Моғолстан мемлекеттінің құрылуы және алғашқы хандардың саясаты
Кіріспе
І. Моғолстан мемлекеттінің құрылуы және алғашқы хандардың саясаты.
А) Моғолстан мемлекетінің құрылуы.
Б) Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары.
ІІ. ХV ғасырда Моғолстанның саяси дамуы.
А)Уәйіс хан тұсында Моғолстан .
Б)Есенбұға мен Жүніс хандар тұсындығы Моғолстан.
С) Моғолстанның Қазақ хандығының құрылуындағы орны.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Моғолстан мемлекеті монғол империясы ыдырағаннан кейінгі Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы мемлекет болғандықтан, біздің тарихымызда алатын орны ерекше. Моғалстан мемлекетінің тарихы Қазақ тарихы деуімізге де болады. Осы Моғолстан жерінде Қазақ хандығы құрылғандығы бәрәмізге белгілі. Монғол шапқыншылықтарының тоқталғаннан кейін ондағы жергілікті халықтардың этникалық және мемлекеттік дамуына әкелді. Қазақстан аумағында этникалық жағынан біртектес мемлекеттік бірлестіктердің пайда болуы жолындағы іргелі басқан қадам болатын, сонымен қатар мұның өзі саяси жағынан Жетісудың түркі тілдес халқын Қазақстанның басқа аумағындағы туысқан халықтан уақытша бөліп тастады да, қазақ халқының қалыптасу процесіне салқынын тигізді.
Моғолстан тарихы туралы ортағасырлық авторлар бізге ондағы мемлекеттік-саяси құрылымы жергілікті түрік және түріктенген моңғол тайпалары, Моғолстан мемлекетінің құрылуынан бастап, құлағанға дейін бір-бірімен араласып кеткендігін баяндайды. Сол кездегі оған тән қасиет ондағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, этниқалық процестер еді.
Моғолстан тарихы туралы «Жетісу тарихының очеркі » атты В.В Бортольдтың жатқызуға болады. Бұл еңбек әлі күнге дейін өзінің ғылыми дәрежесін жоғалтқан емес. Онда Жетісудың ХVIII ғасырға дейінгі саяси тарихы сипаталған. Оңтүстік – Шығыс Қазақстанды С. К.Ибрагимовтың “Вопросы филологии и истории стран советского и зарубежного Востока”атты кітабында Қазақстанның XV ғасырдағы тарихы жазылған. К. М. Байпақов пен Л.Б. Ерзакович “Новое в археологии Казакстана”атты баяндаса, Т.И. Султанов пен К.Ибрагимов “ Страны и нороды востока”, атты кітапта жарияланған . Басқада ғалымдар тарихи және археологиялық зертеулер жүргізген. Орта Азия мен Моғолстан тарихын шет елдік ғалымдар: Г. Ховорс, Д`Оссон, Ф. Скрайн, Д. Росс, Г. Юль, А. Штейн және т.б зертеушілер зертеген. Моғолстан тарихы туралы отандық зертеуден К.А. Пищулинаның “Юго – Восточный Казакстан в середине XIV - начале XVI веков”, атты еңбегінде кең көлемді зерттеген.

1.Бортольд В.В. “История турецко - монгольских нородов”. Соч. Т. V. М., 1968, с. 212.
2. Кәрібаев Б.Б., “Мұхаммед Хайдар Дулатидің “Тарихи Рашиди” еңбегіндегі кейбір тарихи оқиғалардың мерзімі туралы”, \\ Вестник КазГУ. № 3, (18) 13-17б.б.
3. Азимджанов С.А. К истории Ферганы второй половины XV в.Ташкент, 1957, с.25.
4. Х. Дулати “Тарихи Рашиди”, бірінші кітап, 171 бет
5. Қазақстан тарихы ІІ том , А .1998

Жоспар
Кіріспе
І. Моғолстан мемлекеттінің құрылуы және алғашқы хандардың
саясаты.
А) Моғолстан мемлекетінің құрылуы.
Б) Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары.
ІІ. ХV ғасырда Моғолстанның саяси дамуы.
А)Уәйіс хан тұсында Моғолстан .
Б)Есенбұға мен Жүніс хандар тұсындығы Моғолстан.
С) Моғолстанның Қазақ хандығының құрылуындағы орны.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Моғолстан мемлекеті монғол империясы ыдырағаннан кейінгі Қазақстанның
оңтүстік-шығысындағы мемлекет болғандықтан, біздің тарихымызда алатын орны
ерекше. Моғалстан мемлекетінің тарихы Қазақ тарихы деуімізге де болады.
Осы Моғолстан жерінде Қазақ хандығы құрылғандығы бәрәмізге белгілі. Монғол
шапқыншылықтарының тоқталғаннан кейін ондағы жергілікті халықтардың
этникалық және мемлекеттік дамуына әкелді. Қазақстан аумағында этникалық
жағынан біртектес мемлекеттік бірлестіктердің пайда болуы жолындағы іргелі
басқан қадам болатын, сонымен қатар мұның өзі саяси жағынан Жетісудың түркі
тілдес халқын Қазақстанның басқа аумағындағы туысқан халықтан уақытша
бөліп тастады да, қазақ халқының қалыптасу процесіне салқынын тигізді.
Моғолстан тарихы туралы ортағасырлық авторлар бізге ондағы
мемлекеттік-саяси құрылымы жергілікті түрік және түріктенген моңғол
тайпалары, Моғолстан мемлекетінің құрылуынан бастап, құлағанға дейін бір-
бірімен араласып кеткендігін баяндайды. Сол кездегі оған тән қасиет ондағы
саяси, әлеуметтік-экономикалық, этниқалық процестер еді.
Моғолстан тарихы туралы Жетісу тарихының очеркі атты В.В Бортольдтың
жатқызуға болады.[1] Бұл еңбек әлі күнге дейін өзінің ғылыми дәрежесін
жоғалтқан емес. Онда Жетісудың ХVIII ғасырға дейінгі саяси тарихы
сипаталған. Оңтүстік – Шығыс Қазақстанды С. К.Ибрагимовтың “Вопросы
филологии и истории стран советского и зарубежного Востока”атты кітабында
Қазақстанның XV ғасырдағы тарихы жазылған. [2]К. М. Байпақов пен Л.Б.
Ерзакович “Новое в археологии Казакстана”атты баяндаса, [3] Т.И. Султанов
пен К.Ибрагимов “ Страны и нороды востока”, атты кітапта жарияланған .[4]
Басқада ғалымдар тарихи және археологиялық зертеулер жүргізген. Орта Азия
мен Моғолстан тарихын шет елдік ғалымдар: Г. Ховорс, Д`Оссон, Ф. Скрайн,
Д. Росс, Г. Юль, А. Штейн және т.б зертеушілер зертеген.
Моғолстан тарихы туралы отандық зертеуден К.А. Пищулинаның “Юго – Восточный
Казакстан в середине XIV - начале XVI веков”, атты еңбегінде кең көлемді
зерттеген.[5]
І. Моғолстан мемлекетінің құрылуы және алғашқы хандар саясаты.
А) Моғолстанның құрылуы.
XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының
шығыс бөлігі – Оңтүстік шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан
мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында
Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде
монғол сөзіндегі н әрпі түсіп қалып, моғол немесе моғолстан сөзі
қалыптасып кеткен.
Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының
әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының
хан болуға құқы болмағандықтан, өздерін тыңдайтын, Шағатай ұрпағы Дува
ханның немересі, он алты жасар Тоғылық-Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы
етіп сайлайды. Ал негізгі саяси билік осы Әмір Поладшының қолында болған.
Әмір Поладшы Моғолстанды Мауараннахрдан біржола бөліп алып, тәуелсіз,
жеке хандық құруға бар күшін салды. Дулат тайпасы шонжарларының жаңа
құрылған бұл өкіметте беделдері бұрынғыдан да күшейген. Жалпы,
дулаттардың беделі Шағатай ханның кезінен белгілі. Атақшы тарихшы Мұхаммед
Хайдардың жазуы бойынша, Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлгенде,
өзіне адал қызмет еткен дулат әмірі Поладшыға Маңлай-Сүбе жерін берген.
Маңлай-Сүбе Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі кең-байтақ жерді алып
жатқан. Осы аумақта Шағатай кезінен бері өз биліктерін жүргізіп келген
дулат тайпасының өкілдері Моғолстан хандығының құрылуына да белсене
араласқан.[6]
Тарих-и Рашиди еңбегінде былай деп көрсетілген: ... қазіргі
Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденеңі 7-8 айшылық жол.
Шығыс шеті (Моғолстанның) қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл,
Емел және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкше теңіз
(Балқаш), Түркістанмен және Ташкентпен шектеседі, оңтүстігінде Ферғана
уәлаятымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен шектеседі. Моғол
мемлекетіне Қазақстанның Оңтүстік және Жетісу аймақтарының жерлері
кірген.[7]
Моғол хандығының тағына негізінен Шығыс тұқымдары мен монғол
ақсүйектері отырған. Әрине, монғол шапқыншылығы кезінде келген арлат,
чорас, калучи сияқты тайпалар алғашқы кезінде өздерінің басымдылығын
көрсеткенмен, уақыт өткен сайын жергілікті түрік тілдес тайпалар
басымдылық алып, монғолдарды өздеріне сіңіре бастаған. Ал қалғандары Шығыс
Түркістанға, ұйғырларға қоныс аударып, соларға араласып, өздерінің
монғол атынан мүлде айырылған.
Жоғарыда көрсетілгендей, Жетісу аймағы Моғолстанның солтүстік-шығыс
жағын алып жатты. Ал бұл аймақтағы түрік тілдеп үйсін, қаңлы тайпаларының
біздің дәуірімізге дейінгі III – II ғасырлардан өмір сүріп келе жатқандығын
білесіндер. Одан кейін V-VI ғасырларда да бұл аймаққа түрік тілдес
тайпалар келіп қоныстанды. Сондықтан да орта ғасырдан дамыған кезінде
құрылған Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар: дулат, қаңлы,
үйсін, арғын, баарын, барлас, бұлғашы, т.б. ертеден осы өңірді өмір
сүрген тайпалар еді. Бұлардың қатарында осы жергілікті халықтармен
араласып, түркіленіп кеткен монғол тайпалары да болды. Мемлекеттің ұлттық
құрамы онда қазіргі қазақ халқының негізін құрап отырған ру-тайпалардың
басым болғанын, сөйтіп бұл мемлекеттің қазақ халқының мемлекеттілігінің
бастауында тұрған елдердің бірі екендігін көрсетеді.[8]
Саяси тұрақсыздық орын алған күрделі кезенде билік басына келген
Тоғылық-Темір хан елдің ішкі-сыртқы жағдайын жақсартып, XVI ғасырдың
басына дейін билік еткен әулеттің негізін қалады. Хандықтың бүкіл аумағын
біріктіріп, бір орталыққа бағындырады. Мемлекеттің орталығы Алмалық қаласы
болады.
Хан өзінің билігін бұрынғы қалыптасқан жүйемен жүргізеді. Оны ұлыстық
басқару жүйесін сақтауынан көруге болады. Дулат тайпасының мұралық лауазымы
жоғары ұлысбегі деген атағын сол қалпында қалдырады. Салық жинауда кейбір
жаңа шаралар қолданылады. Мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде
қабылдайды. Тоғылық-Темірге дейін моғол билеушілерінің ислам дініне енуі
баяу жүріп келсе, енді хан бұл мәселеге ерекше көңіл бөлген. Мырза-
Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, бір күнде 160 мың адам ислам дінін
қабылдайды. Ханның бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған әмірлер мен бектерді
өлім жазасына кескен. Сөйтіп хан ел ішінде қатал тәртіп орнатады.
Тоғылық-Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысының кезінде
орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге әрекет жасайды. 1360-
1361 жылдары Мауараннахрға екі рет сәтті жорық жасап, баласы Ілияс-Қожаны
Мауараннахрдың хан тағына отырғызып қайтады. Моғолстанға оралған Тоғылық-
Темір хан қаза болады. Өзінің мұрагерлік хұқын реттеп қайту үшін Ілияс-
Қожа Моғолстанға кеткен кезде Орта Азиядағы жағдай күрт өзгереді.
Тоғылық-Темірдің тірі кезінде оған тәуелдікті амалсыздан мойындап
жүрген әмір Темір енді Мауараннахрдағы билікті өз қолына алу үшін, Ілияс-
Қожаға қарсы шығады. Әмір Темір мен Ілияс –Қожа ханның арасында бірнеше рет
қақтығысулар болады. Моғол ханы жеңіліске ұшырайды. Соңғы жеңілістен кейін
Ілияс-Қожа Моғолстаннан жаңа әскери күш жинап келіп, қайта соғысады.
Ташкент қаласының маңында 1365 жылы 22 маусымда екі жақтың арасында шешуші
“Батпақ шайқасы” болады. Жазба деректердің хабарына қарағанда, кесіліскен
шайқас болғаны срншалықты, екі жақтан 10 мыңға жуық адам құрылған.
Шайқаста Ілияс-Қожа хан жеңіске жетіп, Әмір Темір қашып құтылады. Батпақты
жеңісінен кейін Моғол ханы Самарқанға қарай аттанып, оны қоршауға алады.
Бірақ халық қаланы жан аямай қорғайды. Қаланы ұзақ уақыт қоршаудан
қалжыраған моғол әскерлерінің мініс аттары жамандат індетінен қырыла
бастайды. Қаланы алудың мүмкін еместігіне көзі жеткен хан Моғолстанға
қайтуға мәжбүр болған. Сөйтіп, Шағатай ұлысты кезіндегі билікті қайта
қалпына келтіру ісінің алғашқы қадамы сәтсіздікпен аяқталады. Бұл
сәтсіздіктің басты себебі, билеушілер арасындағы алауыздық, саяси
феодалдық батыраңқылық еді. Ақыр аяғында Ілияс-Қожа хан да осы феодалдық
талас-тартыстың құрбаны болады.
Бұдан кейін де Моғол хандығындағы билікті дулат тайпасының атақты
әмірлері Қамар ад-дин мен оның інісі Шамс ад-диндер жүргізген. Қамар ад-дин
де өзін тыңдайтын, жас Тоғылық-Темірдің соңғы ұрпағы Қызыр-Қожа оғланды
хан тағына отырғызып, дулат тайпасының әмірлері мен шонжарларының жағдайын
жақсартуға күш салады.[9]
Б) Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары. Моғол хандығын осындай
саяси бытыраңқылық жайлап жатқанда Мауараннахрдағы билікті өз қолына алып,
күшейген Әмір Темір енді Моғолстанды жаулауға кіріседі. XVI ғасырдың
аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бас көтертпей, дүркін-дүркін жорықтар
жасайды. Алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Бұл жорықта Алмалық
қаласына дейін жетеді, бірақ қалаға кірмейді. Жол бойындағы елді
мекендерді тонап, халықтың мал-мүлкін талан-таражға ұшыратып, көптеген
тұтқын алып қайтады. Екінші жорықта 1375-1377 жылдары оңтүстік Қазақстан
арқылы жүріп, жетісудің Шарын өзеніне дейін жетеді. Моғол ұлысының басшысы
Қамар ад-динмен шайқасып, оны жеңеді. Қамар ад-дин Шығыс Түркістанға, Үш
Тұрфанға қарай қашып құтылады.
Әмір Темір Моғолстанға 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасаған.
Бұл жолғы жорықтың жойқындығы соншалықты, Әмір Темір өзінің балаларының
қолындағы әскерлермен қосқанда 120 мың адаммен атанған.
Әмір Темір 1371-1372 жылдары Моғолстанға әскер аттандырады. Олар
Моғолстанның шығыстағы қалаларының бірі Алмалықтың жанына дейін жетіп,
керейіттерді талқандап, қайтып оралады. Нақ осы жылы Темірдің өзі де
Моғолстанның жері Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейін барлаушылық жорық
жасап, көптеген тұтқын алып, қыруар олжа түсіріп қайтады. Бұл жорық
моғол жерінің ішкі аудандарына келешекте жасалатын жорықтардың бағдарламасы
болған еді.
Әмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет жорық
жасаған. Оның алғашқылары 1371-1377 жылдары Сайрам, Талас арқылы жүрген.
Жетісудің ішкі аудандарына өтіп, Іле өзеніне дейін жеткен. Әмір Темір 1376
жылы көктемде моғолстанның атақты колбасшысы Қамар ад-динді талқандау үшін
30 мың адамдық әскер аттандырады. Оны кыпшақ әмір Сасы-Бұға басқарған.
Алайда Сасы-Бұға басқа әмірлермен астыртып келіседі де, Әмір Темірдің
Хорезмге кеткенін пайдаланып, оған қарсы бүлік шығарады. Сасы-Бұға Ақ
Орданың ханы Ұрұс пен Моғолстанның билеушісі Қамар ад-диннен көмек сұрайды.
Бұл хабарды естіген Әмір Темір Мауараннахрға тез оралып, Қамар ад-динді
Атбасы маңында (Қырғыз жері) қуып жетіп, талқандайды. Бұдан кейін де моғол
әмірінің темірге қарсы күресінен ешбір нәтиже шықпаған. Ол 1377 жылы
Қаратау етегінде және Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында екі рет
Әмір темір әскерлерінен күйрей жеңілген.
Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері өздерінің Әмір Темірге жеке-дара
қарсы тұра алмайтындарын біліп, 1380 жылдың аяғында одақ құруға әрекет
жасайды. Алайда бұл одақтан да еш нәтиже шықпаған. Өйткені одақтың құрылып
жатқанын білген Әмір Темір 1384-1391 жылдардың аралығында Алтын Ордаға және
моғол жеріне бірнеше рет жорықтар жасаған. Моғолстанды біржолата қаратып
алу үшін оның түкпір-түкпіріне 120 мың әскер аттандырады. Осы жорықтарды
Темір әскерлері көп олжа түсіріп, қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, топ-
тобымен қолға түскен тұтқындарды Мауараннахрға жіберіп отырған. 1390
жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тәуелдікке түсті.
Темірдің Моғолстанға жасаған жорықтары туралы В.В. Бортольдтің еңбегінде
жазылған. Барлық деректер көрсеткендей Темірдің бұндағы көздеген мақсаты
Мауреннахрды тонау еді.[10]
ІІ. XVғасырдағы Моғолстанның саяси дамуы.
А) Уәйіс хан тұсындағы Моғолстан.
Сонымен, Әмір Темір шабуылдары әбден титығына жеткен Моғол хандығы
мүлде әлсірейді. Хандық бірнеше иеліктерге бөлініп, саяси жағынан
бөлшектенеді. Қызыр-Қожа хан Темірге өзінің тәуелділігін мойындайды.
Моғолстан Әмір Темір қаза болғаннан кейін (1405 жылы) ғана Қызыр-Қожаның
мұрагері Мұхаммед ханның кезінде (1408-1416) тәуелсіздікке қол жеткізе
бастайды. Моғол ханы Темір өлгеннен кейін оның әулетінің ішіндегі талас-
тартысты пайдаланып қалады. Мұхаммед хан Темірдің немерелері Ахмед мырза
мен Ұлықбектің арасындағы Ферғана үшін таласта ол өзінің әскер күшімен
ахмед мырзаға көмектесіп, жеңіске жеткен еді. Осы кезден бастап Моғолстан
өз тәуелсіздігін ала бастаған. Мұхаммед хан қаза болған соң, Моғол
хандығының ішіндегі талас-тартыс қайта басталады. Бұл талас-тартысты
Темірдің немересі Ұлықбек пайдаланып, өзін жақтаушы Қызыр-Қожаның немересі
Шер-Мұхаммедтің хан болуын қолдайды. Оның хан тағына отыруына көмектескен
Ұлықбек енді одан өзіне тәуелді болуын талап етеді. Бұған қарсы болған
Моғол шонжарлары Қызыр-Қожаның екінші бір немересі Уәйісті хан тағына
отырғызады.Сұлтан Уәйіс хан әкесі оғлан қайтыс болғаннан кейін, немере
ағасы Шер Мұхаммед ханның жанында болды. Алайда кәмілетке толған соң немере
ағасынан кетіп қазақылық салт бойынша әртүрлі жерлерде жүрді.Осындай
мақсатты көздеген моғол ұлысының жастары өздерін баhадүр санап оған
жақындасты. Ол Шир Мұхаммед ханнан қашық емес жерде қазақы салтпен тіршілік
етті.Уәйіс хан біраз уақыт Луб, Катак және Сары Ұйғыр маңында қоныстанды.
Шир Мұхаммед хан мен Уәйіс хан бір-бірімен ұзақ уақыт жауласты.
Көбінесе Шир Мұхаммед хан жеңіске жетіп отырды. Жалпы айтқанда, Шир
Мұхаммед қайтыс болғанша үнемі қорқыныш, үрей халде күн кешті. Шир Мұхаммед
хан өз ажалынан қайтыс блды да ақырында хан тағына Уәйіс ханның қолы
жетті.Ол өз тұқымының ішінде шын пейілді мұсылман, отаншыл, іскер және
ержүрек адам еді. Хан елді кәпірлердің жорығынан қорғап, олармен шайқасты.
Қалмақтармен іргелес болғандықтан кәпірлерге қарсы үнемі соғысып келді.Ол
көбінесе жеңіліске ұшырап отырса да жиhад соғысынан бас тартқан
емес.Сондықтан екі рет кәпірлердің қолына тұтқынға түсті.
Біріншісі – Мыңлақ (Мыңбұлақ) деген жердегі соғыста қолға түсті. Оны
тұтқындап Исан Тайшыға алып барған болатын. Тайшы: “Егер ол шын мәнінде
Шыңғыс ханның ұрпағы болса, маған бас имей, нөкер ретінде қабылдар”,-деп
ойлады. Ханды алып келгенде Исан Тайшы аттың үстіеде еді. Аттан түсіп, бас
иіп жақындады, сонда хан беттін бұрып алып кетті. Қолында барген жоқ.
Осыдан кейін-ақ Тайшы оған қатты сеніп, оны құрметтеп, оның хан болып
қалуына рұқсат етті. Ханнан: ”Неге бас имедіңіз?” – деп сұрағанда, - ол
былай деп жауап берді: Егер ол қасыма жай келгенде мен қорқып бас иер едім,
бірақ ол кәпірлердің ескі салты бойынша бас иіп, сәжде ете бастады. Ал
“шәhадәт” уақытында кәпірлерге жылы жүзбен бас ию мұсылмандыққа жатпайды,
сондықтан бас имедім. Хан дін жолында берік және адал болғандықтан, соның
қасиетінің арқасында бұл бәледен құтылды.
Тағы бір рет Моғолстанның шекарасында Биш Каба маңында Исан Тайшымен
соғысып, ол жерде қайта жеңілді. Аты да жарақаттанды. Хан жаяу қалды. Оны
тұтқынға аларда әмір Саййид Әлі атынан түсіп, оған берді де, бәрі щның
басына жиналды. Жақындаған кезде әмір орнынан атып тұрып, олардың бәрін
жуббасына- шапанынан шап беріп ұстап алды. Бағына орай, щол беделді біреу
болып шықты. Әмір оны өзіне қалқан етіп ұстап, өзі жаяу хан жаққа
беттеді.Оқ ата алмай келе жатқан жауларымен алысып, бір фарсақ жер жүріп,
Іле суына жетті. Қалмақты суға тастап, хан атының тізгінін қолға алып суға
түсті.Су әмірдің төсіне дейін жетті. Басқа адамдар суға батып кетті. Хан
аты жүзіп келе жатты.Әмір хан атының басын жоғары ұстап жүріп, хандық
шаппанды-жуббасын иығынан түсірмей, ханды ат үстінде судан өткізеді. Сол
күні көп адам суға батып кетті.
Сұлтан Уәйіс хан тағы бір рет Тұрфанда Исан Тайшымен соғысып жеңіліп,
тұтқынға түсті. Исан Тайшы айтты: Бұл ретте сені жайдан жай босатпаймын.
Құныңа өз қарындасың Махтум ханымды беруге тиіссің. Хан Махтум ханымды
беріп құтылуга мәжбүр болды. Ел аузында мынандай сөз тараған: хан қалмақпен
алпыс бір рет шайқасқан, тек бір рет қана жіңіп шыққан, одан басқаларына
жеңіліске ұшырап отырған.
Турфанда су тапшы болғандықтан хан өзі егіншілікпен айналысып арықтан
су алғызбай, құдық қаздырып, содан су тартып, егістікті суаранын. Маулана
[Қожа Ахмед] өзінің немере ағасы туралы М.Х.Дулати еңбегінде былай айтылған
: Аптап ыстықта ханның жылнамаларымен құдықтан су тартып, құмыраларымен
егісті суарғанын жиі көретінбіз. Оның егінінің көлемі шамалы болатын, он
харуардан ешқашан асқан емес.Жылдық азығына ғана жететін.
Уәйіс хан Маулана Мұхаммед Қашанидің мүриді (шәкірті) болатын. Маулана
Мұхаммед болса, хазірет Қожа Хасан Аттардың мүриді еді. Қожа болса хазірет
Қожа Баһааддин Накшбандидің мүриді болаған.Олардың ең басшы пірі Қожа
Баһааддин Нақшбанд таза киелі жан еді.Сұлтан Уәйіс хан патшалық құрып
тұрған уақытында, өмірін осылай шарапатты өткізді. Әмір Хұдайдад өз қолымен
алты ханды таққа отырғызғаны мәлім. Олардың алғашқысы Қызыр қожа хан, одан
кейін Шам- и Жаһан хан, Нақыш- и Жаһан хан, Мұхаммед хан, Шир Мұхаммед хан,
соңғысы Уәйіс хан.
Әмір Хұдайдад Меккеге кетіп, әмір Мұхаммед шах қадірменді әкесінің
орнына билік тағына отырды. Көп ұзамай Уәйіс ханның тіршілік талқаны
таусылды. Оның оқиғасы былай болған еді. Әмір Темірдің салты бойынша
хандардың бірін, хандық таққа көтеріліп, оны қаланың ішінде қоршалған бір
махаллаға орналастырды. Қазіргі уақытта сол махалла Самарқанда һәиат-и
хан(“Хан ауласы”)деп аталады. Ол жер үлкен аумақты алып жатыр, бірнеше
махаллаға бөлінетін және әрқайсының өзіндік атауы болатын. Соның бірі
Самарқандадағы атақты махалла “Хауз-и – бустан- и хан” (Хан бағының
лауазымы) деп аталады. Сол махалла Әмір Темір заманында Суйурғатмыш хан
болды.Әмір Темірдің Иракқа жорығы кезінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz