Қыпшақтар орыс және европалық ортағасырлық деректерде



I. Кіріспе

II. Қыпшақтар орыс және европалық ортағасырлық деректерде

1. Қыпшақтардың материалдық мәдениеті орыс деректерінде
2. Қыпшақтардың тілі, жазу өнері
3. Қыпшақтардың рухани мәдениеті: діні, салт.дәстүрі
4. Қыпшақ хандығы европалық ортағасырлық деректерде

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазіргі кезде тарихшы-ғалымдардың алдында тереңдей зерттеуді қажет ететін күрделі де қызғылықты мәселелердің ішіндегі уң маңыздысы – бір кезде жер бетінен «жойылып кеткен» халықтар тарихы. Бұл халықтар хақында – хазарлар,печенегтер, скифтер, қыпшақтар – біздің бәріміз де «Игорь жорығы туралы жыр» мен Пушкин, Блок шығармалары арқылы мектеп қабырғасынан-ақ жақсы хабардармыз. Киев князьдерінің көшпелілермен қиян-кескі щайқастары орыс шежірелерінде кең қамтыла көрсетлген.
Олардың тұрмыс тіршілігі, көші-қоны, бет-бейнесі, бүкіл тарихы әлі күне дейін зерделі түрде зерттелінбей келеді. Әлбетте, жер қойнауына жете үңіле білетін археология мамандары өздері қазба жұмыстарын жүргізген ескілікті елді мекендердң, қоныстарынан, оба-қорғандар мен кесенелерден табылған көптеген «ұсақ-түйек» жебе, сауыт, қалқандар тағы басқа заттардың мол қоры арқылы олардың өмір-тарихын қайтадан қалпына келтіруге тырысады. Алайда, өздерінің құдіретті күшімен, тіпті, европалық мемлекеттердің зәре-құтын алған «көшпенділер империясы» атанғанған көптеген ұлыстардың одақтары тарихи шежірелер мен географиалық жазбаларда болмаса артына қанды жорық іздерінен басқа ешқандай археологиялық белгілер қалдырмаған.
Сондықтанда археологтар бұл халықтар жайында сақталған әрбір ұсақ –түйек мәліметтерді көркем ойдан шығарылған аңыз-әңгіімелермен салы салыстыра отырып, шыдық елегінен өткізеді.
Осындай халықтардың бірі – қыпшақтар.
1. Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. А., 1989, 251-273 беттер.
2. Плетнева С.А. Қыпшақтар ерте заманнан – XIX ғ. Кезеңінде
Жалын – 1998ж. № 7-8 24-37 бет.
3. А. Тұңғыш «Түркілер тарихынан» Заман – Қазақстан – 1995ж. №13 - 8-бет
4. Аманжолов К.Р. Қазақстан тарихының дәрістер курсы. 1-кітап. Ежелгі заманнан 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін. А., 2004, 118 б.
5. М.Қани. Қазақтың көне тарихы. А., 1993, 187 б.
Мусин. Ч. Қазақстан тарихы. А., 2003, 39-56 беттер
6.Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін ( очерк),
7.Қазақстан тарихы, 1 том
8. Егемен Қазақстан 2006 ж (5-6) беттер
9. «Қазақтар» II том, Алматы 1998 жыл.
10. «Қазақстан тарихы» көне заманнан бүгінге дейін, II том, Алматы 1998 жыл.
У. Тоған «Жалпы түрік тарихына кіріспе», І-том. 3-басылуы, 69-бет, Стамбул. 1981.М. Ақынжанов «Қазақтың тегі туралы»
11.Телқожа Жанұзақов «Қазақ деген сөз қайдан шыққан», «Жұлдыз», 3-сан, Алматы, 1983.
12.Ханзу - қытай (Шығыс Түркістан қазақтары хансу деп те атайды), біз бұл кітапта қытай тіліндегі жазылу нұсқасы бойынша алып отырмыз.
13 М. X. Дулати «Тарих-и-Рашиди», 46-бет.
14 У. Тоған «Бүгінгі Түрікстанның таяудағы тарихы» Стамбул, 1981.
15.Ш. Уәлиханов «Таңдамалы шығармалары», І-том.
«Жұлдыз» журналы. 1983-жылы, наурыз.
16.«Орхон әбиделері», 9-басылуы, 116-121-беттер, Стамбул, 1983. «Көне түркі жазба ескерткіштердің тілі», 122-бет, Алматы, 197І. «Жұлдыз» журналы, 1983 жылы, наурыз.
17.«Қазақ деген сөз қайдан шыққан», «Жұлдыз» журналы, 1984-жылы, наурыз.
18.«Қазақ ССР тарихы», І-том, 156-бет, Алматы, 1957. Н. Я. Марр, Шығармалары, 286-бет. 1915.
19.Ежелгі тарих жайында, № 1, 263, 1947. Вахошти, Грузия географиясы, 32-бет, 1904.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I. Кіріспе

II. Қыпшақтар орыс және европалық ортағасырлық деректерде

1. Қыпшақтардың материалдық мәдениеті орыс деректерінде
2. Қыпшақтардың тілі, жазу өнері
3. Қыпшақтардың рухани мәдениеті: діні, салт-дәстүрі
4. Қыпшақ хандығы европалық ортағасырлық деректерде

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі кезде тарихшы-ғалымдардың алдында тереңдей зерттеуді қажет
ететін күрделі де қызғылықты мәселелердің ішіндегі уң маңыздысы – бір кезде
жер бетінен жойылып кеткен халықтар тарихы. Бұл халықтар хақында –
хазарлар,печенегтер, скифтер, қыпшақтар – біздің бәріміз де Игорь жорығы
туралы жыр мен Пушкин, Блок шығармалары арқылы мектеп қабырғасынан-ақ
жақсы хабардармыз. Киев князьдерінің көшпелілермен қиян-кескі щайқастары
орыс шежірелерінде кең қамтыла көрсетлген.
Олардың тұрмыс тіршілігі, көші-қоны, бет-бейнесі, бүкіл тарихы әлі
күне дейін зерделі түрде зерттелінбей келеді. Әлбетте, жер қойнауына жете
үңіле білетін археология мамандары өздері қазба жұмыстарын жүргізген
ескілікті елді мекендердң, қоныстарынан, оба-қорғандар мен кесенелерден
табылған көптеген ұсақ-түйек жебе, сауыт, қалқандар тағы басқа заттардың
мол қоры арқылы олардың өмір-тарихын қайтадан қалпына келтіруге тырысады.
Алайда, өздерінің құдіретті күшімен, тіпті, европалық мемлекеттердің зәре-
құтын алған көшпенділер империясы атанғанған көптеген ұлыстардың одақтары
тарихи шежірелер мен географиалық жазбаларда болмаса артына қанды жорық
іздерінен басқа ешқандай археологиялық белгілер қалдырмаған.
Сондықтанда археологтар бұл халықтар жайында сақталған әрбір ұсақ
–түйек мәліметтерді көркем ойдан шығарылған аңыз-әңгіімелермен салы
салыстыра отырып, шыдық елегінен өткізеді.
Осындай халықтардың бірі – қыпшақтар.

Қыпшақтардың материалдық мәдениеті орыс деректерінде

Қыпшақтардың кәсіптік өндірісі негізінен мал өнімдерін өңдеу мен
шаруашылықта тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған
болатын. Мәселен, арбаны жасау үшін белгілі бір өндірістік іпін қажет
етілді. Ал бұл қыпшақтарда кәсіпшіліктің, атап айтқанда ағаш өңдеу
кәсібінің дамығандығын көрсетеді.Халық ағаш арбаның бөлшектерін жасаудан
басқа, киіз үйдің ағаш бөлшектерін (кереге, уық, есіктер) дайындаумен, ер
тоқымдардың ағаш бөлшекткрін бөлшектерін, ыдыстардың бір сыпыра бөлігін,
қымыз құюға арналған ожау, ет тағамдарына арналған ыдыстар ман ағаш
кеселерді жасаумен айналысқан.
Негізгі кәсіптік, өндіріс мал шаруашылығы өнімдерінен жасалған
бұйымдарды өндіру және өңдеумен байланысты болды. Бұл-арқандар, қайыс
бұйымдар, жүннен жасалған бұйымдар, маталар. Тері мен жүннен
киімдер(тондар, баскиім, малақай), аяқ киім, түрлі ыдыстар жасалынатын.
Оңтүстік қазақтардың отырықшы-егіншілік оазистері халықтарына жақын
орналасқан қыпшақтарға керамикалық ыдыс жасау өндірісінің техникасы иәлім
болуы мүмкін. Қазба жұмыстары нәтижесінде табылған бай ат жасақтары мен
қарулары(үзеңгі, аыздық және т.б.), сонымен қатар тұрмыстық сипаттағы
металл бұйымдары қыпшақтарда металл өңдеу және темір рудасын өндіру
дәстүрінің болғандығы дау туғызбайды.
А.Х.Марғұлан осыған байланысты былай жазған: Орталық Қазақстанда сол
кездегі бірнеше ежелгі кен орындары сақталған. Оларға Шығыс-Қарқаралы
ауданының өңдеу орындары, атап айтқанда Кентөбе, Кенқазған, Қарашошақ ,
Қарасы, Жалпақ 1, Қарашұңқыр жатады. Дешті Қыпшақтың осы және басқа
жерлерінде тау ісіне маманданған қыпшық тыйпаларының өкілдері темір рудасын
өндіруі әбден мүмкін. Шығыс-Қарқаралы ауданында темір өндіру бойынша
аймақтардың бірі Темірші таулары болды.
Темір ұсталары барлығын ағаш өңдейтін және басқа арнайы құралдардан
бастап ат жасақтарының , қарулардың ұсақ заттарына дейін өндірді. Мәселен,
9 ғасырдағы автор ал-Джахиз былай айтқан: Олар қару, садақтар, ер-
тоқымдар, найзалар өндіреді. Қвпшақтардың арасында арнайы қару-жарақ
ұсталарының болуы туралы Дешті Қыпшақ тұрғындарымен қолдалынатын, ерте
ғасырлардағы араб-қыпшақ сөздіктерінде сақталған терминдер дәлел болады:
йачи-садақшы, окчы-оқ дайындайтын ұста, сунучи-найза дайындайтын адам.
Кәсіпшіліктің кейбір түрлері мұрагерлік жолымен беріліп отырды. Белгілі бір
уақыт аралығында, манғол шапқыншылығына дейін қыпшақтар мекендеген
далаларда тас жасау ұсталары жумыс істеуі мүмкін. Оңтүстік орыс далаларында
қыпшақтардың тас балбалдарын арнайы зерттеумен айналысқан С.А Плетневаға
сәйкес, көптеген мүсіндер суретке ұқсас келетін. Қазақстан жеріндегі бүкіл
қорғандарда тұрғызылған тас балбалдары шығармашылық туынды болғаны сөзсіз.
Оларды жасау үшін белгілі бір кәсіби ілім мен шығармашылық көз қарас қажет
етеді.

Қазылған қабірлерден алынған археологиялық олжалар қыпшақ тайпалары
материалдық мәдениетінің кейбір ерекшеліктерін сипаттауға мүмкіндік береді.
Қабірлердегі құрал-саймандар қару, ат әбзелдері, тұрмыстық мақсаттағы
заттар болып табылады. Сонымен қатар қабірлердегі қару-жарақ заттары
ішінде бәрінен де жебелердің ұштары жииі кездеседі. Аттың ер-тұрман
әбзелдерінен темір ауыздықтар, үзеңгілер, әшекейленген жүгендер кездеседі.
Қыпшақтарда кілем жасау кәсібі жақсы дамыған. Қыпшақтар түрлі тоқыма
және жүннен дайындалған кілемдер жасаған. Оларды дайындау техникасына, бояу
таңдау, орнаментіне қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Олар жүннен текемет,
сырмақ, түскиіз тәрізді кілемдер жасаған.
Текемет жасау үшін жартылай дайын ақ жүнге ылғал боялған жүннен оюлар
салынады. Содан кейін жүнді орап, оны алдымен білекпен илейді. Содан соң
ұзарту, булау процесі жүреді.
Қыпшақтардың кілем жасау мәдениеті тек қазқтарда ғана емес, сонымен
қатар ноғай, черкес, кумык сияқты Солтүстік Кавказ халықтарында сақталып
қалған.
Қыпшақтардың тас қашау өнерінің өкілдері бұл тұста шеберліктң шыңына
шықты. Олар алып ескерткштер жасай алды, адамдардың бет-бейнесін өте дәл
кескіндей білді. Бірақ осыған қарамастан, барлық тас тұлғалардың бәрі
белгілі бір қатаң қағидаға бағындырылғандай еді отырған немесе тұрған
ескерткіштердің барлығы да кіндік тұсына қос уысына қысып зерең ұстап
тұрды. Қыпшақ ескерткіштерінің осы дәстүрлі көрінісін саяхатшы-монах
Вильгельм Рубрук: Кумандар қайтыс болған адамдардың қабырына құмнан
төбешік жасайды, жүзі шығысқа қаратылған, кіндік тұсына қос қолымен зерең
ұстап тұрған құлыптас орнатады деп суреттеген еді.
Шеберханалар, сірә, ашық аспан астында, ескерткіш-құлыптас жасауға
қажетті нәрселерді алуға ыңғайлы жерлерге жақын орналастырылған. Осы
жерлерден құмтастар, қызыл гранит, қатпар тастар қиылып алынып,
ескерткіштер жасалынған. Мұндай шеберханалардың ескі орындары археологиялық
қазбалар кезінде әруақыт кездесіп отырады.
Қорғандар мен күмбездер өте көп, әсіресе, дала жолдары мен өзендер
жағалауларында сан мыңдаған балбал тастар бар. Қыпшақ заманында, тіпті
бергі XII-ші ғасырға дейін олар дала көрінісінің тұрақты бір бөлігі, көркем
өрнегі сияқты көрінетін.

Қыпшақтардың тілі, жазу өнері

Қыпшақ бірлестігі дәуірінде қыпшақ хандары Ертіс өзенінен Дон өзеніне
дейінгі, Орал тауынан Қара теңізе дейінгі кең өңірде жасаған түркі тілдес
тайпалардың басын біріктірді, Қыпшақ тайпалары Европаға, Кіші Азияға, тіпті
Египетке (Мысырға) дейін жайылды. Көп өңірлерде қыпшақтар әскери-әкімшілік
билікті қолына алып, үстемдік жүргізді.Осы жағдайлаға байланысты, жоғарыда
айтылған өңірлерде қыпшақ әдеби тілі қалыптасты және дамыды.
Зерттеуші Машковтың айтуына қарағанда, бұл дәуірде қыпшақ тілі батыс
Европа жиһанкездері мен шығыста зерттеушілер үшін халықаралық тіл болып
есептелді. Европалықтар, арабтар, парсылар, тағы басқа халықтар қыпшақ
тілін үйренуге, зерттеуге ділгер болды. Қыпшақтар арасынан тіл ғалымдары
шықты, қыпшақ тілі ғылымы, әсіресе сөздік ғылымы қараштап дамыды, Қыпшақ
тілінің грамматикасы, қыпшақ тілін үйретудің жан-жақты тіл құралдары,
қыпшақ тілімен басқа тілдерді салыстырған қыруар сөздіктер жасалды. Олардың
бірсыпырасы талай ғасырды басынан кешіре отырып, балдан қалған сарқыттай
біздің заманымызға жетті. Олардың бастылары: Мұқаддима тұл әдәп
(Әдебиетке кіріспе), авторы Әл-Замақшари, 12-ғасырда жазылған арабша-
парсыша-түрікше-моғолша сөздік; Таржуман түркі уа араби (Түрікше-арапша
аударма сөздік), 1245-жылы жазылып аяқтаған, авторы белгісіз; Қыпшақша-
латынша-парсышасөздік 1303-жылы аяқталған; Китабул - идрак лилиса-нұл-
артак (Түркі тілінің түсіндірме сөздікгі), авторы Жамалидин Мұхаммед
Абдулла ат-түрки, 14-ғасырда Сирияда жазылған: Әл-Әнуар-әл-Мудиа (Інжу
нұры) Қыпшақша-арабша сөздік, авторы: Алайден Бейлік әл-Қыпшақи, жазылған
жылы, орны мәлімсіз; Китаб тәржуман фарси уа түркі уа моғоли (Парсы,
түркі және маңғол тілдерінің аударма сөздігі),бұл кітап 1343-жылы Мысырда
жазылған; Әл-Қауани әл-Куилия ли-забат әл-луғат ат түркия (Түркі
тілдерінің үйренудің толық құралы), 14-ғасырда жазылған, авторы және
жазылған жері белгісіз. Бұл сөздіктердегі мәлімсіз: Китаб ат-дуарал әл
мудия фил-луғат ат-туркия алат тамам (Түркі тілі туралы жан-жақты және
тыңғылықты інжу-маржан жинағы), 14-ғасырда жазылған, авторы және жазылған
орны белгісіз. Бұл сөздіктердегі Түркі тілі, Түрікше деген сөздер
қыпшақ тілі деген сөздің баламасы еді.
Жағарыдағы көне мәдениет куәліктері қыпшақтардың тіл-әдебиеті мен
мәдениетінің өз заманындағы өркендеу деңгейінен дерек береді. Алтын орда
дәуірінде қыпшақ тілі Алтын Орданың әдеби тілі болды, Алтын Орда хандарының
жарлықтары және көптеген әдеби шығармалар осы қыпшақ әдеби тілінде жазылды.
Қыпшақ әдеби тілі қазіргі қазақ тілінің түб-төркіні, яғни, көне қазақ тілі
блып табылады. Осы заманғы қазақ тілі көне қыпшақ тілінің дамуы негізінде
қалыптасты.

Қыпшақтардың рухани мәдениеті:
діні, салт-дәстүрі

Қыпшақтардың көшпелі қоғамының экономикалық және саяси құрылымының
спецификасы рухани мәдениетке, дүниетанымына және идеологиясына әсер етті.
Дешті Қыпшақта, оның шығыс бөлігінде де, батыс бөлігінде де діннің ең кең
тараған фермасы болып шаманизм болып табылды. Бұл діннің элементтері тас
мүсіндерге табынуда, табиғат күштеріне табынуда, аспан(тәңір), күнді, отты
құдай теп тануда көрінді.
Қыпшақтар көшіп қонып жүрген далалы жерлердің барлығында адамдарды
бейнелейтін тас мүсіндер. Көптеген пікір-таластардан кейін,
Н.И.Веселовскийдің пікірінше мүсндердің үлкен бөлігі қыпшақтардыкі деген
пікір қалыптасты. Алайда тас мүсіндердің тұрғызылу себептері туралы бір
пікір жоқ. Кейбіреулердің пікірінше, бұл бейнелер басты өлтірілген жауды,
ал басқалары өлген адамдарды бейнелейді.
Тас мүсіндердің шығармашылық бейнелеулерінің әр түрлілігі нақты
тарихи жағдай, қошаған орта ерекшеліктеріне байланысты болды.
Мұсылман мемлекеттеріне , ең алдымен Хорезмге жақын орналасқан
қазақстандық қыпшақтар мұсылман идеологиясының ықпалында болды да, адамдар
мен жануарларды бейнелеуге тыйым салған. Мәселен, Орталық Қазақстан
далаларында, Ұлытау жоталарында, Қара және Қары-Кенгірген өзендері
бассейндерінде әйел бейнесіндегі мүсіндер кездеседі. Оларда көз, мүрын,
ауыз бейнеленбеген.
Сонымен қатар, қыпшақтарда әйел құдайы-ұмай ана болды. Ұмай ананы от
басын сақтайтын, ұрпақ сақтаушы деп таныды. Ұмайдан басқа қыпшақтар
жұлдыздарға табынып, аспан әсеріне сенген. Ибн ал-Асирдің дәлелдеуінше,
қыпшақтар шығыста күнге табынады. Осы табынумен қыпшақтардың өз мүсіндерін
шығысқа қаратып тұрғызу дәстүрін байланыстыру қажет.
Басқа да түркі тілдес халықтары , қыпшақтар да жоғары құдай деп
Тәңірді таныды. Тас мүсіндерге табыну, аспанды(тәңірді) құрметтеу, сонымен
қатар басқа да табиғат құбылыстарына (тау, өзен, көл, ерман) табыну-осының
бәрі қвпшвқ тайпаларының дінінің негізгі формасы ретінде пұтқа табынушылық
болғанын көрсетеді. Ибн-Арашбах Олар, қыпшақтар, исламнан хабары жоқ , тек
қана пұтқа табынушы және көп құдайларға табынушылар болды.
Олардыңкейбіреулері әлі күнге дейін пұттарға табынады,-деп айтып кетті.
Қыпшақтардың арасында анимистмкалық көзқарастар айтарлықтай дамып,
олар жанның басқаға ауысуы және арғы өмірдің бар екендігіне сенді.
Осылайша қыпшықтардың діни нанымдары шаманизм негізінде болған. Ал
тотемистік нанымдарға келетін болсақ , қыпшақтарда басты тотем болып көк
бөрі табылды. Көптеген түрік тайпаларында баланың туылуымен байланысты
болған көк бөрі туралы аңыз-әңгімелер кеңінен тараған. Андижандық
қыпшақтар мәселен, босануды жеңілдету үшін әйелге кептірілген қасқыр
жүрегінің бір бөлігі берілетін.
Қыпшақтардың діни нанымдары туралы мәліметтер келесідей қорытынды
жасауға мүмкіндік береді. Қыпшақ қоғамында шаманизм, пұтқа табынушылық және
көп құдайға табынушылық сияқтыарнайы діни нанымдар басым болды. Алайда
дамып отырған таптық қатынастар қыпшақ қоғамының экономикалық және саяси
ерекшеліктеріне жауап беретін діни идеологиалық басқа формасын талап етті.
Сонымен, 11-12 ғасырларда қыпшақтардың үстем тап өкілдері политезмнен
бас тартып монотейістік дінге көшті. Ислам діні мұсылман елдерімен жанасып
жатқан аудандарда тарады, ал христиандық оңтүстік орыс далаларында тарады
Ислам дінін Қыран (икран), Алп-Дерек сияқты қыпшақ хандары қабылдап,
өз есімдерін мұсылман титулдарына қадыр хан, байыр-хан деп ауыстырды.
Осындай жағдай Египиттегі мамлюк қыпшықтарымен болды. Алайда қыпшақтар үшін
ислам діні аристакратиалық үстем тап өкілдерінің діні болып қала берді.
Бірқатар көшпелілер үшін бұл дін ешқандай рөл ойнамады.
Христиандық негізінен қыпшақтардың батыс тармағының ортасына кірді.
Миссионерлік қозғалыс екі жақтан-Русьтен және Византиядан келіп отырды.
Орыс жазбалары дәлелдеп отырғандай, 1132 ж. Рязаньда жене 1168 ж. Киевте
Амурат және Айдар қыпшақ княздары шоқынды. Ибн Батута былай деген: Бұл
далада, қыпшақ деген атпен белгілі халық христиан дінін ұстанады
Сонымен қыпшақтардың діни идеологиясы пұтқа табынушылықпен байланысты
болып, және Исламмен, Христиандықпен қатар дамыды.

4. Қыпшақ хандығы европалық ортағасырлық деректерде

Қыпшақ атауы ең бірінші рет 760 ж. ежелгі түріктің руникалық
ескерткішінде аталады. Мүсылман деректеріне қыпшақтар түңгыш рет араб
географы Ибн Хордабсхтің (IX ғ.) жылнамалық жағынан VIII ғ. жататын, түрік
тайпаларынын, тізімінде көрсетіледі.
656 ж. Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы
мен Ертіс еңірін жайлаған қыпшақтардын, едәуір мол топтары кимектердіқ
басшылыгымен тайпалар одағының өзсгін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ
тайпаларының өзін өзі билсуге ұмтылған талабы VIII г. соңында оларды қимек
федерациясынан бөлініп, олардан әрі, батысқа қарай кешуіне апарып соғады.
Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмайды. IX—X ғғ. қыпшақтар
тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі. Қыпшақтар қимек қағанатына саяси
тәуелді болады, конфедсрацияга, сосын Кимск қағанаты құрамына кіреді.;
• XI ғ. басында Қимек қаганаты тарағаннан кейін, қимек, қыпшақ және куман
тайпаларының бүрын жайлаған жерлерінде әскери-саяси жетекшілік қыпшақ
хандарының қолына көшеді. Кыпшақтын, өкімет басына келген ақсүйектер әулсті
оңтүстік жэне батыс бағыттарында бслсснді қимыл-әрекеттерге кірісіп,
Орта Азия жоне Оңтүстік- Шығыс Еуропа мемлекеттерімен тікелей байланыс
жасауға кіріседі.
XI ғ. екінші ширегінде қьшшақ тайпаларының ақсүйектері оғыз жабғысын
Сырдарияның орта және төменгі бойларынан, Арал мен Каспий өңірі далаларынан
тықсырып куалап жібереді.
Аймақтағы этникалық-саяси ахуалдың өзгеруіне сойкес, XI ғ. екінші ширегінің
бас кезінде жазба деректерде бұрын аталып келген Оғыздар даласының
(Мафазат әл-гуз) орнына Дешті Кыпшак, аты пайда болады. Маңғыстау мен оған
таяу жатқан аудандарды алғаннан кейін қыпшақтар Хорезмнің теріскей шебіне
жетіп барады.
XI ғ. орта кезінде қыпшақ тайпалары Еділден көктей өтіп, батыс жаққа жылжи
бастайды. Батысқа қарай жылжып ерлеген сайын кумандар тайпаларының қалың
жүрты бірінші болып, Шыгыс Еуропаның әсіресе орыс, Византия, Венгрия
халықтарымен тура қарым-қатынас жасауға көшеді.
Ертістен Днестрге дейінгі бүкіл аридтік зонаны алып жатқан Дешті Кыпшақтын,
тарихи-жаграфиялық облысын шартты түрде Еділ бойы арқылы аса үлкен екі
этникалық-территориялық бірлікке бөлугс болар еді: басында Тоқсоба рулық
оулеті түрган Батыс қыпшақ бірлестігі жоне Ел-берілі руының хан әулеті
билеген Шығыс қыпшақ қағанаты.
Қыпшақ этникалық қауымының казақ территориясында қүры-луъі күрделі де
үзақ процесс болған, оның дамуы жолынан үш кезең айқын көрінеді.
Бірінші кезен, қимек тайпалық бірлігі өзегінің қүрылуына бай-ланысты,
онда VII ғ. екінші жартысынан бастап, VIII ғ. аяғына дейін қыпшақтар елеулі
рөл атқарады. .Осынау замандарда қыпшақтар мен теле тайпалары өзара өте
тығыз этникалық-мәдени байланыстаболып, жақындасып кетеді.
Екінші кезен —VIII ғ. аяғынан XI ғ. басына дейін, Осынау күннамалық
аралықта қыпшақтар бірте-бірте еркін жайылып, шығысындағы Алтай мсн
Ертістен бастап, батыстагы Оңтүстік Орал таулары мен Еділ бойына дейін
жетеді. Қыпшақтармен бірге Батыс Казакстанды, орталығы Мүғаджар тауларында
болған кумандар жай-лайды. Негізгі үш этникалық-саяси бірлестік —
қимақтардың, қыпшақтар мен кумандардың езара істес-әрекеттес болып бірігуі
қимақ тайпаларының үйытқыш-үйымдастыргыш ықпалы арқасында жүзеге асады.
Қимактар мен кумандар сияқты, қыпшақтар да ежелгі башқүрт, печенег, қарлық,
әсіресс оғыз тайпалары конфедерация-ларымен өзара тығыз этникалық-модени
байланыста болып, бір-біріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қыпшақтардың этно-саяси, экономикалық-әлеуметтік даму тарихы
Қазақ хандығы құрылуының этникалық алғышарттары
ХVI-XVIIғ. Қазақ халқының этникалық құрамы
Бату хан
«Жәми ат-тауарих» шығармасындағы Орта және Кіші жүз негізін құраған ХІ-ХІІІ ғғ. түркі тайпаларының тарихы
«түрік дәуірінің кезеңделуі»
Ертедегі ортағасырлық мемлекеттер
Қыпшақ хандығы жайлы
Ерте ортағасырлық топонимдер
Топонимдер сөздігі немесе топонимдер тізбегі
Пәндер