Бағалау құны


Жоспар
КІРІСПЕ
1. Баға туралы түсінік
2. Кәсіпорын бизнесін бағалау құнына қатысты түсініктемелер
3. Бағалау мақсаты мен құн түрлері
4. Бағалау құнының қағидалары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Кәсіпорын экономикалық көрсеткіштердің жақсы жетістіктерге жету мақсатында, тәжірибелік және ізденіс жүйесі меншікті басқару факторының негізі ретінде бағалау қызметі қолданылады.
"Қазақстан Республикасының бағалау қызмет туралы" заңына сәйкес мемлекеттік меншікті жекешелендіру кезінде, басқаруды сенімділікке беру немесе жалға беру, сату, сатып алу, жарғылық қордың салымы ретінде ипотекалық несиенің жүргізілуі кезінде қоғамдық бағалау үлкен роль атқарады. Сонымен қатар мүлік туралы мәміле кезінде міндеттелген бағалау жүргізіледі.
Бизнесті бағалау қызметінің үрдісін кешенді тәсілдермен, мемлекеттік реттеу және бағалау қызметінің аналитикалық есебімен қамту негізінде көрсетеді. Бағалаудың әр түрлі әдістер мен амадарын қолдану арқылы ғимараттар, құрылыстар мен көлік құралдарының құнын анықтау келтірілген.
Бағалау қызметі ғылыми негізде, оның кез келген тапсырманы орындау үрдісін қадағалайтын, бір қатар қағидалар мен жылжымайтын мүлік құнына әсер ететін ортаның факторларын қарастырады.
Баға туралы түсінік
Баға туралы толық түсінікті алу үшін оның мағынасын тереңдете қарастырумыз қажет . Оны бағаның әр түрлі функцияларынан анықтап көруге болады. Бағаның мағынасын, оның функциясы ашып көрсетде -мынадай жайды есте ұстауымыз тиіс: баға функциясы ақша функциясымен ұласып жатыр, яғни, ақшасыз баға болмайды, ал бағасыз, ақша экономикалық мағынаға ие бола алмайды. Бағаға тән функциялардың тәжірибе жүзінде қолданылуына байланысты көптеген экономистер оның негізгі бес функциясын атап көрсетті:
1. Есептік өлшемдік; 2. Қайтаүлестіру; 3. Ынталандыру; 4. Баланыстық / теңестіру; 5. Өндірісті орналастыру.
Есепетеу және шығындарды өлшеу функциясын баға, әр түрлі шаруашылық үрдістерін, олардың көрсеткіштерін өлшеумен ұйымның құндық есепті орындауы бойынша жүргізеді. Мысалы, алдын ала дайындалған жағармай көлемі (көліктік дайындау шығындарын қоса алғанда) осы тауардың баға сомасына эквивалентті кәсіпорынның өндірген немесе сатып өткізген тауарлық өнімдерінің көлемі, оның өнімінің немесе қызмет көрсетуінің жиынтық құннына тең. Есептік-өлшемдік функцияны іс-жүзіне асыра отырып, тауарлар мен қызмет түрлерінің еңбек шығындарына байланысты әр түрлі тұтынушылық жайлардың салыстыруына мүмкіндік туындатады. Қоғамнның дайын тауарларға деген мұқтаждығының қамтамасыз етілуінің қаншаға түсетіндігін баға көрсетіп береді. Сонымен қатар өндірістік айналым шығындарын және пайда көлемін анықтайды.
Баға механизімінің көмегімен экономика секторындағы пайда мөлшері жоғары өндірістерге капиталдың шоғырлануы іс-жүзіне асады. Осыған сәйкес баға өзінің өндірісті орналастыру функциясын жүргізеді.
Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы (баланыстық), өндірістегі және айналымдағы келісімсіздік ( диспропорциялық) жайлардың орнын толтыру есебінен немесе бағаның өзгеруі есебінен (немесе бұл екі шараны бір кезеңде жүргізу арқылы) жүргізілуі мүмкін.
Бағаның ынталандыру функциясының мәндік сипаттамасын төмендегідей сипаттауға болады: Яғни оның өндіріске әсер етуі және әр түрлі тауарларда пайданың бекітілген деңгейі арқылы тұтынылуы.
Бағаның көмегі арқылы, ғылыми техникалық прогресті, шығын үнемділігін қамтамасыз етуді, өнімдер сапасын жақсартуды, өндіріс және тұтыну құрылымдарын өзгертуді ынталандыруға немесе керісінше тоқтатуға мүмкіндік туындайды.
Ынталандыру функциясы, бағадағы пайда деңгейін теңестіру жолымен бағаға қосымша баға немесе жеңілдіктер беру жолымен жүргізледі.
Бағаның үлестіру және қайта үлестіру функциясы да негізгі орындарға ие. Ол нарықтық факторлар іс-әрекеті шегінде бағаның құнынан ауытқуына байланысты. Баға үлестіру және қайта үлестіру экономика салалары арасындағы ұлттық түсімнің, оның секторларының, әр түрлі меншік формаларының, аймақтарының, қорлану және тұтынылу қорларының, әр түрлі әлеуметтік тұрғындар тобының арасында үлестіру құралы ретінде қолданылады. Мысалы: қымбат заттарға (алтын, күміс) және беделі имеджі жоғары тауарларға бөлшек сауда бағасының жоғарлауы халықтың бір бөлігінің әлеуметтік бағыттағы қорларды құруы үшін ақша түсімін үлестіруге көмектеседі. Бағаның бұл функциясы нақты бір тауалар тобының аксизы, ҚҚС және басқа да салықтық сипаттағы алымдар, мемлекет халқының әлеуметтік мұқтаждығын қанағаттандыруға бюджеттік аударымдар арқылы көрініп отырады.
Баға үлестіру құралы ретінде активті түрде қолданылады. Көбіне мемлекеттік немесе реттеуші бағаны қолданғанда бұл жайлар байқалады. Дегенменде, баға-үлестіру мен қайта үлестірудің жалғыз ғана құралы емес. Бұл жерде қаржы-несие жүйесі және еңбек ақы да үлкен роль атқарады.
Бағаның әр түрлі функцияларының арасында тығыз байланыс бар. Олар кейде бір бағытты нұсқаса, келесіде бір-біріне қарама-қайшы жағдайда болуы мүмкін. Мысалы: бағаның ынталандыру функциясы сұраным мен ұсынымды теңестіру функциясын іс-жүзіне ауыстыруға көмектеседі, сұранымға ие тауарлар өндірісін өсіруге жол ашады. Ал, бағаның төмендеуі ұсыным көлемін төмендетеді.
Бағаның үлестіру функциясы өндірісті оңтайлы орналастыру функциясымен бірге іс-әрекет жасайды, яғни жоғарғы сұранымға ие тауарлар өндірісі сферасына капиталдың жинақталуын іс-жүзіне асырады.
Есептік-өлшемдік баға сферасы көп жағдайларда өзінің басқа функцияларымен қарама-қайшы жағдайда болады, себебі, нарықтық жағдайда баға, өндірістік шығындардан көп ауытқуларға ие. Баға функцияларының бір-бірімен байланысын айта келсе, оның арнайы маркетингтік зерттеулер құралы болып табылатындығын ұмытпауымыз тиіс.
- Бағалау мақсаты мен құн түрлері
Бағалау мақсаты - кәсіпорынның нарықтық құнын есеп айырысуымен негіздеу.
Кәсіпорындарды бағалау белгілі бір нақты міндеттің орындалуына бағынады. Бағалаушы, жасалып жатқан бағалаудың міндетін білгеннен кейін ғана керекті әдістамені дұрыс таңдай алады.
Сонымен, мүліктік кешен құнын бағалану негізділігі мен дәлелділігі көбінесе бағалауды қолдану аумағының дұрыс анықталуына тәуелді, яғни сатып алу және сату, несие алу, сақтандыру, салық салу, т. б.
Кез келген мүліктің құнын, бір - бірімен тығыз байланысты екі тәсілмен анықтауға болады: біріншіден, осы мүлікті басқа бір мүліктің кейбір санына алмастыруы. Екіншіден, мүлік иесі болашақта алатын табыстардың ағымды құнын анықтауы.
Құн , шығындар және баға түсініктемелері бойынша айырмашылықтарды білу қажет. Құн - алушының (инвестор) бағаланатын меншікті алуға жұмсайтын төлемнің мөлшері. Шығындар - бағаланатын ұқсас меншік обьектісін құру үшін қажет болатын шығын мөлшері. Бұл шығындар салушы төлеуге дайын сомадан айырмашылығы болмауы мүмкін. Баға бірдей обьектілер мен басқа сатып алушылардың активтілігін және сатып алушылардың қажеттіліктерін қоса алғанда, бұл шығындар бағалау күнімен салыстырғанда өз құнынан жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Тек қана жетілген нарық жағдайында, құн және баға бір-бірімен тең болады. Мүліккеқұн, өзімен нақты шарттардың нәтижесі болатын бағаны ұсынады. Баға -өткен мәлімелердегі ұқсас объектілерді сатып алуға қанша жұмсалғанын көрсететін факт. Бағалаушы талдау жасағаннан кейін ғана, мүлік құнының ағымдағы төленген немесе алынған бағасы бола алатындығы туралы айта алады.
Құн негізінен төрт шарттан туындайды: сұраныс, пайдалылық, тапшылық және меншік құқықтарын беру мүмкіндігі.
- Сұраныс. Сұраныс-белгілі бір уақыт үшінде нарықта сатып алатын тауар (қызмет) саны немесе меншік объектілері. Сұраныстың өсуі бағалардың өсуіне алып келеді.
- Пайдалылық. Адамдардың белгілі бір қажеттенділіктерін қанағаттандыратын, тауарлар мен меншік объектілерінің қабілетін-пайдалылық деп атайды. Берілген зат неғұрлым көбірек қажттіліктерді қанағаттандыруға қабілетті болса, соғұрлым оған сұраныс жоғары болады. Пайдалылықтың өсуі көбіне бағаның өсімімен сәйкес болады.
- Тапшылық. Үлкен сұраныс пен жоғары пайдалылыққа қарамастан, ешбір мүлік тапшы болғанша құны болмайды.
- Меншік құқығын біреуге беру мүмкіндігі. Кез келген зат меншік құқықтарын біреуге беру мүмкіндігі бар жағдайда тауар болып саналады. Мысалы, берілген заңнамамен жердің белгілі бір үрлеріне сату рұқсат етілмесе, онда олардың құндылығы болмайды. Дегенмен, бұл жерлердің жал құқықтарының нарық құнын бағалауға болмайды.
Мүліктің құнын бағалау нақты бір мақсатпен жүргізіледі (сатудың бағасын анықтау, ипотекалық несиені алу, мүлікті сақтандыру және т. б. ) . бұл мақсат, бағалаудың тағайындалуы деп аталады. Құнның әр түрлі анықтауларын қолдағанда, мүліктін құны әр түрлі болады. Мысалы, оттан сақтандыру мақсатынлһда құнның бағалануынан ерекшеленеді. Бірінші жағдайда, құнның мөлшері құрылғылардың элементтеріне кеткен шығындармен, ал екінші жағдайда, ипотекалық несие бойынша төлемдердің тоқталу жағдайында, объектіні сату үшін нарықтағы мүмкін болатын бағамен анықталады.
Сөйтіп, бағалаудың тағайындалуына тәуелді мүлік әр түрлі құнға ие болады.
Тәжірибеде бағалаушы келесідей негізгі құндардың түрлерін қолданады.
Негізделген нарықтық құн - ашық және бәсеке нарығындағы мүлік түріне берілетін баға. Экономикалық рационалды, мәмілеге еркін баратын және қажет ақпаратпен қамтамасыз етілген сатушы мен сатып алушы арасында еркін бәсекені көрсетеді. Қаржыландырудың ерекше шарттарына сәйкес, сатып алу мен сатудың жағдайлары, екі жақтың жеткіліксіз ақпараттануы, нарық деформациясын және тағы басқа факторлардың әсерінен, тәжірибеде нақты мәмілелердің бағалары нарықтық құннан айырмашылығы болады. Нарықтық емес құн ретінде, мысалы, нормативті есептелінетін құн бола алады.
Нормативті есептелетін құн - нормативтер мен әдістер басқару органдарын бекіту негізінде есептелінетін мүліктік кешеннің құны. Қарастырылып отырған мүліктік кешеннің түрлері үшін нормативтердің бірлік шкалалары қолданылады. Нормативті есептелетін құн ретінде, мысалы, кәсіпорын мүлігінің салық салу құны болып табылады. Кәсіпорын мүлігіне салық салу үшін салықтық база ретінде негізгі қаражаттардың, материалдық емес активтердің, қорлар мен шығындардың орташа жылдық қалдық құны жатады. Салық салу құнын есептеу үшін кәсіпорын мүлігінің бухгалтерлік есебінің баланстық активіндегі қалдықтар алынады. Нормативті есептелетін құнның тағы бірі, жерге салық салу үшін, жер телімінің құнын анықтау болып табылады.
Мүліктік кешеннің нормативті есептелетін құнының көрсеткішін салық салу және мүліктік мемлекеттік сақтандыру органдары тәжірибеде пайдаланылады. Бұл көрсеткішті талаптар бойынша зақымды бағалау үшін сот органдары да қолданады.
Бухгалтерлік есеп жүйесі баланстық құнды бастапқы, қалпына келтіру және қалдық құны деп бөлінеді.
Баланстық құн - кәсіпорынның балансында белгіленген, құрылысқа кеткен шығындар немесе оның өзіндік негізгі қаражаттарына элемент алу.
Бастапқы құн - белгілі кәсіпорын объектілерінің эксплуатацияға енгізілген кезіндегі есептік құжаттарда тіркелген бағалар. Эксплуатацияға берілген мүлік объектісі бастапқы құн бойынша, не оларды модернизациялау мен реконструкциялаудан кейін немесе қорды ресми қайта бағалау белгіленген уақыттан есептейді.
- Бағалау құнының қағидалары
Бағалау қызметі ғылымының негізінде, бағалау бойынша кез келген тапсырманы орындау үрдісін қадағалайтын, бірқатар қағидалары бар.
Кәсіпорынның мүліктік кешен құнын бағалау кезіндегі қажет негізгі экономикалық ортақ қағидаларын қарастырайық. Олар мыналармен байланысты және 3 топ қағидалар жүйелеріне келтіруге болады:
1. иесінің мүлік туралы көзқарасымен; 2. нарықтық ортамен; 3. мүлікті эксплуатациялаумен.
Иесінің мүлкі туралы көзқарасымен байланысты қағидалар . Бұл топ мынандай қағидаларға ие: пайдалылық, орын басу, күту.
Пайдалылық қағидасы. Меншік объектілерінің иемденуге қабілеті жоқ болса, онда олардың құны болмауы мүмкін. Сондықтан потенциалды меншіктенушіге пайдалы болған кезде ғана мүліктің кешеннің құны болады. Қағиданың анықталуы: пайдалылық - берілген уақыт периодтарында және берілген жерде меншік объектісі иесінің қателіктерін қанағаттандыру қабілеті.
Орын басу қағидасы. Иесінің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын және табыс әкеле алатын барлық меншік объектілері, өзінің әр түрлілігіне қарамастан, бір- бірімен байланысты. Меншік объектісі үшін оны қалпына келтіруге кететін шығындардың сомасынан көп ешкім төлемейді. Егер екі меншік объектілерінің қабілеті бірдей болса, онда біз баға төменін аламыз. Қағидалардың анықталуы: меншіктің максималды құны ең төмен бағамен немесе құнмен анықталады. Сөйтіп орнын басу құны бағаланатын мүлік құнының жоғарғы шегін анықтауға мүмкіндік береді.
Күту қағидасы. Инвестор объектіге қаражатты салып, ол меншік объектілерінен болашақта табыс күтеді. Бағаланатын құн - болашақтағы барлық табыстардың ағымдағы құны. Қағиданың анықталуы: күту - болашақта меншікті иелік етуден түсетін табыстардың ағымдағы құнының орнатылуы.
Сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік қағидасы. Мүлікке деген бағаның өзгеруі сұраныс пен ұсыныс шамаларының өзгеруіне тәуелді.
Бәсеке қағидасы. Жал шарты немесе мүлікті сатып алу не сату мәмілелерін жасайтын жалгер мен жал берушілер, сатушылар мен сатып алушылар арасында, жылжымайтын мүлік нарықтарында бәсеке пайда болады. әрбір объекті бәсекеде болады. Пайда бәсекені туғызады, ал артық пайда күйреген бәсекені ынталандыру тенденциясы бар. Бәсекенің болмауы монополиялық жағдайды туғызады. Қағданың анықталуы: нарықтағы пайда, өндіріс факторларын өтеу үшін қажетті деңгейден асып кетсе, онда ерілген нарықта таза табыстардың орташа деңгейінің төмендеуіне алып келетін бәеке өрлей бастайды.
Құнның өзгеру қағидасы. Мүлік объектілері әр уақытта өзгерістерге ұшырайды. Жерді пайдалану мақсаты мемлекет пен жекеше сектордың әсерінен өзгереді және олар тозады, техника, технология және шикізат базасы өзгереді. Экономикалық шарттар жаңа мүмкіндіктерді туғызады, ақша массасының көлемі мен пайыздық ставкалары толқиды. Адамдардың талғамы мен ынталары өзгереді. Объектінің орналасу ортасы өсу, түсу, тоқырау мен жаңару фазаларынан өтеді. Барлық бұл өзгерістер берілген жердегі мүлік объектілерінің пайдалылық дәрежесіне әсер етуі мүмкін. Қағиданың анықталуы: мүлік объектілерінің құны көбінесе тұрақты болып қалмайды, ол уақыт ағымымен өзгеріп тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz