Нарық талабына орай ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ұйымдық-құқықтық формаларының қалыптасуының ғылыми негіздері


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ҚР-ҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1 Қазақ елінің ауыл шаруашылық экономикасының даму жолдары . . . 5

1. 2 Ауыл шаруашылық қатынастарының экономикалық дамудың теориялық негіздері . . . 14

1. 3 Дамыған мемлекеттердің ауыл шаруашылық тәжірибесі: Қытай Халық Республикасының ауыл шаруашылығы. . . . 24

2 НАРЫҚ ТАЛАБЫНА ОРАЙ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ФОРМАЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

2. 1 Ауыл шаруашылық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық формалаларының негізгі міндеттері . . . 27

2. 2 Ауыл шаруашылық кәсіпорындардың түрлі ұйымдық-құқықтық формаларының заңдық экономикалық мазмұнын салыстырмалы талдау және олардың ауыл шаруашылығында жұмыс істеу мұмкіндіктерін негіздеу . . . 33

2. 3 Нарыққа жағдайында ауыл шаруашылығының дамуына инвестициялар тарту мәселесі және оны ынталандыру жолдары . . . 48

3 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

3. 1 Ауыл шаруашылығының әлемдік аграрлық нарыққа интеграциялануының ғылыми негіздері . . . 52

3. 2 Ауыл шаруашылығының Халықаралық қаржылық есептілік стандартын қолдану аясы . . . 58

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазақ елі тәуелсіздік алған жылдардан бері талай-талай қиындықтардан өтіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Еліміз ойдағыдай жұмыс істеп нарық экономикасын құрды. Мемлекетіміздің қазынасында, әлеуметтік жағдайы да түзеле бастады. Қазына саласын түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік.

Бірақ әліде ауыз толтырып айта алмайтын салаларымыз бар. Солардың бірі ауылшаруашылық саласы. Ауыл шаруашылығының мәселесі қазіргі кездегі өзекті мәселе. Ауылшаруашылық саланы (секторды) дамыту мақсатында соңғы жылдары мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына көптеген жағдайлар көрсетілуде, яғни ауылшаруашлық салаға мемлекеттік реттеулер, бағдарламалар жасалды. Бізге «ауылшаруашлық өнеркәсібін кешені мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заң қабылдау қажет еді.

Осы еңбегімде аталған іс-шараларға тоқталып, олардан қандай нәтиже шыққандығы туралы, әліде болса аграрлық сектор мемлекет тарапынан қандай қолдауларды қажет ететіндігі туралы сөз болады.

Алдағы уақытта Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру барысымызда бұл мәселе туралы тереңірек ойланып, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне айырықша талаптар қойылатын болады. Ендігі жерде ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру мен өңдеу саласында кластерлік бастамшылықты іске асыру арқылы аграрлық өндірісті беиімдеуге (индустрияландыруға) айырықша назар аудару қажет. Жеке меншік салаларының (сектордың) назарларын аудару керек, сондай-ақ несиелерды де, атап айтқанда Агырарлық беимдеу мақсатында тарту керек.

Елбасымыз биылғы Қазақстан халқына жолдауында да ауыл шаруашылығына қатысты мәселелер туралы сөз қозғады.

«Қазақстан-2030» стратегиясын дәйектілікпен орындау өзіміздің алдағы ілгерілеуіміз үшін берік негізді қамтамасыз етті. [3]

Бізде бұрынғыдан да табыстырақ алға басуымыз үшін барлық негіз бар, біз мұндай тарихи мүмкіндікті естен шығармайтын боламыз.

Сол үшін де Қазақстанды жеделдете жан-жақты жаңғырта дамыту жолы таңдап алынды. Бұл біздің бұдан былайғы дамуымыздың бірден-бір дұрыс арнасы.

Мқсаты: Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылық қатнастарды ашып көрсету заңдық тұрғыдан ретке келтіру, даму бағтын айқындау, әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып техникалық жетістіктерді жалпыластру өнімділкті арттыру, дүние жүзілік сауда ұйымна кіруде бәсекелес бола білу.

Міндеті: Ауыл шаруашылығын дамытуда құқықтық нормаларды дамыту, дамыған мемлекеттердің тажірибесінен ғылыми техникалық жетістктерін үйрену Қытай еліның ауылшаруашлық жетістктерын үйрену.

Зерттеу объектісі: Отандық ауылшаруашылық саласын дамыту бағыттарын, кедергі келтіруші мәселелер, теориялық, құқықтық, дамыған мемлекеттер тәжірибесі осыларды үйрене отырып дүние жүізілк бәсекеге қабілетті болу.

Бұл жолда еліміз әр қайсысы өңірдің нақты жағдайын ескеріп, әрі әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзімізде іске асыра отырып, біздің:

Біріншіден, қандай да бір табыстарға қолымыз жетіп үлгерген саланы (секторларды) жаңғырта жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет;

Екіншіден, жаңғырта жаңартуды ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік өмірінің барлық салаларына тарту керек.

Биылғы жолдауында елбасымыз Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 10 міндеті мен 30 бағытын атап көрсетті. Осы 30 бағыттың ішінде төртінші бағытта мемлекеттік холдингтердің қызметін шоғырландыру және олардың жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкес ұйымдастыру туралы сөз етті. Бұл жерде «ҚазАгро» ұлттық холдингі жұмысына жаңа қадамдар енгізіліп, ауыл шаруашылығының өнімділік деңгейін көтеру туралы негізгі міндеттер жүктелді. Бұл жайында осы жұмыста тереңірек тоқталатын боламын. [3 ]

Бұл жұмыста мен университетіміздің ұстаздарының еңбектерін, журналдардағы мақалаларды, экономист ғалымдардың кітаптарын, президент жолдауларын, заң және стратегияларды пайдаландым.

Ауыл шаруашылығына қатысты айтылған пікірлерді, яғни Әубәкіров Я. Ә, Бимендиева Л. А, Төлегенова М. С сияқты ұстаздарымыздың пікірлерін қарастырдым .

Бүгінгы Ғаламдық тоқырау кезінде, елімыз ауылшаруашлғын дамтуға көптеген жүмыс орындарын ашуға халықты жүмспен қамтуға баса мән беруде . ең басты назар аударар жағдаи елімыздың ұлан батитақ жеры түрып оны тимды игеру жақтары, қаржлық қамтамассыз ету жолдары дүрыс қарастрлмаған . Мұнда кең баитақ жерды игеруде оның қаржлық баилансын қамтамассыз етумыз керкек .

Ол ұшын міндетты тұрде ауылшаруашлық банкын құруымыз керек, отандық, шетелдык қаржгерлерге тимды жағдаи жаратумз керек салық жағнан технологиа т. б жақтардан тимды жағдаи жасағанда жаңа жұмс орндар ашлады, жаңа өндрстык жабдықтар келеды өнмдлык артады, халық жағдаиы жақсарар еді.


1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1 қазақ елінің ауылшаруашылық экономикасының даму жолдары

Заман талабына сай сауданың әсері қазыналық үрдістерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің базары күшейген шақта, ауыл шаруашылығының аралас салалармен тығыз топтасып кетуі, ауыл шаруашылығындағы экономикалық бағыттарды, аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру, терең зерттеуге, мүмкіндік бермейтіндігі анықталды. Ауыл шаруашылығының дамуын жоспарлау тұжырымдарды ғылыми негіздеуден басталуы керек.

Қазақ елінің ауыл шаруашлық саладағы қаржылық жағдайын жетілдіру үшін, алдымен оған кері әсер етіп тұрған құқықтық, қазыналық және саяси мәселелерді жою қажет.

Батыс елдері мамандарының пікірінше мемлекеттегі қаржылық жағдай жалпы алғанда қолайлы. Бірақ ауылшаруашылығы саласына шетел және отандық қаржыгерлердің келуін тежеп тұрған әртүрлі қауып- қатер аз емес. Олардың ішінде ең күрделілеріне Салық Кодексі және жер туралы заңдардың жетілмегендігі, қаржылық тәуекелдерді және бюрократияны, шетелдік және отандық қаржыгерлер-қаржылық салымдарды тежеуші мәселелер ретінде қарастырады. Бұл мәселеге бір жағынан қарайтын болсақ, Қазақ елінің қазыналық ауыл шаруашылық саласы шетел қаржгерлері үшін тартымды, өйткені қаржылардың табыстылығы Қазақ елінде басқа ТМД елдерімен салыстырғанда жоғары. [2]

Ауыл шаруашылығы саласында 10 жыл мерзім ішінде қаржылық салымдардан қандай да бір жақсы нәтиже күту үшін уақыт аздық етеді. Бірақ осы қысқа мерзім ішінде, бұл салада өзін- өзі қайта ұйымдастыра білген шаруашылықтар да аз емес. Қаржы жағдайы көптеген тұрақты жаңа шаруашылықтар, үлкен бидай компаниялары азық- түлік тауарлар нарығында өз орнын таба білді. Аграрлық саладағы инвестициялық жағдай бірте- бірте жақсарып келеді, бірақ өте баяу, бұның негізгі себебі ауыл шаруашылығы саласында пайда табу деңгейі төмен деген еліктеме ұғымның қалыптасуы болды.

Ауыл шаруашылық сауданың қаржылық тартымдылығын арттыру үшін алдымен бұл саладағы қаржылық тәуекелділікті төмендету және пайда деңгейін арттыру керек екендігі бәріне мәлім. Бұл мәселені шешудің негізгі жолы өндіріс көлемін ұлғайту және дақылдар мен мал шаруашылығының өнімділігін арттыру керек.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2005, жылы ауыл шаруашылық өнім көлемі - 84 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2004 жылмен салыстырғанда 10, 5 % жоғары.

Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі, Қазақстан бойынша жалпы ауыл шаруашылық өнімдеріндегі үлесі соңғы жылдары 13-14 % жетті.

Сонымен қатар республика бойынша тіркелген шаруа қожалықтарының 41 % және онда жұмыс істейтін жұмысшылардың 40 пайызы осы Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Облыстың тұрғындарын азық- түлікпен қамтамасыз ету мақсатында және бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамыту мақсатында «Азық-түлік бағдарламасы» жасалынды. Осы бағдарлама бойынша іс шараларға республикалық бюджеттен- 6, 6 млрд. теңге және облыстық бюджеттен 203, 7 млн. теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар облыста 2004-2010 жылдардағы ауыл шаруашылық аймақтарын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. [15]

Қазақстан Республикасы экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің экономикалық зерттеулер институтының мәліметтері бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық тартылымдығы төмен деп бағаланған. Мысалы, қор әлуеттілігі бойынша оның коэффициенттері 0, 56-0, 72, қаржы әлуеттілігі (минус) -0, 09-0, 32, инвестициялық әлуеттілігі-0, 20-0, 22 көрсеткіштерін құрайды. Зерттелген деректер бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы республиканың 14 облысы мен 2 қаласы (Астана, Алматы) ішінде рейтинг бағалауда 13-16 орындарды егеленіп отыр. Былайша айтқанда Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық тартымдылығы Алматы қаласымен салыстырғанда қор әлуеттілігі бойынша 3, 9-4, 4 есе, қаржы әлуеттілігі 27-36 есе, инвестициялық әлуеттілігі бойынша 12, 5-17, 4 есе төмен екенін байқауға болады.

Оңтүстік Қазақстан облысы үшін инвестициялық тартымдылықты тез арада жоғарылату үшін экономикалық, қаржылық, әлеуметтік, экологиялық, криминалдық тәуекелділіктерді төмендету үшін жұмыс істеу керек. [16, 91-92б]

Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығында жоғарыда аталған кемшіліктерді жою үшін және инвестициялық тартымдылықты жақсарту жақын болашақта мына іс шараларды жүзеге асыруды қажет етеді:

-нарықтық қатынастарды дамыта отырып, экономикалық құрылымдарды қайта құруда инвестицияны тарту принциперін қарастырып отыру;

-бәсеке қабілеттілік ортаны дамыту;

-өндіріске жаңа технологиялар мен техникалар, әдістер мен ноу-хау енгізу;

-облыста бәсеке қабілеттілігі жоғары өнімдердің көлемін арттыру;

-ішкі нарықты жоғары сапалы өнімдер мен қызметтер есебінен қанағаттандыру;

-нарыққа жоғарғы дәрежедегі менеджмент пен маркетинг әдістерін енгізу;

-нарық жүйесіне сәйкестендірілген жергілікті мамандар даярлау және олардың біліктілігін жетілдіру;

-жаңа жұмыс орындарын құру.

Ауыл шаруашылық субъектілері деңгейінде инвестициялық қаражатты жинақтау мен жұмсау дәрежесін анықтау үшін жаңа әдістемелік ғылыми зерттеулер жүргізе отырып, оның нәтижелерін кәсіпорындар, кәсіпкерлер, жеке тұлғалар арасында жария етіп, олардың біліктілігін көтеру қажеттілігі туып отыр. Себебі, әр жылы кәсіпкерлердің инвестициялық саясатын дұрыс жүргізе алмағандықтан ресми мәліметтер бойынша олардың 20-25 % зиян шегіп, оның жартысына жуығы банкротқа ұшырап отырады, ал бейресми деректер бойынша жабылып жататын кіші кәсіпкерліктің деңгейі бұл көрсеткіштен де жоғары.

Сондықтан, бүгінгі күні Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы саласында қаржылық саясатты мақсатты түрде бағыттай отырып, келетін сыртқы және отандық инвестициялардың тартымдылық деңгейін жоғары көтеру арқылы ауыл тұрғындарының экономикалық және әлеуметтік тұрмыстарын жақсарту кезек күттірмес мәселелердің біріне айналуы тиіс.

Қазіргі уақытта облыста 48-ге жуық МТС жұмыс істеп тұр және олардың атқарған ауыл шаруашылық жұмыстары 170, 5 млн. теңгені құрайды, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 67, 8 млн, теңгеге артық. Міне, жоғарыда аталған көрсеткіштер Оңтүстік Қазақстан облысының бүгінгі күнінің агроөнеркәсіп комплексінің инфрақұрылымының инвестициялық әлуеттілігін сипатттайды.

2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында қаржылық емес активтерге 40, 1 млрд. теңге жұмсалған, немесе бұл республиканың барлық инвестициядағы үлес салмағының тек 2, 7 % ғана құрайды. Бұл көрсеткіш облыста әлі де болса инвестициялық жағдайдың төмен екендігін көрсетеді.

Ал облыстың ауыл шаруашылығын өркендетуге 695 млн. теңге жұмсалса, бұл көрсеткіш республикада 30, 1 млрд. теңгені құрайды немесе үлес салмағы 2, 3 %-тің көлемінде.

2005-2007 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында қаржылық емес активтерге орта есеппен бір жылға 33 млрд. теңге жұмсалып отырса, оның ішінде ауыл шаруашылығына жұмсалған инвестицияның үлес салмағы 1, 7-3, 1% көлемін құрап отыр. Ал бұл көрсеткіш өнеркәсіпте 48, 6-54, 4%, көлік және байланыста 8, 5-10, 3 %, құрылыста 4, 8-9, 8 %, жылжымайтын мүлікпен операция жасауда 4, 8-10, 7 %, саудада 5, 8-9, 2 % аралығында болып отыр. [6]

1 - кесте .

Оңтүстік Қазақстан облысында экономика салалары бойынша қаржылық емес активтерге жұмсалған инвестициялар

Көрсеткіштер
2005
2006
2007
2008
Млн теңге
Пайыз
Млн теңге
пайыз
Млн теңге
пайыз
Млн теңге
Пайыз
Көрсеткіштер: Қаржылық немесе активтерге жұмсалған инвестициялар-барлығы
2005: 23033
2006: 100
2007: 364117
2008: 100
36408
100
40060
100
Көрсеткіштер: Ауыл шаруашылығы
2005: 622
2006: 2, 7
2007: 1130
2008: 3, 1
1879
5, 2
695
1, 7
Көрсеткіштер: өнеркәсіп
2005: 12518
2006: 54, 4
2007: 18505
2008: 51
15784
43, 4
194469
48, 6
Көрсеткіштер: Құрылыс
2005: 1876
2006: 8, 1
2007: 3556
2008: 9, 8
1371
3, 8
1933
4, 8
Көрсеткіштер: Көлік және байланыс
2005: 1967
2006: 8, 5
2007: 2026
2008: 5, 6
4296
11, 8
4110
10, 3
Көрсеткіштер: Жылжымайтын мүлік пен операциялар
2005: 1113
2006: 4, 8
2007: 2652
2008: 7, 3
2805
7, 7
4300
10, 7
Көрсеткіштер: Сауда
2005: 2111
2006: 9, 2
2007: 5777
2008: 15, 9
6313
17, 3
2310
5, 8
Көрсеткіштер: Мемелекеттік басқару
2005: 270
2006: 1, 2
2007: 994
2008: 2, 7
2101
5, 8
5822
14, 5
Көрсеткіштер: Білім беру
2005: 1034
2006: 4, 5
2007: 814
2008: 2, 2
1399
3, 8
1032
2, 6
Көрсеткіштер: Денсаулық сақтау
2005: 73
2006: 0, 3
2007: 48
2008: 0, 1
100
0, 3
27
0, 1
Көрсеткіштер: Басқалары
2005: 1449
2006: 6, 3
2007: 855
2008: 2, 3
360
0, 9
362
0, 9

Дерек көзі : ҚР Статистика Агенттігі http://www. stat. kz

Экономикалық әдебиеттерде ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі мәселелерінің методологиясы және тиімділік критериін анықтау және есептеу әдістемесіне іргелі еңбектер арналған. Бұл еңбектердің көпшілігіне тән ерекшеліктері, оларда шығындардың арақатынасы деп түсіндірген, ал шығындар пайдаланылған, яғни трансформация болған өндірістік ресурстардың бір бөлігі соның ішінде табиғи және өндірісте тікелей қатыспағандары бар.

Дамыған капиталистік елдердің ірі экономист-ғалымдарының еңбектерін терең оқығанда әсіресе П. Самуэльсонның және басқалардың еңбектерінде төмендегідей тұжырымдама жасалған: өндірістің экономикалық тиімділігін анықтауда методологиялық және әдістемелік негіздерін зерттеуде ресурстар арқылы жанасу өндірушілердің де, нарықтық қатынастың да талаптарына жауап береді. Мұның негізгі себебі әрбір тауар өндіруші кәсіпкерлік іс-әрекетті бастамас бұрын өзінің өндірістік әлеуетін алуға тырысады, иелігіндегі ресурстарды есепке алады, олардың сандық және сапалық параметрлерін анықтайды. Осы жолмен пайдаланылатын ресурстардың оңтайлы вариантының комбинациясы қабылданып өнім өндіруге барынша шығындар бөлігін төмендетуге, әлеуетті пайда массасына қол жеткізуге әрекеттенеді. Бұдан туындайтын ой-пікір кәсіпкерлікті ұйымдастыруда осы механизмді қолданып тауар өндіруші өзіне тиімді критерийді таңдап алуға мүмкіндік алады, өз өндірісінің экономикалық тиімділік көрсеткішін анықтайды.

Ауыл шаруашылығындағы еңбектің өнімділігін арттырудың негізгі мүмкіндіктерінің біреуі бұл материалдық-техникалық ресурстарды тиімді пайдалану. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығының экономикалық тиімділігінің формуласындағы ресурстық есептеулердің механизмінде бөлім әдістемелігі және әдісі кең қолданыла бастады. А. Кассирдің зерттеуі бойынша: «жерді құн бойынша бағалауды бірлестіріп есептеу мақсатқа лайықты мәселе, сондықтан оған оң көзқарас керек». Өндірістің тиімділік теңдігіндегі бөлімі сол бірлестірілген сомаға тең болады. Бірақ тиімділікті қалыптастыруға қатысатын өндірістік ресурстардың интегралдық көрсеткіштері барлық негізгі ресурстар түрлерінің мөлшерін көрсетуі керек. Бұл көрсеткішке тек қана өндірістік негізгі қорлар еніп қана қоймай, барлық материалдық айналма қорлар және жер, еңбек ресурстары кіреді. [14]

Қорытындылап айтқанда, өндірістік ресурстардың интегралдық көрсеткіші барлық ресурстардың мөлшерін көрсетеді. Бұл жерде А. Кассиров суармалы жердегі ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі ресурстары- су ресурстарын есепке алмаған, В. Макакрдың пікірі бойынша, бөлімнің жалпылама көрсеткішіне агроөнеркәсіп кешенінің ресурстарына қосымша олардың төлемдерін қосу керек деген (суға төлем, несие пайызы, т. б. ) . А. Гусевтің ұсынысы тиімділік теңдігінің бөлімін анықтау үшін ауыл шаруашылығына арналған пайдаланудағы негізгі қордың өндірістің тиісті кезеңіне (бір жылдық) келтіру жолымен, яғни келтірілген шығындар әдісін қолдану дұрыс.

Өқ+Кн*Қнқ; (2)

мұнда

Өқ- агроқұрылымның ауылшаруашылық өнімінің өзіндік құны, мың тг ;

Кн - күрделі салымның тиімділігінің нормативтік коэффициенті, ол 0, 15-ке тең;

Қнқ - ауыл шаруашылығына арналған негізгі қордың орташа жылдық құны, мың тг.

Теңдіктің бөлімінде А. Гусев жердің бағасын есепке алмаған, бірақ егістіктің табиғи құнарлығының балл-бонитетін қолданып ауыл шаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігіне пайдаланып төмендегі теңдікті ұсынған:

Ттқ=Тк*Бп; (3)

мұнда

Ттқ- ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділік критериі;

Тк- экономикалық тиімділік, келтірілген шығындарды есепке алынған

(Өқ+Кн*Қнқ) ;

Бп - агроқұрылымдағы егістіктің құндылығын ғалым Г. А. Жмуров өндірістің экономикалық тиімділігін анықтаудың индекстік әдісі арқылы ұсынған:

Іжө

Таш= * 100; (4)

Іөш

мұнда

Таш - ауыл шаруашылығындағы тиімділіктің жалпы көрсеткіші;

Іжө- жалпы өнімнің 1 га жерден түсімінің индексі;

Іөш- өндірілген өнімнің құндық бірлігіне өндірістік шығынның индексі немесе эталон көрсеткіші.

Ауыл шаруашылығы өндірістің экономикалық тиімділігі проблемаларын зерттеуші ғалым-экономистер критерийді өндірістің нәтижелік көрсеткіштерімен теңестіреді. Бізге белгілі болғандай, өндірістің көрсеткіштері нақтылық және нәтижелік болып екіге бөлінеді. Нақтылық көрсеткіштер үшін соның ішінде ресурстық әлеуетке біздің пікіріміз бойынша мақсатты сипаттағы бір ғана критерий бар, ол өндірілген өнімнің және көрсетілген қызметтің бірлігіне ресурс шығындарын азайту. Бұл көрсеткіштер сыйымдылық сипаттағы көрсеткіштерге бөлінеді: қор сыйымдылығы, еңбек сыйымдылығы, қуат сыйымдылығы, жер сыйымдылығы т. с. с. Бұл көрсеткіштер тиісті нәтижелік көрсеткіштердің кері мөлшерін және нақты пайдаланылған ресурс түрінің қайтарым деңгейін көрсетеді: қор қайтарымы, еңбек қайтарымы, еңбек өнімділігі.

Қорыта келгенде, кеміту критерийлерінің мұндай бөлінуі сыйымдылық нәтижелік көрсеткішті анықтауда қолданылады, ал жоғарылату нәтижелік көрсеткіштерді пайдалану жолымен өндірісте ресурстар қайтарымының деңгейі анықталады. Біздің пікіріміз бойынша, ауыл шаруашылық өндірісінің және оның экономикалық тиімділік критерийлерінің екі бөліктен құралатындығы және қолданылғаны дұрыс.

Ауыл шаруашылық критерийі- халықтың азық-түлікке қажеттілігін толық көлемде және бәсекеге қабілетті ассортиментте қанағаттандыру, ал өнеркәсіпті ауыл шаруашылығында өндірілген шикізатпен қамтамасыз ету. Бұл тұжырым қазіргі экономикалық саясаттың негізгі мақсатына толық жауап береді. Ауыл шаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігінің критерийі шаруашылық іс-әрекетпен максимум тиімділікке жету, өндірілген өнімнің және көрсетілген қызметтің есептеу бірлігіне минимум тұрақты ресурс шығын арқылы серпімді даму табатын кеңейтілген ұдайы өндіріс үрдісін қамтамасыз етіп, өндірістік және экономикалық әлеуетті жоғарылату барлық әлеуметтік-экономикалық мәселелердің негізін қалау талапқа сай болады.

Тиімділік көрсеткіштердің оның критерийлерінен айырмашылығы олар нақты санды мәнге ие, олар жалпылама және жекеленген болып бөлінеді, ауыл шаруашылық өндірісінің үрдісіне жалпы және жекеленген ресурстардың түрлерін пайдалану тиімділігін көрсетеді. Яғни, ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділікті оның ресурстарын пайдалану тиімділігінің көрсеткіштерімен сипатталады және олардың интегралдық көрсеткіші-ресурс әлеуеті болып табылады. Ресурстық әлеуеттің аболюттік сомасының есептеулері тиімділік көрсеткіштерін ауыл шаруашылығының көп укладты құрылымында пайдалануға мүмкіндік туғызады: акционерлік қоғамда, өндірістік кооперативте, серіктестікте, шаруа қожалығында. Алдымызға қойылған мақсатқа және міндеттің сипаттамасына қарай барлық пайдалануға жататын ресурстар әлеуетінің экономикалық ресурстар жүйесін төмендегі топтарға бөлуге болады:

-ауыл шаруашылығының ресурстар әлеуетінің пайдаланудың жалпылама көрсеткіші;

-ауыл шаруашылығы салаларының: өсімдік өсіру және мал шаруашылығы, агроқұрылымдардың ресурстар әлеуетінің тиімділік көрсеткіштері;

-ауыл шаруашылығының және оның салаларында пайдаланылатын ресурстар әлеуетінің түрлерінің құрамын пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері.

Өндірістің ақырғы нәтижесі ретінде ресурстық әлеуетті пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтау үшін жалпы, тауарлы, ақырғы өнім, жалпы және таза табыс ұсынылады. Ауыл шаруашылығында нақты қол жетімді ресурстарды және өндірістің жағдайын есепке ала отырып техонлогиялық карта және шығындар нормалары анықталады, осылардың негізінде жер бірлігі көлеміне шаққандағы ресурстар, жиынтық ресурстар әлеуетін бекітеді. Онан соң алынатын өнімнің мөлшеріне қарап ресурстық әлеуеттің нормативтік деңгейі анықталады. Өндірісті ресурстық қамтамассыз етуде баланстық әдістің маңызы бар, әсіресе көп укладты жаңа агроқұрылымдар: акционерлік қоғам, өндірістік кооперативтер және шаруа қожалықтары үшін, себебі бұл агробизнестің басты объектілері болып отыр. Сондықтан осы мәселелерді зерттеу барысында: ауыл шаруашылығы ресурстық әлеуетін қалыптастыру, критерийлерді және олардың экономикалық тиімділігін таңдауда нарықтық қатынас жағдайында тауар-ақша қатынастарының қызметтерінің ерекшеліктерін есепке алу керек. [ 20]

Тауар-ақша қатынастарын жетілдіру деңгейінің негізгі көрсеткіші шаруашылық жүргізу нәтижесінде алынған пайданың салмағымен өлшенеді, бұл көрсеткіш сатылған өнімнің (көрсетілген қызмет) құнымен оның коммерциялық өзіндік құнының айырмасына тең. Маркетинг нарықтық қатынасқа тиісті тәсіл ретінде тікелей өндіріске байланысты емес шығындарды есепке алады: жарнамалық патент және лицензия алу үшін шығындар. Бұл көрсеткіштер өндірістің шығыстары есебінде өзіндік құн құрамына енеді. Бұл жерде жоғарыда көрсетілген шығыстардың көзі қосылған еңбекпен жаратылған қосылған өнім болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда агробизнестің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалау
ҚР ауылшаруашылық тауар өндірушілердің агромаркетингтік қызметінің даму үрдісін талдау
Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы (1985-2006 жж.)
Өндірістің тұтынушысы кім
Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы ауыл шаруашылығы болып табылады
Нарық түсінігі, экономикалық мәні
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік – шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар: қағидалар және тарихи тағылым (1991-2007 ж.ж.)
Кәсіпорындағы кәсіпкерліктің атқаратын қызметтерінің мәнін ашу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz