Египет және Таяу Шығыста қалыптасқан геосаяси жағдай

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I ТАРАУ. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕГИПЕТ ЖӘНЕ
ТАЯУ ШЫҒЫСТА ҚАЛЫПТАСҚАН ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙ
1. ХХ ғ. 50 жылдарында Таяу шығыстағы аймақтық геосаясат ... ... ... .11
2. Египеттің сыртқы саясатындағы бағыттық
өзгерістер ... ... ... ... ... ... . 16
3. Египет-АҚШ қарым-қатынасындағы
ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ..23
II ТАРАУ. ЕГИПЕТТІҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДА ТАЯУ ШЫҒЫС АЙМАҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
2.1 Египет және Араб
әлемі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...30
2.2 Араб-Израил қақтығысы және
Египет ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..40
2.3 Қазіргі кездегі Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселесіндегі
Египет
ұстанымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .48
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 57
СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...62
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 67-71
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Жұмыста ХХ ғасырдың үшінші жартысында Таяу
Шығыста орын алған араб-израиль соғыстарына және шиеленістегі Египеттің
саясатына тарихи талдау жасалынады. Таяу Шығыс шиеленісін реттестірудегі
араб елдерінің ішіндегі жетекші ел Египеттің ұстанымы кешенді түрде
зерттелінеді. Таяу Шығыс шиеленісінің тарихи дамуы мен оны реттестіру
жолдары қарастырылады. ХХ ғасырдың соңы Таяу Шығыста орын алған араб-
израиль соғыстарына тарихи талдау жасалынады. Таяу Шығыс шиеленісінің
тарихи дамуы мен оны реттестіру жолдары қарастырылады. Таяу Шығыстағы араб-
израиль соғыстарын аймақтағы “қырғи-қабақ соғыс” салдарының әсерлері
негізінде зерделеп, Таяу шығысынтағы жетекші ел Египеттің шиеленістегі
алған орны мен саяси ұстанымының халықаралық қатынастарға ықпалын зерттеу.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауында біздің еліміздің сыртқы саясаттағы басымдықтары атты
бөлімінде Азия мен Таяу Шығыстың негізгі елдерімен өзара іс-қимылға зор
маңыз беріледі деп атап көрсетілген [1]. Сондықтан зерттеліп
отырған тақырыптың өзектілігі Таяу Шығыстағы аймақтық саясатқа және араб-
израиль қақтығыстарының жүрісіне араб әлемі ішінде жетекші орынға ие Египет
жоғары дәрежеде ықпал еттуі. Египеттің араб-израиль соғыстарына тікелей
тартылуы аймақтағы елдердің саяси көшбасшысы ретінде қалыптасуына ықпал
етті. Египеттің аймақтағы бейбіт,бітімгершілік саясаттың қолдаушысы болуы,
Египеттің халықаралық қатынастардағы зор ықпалы мен беделінің қалыптасуына
себепкер болды. Таяу Шығыс шиеленісінің қазіргі таңға дейін дұрыс
шешімін таппай отырғандығымен айқындалады. 2008 жылы Израиль мемлекеті өз
тәуелсіздігінің 60 жылдық торқалы тойын атап өтті, ал Палестина халқы өз
тәуелсіздігі жолында босқындар тағдыры мен жер дауының 60 жылдық күресімен
келісуге мәжбүр болып отыр. 1947 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Палестина
жерінде екі тәуелсіз араб және еврей мемлекетінің құрылуы туралы шешім
қабылдады. Аймақтағы өз мүдделерін көздеген алып державалардың қитұрқы
саясатының қолдауымен құрылған Израиль мемлекеті Таяу Шығыс халықтарының
өміріне түбегейлі өзгерістер енгізді. Адамзат пайда болғалы берлі әлем
халықтарының діни, рухани өркениетінің ошағы болған қасиетті жер қанды
қырғын соғыстың алаңына айналды. ХХ ғасырдағы дүниежүзілік тарихтың ең
өзекті мәселелерінің бірі – Таяу Шығыста орын алған араб-израиль соғыстары.
Қырғи-қабақ соғыстың салдарынан өрши түскен Таяу Шығыс шиеленісінің
түйткілді мәселелері әлемдік тарихта кеңінен зерттеліп жүргенімен,
қазақстандық зерттеулерден шеттетіліп қалған тың дүние. Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауында біздің еліміздің сыртқы саясаттағы басымдықтары атты бөлімінде
Азия мен Таяу Шығыстың негізгі елдерімен өзара іс-қимылға зор маңыз
беріледі деп атап көрсетілген [2]. Қазақстанның сыртқы саясатында араб
елдерімен байланысының күннен-күнге артып келе жатқан тұсында Таяу
Шығыстағы елдердің тарихы мен саясатын жетік зерттеудің маңыздылығы да
артып отыр. Таяу Шығыс мәселесіне қатысты Қазақстан елінің ұстанымы
Қасымжомарт Тоқаевтың “Қазақстан Республикасының дипломатиясы” атты
еңбегінде былайша нақты көрсетілген: Араб-Израиль жанжалының өзекті
мәселелерінің шешілмеуі (Иерусалимнің мәртебесі, Палестина проблемасы,
Сирия мен Оңтүстік Ливанның басып алынған жерлерінің жағдайы) аталған
аймақта мүдделер тепе-теңдігін мейлінше ескеруді және қолдауды талап етеді.
Таяу Шығыс проблемаларын реттеу бойынша Қазақстанның қағидатты ұстанымы БҰҰ
Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларын, атап айтқанда № 181, 242 және 338
қарарларын қолдау болып табылады[3].
Таяу Шығысқа біздің еліміз сыртқы саяси басымдықтар жүйесінде
маңызды орын береді. Бұл үш ірі құрылық: Еуропа, Азия және Африка түйісінде
орналасқан осы аймақтың бірегей геосаяси жағдайымен байланысты. Бұл жерде
көмірсутегі шикізатының әлемдік қорларының үштен екісі жатқанын қоса
алғанда, адамдық және экономикалық елеулі ресурстар шоғырланған.
Көрсетілген жағдаяттар қазіргі халықаралық қатынастарда Таяу Шығыстың
барған сайын артып отырған заңды рөлін қамтамасыз етеді [3, 186 стр].Осы
орасан зор тарихи-мәдени өңірдегі түрлі халықтар тарихының күрделі тұстарын
қайта қарау және жаңаша түсіндіру қажеттігі зерттеу жұмысының өзекті
тақырыпты қамтитынын нақтылай түседі.Таяу Шығыс шиеленісі тарихындағы араб-
израиль қақтығыстары оның салдарларынан осы күнге дейін зардап шегуші
тараптар талаптарының жүзеге асырылмай отырғандығымен ерекшеленеді.Таяу
Шығыстағы аймақтық саясатқа және араб-израиль қақтығыстарының жүрісіне араб
әлемі ішінде жетекші орынға ие Египет жоғары дәрежеде ықпал етті. Египеттің
араб-израиль соғыстарына тікелей тартылуы аймақтағы елдердің саяси
көшбасшысы ретінде қалыптасуына ықпал етті. Гамаль Абд Насыр тұсындағы
Египет аймақтағы кеңестік саясаттың қолдаушысы болды, Египеттің халықаралық
қатынастардағы зор ықпалы мен беделінің қалыптасуына себепкер болды. Ануар
ас-Садаттың билікке келуімен Египеттің шиеленіске қатысты ұстанымы мен
сыртқы саяси бағыты да өзгеріске ұшырады. Таяу Шығыс шиеленісін
реттестіруде біржақты кеңестік жақтастықтан бас тартқан Ануар ас-Садат
сыртқы саясатта батыстық бағытқа бет бұрып, араб елдерінің Израильді үзілді-
кесілді мойындамау шарттарынан алшақтап, араб әлемі ішінде бірінші болып
Израильмен бейбіт бітімге қол қойды. Бұл бітімгершілік саясат араб елдері
мен КСРО тарапынан үлкен сынға ұшырап, сатқындық ретінде танылып, Египеттің
араб әлемінен оқшауланып қалуына себеп болды. Бірақ, кезінде бұл келісімге
кеңестік саяси-идеологиялық саясат ықпалында берілген пайымдаулар мен
тұжырымдар бүгінгі таңда тарих ғылымының түрлі идеологиялық қыспақтан
арылуына байланысты отандық зерттеушілердің алдына аталмыш кезең тарихын
жаңа айқындамалар тұрғысынан зерделеу талабын қойды. Қазіргі таңда
шиеленісті реттестірудің бір ғана тиімді жолы бейбіт келісім екенін
аймақтағы барлық елдер мойындап отыр. Бірақ, өкінішке орай әлі де болса
жекелеген мемлекеттік басшылар мен саяси ұйымдардың ұстанымдарынан
аймақтағы жағдай әлі де қарулы қақтығыстарға ұласып, мемлекеттердің
қауіпсіздігі қамтамасыздандырылмай отыр.
ХХІ ғасырдың басында халықтар арасындағы
қарым-қатынастарда жаңа, сапалы өлшемдер қалыптаса бастады. Таразының басын
әскери күштің басымдылығынан гөрі экономикалық қуаттылық көбірек тартып
отыр. Ал, Таяу Шығыстағы мемлекеттер өмірінің өлшем бірлігі өкінішке орай
әлі де қарулы қақтығыстар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қарулану болып
отыр. Таяу Шығыс шиеленісінің көпқырлылығы, кейбір кезеңдерде оның
халықаралық бейбітшілік үшін үлкен қауіп төндірерлік дағдарысқа жетуі,
соғыстың мұсылман мемлекеттерінің саяси-әлеуметтік ахуалына кері әсер етуі
мен дүниежүзілік экономикалық байланыстар жүйесіне әсерін зерделеу
маңыздылығы зерттеу жұмысының өзектілігін айқындай түседі.
Зерттеу жұмысының нысаны. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы халықаралық
қатынастардағы Таяу Шығыс шиеленісі және шиеленіске қатысты Египеттің
саясатының тарихын ашып көрсету, әр кезеңдегі заңдылықтарын зерттеу болып
табылады.
Зерттеу пәні. Египеттің сыртқы саясатының басты бағытын анықтап, Таяу
шығыс аймағындағы Египеттің саяси маңыздылығына көңіл бөле отырып, оның осы
аймақтағы мәселелерді шешу жолдарын қарастыру. Жұмысытың
мақсаты. Тақырыпты зерттеудің мақсаты дипломдық жұмыстың практикалық және
ғылыми-теориялық өзектілігінен туындайды. 1960-1990 жж. аралығындағы Таяу
Шығыс шиеленісінің түйінді мәселелері мен шиеленісті реттестірудегі
Египеттің саясатын ашып көрсету және анықтау. Қойылған мақсатқа сәйкес
келесідей міндеттерді шешуді басты назарға алдық:
- Таяу Шығыс аймағындағы ірі державалардың сыртқы саяси стратегиялық
мүдделерін зерделей отырып, Таяу Шығыс мәселесінің пайда болуын және
дамуын зерттеу;
- Таяу Шығыстағы араб-израиль қақтығыстарының себеп-салдарларына әсер
етуші факторларды анықтау;
- ХХ ғ. аяғындағы Египеттің сыртқы саясатының негізгі бағыттарын
айқындау;
- Египет-АҚШ қарым-қатынастарына талдау жасау;
- Египеттің Таяу Шығыс аймағындағы қауіпсіздік мәселесінде мақсаттарын
зерделеу ;
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. ХХ ғасырдың үшінші жартысынан
ХХІ ғасырдың басындағы Египеттің сыртқы саясатының негізгі бағыттарын,
Египеттің 1960-1990 жылдар аралығында АҚШ пен қарым қатынасының дамуын,
Араб елдерімен қатынасын, Араб-Израиль мәселесінің пайда болу тарихи
аралықтарын қамтиды.
Бітіру жұмысының деректік негіздері болып алға қойылған мақсат пен
міндеттерге жету үшін Таяу Шығыс тарихы бойынша анықталған құжаттар мен
материалдардан тұратын дерек көздері қолданылды. Олар маңыздылық деңгейлері
бойынша төмендегідей сараланады. Зерттеу көздерінің
бірінші тобын мұрағат құжаттары, біржақты және көпжақты сипаттағы ресми
және дипломатиялық құжаттар құрайды. Зерттеу жұмысы барысындағы дерек
көздердің негізгі түрін Египет Араб Республикасының мұрағат құжаттарынан
алынған Таяу Шығыс шиеленісіне қатысты Египет-араб, Египет-КСРО, Египет-
АҚШ, Египет-Израиль екі жақты қарым-қатынастарын реттестіретін келісім-
шарттары, келісімдері, Таяу Шығыс шиеленісіне қатысты БҰҰ Қауіпсіздік
Кеңесі қабылдаған қарарлар т. б. негізгі дипломатиялық құжаттар құрайды.
Деректер Таяу Шығыс шиеленісінің пайда болу мен даму тарихы үрдісімен
ұштастыра отырып қарастырылды [4-16]. Деректердің екінші тобына Таяу
Шығыс шиеленісін реттестіру барысындағы Араб Елдері Лигасының қабылдаған
қарарлары, Араб елдері басшыларының жоғарғы деңгейдегі саммиті
қорытындылары, халықаралық конференция қарарлары мен шешімдері, келіссөздер
мен араб-израиль қайшылықтарының мәселелері қозғалатын халықаралық
келісімдердің хаттамалары, саяси ұйымдар мен қозғалыстар шешімдері кіреді
[17-18]. Деректердің үшінші тобын сыртқы және ішкі саясат жөніндегі
кейбір аса маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен заң актілері құрайды.
Олардың қатарына араб елдері мен Израильдің тәуелсіздік декларациясы[19],
Палестина хартиясы [20], 1958 жылы Біріккен Араб Республикасының
жариялануы, Египеттегі 1974 жылғы Қазан құжаты [21] т. б. кіреді.
Деректердің бұл тобы кейбір мемлекеттердің таяушығыстық саясатқа қатысты
құқықтық және концептуалдық негізін айқындауға мүмкіндік береді.
Деректердің төртінші тобына ұлттық өкілдердің, жетекші мемлекет
қайраткерлерінің сұхбаттары, сөздері және мемуарлық еңбектері кіреді.
Деректердің бұл аталған тобы таяушығыс саясатына қатысты қазіргі өзекті
мәселелер, басым бағыттар жөнінде пайымдаулар жасауға мүмкіндік береді. Осы
деректердің ішінде араб елдерінің басшылары: Г. А. Насыр, Ануар ас-Садат,
Хафез Асад, Иордания мәлігі Абдалла Хусейн, Сауд Арабиясы мәлігі Абд әл-
Әзиз бен Фейсал [22-24] т. б., Израиль мемлекет қайраткерлері М. Даян,
Голда Меир [25-27] еңбектерін ерекше атап өту керек. Израиль басшыларының
еңбектері американ-израиль қарым-қатынастарына, соғыс қимылдарына нақты
сипаттама береді. Таяу Шығысқа қатысты ірі державалар саясатының бағыт-
бағдарларын айқындауда мемлекет басшыларының, оқиға куәгерлерінің
мемуарлары маңызды орын алады. Олардың қатарындағы АҚШ президенттері мен
мемлекеттік хатшыларының [28-29], КСРО дипломаттарының [30-34] еңбектері
араб-израиль соғыстарының басталу себептері мен салдарларын халықаралық
қатынастар саясатының ықпалы тұрғысынан қарастырады. Сонымен қатар араб
қайраткерлері Ануар ас-Садаттың мемуарлық естелігі Египет елі дамуының
бағыт-бағдарының себеп-салдарын, қыр-сырларын, Кеңес Одағы саясатының
шынайылығын тануға мүмкіндік береді.Тарихта орын алған Таяу Шығыс
шиеленісіндегі сан қырлы мәселелерді саралау мен бағамдауда Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың салиқалы ойын басшылыққа алып
қарастырдық [35-38]. Тақырыптың
ғылыми зерттелу деңгейі. Тақырыпты зерттеу кезінде Таяу Шығыс шиеленісінің
пайда болу мен даму тарихына, себеп пен салдарларына байланысты өз
еңбектерін арнаған көптеген көрнекті ғалымдардың ой-желістері мен
қорытындылары, сонымен бірге көлемді мәліметтер жиынтығы пайдаланылды.
Нәтижесінде жинақталған қайнар көздер шетелдік – араб, батыс, Ресей және
отандық деп бөліп қарастырылды. Араб тіліндегі әдебиеттерге келер
болсақ, зерттеуші өз еңбегінде Г.А. Насыр тұсындағы Египеттің сыртқы
саясатындағы кеңестік идеологияның ықпалын, сонымен қатар палестиндік-
иорданиялық қақтығыстарды реттестірудегі Насырдың іс-әрекетін толық ашып
жазған Абд әл-Мажид Фарид [39]. ХХ ғасырдағы араб елдерінің
саяси өміріне талдау жасау Эмиль Тума монографиясында аса үлкен орын алады
[40]. Автор 1970 жылға дейінгі араб елдеріндегі жағдайға жан-жақты талдау
жасайды, әсіресе екінші бөлімдегі араб ұлт-азаттық қозғалыстары, Араб
Елдері Лигасының құрылуы туралы зерттеулер аса құнды. Таяу Шығыстағы
жағдайға, АЕЛ-ға мүше араб елдерінің саяси жағдайына сараптама жасауда араб
ғылыми және публицистикалық әдебиетінің алатын орны зор. Олардың ішінде
Мухаммад Хафиздің, Хатиб Мұхаммад Фатхаллаһ [41-42] еңбектерін атаймыз. Бұл
авторлар Араб елдері лигасының Таяу Шығыс мәселесіне қатысты қабылдаған
шешімдерін зерделеуде мол мүмкіндік берді. Араб тарихнамасы Палестина
мәселесін қарастыруда өте бай. Оған көптеген тарихшылар, саясаттанушылар,
әдебиетшілер қатысты. Олардың еңбектері әрқашан объективті тұрғыда бола
қоймады. Палестина мәселесінің түйткілді мәселелерін нақтылауда Абд әл-
Сафти [43], Хасан Хилал [44] еңбектері неғұрлым шынайы және мазмұнды
деректермен қамтылған. Абд әл-Мажидтің мысырлық, арабтық және
халықаралық жағдайлар туралы дипломаттар естеліктері [45] қарастырылып
отырған кезеңдегі таяушығыстық саясат туралы мағлұматтар береді және бұл
материалдар араб елдерінің дағдарыс кезеңдегі ұстанымын ашып көрсетуге
көмек берді. Сонымен қатар Махмуд Риадтың [46], Хусейн Шерифтің [47]
зерттеулері Мысырдың ішкі, сыртқы саясатындағы Египет-АҚШ, Египет-КСРО,
Египет-Израиль, АҚШ-Израиль қатынастарына және әрбір араб-израиль соғысына
жан-жақты талдау жасаған. Зерттеуші Хусейн Шериф әсіресе Египеттің АҚШ-пен,
КСРО-мен және Израильмен байланыстарын зерттеуде сыртқы күштердің әсерін,
Египет, Израиль басшыларының жеке ұстанымдарының қаншалықты орын алғанын
атап көрсетеді. Египет президенті Ануар ас-Садаттың және басқа да араб
елдері мемлекет басшыларының араб-израиль соғыстарындағы ұстанымын, жеке
пайымдауларын нақтылауда, соғыстың барысына әсер етуші сыртқы одақтастардың
ықпалын анықтауда Абд әл-‘Азим Рамаданның [48] еңбектерінің үлкен маңызы
бар. Автор өз жұмыстарын палестина-израиль, араб-израиль қақтығыстары
мәселелеріне, таяушығыстық дағдарыстан шығу мәселелері мен халықаралық
қатынастарға арнаған. Таяу Шығыс шиеленісін осы тұрғыдан қарастыруда,
Египеттің сыртқы саясатын зерделеуде “Әл-Ахрам” газетінің редакторы
қызметін атқарған, белгілі публицист – М. Хасанейн Хейкалдың [49-50]
еңбектері үлкен үлес қосады. Келесі топқа батыс
зезттеушілерінің еңбектерін жатқызамыз. Шиеленіске қатысты Израиль
мемлекетінің ұстанымдарын анықтауда Дж. Альфердің зерттеуінде [51]
Израильдің саяси партияларының шиеленісті реттестіруге қатысты ұстанымдары
мен мемлекеттік қайраткерлердің жүргізген саясаты жан-жақты сипатталады.
Араб Елдері Лигасының тарихы батыстық зерттеушілер: Р.Макдональд, Керр
Малкольм, еңбектерінде қарастырылған [52-53]. Жұмысты жетілдіруге Ресей
зерттеушілерінің еңбектері маңызды үлес қосты. Олардың қатарында кеңістік
ғалымдардың іргелі И.Медведко [54-56], В.И.Киселев [57], Е.Примаковтың [58-
60] еңбектері де елеулі маңызға ие екендігін ескергеніміз жөн. Танымал
ғалым және саяси қайраткер Е.М.Примаковтың еңбектері кейбір оқиғаларға
бақылау жасап қоймай, өзі де қатысқан араб әлемінің даму үрдісіне
арналады. Таяу Шығыстағы қақтығыстардың әлемдегі және аймақтағы халықаралық
жағдайға әсеріне кең көңіл бөлінген. Дегенмен, бұл зерттеулердің біразы
таза антисемиттік және кеңестік үгіт-насихат сипатында жазылғанын да айта
кеткеніміз жөн. Олардың қатарына А.М.Захаров, О.И.Фоминнің Кэмп-Дэвид
келісіміне қатысты біріккен еңбегін жатқызуға болады [61]. Палестина
мәселесінің туындау себептері және шиеленістегі ірі державалардың қандай
рөл атқарғанын ашып көрсетуде А.В.Малашенконың еңбегі [62] де пайдаланылды.
Араб елдерінің даму жолдарына ықпал етуші факторлар, аймақтағы араб бірлігі
мәселесінің үдерісі идеологиялық реңкпен сипатталғанымен де бірқатар
мәселелерге нақты сипаттама берілген. Зерттеу жұмысының тақырыбына сәйкес
мәселелерді ашып зерделеуде көптеген зерттеушілердің ішінен А.З.Егорин
[63], Е.Я.Сатановский [64] еңбектері зерттеу жұмысымызға үлкен үлес қосты.
Е.Я.Сатановскийдің баспасөз бетінде жарық көрген зерттеулері Таяу Шығыс
шиеленісіне қатысты Израиль ұстанымын айқындап, оның халықаралық саясаттағы
орнын ашып көрсетеді. Шығыстанушы ғалым Е.Д.Пырлин [65] еңбектерінде автор
Таяу Шығыс мәселелерін, тарихи даму барысын жан-жақты қарастырды.1962-1986
жж. АҚШ-тың алты президенті тұсында Вашингтонда КСРО елшісі болған
А.Ф.Добрыниннің мемуарлық еңбегі кеңес-американ қарым-қатынастарына
тоқталады [66]. А.Ф.Добрынин Таяу Шығысты реттестіруге бағытталған КСРО мен
АҚШ бірлескен күштеріне аса мән береді. Еңбекте саяси диалог барысындағы
Кеңес Одағы мен АҚШ басшыларының алмасуларына байланысты аса көп құжаттар
саны бар. Сонымен қатар кейінгі кезеңде жарық көрген Тариқ Али [67],
Л.Млечин [68-69] зерттеулерінде Таяу Шығыс тарихының пайда болуы мен себеп-
салдарларын зерделеуде жаңа мағлұматтар көп болмағанымен, ұтымды пікірлер
мен түйіндер келтірілген. Бұл Таяу Шығыс мәселесін бүгінгі күн көзқарасы
тұрғысынан қарастыруға көп мүмкіндік береді.
Отандық тарихнамада Таяу Шығыс мәселесі қалыптасу
үрдісі үстінде. Таяу Шығыс шиеленісіне қатысты Қазақстан Республикасының
ұстанымын нақтылауда ҚІМ-нің ресми іс-құжаттары мен Қ. К. Тоқаевтың
еңбектері [70-71] көмек болды. Бұл еңбегінде Қасымжомарт Кемелұлы Қазақстан
Республикасының Таяу Шығыс саясатына қатысты ұстанымының асқан байыппен
жүргізілетіндігін көрсетеді. Тақырыптың зерттелуі отандық зерттеушілердің
еңбегінде де біршама өз көрінісін тапқан. Зерттеу жұмысымызда қазақстандық
ғалым К.Қ.Қожахметовтың [72-74] еңбектері және ғылымдағы жас буын өкілдері
Қ.Ә.Жүніс [75-76], А.М.Шыңғысбаевтың [77] ғылыми мақалалары мен еңбектері
пайдаланылды.Алғашқы болып араб елдерінің тәуелсіздік тарихын зерттеуді
қолға алған қазақ ғалымы Қ.К.Қожахметовтың еңбегінде Таяу Шығыс шиеленісін
реттестіруге қатысты Азия, Африка елдерінің Ынтымақтастығы Ұйымының
ұстанымдары мен жекелеген араб елдерінің саясаты және көрсетілген
аралықтағы аймақтағы халықаралық жағдай жан-жақты зерттелген. Отандық
зерттеуші Таяу Шығыс соғыстарының мәселесін ұлт-азаттық қозғалыстар, Мысыр
Араб Республикасының сыртқы саясаты және осы аймақтағы мемлекетаралық
қатынастардағы кеңестік және батыстық саясаттың орны мен рөлі сынды
мәселелерді салиқалы терең ой елегінен өткізіп қарастырады [72].
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақстандық тарих ғылымына ХХ ғасырдың
үшінші жартысындағы Таяу Шығыс шиеленісі тарихының Египеттің сыртқы
саясатымен ұштастығы, өзара байланыстылығы дәлелденіп, зерттелінді. Египет
Араб Республикасының саясаты және ірі державалардың аймақтағы әскери-саяси
ахуалға және халықаралық жағдайдың қалыптасуына ықпалы толықтай, кешенді
түрде зерттеуге талпыныс жасалынды. Египеттің сыртқы саяси ұстанымдарының
аймақтағы жағдайға және Таяу Шығыс мәселесін шешуге қатысты араб елдерінің
саясатына әсері зерттелінді. Египеттің сыртқы саясатының Таяу Шығыс
аймағындағы қауіпсіздік мәселесіне тигізген әсерлерін нақты ашып
көрсеттілінді. Зерттеудің теориялық және
әдістемелік негізі. Таяу Шығыс шиеленісі мен Египеттің сыртқы саясатын
зерттеудің теориялық негізін қалауда отандық және шетелдік ғалымдардың
іргелі теориялық пікірлері қолданыс тапты. Ал тікелей зерттеліп отырған
тақырыптың теориялық негізін қалыптастыруда отандық және шетел ғалымдарының
еңбектері қолданылды. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды диалектикалық
материалистік тұрғыдан қарастыруда және қорытындылар жасауда тарихи
қағидалар мен объективті көзқарастар пайдаланылды. Сондай-ақ, жиналған
деректерге талдау жасай отырып тарихи салыстырмалық, тарихи-жүйелеу,
хронологиялық, статистикалық әдістер қолданыс тапты.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік
маңыздылығы. Жұмыстағы негізгі тұжырымдар мен ғылыми зерттеулер Таяу Шығыс
шиеленісінің дамуын болжауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысындағы дерек-
мәліметтер жоғары оқу орындарында жүргізілетін тарих, халықаралық
қатынастар пәндері, Таяу Шығыс елдерінің тарихы бойынша арнайы курстар
бойынша материал ретінде пайдалануға тиімді болып табылады. Сонымен қатар,
зерттеу жұмысы халықаралық қатынастар, саясаттану, шығыстану мәселелерімен
айналысатын студенттер,ізденушілер мен ғылыми қызметкерлерге септігін
тигізеді деген үміттеміз.
Қорғалуға ұсынылатын тұжырымдамалар:- ХХ ғасырдың үшінші жартысындағы
әлемдегі биполярлы жүйедегі ұлы держава Ресей мен АҚШ-тың Таяу шығыстағы
орын алған араб-израиль қақтығыстарын реттеудегі АҚШ-тың басымдылығы
көрсетілді.
- Араб-израил қақтығыстарының шығу тарихының себептері мен маңыздылығы
ашылып қарастырылды.
- ХХ ғасырдың аяғындағы Египеттің батыстық бағытының ерекшелігіне талдау
жасалынған.
- АҚШ- тың Таяу шығыстағы рөлін дамыту мақсатында Египетті серіктес табуы,
Египеттің АҚШ көмегімен Таяу шығыста маңызды елге айналуы ашып көрсетілді.
-Таяу шығыстағы қалыптасқан аймақтық мәселелерді реттеудегі маңызы
анықталып,оның аймақтағы қауіпсіздікті қалыптастыруы қаралған.
Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі бөлімді қамтитын негізгі
мазмұнынан, қорытындыдан, сілтемеден, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.Жұмыстың жалпы көлемі–71бет.

1.1. ХХ ғ. 50 жылдарында Таяу шығыстағы аймақтық геосаясат
Таяу және Орта Шығыс, Кавказ - Каспий аймақтары бұрыннан бері алдыңғы
қатарлы әлем державаларының бәсекелестігінің аумағы болып табылады.
Алманияның ықпалы әдетінше Түркияда, Иракта, Иранда, Әзірбайжанда күшті
еді; Ұлыбританияныкі – Пакистанда, Ауғанстанда, Орталық Азияда, Кавказда;
Солтүстік Африкада басым болған Франция, сонымен қатар ол Мағриб елдерінде
де күшті еді. Кейінгі кезде, әсіресе үлкен мұнай қорлары табылған соң бұл
аймақта Құрама Штаттардың әсері арта түсті. Қырғи қабақ соғысынан кейін,
әсіресе соңғы онжылдықта бұл аса маңызды геосаяси кеңістік тек
қызығушылықтар кездесетін аумағы ғана емес, әлемдік күш орталықтарының
сыртқы саяси қызметінің басты саласына айналды, әлемдік геосаясаттың
аталмыш жүйке жүйелі бауына айналды. Қазіргі таңдағы әлемнің геосаяси
ауыртпалық орталығы Батыс Еуропадан, жақында ғана екі қарсыласушы
әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйелердің және әскери-саяси мемлекеттер
одақтарының (Солтүстік атлантикалық одақ пен Варшава келісімінің ұйымы)
арасындағы басты майдан сызығы болған, ҮТШ территориясына көшті,
Еуроазиялық құрлықтың ортасына келді.Осы аймаққа өз бақылауын орнату сөзсіз
әлемдік көшбасшылыққа қол жеткізу мақсатын қойған Құрама Штаттарға держава
ретінде бірден бірнеше геосаяси деңгейдегі мәселені шешуге мүмкіндік
тудырушы еді: энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету - өзінікін және
өзінің алтын миллиард мемлекеттерінен одақтастарын табу[78].
ХХІ ғасырда әлем кездестірген
біршама қауіптерді жою және солардың ең бастысы халықаралық лаңкестік; жаңа
азиялық экономикаларды ұстап тұру, олардың қарқынды түрде дамуы сату
нарықтарына және қуат ресурстарына ешбір кедергісіз қол жеткізу мүмкіндігін
талап етеді және тікелей олардың ықпал ету салаларының кеңеюіне әкеледі.
ҮТШ бақылау АҚШ үшін өзін жаһандық деңгейдегі жаңа ең қауіпті бәсекелесі
Қытайдан сақтанып қалуға мүмкіндік беруші еді. Ақыры, жол жөнекей Ресейді
толығыменен өз бақылауына алу сияқты мақсаттарға қол жеткізуге болатын
еді, оны тек Таяу мен Орта Шығыс елдерінен ғана емес, оның көбісінде ықпалы
мен қызығушылықтары әлі де болса маңызды болып табылады, сонымен қатар
бұрынғы КСРО-ның оңтүстік және оңтүстік-шығыс шекараларынан шығарып тастау
– Оңтүстік Кавказ, Орталық Азия, Қара теңіз аймағы. Жанама түрде бұл
мынадай аса маңызды геосаяси деңгейдегі мәселенің шешілуіне әкелетін еді,
Ресей Федерациясы айналасында аталмыш Балтық - қара теңіз - Каспий ұстап
тұру белдеуін құру, Вашингтон стратегтерінің есептеулері бойынша Мәскеудің
Ресейлік Империяны қандай да болмасын түрде қайта құруға деген
мүмкіндігіне империялық кеудемсоқтығын толығыменен жоя алады, сонымен
қатар Ресей үшін сенімді тәртіпті басқарылатын оқшаулану қамтамсыз ететін
еді [79]. Сонымен қатар, есепке алынатын факторлар геосаяси және
геоэкономикалық, олар әлемдік энергетикамен байланысты. Әлемдік саясаттағы
және экономикадағы жаһандық өзгерістер нәтижесінде қуат көздерінің әлемдік
қорының толық емес жоқ болуына әкелуі мүмкін, ал олардың өндірілуі
салыстырмалы түрде кішігірім деңгейде азаюы (тіптен 5-10 %) немесе
өндірудің өзінің бағасы жоғарылаған жағдайда бастапқы қуат көздерінің және
оларды қайта өндеу құралдарының бағасы артады. Бұл табиғи факторлар
сатылы, тұрақты және қайтарымсыз түрде өтеді. Олардың салдарлары да сондай
болады, дүниежүзілік өндірістің қуат жетіспеушілігінен кейін аштық та
басталады. Қуат тасымалдаушыларға деген бағаның өзгерістері де айтарлықтай
қауіпті, олар уақытша болса да, әлемдік экономиканы шайқалтып, ақыры
тұрақсыздандыра алады. Мұнайға деген бағалардың тез артуының себептерінің
бастысы, бірақ жалғызы емес, соңғы онжылдықтардың тарихы көрсетіп
отырғандай саяси оқиғалар болуда. Мысалға, араб - израиль соғысы мұнайға
деген бағаның күрт өсуіне әкелді, екінші артуы 4 еселенді. Ол 1979 жылғы
ирандық революциямен тікелей байланысты. Сондықтан да энергетикалық
қауіпсіздік халықаралық қатынастардағы, көптеген елдерде ішкі саясаттарында
бірінші маңызға ие, көбінесе дамыған және экономикасы тез дамушы елдерде,
сонымен қатар ресурс өндіруші мемлекеттер де, олардың көбісі ҮТШ аймағында
орналасқан. Соңғы уақыттарда жаһанды энергетикалық нарықта құрылымында
ауқымды өзгерістер жүруде. Оның құрылу тетіктері ХХ ғасырдың 2-ші
жартысында қалыптасқан қазіргі таңда жұмыс істемейді деп айтуға келеді. Бір
жағынан алғанда бұған әсер еткен жайт бастапқы қуат көздерін тұтынудың жаңа
ірі орталықтарының пайда болуы (Қытай, Үндістан, Азияның басқа бірқатар
мемлекеттері, Латын Америкасының да). Ал басқа жағынан – 1970-1980 жылдары
жоғары бағаның салдарынан мұнай өндеуі басталған дамыған елдерге жақын
орналасқан кен орындар қазіргі таңда бітуге жақын қалды. Жаңадан мұнай
беруші аймақтарға кең ауқымды инвестицияларға қажеттілік туындады – Орталық
Азияда, Каспийде, Ресейде, сонымен қатар Батыс Африкада да, - олар
аяқталуға жақын бастапқы қуат көздерінің орнын алмастыруы мүмкін. Жер шары
бойынша мұнай газ ресурстарының таралу географиясы өзгеріп отырса да,
алайда ҮТШ аймағы жақын арадағы онжылдықтарда басты жабдықтаушысы болып
қалады, оның қайта қалпына келмейтін бастапқы көмірсутек қуат көздерінің
бүкіл дүниежүзілік балансында салыстырмалы салмағы тіптен артуы да мүмкін.
Сонда кең ауқымды инвестициялық құюлар тек жаңа ғана емес, сонымен қатар
мұнай және газ ұңғымаларды жандандыру мен мұнай газ өндіруді қарқындату
үшін қазіргі кезде бар кен орындарына да қажет болады. Ал энергетикалық
нарықтағы басты қатысушылардың жүріс-тұрыстарының мүмкін болатын
жағдайларына келетін болсақ, онда қазіргі таңдағы басты қайшылық болып
отырған мәселе көмірсутек шикізатының басты тұтынушылары жоғары дамыған
Еуропа мен Америка елдері, Жапония мен Азияның қарқынды дамушы
экономикалары болып табылады, ал көмірсутектің дүниежүзілік қорының негізгі
бөлігі салыстырмалы түрде кішігірім дамушы, не болмаса тіптен артта қалған
және ауыспалы жағдайдағы экономикалы елдердің меншігінде шоғырланған. Оған
қоса олардың көбісі ішкі жағынан саяси тұрақсыз болып табылады, және АҚШ
пен алтын миллиардтың басқа да мемлекеттеріне қатысты түрлі деңгейдегі
ұнатпаушылықпен қарайды, тіптен ашық қарсыласуға дейін ақ. Алайда, бұл
энергетикалық баррикаданың екінші жағындағы дамыған тұтынушы –
мемлекеттерде өздерінің болашақ аман-саулықтарына деген қауіп өсуде, осының
нәтижесінде олардың да қуат көздерін жеткізушілерге деген көзқарастары аса
бір кең пейілдікпен және жылы шырайлармен ерекшеленбеді де,
байқалмайды[80].
Әлем мұнайға деген тәуелділіктен құтылу керек, не болмаса он жылдың ішінде
біздің ең барып тұрған қастарымыз басымдылық көрсетеді: Иран президенті
Махмұд Ахмадинежад, Сауд Арабиясының болашақ патшасы, Венесуэладан Уго
Чавес. Бір де бір досымыз жоқ. Егер олар бағаларды өсіретін болса, онда біз
өзіміздің өмірімізді осындай ләззат қылатын нәрселердің барлықтарынан бас
тартуымызға тура келеді[81]. Саяси триллерлерге маманданатын әйгілі
ағылшын жазушысы Фредерик Форсайтпен айтылған осындай пікір соншалықты
өзіндік ерекшеліктері бар және қоғамдық пікір мен көптеген дамыған елдердің
саяси санаттылар ортасында жақтаушылардың таппайды деп те айта алмаймыз.
Біз қаласақ та, қаламасақ та, осы барлық ерекшеліктер міндетті болмаса да,
бірақ болуы мүмкін болашақ жаһандық энергетикалық сілкінулерге, сәйкесінше
әлем экономикасының және саясатының да құлдырауына алғышарттар жасауда.
Және де бұл нақты қауіп барлық саладағы геосаяси және геоэкономикалық
бәсекелестіктің күшеюіне әсер етеді: тұтынушылар мен жеткізушілер арасында,
тұтынушылар қауымының ішінде, басты жеткізушілер арасында, жеткізушілер
мен транзит мемлекеттер арасында.
Қазіргі таңда әлемде жаңа гео энергетикалық шындық қалыптасып келе
жатыр деп тұжырымдауға өте түйінді негіздер бар, оның қалыптасуымен қатар
көп бағытты барлығының барлықтармен атты бәсекелестік үдеуі ере жүреді,
геосаяси және геоэкономикалық қайшылықтардың асқынуы мен нәтижесінде
әлемдік деңгейдегі қақтығыс мүмкіндігінің нақты өсуімен сипатталады, оған
қоса оның ең жоғарғы көрсеткіші күтетіндей ҮТШ аймағында болуы мүмкін,соңғы
жылдары осындай жағдай байқалуда[82]. Мұнайдың
әлемдегі рөлі туралы әңгіме қозғалған кезде әрдайым тарихқа жүгіну пайдалы.
Тек осы тарих қана шындықтың сақтаушысы болып табалады, ол әлемде жүріп
жатқан түрлі біркелкі емес үрдістерге әділ жауап бере алады АҚШ—тың алдында
ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін қандай мәселелер тұрғанын қарастырмаймыз.
Тек бір ғана аспектіні қамтимыз, ол Америка үшін стратегиялық маңызға ие
болатын, яғни Таяу Шығыс аймағындағы үлкен мұнай қорларына бай араб
монархияларын бақылауға алу болатын. Аймақ халықтарының отаршылдық
қанауынан құтылуға талпыныстары, табиғи түрде араб әлемін өзгертетін араб
ұлтшылдығы туралы идеялар әсерінің өсуі және басқа да аспектілер АҚШ-ты
1957 жылы Эйзенхауэр доктринасын жариялауға итермеледі. Бұл доктринадағы
қызыл сызық ретінде аймаққа коммунизм идеяларының кірмеуі жайлы талпыныстар
болатын, бұл өз кезегінде шындықтан өте алыс болды, алайда, АҚШ үшін
біршама мәселе бойынша жауап табылды. Олардың арасында: араб монархияларын
өсір келе жатқан коммунисттік қауіппен үрейлендіру және оларды өздеріне
байлау, аймақтағы дәстүрлі алдыңғы қатарлы ойыншыларды әлсірету – Франция
мен Ұлыбританияны, және әрине Таяу Шығыста өзінің монополиясын орнату мен
нығайту, бірінші кезекте әрине аймақтың негізгі мұнай табушы елдерінде –
араб монархиялары мен Иранда. Дәл сол кезде АҚШ пен Египет арасындағы қарым-
қатынастардың жақындасуы мен одақтастық байланыс орнату кезеңі басталды.
Египет
Вашингтонның стратегиялық серіктесі ретінде аталған болатын және АҚШ-тың
таяушығыстық саясатында анағұрлым маңызды орынға ие бола бастады.
Вашингтонның жаңа империялық саясатымен ғана байланысты емес, сонымен қатар
ҮТШ аймағының ерекшеліктерімен де. Ерекшеліктер айта кетерлік жайт өте
біркелкі емес, олар бұл макро аймақты екі жарты шардың басқа аймақтарымен
салыстырғанда бөлек етеді және аймақ ішілік және жаһандық саясаттың
бүкілдей дерлік тараптарын қамтиды – геосаясат, экономика, әскери
стратегия, таратпау тәртібі, халықаралық лаңкестікпен және қылмыспен күрес,
этно саясат, ұлтаралық және конфессияаралық байланыстар, халықтардың
тәуелсіздік үшін күрестері және тағы басқа[83]. Мұнай ХХ
ғасырдың басында саясаттың бағытын анықтаушы басты факторларының біріне
айналған болатын, а ХХІ ғасырда тек сақтап қана қоймай, өзінің саяси
мүмкіндіктерін одан әрі күшейтті және жаһандық, аймақтық пен ұлттық
ауқымдағы қауіпсіздік саласына және халықаралық саясатқа барған сайын үлкен
ықпал етеді, әсіресе қатты дамып кеткен елдерде – басты қуат көздерін
тұтынушы мемлекеттер, және басты мұнай өндіруші елдер – олардың көбісі Таяу
шығыс аймағына тікелей тиесілі. АҚШ энергетикалық саясатының негізін көп
уақытқа дейін Сауд Аравиясы құраған болатын, олар 2001 жылдың қыркүйегінен
кейін нашарлап кетті. Алайда, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы мұнай
дағдарыстарымен салыстырғанда, ол кезде АҚШ мұнай ойын картасын МЭШЕҰ
саясатын анықтайтын ел - Сауд Аравияның толық қолдауымен ғана жүзеге
асырылған болатын, бүгінгі күні Эр-Рияд АҚШ-тан анағұрлым тәуелсіз
ұстанымды қолдануда. Жалпы айтқанда да, айта кететін жайт, өзінің әсер ету
шеңберінде сақтап қалу мақсатында таяушығыс серіктестеріне қысым көрсетуге
деген АҚШ қолданған бір жақты талпыныстар нәтижесінде бүкіл Таяу Шығыстық
аймақта антиамерикандық көңіл-күйдің өсімі байқалған болатын. ХХ ғасырдың
60 жылдар аяғында Таяу Шығыста да өте күрделі жағдай қалыптасты. Шешімсіз
қалған Палестина арабтарының тағдыры араб елдерін күйікке салып келген.
Босқын палестиндіктер арасынан көптеген ұйымдар құрылып, бастары қосыла
алмай әлек болған. Олардың арасынан кейбіреулері қарулы күрес бастап,
Израильдің қасындағы Иордания, Сирия, Мысыр елдерін паналаған. Израиль
үкіметі әрдайым палестиндіктердің қимылдарына қарсы тұрып, артынан қуғын
ұйымдастырып, көршілес елдерді айыптаудан керек десе, жазалаудан
жалықпайтын. Соған қарай 1966-1967жж Израиль әскерлері дүркін-дүркін
Иордания және Сирия шекараларын бұзып, кенттерді қиратып жүрді сылайша
біртіндеп жағдай қыза түскен[84]. Арабтарды сол кезде қалай да
болмасын өзіне жақындатуға алып мемлекеттер құштар болған. Сауд Арабия,
Ливия, Либия, Марокко сияқты араб елдерінің саясаты батысқа қарай ауысып
отырған, ал прогрессивті саясат ұстаған Мысыр, Сирия, Алжир Шығыспен
ынтымақтасып жүрген. Бірақ КСРО мен Қытай арасы бұзылып, бұл екеуі өзара
бәсекелесіп, екінші топты тек өз шеңберіне тартуға ашық күресіп, бір-бірін
жамандап та, әшкерелеп-те отырған. Сөйтіп 60-шы жылдары Араб Шығысында
қырғи-қабақ соғыстың лебі асқына берді. Оған араб елдерінің өзара
тартыстары қосылып, бұл аймақ бітпейтін жанжал, дау-таластың шырмауына
душар болған. Сонда да Палестина мәселесі бойынша әр араб елі оны
қолдаудан бас тартпайтын. Ал бүкіл араб әлемінде өзін көсем тұтқан
Г.А.Насыр және оның елі палестиндіктердің негізгі қамқоршысы ретінде
саналып, әр сайын Израильді айыптап, оның таяғы батқан Сирия мен Иорданияны
қолдаған. 1967 жылы жағдай күрделене түскенде, Мысыр қарулы күштері Синай
түбегіне, Израильге жақын шетке шоғырлана бастаған.
1956ж кейін Кеңес Одағы Таяу Шығысқа
тау-тау қару жөнелткені мәлім. Оның көбі ескірген болғаны және Мысыр,
Сирия, Ирак, Алжир армиялары қатты күшейген, әсіресе салтанатты шерулерде
жаңа боялған танкілер, зеңбіректер, ұшақтар, Калашников автоматын асқан
жауынгерлер қарапайым жұртқа қатты әсер тигізетін. Бір миллионға жуық
армиясы болған Мысыр президенті Насыр 1967 жылы мамырда қатаң түрде
Израильдің әрекеттеріне жауап беріп, жағдайды одан әрі ушықтырып алды.
Насыр шекарада орналасқан БҰҰ әскери бөлімдерін кетірткізді, Тиран бұғазын
жауып, еврей кемелеріне жол бермеуге барды. Кейін Насыр соғысуды
жоспарламаған, ол тек Израильді ескерткісі келген деген лақабты таратып,
кейбір журналистер мен зерттеушілер Мысырды, оны сол кезде қатты қорғаған
КСРО-ны ақтап алмақшы болған. Ол пікір толық шындықты ашпайтыны күмәнсіз. 5
маусымда таңертең Израиль ұшақтары Египеттің басты әуежайларын бомбалады.
Оның танктері Синай жолдарымен жүріп отырып, келесі күні Суэц каналының
шығыс жағалауында тұрды. Соғыстың үшінші, бесінші күндері Сирия мен
Иордания әскерлері талқандалды. Синай түбегі, Газа, Иорданның Батыс
жағалауы, Голлан жотасы басып алынды. Алты күндік соғыс арабтар үшін апатты
жағдаймен аяқталды. Суэц каналы істен шығып, бүкіл дүниежүзіне үлкен шығын
әкелді. 1млн-нан астам палестиндіктер екінші рет босуға мәжбүр болды[85].
Содан бастап халықаралық қатынастарда Таяу Шығыс жанжалы, оның
салдары, Палестина тағдыры, арабтар – Израиль бейбіттесуі – осыншама ауыр
мәселелер күн тәртібінен түспей қойды, 1967-1968жж БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі
таласып жатқан 242 және 338 санды қарарлар қабылдаған. Олар Таяу Шығыстағы
жағдайды әділетті реттеп, тұрақты бейбітшілікті орнатуды көздеген. Оны
толық орындау осы күнге дейін шешілмей келеді. Рас, 1977-1978жж және 90жж
басында Мысыр мен Иордания бейбіттесті, Синай түбегі Мысырға қайтарылды. Ал
Сирия-Израиль бітім шарты әлі жоқ. Негізгі мәселе – Палестина арабтарының
тағдыры, олардың мемлекет болып дамуы туралы мәселе 90жж біраз алға жылжып,
Палестина автономиясына жол ашып берген. Бірақ бұл үрдіс 2001-2002жж күрт
үзіліп, қазір қанды соғыстар, лаңкестік қимылдар өршіп, адам шығыны өсіп,
жағдай күйіп тұр.
1.2. Египеттің сыртқы саясатындағы бағыттық өзгерістер
Таяу Шығыстағы аймақтық саясатқа және араб-израиль қақтығыстарының жүрісіне
араб әлемі ішінде жетекші орынға ие Египет жоғары дәрежеде ықпал етті.
Египеттің араб-израиль соғыстарына тікелей тартылуы аймақтағы елдердің
саяси көшбасшысы ретінде қалыптасуына ықпал етті. Гамаль Абд Насыр (Жамал
Абд Насыр) тұсындағы Египет аймақтағы кеңестік саясаттың қолдаушысы болды,

себепкер болды. ХХ ғасырдың үшінші жартысында Таяу Шығыста өткір
дағдарыс орын алды. Г. Н. Насыр қайтыс болғаннан кейін, Ануар Садат (1970ж
қыркүйек) Мысыр президенті болды. 1971 жылы 27 мамыр күні Каир қаласында
КСРО және ЕАР арасындағы достық және бірлестік келісімге қол қойылды. Бұл
қадам КСРО тарапынан “империализм мен отаршылдыққа қарсы, халықтардың
бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы екі ел арасындағы бірлескен ой-
пікірден туындаған іс”,-деп бағаланды [86]. Ануар ас-Садат ЕАР-дың Ұлттық
жиналысында сөйлеген сөзінде: “КСРО мен Египет арасындағы достық қарым-
қатынас туралы келісім, алдағы 20 жыл бойына маңызын жоймақ емес. Біздің
халқымыздың күрес жолында жеңіске жетуіне көмектесіп келе жатқан елмен
достығымыз —уақытша, тактикалық достық емес. Біздің экономикамызды
көтеруге, жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуымызға көмектесушілермен
достығымыз - біздің стратегиялық жүйеміз”, - деді. Ануар ас-Садаттың билік
басындағы алғашқы жылдарында КСРО-Египет қарым-қатынасы тұрғысындағы осы
сияқты сөздер жиі айтылатын. Алайда, Ануар ас-Садат кейіннен өзінің “Өзімді
іздеу” атты естелігінде бұл келісім жайлы былай деп жазды: Келісімге қол
қойған мақсатым Кеңес Одағын тыныштандыру болатын [87]. Осы
бағытта 1972-1974 жж. жаңа президент Насыр кезеңінде сотталған көптеген
саяси қайраткерлер мен “Ағайынды мұсылмандар” мүшелеріне рақымшылық жасады.
Билік басына 1967 жылы соғыста кінәлі деп танылған бірнеше генералдар мен
офицерлер келді. Ол Кеңес Одағымен Бейбітшілік, достық және ынтымақтастық
туралы келісім жасады, бірақ көп ұзамай Мәскеумен әскери-саяси
байланыстарын бұрмалап, кеңестік әскерлерді өз аумағынан шығарды. Соған
қарамастан, Мысыр армиясы негізінен кеңестік қару-жарақпен қаруланған
болатын. Ануар ас-Садаттың билікке келуімен Египеттің шиеленіске қатысты
ұстанымы мен сыртқы саяси бағыты да өзгеріске ұшырады. 1967-1973 жылдары
оны жабдықтауға және оқытуға КСРО-ның мамандары қатысқан. Ануар ас-Садат
саясатына баға бере отырып, оның алдында тұрған таңдаудың шектеулі болғанын
ескеру керек. Ішкі қайшылықтардың ішінде ең қиыны, уакыт күттірмесі -
тұрақсыз экономика мен күн артқан сайын саны артып келе жатқан тұрғындарды
асырауды қамтамасыз ету болды. Ануар ас-Садаттың Египеттегі бетбұрысты,
өзгерістерді іске асыруына түрткі болған себептердің бастысы да осы елдің
әлсіз экономикалық жағдайы мен демографиялық өсімі болды. Дағдарыстан
шығарар бір жол – американдық қолдауға ие болу деп санаған Ануар ас-Садат
АҚШ әлемдегі ең күшті мемлекет және оның Кеңес Одағынан гөрі әлемдегі рөлі
жоғары, Египет үшін дағдарыстан шығуда экономикалық көмек көрсете алады
деген тұжырымға келді. Сонымен қатар, АҚШ Израильге әсер ете алатын бірден-
бір күш және БҰҰ-ның қарарларын орындауға, жаулап алынған араб жерлерін,
Мысыр жерлерін босатуға қатысты Израильге қысым көрсете алатын жалғыз
мемлекет деп ұйғарды. Мұндай шешімге келуге Ануар ас-Садатты АҚШ-тың Таяу
Шығысқа қатысты саясаты да итермеледі [88]. Дамудың
жаңа түріне өту қиындықтар мен қайшылықтарға толы болды. Ануар ас-Садат
мемлекет ішіндегі қарсылықтарды сезінгенімен, мемлекет үшін ең басты қауіп
- Израильмен соғыс екенін түсінді, әрдайым орасан зор қаржыны талап ететін
әскери шығындар мемлекетті күйреуге ұшырататын еді. Тоқтаусыз соғысты
Египет экономикасы да, халқы да көтермейтін болды, сондықтан да Израильмен
қатар бейбіт өмір сүру қажеттілігі тұйықтан шығарар жол ретінде есептелді.
Ануар ас-Садат бұл мақсаттың іске асырылуы өте қиын екенін де білді,
бітімгершілікке ел ішіндегі ортодоксальды мұсылмандар, араб әлеміндегі
соғысуға даяр тұрған көңіл-күйлер, сонымен қатар “ықпалды дос” – Кеңес
Одағы да қарсы болды [89]. Осы кездердегі Таяу Шығыста АҚШ және КСРО
ықпалының артуы араб елдерінің ірі мемлекеттер арасында бөлініске
салынуына, әр араб мемлекетінің ішінде өзіндік саяси партиялардың, басқару
элитасының, жергілікті бюрократияның пайда болуына себеп болды. Ал, ұлт-
азаттық көтерілістер нәтижесінде бірқатар саяси-экономикалық, идеологиялық
факторлардың әсер етуімен Таяу Шығыста 1970 жылы басты үштік құрылым пайда
болды. Оның құрамында Египет, Сирия, Сауд Арабиясы болды. Бірақ, Таяу Шығыс
шиеленісіне қатысты мәселелерге бұл басты үш мемлекеттен басқа Израильмен
қақтығысқа түскен Иордания мен Ливан да тығыз араласты. Сондықтан да араб-
израиль қақтығыстарының реттестіруілі мәселесінде бұл мемлекеттердің
ұстанымдары үлкен орын атқарды . 1973 жылы қазан айының соңында Мысыр
Израильге қарсы соғыс қимылдарын бастады. Мысырлықтар Суэц каналын алып,
одан шығысқа қарай 20-30 шақырымдай жылжыды. Бұл арабтардың қуатының өсіп
келе жатқанын көрсетті. Соғысқа Египетпен бірге Сирия да кірісті. Алайда
көп ұзамай-ақ Израиль оған қарсы соққы беріп, Дамаск пен Каирге қауіп
төндіре бастады. 1973 жылы 6-22 қазан аралығында Египет әскерлері шабуылға
шығып, Суэц каналының шығыс жағалауын қайтарып алды. Бұл оқиға жеңіліспен
аяқталғанымен, әсері зор болды. Египет-Израиль келіссөздері басталып, Батыс
елдерімен жақындасу күшейе түсті. Таяу Шығыс шиеленісін реттестіруде
біржақты кеңестік жақтастықтан бас тартқан Ануар ас-Садат сыртқы саясатта
батыстық бағытқа бет бұрды. Осы жолы АҚШ пен КСРО өзара әрекет жасай
отырып, соғысты тоқтатуға қолдарын жеткізді. Осыдан кейін Мысыр Таяу
Шығыстағы мәселені реттеудің кілті Вашингтонда деп есептей келе, Мәскеудің
ықпалынан шықты. Келесі жылы Мысырда ашық есік саясаты жүргізіліп, Батыс
капиталы мен өзінің бизнесіне еркіндік берді. Содан кейін Садат Иерусалимге
барып, еврейлермен бітім келіссөздерін бастауға даяр екендігін білдіріп,
Израиль кнесеті парламентінде сөз сөйледі. Араб елдерінің Израильді үзілді-

Израильмен бейбіт бітімге қол қойды. Бұл бетбұрыс 1977 жылы қараша айында
Ануар Садаттың Иерусалимге баруымен және 1978 жылы Кэмп-Дэвид келісімі,
1979 жылы наурызда Египет-Израиль бейбіт келісімі жасалуымен жалғасты.
Нәтижесінде Египет басқа араб елдерінен оқшауланып қалды. 1978 жылы
қыркүйекте Вашингтон түбегіндегі американдық президенттер резиденциясы Кэмп-
Дэвидте Дж.Картердің, А.Садаттың және Израиль премьері И.Бегиннің
қатысуымен келісімге қол қойылып, таяушығыстық мәселелерді бейбіт түрде
реттеу келешегіне жол ашып берді, Кэмп-Дэвид үдерісі осылай басталды. АҚШ-
тың тікелей делдалдығымен ұзақ келіссөздердің нәтижесінде 1979 жылы 29
наурызда Египет пен Израиль арасында бітім шартына қол қойылды[90].
Таяу Шығыстағы бейбіт өмірге алғашқы қадам
арабтық Шығыстың экстремистік топтарының арасында жағымсыз әрекет туғызды.
Олар Мысырға бойкот жариялады, ал Садатты сатқын деп айыптады.1980 жылдар
басында Египет шиеленіскен саяси, әлеуметтік –экономикалық және
конфессиялық дағдарысқа ұшырады, халық санының қарқынды өсумен бірге сыртқы
қарыздар да өсе берді. Оған оның араб әлемінен жасанды оқшаулануы да әсерін
тигізді. Өзі президент болған соңғы жылдары Ә.Садат барлық қоғамдық
күштерді – солшыл-оңшыл оппозицияны, мұсылман-фундаменталистерін, христиан
– коптыларды, зиялы қауым өкілдері мен буржуазияның едәуір бөлігін өзіне
қарсы қойып алғандықтан шаруашылықтағы қалыптасып отырған елеулі
қиындықтар, қаржы-экономикалық, әскери және саяси жағынан АҚШ-қа
тәуелділік нәтижесінде балама саясат ұстану үшін мүмкіндіктер мен маневр
жасауға кеңістік шектеулі ғана болды. КСРО Кэмп-Дэвид үдерісін сепараттық
және арабқа қарсы бағыт деп есептеп, оны қолдамады. Бұл қате саясатты Араб
Шығысында бір топ елдер қошеметтеп, оны өзгертеміз деп, бірнеше жылдар
жеміссіз әрекеттерге душар болды. Садатты атып өлтіргеніне қарамастан, оның
бастамасы 90 жылдары жалғаса түсіп, Иордания мен Палестинаны азат ету ұйымы
Израильмен келіссөздерге барды. Бұл бітімгершілік саясат араб елдері мен
КСРО тарапынан үлкен сынға ұшырап, сатқындық ретінде танылып, Египеттің

жаңа айқындамалар тұрғысынан зерделеу талабын қойды.
Қазіргі таңда шиеленісті реттестірудің
бір ғана тиімді жолы бейбіт келісім екенін аймақтағы барлық елдер мойындап
отыр. Бірақ, өкінішке орай әлі де болса жекелеген мемлекеттік басшылар мен
саяси ұйымдардың ұстанымдарынан аймақтағы жағдай әлі де қарулы
қақтығыстарға ұласып, мемлекеттердің қауіпсіздігі қамтамасыздандырылмай
отыр. КСРО үшін Женева конференциясы Таяу Шығыс шиеленісін
бейбіт жолмен реттестіру ісіндегі соңғы саяси қадам болды. Таяу Шығыс
шиеленісін реттестірудің бейбіт үдеріс ісінде тең төрағалық ету құқығына
тек 90-шы жылдардың ортасында Ресей Федерациясының жаңа тарих кезеңінде қол
жеткізілді. Египеттің Қазан соғысынан кейінгі сыртқы сясатындағы батыстық
бағытқа бетбұрысы КСРО-мен қарым-қатынасының үзілуіне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz