Жаза


ЖОСПАР
§ 1. ЖАЗАНЫҢТҮСІНІГІ
§ 2. ЖАЗАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ
ӘДЕБИЕТ
§ 1. ЖАЗАНЫҢ ТҮСІНІГІ
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі үйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелері-не ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мем-лекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдану-да ең негізгі басты күрес деп саналмайды, бұл қүбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен экономи-калык, үйымдастыру, тәрбие, қогам мүшелерінің белсенділігін, олардың күқылық сана-сезімін жетілдіру аркылы жүзеге асы-рылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретівде тек арнаулы, занда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мүндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-қүқылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық қүқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Қылмыстык шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады. Біріншіден, қылмыстық шара - мемлекетгік күштеу шара-сы ретінде қылмыстық заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін міндетті тізбектері мен оны қолда-нудың тәртібі тұжырымдалған. Сот қылмысқа кінәлі адамға қылмыстық занда көрсетілген шараның шеңберінде оның шегі-нен шықпай, жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен гөрі неғұрлым жеңілірек жаза тағайындауға қүқылы.
Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыс-тық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қыл-мыстық кодекстің 38-бабында "жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы" делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазым-ды органдар арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзған адамды полиция бастығы әкімшілік жауапқа, салық инспекциясының лауазымды адамы салықтан бұлтарт-паушыларды занда көрсетілген тәртіппен жазалайды немесе әкімшілік комиссиясы өзіне берілген құзырет шеңберінде әкімшілік құкық бұзушыларды жауапқа тартады. Осы аталған органдардың немесе лауазымды адамдардың бірде-біреуі қыл-мыстық жаза колдануға құқылы емес. Қылмыстық жазаны қол-дану - тек қана соттың құзыреті.
Үшіншіден, заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату, сондай-ақ тағайындаған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот аркылы жүзеге асырылады. Тек кана ра-қымшылық және кешірім беру актілерімен жазадан босату не-месе жазаны жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституция-сына сәйкес Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал басқа жағдайларда бұл мәселелерді шешу тек соттың міндеті болып табылады. Бұл да қылмыстық жаза-ның басқа мемлекетгік күштеу шараларынан мәнді өзгешелігін көрсетеді.
Төртіншіден, қылмыстық жаза жария түрде ашықтан-ашық „тағайындалады. Яғни, қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жаза тағайындауды қажет деп табу, қылмыстық жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау, жеке немесе завды түлғалар арқылы емес мемлекет арқылы жария, ашықтан-ашықтүрде белгіленеді. Қылмыстық жаза кінәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді, жеке немесе лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды, занды күшіне енген сот; үкімі мем-лекеттік, жеке кәсіпорын, ұйым, мекеме, лауазымды және жай адамдардың орындауы үшін Республика аумағында міндетті болып табылады.
Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыс-тық жаза қылмыстық занда көрсетілген нақгы кылмысты жа-саған кінәлі адамға қолданьшуы мүмкін. Яғни, бұл жерде жаза адамның кінәлі түрде істеген іс-әрекетінің қылмыстық-құқылық зардабы болып табылады. Сондықган да қылмыстық занда "адам өз кінәсі анықгалған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қыл-мыстық жауапқа тартылуға тиісті", -делінген. Сондай-ак әрбір істелген қылмысқа жаза тағайындау міндетті емес. Мүның мәні мынада: егер тергеу жүргізген немесе істі сотта қараған кезде жағдайдың өзгеруімен байланысты кінәлінің істеген қылмысы-ның қоғамға қауіпті мәні жойылса немесе оның өзі қоғамға енді қауіпті емес деп танылса, қылмыс нышандары бар іс-әрекет жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуға (68-бап) болады.
Қылмыстық жазаны колдану кінәліні басқа түрдегі азамат-тық, әкімшілік немесе тәртіптік қүқылық жауапкершілікке тар-тумен де ұштастырылуы мүмкін.
Қылмыстық жаза мемлекет атынан қылмысты іс-әрекеттер үшін кінәлінің кінәсін бетіне басу арқылы берілетін теріс қүқылық баға болып табылады. Бетіне басудың және кінәлау-дың дәрежесі қылмыстың ауырлығына, кінәлінің жеке тұлға-сына және оның қылмысты іс-әрекетті істеудегі мінез-құлқына тікелей байланысты болады.
Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығы-нан айыруы немесе белгілі бір кәсіппен шүғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салуы, мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр қылмыс жасаған жағдайда кінәліге занда көрсетілген негізде ерекше жаза - өлім жазасын тағайындауы да мүмкін. Сөйтіп, кез келген қылмыстық жаза тағайындағанда сотталған адам материалдык, моральдық, мүліктік зардап ше-геді. Өйткені жаза өзінің мәні жөнінен кінәліні жазалау болып табылады.
Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шарала-рынан ерекшелігі сол, оны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атак береді. Сотталғандықтың кінәлі үшін белгілі бір құқылық зардабы бар, ол сотталғандығы туралы өмірбаянында көрсетілуі керек, сотталғандық кейбір жағдай-ларда қылмысты ауырлататын мән-жайларға жатады. Немесе сотталғандық атақ кейде қылмысты саралауға, жазаның мөлшерін, сондай-ақ жазаны өтейтін колонияның түрін белгі-леу үшін маңызды мөнге ие болады. Сонымен, қылмыстық жаза дегеніміз сот арқылы мемлекет атынан қылмыс жасаған адамға қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік шараны колдану болып табылады.
Қылмыстық жазаның әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданылатын жазадан айырмашылығы мынадай: біріншіден, қылмыстық жаза бұл істелген қылмыстың зардабы, ал әкімшілік шара болса, ол қьшмыс болып табылмайтын қоғамға жат теріс әрекеттер үшін ғана тағайындалады.
Екіншіден, қылмыстық жаза сот аркылы мемлекет атынан тағайындалады. Әкімшілік шараларды әкімшілік органдары, лауазым адамдары немесе судья тағайындайды. Үшіншіден, қылмыстық жазаның әкімшілік жазадан ерекшелігі сол сот үкімі бойынша тағайындаған қылмыстық жаза кінәліге сотталғандык, атақ береді, ол әкімшілік жазаға тартылғандар үшін мұндайда құқылық зардап болмайды.
§ 2. ЖАЗАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 38-бабы-ның 2-бөлігінде жазаның мақсаты - әлеуметтік әділеттілікті калпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай-ак сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған.
... жалғасыӘлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотгалған адамға жаза тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс істеуден оны сакгандыру жазаның арнау-лы ескертуі болып табылады.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру дегеніміз қылмыс істеген адамға әділетті жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі, келтірілген зиян мөлшері, жаза тағайындау-дың басты негіздері, кінәлінің жеке басының ерекшеліктері ескеріле отырып, қылмысына сай келетін, әділ жаза тағайын-дау болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру үшін зандылык принциппен қатаң басшылыққа алып жасалған қылмысқа әділ қүқылық баға және лайықты жаза белгілеу қажет.
Жазаның мақсаттары кылмыстық қүқықтың жалпы міндет-тері арқылы белгіленеді. Қылмыстық кодекстің 2-бабындағы осы заңның міндеттері заң қорғайтын мүдделерді қорғау, ал-дын алу делінсе, ол міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленіп, қылмыс үғымы айкындалады, қылмыс істеген адамдарға қолданылуға тиісті жазамен өзге де қылмыстық-құқылық ықпал ету шаралары белгіленеді.
Арнаулы сактандырудың иелері болып, қылмыс істеп соттал-ғандар танылады. Жазаның мақсаты бүл адамдардың тарапы-нан тағы да кылмыс істеу фактісінің орын алмауын көздеуі бо-лып табылады. Жазаның осы көздеген мақсатына жетуінің құралы - сотталғандарды түзеу арқылы, еңбекке адал, заң та-лаптарын мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу болып табыла-ды. Бұл жерде түзеу дегеніміз қылмыс істеп сотталған түлға-ның әлеуметтік, психологиялық көзкарасын өзгертіп қылмыс-ты құбылысқа, қоғам ережелерін бұзуға, еңбексіз күн көріске деген пиғылдарын, жазадан қорықса да өзгертіп дұрыс жолға салу болып табылады.
Сондықтан да қылмыскерге жаза тағайындау арқылы оны түзеу жазадан қорықса да қылмыс істемейтін, заң талаптарын қалт жібермей мүлтіксіз орындайтын адам етіп қалыптастыру болып табылады. Жазаның басқа бір мақсаты - басқа адамдар-ды қылмыс істеуден сақтандыру болып табылады. Бүл қылмыс істемеген, бірақтәртіптік, әкімшілік құқық қалыптарын бұзып, биморальдық күйге түсіп жүрген, қылмыс істеуі мүмкін, тұрақсыз элементтерге бағытталады. Мұндай әлеуметтік тұрақсыз адамдарды қылмыстық құқықта көрсетілген жазамен қорқыту арқылы және қылмыс істегендерге жазаның сөзсіз колдануын ескерту, қылмыстан сақтандырудың жалпы түрі болып табыла-ды. Мұндай сақтандыру қылмыстық құқықтың тәрбиелік функ-циясының бір көрінісі болып табылады. Қылмыстық қүқық қалыптарының жеке түрлерінің санкцияларында көрсетілген жазаларда қьшмыс істеген кінәлі адамдарға қолданбақшы бо-лып қорқыту арқылы кылмыстық заң барлық азаматтарға, олар-дың психологиялық сана-сезіміне әсер ету арқылы, олардың әлеуметтік әділеттілікті, адам өмірінің қорғалуының, кұқық тәртібін нығайтудың қажеттілігі туралы көзқарастарының қалыптасуына жағдайлар туғызады.
Сол сияқгы жаза-қылмыстының жанын қинау немесе адам-гершілік намысына тиіп, қорлау мақсатын көздемейді. Бүл та-рихи қалыптасқан қылмыстық құқықгың адамгершілік прин-ципі болып табылады. Осы жерде жазаның мақсаттары туралы Заңның қалпының өзінде қарама-қайшылық жоқ па екен деген занды сұрақ туындайды. Жаза сотталған адамның құқыктары мен бостандыктарына шек қою арқылы, сөз жоқ, оның жанын қинайды, адамгершілік намысына тиеді. Бұл жерде қарама-қайшылықты жою үшін жазаның мақсатын және құрамын, мазмүнын
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz