Инвестиция түсінігі және оның түрлері



Мазмұны

І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2

ІІ Негізгі бөлім

2.1 Инвестиция түсінігі және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.2 Инвестицияны тиімді бағалау әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.3. Индустриялы . инновациялы дамудағы инвестицияның
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.4. Қазақстан Республикасының шетел инвистицияларын
тартудың жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Кіріспе
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері елде көптеген экономикалық өзгерістер орын алды. Тәуелсіз Қазақстаның шежіресі, оның жаңа тарихы енді басталып келеді. Қысқа мерзімнің ішінде, Қазақстан халықаралық аренаға шығып, өзінің сенімді серіктес екендігін танытты. Бірнеше жылдың ішінде өзіне тән барлық айқын сипаты бар жаңа мемлекеттілік құрылды. Нарықтық қатынасқа бағытталынған жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанның қазіргі дамуындағы экономикалық реформалардың басты бағыты бұл экономикалық тиімділікті жоғарлатуға бағытталған мемлекеттің инвестициялық саясатын жасау және жүзеге асыру. Осындай тапсырмаларды шешу сонымен қатар экономикалық қүрылымды өзгерісін қамтамасыз ету үшін республика экономикасына шетел капиталын қатыстыру үлкен мәнге ие. Қазақстан Республикасының Еуропа елдерімен қарым-қатынасы қазіргі ғаламдану кезеңіне сәйкес дамып отыр.1993 жылы Швейцарияда болып өткен форуымда Қазақстан Республикасы-ның Президенті шетел инвестициясы үшін біздің елде ерекше ынта қойылатындығын, сонымен бірге инфрақұрылым мен коммуникацияға аса назар аударатындылығын атап өткен еді. Міне сол жылдардан бастап, Қазақстан қолайлы инвестициялық климат құруға тырысты. Осы мақсатта елімізде инвестициялық қызметті реттейтін бірқатар нормативтік құқықтық актілер жетілдіріліп, іске асырыды. 1994 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияларды салу объектілері және жүзеге асыру формалары, құқық тәртібін анықтайтын Қазақстан Республикасының Шетел инвестициялары туралы Заңы қабылданды. 1997 жылдан бастап инвестициялық қызметтің жандану қарқыны байқалды. Экономика саласындағы іскерлік белсенділіктің өсуі, мемлекеттегі қолайлы инвестициялық климаттың болуы, ішкі және сыртқы нарықтарда қүрылымның жақсаруы, қаржылық институттардың жақсаруы инвестициялық процестердің жандануына септігін тигізді.
Мемлекеттің шет ел инвестицияларын тарту мәселелерін, инвестициялық саясаттың ұлттық экономикалық жағдайына әсерін, сыртқы экономикалық қатынастарды дамытуда халықаралық инвестициялық ағымдар саласының негізгі тенденцияларын талдау. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік инвестициялық сая-сатының өзекті мәселелерін негізгі бағыттарына тоқталып, алдағы ауқытта оны көбейту жолдарн ұсыну да, жұмыс мақсатына жатады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- аналитикалық - ақпараттық шолу жасау;
- инвестициялық тиімділікті бағалау;
- инвестициялық қаражаттың мақсатты бағыттарда, тиімді
бақылаулы формада пайдалану дәлелдерін келтіру;
- Қазақстан Республикасына дамыған шет мемлекеттерінен
инвестициятартудың тиімді және тиімсіз жақтарына
тоқталу;
- шетел капиталынын мемлекетімізге маңызы зор екеңдігін
көрсету.
Жұмыстың бірінші тарауында "инвестиция" терминіне, оны тиімді бағалау методологиясына және басқару ерекшеліктеріне, кең мағлұмат берілді.
Екінші тарауда, әлемдік экономикадағы халықаралық капитал қозғалысы, мемлекетіміздің шет елдерімен қарым - қатынасы, инвестициялық саясат, индустриалды — инновациялық дамудағы алатын орны жайлы сипатталады.
Ал үшінші тарауда, Оңтүстік Қазақстан облысындағы инвестициялық жағдай, инвестициялық қорларды тиімді пайдалану жолдары, қазіргі ғаламдану кезенінде индустриалды — технологиялық стратегияның маңыздылығы, инвестициялық зандарды жетілдіру қарастырылды.
Қазіргі таңда ел экономикасы өрлеу үстінде. Сонғы төрт
жылдын ішінде Республикада ішкі жалпы өнімнің жиынтық
өсімі — шамамен 50% қүрайды. Жан басына шаққанда
шетелдік инвестициялардың көлемі жағынан Қазақстан
посткеңестік кеңістікте бірінші орын алады. Мұндай жағдай
инвестицияны тарту түрғысында Қазақстанды тартымды ете
түседі. Біздің елімізге ТМД-да алғашқы болып "инвестициялық" рейтингісінің берілуі осының көрінісі. Тәуелсіздік жылдарында тиімді банк, сақтандыру және зейнетақы жүйесі құрылып, Ұлттық қор мен Қазақстанның даму банкі өмірге келді. Даму банкі — инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыруға арналған негізгі институттардың бірі.
Шетелдік инвестицияның экономиканы қайта құруда жәрдем-деседі деген үмітіміз ақталды. Шетелдік инвестициялардың есебінен өндіруші салаларда өсімге қол жегті, бүл да экономиканың жалпы көтерілуіндегі едәуір маңызды фактор болып саналады.
Қазіргі таңда ел экономикасы өрлеу үстінде – 2002ж жалпы ішкі өніммен өсуі 14 пайызды құраған болатын. Отандық тауар өндірушілеріміз 2001 жылғы экономикалық шикізат секторымен долл шарт жасасты, мұның өзі өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есеге артқан. инвестициялардың мол көлемін тарту экономикасының өсуіне үлкен ықпал жасайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Артыкова Б., Назыкеева Б. «Саяси экономия» жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық. А- 1990 жыл.
2. Әубәкіров, Я.Ә., Абдуллаев А.А. «Саяси экономия» А -1991 жыл.
3.Әубәкіров «Экономика теория негіздері» А - 1999жыл.
4.Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.б., Жақыпова Ф.Н., Т.П. Табаев «Экономикалық теория» Алматы, 1999жыл.
5.Дүйсенбаев К. Ш., Э.Т. Төлегенов., Ж.Г. Жұмағалиева «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы, 2001ж.
6. «Заң» Республикалық құқықтық, журнал Астана 2000ж №9
7. Мельников В.Д., Ілиясов К. «Қаржы» Алматы, 1994ж.
8. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. К.орын экономикасы. А, 2003ж.
9. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы, 1992ж.
10. Қазақстан Республиксының еңбек туралы заңы. Алматы 2000ж.
11.Үмбеталиев А., Ғ. Керімбек «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік» Алматы, 2002ж.
12. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаева С. Қаржы. Алматы, Алматы 2003ж.
13. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» Алматы, 2001ж.
14. Сәбден О., Тоқсанова А. Шағын кәсіпкерлікті басқару.А,2002ж.
15. Экономика зарубежных стран. Москва, 1990г.
16. История экономических учений Москва, 1994г.
17. Реуэль А.Л. «Экономических учений» Москва 1972г.
18. Ядгаров Я.С. «История экономических учений» Москва 1998г.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2

ІІ Негізгі бөлім

2.1 Инвестиция түсінігі және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.2 Инвестицияны тиімді бағалау
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.3. Индустриялы – инновациялы дамудағы инвестицияның

маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.4. Қазақстан Республикасының шетел инвистицияларын
тартудың
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 19

ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .23

ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Кіріспе
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері елде көптеген
экономикалық өзгерістер орын алды. Тәуелсіз Қазақстаның шежіресі, оның жаңа
тарихы енді басталып келеді. Қысқа мерзімнің ішінде, Қазақстан халықаралық
аренаға шығып, өзінің сенімді серіктес екендігін танытты. Бірнеше жылдың
ішінде өзіне тән барлық айқын сипаты бар жаңа мемлекеттілік құрылды.
Нарықтық қатынасқа бағытталынған жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде
Қазақстанның қазіргі дамуындағы экономикалық реформалардың басты
бағыты бұл экономикалық тиімділікті жоғарлатуға бағытталған мемлекеттің
инвестициялық саясатын жасау және жүзеге асыру. Осындай тапсырмаларды шешу
сонымен қатар экономикалық қүрылымды өзгерісін қамтамасыз ету үшін
республика экономикасына шетел капиталын қатыстыру үлкен мәнге ие.
Қазақстан Республикасының Еуропа елдерімен қарым-қатынасы қазіргі ғаламдану
кезеңіне сәйкес дамып отыр.1993 жылы Швейцарияда болып өткен форуымда
Қазақстан Республикасы-ның Президенті шетел инвестициясы үшін біздің елде
ерекше ынта қойылатындығын, сонымен бірге инфрақұрылым мен коммуникацияға
аса назар аударатындылығын атап өткен еді. Міне сол жылдардан бастап,
Қазақстан қолайлы инвестициялық климат құруға тырысты. Осы мақсатта
елімізде инвестициялық қызметті реттейтін бірқатар нормативтік құқықтық
актілер жетілдіріліп, іске асырыды. 1994 жылы желтоқсанда Қазақстан
Республикасында шетелдік инвестицияларды салу объектілері және жүзеге асыру
формалары, құқық тәртібін анықтайтын Қазақстан Республикасының Шетел
инвестициялары туралы Заңы қабылданды. 1997 жылдан бастап инвестициялық
қызметтің жандану қарқыны байқалды. Экономика саласындағы іскерлік
белсенділіктің өсуі, мемлекеттегі қолайлы инвестициялық климаттың болуы,
ішкі және сыртқы нарықтарда қүрылымның жақсаруы, қаржылық институттардың
жақсаруы инвестициялық процестердің жандануына септігін тигізді.
Мемлекеттің шет ел инвестицияларын тарту мәселелерін, инвестициялық
саясаттың ұлттық экономикалық жағдайына әсерін, сыртқы экономикалық
қатынастарды дамытуда халықаралық инвестициялық ағымдар саласының негізгі
тенденцияларын талдау. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік
инвестициялық сая-сатының өзекті мәселелерін негізгі бағыттарына
тоқталып, алдағы ауқытта оны көбейту жолдарн ұсыну да, жұмыс мақсатына
жатады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- аналитикалық - ақпараттық шолу жасау;
- инвестициялық тиімділікті бағалау;
- инвестициялық қаражаттың мақсатты бағыттарда, тиімді
бақылаулы формада пайдалану дәлелдерін келтіру;
- Қазақстан Республикасына дамыған шет мемлекеттерінен
инвестициятартудың тиімді және тиімсіз жақтарына
тоқталу;
- шетел капиталынын мемлекетімізге маңызы зор екеңдігін
көрсету.
Жұмыстың бірінші тарауында "инвестиция" терминіне, оны тиімді
бағалау методологиясына және басқару ерекшеліктеріне, кең мағлұмат
берілді.
Екінші тарауда, әлемдік экономикадағы халықаралық капитал қозғалысы,
мемлекетіміздің шет елдерімен қарым - қатынасы, инвестициялық саясат,
индустриалды — инновациялық дамудағы алатын орны жайлы сипатталады.
Ал үшінші тарауда, Оңтүстік Қазақстан облысындағы инвестициялық жағдай,
инвестициялық қорларды тиімді пайдалану жолдары, қазіргі ғаламдану
кезенінде индустриалды — технологиялық стратегияның маңыздылығы,
инвестициялық зандарды жетілдіру қарастырылды.
Қазіргі таңда ел экономикасы өрлеу үстінде. Сонғы төрт
жылдын ішінде Республикада ішкі жалпы өнімнің жиынтық
өсімі — шамамен 50% қүрайды. Жан басына шаққанда
шетелдік инвестициялардың көлемі жағынан Қазақстан
посткеңестік кеңістікте бірінші орын алады. Мұндай жағдай
инвестицияны тарту түрғысында Қазақстанды тартымды ете
түседі. Біздің елімізге ТМД-да алғашқы болып "инвестициялық" рейтингісінің
берілуі осының көрінісі. Тәуелсіздік жылдарында тиімді банк, сақтандыру
және зейнетақы жүйесі құрылып, Ұлттық қор мен Қазақстанның даму банкі
өмірге келді. Даму банкі — инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыруға
арналған негізгі институттардың бірі.
Шетелдік инвестицияның экономиканы қайта құруда жәрдем-деседі деген
үмітіміз ақталды. Шетелдік инвестициялардың есебінен өндіруші салаларда
өсімге қол жегті, бүл да экономиканың жалпы көтерілуіндегі едәуір маңызды
фактор болып саналады.
Қазіргі таңда ел экономикасы өрлеу үстінде – 2002ж жалпы ішкі өніммен
өсуі 14 пайызды құраған болатын. Отандық тауар өндірушілеріміз 2001 жылғы
экономикалық шикізат секторымен долл шарт жасасты, мұның өзі өткен жылмен
салыстырғанда 2,2 есеге артқан. инвестициялардың мол
көлемін тарту экономикасының өсуіне үлкен ықпал жасайды.

2.1 Инвестиция түсінігі және оның түрлері
Инвестиция - (лат. Invtstire - киіндіру, ал ағыл тіл аударғанда - салу),
табыс алу, меншікті капиталды молайту, елдің материалдық байлығы мен
бейматериалдық сипаттағы
қоғамдық құндылықтарын еселей түсуі үшін шаруашылық
жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.
Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешілігі бар.
Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана
салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де
салынады. Инвестициялық қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік
сала арқылы инвестиция тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің
құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне,
негізгі капиталдың үдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру
көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік
инвестиция, қоржындық (портфельдік) инвестиция түрлеріне бөлінеді.
Сонымен, инвестиция дегеніміз-халық шаруашылығына мемлекет ішінде және
шетелге, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ
мерзімге қаражат бөлуді айтамыз.
Негізгі капиталға салынатын инвестиция - негізгі қүралдарды сатып
алуға, құруға және ұлғаймалы өндіріске қүрылысқа, үлғайтуға, қайта
жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден
өткізуте, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толтырута
жұмсалатын қаражат, немесе жиынтық шығындарын айтамыз. Негізгі капиталды
инвестициялау нысандарына ғимараттар, құрылғылар, машиналар мен жабдықтар,
мал, екпе ағаштар, және геологиялық барлау, компьютерлік және бағдарламалық
қамтамасыз ету, көркем әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және
жаңа ақпарат жатады. Негізгі капиталға салынған инвестиция Қазақстанда
2000ж бейқаржылық активтерге салынған. Инвестиция көлемінің 79,1 проценті
болды. Бейқаржылық инвестицияның 20,9 проценті материалдық айналым
құралдарының қорларын толықтыруға, құндылықтар мен бейөндірістік активтерді
(жер, жер қойнауы телімдерін, патенттер, лицензиялар, т.б) сатып алуға
жұмсалды. Негізгі капиталға салынатын инвестиция елдің экономикалық
өрлеуінің негізгі факторы болып табылады.
Тікелей шетел инвестициясы - бұл халықаралық инвестиция қызметінің
категориясы, ол бір елдің шаруа бірлікрезидентінің басқа елде орналасқан
кәсіпорын қызметінде тұрақты әсер етуді иеленуге ұмтылысын көрсетеді.
Тікелей шетел инвестициясын шетел инвесторы жүзеге асырады. Әлемдік
экономикалық жүйені жаһандандыру жағында, сондай-ақ, Қазақстанның
тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты
шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезенде
экономиканын өрлеуі мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі
қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның ролі мен мәні арта түсуде.
Шетелдік инвестицияға тікелей инвестиция, қоржындық инвестиция, сондай-ақ,
сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады.
Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану
тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару
тәжірибесінің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа рыноктарға жол ашады,
ірі құрылымдық өзгерістер, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына,
инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының
қалыптасуына серпін береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция
неғүрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ
мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды.
ТМД елдерінің арасында Қазақстан экономикасына тартылған
шетелдік инвестицияның көлемі бойынша көш бастап келеді. Күрделі құрылысқа
салынған инвестицияның жалпы көлеміндегі шетелдік инвестицияның үлесі 1995
ж - 1,5%, 2000 ж - 38,6%-ға артты. 2000 ж 2751 млн. долл. Шетел қаражаты
тартылды, мұның өзі 1999 жылғымен салыстырғанда 48,6% жоғары. Тек 1993 -
1999 ж. Тартылған тікелей шетелдік инвестицияның көлемі. 9700 млн. долл.
болды, бұл ретте оның жалпы көлемінің 54,4% мұнай секторына, 20,1% түсті
металлургияға, 3,8% қара металлургия, 3,7 % энергетика кешенге, 3,4% тамақ
өнеркәсібіне салынды.Осы кезенде тартылған тікелей шетелдік инвестицияның
ең көп көлемі АҚШ үлесіне тиеді-жалпы көлемнің 33%, Оң кореяның үлесі -
15,4%, Ұлыбританияның үлесі - 12,5%, Түркия үлесі - 4,9%, Қытайдың үлесі -
4,7%. Қазақстан шетел капиталын несие мен қарыз нысанында да тартты.
Қазақстанга Австралияның АҚШ, Қытайдың, Туркияның, Еуропа Одақтың және
басқа елдердің несие желілері ашылды, осы желілердің шеңберінде 90 - нан
астам келісімге қол қойылды. Қазақстаннын сыртқы қарызы шекті өркениетті
шеңберден шыққан жоқ, яғни тікелей мемлекет және Қазақстан Республикасының
Үкіметі кепілдік берген сыртқы борыш оның жалпы көлемнің 25,5% ғана болды.
Борышқа қызмет көрсету нормасы сыртқы борыштар бойынша төлемдердің экспорт
көлеміне қатынасы ретінде 2000 жыл 32,6% болды. 2000 жылы Қазақстан ТМД
елдерінің арасында сыртқы борыш бойынша міндеттемелерінің мерзімінен бүрын
төлеген жалғыз ел болды, мүнын өзі еліміздің халықаралық инвестициялық
беделін көтерді.
Портфельді (қоржынды) инвестициялар - ұзақ мерзімді борышқорлық
міндеттемелер мен бағалы қағаздарға салынған қаражат; капиталға қатысуды
және салынған капиталға шаққанда табыс алуды қамтамасыз етеді. Әлемдік
практикада капитал қорланымы мен халықтың жинақ ақшасының көп бөлігі бағалы
қағаздар мен басқа да қаржы қүралдары арқылы жанама түрде өндірісті
инвестициялауға қатысады. Мысалы әлемдік инвестициялық байлықтын жалпы
көлеміндегі қаржы байлыгынын үлесі көп-57,7%. Халықтың ақшалай қаражатының
қорланымына келетін болсақ, мысалы, АҚШ-та бағалы қағаздарға (негізінен,
акцияларға) салынған инвестицияның жалпы көлемдегі үлесі 50% - тен асады.
Қазақстанда халықтың акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар сатып
алуға жүмсаған шығыны олардың жалпы көлемінің 3% - нен аспайды. Мұндай
жағдайдың себебі қор нарығы мен қаржы құралдарының дамымағандығында.
Портфельді инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік
бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың
атқарымдық мақсатына қарай ірі бакілердің инвестициялық қоржынында жетекші
рольге ие болып отырған меншікті инвестицияларға және қайталама өтімді
резервтер.
Мемлекеттің бағалы қағаздар нарығы бағалы қағаздар нарвығының
неғұрлым серпімді т.рде дамып келе жатқан буына болып табылады. Мұндай
қағаздардың ең маңыздылары: мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер, Фдың
айналыс мерзімдері 3, 6, 12, 24 айдан 10 жылға дейін, мемлекеттің қысқа
мерзімді қазынашылық міндеттемелер, мемлекеттік индекстелетін қазынашылық
міндеттемелер, мемлекеттің орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер,
мемлекеттің арнаулы қазынашылық міндеттемелері, арнаулы валюталық
мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері, үлттық жинақ облигациялары, Ұлттық
банктің ноталары, муниципалдық құнды қағаздар.
Инвестицияларды кепілдендіру жөніндегі көпжақты агенттік
- халықаралық құқық және агенттік мүшелерінің ішкі зандарының нормаларына
сәйкес толық занды тұлға болып табылатын дербес халықаралық ұйым.
Инвестицияларды кепілдендіру жөніндегі көпжақты агенттікті қүру идеясы 1950
ж пайда болды, алайда 1985 ж Сеуілде арнаулы Конвенция қабылданғаннан кейін
ғана құрылды. Агенттіктің міндеті -өндіріс мақсатында мүше елдер арасында
Халықаралық қайта қүру және даму банкінің,халықаралық қаржы бірлестігі мен
басқа да қалықаралық қаржы мекемелерінің қызметтерінің толықтыра отырып,
инвестициялар ағынын реттеу. Агенттікке Халықаралық қайта құру және даму
банкінің мүшелерінің барлығы мүше бола алады. Алғашқы мүшелерінің қатарына
1987 жылдың 30 қазанына дейін Конвенцияға қосылған мемлекеттер жатады.
Агенттіктің құрылымы басқа халықаралық мекемелердің, негізінен, Халықаралық
қайта құру және даму банкімен халықаралық қаржы бірлестігінің қүрылымына
сәйкес келеді. Агенттік басқарушы кеіестен және Директорлар кеңесінен
сондай-ақ Президент пен өзге қызметкерлерден қүралатын үш сатылы қүрылымнан
түрады. Агенттік қызметің Директорлар кеңесінің төрағасы (Халықаралық қайта
құру және даму банк Президенті) басқарады. Орталығы Вашингтонда (АҚПІ,
Колумбия) орналасқан. Қазіргі уақытта оған 114 ел, оның ішінде Қазақстан да
мүше болып табылады.
Инвестициялық банк — шаруашылықтың түрлі салаларын қаржыландыруға
және үзақ мерзімді несие беруге, негізінен, қүнды қағаздар арқылы
маманданған банктер. Инвестициялық банктердің негізгі түрлері,
инвестициялық трест компаниялар, инвестициялық тригер, холдинг-компаниялар,
қаржы компаниялары, іскерлік банктер, өнеркәсіптік банктер, т.б әлемдегі
ірі инвестициялық банктер: "Мицибиси траст энд банкинг корпорейшн", "Морган
гаранти траст компани оф Нью-Йорк", "Банкерс траст компани", "Сумитома
банк".
Инвестициялық институттар — бос қаржы ресурстарының қорланымы мен
өндіріске салынған инвестиция арасында қор нарығынын тетігін іске қосатын
байланыстырушы м:.мандандырылған арнаулы институттар. Инвестициялық
институттар міндеттері: бос ақшалай қаражаттытартып, шоғырландыру; осы
қаражатты инвестицияға айналдыру; инвестиция қоржынын тиімді басқару және
оны нңтайландыру; ақшалай ресурстарды қайта бөлу.
Инвестицияны құнды қағаздарға әртараптандырумен, саудамен немесе
тәуекелдік және болжалды табыстың деңгейін бағалаумен, яғни жалпы алғанда,
капитадды басқарумен айналысатын арнаулы инвестициялық институттарға деген
қажеттілік ұсақ акционерлердің пайда болуына, капиталдар нарығынын дамуына,
инвестициялық ресурстардың жалпы көлемінің ұлғайуына байланысты туындады.
Инвестициялық институттар ұсақ инвесторлар мен капиталдың ірі корпопациялық
қарызгерлері арасындағы делдалдардың ролін атқарады, яғни бос ақшалай
қаражатты капиталға айналдырады. Қор нарығы дамыған елдерде институттық
инвесторлардың делдалдығымен ақшалай қаражаттың 30% дейінгісі қайта
бөлінеді. Дамушы елдерде, соның ішінде Қазақстанда да, қаржы жүйесі
оңайтылған — негізгі рөл банк секторына жүктелген. Мамандандырылған
инвестициялық институттар Қазақстан мен Ресейде нарықтық өзгерістердің
бастапқа кезеңінде сенімгерлік компаниялар нысанында дамыды ( "МММ",
"Тибет", "Русски дом селенге", "Финансовый центр", "Смағұлов және К", т.б.
) мұның өзі қор нарығы мүлдем жоқ жағдайда "пирамида" қағидатына
негізделген қаржылық айла-шарғы болды. Қазақстанда қүнды қағаздар нарығынын
институттық инвестициялары, негізінен, купондық жекешелендіру барысында
қүрылған иевестициялық жекешелендіру қорлары болды. Халықтың купорндарын
шоғырландыру және кәсіпорындардың акцияларын сатып алу мақсатымен осындай
169 қор құрылды. Олар өз ролін атқарып та үлгерді: купондық жекешелендіру
кезінде жалпы атаулы құны 3138 млн. Теңгелік акция сатылды, 1127 млн. Купон
жүмсалды. "Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына (1997) сәйкес елде инвестициялық қорлардың
екі түрпатын жасақтау көзделді. Олар: 1) өзара қарыз қоры - өздері шығарған
акцияларды қор акционерлерінен сатып алуға міндетті ашық инвестициялық қор;
2) өздері шығарған акцияларды қор акционерлерінен сатып алуға міндетті емес
жабық инвестициялық қор 1998 ж "НСБК - груп" ұлттық инвестициялық-қаржы
акционерлік компаниясы қүрылды, оның жарғылық капиталына мемлекет 100%
көлемде қатысты. Қазақстан Республикасыны Президентінің оны құру туралы
Жарлығына сәйкес "НСБК - групптің" сенімгерлікпен басқаруына Халықтық банк,
Қазақстаннын Экспорт - импорт банкі, сондай-ақ шетелдік сақтандыру
жөніндегі мемлекеттік компания - "Қазахинстрах" акцияларының мемлекеттік
пакеттері берілді. Яғни республикада іс жүзінде тұңғыш рет құнды қағаздар
қоржындарын басқарушы мемлекет компания әкімшілік жолмен құрылды.
Сонымен қатар Қазақстанда зейнетақы қорлары сияқты инвестициялық
құрылымдар жұмыс істейді. 2001 ж аяғында 16 жинақтаушы зейнетақы қоры
тіркелді. Олардың қаражаты 182,4 млрд. теңге болды.
Тікелей шетел инвестициясы қаражаттарды тікелей өндіріске қүрал
жабдықтарды сатып және әлеуметтік өндірістік сипаттағы объектілердің салуға
жұмсалады.
Инвестицияның негізгі түрлері, әрбір фирманың іс әрекетінің маңызды
бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске
асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция.
Коммерциялық тәжірибиеде мұндай инвестициялардың түрлері:
- табиғи активтерге инвестициялар;
- ақша активтеріне инвестициялар;
- материалдық емес активтерге инвестициялар;
- Табиғи активтерге өндірістік ғимараттар мен құрылымдар,
қызмет ету уақыты бір жылдан асатын әртүрлі машиналар мен жабдықтар және
өндіріс процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.
Ақша активтеріне - басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын
алуға болатын қүқық жатады. Мысалы, банкіде - депозиттер, облигациялар,
акциялар несиелер, қарыздар, кепілділіктер т.б
Материалдық емес активтерге - фирмалардың жүмысшыларының қайта жеке оқыту
және біліктіліктерін жоғарлату арқылы, сауда белгілерін жасау тапқыштық
патенттер мен лицензия алу, өнеркәсіп үлгілерінің куәлігін алу, өнімге
сертификат алу, жерді қолдануға қүқық алу арқылы алынған қүндылықтар
жатады.
Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып
бөлінеді. Нақты инвестициялар -капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына,
құрылысқа және т.б жұмсалымы. Қаржы инвестициялары- мемлекеттен, басқа да
кәсіпорындардан, инвестициялық_қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды
сатып алуға бағытталған. Бірінші жағдайда инвестор, өзінің өндірістік
капиталының көлемін - өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын
үлғайтады. Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы
өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.
Қазіргі өндірістің ұлғаюына байланысты инвестицияға деген сұраныс
күннен - күнге артып отыр. Инвестицияны пайдалану қай салада болса да
тиімді болуы бүгінгі күннің талабы. Өндірістік инвестицияның келесі
құрылымын ұсынуға болады. Кеңейтілген қайта ондіріс жүйесінде инвестициялар
маңызды құрылым түзуші қызмет атқарады. Экономиканың
болашақтағы құрылымы қаржылардың халық шаруашылы-ғының қай саласын
дамытуға салынатындығына байланысты болады. Мысалы, ауыл шаруашылық техника
шығаратын машина жасау зауыттары немесе соғыс техникасы мен оқ, оқшантай
шығаратын машина жасау зауыттары басым болады, немесе, әрі қарай
жалғастыратын болсақ, ірі ондірістік кешендерді салуға мамандандырылған
қүрылыс фирмалар жағында, немесе жайлы тұрғын үй салушы фирмаларды дамытуға
салынуы мүмкін.
Негізінен, жеке меншік инвестициялар толығымен пайда табуға бағытталады.
Экономиканың әрбір жеке салаларының, шағын салаларының, жеке кәсіпорынның
инвестициялық тартымдылығы оның пайдалылық деңгейімен байланысты болады.
Нәтижелілік инвестицияның басымдылығын анықтайтын маңызды құрылым жасаушы
критерия. Инвестицияның мемлекеттік емес коздері, бұл оте айқын, ең алдымен
айналым-дылығы жылдам, жоғары табысты салаларға бағыттталады. Мүндай
жағдайда, баяу отелетін экономика салаларына инвестиция аз болінеді. Шеттен
тыс инвестициялау құнсыздануға (экономиканың қызып кетуіне), ал
жетімсіздігі -дифляцияға алып келеді. Экономиканың бүл шектен тыс белдеуін
біздің козқарасымыз бойынша үкімет жүзеге асырып отырган саласындағы тиімді
стратегияларын, несие-қаржы және қаржы бюджеттік іс-шаралары мен салықтар,
мемлекеттік шыгындар мен реттелуі тиіс. Инвестициялық саладағы нарықтық
қатынастарға өту ең алдымен оның шұғыл көздеріне байланысты.
Инвестициялар инвестордың өзіндік қаржы инвестициялық салымдар мен
қарызға алынған қаржылық ресурстар есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл
қайнар көздердің үлестік қатынастарын өзгерту арқылы кейбір нашар дамыған
салаларды, секторларды жетілдіруге болады. Мемлекеттік тұрғыдан әлсіз
араласудың өзі көп тиімділікке қол жеткізуге болады.
Инвестициялық қорлар — компаниялардың құнды
қағаздарды сатып алуға жүмсайтын қаржысы, сонымен бірге
жеке және ұжымдық тұлғалар ақша қаражаттарын немесе
активтерін басқару үшін кәсіпқой инвестициялық менеджерлерге беруге
мүмкіндік беретін механизм. Мыңдаған инвесторлардың инвестициялық қорларға
салған салымдары бір портфель ретінде бсқарылып, әр инвестордың
инвестициялық қорларға қосқан инвестициясына пропорциалды үлестері болады.
Бұл келесідей артықшылықтар береді:
- Кәсіби басқару - акцияларды таңдау процедурасы мен қор нарыгындағы
жұмысқа ұсақ жеке инвесторлардың не білімі, не уақыты жетісе бермейді,
бірақ олар акциялар мен облигацияларға салынған қаражаттан артықшылық
алғылары келеді;
- Диверсификация - портфелді басқаруда диверсификация
қауіптілікті томендетеді, бірақ ұсақ инвесторлар операцияны өткізудің
шығыны коп болуына байланысты және аз акция санымен бұған экономикалық
жолмен жеткізе алмайды;
Шығындарды төмендету – көп санды ұсақ инвестицияны бір үлкен портфель
ретінде басқарғанда операциялардың ауқымының азаю есебенен үнемге жетуге
болады, осыдан ұсақ инвесторлар басқару толемінің аздығынан тиімділікке қол
жеткізулеріне болады;
- Сенімділік - барлық елдерде іс жүзінде инвестициялық қорлар үсақ
инвесторлардың мүдделерін қорғауға бағытталған заңмен реттеудің объектісі
болып табылатындықтан, инвестор өз қаражаттарының дұрыс денгейде
басқарылып, айтарлықтай дәрежеде қорғалатына сенімді болу керек.
Инвестициялық қор ашық және жабық нысанда болады. Ашық инвестициялық
қорда компания жаңа акцияларды ұдайы сатады да, ескірген сатып алады, одан
түскен табыстарын басқа компаниялардың құнды қағаздарына сатып алуға
жұмсайды. Жабық инвестициялық қорда компания дәл белгіленген мөлшерде
капиталданады, тек ескі акциялары негізінде ғана жұмыс істейді.
Инвестициялық қордың жұмысына мемлекет лицензия береді.
Инвестициялық қорлар бағалы қағаздар нарығына оң әсерін тигізеді.
Халықтың, институтталынған инвесторлардың, жарна-лық қорлардың уақытша бос
ақша қаражаттары инвестициялық сұранысты көбейтіп, бағалы қағаздардың
айналымын ынталан-дырып, ақырында инвестициялық ресурстардың өндіріске
құйылуына мүмкіндік туғызады. Инвестициялық қорлардың қызметі "Қазақстан
Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы" Заңымен реттелініп,
инвестициялық қорларды үйымдастырудың негізгі принциптерін белгілеп, бағалы
қағаздар уәкілетті органның нормативтік актілерімен реттеледі.
Инвестициялық қорлар ашық акционерлік қоғам түрінде қүрылады және
қаражаттарын болашақта бағалы қағаздарға инвестициялау мақсатында өз
акцияларын шығарып, оны ашық орналастырып ақшалай қаражаттарды тарту арқылы
ерекше қызметті жүзеге асырады. Инвестициялық қорлар бағалы қағаздардың
басқа түрлерін шығара алмайды. Акционерлермен өзара қарым-қатынасына
байланысты инвестициялық қорлар төмендегідей болады:
өзара инвестициялық қорлар - бұл ашық инвестициялық қорлар, олар
өздерінің эмитенттелінген акцияларын заңмен белгіленген бағамен кері сатып
алуға міндетті. Олар дамыған елдерде кең дамыған, ол соңғы жылдары неғүрлым
динамикалық жолмен дамитын қаржылық институттар болып табылады.
инвестициялық компаниялар - бұл жабық инвестициялық қорлар, акционерлер
қорынан өзі эмиссиялаған акцияларды кері сатып алуға міндетті емес.
Инвестициялық қорлар типі қорлардың жарғысында көрсетілуі керек.
Инвестициялық қорлардың типтерінің өзгеруі заңға сәйкес уәкілетті органға
тіркеледі. Инвестициялық қорлардың құрылуы мен қызметі ашық акционерлік
қоғам құруға арналған заңнамамен және "Қазақстан Респуб-ликасындағы
инвестициялық қорлар туралы" Заң ережелерін есепке ала отырып реттеледі.
Инвестициялық қорлардың портфелінде акциялары бар, акционерлік қоғамдар оны
басқаруға қатысуға қүқығы бар. Бұл бұл құқықтарды шектеу заңға сәйкес
жауапкершілікке тартылады. Инвестициялық қорлардың акционерлері кез келген
тұлға бола алады.
Жаргылық капиталдың мөлшері өзара инвестициялық қорлар үшін
50000 есептік көрсеткіштен, инвестициялық компаниялар үшш 31)001)
есептік көрсеткшгтен кем оолмауы керек. Инвестициялық қордың құрылтай-шылар
жиналысына міндетті түрде инвестициялаудың мақсатын, стратегиясын, бағытын,
бағалы қағаздар портфелінің диверсификациялау нормаларын және басқа да
шектеулерді анықтайтын инвестициялық декларация бекітіледі. Өзара қорлардың
инвестициялық декларациясында портфелінің бағалы қағаз өтімділігі жөнінде
шектеулер жазылады. Өзара қордың бағалы қағаздар портфеліне тиісті мәміле
жасалар кезде орын алып отырған бағасы, олардың нарықтық қүнынын он
пайызынан аспайтын мөлшерде төмендеген кезде, он күннен аспайтын мерзімге
сатуға болатын бағалы қағаздар ғана енгізілуі мүмкін. Инвестициялық
қорлардың қызметі қатаң шектеледі және бақыланады.
Инвестициялық қордың шектеулері:
-инвестициялық қордың еншілес кәсіпорындарын құруға және осы қордың
аффирлендірілген тұлғаларымен мәміле жасауға;
-алты айдан артық мерзімге қарыз қаражаттарын тартуға;
-инвестициялық қорлардың акциясы бойынша табысты, сонымен қатар
портфельдегі бағалы қағаздардың өтімділігін шектейтін, инвестициялық
қорлардың жарғысына және Қазақстан Республикасы заңдарына қайшы келетін
міндет-темелерді өзіне қабылдауға;
-бағалы қағаздардың портфелінде өзара қорлар үшін 10% және инвестициялық
компаниялар үшін 20%-дан аспайтын бір элементтің бар болуына;
-Инвестициялық қорлардың, аффирлендірілген тұлғалардың, өздерінің
кастодиалдары мен тіркеушілерінен бағалы қағаздарды алуға;
-меншік акцияларды сату және сатып алудың пирамидалық жүйесін құруға;
-таза активтердің 10%-нан артық мөлшерде кепілзат мәмілесін жасауға және
кез келген кепілдіктер мен басқада шектеулер беруде.
Инвестициялық құнды қағаздар - ұсынушыға арналған құнды қағаздар түрі,
яки инвестициялау құралы ретінде айналыста жүрген және иесінің кәсіпорында
немесе мүлікте үлесі бар екенің дәлелдейтін атаулы құнды қағаз. Құнды
қағазды инвестициялық құнды қағазға жатқызудың негізгі принципі оның
атқаратын міндетіне байланысты. Егер ол қор биржаларында көпке танымал
болса және айналымда қаржыландыру құралы есебінде пайда-лынса, онда
инвестициялық құнды қағаз болып табылады. Мұндай құнды қағаздар
айырылмдағы құжаттарға жатады.
Инвестициялық құнды қағаз ретінде акциялар, облигациялар, купондар,
векселдер, чектер, депозиттік сертификаттар, қоймалық куәліктер
пайдалынылады. Инвестициялық құнды қағаздарды мемлекеттік акционерлік
қоғамдық ұйымдар мен банктер шығарады. Инвестициялық құнды қағаздар қосымша
капиталды қорландырудың ықпалды құралы және ол капиталдың бір саладан
екінші салаға құйылып отыруына мүмкіндік береді. Нарыққа өту кезеңінде
инвестициялық құнды қағаз — инвестициялық қаржыны толықтырудың сенімді
құралы.
Инвестициялық салық несиесі — ескірген жабдықтарды ауыстыруды және
техника мен технологияның ең жаңа түрлерін енгізуді уәждемелеу мақсатымен
әлемдік тәжірибеде қолданылатын тиімді тәсілдердің бірі. Шын мәнінде, ол —
күрделі жұмсалымды мемлекеттің қаржыландыруы, ал нысаны бойынша — салық
салатын табыстың мөлшерін белгілі бір уақыт кезеңі өткеннен кейін
кәсіпорынға қалдыратын салық несиесінің сомасы мемлекетке қайтып
оралатындай айырмаға қысқартатын салық жеңілдігі. Инвестициялық салық
несиесі, әдетте, жабдықтын құнына пайыз есебімен айқындалыды және салық
немесе салық салатын табыс сомасынан тікелей шегеріледі. АҚШ-та, мысалы,
мерзімі 3 жылдан кем нысандарға салынатын күрделі жұмсалымнан 6 проценттік
салық шегерімін жасауға және оның басқа түрлеріне салынатын күрделі
жүмсалымнан 10 проценттік шегерім рүқсат етілген. Бұл әдісті қолдану
уақытша пайда алған кәсіпорын үшін де, кем алынған қаражатты кейіннен
артығымен қайтарып алатын мемлекет үшін де тиімді.
Инвестицияға жасалатын салық шегерімі жеңілдіктердің баламалы нысаны
болып табылады, ол Оңт-Шығыс Азия елдерінде өздерінің параметрлері бойынша
пүрсаттылық мәртебесі берілмеген компанияларға салынатын инвестицияны
ынталандыру үшін кеңінен қолданылады. Бұл жеңілдіктің мәні мынаған саяды:
кәсіпорындар табысынын бір бөлігіне салық салынбайды және ол салынған
капиталдың шамасы мен берілетін шегерімнің мөлшерлемесі негізінде
айқындалады. Қазақстанның жаңа "Салық кодексінде" негізгі қызметті
инвестициялауға, жаңа техника мен технологияларды енгізуге жүмсалатын
табыстың бір бөлігін салықтан босату көзделген. Болашақта кәсіпорынды қайта
құру кезінде шеккен залалдарды кейінгі жылдарға көшіру, яғни келешектегі
пайдадан шегеру сияқты ынталандыру әдісі пайдаланылуы мүмкін.Бұл ретте
табыстың салық салынатын бөлігі азаяды. Бұл ардықшылықты "алғашқылық"
немесе басымдылық мәртебесіне ие кәсіпорындарға берген тиімді.
Инвестициялық саясат — инвестициялардың неғұрлым басым бағыттарын
айқындайтын шаралар жүйесі; өндірісті, кәсіпкерлікті дамыту, пайда немесе
басқа да түбегейлі нәтиже алу мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектінің
(кәсіпорынның, фирманың, компанияның, т.б), аймақтың, елдің де, сондай-ақ
одан тысқары жерлерде де қаражат салудың көлемін, құрылымы мен бағытын
белгілейтін шаруашылық шешімдерінің жүйесі.
Инвестициялық бағдарламаларға сәйкес мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
мемлекеттік инвестицияларды тікелей басқару; салық жеңілдіктерін беру;
демеуқаражат, жәрдемқаражат, бюджеттік несие түрінде қаржылай көмек беру;
тиісті несие саясатын, баға белгіленімін; амортизациялық саясатжүргізу;
нормалар мен стандарттардың қолданылуына, сондай-ақ, міндетті түрде
сертификаттау ережесінің орындалуына бақылау жасау. Қолайлы инвестициялық
ахуал жасау арқасында: жаңа технологияларды, озық техника мен нау-хауды
енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен және қызмет көрсету мен
толықтыру: отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру;
Қазақстан Республикасынын шикізат базасын үтымды әрә кешенді пайдалану;
менеджмент және маркетингтің қазіргі әдәстерін енгізу; жаңа жұмыс орындарын
ашу; жергілікті кадрларды оқыту жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін
көтеру; өндірістің қарқынды дамуын қамтамасыз ету; қоршаған ортаны жақсарту
міндеттері шешіледі.
Инвестициялық сертификат — инвестицияның заңды екенін куәландыратын
қүжат, яки инвестициялық қордағы үлес туралы куәлік. Олинвестициядан
белгілі бір табыс алуға құқық береді, бірақ оның молшері (процент есебімен)
алдын ала көрсетіледі. Инвестициялық сертификат дауыс алу құқығын бермейді
және қандайда болсын міндеттеме жүктелмейді.

2. Инвестицияны тиімді бағалау әдістемесі
Қазіргі нарық жағдайында инвестициялық процесс барысын және инвестиция
тиімділігін жоғарлатудың негізгі бағытын анықтау қажет. Атап кету керек,
теория инвестициясының зеріттеу обектісі қаржылай инвестиция болып
табылады. Отандық экономикалық ғылым тек нақты капитал жұмсау
инвестициясымен айналысып келеді. Ғылыми ортада талданатын мәселелер
тобында мән берілетіні тиімділік критериясы, экономикалық тиімділік,
өтеушілік мерзімі. Пікірге атақты ғалымдар атсалысқан, мысалы, Т.
Хачатуров, У. Баймуратов, А. Әлімбаев, т.б.
Халық шаруашылығы тәсілі негізінде капитал жүмсаудың экономикалық
тиімділігін бағалау мәселесіне А. Анчишкин, В. Немчинов, Д. Львов, В.
Логинов, В. Красовский және тағы басқалары да көп үлесін қосты. Капитал
жүмсауды бөлу жоспарлау әдісімен болган 70-жылдардың аяғында экономикалық
тиімділікті анықтау үшін екі негізгі әдістеме пайдаланды:
- Рационализаторлық жағдай — халық шаруашылығында жаңа техниканы
экономикалық тиімді пайдалануды анықтау әдістемесі.
- Капитал жүмсау тиімділігін бағалау кезінде кең таралылуды келтірілген
шығын көмегімен өндірістік тағайындаудағы әртүрлі жоба объектілері
варианттарының тиімділігімен салыстыру әдәстемесі. Осы әдістемеге сәйкес
жылдық халықшаруашылық тиімділіктің ең негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық климаттың мәні және әсер ететін негізгі факторлары
Инвестициялық қызметтің қаржылық аспектілері. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
Қаржылық инвестиция портфелінің түсінігі, мазмұны және түрлері
Шетелдік инвестицияларға қатысты инвестициялық саясат
Ұйымның инвестициялық және инновациялық қызметін талдау
Инвестициялық құқықтың түсінігі, пәні, қағидалары, жүйесі
Инвестициялық бизнес - жоспар
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және инвестициялық қызметі
Инвестиция түсінігі, шығарудың негізігі мәні, факторлары мен себептері
Инвестиция түрлері
Пәндер