Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу жолдары



Ел басшысы Н.Ә. Назарбаев "Ғасырлар тоғысында" ғылыми -теориялық еңбегінде " Тәрбиенің түп мақсаты -қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, XXІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті, жеке тұлғаны тәрбиелеп, қалыптастыру" деген тұжырым жасаған.
Тәуелсіздікке қол жетіп қаз тұрған Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты. Ал, қазіргі кезде қоғамда болып жатқан тарихи-әлеуметтік өзгерістер, ғылымдағы жаңалықтар бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарауды қажет етеді.
Бүгінгі таңда жас ұрпақтың бойына өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тіл-білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиеттерді, ұлттық құндылықтарды терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Осы орайда тәрбие іс-шаралары арқылы оқушы тұлғасына ұлттық құндылық қасиеттерді қалыптастырып, оны құрметтеуге тәрбиелеудің маңызы ерекше.
Қазіргі жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани дамуының дәрежесін айқындау, халқымыздың дәстүрлі мұраларынан сусындай отырып, өзі өмір сүріп жатқан қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес қоса алатын, оқушының жеке тұлға болып қалыптасуы үшін - қоғамдық сананың, адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен, ұлттық құндылық қасиеттер мен оны құрметтеу мәселесі бойынша хабардар болуы керек.
Адам бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, өнер-білімді игеруі- тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі-өнеге берер ұстазына байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз “Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы”, “Тәрбие басы – тал бесі” деп ұлағатты ұстаздың еңбегін текке кетпейтіндей өсиет еткен. Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда, “Ұстазға қарап шәкірт өсер” деп халқымыз ұстазға үлкен жүк артқан. Ұстаз үшін өз еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ.
Қазіргі таңда тәлімгер ұстаз оқушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастырушы болып табылады. Оған негізінен мынандай үш түрлі басты міндет жүктеледі:
1. Тәрбие жұмысын үйлестіріп отыру;
2. Сыныпта оқушылармен бүкіл тәрбие жұмысын ұйымдастырып, оған бағыт беру;
3. Мектеппен отбасының байланысын жасау- деп қарастырған.
Педагогика ғылымдарында сынып жетекшісі жұмыстарынның ғылыми негіздерін Н.И. Болдырев, Н.В. Кузьмин, В.А. Сластенин, Л.Ф. Спирин, Н.М. Таланчук т.б. ғалымдар қарастырса, отандық ғалымдардан Б.А. Ақназаров, Н.Д. Хмель, Т.С. Сабыров, К.Ж. Қожахметова т.б. педагог еңбектерінен орын алған. Әлде де сынып жетекшісінің қызметін заман талабына сай жаңарту –заңды құбылыс.
1. Қожахметова К.Ж. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: Теория және практика –Алматы: РБК, 1997, 242 б.
2. Асанов Ж. Сынып жетекшілері мен кураторлар жұмысын этнопедагогикалық негізде жүргізу әдістемесі // Этнопедагогика.-2005/04 С. 52-58.
3. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі / Оқу құралы –Алматы: Санат, 1995, 352 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу жолдары

Р.К. Төлеубекова, Н.К. Бижанова

Ел басшысы Н.Ә. Назарбаев "Ғасырлар тоғысында" ғылыми -теориялық
еңбегінде " Тәрбиенің түп мақсаты -қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу
кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, XXІ
ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті, жеке тұлғаны
тәрбиелеп, қалыптастыру" деген тұжырым жасаған.
Тәуелсіздікке қол жетіп қаз тұрған Қазақстан мемлекетінің ертеңгі
болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты. Ал, қазіргі кезде
қоғамда болып жатқан тарихи-әлеуметтік өзгерістер, ғылымдағы жаңалықтар
бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарауды қажет етеді.
Бүгінгі таңда жас ұрпақтың бойына өз халқының тарихын, тегін, салт-
дәстүрін, тіл-білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиеттерді, ұлттық
құндылықтарды терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір
талабы, қоғам қажеттілігі. Осы орайда тәрбие іс-шаралары арқылы оқушы
тұлғасына ұлттық құндылық қасиеттерді қалыптастырып, оны құрметтеуге
тәрбиелеудің маңызы ерекше.
Қазіргі жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның
рухани дамуының дәрежесін айқындау, халқымыздың дәстүрлі мұраларынан
сусындай отырып, өзі өмір сүріп жатқан қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес
қоса алатын, оқушының жеке тұлға болып қалыптасуы үшін - қоғамдық сананың,
адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен, ұлттық құндылық қасиеттер
мен оны құрметтеу мәселесі бойынша хабардар болуы керек.
Адам бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, өнер-
білімді игеруі- тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі-өнеге берер ұстазына
байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз “Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы”,
“Тәрбие басы – тал бесі” деп ұлағатты ұстаздың еңбегін текке кетпейтіндей
өсиет еткен. Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда, “Ұстазға қарап шәкірт
өсер” деп халқымыз ұстазға үлкен жүк артқан. Ұстаз үшін өз еңбегінің
жемісін көруден артық бақыт жоқ.
Қазіргі таңда тәлімгер ұстаз оқушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастырушы
болып табылады. Оған негізінен мынандай үш түрлі басты міндет жүктеледі:
1. Тәрбие жұмысын үйлестіріп отыру;
2. Сыныпта оқушылармен бүкіл тәрбие жұмысын ұйымдастырып, оған бағыт беру;
3. Мектеппен отбасының байланысын жасау- деп қарастырған.
Педагогика ғылымдарында сынып жетекшісі жұмыстарынның ғылыми
негіздерін Н.И. Болдырев, Н.В. Кузьмин, В.А. Сластенин, Л.Ф. Спирин, Н.М.
Таланчук т.б. ғалымдар қарастырса, отандық ғалымдардан Б.А. Ақназаров,
Н.Д. Хмель, Т.С. Сабыров, К.Ж. Қожахметова т.б. педагог еңбектерінен орын
алған. Әлде де сынып жетекшісінің қызметін заман талабына сай жаңарту
–заңды құбылыс.
Жоғарыда аталған мәселелерді сынып жетекшісі өзіндік жоспарланған тәрбиелік
іс-шаралар арқылы жүзеге асырады.
Қазіргі таңда оқыту жаңа технологиясы педагогикалық процеске
ендірілуі оқушылардың өзіндік шығармашылық қабілетінің жоғары деңгейде
болуын талап етеді.
Шығармашылық жұмыстар – оқушының білім-танымдық дәрежесін, пікірін
жүйелі жеткізе алуын тәлім-тәрбиелік және қабілет шамасын байқататын
жазбаша түрдегі ой-еңбегі.
Шығармашылық жұмыстар танымдық әрекет пен дербестіктің жоғары деңгейін
анықтады. Өзіндік шығармашылық жұмыстармен бірге оқушылар меңгерген
білімді, білікті бекітетін және дағдыны қалыптастыруға бағытталған өзіндік
жұмыстар орындауға тиіс.
Өзіндік шығармашылық жұмысты дербестік әркеттің ерекшелігін негізгі
категория ретінде талдау мәселесі П.И.Пидкасистый еңбектерінде орын алған.
Автор оқу құрылысын жүйелі талдаунегізінде оқушылардың танымдық әрекетінде
екі іс-әрекет тобын бөліп шығарады:
а) оқушы мұғаліммен бірлесіп орындаған әрекет мазмұнын
құрастырыпәрекеттермен байланысы;
б) оқушының дербестік әрекет элементтері болып табыатын әрекеттер
тізбегі – деп қарастырады.
Аталған тақырыпты бүгінгі талқылауға алып отырған себебім оқушылардың
білім игерудегі машықтануын, шығамашылық қабілеттерінің өзіндік
ізденістерінің дамуы арқылы тұлға бойындағы адами,ұлттық құндылық
қасиетерін қалыптастыруға жол салу болмақ.
Қазіргі таңда тұлға бойына шығармашылық қабілетті қалыптастыру өзекті
проблемалардың бірі. Оқушыларға терең біліммен қатар кәсіби іс-әрекеттің
ғылыми негіздерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу
Көпэтносты Қазақстан жағдайындағы полимәдени тәрбие
Оқу пәндері арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің маңызы
Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарма арқылы патриотизмін қалыптастыру
Құндылықтар туралы түсінік
Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары
Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру
Көркем шығарманы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негізін жасау
Сабақта оқушылардың отансүйгіштік сезімін, түсінігін қалыптастыру
Мектепте халық педагогикасы құндылықтары негізінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу үрдісі
Пәндер