалық және технологиялық ерекшеліктеріне, капитал
көлеміне.
Қаржыны басқару барысында көптеген әдістер қолданылады, солардың
ішіндегі негізгілері: болжамдау, жоспарлау, салық менеджменті, сақтандыру
және өзін-өзі сақтандыру, несиелеу, баға саясаты және қаржы құралдарын
қолдану (лизинг, факторинг).
Кез-келген қаржыны басқару жүйесінің қызмет етуі қолданыстағы
заңнамалық актілер мен нормативтік негіздер шеңберінде іске асады. Мұндай
құжаттар заңдар мен Президенттің жарлықтарынан бастау алып, әдістемелік
нұсқаулармен аяқталады. Сондай-ақ бухгалтерлік есеп берудің қаржылық
сипаттағы ақпараттары, тауар және қор биржаларының ақпараттары, несие
жүйесінің ақпараттары қолданылады.
Сонымен, кәсіпорынның қаржысын басқару осы саладағы маманнан
стратегиялық және ағымды мәселерді шешу үшін терең білімді және жоғары
біліктілікті қажет етеді.

Инновациялық менеджмент

Елдің бәсекелестік қабілеті, ұлттық және экономикалық қауіпсіздігі
технологиялық бәсекелеске қабілетімен ұлттық инновациялық мүмкіндіктеріне
байланысты. Технологиялық бәсекеге қабілеті екі аспектке тәуелді:
біріншісі, технологиялық инновациялармен трансферт болса, екіншісі, түрлі
қатынастарда технологияларды қолдану. Бірақ, бүгінгі күнде инновацияны
зерттеу, меңгерумен кәсіпорындардың 10%-ы ғана айналысады.Мұның басты
себебі-мамандар аздығы. Инновация нарыққа ену үшін инновациялық жобалардың
тиімділігін арттыру әдістерін жақсы меңгерген білімді мамандар қажет.
Дәл осы себеппен Инновациялық менеджмент курсы жас мамандарды дайындау
бағдарламасына әлеуметтік-экономикалық жүйенің дамуымен басқарылуы,
функциялануының қажеттілігі туралы түсінікті қалыптастыру үшін және
инновациялық басқару саласындағы білім беруге шақыратын ең маңызыды әрі
арнайы ұйымдастырылған курс ретінде енгізілген. Ол басқару теориясының,
менеджменттің басты жағдайларының бөлщегі әрі жалғасы болып табылады.
Ол басқару шешімдерін жасауды , инвестициялық, өндірістік менеджмент сияқты
басқа да салаларымен және басқару кезеңдерінің тәртібімен байланысты.
Оның басты мақсаттары: басқаруға шығармашылық жағынан келу түсінігін,
жобаларды жасаумен жетілдіру бастамаларын, даму критерйилері бойынша
басқару объектілері ретінде өндірістік жүйелер диагностикасы, жаңалықтарға
қажеттіліктерді анықтау, жүйелердін жетілдірілуінің мүмкіндіктерімен
қажеттіліктері туралы түсінәкті қалыптастыру.
Инновациялық менеджмент тек техникалық және технологиялық жаңа енгізулерді
шолып өтпей, менеджер іскерлігімен көбірек байланысты-әлеуметтік,
экономикалық жаңа енгізулердіде оқытуды мақсат етеді. Себебі ол басқарудың
прогрестік түрлерінде де қолданылады.
Инновациялық менеджмент курсы тек белгілі аналитикалық; диагностикалық
басқару кезіндегі жобалық жұмыстары туралы түсініктер беріп қана қоймай;
өзгерістерге бағыт; жаңа енгізулерді қабыл ала алуы сияқты маман
белгілерін қалыптастыруда үлкен рөл алады. Оқулық инновация менеджментпен
айналысатын студенттер, магистрлар, мамандарға арналады.
Инновациялық менеджмент теориясы.
1. Инновация, жаңа құбылыс, жаңа енгізулер туралы түсінік.
Көптеген тарихшылар айтуынша инновация термині XV ғасырда Англияда
innovation заттар жасаудың жаңа әдістері деген мағынада пайда болған.
XIX ғасырда бұл термин мәдениет танушылар қолданысына болды. Ол бір
мәдениет элементтері екіншісіне енуін білдірді. Ал экономикаға XX ғасырда
австралия ғалымы Й.Шумпетером енгізді.Ол мынанадай анықтама берді:
Өндіріске жаңа тауар түрлері, жаңа өндіріс құралдары, нарық және ұжымның
жаңа түрлерін енгізу және қолдану мақсатындағы өзгерістер. Уақыт өте келе
инновацияны шығармашылық жұмыс нәтижесінде саудада қолданды.оны бәсекеге
қабілетті тауар ды жасап, тарату деп түсіне бастады.
Жаңа құбылыс-бұл қолданбалы,орнықты зерттеулер зерттеулер, жобалар
тиімділігін арттыру мақсатында кез-келген іс саласындағы сынақ жұмыстардың
ресімделген нәтижесі. Жаңа құбылыстар ашылулар, патенттер, тауар белгісі,
рационализаторлық ұсыныстар, басқару және өндірісті процес, өнімге
жүргізілген құжаттар, ноу-хау, ғылыми қатынастар, құжаттар(стандарт,
әдістеме, қолдану ережелері)ретінде ресімделуі мүмкін.
Белгілі бір сатыға дейін дамыған жаңа құбылыстар жаңа енгізілулерге
айналады. Енгізілгеннен кейін практикалық қолданысқа түседі. Осы сатыда ол
экономикалық нәтиже бере бастайды. Жаңа енгізулер көпшілікке қолданылысқа
берілгеннен кейін, инновацияға айналады. Осылайша инновация-басқарылатын
объектінің өзгеруін және одан экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, ғылыми
техникалық, нәтиже алу мақсатында енгізілген жаңа құбылыс нәтижесі.
Инновацияны псевдоинновациямен шатастыруға болмайды.
Псевдоинновация-өз негізінде ескірген технологиялар, қоғамдық
жүйелер,институттар өмірін жақсартуға және ұзартуға жұмылдырылған
тапқырлықтың жалған түрлерін көрсететін категория., ол кей жағдайларда
ескірген институттар өмірін ұзартуу мүмкін. Бірақ көбінесе, әрекет
ескілігімен қоғам процесін тоқтатады.Псевдоинновация әдетте, кетіп бара
жатқан жүйе өмірінің аяққы фазасы ретінде қарастырылады. Бұл кезде өз
маңызын жоғалтып, орнына келген жаңа жүйеге қарсыласуға әрекеттенеді.
Көп жағдайда инновация ұғымы оның жасалуын, енгізілуін шолып өтеді. Бұл
дұрыс емес түсінік , себебібұл кезеңдер инновация қызметіне жатады және ол
жаңа құбылыспен жаңа енгізулердің нәтижесі деп қарастырылуы керек,
Қазақстан Республикасының инновациялық қызмет жайлызаңында инновация
ретінде экономикалық ай налымда қолданылатынжаңа не болмаса өңделген
технология және тауар, іске асырылған зиялы талант еңбек нәтижесі қаралады.
Иннновациялық енгізгеннен ғылыми техникалық, экономикалық, әлеуметтік,
экологиялық сияқты көптеген әсерлер түрлері пайда болуы мүмкін.Олардың
барлық түрлері бір бірімен байланысты болса да,инновацияның барлық
түрлерінде кездесе қоймайды.
Инновациялық жүйенің басты құраушылары ретінде ғылыми
потенциал,инновациалық кәсіпкерлік,инновациалық инфоқұрылымды
қарастырамыз.Ғылыми потенциал жаңа білім алудың басы сияқты бастапқы өңдеу
жұмыстарын коммерциялық қолдануға апаруды ұйымдастыратын қолданбалы
зерттеулердің дамушы саласын құру жолымен инновацианың дамуының басты
жағдайы болып табылады.Инновациалық кәсіпкерлік бірнеше кәсіпорын атынан
бәсекелеске қабілетті,жоғарғы сұранысқа ие тауардың топтамалық шығарылуын
қамтамасыз етеді.Көпсатылы инновациалық инфоқұрылым бір бірімен байланысты
өндірістік консалдинктік білім беруші және ақпараттық құрылмдар кешені.
Олар инновациялықіскерлікке жағдай жасап, күтуге бейімделген, Қаржылық
инфоқұрылым мемлекеттің инновациялық кәсіпкерлігімен инфоқұрылымдықтура
және жанама қолданысқа ие болған түрлі механизмдердің үйлесуіне негізделген
инновациялық технологиялық даму саласындағы ғылым өндірістік және білім
беру процесстерін кешенді қаржыландыруды іске асырады
2. Инновация классификациясы
Иннрвация туралы әдебиеттерде оның көп түрлері берілген. Солардың көп
кездесетіндері:
1.Үлгісіне байланысты материалды техникалық,әлеуметтік болып бөлінеді,
Экономикалық мақсатқа жетуіне байланысты материалдық техникалық
инновациялар өзіне өнімді иннвациялары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджмент пәнін оқытуда дамыта оқытудың тиімділігі
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Менеджмент - басқарудың жаңа әдісі
Педагогика және психология мамандығына арналған Психологиялық менеджмент
Менеджменттің түрлері
Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері
Пәннің студенттерге арналған жұмыс оқу бағдарламасы «менеджмент» пәні бойынша
БАСҚАРУШЫЛЫҚ ОЙЛАР ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІН КӘСІПОРЫНҒА ЕНГІЗУ
Басқарудағы диагностикалық әдіс
Пәндер