Құқықтық тәрбие - құқықтық мемлекет болудың кепілі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

БІРІНШІ БӨЛІМ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ . ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ
БОЛУДЫҢ КЕПІЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1.1. Құқықтық тәрбие және оның тәрбие саласындағы
алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

ЕКІНШІ БӨЛІМ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ
МӘДЕНИЕТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

2.1. Құқықтық тәрбиенің болашақ жастарды
қалыптастырудағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

2.2. Құқықтық тәрбие тәжірибесі және оны дамытудың
кейбір жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33

2.3. Қазақстан Республикасындағы құқықтық тәрбиенің
жүзеге асырылуы және оның болашақ жастарды қалыптастырудағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39


ҮШІНШІ БӨЛІМ МЕКТЕПТЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
ҮРДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 63
Еліміздің төл Конституциясында Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет деп жарияланғаны баршамызға белгілі. Құқықтық мемлекет құрудағы талпыныс жас жеткіншектерден басталады, себебі болашақ қоғам солардың қолында. «Жаңа ғасырға» қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болуы керек. Әрбір адамның өзі үшін жауапкершілігі жаратушының алдындағы жауапкершілікпен бірдей екені сөзсіз.
Қазіргі «Білім туралы» Заңның талаптарын орындау әлі де сан қырлы экономикалық – материалдық, ұйымдық, кадр, құқықтық – нормативтік шараларды жүзеге асыруды қажет етеді. Солардың ішіндегі маңыздысы жастарға құқықтық білім беру, құқықтық тәрбиелеу.
Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, өмірдің тиімді жолдарын өз бетімен шешуге үйренуіне, қолайсыз көріністерге бой алдырмауға жетелейді.
Құқықтық білім берудің міндеті – барлық іске жауапкершілікпен қарайтын, өз құқығын жете меңгерген, заңдарды ұғынып қана емес, сонымен бірге силай білетін, құқықтық мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол, білікті маман даярлап шығару.
Еліміздің құқықтық мемлекет құру жолында бастаған игі істерінің бірі құқық негіздері пәнінен сабақ беретін мұғалімдерді даярлап шығару. Бұл кеңестік құқықтық жүйенің күйреуінен кейін қолға алған шаралардың бірі.
Білімді адам санатына қосылу үшін қазіргі жасөспірімдерге негізгі пәндерді игеру және талдау қабілетінің сауаттылығы аздық етеді. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет. / С.Назарбаева. Өмір әдебі/.
Иә, жас жеткіншектерді осындай жолға даярлауда мемлекеттің алатын орны, рөлі өте зор. Әлеуметтік- экономикалық дамуды мәдениет тұрғысынан қамтамасыз ету мәселелері қоғамда көптеген міндеттерді шешуді алға қойып отыр. Сол мәселелердің ішіндегі өзектісі болып - құқықтық тәрбие табылады.
Құқықтық мемлекет – ұзақ тарихи дамудың жемісі. Ол үрдіс күрделі, қиын, әрі сан – салалы және мол қаржыны, жалпы мемлекеттік деңгейдегі ұйымдық – құрылымдық шараларды, бүкіл педагогтар, зиялылар қауымының қажыр – қайратын, рухани ізденістерін қажет етеді. Демек ел, ұрпақ тағдыры үшін маңызы мен жауапкершілігі айрықша білім беру ісіне барлық деңгейдегі мммемлекеттік органдардың бетбұрысы, қамқорлығы керек. Бұл жөнінде Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» жолдауында негізгі бағыттарды көрсетіп берді. Сол бағыттардың бірі – жоғарғы құқықтық сана мен құқықтық мәдениет. Осы екі элементтің іргетасы азаматтарда алдыменен отбасында қаланса, содан кейін мектеп қабырғасында жалғасады.
1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылданды. Қаулыда құқықтық оқуды мектептерде бастауыш сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттігі атап көрсетілді. Бұдан шығатын тұжырым не? Ол тәуелсіздік тұғырына көтерілген Қазақстанның алдында білім беру саласында жаңа қажеттіліктердің пайда болуы. Ғылым мен техниканың тез даму қарқыны, өндіріске шетелдік және отандық озық, жаңа технологиялар мен әдістердің енуі, қоғамның жаңа экономикалық қатынастарға көшуі республикамызда білім беру саласында жүргізіп жатқан реформалық өзгерістерді жетілдіруді, білім сапасын арттыруды талап етеді.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы ,1995
2. Жастар және мемлекеттік жастар туралы» қаулы //Егемен Қазақстан, 2000, 12 маусым.
3. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы : ҚР Заңы // Егемен Қазақстан, 2002, 23 тамыз , 2 б.
4. Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы : ҚР Заңы //Егемен Қазақстан, 2002, 13 шілде , 2б.
5. Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. // Егемен Қазақстан, 2004, 20 наурыз 1-5 б.
6. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы.// Дидар, 2005,№ 20-21.
7. Аюпова А.Ж. Қазақстанның құқықтық жүйелерінің қалыптасуы //Заң, 2003, № 9, 55-59 б.
8. Амантай Б.Б. Менің намысым- ұлтымның намысы // Тәрбие құралы, 2003, № 2 , 32-37 б.
9. Әбілдаев И.Қылмысты жастар тағдыры алаңдатады //Қазақстан Zaman , 2002, 19 сәуір, 6 б.
10. Бегалиев К.А. Меры борьбы с безнадзорностью и преступностью среди несовершеннолетних // Предуп. прест. 2002, №1 , 10-13 с.
11. Бейсебаева С.Б. Пути правового образования молодежи : некоторые предложения // Вести КазНУ сер. юрид. 2003, №1, 148-150 с.
12. Бейсебаева С.Б. Қазақстанда құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам орнату кезеңіндегі жастар туралы заңдар . //Вести КазНУ сер. юрид. 2003, №2, 144-146 б.
13. Ветлугин Д.В. Уголовное наказание несовершеннолетних: международные стандарты и практика их применения //Каз. Ж-л м/н права 2001,№1,74-81.
14. Газизова Н.С. Азаматтық білім – құқықтық мемлекет болудың кепілі. // Қазақстан мектебі, 2004, №3, 28-30б.
15. Газизова Н.С. Құқық дегеніміз не? // Қазақстан мектебі, 2004, №4, 48-50б.
16. Газизова Н.С. «Қазақстан Республикасы мемлекеті және құқығы негіздері» пәнін оқыту әдістемесі-оқу-әдістемелік құрал. Семей мемлекеттік педагогикалық институты. Семей, 2005. 136б.
17. Даламбаева Г.Заңды білу заман талабы // Қазақ ордасы, 2003, №4, 75-76.
18. Досанов Е.К.Несовершеннолетние и преступность //Закон и время, 2003, №2,45-48.
19. .Елекеев И. Құқықтық саясат қуатты тірек //Егемен Қазақстан 2002 8-қазан.
20. Ерінбетова А.К.Кәмелетке толмаған қылмыскерлерді топтау.//Қайнар уни-ң хаб. 2002, №2,63-66.
21. Жарықбаев Қ. Мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие берудің маңызы мен мазмұны.//Сыныптағы тәрбие ,2003, №4-5,20-22.
22. Жарылғанова З. Құқықтық тәрбие заман талабы. //Қазақстан тарихы, 2001, №1,79-180.
23. Жақыпұлы С.Жалпы ұлттық міндетіміз.//Дидар ,2001,27-наурыз.
24. Жетписбаев З. Проблемы законодательного регулирования в профилактике и пересечение правонарушений среди несовершеннолетних.//Фемида,1998, №3,50-53.
25. Жасөспірім жаза баспасын десек.//Заң ,2003, №2,3-11.
26. Зайниева Л.Ю. К вопросу о роле государственной молодежный политики в развитии молодого поколения.// Вести Кайнар 2003, №4,98-102.
27. Заритовская Т.А. Причины преступности несовершеннолетних:Социальная политика //Саясат,2002, №1,54-56.
28. Ипполитов Ф. Правовое воспитание [школьника]: с чего начать?//Семья и школа,1990, №11,с23-26.
29. Калашникова И. Молодежной политике в РК новое законодательное наполнение //Саясат,2002, №11,33-38.
30. Курмагамбетов Ж.С. Стратегия и тактика борьбы с преступностью //Закон и время,2004, №4,37-39.
31. Камаров С.А. Общая теория государства и права: М.Юрайт, 1997,с. 330-336
32. Кенжанова А. Құқықтық тәрбие. // Бастауыш мектеп, 1999, № 10, 54-88.
33. Қанағатова Қ.Қазақстандағы құқықтық саясаттың көкжиегі //Заң,2003, , №4,18-22.
34. Қалтаева М. Оқушыларға ұлттық тәрбие іс-тәжірибесі. //Ізденіс,гум.ғыл.сер.2001, №6,168-171.
35. Құл-Мұхаммед М. Құқықтық реформа құқықтық сауаттылықты талап етеді.//Заң, 2001, №6,34-36.
36. Меңжанова А. Құқықтық тәрбие //Бастауыш мектеп ,1999, №10,54-58.
37. Мирзаев О. О некоторых правовых аспектах молодежной политики в суверенном Казахстане//Фемида ,2001, №12 , 59-60.
38. Морозова С.А. Профилактика правонарушений несовершеннолетних: ресурсы образования. //Преп. ист. и обществозн.в шк. 2003, №8,36-40.
39. Марковичева Е.В. Актуальные проблемы правового воспитания и гражданского образования.//Стандарты и мониторинг в образов.2000, №2,11-14.
40. Методические рекомендации территориальным органам по налаживанию сотрудничества с органами образования по совершенствованию учащейся и студенческой молодежи.//Фемида , 1999, №3,14.
41. Муратханова М.Б. Қылмыстылықпен күрестің өзекті мәселелері //Ғылым еңбек жин. Шығарылым , Семей ,2002,127-132 б.
42. Нарикбаев М. Некоторые вопросы и время, 1996, №3,21-26
43. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында . Алматы: Өнер, 1996,158 бет.
44. Назарбаев Н.Ә. Қылмыспен күрес ортақ іске үлес//Егемен Қазақстан 2003,11қырқүйек.
45. Назарбаев Н.Ә. Болашақ бүгіннен басталады. //Егемен Қазақстан,2002,15қараша,1-3б.
46. Назарбаев Н.Ә. Өмір әдебі. // Білім- образования, 2002, №2, 4.
47. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» (Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы) Алматы, 1998.
48. На грани конфликта с законом //Фемида ,2003, №9,39-44
49. Оңғарбаев С.М. Мақсат қылмыстың жолын кесу// Заң және заман, 2003, №1,29-32.
50. Оразалинов С. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру// Заң ,2003, №5.
51. Сартаев Д. О создании концепции защиты прав несовершеннолетних в РК //Фемида , 2003 , № 7 ,43- 50 .
52. Сатыбалды Л. Формы вовлечения несовершеннолетних в преступную и иную анти общественную деятельность // Вестник КазНУ сер. юрид. – 2003, №1,65-68..
53. Сабикенов С.Н. Правовая культура как условие формирования правового государства //Евразия ,2003, №5,98-103.
54. Сәулебек Н. Құқықтық сауатың болмаса , құқығыңды қорғай алмайсың //Заң және заман , 2003, №5,87-90 .
55. Сыздық Б. Правовое обеспечение участие граждан в борьбе с преступностью // Правовая реформа в Казахстане, 2003, №2,118-122.
56. Сарсенбаев А.С. Телебаев Г.Т. Казахстансакая молодежь на рубеже веков- Астана: Елорда, 2000-200с. Семипалатинские вести – 2003- 4 апрель .
57. Тілеубергенов Е. Кәмелетке толмағандардың тонау және қарақшылық шабуыл жасау тәсілдері // Заң ,2000, №2, 44-47.
58. Тұяқбай Ж. Заңды сапалы әзірлейтін болдық // Егемен Қазақстан , 2002, 3 желтоқсан , 1-2 б.
59. Шамаева И. Борьба с преступностью несовершеннолетних важная задача государства // Закон и время , 2003, №3,45-48.
60. Шайынгазин Д. Жасөспірімдер қылмысы қоғам дерті // Заң газеті, 2002, 24 сәуір, 4 б.
61. Элиасберг Н. Система этико-правового образования и гражданского воспитания: первые итоги // Народное образование, 2001, №4, 116-119.
62. Ударцев С. О правовой политике в области образования.// Правовая реформа в Казахстане , 2001, №4, 59-65.

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 2

БІРІНШІ БӨЛІМ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ - ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ
БОЛУДЫҢ КЕПІЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1. Құқықтық тәрбие және оның тәрбие саласындағы
алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

ЕКІНШІ БӨЛІМ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ
МӘДЕНИЕТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

1. Құқықтық тәрбиенің болашақ жастарды
қалыптастырудағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

2. Құқықтық тәрбие тәжірибесі және оны дамытудың
кейбір жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33

2.3. Қазақстан Республикасындағы құқықтық тәрбиенің
жүзеге асырылуы және оның болашақ жастарды
қалыптастырудағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39

ҮШІНШІ БӨЛІМ МЕКТЕПТЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
ҮРДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 63

КІРІСПЕ

Еліміздің төл Конституциясында Қазақстан Республикасының құқықтық
мемлекет деп жарияланғаны баршамызға белгілі. Құқықтық мемлекет құрудағы
талпыныс жас жеткіншектерден басталады, себебі болашақ қоғам солардың
қолында. Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге
бейімділігі болуы керек. Әрбір адамның өзі үшін жауапкершілігі жаратушының
алдындағы жауапкершілікпен бірдей екені сөзсіз.
Қазіргі Білім туралы Заңның талаптарын орындау әлі де сан қырлы
экономикалық – материалдық, ұйымдық, кадр, құқықтық – нормативтік шараларды
жүзеге асыруды қажет етеді. Солардың ішіндегі маңыздысы жастарға құқықтық
білім беру, құқықтық тәрбиелеу.
Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа
ұрынбауына, өмірдің тиімді жолдарын өз бетімен шешуге үйренуіне, қолайсыз
көріністерге бой алдырмауға жетелейді.
Құқықтық білім берудің міндеті – барлық іске жауапкершілікпен
қарайтын, өз құқығын жете меңгерген, заңдарды ұғынып қана емес, сонымен
бірге силай білетін, құқықтық мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол,
білікті маман даярлап шығару.
Еліміздің құқықтық мемлекет құру жолында бастаған игі істерінің бірі
құқық негіздері пәнінен сабақ беретін мұғалімдерді даярлап шығару. Бұл
кеңестік құқықтық жүйенің күйреуінен кейін қолға алған шаралардың бірі.
Білімді адам санатына қосылу үшін қазіргі жасөспірімдерге негізгі
пәндерді игеру және талдау қабілетінің сауаттылығы аздық етеді. Ол өмірдің
әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет.
С.Назарбаева. Өмір әдебі.
Иә, жас жеткіншектерді осындай жолға даярлауда мемлекеттің алатын
орны, рөлі өте зор. Әлеуметтік- экономикалық дамуды мәдениет тұрғысынан
қамтамасыз ету мәселелері қоғамда көптеген міндеттерді шешуді алға қойып
отыр. Сол мәселелердің ішіндегі өзектісі болып - құқықтық тәрбие
табылады.
Құқықтық мемлекет – ұзақ тарихи дамудың жемісі. Ол үрдіс күрделі,
қиын, әрі сан – салалы және мол қаржыны, жалпы мемлекеттік деңгейдегі
ұйымдық – құрылымдық шараларды, бүкіл педагогтар, зиялылар қауымының қажыр
– қайратын, рухани ізденістерін қажет етеді. Демек ел, ұрпақ тағдыры үшін
маңызы мен жауапкершілігі айрықша білім беру ісіне барлық деңгейдегі
мммемлекеттік органдардың бетбұрысы, қамқорлығы керек. Бұл жөнінде
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан – 2030 жолдауында негізгі
бағыттарды көрсетіп берді. Сол бағыттардың бірі – жоғарғы құқықтық сана мен
құқықтық мәдениет. Осы екі элементтің іргетасы азаматтарда алдыменен
отбасында қаланса, содан кейін мектеп қабырғасында жалғасады.
1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге
асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылданды. Қаулыда құқықтық оқуды
мектептерде бастауыш сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу
қажеттігі атап көрсетілді. Бұдан шығатын тұжырым не? Ол тәуелсіздік
тұғырына көтерілген Қазақстанның алдында білім беру саласында жаңа
қажеттіліктердің пайда болуы. Ғылым мен техниканың тез даму қарқыны,
өндіріске шетелдік және отандық озық, жаңа технологиялар мен әдістердің
енуі, қоғамның жаңа экономикалық қатынастарға көшуі республикамызда білім
беру саласында жүргізіп жатқан реформалық өзгерістерді жетілдіруді, білім
сапасын арттыруды талап етеді.
Қазіргі Білім туралы заңның талаптарын орындау әлі де сан қырлы
экономикалық- материалдық, ұйымдық, кадр, құқықтық -–нормативтік шараларды
жүзеге асыруды қажет етеді. Бүкіл қоғам, жалпы жұртшылық болып күш салатын
істер шаш етектен. Солардың ішіндегі ең күрделісі, ең маңыздысы – құқықтық
сауатты азаматтарды дайындап шығару. Құқықтық сауатты адамдар қылмысқа
ұрынбауға әрекет жасайды. Өмір сүрудің тиімді жолдарын өз бетімен шешуге
үйренеді. Азаматтық құқығын жете меңгергендер ғана қолайсыз көріністерге
бой алдырмайды.
Тиімді білім беру жүйесін қабылдау үшін қазіргі білім беру жүйесін
қоғамның даму мақсатына сай қалыптастыруға бағыттау керек. Құқықтық білім
берудің міндеті – дүниеге этикалық жауапкершілікпен қарайтын, шығармашылық
ойлауға дағдыланған, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол
және білікті маман даярлау. Осындай мақсаттарға жетуде Қазақстан мемлекеті
және құқығы негіздері курсын мектеп қабырғасында оқытудың қажеттігі артуда.
Құқықтық тәрбие дегеніміздің өзі - әрбір азаматтың заңдарды
мүлтіксіз сақтап, өз міндеттерін саналы түрде жүзеге асырып, іс -
әрекеттеріне өз бетімен жауап бере алуы. Сондықтан да бүгінгі
жасөспірімдер заман талабына сай өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс
айқындап, еліміздің заңдары мен тәртіп ережелерін сыйлап, құқықтық тәрбие
мен құқықтық мәдениетті дамытуға бір кісідей ат салысулары қажет. Бұл
салада мемлекетімізде жасалып жатқан шаралар аз емес. Солардың бірі
жастарды құқықтық тәрбиелеу. Аталмыш бітіру жұмысының алдына қойған мақсаты
да осы мәселенің төңірегінде өрбіп отыр.
Диплом жұмысының мақсаты:
– құқықтық тәрбиенің қоғамдық тәрбиедегі алатын орны мен рөлін ашып
көрсету;
– құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениеттің арақатынасын анықту;
– Қазақстан Республикасындағы құқықтық тәрбиенің жүзеге асырылу
деңгейін, құқықтық тәрбие барысында кездесетін кедергілерді анықтау және
ол кедергілерді жоюдың амалдарын қарастыру.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттардан төмендегідей міндеттер туындайды:
– құқықтық тәрбие мәселесін теориялық талдау;
– жастардың құқықтық мәдениет деңгейін анықтауда сұрақ – жауап (анкета)
жүргізу;
– құқықтық тәрбиенің іске асырылу жағдайын анықтауда салыстырмалы түрде
сандық мәліметтер жинақтау;
– құқықтық тәрбиенің деңгейін арттыруға қатысты, құқықтық тәрбие
барысында кездесетін кедергілерді жоюға байланысты ұсыныстар беру.
Қазіргі кезде құқықтық тәрбие мәселесі әр түрлі жақтарынан зерттелуде.
Бұл салада еңбектеніп жатқан отандық зерттеуші - ғалымдар Нарықбаев М,
Тілеубергенов М, Ветлучин Д.В. құқықтық тәрбиенің қоғамдық тәрбие саласында
көрнекті орын алатынына нық сенуде. Соған қарамастан құқықтық тәрбие
мәселесі әлі де зерттеуді қажет екендігін көрсетіп отыр. Аталмыш ғылыми
жұмыс құқықтық тәрбие берудің кейбір мәселелерін жете зерттеуге
бағытталған.

БІРІНШІ БӨЛІМ

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ - ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ

БОЛУДЫҢ КЕПІЛІ

1. ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӘРБИЕ САЛАСЫНДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ

Құқықтық тәрбиені дұрыс түсіну үшін мақсаты бағытталған мемлекеттік
қызметтің жүйеленген органдары және олардың қоғамдық бірлестіктер
қызметінің, сондай – ақ еңбек ұжымдарының қызметтері, яғни құқықтық санамен
құқықтық мәдениетті құру және оны жоғарлатуға барлығы дерлік ат салысуы
қажет.

Құқықтық оқыту және құқықтық тәрбие өзара табиғи байланысқан.
Тәрбиелеуші оқыту мақсатты бағытталған үзіліссіз процесс кезінде
тұлғалардың заңдарға бағыну санасын қалыптастырады және кәсіпқой – заңгер,
бұған қоса заңдылық дүниетанымын, ұстанымдарын, адамгершілік ой – санасын
және оларды бағалауға, арнайы кәсіпқой қажетті мінездеме қалыптастырары
сөзсіз. Соңында құқықтық білімді күнделікті кеңейту және тереңдетуге
байланысты, соған сәйкес мазмұнына байланысты мотивацияны құру керек.

Құқықтық оқыту мен тәрбиелу тұлғаның рухани қалыптасу процесінің бір
бөлігі, онсыз Қазақстан Республикаынң құқықтық мемлекет құру идеясын жүзеге
асыру мүмкін емес. Құқықтық білім беру және тәрбиелеуде басты әсер етуші
объекті – құқықтық сананың тұрақты деңгейде дамуына жағдай болуы қажет. Бұл
жерде құқықтық сана деп отырғанымыз тұтас қоғамдық, жеке индивидтің және
ұжымның құқықтық санасы.(50;87)
Қоғамдық құқықтық санаға идеологиялық әсер ету сәйкесінше топтық және
жеке тұлға санасына өз әсерін тигізбей қоймайды және керісінше жеке
тұлғаларды және топтарды құықытық тәрбиелеу нәтижесінде қоғамдық сананың
дамуына, құрылуына себепші болды, сондай – ақ әр түрлі құқықтық сананың
түрлері өзара диалектикалық байланысқан және бір – біріне тәуелділіктеріне
байланысты қалыптасып отырады.
Тарихқа үңілсек барлық мемлекеттерде құқық пен құқықтық тәртіп туралы
дүниетанымдарды тарату қызметін жүзеге асыруда ерекше көздері болып келісім
қолданылған: шіркеулер, мектептер, әдебиеттер, өнер (барлық деңгейдегі
мектептер), басылымдар, радио, теледидар арнайы заңгерлік білім беру
мекемелері. Басқаша айтқанда құқықтық тәрбие әр мемлекеттің идеологиялық
функциясының құрамдас компоненті болып табылады.
Мемлекеттің дамуымен көптеген саналарды өңдеу идеологияларының
нысандары мен амалдары шыңдалып одан әрі шебер пайдалануын іздеп табады да,
құқықтық тәрбие мемлекеттің өзіндік қызмет түрі ретінде қалыптасып, оның
жергілікті басқару және жалпы қоғамға өз әсерін тигізеді.
Мемлекеттің даму деңгейі жоғары болғанмен құықтық және сананың мәні,
оның бағалығы және функциясы біршама тұрақты болып қала береді, ал жеке
тұлғаларға және көпшілік санасына әсер етудің мазмұны мен тактикасы,
объектілері, нысаны және амалдары ауысып отырады. Тек шынайы демократия
жағдайларында құқықтық білім беру кәсіпқой – заңгердің мақсатты бағытталған
және арнайы ұйымдасқан қызметі болуы мүмкін.(50;90)
Құқықтық тәрбие – салыстырмалы өзіндік мақсатқа, арнайы әдістер
жетістігімен және ұйымдастыру нысаны арқылы жетуді көздейді. Ол өзі көп
мақсатты, қызметті, болжамды стратегиялық, ұзақ мерзімді мақсаттар және
тактикалық мақсаттарды, таяудағы жалпы және жеке мақсаттарды көздейді.
Мақсаттар субъектісінің және объектісіннің спецификасын есепке ала отырып
тәрбиелік әсер етуді нақтылайды, ол белгілі бір форма және қызметке
байланысты адамдар, сонымен қатар құқықтық тәрбиені жүзеге асырушы органдар
арқылы жүргізіледі.
Қазақстанда құқықтық нигилизм профилактикасын бағдарламалық мақсат
ретінде алуға болады. Оған арнайы амалдардың минимумы ретінде мыналарды
атауға болады: қолданылатын заңның қызметті сапалығын қамтамасыз ету,
заңның және құқықтық тәртіптің тұрақтылығы, соттардың мәртебесін жоғарлату
және соттарды уақыт талабына сай соттың реформаларды, халыққа уақытқа сай
етіп құқықтың тәрбие беруге негізделуі қажет, сондай – ақ заңгерлерге
кәсіпқой білім беру және тәрбиелеу және т.б. Бір мезетте барлық құқық
қорғау мен мектептер жүйесіндегі субъектілердің құқықтық мәдениет деңгейін
жүйелік пәндер бойынша жүргізу қажет.
Құқықтық тәрбиенің тікелей мақсаты – азаматтардың белсенділігі,
кәсіпқой заңгердің және басқа да мемлекет қызметкерлерінің өкілеттіліктерін
жүзеге асыру процесінде заңдылық маңызға ие жағдайға байланысты,
белсенділіктер құқықтық әрекеттер арқылы өз деңгейлерін көрсету болып
табылады.
Құқықтық белсенділік - тұлғаның әлеуметтік – құқық шеңбердегі
қызметте белгілі дәрежеде пәрменділікке жету, құқықтық міндеттерді
қарапайым талаптарға бейімдеудегі міндетті әрекетке ие болу жағдайы.
Аталмыш қызметтер қосымша уақыт, күш – қуат, және материалдық шығындармен
байланысты. Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға тек құқықтық тәрбие жұмысында
келесідей негізгі прициптерді сақтағанда жетуге болады: ғылымилық,
жоспарлық, жүйелік, кезекті және дифференциялды жүйелік, кешенділікті
қамтамасыз ету. Сондай – ақ тәжірибеде құқықтық сананың дамуына қолайлы
жағдайларды қамтамасыз ете отырып, оны тарату, яғни жүзеге асыру
қажет.(32;338) Субъектінің құқықтық сана деңгейінің мазмұны, құқықтық білім
алуына, тәуелді және оның құқықты мойындау. Сендіру жүйесі, сонымен қатар
оны сақтау қажеттілігін тәжірибеде таратудың дағдысын қалыптастыру қажет.
Салыстырмалы түрде құқықтық тәрбие және құқыққа деген құрметінің пайда
болып заңды болары сөзсіз. Алған білімдері жеке өздерінің сеніміне айналуы
қажет, ол келесідей: құқыққа бағынулары, оларды қатаң сақтаулары, одан
барып – ішкі қажеттіліктеріне заңдарды сақату және оны әдетке айналдыру,
нәтижесінде құқықтық және кәсіпқой заңдылық белсенділіктерін көрсетулері
қажет, яғни күнделікті өмірде жүзеге асырулары керек.
Құқықтық тәрбиені қалыптастырудың келесідей амалдары бар: құқықтық
насихат, құқықтық білім беру, заңдылық тәжірибе, яғни өзін - өзі тәрбиелеу
немесе құықтық өмірге бейімделу. Жоғарыда көрсетілген амалдардың астарында
оның негізгі қайнар көзі құқықтық ақпарат жатыр. Ол арқылы тұлғаның оңды
әрекет етуіне ықпал етудің маңызы зор.
Бұл жерде ерекше орынға құқықтық минимум проблемасы ие болады, яғни
әлеуметтік шеңберде әрбір азаматтың мәртебесіне қандай да болсын қоғамда
тәуелсіз, құқықтық білімді міндетті деңгейде иеленуі қажет, яғни өзіне
қажетті деңгейде иеленуі ықтимал. Бұл процесті тиімді басқару үшін нақты
құқықтық ақпарат қайнар көзінің жүйесі болуы керек және оларды азаматтардың
іс – жүзінде қолдануы, сонымен еңбек ұжымдары, топтардың және тұрғындардың
өмір тәжірибесінде қолдануы жатады.(8;57)
Құқықтық ақпарат көзінің жүйесінде анықтаушы рөлге бұқаралық ақпарат
құралдары иеленеді, сондай – ақ жалпы құқықтық оқыту бұл жерде мемлекет
және құқық негіздерін тек заңгерлік мамандықта ғана емес, оны бала –
бақшадан бастап барлық оқу орындарында оқыту керек.
Құқықтық тәрбие беруде және оқытуда сот практикасы және сот қызметінің
жүйесіндегі ерекше мәнге шынайы әділдікті қалыптастыру қажеттілігіне ие. Ш.
Монтескье адамзат үшін әділдіктен артық еш нәрсе жоқ деп айтқан. Сондықтан
да сотқа деген құрмет және барлық қарама – қайшылықтарды сотта шешу
қажеттілігі, құқықтық тәрбиенің компоненті ретінде өз құқығын жүзеге
асыруда құқықтық тәрбиенің маңыздылығы туындайды.
Сайып келгенде мына амалға көңіл аударуымыз қажет, яғни өзін - өзі
тәрбиелеу барлық құқықтың субъектілердің құқықтық санасының құрылуына
тиімді әсерін тигізеді. Өзін - өзі тәрбиелеудің астарында құқыққа деген
құрмет қалыптастыру жатыр, яғни қажеттіліктерін ұйғарымдарға байланысты
өзін - өзі оқыта отырып және қатаң сақтап, өз тәжірибесінде және басының
дербестігі арқылы талдау жасауы керек. Кәсіпқой заңгерлердің арнайы өзін -
өзі тәрбиелеуге байланысты жеке тұлғалардың саналарына қатысты. өздерін
кәсіпқойлық деңгейге бағыттауға жол көрсету керек.(9;35)
Қорыта айтқанда, табиғи – құқықтық концепцияға сай және жалпы адамзат
құндылықтарын еске ала отырып, барлық күшті құқыққа сәйкес қатынастардың
дұрыс құрылуына бағыттау қажеттіліг туындайды. Нақты пәндік сипаттама
беретін болсақ тұлғаның интелектуалдық – эмоционалды – жігері құрамының
құрылуының мазмұнын құқықтық психология анықтайды, бұл жерде психология
ғылымы тікелей қатынасын көрсетеді.
Осы жерде мынаны байқаған жөн құқықтық білім беру және тәрбиелеумен
айналысуда санаға әсер ету қажеттілігін қандай болса тәрбиелеушінің
эмоционалдық жігері аясында да сондай дәрежеде болуы керек. Бұл жерде
белгілі амалдарды қолдану арқылы жүзеге асады. Ең алдымен сендіру және
ынталандыру, сондай – ақ мәжбүрлеу арқылы қорқыту және тікелей мәжбүрлеу,
заңда көзделген шараларды қолдану.
Таңдау бірінші кезекті тікелей әсер ету аясы (рационалды немесе
эмоционалды) тәрбиеленушінің психологиялық ерекшелігіне тәуелді, сол арқылы
оның құқықтық санасына әсер ету жағдайы туындайды. Одан құқықтық ақпарат
бөлінеді, оның мазмұны анықталады, әсер ету әдісінің жүргізілуі, бар
әдістерді кезектілікпен пайдалану.
Құқықтық сананы, яғни азаматтардың санасын тәрбиелуде тәжірибелік
жаттығулар ерекше тиімді (жеке және топтық), ойындар немесе нақты
проблемалық жағдайларды шешуді оқыту, іргелі теориялық білімге негізделуі
қажет. Оларды тек қана заңдылыққа ғана емес, сондай – ақ заңи ойлауға және
күнделікті қарапайым жағдайларды тәжірибеде жүзеге асыруға үйрету.
Құқықтық сананы, құқықтық мәдениетті тәрбиелеу – құқықтық тәрбиенің
ажырамас үрдісі.(9;37)
Қоғамның құқықтық өміріне әрбір индивидтің қатысуы, оның құқықтық
санасына өз әсерін тигізе отырып, сондай – ақ құқықтық білімін және
дағдысын игеруіне немесе меңгеруіне себепкер болады. Заңға бағынушылық және
әлеуметтік белсенділіктің қалыптасуы, оның құрылуына қоғаммен мемлекет
мүдделі болуы қажет. Құқықты үлкен әлеуметтік құндылық деп пайымдайтын
болсақ, онда мемлекет бірден – бір жеке тұлғаның бостандығын және сөз
бостандығын таратушы ретінде, заңдылықты бекіту құқықтық тәртіпті, қоғамдық
тәртіптің қалыптасуына себепкер болады. Заңға бағынушылық және әлеуметтік
белсенділіктің қалыптасуы, оның құрылуына қоғам мен мемлекет бірден – бір
жеке тұлғаның бостандығын және сөз бостандығын таратушы ретінде, заңдылықты
бекіту құқықтық тәртіпті, қоғамдық тәртіптің қалыптасуына себепкер болады.

Қазіргі таңда құқықтық нигилизмді (құқықты жоққа шығаруды) жеңуіміз
қажет, оған көпшіліктің таң қалуын тоқтатып, заңға деген сый, құрметтеуге
тәрбиелеу және жауапкершілік сезімдерін ояту қажеттілігі, яғни бұл жерде
коррупция, заңды басынушылықтар, заңды немқұрайлы қараудың құқықтық жүйеге
кереғар екендігін түсіндіру және қоғамдық моральді бейтараптық жаулап
алуына жол бермеу керек.(10;6) Қазақстан азаматтарының құқықтық санасын
кеңейтуде немесе қоғамдық сананы құрудың негізі адамгаршілік және
әлеуметтік әлемді тұрақтандыру арқылы, яғни барша азаматтардың қолдауымен
барлық қоғамдық топтардың, халықтың белсенді қызмет етуге және адам
құқығының шеңберін кеңейтуге жол ашу. Құқыққа немқұрайлы қарау қандай да
бір шектен шығушылық, әлеуметтік басқа да нормаларды, психологиялық жеке
тұлғаларда заңға деген жауыздықпен қарауы, демократиялық формадағы Не
істегім келсе, соны істеймін деген қарама – қайшылық құқықтық мемлекетті
және азаматтық қоғамды құру жағында үйінділерді білдіреді, яғни бұл жерде
осындай кереғарлықтарды жою керек. Бұндай әлеуметтік кереғарлықты жеңу
қажет, басынушылықты және нигилизмнің алдын – алу жұмыстарының (әлеуметтік
апатияны) бірден – бір маңызды құрамдас бөлігі болып азаматтарға құқықтық
тәрбие беру шараларының белсенділігі болып табылады.
Құқықтық сананы тәрбиелеу өнегелі табиғи байланыспен бастау,
демократиялық сананың барлық азаматтарға берілуі, қоғамдық мәдениеттің
көтерілу үрдісін қалыптастырады, сондай – ақ адамдарға әдәлеттілікті
бостандықты дұрыс иеленуге шақырады. Сонымен қатар демократияның дамуында
заңдылықтың және тұлғаның бостандығы, адам құқығы, оның азаматтық
жауапкершілік сұрақтары өзекті болып табылады. Адам бостандығы және оның
адамгершілігі, құқықтық нысанын мына формада адамдардың тұлғалық әрекетін
көруге болады: оның өзгелерге деген, қоғамға, мемлекеттік мүдделерге
құрметпен қарауынан, оның дұрыстығы яғни таза, өнегелі, ақылды т. б. сый –
құрмет сияқты әрекет негізіндегі қатынастарынан байқауға болады.
Осы салада ұлы ойшылдардың адамзат тарихындағы ойлауы, яғни даналық
ойларында адамдардың бостандығы және құндылықтары туралы орын алады. Көне
уақыттағы ойшылдарымыз Платон мен Аристотель бізге тамаша ойлар мен
тұжырымдамалар қалдырып кеткен. Платон былай деп пайымдайды: Данаға заңның
керегі жоқ – онда парасаттылық бар екен. Ойшылдың өзге де ойларын талдай
отырып, мемлекеттің дұрыс құрылуын әділ заңдарды шығарумен
байланыстыратынын көруімізге болады.
Философ Ф.Рабле Гаргантюа және Пантогрюэль деген философилық
романында Телемдік мешіт мүшелерінің өмірін былай бейнелей келе атап өтеді.
Олардың барлық өмірі заңға бағыну емес жарлықпен де емес және тәртіпке де
негізделмеген, ал олардың тек өздерінің ізгі еріктерімен және қалауы
бойынша, ал мешіттің жарлығы бірақ ғана тәртіптен тұрды: Не істегің келсе
соны істе. Ия бұл тәжірибе немесе тәртіпте индивидуализмге арналған идеяға
ие болады. Рабле Телемиттердің ерікті таңдау әрекетерінің себептерін
анықтай отырып былай деп жазады, бұл ерікті адамдар мейірімді ата- аналар
тегінен, білімді жанұядан, осының барлығы тәртіпті қоғамға айналады,
табиғаттың өзі түйсіктерді бөліп берген және қозғаушы күші оларды
күнделікті қайырымды істерді жасауға уағыздайды және бұл күш оларда
ізеттілік деп аталады.(62;117)
Құқықтық сананы тәрбилеу табиғи түрде жанұядағы адамгершілік
құндылықтар нормасын игерумен, мектепте рухани қарым – қатынаста, сонымен
қатар және құрдастарымен, достарымен және жолдастарымен ойнағанда игеріліп
қалыптасып отырады.
Бұл жерде адамгершіліктің іргетасы қаланады, осыған байланысты
құқықтық сана элементтері құрылады. Өмірде болып жатқан қалыпты ағымдағы
жағдайлар және тұрмыстық әлеуметтік қақтығыстарды бақылай отырып олардың
құқықтық нормалармен байланысын, заңдалық бағалықтар, құқықтық
түсінулерімен, көзқарастары жас азаматтардың сезімі дами отырып бекиді.
(16;148)
Құқықтық тәрбие, оның жалпы мәдениетпен ажырамас байланысында белді
орынға көркем әдебиет, бұқаралық ақпарат құралдары, сонымен қатар
теледидар, радио, газет мақалалары және т. б. жатады. Құқықтық сананы
тәрбиелеу жалпы қоғамдық мәдениет өмірінің құрамдас бөлігі, жас ұрпақты
тәрбиелеуге араналған мемлекеттің әлеуметтік қызметі. Құқықтық азаматтар
үшін, бұл бұқаралық қоғам санасының дамуына ықпал ете отырып тәрбиелеу.
Тәрибелік жұмыс бұл жеке тұлғалардың құқықтық санасын көтере отырып, жалпы
заңдылық прициптерді және мемелекеттің, қоғамының барлық талаптарына сай
түсінушілікті қалыптастыру.
Құқықтық рухтағы тәрбие, заңдылық құқықтық білім берумен шектеліп
қалмайды, заңға, құқыққа деген позитивті қатынастың қалыптасуына және оның
құқықтық мәдениетте тұлғалардың құқықтық белсенділігінің артуымен аяқтайды.
Тұлғаның құқықтық мәдениеті заңдылық білімінің негізімен сиптталады:
құқыққа, заңға деген құрметі, саналы түрде құқық нормасын сақтау,
әлеуметтік заңдылық жауапкерішілігін түсіну, құқық бұзушылыққа жол
бермеумен, онымен күресуді білдіреді. Азаматтардың өздерінің мемлекет және
қоғам алдындағы жауапкершіліктері және құқықтары мен бостандықтары құқықтық
мәдениеттің құрамдас бөлігі екенін түсінуі.(16;150)
Адамның құқықтық санасында мемлекетпен және оның органдары арқылы өз
құқығының қорғалуына сеніміділік сезімі қалыптасып, заңдылық мүдделерін
қолдануға және мемлекеттің алдына қоятын міндеттерінің әділдігі және ол
басқа азаматтармен құқықтық теңдігі, яғни ол басқа азаматтармен заң және
сот алдындағы тең екендігіне сенуі. Азаматтардың құқықтық мәдениетін
көтерудің құралы болып құқықтық насихат, азаматтық заңи білімдерін дамыту,
заңдылықты тәжірибеде нығайту табылады.
Азаматтарға әсер етудің үлкен тәрбиелік мәні негізінен жастарға
жетекшілерінің өнеге көрсетулері, сонымен қатар мемлекеттік ақпараттық
өкілді тұлғалары заңды мүлтіксіз сақтауға, қылмыспен күресуге бағыттауы
керек. Құқықтық мәдениет – азаматты өзінің мемлекет және қоғам алдындағы
міндетін саналы түрде жүзеге асыруын талап етеді (50;5).
Ата – бабаларымыз Ақыл жастан, асыл тастан дегенде елдің ертеңі
халықтың болашағы, ескі мен жаңаның арасын жалғастырып жататын алтын
көпірдің жастарымыз екендігін меңзесе керек.
Тәлім – тәрбие жұмыстары бәрімізге ортақ іс, сондықтан ол кешенді
жүргізілуі тиіс. Жалпы, тәрбие дегенде нені ұғынамыз? Тәрбие дегеніміз –
жастардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және
оларға өздерінің бір-біріне, жанұяға, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға
деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дамыту жөніндегі
тәрбиешілердің арнаулы мақсат көздеген қызметі (55;118).
Халқымыз әр жастағы адамдардың көңіл – күйі, сезімдері, мінез
ерекшеліктері, түсінік талғамдары, сенім, қызығулары, әдет-дағдылары бірдей
болып келмейтіндігі жөнінде де қызықты пікірлер айтқан.Сөз маржандарында
адамның жас өзгешеліктері негізінен балалық, жастық, кемелдік және кәрілік
шақ секілді басты-басты мақтау жетілдірмейді, тәрбиелеп баптау жетілдіреді,
Балапан ұяда не көрсе, ұшарда соны іледі,- дейтін мақал-мәтелдер баланы
құр айналайын дей бермей оны адамгершілікке, отбасынан, ұшатын ұясынан, әке-
шешесінен алатын тәрбие қандай болса, көп жағдайда оның алдағы өмірі де
соған орай құрылады деген ойды аңғартады.(61;4)
Халық даналығына үніле түссек, одан: Қатарына қарап бала өсер,
Бала-көктеп шыққан қызыл гүл, солдырмайтын жолын іздеп таба біл - дейтін
мақалдарды көп іздестіреміз. Мұндағы тұжырымдар болған жастың мінез-
құлқының қалыптасуында оның өскен ортасының қатар-құрбы, жолдас-
жораларының, сондай-ақ ата-ана, ұстаз, тәрбиешілердің өнеге үлгілері де
айрықша маңызды екенін жақсы аңғартады. Кез-келген тәрбиенің маңызы зор,
әйтсе де құқықтық тәрбиенің орны ерекше.(25;3)
Әлемдік мәдениетті бір-бірінен өзгеше мемлекеттер мен елдер, ұлттар
жасайды. Бүкіл әлемдік өркениетте миллиондаған халқы бар алып елдің де,
өзіне лайық орны сақталуы тиіс. Азаматтардың ұлттық намысы жоғары ел –
бүкіл адамзаттың мақтанышы. Оқу мен тәрбиені бір арнаға құйғанда өз
халқының асыл адамгершілік қасиеттерін, мәңгі жасар салт – дәстүрі мен
өнерін қаны мен жанына сіңірген ұрпақтың бойында ұлттық сана қалыптасады.
Ұлттық санасы қалыптасқан адамның ұлттық намысы жоғары – ұлтжанды. Ал
ұлтжанды азаматтардан тәуелсіз елінің абыройы асқақ, мәртебесі биік, мерейі
үстем, аспаны ашық бақытты болмақ. Ұлтжанды азамат басқаға жау көзімен
емес, дос көзімен қарайды. Оның осал болуға құқығы жоқ, себебі ол өз
ұлтының абыройы үшін жауапты. Оның міндеті құқықтық тәртібін сақтау, ел
тыныштығын, Отанын қорғауға, бұзақылықтан, зиянды әрекеттерден аулақ болуға
тәрбиелеу.(25;9)
Құқықтық тәрбие – белгілі бір мақсатқа бағытталған процесс болуы
керек. Себебі, бұл процесс көп өлшемді, ұзақ және үздіксіз процесс.
Бір мезгілде адамгершілік тәрбиеден құқықтық тәрбиенің нәтижесін
оңай ажыратып, белгілеуге болады. Бұл қоғамдық қатынастарды құқықтық
реттеумен, белгілі құқықтық нормалардың формальды логикалық берілуіне
байланысты. Құқықтары тәрбие процесстің қозғаушы күші болып әрекет жасау
қажеттігі, қарама-қайшылығы табылады. Мұндай жағдайда адам құқықтары мен
міндеттерін, жасайтын әрекетіне байланысты мүмкіндіктерін пайдаланады.
Мысалы: 15 жастағы жеткіншек ата-анасы сыйлаған велосипедін
жолдасына сатты. Ата-аналарының аталған мәмілеге келу үрдісіндегі ата-
аналарының біреуінің рұқсаты керек екендігін білмейді.Қарама-қайшылық
жеткіншектің меншік құқығын жүзеге асыруы мен жағдайды толық
білмейтіндігінің арқасында туындап отыр. Бұл жағдайдан құқықтық тәрбие
жүйесінде құқықтық оқытудың қажет екендігін көреміз. Сонымен құқықтық
тәрбие беруді, құқықтық оқытудан бастаған жөн демекпіз.(15;28)
Жастарға құқықтық білім беруде оларды заңдармен таныстырудың маңызы
өте зор. Дегенмен, заңдармен танысу, құқықтық нормаларды, ережелерді білу-
аясы тар мақсат емес. Құқықтық тәрбие сана - сезімінің қалыптасуы –
жастардың өздерін азамат есебінде сезінуіне көмектесуі қажет. Тек қана өз
басы заңды бұзбай, оны орындаумен шектелмей, әр азамат өзін қоғам
қайраткері, мемлекет пен қоғам ісіне белсене қатысатын азамат екенін
түсінуі қажет. Тек сонда ғана құқықтық тәрбие берудің қоғамдық мәні барын
байқаймыз. Ал құқықтық тәрбие беру жанұядан басталып, мектепте
жалғастырылса, құқықтық сананың қалыптасуында зор табысқа жетуге
болады.(15;29)
Құқықтық тәрбие тек құрғақ білім таратудың жолы емес. Оның негізгі
міндеттерінің бірі – заң талаптарына сәйкес мінез-құлықты қалыптастырып,
оны дағдыға, әдетке айналдыру. Демек, құқықтық тәрбие оқушылардың мінезіне,
жүріс-тұрысына, әдетіне дұрыс жадында әсер етіп, заңды құрметтейтін, заңға,
оның талабына сәйкес әрекетке дайын азаматтар даярлауға бағытталған.
Ұзақ жылдар ағымындағы уақытта қоғам үшін және оның өмір сүруіне
қауіпті болған және қазіргі уақытта да оны болдырмаудың жолын қарастырған
өзекті мәселелердің бірі болып қылмыс табылса бұл мәселенің шешімі құқықтық
тәрбие деп нақты басып айтуға болады.
Адамды жанұясы, мектеп , қоғам тәрбиелейді. Жанұяның қабілеттілігі
құқық бұзушылықты ескертуде тиімді реттеуші және шешуші болып саналады.
Жасөспірімдердің бағынбауы, айтқан тілді алмауы және тағы басқа да қоғамға
қарсы әрекет формалары құқық бұзушылыққа жол беретін көрсеткіш.
Тек қана жанұяда негізгі әрекеті қалыптаса қоймайды, жасөспірімдерге
мектеп қабырғасының өзі жүрген ортаның маңызы өте зор.(63;59)
Мектеп жұмыстарын қоғамның өзгеру, дамуына қарай қайта құру
саласында жасалып жатқан игі істер - өскелең жасты тәрбиелеуде маңызды рөл
атқарады. Қайта құру тек қана сапалы білім беру, мектеп құрылысын
өзгертуден басқа оқу тәрбие жұмысын да қамтиды. Соның ішінде жастарды
құқықтық тәрбиелеу мәселесін жаңаша қойып, оны шешудің жолдарын көрсетеді.
Себебі құқықтық тәрбие беруде мектептің алатын орны ерекше. Сондықтан
құқықтық тәрбие берілуі мектептен басталғаны дұрыс болар.
Қазіргі кезде орта мектептің тәрбие барысындағы қызметіне баса назар
аударылып отыр. Олар: құқықтық мемлекетті құрудағы жастардың өзін-өзі
сезінуі, басқаруы, жауапкершілігіне және оларды тәрбиелеуде жоғары
азаматтық сапаға жетуі қажет.
Мектепте құқықтық тәрбие беру үрдісін кезең-кезеңмен өткізу керек.
Атап айтсақ:
1-4 сыныптар;
5-8 сыныптар;
9- сынып;
10-11 сыныптар;
1-4 сыныптар: алғашқы құқықтық ұғымдармен танысады, яғни бастауыш
сыныптарда адамгершілік тәрбиесіне баса көңіл бөлінеді. Содан кейін
әркімнің өз істеген ісіне жауапкершіліктің болатыны түсіндіріледі. Мысалы ,
олар мектептің өздеріне бұрын беймәлім ішкі тәртібін меңгереді, міндеттерін
ұғынады, алғашқы қоғамдық тапсырмаларды орындайды. (Кезекшілік,
санитарлар). Осы әркеттер барысында оларда сынып, мектеп алдында
жауапкершілік сезімдері қалыптасады.
5-8 сыныптар: бастауышта алған құқықтық білімді жетілдіреді.
Қазақстан Республикасы заңдары туралы жалпы мағлұмат және міндеттерімен
танысады, қоғамдық жерлердегі ережелерді түсініп, талқылап сақтайды.
Оқушылардың саналы әрекеті қалыптасады. Тәртіп бұзушылыққа төзбеу, жеке
жауапкершіліктің қалыптасуы (қоғам алдындағы жауапкершілік.Құқық бұзушылық
салдарынан арнайы мектептерге мәжбүрлеп жіберу мүмкіндігі).
9-сынып: арнайы құқық негіздері курсы оқытылады.
10-11 сыныптар: Мемлекет және құқық мәселелері бойынша теориялық
тұрғыдағы мәселе қозғай алады. Құқықтық жағдайлар мен айғақтарды нақты өмір
жағдайларымен байланыстырады. Адамдардың әрекетіне баға беру, құқықтық
дағды қалыптасады. Қоғамға қарсы әрекеттен сақ және оны болдырмауға
тырысады. Дүние танымы қалыптасып, құқықтық мәдениеті өсе түседі.(16;49)
Мектепте оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру бір жақты ғана
болмауы керек. Сондықтан оның сабақтан тыс нысандары бекітіледі. Мысалы:
- Мектеп жарғысымен танысу;
- Мектеп заңдарын қабылдау. Оны қабылдау барысында оқушыларға кең
мүмкіндіктер беру. Аталған шараларға оқушыларды мейлінше көптеп
тарту;
- Жыл сайынғы құқықтық апталық өткізу. Оның жоспарын жүйелі түрде
жасау;
- Құқықтық тақырыпта айлық өткізу.(Балаларды нашақорлықтан қорғау).
- Құқық тақырыбында Көңілді тапқыштар клубын ұйымдастыру.(Адам және
заң, Заң және біз, Темекі соты, Түсініксіз жастарт.с.с.)
- Қиын балалармен тұрақты тазарту. Кеңестің жұмыс істеуі. (Ата-
аналарды әр түрлі санаттағы оқушыларды кеңестің жұмысына қатыстырып
отыру керек).
- Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастыру;
- Құқықтық үйірмелердің жұмыс істеуі. (Жас заңгер, Құқықтанушы).
Үйірме белсенді оқушылардың қатысуымен құрылып, тұрақты жұмыс
атқаруы керек.
- Құқықтық аппараттық орталықтың жұмыс істеуі. Оның арнайы бұрышы
болуы керек. Стенділері, құқық тақырыбындағы қажетті басылымдар бір
жерге шоғырлануы қажет. Оны тек құқық пәнінің мұғалімдері ғана емес,
оқушыларда пайдалана алатындай жағдай туғызылуы керек.
- Бала құқығының педагогикалық Кеңесінің жұмыс істеуі. Оның мақсаты
бала құқығына қатысты құжаттармен оқушыларды таныстыру және оның
іске асырылуын қадағалауға баулу.
- Құқық тақырыбына сынып жетекшілерінің семинарлар өткізуі.
- Құқықтық білім олимпиадасын ұйымдастыру. Ол жыл сайын дәстүрге
айналуы керек.
- Құқық білгірлерінің конкурсын ұйымдастыру.
Аталған шаралар бойынша оқушы жастарды құқықтық оқытудың мәнісі-
құқықтық білім алуды үздіксіз және кезең-кезеңмен ұлғайту және тереңдету,
заңды құрметтеу дәстүрін қалыптастыру болып табылады. Бұл қоғамда келеңсіз
жағдайларды болдырмауға көп септігін тигізеді.(16;50)
Азаматтардың құқықтары мен қатар міндеттері де бар екенін ұмытпау
керек. Мишель Монтень айтқанындай, Ережелердің де ережесі және заңдардың
ең басты заңы әркімнің өзі тұратын елдің заңдарына бағыну міндеттілігінде
болып табылады.
Біз әркімнің дербес құқықтарын сақтауды ғана емес, сонымен бірге
баршаның заң алдындағы теңдігі принципін сақтауды, тұрақтылық пен
мемлекеттік даму өскелеңдігінің негізгі қоғамдық қауіпсіздік тәртібін
құруды қамтамасыз ететін заң кіршіксіз беделге ие мемлекет құруға
тиіспіз.(41;5)
Жалпы алғанда, құқықтық тәрбиенің орнын тек теориялық тұрғыдан
қарастыру жеткіліксіз болады, сондықтан құқықтық тәрбие практикасын
дамытудың кейбір жолдарын анықтап алғанымыз жөн.

ЕКІНШІ БӨЛІМ

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ

2.1. ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ БОЛАШАҚ ЖАСТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ

Азаматты қалыптастыру процесіндегі құқықтық тәрбие практикасы әр
адамда тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын сақтайтын, заңның бұзылуына
қарсы келетін, құқық пен табиғатты қорғайтын қасиеттерін қалыптастыру
әдістерінің кең қолданылуына талап қояды. Оқушыларды азамат ретінде
тәрбиелеу құқықтық сана – сезім мен мәдениетінсіз жүзеге аспайды. Осы
бағыттағы тәрбие бойынша оқушыларды адам құқықтары мен бостандықтарын
сақтауға белсене қатысуға, қоғамдық қылмыстан қорғауға, заңдарды дұрыс
орындауға және құқық қорғау қызметтеріне даярлау қажет. Мектеп оқушыларын
құқықтық тәрбиелеу ерекшеліктері, тек олардың құқықтық білім сипатының
деңгейіне ғана қатысты емес, сондай-ақ заңды әрекетінде де көрініс алады,
- дейді орыс ғалымы Г. П. Давыдов.
Жалпы алғанда Мәдениет ұғымының адамдар қауымы жасаған, дамудың
белгілі бір деңгейін анықтап, сипаттайтын материалдық рухани құндылық деп
түсінеміз. Ал, құқықтық мәдениет өзінің құрамы ерекшелігі бар қоғамдық
мәдиниеттің бір бөлігі. Тұлғаның құқық туралы ой-пікірлері, сезімдері мен
пайымдаулары және де саналы түрдегі қажеттіліктерін құқықтық мәдениет деп
атайды. (28;23)
Қазақстандық заңгерлердің ойлары бойынша Құқықтық мәдиниет - қоғамның
құқықтық санасының айнасы. Өйткені, бұл мәдениет адам қоғамының өткен
формацияларының құқықтық мәдениетінің жетістіктерін жинақтап біріктіріп
отырады. Құқықтық сана мен мәдениет тығыз байланыста ұштасып жатыр. Ал,
құқықтық санаға келетін болсақ; Қазақстан республикасының азаматтарының
жүзеге асырылып жүрген заңдарға оларға қолдануға, азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға
құқық сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі –
құқықтық сананы береді.
Ал, құқықтық сана екі элементтен тұрады:
1. құқықтық психология
2. құқықтық идеология
Құқықтық психология қоршаған құқықтық болмыстың әсерінен қалыптасып
пайда болатын, құқықтың құқықтық сананың бастапқы тәжірибелік сатысы.
Құқықтық идеология: құқықтық психологиясына қарағанда әлдеқайда
жоғары, ғылыми – теоретикалық деңгейдегі құқықтық сана. Онда адамдар
құқықтық құбылыстың терең мағынасына жетіп пайымдайды.
Құқықтық сана субъектілері әлеуметтік тұрғыда мыналар:
1. Жеке тұлға – адамдардың құқықтық санасы есін білгеннен
қалыптаса бастайды.
2. Ұжымдық құқықтық сана - әрі ұжымның қызметінің
ерекшеліктеріне байланысты ұжымдық құқықтық сана – сезім
қалыптасады.
3. Топтық құқықтық сана: адамдар жасына жынысына, ұлтына,
әлеуметтік жағдайына мүліктік жағдайына т. б. ерекшеліктеріне
байланысты сан алуан түрлерге бөлінеді.
4. Халықтың құқықтық санасы: халықтың, қазақтарда қалыптасып
отырған құқыққа деген көзқарасы.
Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда құқықтық мәдениет
ұғымынның тар және кең мағыналары есепке алынып отырылуы қажет. Тар
мағынасы: заңдылықтың құқық шығармашылық және құқық қолдану органдарының
жалпы жағдайын құқықтық даму деңгейін бейнелейтін жеке азаматтар мен барлық
халықтардың құқықтық санасы, оның қоғам өміріндегі орны мен ролі. Кең
мағынасында құқықтық мәдениет заң мамандарын дайындау және құқықтық
мәртебелік, құқық мәселелері бойынша ғылыми басқармалардың дамуы,
адвокатура және т. б.
Жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қоғам құрамындағы ерекше
орынға, өзіндік құқықтық беделге, оларға тиесілі психологиялық өсу
ерекшеліктеріне, сонымен бірге құқықтық санаға ие болуы тиіс. Заңгерелердің
тұжырымдамалары негізінде – құқықтық сана халықтың адамдардың саяси және
құқықтық жауапкершілігін арттырады, өздерінің заңдарда қаралған құқықтары
мен міндеттерін адал орындап отыруына, мемлекеттік және еңбек тәртібін
қатаң сақтауға зор үлес қосады. (28;26)
Құқықтық мәдениет адамгершілік санаттарымен байланысты Академик Д. С.
Лихачевтің айтуы бойынша Қоғамда мәдениетсіз адамгершілік болмайды.
Адамгершілік нышандарынсыз әлеуметтік, экономикалық заңдар жүзеге аспайды,
шешімдер орындалмайды. Қазіргі ғылым өмір сүрмейді (39;12).
Қалыпты жағдайдағы адамның тәртібі, іс - әрекеті саналы түрде
қабылданған шешімдері арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде сананың деңгейі,
сезімдік дамудың адамның әрекетіне әсері бар екенін мойындаймыз. Сананың
өзі белсенді әлеуметтік іс - әрекеті нәтижесінде қалыптасады. Мұның өзі
сана және әрекет мәдениеті мен адамдар қатынасы мәдениетінің бәр мағынаға
сыятынын көрсетеді.
Үш қабаттан тұратын үйді көз алдымызға елестетейік. Бірінші қабатына
құқықтық білім және оны меңгере алу икемдігін орналастырамыз. Екінші
қабаттан құқыққа деген қатынас орын алсын. Ал үшінші қабатта құқықтық
мазмұндағы әр түрлі жағдайдағы тәртіптер мен әрекеттер болсын. Барлық басқа
үйлер сияқты біздің үйдің де ірге тасы бар. Адамның құқықтық мәдениетінің
ірге тасы болып оның саяси және адамгершілік көзқарсы мен ішкі нанымы
табылады. Төмендегі аталған жағдайлар ірге тастың қалай қалағанына
байланысты болады.
- құқықтық білімнің сапасы және оны қолдана алу;
- заңға қатыстылық сипат (заңды сыйлау сезімі, заңдылықты сезіну);
- құқық нормасын орындауға дайын тұрушылық, заңдылық пен құқықтық
тәртіпті нығайтуда белсенділік көрсету.
- Н. Г. Суворова өз еңбектерінде құқықтық санасы жас өспірімедрдің
өзара қатынастарының шеңберінде негізделетін құқықтық құбылыстармен
нормалардан көрініс алады. Оқушылардың құқықтық көзқарастары,
олардың саналарында толық қаллыптаспаған. Санасы мен тәртібі енді
қалыптасу деңгейіндегі жас өспірім тәрбиелеудің негізгі объектісі
болып табылады. Оқушыларға құқықтық тәрбие берудегі негіз – құқық
нормаларын танып білу және дұрыс меңгеру. (21;22)
Осы аталған ерекшеліктердің барлығы еліміздің саяси өміріміздің
нысанды фокторы жас өспірімдердің әлеуметтік қорғансыздығын күшейтеді.
Түбінде құқықтық сана,жас адамның әрекеті кездейсоқ пайда болатын құқықтың
ақпарат ықпалынан туындайды. Оның барлығы қоғамдық салаға сәйкес келмейтін
жеке немесе толық сананың қатысуымен жүзеге асады. Мектеп оқушысының
құқықтық тәртібін қалыптастыруда қоғам өмірінің барлық салалары мен оқу
тәрбиелік жұмыс жүйесінің барлығы қызмет атқаруы тиіс.
Ал, қазіргі жағдайда қоғамымыздың құқықтық мәдениетінің қалыптасуы
біркелкі емес десе болады. Шынтуайтқа келгенде, бұқаралық ақпарат құралдары
құқықтық нигилизм, заңдық озбырлық және заңдық мәдениетсіздік тақырбын
көтермейтін күн жоқ. Құқықтық нигилизімнің етек жаю ауқымы кеңейіп барады.
Көп жағдайда құқықтық нигилизм қоғам дамуының тарихи жолы ерекшелігінің
туындысы болып табылады. Көп уақытқа созылған құқықтық озбырлық қоғамдық
санада тұлғаға қол сұқпаушылық барлық адамдардың заң алдында бірдей болуы,
сотта іс қараудың әділ болуы сияқты басты демократиялық принциптердің
шынайылығына деген сенімсіздіктің туындауына алып келді. Ал қазіргі өтпелі
кезеңде қоғамдық санадағы заңдық нигилизмді азайтуға септігі болмай отыр,
бұл басқасын айтпағанда экономикада сондай – ақ қоғам өмірінің өзге де
салаларында криминогендік алғышарттың ұлғаюына әкелді. Бүгін құқықтық
мемлекет қалыптастыру жолында құқықтың қоғамдық өмірде алатын орынына деген
бұрыңғы көзқарасты өзгерту керек. Мемлекет пен құқықтық өзара қатынасында
құқықтың ролі басым болуы керек, ал барлық мемлекеттік органдар заңға,
қолданыстағы заң нормаларына сөзсіз бағынуға тиіс.
Қазір қоғамдық қатынастарды заманға лайық ету, құқықтық мелекеттік
қалыптастыру бағытында таңдау жасалған кезде құқықтық мәдениет, оның
деңгейін жоғарлату кезек күттірмес мәселеге айналып отыр және оның табысты
шешілуі қазақстандағы мемлекттік құқықтық құрылыстың тағдырына көп әсерін
тигізеді. Әзірше құқықтық ақпарат пен насихаттың бірегей жүйесі жоқ,
құқықтық білім негіздерін мақсатты оқыту, нормативтік материалды және заң
әдебиетін көпшіліктің қолы жетерліктей жариялау жолға қойылмаған. Құқықтық
мәдениетті жоғарылату мәселелері – қоғамының өмір сүруінің объективтік
жағдайларының өзгеруіне, мақсатқа бағындырылған идеологиялық, ұйымдық
жұмысқа. әлеуметтік – заңдық шараларды жүзеге асыруға байланысты ұзақ
процесс екенін қайталап айтқан артық болмас. Осындай жағдайда құқықтық
сананы қалыптастыру мемлекеттік билік институттары алдында тұрған аса
маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Осы міндет орындалмай азаматтық
қоғам құру, өмірдің көптеген саласын реформалау, әлеуметтік жағымсыз мінез
– құлыққа қарсы пәрменді күрес жүргізу мүмкін емес. Әрине, бүкіл заңдарды
білу іс жүзінде мүмкін емес, әсіресе заң мәселелерімен арнайы айналыспайтын
азаматтар үшін бұл тіпті қиын. Сондықтан азаматтардың білуі үшін неғұрлым
қажетті және қолданыстағы заңнамада бағыт бағдар ұсталуға мүмкіндік беретін
заңнама салалары мен ережелерін айқындап алу міндеті тұр. (39;12)
Заңнамаға қол жетушілік, менің ойымша нормативтік құқықтық кесімдерді
білудің аса маңызды алғышарты болып табылады. Қазір демократиялық қоғамға
және нарықтық экономикаға қарай бет бұрыс жасау заңнама ролінің күрт
жоғарлауына алып келген кезде оған қолжетушіліктің мәні айтарлықтай арта
түсуде. Заңнаманы ресми баслымдарда жариялаудың өзі жеткіліксіз. Оны басқа
баслымдарда қосымша жариялау, заңнаманың ең маңызды ережелері бойынша
мамандарды сөйлетіп, түсіндірме беру мүмкіндігін қарастыру қажет. Құқықтық
көптеген жаңа нормаларын, әсіресе олар бір – біріне қарамақайшы келетін
жағдайда, ал бұл сирек құбылыс емес, маманның көмегінсіз түсіну мүмкін
емес.(39;14)
Құқықтық білім беру және қоғамды жетілдіру мәселелері өзара
байланысты. Заманның өзі осы проблемларды қоғамының қажетіне айналдырды,
өйткені мемлекетіміздің дамуының түбегейлі жаңа сатысы оның зияткерлік,
мәдени және ізгілік әлеуетіне тікелей байлансты. Мұның бәрі өзгерген
қоғамдық өмір шындығына сай құқықтық білім берудің ерекше маңызын айқындап
отыр.
Құқықтық білім беру міндетін орындауды мектептен бастау керек, бұл
процесс үздіксіз болуға тиіс, онда құқықтық сауат пен ізігілікті тәрбие
беру үйлесім табуы керек. Құқықтық білім беру жүйелі мақсатты, құндылқты
болып, мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін жоғарлатуға бағытталады. Ал
құқықтық мәдениеттің өзі мінез – құлық ретінде көрініс табатын тұлғаның
құқықтық дамуының сатысы ретінде қарастырылуы тиіс. Біз мектеп оқушылары
құқықтық білімді жақсы меңгеріп, оны, құндылық ретінде қабылдауына және
оларда заңды мінез – құлыққа бағытталған әлеуметтік – құқықтық ұстаным
болуына ұмтылуымыз керек. Бұған мектептер, жоғарғы оқу орындары, қоғамдық
институттар, ғылыми мекемелер мақсатты жұмыс жүргізген жағдайда ғана қол
жеткізуге болады. Құқық азаматтарды қорғайды, олардың өмірін реттейді,
сондықтан қоғамның лайықты азаматы болу үшін құқықтық нормаларды білу
шарт.(54;87)
Заңгер ғалымдардың, педагогтардың құқықтық білім барлық жастағы мектеп
оқушыларын тұтас қамту керек деген пікірімен келіспеуге болмайды. Елмізле
құқықтық білім беру тұжырымдамасын негіздеу үшін теория мен тәжірибе
негіздерін, еліміздің өз тәжірибесін, оның тарихи өмір шындығын, сондай –
ақ шетелдік педагогика дәстүрлерін теориялық тұрғыдан түйсіну қажет. Осы
жолда тұжырымдаманы, яғни адам құқықтарын оқытудың мақсаты мен міндеттерін
мазмұнын іріктеуді, біздегі білім беру жүйесінің өзіндік ерекшеліктерін
ескере отырып осы мазмұнды жүзеге асыру әдістерін, нысандары мен амалдарын
таңдауды айқындау бойынша шетелдік әріптестеріміздің тәжірибесін
шығармашылықпен пайдалануға болады. (54;89)
Бұл жағынан Әділет министрлігі білім беру жүйесіне айтарлықтай жәрдем
бере алар еді. Алайда, мұнда да қиындықтар жоқ емес. Жеті жарғы баспасына
материалдық – техникалық қолдау кқрсету мәселесі әлі күнге дейін шешілмей
отыр.
Құқықтық педагогиканың жалпы теориясы бойынша, жастарға құқықтық білім
берудің түпкі мақсаты – заңды саналы түрде сыйлауды және оны өмірде
белсенді түрде пайдалана білуді қалыптастыру. Алайда, іс – жүзінде жағдай
басқаша. Елімізде құқықтық білім беруге жеткілікті назар бөлінбейді.
Жаңадан әзірленген Адам және қоғам атты бағдарламада, өкінішке орай
құқыққа аз орын бөлінген. Оқу орындарында әліге дейін сапалы оқу
әдебиеттерінің тапшылығы байқалады, баламалы оқулықтар, құқық тақырыбында
көрнекі дидактикалық материалдар жоқ, ал қолда бар құралдардың мемлекеттік
тілге аударылуының сапасына көңіл толмайды. Өкінішке орай, оқу
орындарындағы құқықтық білім беру қазірдің өзінде факультативтік сабақ
деңгейінде қалып отыр, құқық бойынша бағдарламалар мен оқу құралдары заман
талабына сай келмейді және сын көтермейді. Аймақтарда, әсіресе ауылдық
жерлерде құқықтық білім беруді қамтамасыз етуді қолға алу қажет.
Сонымен, құқық түсіндіру жұмысын тиімді жүргізуде жаңа көзқарас
қалыптастырып, пәрменді әдістер қолдану – түбінен жаңа әдістер мен көзқарас
қолдану – заман талабы. Сол себепті заман ағымынан қалмай, сандық
көрсеткіштерден сапаға өтуіміз қажет.
Адамдар өмірінде шарықтау сәті бар, ол егер дұрыс пайдалана білсе,
табысқа жеткізеді. Егер оны қолдан шығарып алса, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі жағдайда жеткіншектерді азаматтыққа тәрбиелеу
Жеке адам және саясат
Рухани-жаңғыру бағдарламысын жүзеге асыру аясында мектеп жасына дейінгі балаларды руханиадамгершілік және патриоттық тәрбиенің негізі ретінде дәстүрлі құндылықтарға тарту
Діни философия мен таным негіздері және зайырлылық
Тәрбиенің түрлері
Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі білім беру жүйесін жетілдіру
Азаматтық құқық қабілеттілігі
Қарттарды әлуметтендірудегі әлеуметтік педагогтың ролі
Құқықтық мәдениет жайлы
Конституциялық құқық
Пәндер