Орта ғасырлардағы қазақ халықының мәдениеті


IX ғасырдың екінші жартасы - X ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті
- Орта ғасырдағы қазақ халқының мәдениеті
- Сәулет өнері
- Қарахан кесенесі
- Ертедегі Тараз қаласындағы монша
- Бабаджа-қатын
- Ежелгі түрік альфавиті мен жазуы
- Орта ғасырлардағы халықтардың діни түсініктері
Орта асырлардағы Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың материалдық және руани мәдениетінен заттай және жазбаша деректер көп сақталған. Бұл деректер сол кездегі мәдениеттің қаншалықты дәрежеде дамығанын көрсетеді. Ең алдымен мұны біз жерлеу ескерткіштерінен білеміз. Мысалы, көптеген молаларда адамдар соғыс қаруларымен, аттарымен бірге жерлеген.
Орта ғасырда әйел адамдарды Тұрмыс заттарымен , ал ер адамдарды Қару- жарағымен бірге жерлеу кең тараған.
Сәулет өнері - Сәулет өнері орта ғасырлардағы түріктер дәуірінде жақсы өркендеген. Қалаларда, қоныстарда архитектуралық құрылыстар, мазарлар, мешіттер көптеп салған. Мұның барлығы археологиялық зерттеулерден белгілі болып отыр. Сәулет өнерінің кең қанат жаюы үлкен әсер етті. Діни құрылыстар салынады.
Қарахан кесенесі - Халық аңызына қарағанда Қарахан үкіметін құрушынын қабіріне тұрғызылған кесене портал - күмбезді құрылыс болып саналады. Бұл Жамбыл қаласында. ХХ ғасырдың басында кесене негізінен қайта салынған. Осының нәтижесінде оның ертедегі архитектуралық нақыш - өрнектерінің қалдықтары жойылған, сонда - ақ оның алғашқы жобасы да бұзылған. Геометриялық ою- өрнек түрлерінің бірі ретінде қабырғаларының ызылып қалануына айрықша көңіл аударуға болады. Осы ескерткіштердің ертедегі ызып қалау ісімен Б. П. Деникенің «Орта Азияның архитектуралық ою - өрнек келтірген фотографиясы арқылы танысуға болады. Ою - өрнек көркемдігі кірпіштерді блокталған тор көз, шаршы, ромб етіп және таңдайлап қалау әдісімен шығарылған. Ызба қалау өте қарапайым әрі көркемдігімен көз тартады. Бұлай етіп қалау нақыштаудың осы түрінің ертедегі үлгісі болып табылады. Таңдай, үшбұрыш және ромб түрінде бұдан ерте қаланған архитектуралық ескерткіштер Орта Азия мен Қазақстан аумағында кездеспейді. Қабырғаларды торлап қалаудың осындай ертедегі үлгілерін біздің заманымызға дейін Бұхарадағы Исмаил Саманидің кесенесі, Талқатан баба мешіті және басқа ескерткіштер сақтап келді. Сол сияқты бұлардан беріректегі уақытта қолданылған тандай және тұмарша қалау да кездеседі.
Кірпішті нақыш - өрнекпен қалау дәстүрі кейінен тарихи дәуірлерде шығармашылықпен қолданылғанын сәулет өнерінің бертінгі заман ескерткіштерінен айқын көруге болады.
Қарахан кесенесінің негізгі қабырғалары бірыңғай кірпішпен ызып қалау арқылы өрнектеліп, блоктар арқылы байланысып отырған. Басқұрлардың тігінен тартқан қатары тәрізі үш бұрышты ромбылы және таңдайлап қалау ескерткіштің порталдық бөлігінде ғана қолданылған. Бұл әрине композицияның жинақы әрі ұласымдылығын күшейте түседі.
Портал арқалығын блоктап қалау порталды үйдің негізгі бөлігін қабырғаларымен жалғастырып, тұтастырады.
Сонымен кесененің қабырға конструкциясына нақыш-өрнек қалауды енгізіп және оны архитектуралық шешімге сәйкес бөліп, архитектуралық формамен ою-өрнек нақышының синтезін жүзеге асыра білген. Нақыш архитектуралық жеке элементтерді байланыстыратын буыны болып, олардың архитектуралық маңызын баса көрсеткен.
Ертедегі Тараз қаласындағы монша - Бұл моншаның қалдығын 1938 жылы археолог А. Н. Бернштам тапқан. Оның қабырғалары көлемі 25 х 25 х 4, 5 см кірпіштен қаланған. Құрылыс жобасы өзара функциялық тұрғыдан жалғасқан үйлердің кешенінен тұрады. Қабырғалардың қалдығы және олардың конструкциясы ғалымға төбе жабындысының көп күмбезді екендігін анықтауға мүмкіндік берді.
Қазған кезде қыштан істелген су жүргізетін құбырлар мен кірпіштен жасалған астаулар табылды.
Монша үйін әрлеуде Қазақстан архитектурасы тарихында тұңғыш рет қабырға өрнек тәсілі қолданылғаны аңғарылады. Ондағы ою-өрнек сарыны геометриялық және көгеріс өрнек элементтерінен құралған.
Геометриялық өрнек Тасақыр заманының ою-өрнегіндегі схема бойынша құралған; ал көгеріс өрнектер өте тапқырлықпен үш жапырақты стильдеу болып келеді.
Ерте заманғы Тараздағы монша туралы тіпті осы тамдық деректердің өзі Х-ХII ғасырларда Қазақстандағы құрылысөнері күмбез салу әдістерімен, нақыштау техникасында жаңа тәсілдермен және көркемдеу жабдықтарымен баий түскендігі жайында қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Бұл жағдай өткендегі дәуірлермен салыстырғанда едәуір прогресс болып табылады.
Бабаджа - қатын - Ертедегі қарақандық дәуір ескерткіші болып табылатын Бабаджа -қатын кесенесі өзінің архитектуралық формасы мен нақыш-өрнектелуі жағынан алғанда көңіл аударуға тұрады. Бұл ескерткіш археологиялық жағынан алғанда жеткілікті зерттелмеген, бұл жөнінде әдебиетте де ештеңе жоқ деуге болады. Бұл Жамбыл қаласынан 18 километр жердегі Айша- бибі күмбезінің жанында. Оның қалдықтары қазір мемлекет тарапынан қорғауға алынған.
Бабаджа - қатын кесенесінің қабырғасы текшеге жақын тік бұрыш. Қабырғалары көлемі 25 х 25 х 4, 5см кірпіштен қаланған. 1, 37 м биіктікте арканың табанымен 8 қырға ауысатын тром белдеуі бар, 3, 8 м биіктіктен 16 қырлы іші еңсенің қатпарлап жасалған күмбез қалауы басталады. Мұндай күмбездер Қазақстан архитектурасының сақталған ескерткіштерінде сирек кездеседі. Бабаджа қатын кесенесінің сыртқы күмбезі 16 қырлы конус формалы және биіктігі 86 см қырлы призманың үстіне салынған. Мұның қанша күмбезі болса, сонша қыры бар.
Кесененің алғы қасбеті шығысқа қаратылған және жазулы парапеті бар. Бұл араб тіліндегі жазу көптеген әріптерінің өшіп қалуы себепті әлі оқылған жоқ.
Кесененің архитектуралық композициясы өте қарапацым және монументальді, оның алғы қасбетінің бүйір қасбеттерінен өзгешелігі тек парапеттерінің болуында ғана. Бұл порталдық композицияға жол ашады.
Қатпарлап жасалған еңседен басқа Бабаджа қатын кесенесінің конструкциясындағы екінші бір көңіл аударарлық жаңалық шатыр іргесіне бекіту байламы түрінде арша ағаштарын қолдану болып табылады.
Бабаджа қатын кесенесінің конструкциясы оның салынғанына көп ғасыр өтсе де қаз-қалпына сақталған. Мұны сол кездегі құрылыс өнері дәрежесінің жоғарылығынан деп түсіндіруге болады. Өйткені ескерткіш тас іргетас үстіне тұрғызылып, сонымен қатар тақталардан суағар жасаған. Үйдің қабырғалары ойықтармен, қуыстармен әсемделген.
Ежелгі түрік альфавиті мен жазуы - Ерте орта ғасырларда Қазақстан жерінде түрік тілдес халықтар қалыптасты. Түркі тілдес халықтармен қатар Қазақстанжерінде басқа тілдік топтар да өмір сүрді. Түркі тілдес топтардың ішіндегі ең ірісі- VIII - X ғасырларда Ертіс өңірінде қалыптасқан қимақ- қыпшақ тобы. Сонымен қатар Қазақстан жерінде иран тілде, сирия тілдес, араб тілдес тобы өмір сүрді. VI ғасырдан бастап түркі тілдес тайпалардың өз жазулары болады. Бұл жазуы ғалымдардың пікірінше, соғды жазуына ұқсас. Көне түрік жазуларының ескерткіштері Монғолия жерінде табылады.
Бугут жазуымен соғды тілінде жазылған құлпытас Орталық Монғолилдан табылған.
VI - X ғасырда Қазақстанда соғды жазуы және тілі кең қолданылған. Бұл жазу Тараз, Баласағұн, Испиджаб қалаларында тарады. Ixғасырдан бастап Қазақстанда мекендеген тайпалар арасында ұйғыр жазуықолдана бастады. Ғалымдардың пікірінше, бұл жазу - соғды альфавитінің өзгертілген түрі. XII ғасырда соғды жазуына негізделіп жасалған түріктердің жаңа жазуында 38 әріп - таңба болған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz