Қазақстан тарихы. Дәрістер курсы
1. Кіріспе.
2. ЕРТЕ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
3. ҚАЗАҚСТАН ОРТА ҒАСЫРЛАРДА
4. Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (ҮІ . Х ғғ.).
5. Түрік қағанаты (552.603 жж.).
6. Дамыған ортағасырлардағы мемлекеттер (ХІ ғ. басы . ХІІ ғғ.).
7. Қазақстан моңғол жаулаушылығы дәуірінде (ХІІІ ғ.).
8. Алтын Орда (1243 ж..ХҮ ғ. ортасы)
9. ХІҮ.ХҮ ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер Көк Орда мен Ақ Орда мемлекеттері.
10. ХҮ . ХҮІ ғғ. Қазақ хандығы.
11. ХҮІІ ғ. және ХҮІІ ғғ. басындағы Қазақ хандығы.
12. Қазақстанның ХІҮ ғасырмен ХҮІІІ ғ. бас кезіндегі мәдениеті.
13. ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН (ХҮІІІ . ХХ ғғ.)
14. ХҮІІІ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстан.
15. ХІХ ғасырдағы және ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік . экономикалық, саяси дамуы.
16. ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
17. 1917 ж. Ресейдегі Қазан төңкерісі, оның алғышарттары.
18. Азамат соғысы (1918 . 1920 жж.) халық трагедиясы.
19. Қазақ кеңестік мемлекеттілігінің құрылуы.
20. Қазақстандағы «Соғыс коммунизм» саясаты (1918 . 1921 ж. наурыз).
21. Қазақстандағы ЖЭС.
22. Индустрализациялау: сипаты, қарқыны, масштабы.
23. Қоғамдық . саяси ситуация.
24. Қазақстан 1941.1945 жж. Ұлы Отан соғысы дәуірінде.
25. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946 . 1953 жж.)
26. Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953 . 1964 жж.)
27. Қазақстан 1960 ж. екінші жартысы мен 1980 жылдар . бірінші жартысында.
28. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985 . 1991 жж.)
29. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы.
30. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы.
31. Тәуелсіз Қазақстан
32. Қазақстанның сыртқы саясаты.

Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін ата тарихымыз бен мәдени құндылықтарымызды ыждағаттылықпен қайта зерттеуге кірістік. Азаттықпен келген шығармашылық бостандық тарих ғылымында да түбейгелі өзгерістерге жол ашты. Жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәнін оқытуға ерекше мән беріле бастады. Өйткені, тарих - ғылым мен пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады. Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің, ата-бабаларының тарихын біліп, оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы тиіс.
Дүние жүзінің атақты ойшылдары мен ғалымдары тарихтың қоғамдағы алатын орнына жоғары баға берді. Мәселен, Әбу-Насыр әл-Фараби: «Тарихты білмей - өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын», - десе, Н. М. Карамзин: «Тарих әрбір ұлттың ең басты кітабы», - дейді. Ал Н. Г. Чернышевский: «Тарихты ақыл-иесі толық дамымаған адам ғана сүймеуі мүмкін», - десе, бұл ойды XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ ғылымы мен білімінің хан тәңірісі А. Байтұрсынов былай деп жалғастырады: «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы – тарих».
Тәуелсіз Қазақстан жағдайында оның мемлекеттік мүддесіне сай халықтың тарихи санасын қайта қалыптастыру елдің айқын келешегі мен ұрпақтар сабақтастығы үшін аса маңызды екені белгілі. Бұл тұрғыда тарих ғылымының атқарар рөлі де, көтерер жүгі де, елдің ұлттық нышанын, тарихи дәстүрі мен мәдениетін сақтап, келер ұрпаққа жеткізу жауапкершілігі де зор.
Кеңес дәуірі жылдарында Қазақстан тарихын зерттеп, жазудың мақсаттары мен тақырыптық жүйесі КСРО тарихының мүддесіне бағындырылып, таптық қоғам мұраттарына сәйкес белгіленген шеңберде ғана жүргізіліп келді. Қазақ халқының, кала берді, бүкіл Республиканың тарихы, әлемдік тарихи эволюция үрдісінен тыс, көш соңында қалған шалғай елдің тарихы ретінде қарастырылды. Қазақ халқының аса бай мәдени және тарихи мұрасы, көшпелі өркениеттің дүние жүзілік тарихта атқарған рөлі жете бағаланбады. Дүние жүзілік мәдениетінің дамуы тек отырықшы өмір салтына және шаруашылық жүргізуге байланыстырылды. Адамзат тарихы мен техниканың барлық жетістіктері европалық өркениетке ғана телінді. Екіншіден, Қазақстан тарихын шындап зерттеу тек кеңес дәуірінде ғана қолға алынды деп саналып келді. Сөйтіп, тоталитарлық СОКП идеологиясының ыңғайына қарай бейімделіп, қазақ қоғамының тарихи ой-жүйесінің дамуындағы сабақтастық жасанды түрде бұзылды. Осының нәтижесінде орта ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың тарихына байланысты жазылған шығармалар, XVIII-XIX ғасырлардағы авторлардың жазғандары, тіптен бертінде өмір сүрген, ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың зиялы қауымы өкілдерінің шығармалары есепке алына бермеді.

Дәрістердің қысқаша конспектісі.
1 дәріс. Кіріспе.
Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін ата тарихымыз бен мәдени
құндылықтарымызды ыждағаттылықпен қайта зерттеуге кірістік. Азаттықпен
келген шығармашылық бостандық тарих ғылымында да түбейгелі өзгерістерге жол
ашты. Жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәнін оқытуға ерекше мән
беріле бастады. Өйткені, тарих - ғылым мен пән ретінде аса маңызды
білім саласына жатады. Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің, ата-
бабаларының тарихын біліп, оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп
қорытынды жасауы тиіс.
Дүние жүзінің атақты ойшылдары мен ғалымдары тарихтың қоғамдағы алатын
орнына жоғары баға берді. Мәселен, Әбу-Насыр әл-Фараби: Тарихты білмей -
өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын, - десе, Н. М.
Карамзин: Тарих әрбір ұлттың ең басты кітабы, - дейді. Ал Н. Г.
Чернышевский: Тарихты ақыл-иесі толық дамымаған адам ғана сүймеуі
мүмкін, - десе, бұл ойды XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ ғылымы мен
білімінің хан тәңірісі А. Байтұрсынов былай деп жалғастырады: Сөздің ең
ұлысы, ең сипаттысы – тарих.
Тәуелсіз Қазақстан жағдайында оның мемлекеттік мүддесіне сай халықтың
тарихи санасын қайта қалыптастыру елдің айқын келешегі мен ұрпақтар
сабақтастығы үшін аса маңызды екені белгілі. Бұл тұрғыда тарих ғылымының
атқарар рөлі де, көтерер жүгі де, елдің ұлттық нышанын, тарихи
дәстүрі мен мәдениетін сақтап, келер ұрпаққа жеткізу жауапкершілігі де зор.
Кеңес дәуірі жылдарында Қазақстан тарихын зерттеп, жазудың мақсаттары
мен тақырыптық жүйесі КСРО тарихының мүддесіне бағындырылып, таптық қоғам
мұраттарына сәйкес белгіленген шеңберде ғана жүргізіліп келді. Қазақ
халқының, кала берді, бүкіл Республиканың тарихы, әлемдік тарихи эволюция
үрдісінен тыс, көш соңында қалған шалғай елдің тарихы ретінде
қарастырылды. Қазақ халқының аса бай мәдени және тарихи мұрасы, көшпелі
өркениеттің дүние жүзілік тарихта атқарған рөлі жете бағаланбады. Дүние
жүзілік мәдениетінің дамуы тек отырықшы өмір салтына және шаруашылық
жүргізуге байланыстырылды. Адамзат тарихы мен техниканың барлық
жетістіктері европалық өркениетке ғана телінді. Екіншіден, Қазақстан
тарихын шындап зерттеу тек кеңес дәуірінде ғана қолға алынды деп саналып
келді. Сөйтіп, тоталитарлық СОКП идеологиясының ыңғайына қарай
бейімделіп, қазақ қоғамының тарихи ой-жүйесінің дамуындағы сабақтастық
жасанды түрде бұзылды. Осының нәтижесінде орта ғасырлардағы түркі тілдес
халықтардың тарихына байланысты жазылған шығармалар, XVIII-XIX ғасырлардағы
авторлардың жазғандары, тіптен бертінде өмір сүрген, ХХ ғасырдың бас
кезіндегі қазақтың зиялы қауымы өкілдерінің шығармалары есепке алына
бермеді. Қазір ол еңбектер бағзы заманды бүгінгі күннің терең
өзгерістерімен байланыстыратын дәнекер есебінде бағаланады.
Тарих дегеніміз - халықтың зердесі. Ол болып өткен, оны түзете алмайсың
және оның бір түсін екіншісімен ауыстырып, жаңадан жаза алмайсың. Біз оны
бүкіл қайшылықтарымен және қайғылы беттерімен қоса, ол қандай болса нақ
сондай, бүкіл алуан түрлі, тұтас күйінде қабылдауға тиіспіз.
Өткеніміз бен бүгініміздің, тапқанымыз бен жоғалтқанымыздың тағылымын
түйіндеуге Елбасымыз Н.Назарбаевтың өзі мән беріп, 1999 жылы Тарих
толқынында деген еңбегін жариялады. Қазақстанның сана-сезімі, - деп
тұжырымдайды Президентіміз Н.Назарбаев, - өткендегі, қазіргі және
болашақтағы тарихтың толқынында өзінің ұлттық МЕН дегізерлік қасиетін
түсінуге тұнғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр... Бірақ бұл мүмкіндік
қана: ол шындыққа, тек қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың
жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет. (Назарбаев Н. Тарих
толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. Б. 292-293)
Соңғы жылдары қоғамдағы өзгерістермен бірге тарих ғылымында да маңызды
бетбұрыстар болып жатыр. Қазақстан тарихының ең елеулі ақтаңдақтары
жойылып келеді. Қазақстан Республикасының Президент жанындағы
Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес қабылдаған Қазақстан
Республикасының тарихи санасын қалыптастыру тұжырымдамасында атап
өтілгендей, өткенді және қазіргіні ой елегінен өткізу қажеттігі
Қазақстанның, оның халқының тарихи тағдырына талдау жасауды жандандырып,
тереңдете түсуді мейлінше талап етеді.
Қоғамның обьективті тарих біліміне ынта-ықыласы мен қажеттігін,
Қазақстан тарихы үрдісінің үздіксіздігін, қазақ халқы тарихы мен
мәдениетінің ежелден бастап қазіргі күндерге дейінгі сабақтастығын жаңа
айқындамалар түрғысынан ашып көрсету - бүгінгі жас ұрпақты
отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеудегі алдымызда тұрған аса маңызды
міндеттердің бірі. Сондықтан да Қазақстан тарихының курсы жеке пән есебінде
жоғарғы оқу орындарындағы барлық мамандықтардың оқу жоспарларына
енгізілген.
Қазақстан тарихының көне дәуірден бастап қазіргі кезеңге дейінгі
тарихын зерттеу студент жастар алдында қоғамның дамуы туралы ғылыми
түсінік қалыптастыру үшін, дүниетаным тұрғысынан адамзат өркениетінің мол
байлығына қатысты пікір түю үшін, өз халқымыздың тарихын барлап, оның
мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін игеру үшін аса маңызды қызмет атқарады.
Курстың негізгі міндеті студент қауымының Қазақстан тарихын қазақ
мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде игеруі болып табылады.
Тарих ғылымы - қасиетті ғылым. Ол бұра тартуды да, әсіресе бояуды да,
ақсақты тыңдай, өтірікті шындай соғуды да көтермейді. Оның өлшемі -
шындық, ақиқатқа жүгіну.
ЕРТЕ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
2 – 4 дәріс.
Қазақстанның ежелгі тарихы: тас ғасыры (б.з. б. 2,6 млн. ж. – б.з.б. 3
мың ж.). Азамат тарихы әр түрлі әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына
байланысты үлкен кезеңдерге бөлінеді. Археологияда адамзат тарихы өзіндік
кезеңдерге бөлінген: тас ғасыры, қола және темір ғасырлары.
Алғашқы адам басқа ірі жыртқыштарға қарағанда әлсіз болды, өйткені
адамның күшті тістері мен тырнақтары болған жоқ. Оның есесіне алғашқы
Гоминидтер еңбек құралдарын жасау мен қолдану арқылы сол әлсіздіктерін
білдірмеді. Тас ең ұзақ қолданылған құрал болды, ол осыдан б.з.д. 2,5 млн.
жыл бұрыннан б.з.д. 5 мың. жылға дейін адамзат техникасында басты орын
алды. Бұл кезеңді археологтар тас ғасыры деп атап, оны екі кезеңге бөледі:
Палеолит (ерте тас ғасыры) және Неолит (жаңа тас ғасыры). Олардың
арасындағы өтпелі кезеңді Мезолит (орта тас ғасыры) деп атады. Өз кезегінде
палеолит те екіге бөлінеді: төменгі (б.з.д. 2 млн. ж.– б.з.д. 40 мың ж.)
және жоғарғы (б.з.д. 40 мың ж. – б.з.д. 12 мың ж.).
Ең көне бастапқы замандардағы адамдардың өмірі туралы түсінік
қалыптастыру үшін, олардың тіршілігін, олардың мекенін, еңбек құралдарын,
тамақ қалдықтарын, жануарлардың сүйек қаңқаларын зерттеп білу қажет болды.
Сондай-ақ, этнографиялық мәліметтердің де мәні зор. Ол мәліметтер ең көне
замандардағы адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің кейбір
қырларын тура түсінуге мүмкіндік туғызады. Дегенмен, негізгі мәліметті,
бастапқы адамдық қоғамның жалпыға ортақ материалы – тастан жасалған еңбек
құралдары береді.
Тарих ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – адамзат қоғамының даму
тарихын кезеңдерге бөлу. Кезеңдер – бұл қоғамдық даму барысында бірін-бірі
ауыстырып отырған дәуірлерді анықтау. Дәуірлерді анықтауда қоғамдағы
негізгі үдемелі өзгерістерді қамтасыз ете алатын факторлар алынады.
Тарих ғылымының қалыптасу барысында, тарихшы-ғалымдар кезеңдердің
бірнеше, яғни айналым теориясы (Пифагор, б.з.д. ҮІ ғ.), формациялық
(К.Маркс, ХІХ ғ.), өркениеттік (А.Тойнби ж. б. батыс ғалымдары, ХХ ғ.) және
басқа варианттарын ұсынды.
Өркениеттің басталу мезгілін зерттеп, тануда ғылымда кең қолдау тапқан
археологиялық кезеңдер. Ол еңбек құралдарын жасауда пайдаланылған
материалдар және жасау техникасындағы айырмашылықтарға сүйенеді. Сөйтіп, ең
көне дәуірді үш кезеңге бөлуге болады: тас ғасыры (адамның пайда болуынан
б.з.д. ІІІ-мыңжылдыққа дейін), қола ғасыры (б.з.д. ІІ-мыңжылдықтан б.з.д. І-
мыңжылдыққа дейін), темір ғасыры (б.з.д. І-мыңжылдықтан бері).
Қазақстан территориясындағы тас ғасыры. Тас ғасыры өз ретінде көне тас
(палеолит), орта тас (мезолит), жаңа тас (неолит) және қола ғасырына өтпелі
арадағы мыс пен тас қатар тараған ғасыр (энеолит) болып бөлінеді.
Палеолит – көне тас ғасыры, ол б.з.д. 2,6 млн. – 12 мың жылдыққа дейін
созылады. Ерте (б.з. 2,6 млн. – 35-30 мың жыл бұрын) және кейінгі (б.з. 35-
30 - 12 мың жыл бұрын) палеолит болып екіге бөлінеді. Адамзат анайы
шаруашылық қам-қаракеті табиғаттың дайын тұрған өнімдерін пайдаланумен
шектелген.
Мезолит грекше аударғанда орта тас ғасыры дегенді білдіреді, ол б.з.д.
12-7 мың жыл. Бұл кезең Қазақстан тарихында ең аз зерттелген. Тек соңғы он
жылда оншақты мезолит тас индустрия кешендеріне жататын ескерткіштер және
тұрақтар табылып отыр. Жерлеу кешендері, алғашқы кезеңдер сияқты
анықталмаған.
Неолит - жаңа тас ғасыры, ол б.з.д. 6-4 мың қамтиды. Соңғы жылдардағы
зертеулер бірнеше неолиттік мәдениеттерді анықтауға мүмкіндік береді. Тобыл
бойындағы Маханджар, Есілде – Атбасар және Орталық Қазақстан ескерткіштер
тобы. Бұлардан ертерек Батыс Қазақстанда – Кельтеминар, Шығыс Қазақстанда –
Усть-Нарым мәдениеттері табылған. Неолит – тас индустриаландырудың дамыған
кезі. Тас өңдеу жаңа технологиялары пайда болды: аралау, бұрғылау,
сүргілеу.
Энеолит – мыс пен тас ғасыры, б.з.д. 4-3 мың. орын алады. Соңғы уақытқа
дейін энеолитті тас ғасырынан қола ғасырынан өтетін өтпелі кезең деп
қарстырған. Алайда, бірқатар зерттеушілер энеолитті тарихтағы маңызды кезең
деп біледі және оны біздің еліміздің оңтүстігінде мал және жер
шаруашылығымен айналысатын тайпалардың гүлденуімен байланыстырады.
Қазақстанның далалық және орманды бөліктердегі энеолит дәстүрі аңшылық-
балықшылық кезең ретінде қарастырылады, бірақ Тобыл, Есіл бойындағы энеолит
ескерткіштерін зерттеу өзгерістер әкеледі.
Ежелгі тас ғасырының алғашқы құралы, бүтін тастан жасалған шаппа тастар
болған. Олар дөрекі, өңделмеген болатын. Бұл көне құралдар щель мәдениетіне
байланысты, кезінде австролопитектер жасап шығарған. Кейінгі кезеңдерде
ондай шаппа тастардың өңделген түрлері табылды. Сонымен қатар құралдардың
дифференциясы байқалды. Адамдар енді қырғыштар, тас пышақтарды, үшкір ұшты
құралдарды жасай бастады. Құралдарды жасаудың екі жолы болған: біріншісінде
тастардан шабу арқылы шақпақтар алынып, оларды қайта өңдеген. Бұл
мәдениеті ашель деп аталды. Тас құралдардан басқа тік жүретін адам еңбек
құралдарын сүйек пен ағаштан жасаған. Отты пайдалануға байланысты ол ұшы
күйдірілген найза мен қазықтар жасады.
Қазақстан территориясындағы ерте дәуір
Қола дәуірі (б.з.б. ХҮІІІ – ІХғғ.). Металл балқытуымен адамзат өз
дамуында келесі кезеңге өтті. Бұл кезеңнің негізгі материалы мыс пен
қалайының қоспасы болғандықтан археологтар оны қола ғасыры деп атады.
Қоладан әртүрлі еңбек құралдары жасалды – орақ, кетпен, әшекейлер т.б.
құралдар. Қола ғасырының өзіне тән ерекшелігі – металлургия мен дамыған жер
және мал шаруашылығының кешенді дамуы.
Қазақстан жерінде өндіруші шаруашылықтың қалыптасуымен жаңа өзіндік
мәдениет қауымдастықтары пайда болды, олар неолит дәстүрін жалғастырды. Осы
жергілікті мәдениеттердің бәрі көп жағдайда ұқсас болды, сондықтан оларды
жаңа археологиялық мәдениетке – Андронов мәдениетіне біріктірді. Бұл
мәдениет Минусин ойпатында табылған жердің атымен аталды. Ол екі кезеңге
ерте және орта қола ғасыры болып бөлінеді.
Жабайы жануарларды қолға үйретуге көшу адам қоғамы дамуының заңды
кезеңі болды. Жабайы жануарларды қолға үйрету сонау неолит дәуірінде
басталды. Неолиттен кейінгі қола дәуірінде қолға үйретілген жануарлардың
саны көбейді. Малдың түр құрамы да көбейді. Қола дәуірі шаруашылық нысаны
ретіндегі мал шаруашылығының үздіксіз дамыған уақыты болды.
Үй маңында мал бағу бірте-бірте жайлауда малмен бірге бір жайылымнан
екінші жайылымға жылжи көшіп отырды. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде
Қазақстанның далалық аудандарында мал өсіру шаруашылықтың негізгі саласына
айналды және көшпелі мал шаруашылығына жақын түрге ие болды.
Өнімді мал шаруашылығына көшу ілгері басқан құбылыс болды. Қазақстан
аумағында мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дами
бастады. Қола дәуіріндегі тайпалардың шаруашылығында мал шаруашылығы мен
егіншілік бірін-бірі толтырып, өзара байланысты болды.
Егіншілік өзінің сипаты жағынан қарапайым болып қала берді және мал
өсірумен салыстырғанда көмекші рөл атқарды, бірақ ол тамақ өнімдерін алудың
маңызды көзі болды.
Қола дәуірінде аң және балық аулау өзінің бұрынғы маңызынан айырылды.
Жабайы жануарлардың сүйектерінің үлесі алдыңғы қола дәуірінің қоныстарында
3,6%, соңғы қола дәуірінде 1% -ке дейін болды.
Қола дәуіріндегі тайпалар үй маңында мал өсіруден жайлаудан мал бағуға,
одан кейінгі көшпелі мал шаруашылығына көшті.
Кен ісі, металлургия. Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш күштердің
дамуында мал шаруашылығымен және егіншілікпен қатар әр түрлі рудаларды
өндіру, тас пен сүйекті ұқсату аса маңызды рөл атқарды.
Қоныстар мен тұрғын үйлер. Қазақстан аумағындағы қола дәуірі
қоныстарының көп екені мәлім, олардың 60-да археологиялық қазба жұмыстары
жүргізілді.
Әдетте, қоныстар өзен жағасында, көл маңында орналасты. Қоныстар 60-10
үйден, үлкендері 20 үйден құрылды, олар бір немесе екі қатар үйлер болып
бөлінді. Жартылай жертөлелердің негізгі үш түрін атап өтеуге болады, олар:
тік бұрышты, сопақ және сегіздік тәрізді, бәрінің шаршы метрден 300-400
шаршы метрге дейін жетіп отырды.
Үй-қоралардан жайғасуы, жер ошақтардың, шаруашылық саны мен орны үйдің
немесе оның жеке бөлігінің нақ неге арналуына байланысты болды. Қоныстарға
жақын жерде рулық зираттар орналасты.
Үйдегі кәсіптер. Мал шаруашылығы тамақ өнімдерін ғана емес, сонымен
қатар киім мен аяқ киім тігілетін шикізаттар да берді.
Қола дәуірінде тоқыма кәсібі қарапайым тоқыма станогінің ұршықтарының
табылуынан дәлелденді. Жүн киімдер қойдың биязы жүні мен ешкінің түбітінен
тоқылады.
Діни нанымдар мен табынушылықтар. Қола дәуіріндегі тайпалардың тұрмысы
мен әл-әуқаты түгелдей табиғат деп білді. Бұл ең алдымен күн, от, жануарлар
мен өсімдіктер дүниесі болды. Күн мен от жылының біреуі – мұның бәрі
қайырымды, құдіретті рухтармен байланыстырылды.
Қола дәуіріндегі тайпалар отқа табынған, мұны сол дәуірде кең таралған
өлікті өртеу ғұрпы көрсетеді. Ежелгі адамдардың ұғымынша, ол денені
жамандықтардан тазартады және өлген адамды зұлым рухтардан қорғайды. Қола
дәуірінің соңғы кезеңінде шаруашылықтың жаңа түрі көшпелі мал
шаруашылығының дамуына байланысты күнге табынумен бірдей ай мен жұлдыздарға
табыну пайда болды, өйткені көшпелілер түнде көшкенде соларға қарап бағыт
ұстайтын болды.
Қола дәуірінде тайпалардың ата-бабаларына айнуы және о дүниеге сенуі
кеңінен таралды. Сондықтан қола дәуірінің тайпалары өлген құралдармен,
қарумен, сәндік заттармен мүмкіндігінше жақсылап жабдықтауға тырысты.
Бейіттері үйге ұқсас етіп салынды және айналасы шарбақтармен қоршалған.
Қазіргі уақытта Орталық Қазақстанда қола дәуірінің 50-ге жуық қонысы
мен 150 ірі қорымы табылды. Қазба ісі 40 қорым мен 10 қонысты жүргізілді.
Орталық Қазақстанға Андронов мәдениеті тайпалары өз дамуында бірінен
соң келетін екі кезеңнен өтті, алдыңғысы – Нұра кезеңі, ортаңғысы – Атасу
кезеңі. Соңғы қола дәуірінде (б.з.б. Х-ҮІІІ ғғ.) олар Андронов мәдениетімен
салыстырғанда анағұрлым жоғары, көрнекті Дәндібай-Беғазы мәдениетін құрды.
Дәндібай – Беғазы заманындағы (б.з.б. Х-ҮІІІ ғғ.) тайпалар мәдениеттік
дамуы бірінен кейін бірі келетін үш кезеңге: өтпелі, дамыған және соңғы
кезеңдерге бөлінеді.
Атасу заманынан Дәндібай-Беғазы заманына дейінгі өтпелі кезең Атасу
өзенінен Ертіске дейінгі байтақ далада таралған көптеген ескерткіштермен
сиппатталады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбара-2, Бесоба,
Бұғым-3 кешендері жатады. Бұл ескерткіштерге, бір жағынан, Андронов
мәдениеті дәстүрлерінің сақталуы, екінші жағынан, мәдениеттік жаңа
элементтердің - тұрпаты ерекше бейіт тамдардың, жатаған домалақ ыдыстардың
пайда болуы тән. Жерлеу ғұрпы да Андронов мәдениетіне тән емес. Әдеттегі
бүктетілген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызған қаңқалар
да кездеседі. Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі қола, ерте темір дәуірінде
Қазақстан аумағында тұрған малшы тайпаларда кеңінен тараған.
Дәндібай-Беғазы мәдениетінің дамыған дәуіріне жататындар Беғазы, Айбас-
Дарасы, Аққойтас, Дәндібай, Ортау-3, Саңғыру-1-3 зираттары, Ұлытау,
Шортанды бұлақ, Қарқаралы-1-3 және басқалары. Бұл қорымдар мен қоныстар
тұрған үйлер мен ғұрыптық табыну үйлерінің сәулет-құрылыс жағынан
жетілгендігімен сиппаталады.
Беғазыдағы бай кесенелердің көңіл қоярлық ерекшеліктердің бірі – діни
ғұрыптың заттарды қою үшін және құрбан шалу үшін арнайы істелген мехрап
орны.
Шаруашылықтың көшпелі қалыпқа бейімделумен сиппатталатын кейінгі даму
кезеңінде бір кезде жоғары дәрежеде болған Дәндібай-Беғазы мәдениеті жаңа
сатыға көшеді. өткен замандағы күрделі бейіттік құрылыстардың орнына
қоршаусыз ірі тас жәшіктерден жасалған қарапайым құрылыстар пайда болды.
Бұлар Қарқаралы маңын Кент тауларындағы, Айдарлы, Бұғылы-2, құрылыс
алқаптарындағы ескерткіштер. Қыш ыдыстарда өткен уақыттағы дәстүрлер әлі
сақталады. Ыдыстардағы өрнектер қара дүрсінденіп, негізінде тегіс қалыппен
белдеулей салынған қиғаш кертпелер, біріне-бірі көлденең сызықшалар, көлбей
сызылған айқаспа шаршалар түрінде болып келеді. Кейбір ыдыстардың мойны
меруерт – деп аталатын шығыңқы шеңбермен сәнделеді, бұлар көзінің ішінен
ұшы жұмырланған таяқшамен басу арқылы жасалған.
Орталық Қазақстанның таулы аймағының тұрғындары бұл кезде де үйді
жертөле және жартылай жертөле түрінде салатын болған. Жер ошақтар дөңгелек
шұңқыр түрінде жасалып, олардың астына жалпақ тастар төселді.
Дәндібай-Беғазы заманының төл-тума мәдениеті бар тұрғындары Қазақстан
даласында ертедегі темір дәуірінде қалыптасқан жаңа этникалық-мәдени
құрамдардың бір компоненті болды.
Темір ғасыры. Қазақстан тарихындағы б.з.д. 1 мың. соңы мен біздің
заманымыздың басы түбегейлі бет бұрыс болып табылады.
Б.з.д. ҮІІІ-ҮІІ ғғ. темірдің пайда болуы мен өндірістің көшпелі түріне
көшу Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалардың шаруашылығында күрделі
өзгерістерге әкелді. Жетісуда сақ-сүйсін, Арал өңірінде – қаңлы,
Қазақстанның солтүстік – шығыс жағында ғұн, Батыс Қазақстанда алан
этномәдени қауымдастықтар қалыптасты.
Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдар б.з.д. 1 мыңжылдықта
тайпалар одағы ретінде қалыптаса бастады.
Сөйтіп, Қазақстанда сақ-даха (массагет), сақ-рауки (тиграхауда) исседон
аримаспа бірлестіктері пайда болды.
Ерте мемлекеттік құрылымдар
Сақтар (б.з.б. ҮІІ – ІІІ ғғ.). Б.з.д. 1 мың. ортасынан бастап
Қазақстан жеріндегі көшпелі тайпалар сақ атауымен белгілі. Жазба
деректердің мәліметі бойынша олар Қазақстанның барлық этникалық
территориясында қоныстанып, бірнеше топқа бөлінген: оңтүстікте тиграхауда
сақтары (грек деректерінде массагеттер, дон тайпалары), Бактрия мен
Маржанада құрамына парасогда сақтары кірген хаумаварга сақтары.
Солтүстік шығыста – аримаспы, Орта Қазақстан – исседондар, Батыс
савроматтар, Геродот бойынша савроматтар аржағында, биіктаулардың
етегінде, оңтүстік шығыс Орал таулары болуы мүмкін, аргипей тайпалары өмір
сүрген.
Сақ тайпалары мал шаруашылығының үш түрімен айналысты; көшпелі,
жартылай көшпелі, отырықшы. Малдың негізгі түрі қой болды. Шаруашылықта
және күнделікті тұрмыста жылқы жиі пайдаланды, мұны археологиялық деректер
де растайды. Сақ жауынгерлері мен көсемдерінің қабірін ашқанда жылқылардың
сүйектері табылған. Асыл тұқымды жылқымен бірге қарапайым жылқылар да
болды, олар аса биік емес, аяқтары қысқа, бірақ өте төзімді болды.
Жетісу жерінде сақ дәуірінің керемет бір ескерткіші – Есік қорғаны. Ол
Алматының шығысында, км. жерде Іле Алатауының бөктерінде орналасқан.
Қорғанның диаметрі 60 м. биіктігі 6 м. Үйілген топырақтың астында екі бейіт
бар – 1-уі орталық, 2-сі жанынан табылған. Орталық мүрде тоналған, ал
жанындағы аман. Тянь-Шань қарағайларын сүргілеп, қима моланың көлемі 2,9
м., тереңдігі 1,5. Еденінде жақсылап 10 тақтай төселген. Анықталғандай,
мәйіт жатқан еденінің үстінде көрпе жайылып, алтын қаптамалармен
безендірілген. Оның үстінде басын батысқа қаратып, бай киімдерін киіп, қару
асынып мәйіт жатты. Антропологтардың айтуынша, өлген адамның жасы 17-18-де
, бойы 165 см.
Қазір көп ғалымдар оларды Иран тілдес дейді. Дәлелдеулер көрсеткендей,
көне көшпелілер Қазақстанның қазіргі жергілікті халқының ата-бабасы бола
алмайды. Бірақ, б.з.д. ҮІІ-ҮІ ғғ. жерленген адамдардың бас сүйегін
зерттеген антропологтар оларда монголоидты нәсілдің араласқанын байқайды.
Монголоидты элементтердің таралуы индоевропалық тілдің емес, түрік тілінің
таралуымен байланысты болды. Археологиялық мәліметтерге қарағанда,
Қазақстан тайпаларында күн мен отқа табыну болған, ол жөнінде антикалық та,
ерте деректер де толық дәлел. Сонымен қатар бұрыннан қалған антимизм,
тотемизм, магия сияқты нанымдар да орын алған.
Үйсіндер және қаңлылар (б.з.б. ІІ – б.з. Ү ғғ.). Б.з.д. 1 мың аяғында
Жетісу, Тянь-Шань және Тарбағатай жерлерінде жаңа мемлекет пайда болды, ол
Қытай деректерінде Үйсін елі деп аталды. Алғашында үйсіндер Данхэ
өзенінің бойында мекендеген, б.з.д. ІІІ ғ. Юечжи тайпаларының қыспағынан
Монғолияға көшіп баруға мәжбүр болды, ал мұнда Хұндардан соққы алғаннан
кейін Жетісу мен Жоңғарияға келді. Үйсін мемлекетінің басында Күнбек
титулы бар билеушісі тұрды.
Үйсін мемлекеті құрылғаннан бастап Ғұндарға тәуелді болды, бірақ ол
одан тез босанып осы аймақта ең күшті мемлекттердің біріне айналды.
Ү ғ. басында үйсін атауы деректерден кездеспейді. Айта кетуі керек,
Үйсін этнонимі бүгінгі күнге дейін жетті. Қазақтардың Ұлы жүзінің бір руы
Үйсін деп аталды.
Кангюй атауы (Қытайша Канцзюй) алғашқы рет деректерде б.з.д. ІІ ғ.
кездеседі. Б.з.д. 138 ж. Қытай императоры Уди Чжан-Цянь бастаған сауда
елшілігін батыс елдеріне жібереді. Ол елшілік тек 13 жылдан кейін қайтып
келеді. Оның жазбаларында бұған дейін Қытайға мәлім болмаған мемлекеттер
сиппатталған. Солардың ішінде Чжан Цянь билеушісінің ордасында болған
Кангюй мемлекеті де бар.
Кангюй халқының этникалық сипаты әлі де болса күрделі сұрақ, толық
зерттелмеген. Қангюйлер қай тілде сөйлеген туралы әлі де тұтас пікір жоқ.
А.М.Бернштамның пікірінше, Кангюйлер түркі тілдес болған. Басқа
зерттеушілер оларды солтүстік Иран малшы тайпалары, б.з.д. І ғ. ортасында
ғана Сыр өңіріне түркі тайпаларының келуіне байланысты ғана өзінің
этникалық түрі мен тілін өзгерткен дейді.
Ғұндар. Хунну мемлекетінің құрылуы. Ғұндар жазба деректерде алғашқы
рет б.з.д. 822 аталады, ол кезде олар Қытайға үлкен жорық жасаған. Б.з.д.
ІІІ ғ. ғұндардың Қытайға шабуылы үдей түсті. Сондықтан да Қытай императоры
Ұлы Қорған салдырды. Бұл кезде ғұндар туысқан рулардың одағы ретінде
қалыптасып, оны сайлаған көсем басқарды. Б.з.д. 209 ж. Туман атты көсемнің
баласы Моде өзін сенгер деп жариялап (сенгир-ұлы) Ғұн мемлекет құру
барысында қызмет ете бастады.
Атилла. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі б.з.д. ІІ ғ. Қазақстан
территориясына енді. Көп ұзамай олар Волга, Дон және Арал теңізінің
аралығына келді. Осы кішкентай жерде хунну, алан және қангар тайпалары ІІІ
ғасыр бойы көшіп, Иран, Рим сияқты көне мемлекеттермен саяси қатынасқа
түсті. Осы уақытқа дейін ғұндар өзінің этникалық ерекшеліктерінен айырылып,
жергілікті көшпелі тайпалармен ассимиляцияға түсті осыдан жаңа этнос пайда
болды, енді біз оны Хунну емес Ғұн дейміз. Оларды осылай батыс деректері де
атайды.
ҚАЗАҚСТАН ОРТА ҒАСЫРЛАРДА
5 – 15 дәріс. Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (ҮІ - Х ғғ.).
Түрік қағанаты (552-603 жж.). Қазақстан жерлері ҮІ ғасырда құдіретті
держава – билеушілері түрік тайпасының әулеттік ашин руынан шыққан Түрік
қағанатының билігіне түсті. Түрік энтонимі ең алғаш аталуы қытай
жылнамаларында кездеседі. Шежірелерде түріктер Қытайдың Вэй князьдігінің
солтүстік бөліктеріне жыл сайын шапқыншылық жасап тұрғандығы айтылады. 546
жылы тирек тайпалары қазіргі Моңғолияның оңтүстігі мен орталық бөліктерін
мекендеген және бұл жерлерге үстемдік еткен аварларға қарсы жорық жасайды.
Батыс жақтан қаптай енген тиректер армиясының сан жағынан көп болғаны
белгісіз, бірақ олардың нөпірі сұсты болған деп топшаланады, өйткені
тиректердің құрамына көптеген тайпалар енген, ал олардың қуатты аварларға
аз күштермен қарсы тұра алуы екіталай еді. Түрік қағаны Бумын тирек
армиясына шабуыл жасап күйрете жеңіске жетеді. Осы мемлекеттің ойрандалған
орнында олар Түрік қағанатын құрады. Бұл этникалық - әлеуметтік
бірлестіктің атасы Бумын қаған болады. 552 жылы көктемде түріктер
аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңіп, билеушілері Анағұй
өзін-өзі өлтіреді. Сөйтіп аварлардың күш қуатына да, олардың барлық
иеліктеріне де өзін мұрагер ретінде орнықтырады. 553 жылы Бумын қаған қаза
табады, оның орнына таққа інісі Қара-Еске отырады, оның бастауымен Букрат
тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескінің мұрагері Мұқан қаған,
оның лақап аты Нанту болады. Мұқан қаған (552-554 жж.) билік құрған уақытта
Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Бұл жылдары
түріктердің батысқа жасаған соғыс жорықтары бұлардан да күшті бола түседі.
Бұларды Бумынның басқа бір інісі Иштеми бастайды, кейін оны батыс
түріктердің түпкі атасы Батыс түрік қағанатының негізін салушы деп атайды.
552-553 жылдары түріктер Батыста идті (эфтал) бағындырады. Отырықшы
аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу түріктердің батыстағы, Орта Азиядағы
одан арғы саясаттың негізі болады. Олар эфталиттерінің батыс тармағына міне
осы арада кездесті, ал эфталиттердің иелігі Каспий теңізінен Солтүстік
Үндістанға және Шығыс Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан болатын. Түрік
қағанатындағы әлеуметтік қайшылықтар және мал індеттерінің күшейіп
ашаршылықпен ушыға түсуі, Сүй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы
(581-618 жж.) Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа – Шығыс және
Батыс қағанаттарына бөлінуіне әкеліп соғады.
Батыс түрік қағанаты Шығыс түрік қағанатына біршама саяси тәуелді
болды. Билік түріктердің қаған руы ашиналардың қолында болған еді. Батыс
қағанатының орталығы Суяб (Жетісу) болды. Аумағы Қаратаудың Шығыс
баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Сонымен қатар Түрік
қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқант, Маймург, Кеш,
Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Айдхой) отырықшы егіншілік
мұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс
түріктері мемлекетінің бірінші басшысы – қаған жоғарғы билеушісі әскербасы
болды. Алғашқы кезде қаған тағына мүрагерлік бойынша қағанаттың сол
қанатына шұмұқ (ашна) фратриясының өкілдері отыратын, бірақ бұл тәртіп
өзара күрес тудырып бұзылып отырды.
Қаған мемлекетінің ішкі және сыртқы істеріне басшылық етіп, дәулеттік
шонжарларға сүйеніп ру басшыларын сайлады. Қағанатта қоғамдық экономикалық
қатынастардың дамуы Евразияның басқа аудандарындағы сияқты үрдістерге
байланысты жүріп, феодалдық қатынастардың орнығуы арнасында жүргенімен,
оның өз ерекшеліктері де болды.
Мемлекетте қағаннан кейінгі адам ұлық болған. Қағанаттағы жоғарғы
лауазымдар – ябғу, шад және елтебер - қаған руының өкілдеріне тиесілі еді.
Сот қызметтерін бұйрықтар мен тарқандар атқарды. Бектер – тайпа бастықтары
мен өкілдері – жергілікті жерлердегі ақсүйектер сословиесінің басты тірегі
болған. Мал өсіретін ерікті қауым мүшелері қағанаттың қарауында болған.
Бағыныштылық әрқашан алым-салым төлеумен қатар жүріп отырған. Бағындырылған
тайпалардан құлдар тобы қалыптасқан. Түріктердің көрші тайпаларға
шапқыншылық жасауының себебінің бірі құлдар алу болған. Батыс түрік
қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құла,
үстемдік ету мен бағыну түрлерінің алуан түрлі болуына қарамастан, Батыс
түрік қағанатында топтардың құрылуы және ертедегі феодалдық қоғамдық
қатынастардың біршама тез қалыптасу үрдісінің жүргені анық.
Түргеш қағанаты (704-756 жж.). Батыс түрік қағанатындағы өзара
тартыстар, Жетісуда өз үстемдігін орнатуға ұмтылған Қытай императорлық
әулетінің әскери әрекеттері қаған билігінің әлсіреуіне алып келді. 694 жылы
таққа отырған Ашина Туйцзы тибеттіктермен одақтаса отырып, қытай әскеріне
қарсылық ұйымдастыруға әрекет жасаған кезде, Жетісуда Нарзұқ-Иркин, Тургеш
Чиқан және ұлық-оқ тайпасының басшысы бастаған тайпалар Суяб бекінісін
қоршауды ұйымдастырған. Түрік Хусэлонның бастауымен армия құрылады. Бұл
армия халқын тыныштандыру үшін ұйымдастырылған еді. Қағанатта үлкен күш
пайда болып, мұның қуаттылығы соншалық, Хусэло жорық жасаудың орнына асығыс
түрде тайып тұрады. Түргештің көтерілуі күтпеген жерден болған оқиға еместі
– қағанаттың сол жақ құрамына кіретін, халқы көп тайпа болған түргештер ҮІ
ғасырда-ақ Шу-Іле қос өзені аралығындағы үлкен аймақты алып жатты және
Жетісу керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болған делінеді. Олардың
билеуші әулетінің атасы Үш-Елік қаған (699-706 жж.) болды. Ол ордасының Шу
бойындағы Суябқа орналастырып, ал екінші ордасы Хунгіт қаласы болды. Үш-
Елік қалған елді 20 түтіктікке (елшілікке) бөлді, оның әрқайсысында 7
мыңнан әскері бар еді. Түргеш қағанатында Үш-Еліктен кейін оның мұрагері
болып баласы Сақал қаған (706-711 жж.) таққа отырған. Түргеш қағанатында
талас-тартыс туып ішкі бірлік болмайды. Мемлекеттің сыртқы жағдайына мәз
еместі. Сол уақытта зор қауіп төндіріп тұрған Таң әулеті, Орталық Азия
түріктері айбат шегумен болды. Шығыс түріктері Қапаған қаған бастаған
әскери одағы, 711 жылы Болучу өзені бойында түргештерді ойсырата жеңеді.
Бұл жеңілістен кейін түргештер өз ордасын Таласқа көшіреді. Қаған тағына
Шапыш тайпасының өкілі Сұлықты отырғызады. Түргеш қағанатының ішкі саяси
жағдайы бірнеше жылдар бойы құбылып отырады. Бірақ Сұлық қаған (715-738
жж.) таққа отырғаннан кейін қағанаттың жағдайы қайта күшейе түседі. Сұлық
қаған айлакер қолбасшысы екі майданда күрес жүргізеді. Ол олжаларды бөліске
салмай өз қолында ұстады. Дау–жанжалдар қара және сары түргештер арасында
күреске ұласты. Сұлық қаған өлген соң күрес шиеленісе түсті. 756 жылы
қағанат түрік тілді қарлық тайпасының тегеурініне шыдамай құлады.
Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Қарлұқтар туралы алғашқы деректер (759-
940 жж.) бұлақ деген атпен мәлім болған. Көпшілігі ертедегі түріктердің
руналық ескерткіштерінің деректері бойынша Монғол Алтайы мен Балқаш көлінің
аралығында, Тарбағатайдың оңтүстігі мен солтүстігі жағынан қоныс тепкен үш
қарлұқ тайпалық бірлестігі ретінде мәлім. Қарлұқ тайпаларының көсемі
Елтебер деген атпен аталған. Монғолияда Шығыс түрік қағанаты құрылғаннан
кейін қарлұқтар оған тәуелді болып жүрді.
Орхон жазуларында айтылғандай Қарлұқтар түрік қағанаттарына қарсы
бірнеше рет қарсы соғыс жорықтарын ұйымдастырып отырған. 742 жылы Монғолия
даласындағы саяси жетекшілік Шығыс түріктерінің өкіметін қиратқан үш
тайпаның қарлұқтардың ұйғырлар мен басмылдардың одағына көшеді. Аз уақыт
басмылдардың бағы жанып, олардың көсемі қаған болады.
ХІІ-Х ғғ. қарлұқ тайпалары Қазақстанның жоңғар Алатауынан бастап,
Сырдарияның орта ағысына дейінгі кең көсіліп жатқан акумақты қоныс еткен.
Қарлұқтардың мемлекеттік құрылысы үлестік тайпалық жүйенің дамыған
түрлерінің болуымен сиппатталады. Қарлұқтардың жабғуының билігі сөз жүзінде
ғана болды. Жікіл, Тухси және Ягма сияқты ірі тайпаларды басқарып отырған
үлестік билеушілер өздерінің жартылай дербес және іс жүзінде тәуелсіз
иеліктерін нығайтуда ұмтылды.
Қарлұқ қағанатының үлестік тайпалық одағы, бір орталықты мойындамай,
билік жолындағы күрестің күшеюіне себепші болды. Х ғасырдың алғашқы
жартысында қарлұқ бірлестігінің ұлан-байтақ аумағында батыраңқылық
күшейеді. Қашқардың түрік билеушілері пайдаланып, 940 жылы Баласағұнды
басып алады да содан кейін Қарлұқ мемлекеті құлайды.
Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғғ.). ҮІІІ ғасырдың бас кезінде Сырдария
алқабында жартылай көшпелі печенег-кангар тайпаларының жалпы басшылығымен
біріккен біртұтас саяси конфедерация пайда болады. Саяси орталығы Отырар
болған еді. Кангар-печенег тайпалары Жетісудан кете бастаған оғыз
тайпаларының бірлестігіне табанды күрес жүргізеді. Түргештердің мұрасы үшін
қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, тау
баурайларына шу алқабына кетіп қалған болатын. ІХ ғасырдың орта шенінде
қарлұқтар мен кимектер одақтасып кангар-печенег тайпаларын талқандайды. ІХ
ғасырдың соңында Арал өңірінің солтүстік жағындағы саяси үстемдікті қолына
алады. Хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал Еділ арасын қол
астына қаратады. ХІ-Х ғасырда Сырдарияның орта ағысында Оғыз мемлекеті
қалыптасады. Оғыздардың құрамында Сырдария алқабы мен Арал өңірінің, Каспий
далаларының үнді-еуропа және финн-угор тектес ежелгі этикалық компоненттер,
сонымен бірге, Жетісу мен Сібірдің Халаджулар, Жагарлар, Чуруктер,
Қарлұқтар секілді көшпелі және жартылай көшпелі тайпалары болады. Х ғасырда
Оғыз мемлекетінің астанасы Янгигент немесе жаңа Гузия деп аталған. Янгигент
кимек даласы арқылы Сарысу, Кеңгір, Есіл және Нұра бойларына баратын керуен
жолының үстінде болды. Ертедегі феодалдық мемлекеттер сияқты Оғыздар
мемлекеті тұтас топтасқан мемлекет болған жоқ. ІХ-ХІ ғасырларда Оғыз
мемлекетінің басшысы жабғу деген атағы бар жоғарғы билеуші болған.
Жабғудың билігі, ресми түрде патшалыққа сайланып қойылған деп есептесе де,
мұраға қалып отырды. Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік табиғаты
жағынан ертедегі феодалдық мемлекет болды.
Х-ХІ ғасырлар шебінде Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырай бастайды.
Алым-салықтардың жиілей түсуіне оғыз тайпалары наразылық білдіріп,
көтеріліс жиілей түсті. Х ғасырдың орта кезінде келген Әш ханның басқаруына
қарсы жүргізілді. Осы наразылықты сезген Жентке жақын жерге келіп орын
тепкен салжұқ көсемдері пайдаланады. Көп ұзамай салжұқ көсемдері Жентті
басып алады, бірақ ұзақ ұстап тұра алмайды. Осы уақытта Әли ханның мұрагері
Шахмәлік өкіметі күшейіп шыға келеді. Шахмәлік тұсында 1041 ж. оғыздар
Хорезмді басып алады. Деректемелер бойынша Шахмәлік салжұқтардың қолынан
мерт болған соңғы оғыз жабғуы болған. Сан жылдар бойы жүргізген
соғыстарының нәтижесінде оғыздар әлсіреп, Оғыздар мемлекеті қыпшақ
тайпаларының соққыларынан кейін құлады. Оғыздардың бірсыпыра топтары
қыпшақтардың тегеурінен Шығыс Европаға, Кіші Азияға кетті. Біразы
Мауреннахрдың Қарахан әулетінің және Хорасанның салжұқ билеушілерінің қол
астына өтті. Кейін келе Дешті қыпшақ түркі тілдес тайпаларына сіңісіп
кетті.
Қимақ қағанаты (ІХ ғ. соңы . - ХІ ғ. басы). Кимектер тарихының ертедегі
кезеңі қытай деректемелерінде ҮІІ ғасырдағы батыс ортасында болған
оқиғаларға тікелей қатысты яньмо тайпасына байланысты айтылған. Яньмолар
ҮІІ ғасырдың бас кезінде Солтүстік батыс Моңғолияны мекендеген. Олардың
оғыздар болып, оңтүстігінде Түргештер қарлұқтар қоныстанған. ҮІІ ғасырлар
ортасына таман қимақтар Ертіс өңіріне көшіп келіп 656 жылы Батыс түрік
тайпалары құлағаннан кейін оқшауланады.
766 және 840 жылдар аралығында кимектер Батыс, Алтай, Тарбағатай және
Алакөл ойпаты аумағын ірге теуіп Шығыс Түркістанда мекендеген тоғыз-
оғыздардың солтүстік шектеріне дейін жетті. ІХ ғасырдың басында кимектер
Сырдарияға қарай жылжыды, сонан соң қарлұқтармен одақтаса отырып печенег
тайпаларын жеңіп, Сырдария Арал өңірінен ығыстырыпшығаруына көмектесті.
ҮІІІ ғасырдың екінші жартысы – ІХ ғасырды қаулаған оқиғалар Кимек
қағанатының құрылуына себеп болды. Кимектердің мекемелері жөнінде алғашқы
лебіз ІХ ғ. аяғы мен Х ғ. араб тілінде жазылған Таиха – жағрапиялық
шығармаларда айтылады. Мәліметтері мейлінше дәл болып келетін Әл-Яқұба (ІХ
ғ.) кимектермен біршама түркі тілдес халықтардың мемлекеттігі туралы былай
дейді: Түріктердің әр тайпасының жеке мемлекеті бар және олар бір-бірімен
соғысып жатады. Кимек билеушісі едәуір құдіретті болған. Кимек қағанаты
қалыптасқан уақыттан кейін, олардың патшасы түріктердің ең жоғарғы атымен
қаған деп аталды. Қаған атағы Яғбу атағынан екі саты жоғары тұрған. Өз
мемлекеті шегінде билеушілерін тағайындаған, тайпа шонжар өкілдері болған.
Қағанның басқарушысы мұра ретінде өтіп отырған. Әскери жетекшілер болып,
олар қағанның қызметі үшін үлестер алып отырған. Бұл үлестердегі этникалық
орта негізінен алғанда, көбінесе белгілі бір тайпаның өкілдерінен құралады.
ІХ ғ. аяғында тарихи-жағрафиялық еңбектерге қарағанда Қимақ мемлекеті
өзінің территориялық жағынан ұлғайғандығын көрсетеді. Қимақ тайпаларының
бірлестігі Орал тауының қыраттарынан Арал теңізінің далалы аудандарына
дейінгі жерлерді, Орталық және Шығыс Қазақстан мен Жетісудің солтүстік
шығыс аудандарының арасындағы ұланғайыр кең алқапты алып жатты. Кимектер
қағанның орталығы, оның ордасы Имекия (немесе Кимекия) қаласында болды, ол
темір қақпалы дуалмен бекітіліп қоршалды. Қалада оның сансыз көп әскері мен
қазынасы болды. Қаған билігі мен мемлекеттік өкімет арасында айырмашылық
болған жоқ. Кимек мемлекетінде алым-салықтың болғандығын түріктердің
өндіріліген алтынынан билеушінің міндетті түрде үлес алу фактісіне қарап
топшылауға болады.
Этникалық тайпалық құрамы. Кимек федерациясының алғашқы құрамы Гардизи
еңбегінде келтірілген. Бұл одаққа жеті тайпа: эймур, имек, татар, байандұр,
қыпшақ, ланиказ, ажлар тайпалары кіреді. Кимек одағына кірген тайпалардың
тарихын қарастыру олар Қазақстан аумағына Орталық Азиядан көшіп келді деп
топшылауға негіз береді. Кимек тайпаларының біріншісі эймур тайпасы,
оғыздар арасында белгілі. Эймурлар оғыздарға да, кимектерге де сіңісіп
кеткен жоқ тек тайра ретінде кірді. Кимектердің үшінші тайпасы - татарлар.
Бұл тайпалар тобы Монғолияның солтүстік шығыс жағында мекендеген деп
санауға болады. 840 жылдары татарлар Ұйғыр қағанатының құрамына кірген.
Х ғасырдың аяғы мен ХІ ғасырдың басында Кимек мемлекеті ыдырайды. Оның
құлауының екі себебі болды. Қыпшақ хандарының орталық билікке бағынбауы
және өз мемлекеттігін құруға ұмтылғандығы ішкі сиппаттағы себеп болды.
Сонымен қатар ХІ ғасырдың басында қоныс аудара бастаған көшпелі
Орталық Азия тайпалары қоныс аударуының ықпалымен болған сыртқы оқиғалар.
Тайпалардың қоныс аударуының негізгі себебі 916 жылы Солтүстік Қытайда
қидандардың Ляо мемлекетінің құрылуы болды. Қыпшақ хандары оғыздардың жерін
басып алғаннан кейін едәуір күшейіп күш қуаты жағынан басым болады. Осы
оқиғалар кимектерді саяси үстемдігінен айырып қана қойған жоқ, сонымен
қатар олар қыпшақтарға тәуелді болып қалды.
ҮІ-Х ғғ. Қазақстанның экономикалық және мәдени өмірі. Евразия далалары
үлкен территорияларды қамтиды. Ол құдды үлкен көлемде мал өсіруге
арналғандай. Тянь-Шань мен Алтай таулары он екіге бөліп жатыр. Жартылай
далалардың өсімдіктермен жабылған, әсіресе шығыста, тау беткейлері тамаша
жаздық жайлау болды. Далалардың көпшілік бөлігінің жайылымдары өсімдікке
бай, ал қуақ аудандарда толық кетпейді, тек аздаған далалық бөліктің
территориясы саздар мен сусыз шөлдерге жатады. Жазық дерлік рельеф далада
жылқылармен жылдам жылжуына мүмкіндік береді (әскери жорықтар кезінде
күніне 50 км.).
Жылқы өсіру көшпелі түркі тайпалардың негізгі кәсібі. Ол кездерде
олардың тобындары жүздеген не мыңдаған жылқылардан тұрады.
Жылқылар көшпелілердің негізгі қозғалыс көлігі және әскери күші болды.
Сай аттылар соғыс кезінде басты роль атқарып, қарсыластарынан басым болуға
мүмкіндік береді. Олар әскери жылқыларды жақсы дайындады, ал атты
садақшыларды қахарлы күшке санады. Олардың тактикасының негізінде тез
қозғалғыштық жатты. Негізгі қаруларға садақ, найза және семсер жатты.
Түріктердің негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы әдеттегі тамақ
құрамы ет, сүт болған. Қолға ұстайтын малдан алып отырған, әсіресе қой
малшысы. Көшпенділердің сүйікті жұмысы бұл аңшылық. Көсемдер жиі-жиі үлкен
аңшылыққа шығып, оған барлық тайпалар еліктеп отырған.
Көшпенділер өз ресурстарымен ғана өмір сүре алады. Мысалы, қой жүнімен
киіз жасап. Өз салты бойынша киізді жасап киіз үй жасаған. Жүннен киім
тоқыған, кілем және қанар тіккен. Әр түрлі мақсаттарда үй мал
шаруашылығының терісі мен былғарысын пайдаланған. Ұсталар металлдардан
бұйым жасай білген. Айта кететін болсақ бағалы металлдан және жүн мен
былғарыдан жасаған. Сонымен шебер қарзінке тоқыған. Түріктер бейбіт
кездерде саудамен айналысқан. Жылқы, түйе, қой сияқты малдарын айырбастап
отырған. Өздерінің қолдан жасаған бұйымдарын (жүннен жасалған бұйым, киіз,
кілем, былғары, тондарын) басқа заттарға айырбастаған. Келісімнің өзіндік
түрлері қарапайым айырбас немесе қытайдың жібегімен бағаланды, болмаса
жүннен жасалған мата мен белгіленіп мөшерленген. Азиядағылардың кең тараған
төлемдері ол металлдан жасаған ақша болған Қытай мен Батыс Азия арасындағы
негізгі сауда керуен жолдарын бақылай отырып өткен керуендеріне салық
төлеткен.
Жазба деректер бойынша ерте орта ғасыр қалалары Оңтүстік Қазақстанда
немесе Жетісуда көп болмаса да жеткілікті көрсетілген.
Ең үлкен қалалар – Суяб, Тараз, Испиджиб, Отырар. Бұл қалалар қол өнер
орталығы болып есептелді. Мұнда бұйымдарға сұраныс көбейіп, отырықшылықпен
және мал шаруашылығымен айналысушы халықтарды қанағаттандырған. Бұл кездегі
қол өнердің дамығандығын археологиялық қазба материал арқылы көруге болды.
Түріктердің дініндегі негізгі құдайын Тәңір деп санаған, аспан құдайы.
Түрік жазбаларының дәлелдеуінше ҮІІІ ғ. Монғолияда Ежелгі Түрік
мифологиясында Умай құдай – анасы қағанның әйелінің қорғаушысы және жас
сәбилердің анасы болған.
Соған байланысты қасиетті жер мен сауда айтылады, бірақ аспан мен
жердегі барлығы Тәңір еркімен орындалады.
Осы жоғарғы әлемдік құдай түріктердің хрис. Не исламды қабылдау кезінде
сақталады.
Түрік көшпелілері ұстанған дін, шаманизмнің әлдебір формасында болды.
Оны біз бүгінгі күндері Сібір немесе Бурят моңғолдарынан көреміз. Ол тәуірі
культімен қатар жүріп отырды, бірақ онымен ешқашанда бірікпеген. Шаманизм
негізінде, өсімдіктер мен жануарларға, сонымен қатар тау, өзен және
көлдерге күш берген анимизм жатты.
Бұл наным-сенімдер, алғашқы түрі деректік көздердің жетіспеуінен
белгісіз, біртіндеп басқа діндердің, әсіресе буддизмнің элементтерін қоса
алады. Шаман бір мезетте екі рольді атқарады – балгер немесе емші. Ол
құдіретті сиқыршы бола алатын. Кей шамалар ауа-райын өзгертіп, жауын
жаудырған.
Түрік хандары және олардың билеушілері әр-түрлі діндерге қатты назар
аударып, түрлі діндерге сеніп, кейде бір сеніммен келесісіне өтіп отырған
немесе әр-түрлі сенімдерді араластырған. Мысалы, Жібек жолы бойынша тағы
бір дін манихейлік тараған. Ол ІІІ ғ. Иранда шығып, тез арада Италия мен
Қытай аралығында тарады. Ол зорастризм мен христиандықтың синтезінен тұрды.
Манихейлік, ең алдымен, отырықшы елдер арасына тарады.
ҮІІ ғ. аяғында жаңа дін ислам пайда болды. Қазақстанның өңірінде
көптеген христиан шіркеулері мешіттерге айналады. Жаңа дін Жібек жолының
көптеген қалаларына орнықты. Ұлы Жібек жолы сауда мен континенттерді
жалғастырды. Бұл түрік халықтардың өміріне игі әсерін тигізуі, өйткені олар
сол арқылы Евразияның ұлы отырықшы өркениеттерімен байланысты. Олар бақылап
отырған және өздері белсене араласқан құрлық саудасы, теңіз саудасына
маңызды толықтыру болды.
Дәріс тақырыбы: Дамыған ортағасырлардағы мемлекеттер (ХІ ғ. басы - ХІІ
ғғ.).
Қарахан мемлекеті (942-1210 жж.). Х ғасырдың орта кезінде оңтүстік
Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан жерінде Қарахан мемлекеті пайда болды.
Орталығы – Баласағұн қаласы. Қарахан мемлекетінің құрылуы тарихында Қарлұқ
конфедерациясы зор роль атқарды. Қарлұқтар мен бірге шікілдер мен яғма
кірді. Қарахан мемлекетінің құрылуы Батыста Жетісудан Испиджабқа дейінгі
және Шығыста Қашқарға дейінгі ұланбайтақ аумақта болған саяси оқиғалар және
Қарлұқ мемлекетінің ыдырауымен тығыз байланысты болды.
Оғулшақтың немере інісі Сатұқ Боғраханды (915-955) Қарахан әулетінің
негізін салушы деп есептейді. Исламды қабылдап, Саманилердің қолдауын
пайдалана отырып, Сатұқ Боғрахан Оғулшаққа қарсы шығып, оны талқандады,
сөйтіп Тараз бен Қашқарды бағындырды: 942 жылы ол Баласағұнда билеушісін
құлатып, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz