ҚР банк жүйесі элементтерінің функциялары. Даму жолдары


Жоспар
Кіріспе 3
І-тарау. Банк жүйесінің даму тарихы мен ұйымдастырылуы …… 5
- Банк жүйесінің даму тарихы . . 5
- Банк жүйесі және оның элементтеріне сипаттама ……. 13
ІІ-тарау. ҚР банк жүйесі элементтерінің функциялары . 19
- ҚР Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары … 19
- ҚР Ұлттық банктің ақша-несие саясаты 21
- ҚР коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары 25
ІІІ-тарау. ҚР банк жүйесінің даму жолдары . . 30
3. 1 . ҚР банк жүйесінің даму перспективалары . . 31
3. 2. ҚР банк жүйесін дамыту жолдары 33
Қорытынды 36
Қолданылған әдебиеттер 38
Кіріспе
Көптеген авторлардың пікірлеріне қарағанда “жүйе” деп бірнеше бөлшектерден құралатын тұтас, яғни, сол зерттелетін объектінің бөлшектерінің жиынтығы. Солай болса банк жүйесі де соны құрайтын элементтердің жиынтығы.
Банк жүйесі деген сөздің өзінен, оның басты элементі, негізінде ақшаға байланысты операцияларды жүргізетін, әртүрлі банктер болып табылатынын түсінуге болады.
Жалпы банк туралы да түрлі-түрлі пікірлер бар. Кейбір мамандар банкті кәсіпорын, мекеме, екіншілері- экономикалық басқару орны, үшіншілері - делдалдық ұйым, төртіншілері -несиелік кәсіпорны деп сипаттайды. Ал, күнделікті тұрмыста банкті ақша қоймасы деп түсінеді. Бірақ осы келтірілген пікірлердің бәрі де банктің не істейтіндігін, оның қандай операциялар жүргізетіндігін ғана анықтайды. Негізінде, банктің мазмұнын түсіну үшін, алдымен оның халық шаруашылығының басқа бөлімшелерінен елеулі оқшауланушылығын көрсететін қандай қасиеттері бар деген сауалға жауап беру керек. Міне, осындай сұрақтарға курстық жұмысым жауап береді деп ойлаймын.
Менің курстық жұмысымның негізгі мақсаты банк жүйесінің қалыптасуы мен болашақтағы дамуын ғылыми-теориялық негіздеу, банк жүйесінің элементі - банктің мазмұнын, операцияларын түсіндіріп, олардың халықаралық стандарттарға сай болуын тұжырымдау.
“Жаңаның бәрі естен шығып қалған ескілер” (Все новое - забытое старое) дегендей, Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын айтып кетер алдында, оның қалыптасу тарихын, банк жүйесінің маңызды деген реформаларын ұмытпауымыз керек.
Ал, жалпы неге осы тақырыпты қарастырдым деген сұраққа жауап беретін болсам, себебі, халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономиканың дамуына тигізетін пайдасы зор болатын тек банк жүйесі. Мен осы саланың келешек маманы ретінде банк жүйесінің қазіргі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат етемін. Бұл саланың маңыздылығы отандық және әлемдік экономиканың тәжірибесі көрсеткендей, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер береді. Егер банк жүйесі одан әрі дамитын болса, онда елдегі қаржы нарығы, сонымен қатар, Ұлттық банктің өз саясатын толығымен және тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндіктер береді.
2000 жылдан бері банк жүйесінің дамуының жылдамдығы өте жоғары. Оны жұмыста көрсетіліп кеткен ҚР Ұлттық банкінің нақты мәліметтерінен көруге болады.
Дегенмен, “жақсы бар жерде жаман бар” дегендей, банк жүйесін мемлекеттік қолдау әлі де болса жеткіліксіз дәрежеде болып тұр. Бұл саланың өзіндік проблемалары шешілмей қалуда. Сондықтан, бұл кемшіліктерді жою үшін ҚР банк жүйесінде жаңа реформалар, жаңа бағдарламалар жүзеге асуы тиіс деп ойлаймын.
І-тарау. Банк жүйесінің даму тарихы мен ұйымдастырылуы
1. 1. Қазақстандағы банк жүйесінің даму тарихы
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кірді.
Ресейдің Мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің Мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік-қарыздық операциялардың 1/3 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа елдердің орталық эмиссиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекеттік банкі тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендірді. 1914 жылдың қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті.
Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 жылы шоғырланудың ең жоғарғы дәрежесіне жетті.
Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадай ұсақ несиелік мекемелер қызмет атқарды: өзара несие беру қоғамы (11081), қалалық қоғамдық банктер (343) .
Ипотекалық несие жүйесі - мемлекеттік дворяндардың жер банкі мен мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды.
Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе, деревнялардағы дәулетті адамдарға қызмет көрсететін несиелік кооперация кеңінен танылды. Ол қарыз-жинақ кассалары мен несиелік серіктестіктерден тұрды. )
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында мемлекеттік банктермен бірге: кооперативтік және жеке, мемлекеттік-капиталистік, соның ішінде шетел капиталының қатысуымен де мемлекеттік емес несиелік мекемелер құрылды. 1922 жылы деревнялар мен майдагерлік өнеркәсіпті жандандыру мақсатын көздеген несиелік және қарыздық-жинақ серіктестіктері мен олардың одағы ұйымдастырыла бастады. 1924 жылы ауыл шаруашылық кооперацияларына салым қабылдау, қарыз беру мен есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік операцияларды жүргізу рұқсат етілді. 1926 жылы 1 сәуір қарсаңында КСРО-да 16185 серіктестіктер құрылған еді, бұлардың ішінде 2426 - несиелік және қарыздық жинақ, сондай-ақ 12424 - ауыл шаруашылық серіктестіктері болды.
1922 жылдан бері сауданы, өнеркәсіпті несиелендіру үшін өзара несиелендіру қоғамы, сонымен бірге Оңтүстік-Шығыс мемлекеттік-капиталистік акционерлік банк және шетел капиталының қатысуымен Ресейлік коммерциялық банк құрылды.
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру несиелік кооперацияны қажет етпей, оны 1931 жылы таратты. Жеке секторды сауда және өнеркәсіп саласынан ығыстыру өзара несиелендіру қоғамы қызметінің оралуына әкеп соқты. Басқа несиелік органдар қызметтері мемлекеттік салалық банктерге: Промбанк, Цекомбанк, Всекомбанк, Орталық ауылшаруашылық банк жне 1922-25 жж. құрылған басқа да банктерге көшеді.
КСРО-да 1930-32 жж. жүргізілген несиелік реформаның нәтижесінде жаңа қағидаларда салалық банктер ұйымдастырылды. Капитал жұмсалымдарды қаржыландыру және несиелендіруге байланысты 4 арнайы банктер құрылды.
Өнеркәсіп және электр шаруашылығының несиелендіру банкі - өнеркәсіп және электр шаруашылығының күрделі құрылысын қаржыландыру банкі (Промбанк) болып қайта құрылды. Ол 1959 жылы КСРО Құрылыс банкі болып қайта ұйымдастырылды.
Социалистік жер бөлінісін қаржыландыру банкі (КСРО Ауыл шаруашылық банкі) көптеген несиелік серіктестіктер мен республикалық ауыл шаруашылық банктердің орнына (1959 ж. оның қызметтері КСРО Мембанкі мен Құрылысбанк арасында үлестірілді) ұйымдастырылған.
Кооперация құрылысын күрделі қаржыландыру банкі (Всекомбанк) жалпы Ресейлік кооперативтік банк негізінде (1939 ж. Всекомбанк өз жұмысын тоқтатты, ал оның активтері мен пассивтері 1959 ж. таратылған КСРО Сауда банкіне берілді) құрылған.
Коммуналдық және тұрғын үй құрылысын қаржыландыру банкі (Цекомбанк) 1959 ж. таратылды да оның қызметтері КСРО Құрылыс банк пен Мембанк арасында үлестірілді.
Одақтас республиканың барлығында, соның ішінде, Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері ұйымдастырылатын. Бұның өзінде банк ісінің ұйымдастырылған принципі банктердің жоғары билік органдарына бағынуы, қандай да бір жергілікті ережелердің бекітілуіне жол бермеу сақталды.
Сонымен қатар, тәжірибеде берілген банктерде ақша айналымын шоғырландыру қағидасы жүзеге асырылды, соның ішінде, әрбір кәсіпорын, ұйым немесе мекеме тек бір банкте ғана есеп айырысу немесе ағымды шот ұстай алды. Осы банкте олар өз ақшалай қаражаттарын сақтады, несие және қолма-қол ақшалар алды, ол арқылы барлық қолма-қол емес есеп-айырысу операцияларын жүргізді.
КСРО-да банктік реформа 1987-88 жж. жүргізілді. Нәтижесінде, КСРО Мембанкі мен КСРО Құрылыс банкін (Стройбанк) құру негізінде: Өнеркәсіп құрылыс банкі, Агроөнеркәсіп банкі және Тұрғын үй-әлеуметтік; Құрамына кіретін жинақ кассалары жүйесінің негізінде: Жинақ банкі, ал Сыртқы сауда негізінде: Сыртқы экономбанк құрылды. КСРО Мембанкі кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік-есеп айырысу қызмет көрсетуін тоқтатты. Ол елдің Орталық банкі деп жарияланды.
КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкіне несиелік саясатты жүргізу, несиелендіру жүйесінің тиімділігі, сондай-ақ өнеркәсіп, құрылыс, көлік пен байланыстағы, КСРО Мембанкі жүйесіндегі есеп айырысу сияқты міндеттер жүктеледі. Банк - шаруашылықтың осы салаларындағы кәсіпорындар мен бірлестіктердің есеп айырысу, қарыздық және басқа да шоттарын жүргізді. Осындай кешенді несиелік есеп айырысулар қызметін агроөнеркәсіптік кешеніндегі кәсіпорындарға - КСРО Агроөнеркәсіп банкі; әлеуметтік аямен және сауда саласының кәсіпорындары мен ұйымдарына - КСРО Тұрғын үй-әлеуметтік банкі; халыққа қызметті - КСРО Жинақ банкі көрсетті. КСРО Сыртқы экономбанкі экспорттық-импорттық операциялар бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыру мен жүргізуді қамтамасыз етті.
Мамандандырылған банктердің құрылымы әкімшілік-аумақтық принцип бойынша құрылды. Одақтас республикаларда республикалық банктер және облыстарда банктерді басқару ұйымдастырылды. Банктердің аудандар немесе қала деңгейінде өз мекемелері болды. Олар алғашында мына принцип бойынша құрылды: ауданда клиенттері басымырақ болса, онда мамандандырылған банктердің, осы ауданда бір мекемесі құрылды. Тек КСРО Жинақ банкі ғана ерекшеленеді, себебі оның мекемелері әр ауданда, колхозда және совхозда болды. Мамандандырылған банктердің төменгі буыны (Жинақ банкінен басқалары) өзінің мамандануына қарамастан, ауданның барлық клиенттеріне қызмет көрсетті. Негізінен банктердің мамандануы тек басқару деңгейінде ғана көрінді, ал төменгі мекемелері әмбебап несиелік мекемелерге айналды. Олардың ауданның, яғни барлық саланың кәсіпорындарына қызмет көрсетулеріне тура келді.
Олар банктердің саны бойынша 4 несиелік жоспарға ие болды. Көрсетілген банктердің салаларға жатуы, олардың клиенттерінің әмбебаптығымен қарсы келді, бұл өз алдына ең алдымен несиелік ресурстарды құрумен байланысты бірқатар мәселелерді тудырды. Бұл қаражаттардың өзара аймақаралық есеп айырысу жүйесі арқылы банктен бақылаусыз банкке тасқындай құйылуымен күрделене түсті. Әрбір банк өз ресурстары шеңберінде жұмыс істеу үшін КСРО Мембанкінде ашылатын корреспонденттік шоттар бойынша банкаралық есеп айырысуға көшу қажет болды.
КСРО Мембанкінен бөлінген коммерциялық банктер негізінен мамандандырылғандар ретінде қызмет етті, әр банк белгілі бір салада (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық, сыртқы сауда) монополияға ие болды. Олар өз кәсіпорындарын қаржыландырып, несиелендіріп отырды, көбіне осы кәсіпорындардың өміршеңділігін, пайдалылығын, негізделгенін ескермей төмен пайыздармен қаржыландырды. Осы банктердің активтерінде залалды мемлекеттік кәсіпорындардың уақыты өткен саласыз қарыздардың мөлшері басымырақ болады.
Осы жағдайдан шығудың бір жолы банктік реформаны жүргізу, яғни банк жүйесін батыстағы үлгідегідей екі деңгейлі жүйеге көшуін жүзеге асыру болып табылады.
Өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан бірден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін меншікті банктік жүйесін құруға кірісті. 1991 ж. қаңтарында, елдегі банктік реформаның бастамасы болып табылатын, “Қазақ КСР-дағы банктер және банктік қызмет туралы” Заң қабылданды. Республикалық Мемлекеттік банк облыстық басқармалары мен бөлімшелері бар ҚР Ұлттық банкіне айналды. Республикалық Өнеркәсіп құрылыс банкі акционерлік-коммерциялық Тұран банкіне, Агроөнеркәсіпбанк - ҚР акционерлік-коммерциялық Агробанкіне, Республикалық Жинақ банкі - ҚР акционерлік-коммерциялық Жинақ банкіне ауысты. 1993 ж. бұл банктер акционерлік банктер болып өзгерді, ал Жинақ банкі ҚР Халықтық банк деген атқа ие болды.
ҚР банктік жүйені реформалау қажеттілігі, Дүниежүзілік банктің мамандарының пікірінше, қысқа мерзімді мәселелер категориясының бар болуымен түсіндіріледі және оларды өз кезегінде макроэкономикалық реформасын жүргізуде кедергі етуі мүмкін деп санайды . 1-ші категорияға орталықтандырылған экономикадан мұра боп қалған мақсатты несие мен банктік тәжірибені мемлекеттік үлестіру жүйесінің ескі тәжірибесінің келісілген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесі; 2-ші категорияға банктердің “сапасыз” қарыздары мен мемлекеттік зиянды кәсіпорындарын жатқызады. Тағы да, бұрынғы жүйе мекемелер мен кәсіпорындар арасында төлем төлеулер мен есеп айырысулар дұрыс жүргізе алмады.
1992-93 жж. - рубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті (сандық) түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі болып табылады. 1992 ж. несие сомасы ЖҰӨ-ң 11, 3%-ын құрады. І-тоқсанда Ұлттық банктің коммерциялық банктерге берген несиелерінің сомасы - 6, 7 %, ІV-тоқсанда- 17, 8 % құрады.
1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банктің ақша-несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджет пен банктермен қарым-қатынас орнатудың классикалық қағидаларын енгізу, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдірді. Осы жылы Ұлттық банктен 7, 5 млрд теңге сомасында орталықтандырылған несие берілді, 5, 6 млрд теңгесі - үкіметке (75%) берілді.
Жалпы ұлттық валютаның енгізілу сәтінен бастап, 1995 жылға дейін Орталық банктің қызметін атқару, жүйе қызметін реттеп отыратын нормативтік құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлерімен тәжірибесі жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелік саясат жүргізу тәжірибесін қолға алды. Осы жылдың 15 ақпан айында ҚР Президентінің қаулысымен бекітілген, банктік жүйені реформалаудың бірінші бағдарламасы жасалынды.
Бағдарлама 1995 ж-ң соңына дейін сәтті жүзеге асырылған жағдайда келесілерге қол жеткізу мүмкіндігі бол жанған:
- Ұлттық банктің классикалық орталық банктерге тән валюталық, ақшалай-несиелік реттеулердің барлық құралдар жиынтығын енгізуді аяқтау, оны пайдалану. Бұл өз кезегінде Ұлттық банкке белгіленген негізгі міндеттерді орындауға мүмкіндік береді.
- Экономикалық ынталандыруды дұрыс қолдану, нормативтік реттеуді жетілдіру, Ұлттық банк тарапынан бақылауды күшейту есебінен барлық коммерциялық банктер қызметінің сапасын жақсартуды жүзеге асыру, олардың капиталдандыру деңгейін жоғарылату, халықаралық стандартқа жақын банктерді қалыптастыру.
- Банкаралық несиелік, валюталық нарықтарды дамыту, тереңдету жолдарымен оларда қалыптасатын пайыздық мөлшермелер мен айырбас бағамы тұрақтығына қол жеткізу, ал Ұлттық банк оларға тек өзінің тікелей, жанама реттеу құралдарымен ғана ықпал етеді.
- Республикалық бюджет тапшылығын Ұлттық банк тарапынан тікелей несиелеуден бас тартып, оның ішкі, сыртқы қаржылық нарықтарда инфляциялық емес әдістер арқылы қаржыландыруға көшу.
- Шаруашылық жүргізуші субьектілер арасында төлемдердің қауіпсіз, уақтылы, тиімді жүзеге асыру мақсатында еліміздің төлем жүйесінің сапалы қызмет ететін жаңа деңгейіне қол жеткізу, ұзақ мерзімді ұлттық төлем жүйесін дамыту.
- Орта, ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды инфляциялық емес несиелеу жүйесінің негізін қалау.
1995 ж. қаңтар айынан бастап директивті несиелер беру тоқтатылды. Ұлттық банк экономиканы емес, екінші деңгейлі банктерді несиеледі. Несиенің негізгі массасы аукцион арқылы 3 ай мерзімге берілсе, кейін операциялардың барлық ауыртпалығы мемлекеттік бағалы қағаздардың екінші нарығына көше бастады. Тағы банкаралық несие дамыды. Қыркүйек айынан бастап ломбардтық несиелеу жүйесі енгізілді. Базалық ақшалардың өсуін тежеу мақсатында, жылдың әр кезеңінде Ұлттық банк айналысқа бағалы қағаздарды шығару жолымен ақша массасының өсімін стерилизациялап отырды.
Инфляция қарқыны қаңтарда 8, 9 % -дан 2, 4% -ға төмендеп, қыркүйекте қайта қаржыландыру мөлшерлемесі біртіндеп 210-нан 45%-ға төмендеді. Тағы да көптеген жетістіктерге қол жеткізілді.
Ал, 1996-98 жж. банктік реформалар Ұлттық банктің ҚР банк жүйесін реформалау бағдарламасына сәйкес жүргізілді.
Реформаны жүргізудің басты мақсаты - ҚР ұлттық валютасының ішкі, сыртқы тұрақтылығын әрі қарай арттыру, экономиканы қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту үшін екінші деңгейдегі банктердің жүйесін нығайту.
Ол үшін Ұлттық банк мына міндеттерді шешуге күш жұмсайды:
- ақша-несиелік реттеу әдістері, құралдарын жетілдіру;
- елдің қаржы нарығына Ұлттық банктің араласуы арқылы қолма-қол ақша айналымында әкімшілік басқаруды күшейту;
- валюталық реттеуді дамыту, алтын валюта резервін басқару;
- банктік қадағалау жүйесін, банк қызметін реттеу принциптерін түбірімен өзгерту;
- бухгалтерлік есепті, банк жүйесін реформалауды аяқтау;
- Ұлттық банктің халықаралық қаржы ұйымдарына қатысуы;
- Ұлттық банктің құрылымын жетілдіріп, кадр, техникалық әл-ауқатын нығайту;
- екінші деңгейдегі банк жүйесін сақтандыру;
- төлем жүйесін дамыту;
Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі арасындағы бюджетті несиелеуге байланысты жаңа қатынастың қалыптасуына сәйкес, 1998 ж. бастап, Қаржы министрлігі бюджет тапшылығын өз күшімен несиелеуге міндеттеме алғандықтан, Ұлттық банк оған тікелей несие беруін тоқтатты.
Алтын-валюта резервін басқаруда Ұлттық банк екі портфелді құру қажет деп таныды: 1. стратегиялық инвестициялық портфель құрамы орта мерзімді (3 ай-3 жыл), ұзақ мерзімді (3 ж. -10ж. ) міндеттемелерінен тұрды; 2. тактикалық өтімділік портфелі валюталық бағамды реттеу саясатын жүргізу, қысқа мерзімді міндеттемелерді жабу үшін қажет.
Аталған портфельдің негізгі құралдарына: мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының құралдары, орта, ұзақ мерзімді депозиттер, капиталдар нарығының т. б. жатқызылады.
Банк жүйесіндегі бухгалтерлік есепті реформалау - нарықтық экономика талаптарына жауап беретін жалпыға ортақ халықаралық принциптер, стандарттарды банктердің тәжірибесіне енгізу мүмкіндік беретін шаралар кешенін білдіреді.
Бухгалтерлік есеп реформасын аяқтауға байланысты жұмыстар мынадай мерзімдерді қамтыды:
- Ұлттық банк бойынша:
1996 ж. қосымша, бас бухгалтерия бойынша нұсқаулық материалдар дайындап, оларды баспадан шығару. 1997 ж. жұмыс нәтижелері бойынша жаңа шоттар жоспары, нұсқаулық материалдарға өзгеріс енгізу, халықаралық аудит жүргізу. 1998 ж. қосымша есеп бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудің жаңа пакетін әзірлеу, Ұлттық банктің бюджетін жоспарлау әдісін жасау.
- Екінші деңгейдегі банктер бойынша:
1996 ж. он банк бойынша жаңа шоттар жоспарын енгізіп, ай сайын осы жоспарға сәйкес жиынтық балансын алу. 1997 ж. банктерде бухгалтерлік есептің стандартын жасау, 3-ші тоқсанда жылдық жинақ есебін құру шаралары жүзеге асты.
Сонымен қатар, бұл банктік реформаның басты нәтижесі - бұл банктік жүйенің тұрақтылығын сақтап қалу мақсатында халық салымдарын ұжымдық сақтандыру қоры құрылды (57-бап) . Ол қор 1997 ж. орнына, 1999 ж. аяғында құрылып, өз қызметін 2000 ж. қаңтарында бастады.
- Банк жүйесі және оның элементтеріне сипаттама
Жалпы банк туралы түрлі-түрлі пікірлер бар. Кейбір мамандар банкті кәсіпорын, мекеме, екіншілері- экономикалық басқару орны, үшіншілері - делдалдық ұйым, төртіншілері -несиелік кәсіпорны деп сипаттайды. Ал, күнделікті тұрмыста банкті ақша қоймасы деп түсінеді. Бірақ осы келтірілген пікірлердің бәрі де банктің не істейтіндігін, оның қандай операциялар жүргізетіндігін ғана анықтайды. Негізінде, банктің мазмұнын түсіну үшін, алдымен оның халық шаруашылығының басқа бөлімшелерінен елеулі оқшауланушылығын көрсететін қандай қасиеттері бар деген сауалға жауап беру керек.
Жоғарыда келтірілген пікірлердің бәрін және банк жүйесінің атқаратын қызметтерін жан-жақты талдау негізінде, осы заманның белгілі экономисі, Ресей Академигі О. И. Лаврушин банк жөнінде былай деп жазыпты:1 “ Банк ақшалай, несиелік және қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз, есеп айырысу операцияларының жиынтығын бір орталыққа шоғырландырған ақша шаруашылығының даму сатысы. Банк, басқа материалдық өндірістің өнімдерінен өзгеше өнім шығаратын айрықша кәсіпорын. Ол тек тауар емес, ерекше тауар - ақша және есеп айырысудың құралдарын шығарады”.
Қорытындылай келіп О. И. Лаврушин: 2 “Сонымен, банк - ақша, несие институты, барлық қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын төлем айналымының реттеушісі” - дейді.
Үлкейтілген ауқымды банктер - эмиссиялық және коммерциялық банктер болып бөлінеді. Ақшаны айналымға шығарып және оны қайтарып алуға дара құқығы бар, елдің Орталық банкі эмиссиялық банк болып табылады. Басқа банктердің бәрі, Қазақстан жағдайында, екінші дәрежелі банктер болып есептеледі, негізінде олардың бәрі де коммерциялық банктер. Өз кезегінде, екінші дәрежелі банктер мамандандырылған және әмбебап банктері болып бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz