ҚХР ұлттық стратегиясы мен әскери саясаты


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. . 3

1. ҚХР ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ӘСКЕРИ САЯСАТЫ. …. . 6

1. 1 ҚХР ұлттық саясатының даму жолдары . . . 6

1. 2 Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі әскердің рөлі . . . 13

1. 3 ҚХР-ның әскери саясаты және оның ұлттық стратегиядағы рөлі……… . . . 14

2. ҚЫТАЙДЫҢ ӘСКЕРИ ДОКТРИНАСЫ: “ХАЛЫҚ СОҒЫСЫ” СТРАТЕГИЯСЫНАН, “БЕЛСЕНДІ ҚОРҒАНЫС” СТРАТЕГИЯСЫНА КӨШУ . . . 21

2. 1 Қытайдың сыртқы әскери қауіпті бағалауы . . . 21

2. 2 Қауіп төндіретін сепаратизм, халықаралық терроризм және трансұлттық қылмыскерлік мәселелер26

2. 3 Қытайдың әскери саладағы төңкерістік өзгерістерге көзқарасы . . . …. . 27

3. ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ МОДЕРНИЗАЦИЯСЫ. . 31

3. 1 Әскери реформа - “төрт модернизация” жобасының негізін қалаушы бағдарлама . . . 31

3. 2 Қытай Халық Азаттанушы Әскерінің жаңа кезеңдегі құрылымы мен модернизациясы . . . …36

3. 3 Мемлекеттегі әскердің саяси және әлеуметтік өміріндегі атқаратын рөлі. 41

ҚОРЫТЫНДЫ. . 48

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . 50

КІРІСПЕ

Зерттеліп жатқан тақырыптың өзектілігі. Қытайдың экономикада және де көптеген қоғамдық өмірде теңдессіз жетістіктері, әскери потенциалының ұлғаюы және дүниежүзілік саясатындағы белсеңді рөлі, әлемдегі саяси элиталардың, ғылыми қоғамдардың, Қытаймен шекаралас жатқан мемлекеттердің және де дүниедегі алдыңғы орындағы мемлекеттердің ғана емес, сонымен қатар Қытайдың ішіндегі зерттеу ұжымдардың назарын арттыруда. Қытайдың бай тарихи мұрасы, мәдениеті мен дәстүрі, Қытай мемлекетін дүниедегі лайықты орынға қояды. Ал Қытайдың басты мақсаты ретінде қазіргі дүниеде орныққан АҚШ-тың саяси және экономикалық рөлін қайта қарауға, сондағы басты рөлді ҚХР атқаруы тиіс. ҚХР өзінің өсіп жатқан экономикалық күшіне сүйене отырып, ұлттық қорғанысты модернизациялау, болашағы бар бағдарламасын дамыту, сондай-ақ жоғарғы технологиялар мен ғылымның арқасында күшейтуі болып табылады. ХХІ ғасырдың жартысына қарай Қытай әскери күшінің құрылымына сәйкес, қарулы күшін механизациялауға және информацияландыруға бағытталған жоспары бойынша, әскердің қорғаныс пен шабуылдық деңгейін едәуір жоғарлатуы тиіс. ҚХАӘ (Қытайдың Халық Азаттанушы Әскері) модернизациясын тездету және ҚХР әскери-өнеркәсібінің комплексін күшейтуге бағытталған тенденциясы соңғы жылдары өсуде. Пекиннің бұл ұстанған тенденциясының себебі болып, қазіргі әскери-өнеркәсіптегі болған терең өзгерістерге байланысты, сонымен қатар ХХ ғасырдың аяғында, ХХІ ғасырдың бас кезеңінде әлемде болған қарулы ұрыстардың нәтижесінде, қазіргі заманның соғысында, әскери техникалық фактордың рөлі өсіп жатыр. Мемлекеттің зор қолдауымен инновацияға бағытталған ұлттық бағдарламаны индустриялауға бет бұрып, 2020 жылға орай, Қытай инновациялық мемлекеттердің қатарына кіріп, бұл негізде ортақ жүйеленген, әскери және азаматтық ғылыми техникалық ресурстарын интеграциялау идеясы іске асады. Бұл жайт Қытайдың әскери потенциалын модернизациялауға жағдай туғызады, сөйтіп ХХІ ғасырда Қытайдың әскери-техникалық сферасының артта қалуы едәур қысқарады. Мемлекеттің зор қолдауымен инновацияға бағытталған ұлттық бағдарламаны индустриялау, егер бұл бағдарлама сәттілікке ұшыраса, 2020 жылға орай, Қытай инновациялық мемлекеттердің қатарына кіріп, бұл негізде ортақ жүйеленген, әскери және азаматтық ғылыми техникалық ресурстарын интеграциялау идеясы іске асады. Бұл жайт Қытайдың әскери потенциалын модернизациялауға жағдай туғызады. Сөйтіп ХХІ ғасырда Қытайдың әскери-техникалық саласының артта қалуы едәуір қысқарады [1, б. 17] .

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Әлемдік тарихнамада Қытайдың әскери саясаты мен қарулы күштердің даму бағыттары туралы зерттелу дәрежесі жоғары, алайда көпшілік зерттеулер оның өмір сүруінің жеке аспектілерімен шектеледі. Берілген зерттеуімізде қарастырылып отырған мәселенің толық суретін көрсету үшін қажетті мағлұматтар шеңберін мүмкіндігінше кең пайдалануға тырыстық.

Бұл түрлі мемлекеттердегі Қытай қарулы күштердің потенциалын көрсететін статистикалық мәліметтер. Бұл жыл сайынғы «Әскери баланс», әр түрлі кезеңдегі қытай қарулы күштердің және әскер құрылымын бақылауға мүмкіндік беретін The Military Balance және The International Institute For Strategic Studies, London атты американдық пен ағылшындық статистикалық анықтаманың мәліметтері.

ҚХР-дың басшылығының әскери салаға қатысты қолданған саясатын айқындайтын құжаттар. Ең алдымен, ол - елдің ресми құжаттарының мәтіні - Конституция, ҚХР-дің ұлттық қорғаныс мәселелері туралы «Ақ кітап» және басқа да заңды актілер, әскери саладағы стратегиясын жасаумен айналысатын билік органдарының қызметі туралы есеп, сонымен қатар, ҚХР үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерінің және баяндамаларының мәтіні.

Шетелдік және ресейлік ірі сайттардағы жаңалықтар, мысалы, http://sina. com, http://peacekeeper. ru, http://china. org. cn («Жінмин Жібао» газеті орыс тілінде), www. rmnb. com. cn («Қытай» журналы) . 1990-жылдардың екінші жартысына жататын жаңалықтар мұрағаты қолданылды.

Қызметі қытай әскери ұйымдардың мағлұматтары. Бұл мағлұматтарда қытай қарулы күштері туралы ауқымды мәліметтер бар - тарихы, қазіргі жағдайы, экономикалық және саяси қызметі: //http://www. usinfo. state. gov. /regional/ea/uschina/dodrpt00. htm.

С. Гриняев «Қытай қарулы күштердің негізгі бағыттарының өзгерісі»- атты монографиясында, Қытай Халық Республикасының саяси биліктегі адамдардың ұлттық-қорғаныс саясатына көзқарасы туралы пікірі айқын келтірілген.

Қытайдың қазіргі кезеңдегі әскери саласындағы өткізіліп жатқан реформалар туралы Кеннет У. Аленның еңбегі бұл жұмыстың әрі қарай зерттеуіне үлкен соққы берді.

1989 жылы шыққан В. Ф Бутурлиновтың «Қытайдың қарулы күштері. Тарихы мен қазіргі замандағы жағдайы» - еңбегінде, шетелдік мемлекеттердің Қытайдың жүргізіп жатқан әскери модернизациясына объективті түрде баға береді.

Жоғарыда келтірілген еңбектер, Қытайдың әскери саласындағы саясаты мен стратегиясын зерттеуінде үлкен жетістіктерге әкелді, Қытай басшыларының қазіргі кезеңдегі ұлттық қорғанысты дамытуға арналған шараларын айқындалып қарастырылды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Берілген бітіру жұмысының мақсаты болып Қытай Халық Республикасының әскери саясатының мен әскери стратегиясының қазіргі кезеңдегі дамуын, сондай-ақ Қытай қарулы күштерінің модернизациясын және құрылымын зерттеу болып табылады. Зерттеу барысында біз Қытай әскери саясатындағы қандай бағытты ұсталатынын, сонымен қатар әскердің және әскери-саяси биліктің мемлекеттегі атқаратын рөлі жайында сұрақтарға жауап беруіміз қажет.

Белгіленген мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылады:

1) Қытай Халық Республикасының әскери саясатының даму жолдарына сараптама жасау.

2) Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі әскердің рөлін қарастыру.

3) Қытайдың сыртқы әскери қауіпті бағалау мәселелерін зерттеу.

4) Қытайдың ішкі саяси мен әлеуметтік тұрақтылығына қауіп төндіретін сепаратизм, халықаралық терроризм және трансұлттық қылмыскерлік мәселелерді қарастыру.

5) Қытайдың әскери саладағы төңкерістік өзгерістерге көзқарасын қарастыру.

Зерттеу объектісі болып қазіргі кезеңдегі Қытай Халық Республикасының әскери саясаты мен стратегиясы және оның мемлекеттегі атқаратын рөлі.

Зерттеу пәні ретінде әскери стратегиясының ресурстарға және міндеттерге сай дамуы, әскери саладағы реформаларды мен бағдарламаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін құбылыстарды қарастыру.

Зерттеудің ғылыми-методикалық негізі пәнаралық және жүйелік тәсілдермен көрсетіледі. Пәнаралық тәсілді қолдануымыздың көрінісі болып тарих, саяси ғылым, әскери ғылым, экономика, конституциялық құқық, этникалық психология ғылымдарына көңіл бөлуіміз саналады.

Жүйелік тәсіл кез келген әлеуметтік құбылысты элементтердің, байланыстар мен қарым-қатынастардың бүтіндігі деп қарастырады. Бұл тәсіл бізге қазіргі замандағы Қытай Халық Республикасының қарулы күштерінің даму жүйесі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, қазіргі замандағы Қытайдың әскери саясаты қорғаныс бағытын ұсталады және саяси, дипломатиялық, экономикалық пен әскери бағытының кең комплекстік шарасы ретінде қарастырылады, сонымен қатар Қытайдың ішіндегі бейбітшілікті қамтамасыз ететін, қауіпсіздік ортаның кепілі болып табылады.

Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеудің қорытындыларын Азия және Африка елдерінің тарихы курсын, әскери стратегия саласындағы лекцияларда пайдалануға болды.

Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе, үш тарау (әр тарауда үш тараушадан), қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ҚХР ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ӘСКЕРИ САЯСАТЫ

1. 1. ҚХР ұлттық саясатының даму жолдары

ХХ - ғасырдың аяғында және ХХІ - ғасырдың бас кезеңінде Қытайдың әскери саясаты ұлттық стратегияны дамытуға бағытталған, негізгі мақсаты ретінде Қытайдың ХХІ - ғасырдың ортасында (ҚХР құрылуына жүз жылдығына орай) күшті, дамыған, бірлескен державаға, Азия - Тынық мұхит аймағындағы көшбасшы ретінде және өзіндік саяси ықпалымен басқа державалардан экономикасымен және әскери күшімен тең дәрежеде болуы болып табылады.

Қытайдың экономикада және де көптеген қоғамдық өмірде теңдессіз жетістіктері, әскери потенциалының ұлғаюы және дүниежүзілік саясатындағы белсеңді рөлі, саяси элиталардың, ғылыми қоғамдардың, Қытаймен шекарас жатқан мемлекеттердің және де дүниедегі алдыңғы орындағы мемлекеттердің ғана емес, сонымен қатар Қытайдың ішіндегі зерттеу ұжымдардың назарын арттырады. Кейбір Қытай аналитиктердің ойынша, Қытайдың бай тарихи мұрасы, мәдениеті мен дәстүрі, Қытай мемлекетін дүниедегі лайықты орынға қояды, ал мақсаты ретінде қазіргі дүниеде орныққан АҚШ-ң саяси және экономикалық рөлін қайта қарау, осыдан шығып, сондағы басты рөлді ҚХР атқаруы тиіс. Сондай-ақ, ХХІ - ғасырдың алғашқы 20 жылдың ішінде, Қытай барлық әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан Жапонияны озып кетуі қажет, сонымен қатар Азиядағы саяси күшті және экономикалық тұрақты мемлекетке айналуы қажет. Бұл мақсат іске асырылғаннан кейін, басты актуалдік мәселенің бірі ретінде “ АТР-дің орталығындағы дүниежүзілік күш балансы жүйесінің құрылысы” болып қарастырылады [1, б. 4] .

Дэн Сяопиннің бағалауы бойынша, ХХ - ғасырдың аяғында жаңа дүниежүзілік соғыстың болуына орай, Қытай тұңғыш рет жаңа заманда өзінің күшін экономиканы модернизациялауға ғана емес, сонымен қатар оның дамуына орай, ұлттық қорғанысты күшейтуге бет бұрады. “Қырғи-қабақ” соғысының кезеңіне қарағанда, Қытайдың әскери қорғаныс жүйесі автономдық түрде дамыған болатын, тек біраз ғана ұжымдастырылған әскери және азаматтық сферадағы даму концепциясы орын алды, осыған сәйкес әскери құрылыс экономикаға тура тәуелді болуына ғана емес, сондай-ақ әскери өнеркәсіп потенциалын экономиканың дамуына бағытталуына әкелді.

Жоғарыда айтылғандай, Қытайдағы ұлттық стратегияның дамуына тікелей Комлекстік Мемлекеттік Күшіне (КМК) байланысты, бұл мәселе бойынша мемлекеттің бүкіл ресурстардың мобилизациясы болып табылады, соның ішіндегі ұлттық және дүниежүзілік ресурстары кіреді, бұл факторларға сүйеніп, стратегияны орындау. Қытай аналитиктерінің көзқарастарына орай, КМК төрт негізгі тұрғыдан қарастырылады: 1) материалды фактор, немесе “қатты компонент” (экономика, ғылым және технологиялар, табиғи ресурстар, ұлттық қорғаныс) ; 2) рухани фактор, немесе “жұмсақ компонент” (ішкі және сыртқы саясат, мәдениет және білім беру салалары) ; 3) координациялау факторы (мемлекеттің басқару ұйымы) ; 4) қоршаған орта факторы (көршілес жатқан мемлекеттермен байланысы, экология) [1, б. 25-26] .

Қытай ғалымдарының өздерінің зерттеу жұмыстарында кейбір сауалдарға жауап табу барысында, негізгі мәселелерді белгіледі, соның ішіндегі негізгісі ретінде - ХХІ - ғасырда қандай стратегиялық ресурстардың маңызы зор болып табылады, КМК көрсеткіші бойынша Қытайдың дүниедегі алатын орны, және де “күшті мемлекет пен бай халық” ұлттық стратегиясының даму жолдары қарастырды.

Белгілі ғалым-экономист Ху Аньгань 8 негізгі стратегиялық ресурстардың түрін және 23 көрсеткішті белгілейді, осыдан Комплекстік Мемлекеттің Күшінің негізгісін құрайтынын дәлелдейді.

  1. Экономикалық ресурстар. ҰІӨ (Ұлттық Ішкі Өнім) немесе ЖІӨ (Жалпы Ішкі Өнім)
  2. Адам ресурстары (экономикалық өсудің негізігі факторы ретінде қарастырылады) . Халықтың ортақ санына сәйкес және жұмысқа қолайлы адам санына (15-64 жас аралығында) сәйкес қарастырылады.
  3. Табиғи ресурстар. Төрт негізгі факторымен мінезделеді: 1) ауылшаруашылық жерлердің өңдеу көлемі; 2) су ресурстары; 3) энергетикалық ресурстардың қолдану көлемі, соның ішіндегі отынның қолдануы; 4) электро қуатының шығарылуы.
  4. Қаржы ресурстар. Үш көрсеткішпен бағаланады: 1) ішкі инвестициялардың көлемі; 2) тікелей сыртқы, шетелдік инвеситциялар, капиталдың шығуы мен кіруі балансының бақылауымен; 3) қаржы нарықтардың кірісі.
  5. Интеллектуалды (ғылыми-техникалық) ресурстар. Бес көрсеткішпен бағаланады: 1) ғылыми публикациялардың санына, соның ішіндегі 4800 халықаралық журналдардың публикациясы; 2) берілген патенттердің саны; 3) компьютерді қолданылатын адам саны; 4) Интернет жүйесін қолданылатын адам саны; 5) мемлекеттің ғылым сферасына әсері.
  6. Административті ресурстар. Орталық өкіметтің бюджеттік шығындармен мінездемеледі.
  7. Қорғаныс потенциал. Екі көрсеткіш бойынша бағаланады: 1) әскери шығындар, соның ішіндегі қорғаныс министірлігі мен басқа әскери басқармалар; 2) қарулы күштердің ортақ саны. ) Бұл көрсеткіштердің қорытындысы бүкіл қорғаныс ресурстардың сапасын көрсетпейді)
  8. Халықаралық жоспардың ресурстары. Төрт негізгі көрсеткішпен қарастырылады: 1) экспорт және экспорттық өнімнің көлемі; 2) импорт және импорттық өнімінің көлемі; 3) авторлық және ерекше құқықтарынан келген табысы; 4) авторлық және ерекше құқықтарының шығысы [1, б. 49-59] .

КМК-нің есептік қорытындысы мен салыстырмалы анализі, жоғарыдағы көрсеткіші бойынша, бес алдыңғы орында тұрған мемлекеттердің жағдайы келесі қорытындыға алып келді. Ең бірінші держава ретінде АҚШ болып табылады, КМК-нің көрсеткіші 22, 79Ғ көрсетеді. Екінші орында - Қытай, КМК-нің деңгейі 1980 жылда 4, 74 пайыздан, 1998 жылда 7, 78 пайызға дейін көтерілді., Бұл өсу көрсеткіші (3, 04 пайыз) дүниеде ең жоғарғы болып табылады. Үшінші орында Жапония, оның көрсеткіші 1998 жылда Қытаймен теңдес болды 7, 74 пайыз. Төртінші орында Үндістан (4, 37 пайыз) . Ал Ресейлік потенциал керсінше төмендеді, 1998 жылдан 2, 81 пайзға дейін, сөйтіп Ресейді бес алдыңғы мемлекеттердің соңында қояды.

Бұл елдердің өзара потенциалының өзгешілігі олардың қорғаныс стратегиясына өзгерісін тигізеді. Америкалық бағалау инститтутарына қарасақ, Қытай КМК-нің тез өсуі, АҚШ-тың басты конкурентіне айналдырады және де американдықтардың Қытайға қарсы тоқтату саясатын қолдануға мәжбүр етеді. Жапония Қытайдың КМК-нің өсуін потенциалды стратегиялық қауіп төндіру көзіне айналдырады, соған қарсы тұру үшін ол АҚШ-пен одқтасу саясатын әрі қарай дамытуы қажет. Үндістанның көзқарасы бойынша, Қытайдан әрдайым қауіп төндіретінін айтады, сондықтан да оның әскери шығынын әрдайым өсуіне әкеледі. Ал Ресейге қатынасты, Қытайдың КМК көрсеткішінің өсуі, екіншісіне ұтым береді [2, б. 30] .

ЖІӨ көрсеткіштеріне байланысты, Қытайдың экономикалық ресурстары басқа елдермен салыстырғанда тез қарқынмен өседі. Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша, егер Қытай әрі қарай экономикалық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтаса, онда ол 2020 жылға орай ЖІӨ көлемі бойынша АҚШ-ты озып кетуі және дүниедегі ең күшті мемлекетке айналуы мүмкін.

Қытай ең басты ресурс ретінде - адам ресурсымен дүниеде ең бай мемлекет болып саналады. Жұмысқа қабілеті бар адам санының 1982 жылы 61, 5 пайыздан 2000 жылы 70, 1 пайызға деін өсті, сондай-ақ бұл көрсеткіш жалпы адам санының өсу көрсеткішінен едәуір артық болып келеді. Табиғи ресурстардың қамтамасыз болуы Қытай мемлекеті дүниеде екшнші орында. Қытай экономикасы әрі қарай дамуына қолайлы жағдайлардың көп болуына қарамастан, сондай-ақ оған тежеу ретінде мәселелердің бар болуы да мәлім:

1. Ғылыми-техникалық ресурстардың әлі-де болса тиісті түрде дамымауы. 1980 жылда Қыта йдың әлемдік ғылыми-техникалық ресурстарына қосқан үлесі тек 0, 79 пайызға тең. 90-шы жылдары бұл көрсеткіш, Интернеттің және ұялы байланыстың қолдануына байланысты, 1, 85 пайызға өсті. Ал АҚШ-тың көрсеткіші бұл тұрғыда 34, 93 пайызда болды.

2. Алдыңғы бес мемлекеттердің ішінде Қытай административті ресурстрдан ең соңғы орында, бұл көрсеткіш әлі де төмендеуде. 1980 жылдары Қытай өкіметінің бұл салаға жұмсалған қаржының пайыздық өлшемінде 1, 84 тең, америкалық көрсеткішпен салыстыра 1/10 пайызға тең. Бюджеттің шектелуі - қытйылық экономикалық ресурстардың “мәселелердің мәселесі” болып табылады.

3. Қытай әлемде армия санының көрсеткіші ең бірінші орында, бірақ ҚХР-дің әскери шығындары ортақ әлемдік шығындардан едәуір аз, ЖІӨ те 3 пайызын құрайды; сонымен қатар бұл құрылым рационалды емес: 60-70 пайыздан астам шығыны жеке әскерді ғана қамтиды, ал модернизациялауға жұмсалған қаржы жеткілікті емес.

4. Қытай өзінің халықаралық ресурстарын тиісті түрде қолданбауы, 1980 жылғы көрсеткіш бойынша 0, 59 пайызға тең болды, ал 1998 жылы - 1, 83 пайызға ғана өсті, сондай көрсеткіш АҚШ-та 24, 23 пайызды құрады. Қытайдың 20 жыл бойы экономикалық реформалардан бастап, оның әлемдік үлесі 2-3 пайызда ғана болды, ал ортақ әлемдік көрсеткіштерде патенттық және сондай-ақ операциялардың үлесі 1 пайызды құрады. [3, б. 111]

Бұл көрсеткіштердің қорытындысы бойынша Қытайдың сегіз стратегиялық ресурстары тең емес дәрежеде дамыған. Тек бір ресурсынан ғана алдыңғы көрсеткіші бар - адам ресурсы немесе еңбңек ресурсы. Табиғи мен қаржы ресурстарында Қытайдың орны төмен, ал интелектуалды және халықаралық ресурстардың жағдайы мүшкіл болып табылады. Бюджеттік ресурстардың қамтамасыздығы жеткіліксіз, сондай-ақ олардың деңгейі жылдан-жылға төменденіп барады. Дегенмен, қытайлық аналитикьердің көзқарасы бойынша алдыңғы деңгейдегі ресурстардың потенциалын қоладнып, КМК-нің дамуын біртіндеп арттыру. Бұл мақсатты іске асыру үшін келесі шарттардың орындалуы қажет:

- адам ресурстарына қаржы құйылымдарын арттыру, дүниедегі ең ірі және масштабты білім беру орталығына айналдыру;

- кең және бос конкуренциадағы жұмыс күші нарығын, бос мамандық таңдауын негізін орнату.

- нарықтық механизімге орай, қалыпты экономикалық дамуды сақтай отырып, қоршаған ортаны сақтау, экстенсивтік интенсвтік эконмикаға ауысуын тездету, және де ұтымды технологияларды дамыту.

- халықаралық ресустарды және әлемдік нарықтық капиталды кеңінен қолдану [3, б. 124] .

Соныме қатар КМК-нің “қатты” компонентін қолданып, “жұмсақ” компонентті ресурстарды жұмсау, ал халықаралық аренада сыртқысаяси, дипломатиялық, экономикалық және әскери байланыстарын шетелдермен нығайту, халықаралық организациялардағы орнын одан әрі дамыту [3, б. 130] .

Қытай өкіметінің ресми жолдауы бойынша, ғасырлар тоғысындағы Қытай, әлі де болса дамушы мемлекет болып табылады. Келесі факторлар бойынша - кең территория, әлемдегі ең көп адам ресурстары, ядролық қарумен қаруландырған қарулы күштер, БҰҰ-дағы Қауіпсіз Кеңесіндегі статусы мен өсіп жатқан экономикасы, бұл елдің ұлы державалардың қатарына кіргізуге болады. Қытай өзінің ұлттық стратегиясын осындай қалыпты деңгейдегі өсуін сақтай отырып, басты мақсатына жете алады [4, б. 70-90] .

ҚКП-ң (Қытай Коммунистік Партиясы) 17-ші отырыс жиналысында ұлттық стратегиясының негізі ретінде комплекстік күшінің арттыруы болып, Қытайды қайта жаңаландыруы және инновациялық түрдегі мемлекетке айналуы болып табылады.

Бұл бағыттың алғашқы қадамы ретінде, “ҚХР-дің инновациялық саясаты туралы” заң қабыланды, бұл процесстің нақты құқықтық пен қаржыландырумен қамтамасыз етуде қарастырылды. Бұл бағдарламаға орай, 2010 жылдың аяғында Қытайда өзіндік инновациялық жүйесінің орталығы құрылуы қажет. Бұның қорытындысы бойынша, 2020 жылға орай ғылыми-техникалық прогресспен, онбір негізгі бағытымен әлемдік деңгейге шығуы қажет. Қытай өкіметінің жоспары бойынша, 2050 жылда мемлекетте “білім экономикасы” орнығуы тиіс. Бұл сферада ортақ басқару жүйесін жасау үшін, ұлттық инновациялық жүйесінің комитеті құрылды. Комитеттің басшысы ретінде, ҚХР-дің ғылым академиясының президенті, Қытай коммунистік партиясының орталық комитетінің өкімет мүшесі, қытайлық ең ірі физиктерінің бірі Лу Юнсянь болып табылады. Комитеттің негізгі бағытарының бірі болып:

- координация және басқару.

- интелектуалды жеке меншіті қорғау, құқықтық базаны дамыту.

- технологияларды және ғылыми зерттеулерді бағыттау стратегиясын құру.

- инновациялық капиталдың нарығын құру.

- жоғарғы деңгейдегі мамандармен инновациялық экономиканы қамтамасыз ету [4, б. 60] .

Бұл мақсатты алдыға қойып, ҚХР әрдайым инновациялық технологияларды дамытуға қаржы бөліп отырады. Қытайлық фирмалар өкіметпен қоса жаңа технологияларды дамыта отырып, бұл технологияларды өнеркәсіпте қолдануын талап етеді. Өзіндік өнімдік технологияларын құруға үлсетерін қосады, сонымен қатар әрдайым өсіп отыратын инженерлер санын одан әрі арттырып отырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай және жаһандану проблемалары
Қытай сыртқы саясатының идеологиясы мен механизмі
Орталық азиядағы геосаяси жағдайлардың дамуы
Жетекші Араб мемлекеттерінің саяси ұстанымдары
Энергетикалық ресурстардың дамуындағы мемлекеттің рөлі
Шығыс Азиядағы халықаралық қатынастар
Қазақстан Республикасының ҚХР-мен қарым-қатынастарының даму барысы
Қытайдың сыртқы саясатының бағыттары
Жапонияның ҚХР-мен қарым-қатынастары
Қытай Халық Республикасының әлеуметтік – экономикалық жағдайын сараптау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz