Қазақ философиясының даму ерекшеліктері


Ж О С П А Р
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
А) Қазақ философиясының даму ерекшелігі
Ә) Көне түркі жазбаларындағы алғы философиялық ойлар
Б) Ақын-жыраулар философиясы
В) Дәтүрлілік пен жаңашылдық философиясы
3. Қорытынды
К І Р І С П Е
Қазақ халқының философиялық-қоғамдық ой-пікірлерін зерттеу 20 ғасырдың басынан қолға алына бастады. Еліміз егемендік алып, Қазақстан тәуелсіз және демократиялық мемлекет ретінде дүниежүзіне танылғаннан кейін басқа жұрттың өкілдері қазақ халқы бар екенін мойындап, оның өзіне тән ішкі рухани дүниесіне үңіле бастады.
Бұл рефератта жалпы адамзаттық принциптер басшылыққа алына отырып, қазақ философиясының пайда болуы, қалыптасуы және даму кезеңіндегі өзекті мәселелер жазылған . Қазақстан аумағында пайда болған, дамыған және күрделі мәселелерге толы ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі қазақ философиясының тарихынан материалдар орын алды.
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар ғасырлар бойында жазба әдебиеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әрқилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.
Осы рухани мұра жүйксінде қазақтың ертедегі философиялық ойлау элементтерінен бастап қазіргі замандағы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, моральдық мәселелер мен Адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттауы т. б. мәселелері болды.
Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандармен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер - бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әртүрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жалпылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Олар - арнайы реализм, білімнің неізгі жақтары еркін ойлау, деистік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік, имандылық, зорлық-зомбылыққа қарсы күресу, хұқтық саяси және философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні мен тағы басқалар еді.
Осы аталған көзқарастар сыңаржаққа, консерватизмге, тоқыраушылыққа және білімділікке, қазақ халқының прогрессивтік дамуына кедергі болатын басқа да кемістіктерге қарсы бағытталады. Бұл да қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуының өзінше ерекшелігі деп атап айтуға болады.
Қазақ философиялық ойының тағы да бір ерекшелігі деп оның шынайы патриотизмін, халқына сүйіспеншілігін, оның бақыты, мүддесі және болашағы үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты көрсете білуі дер едік.
Халқымыздың өмірін бейнелеген, адамдардың түйсігін, ойларын өскелең талабын көрсете білген фольклорда объективті шындықтың элементтері бар екенін байқаймыз. Халық эпостары, ертегілер, аңыздар, лирикалық-тұрмыстық поэмалар, мақалдар мен мәтелдер адамдарды табиғи және әлеуметтік құбылыстарды, саяси-экономикалық жағдайларды, ізгілік мақсаттырды өз уақытына сәйкес танып-білуінің куәгерлері. Ауыз мәдениетінің ескерткіштерін зерттеу халқымыздың танымдық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік-тәрбие және дүниеге көзқарас ерекшеліктерін білуге көмектеседі.
Қазақ философиясының тарихи халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Онда ғылыми таным процесі мен халықтың идеялық ізденістері, бай тарихи мен ұлттық ойлау айшықтары көрініс тапқан. Қазақ философиясы халқымыздың тарихын Жан-жақты түсіну үшін үлкен негіз және методологиялық құрал. Ол қлғамдық сананың басқа да түрлерімен тығыз байланыста. Сондықтан оны зерттеп, үйренбейінше қазақ ғылымының тарихын, саяси идеологиясын, өнерін, әдебиетін, адамгершілік қағидаларын, діндарлығын және т. б. пайымдау мүмкін емес. Халықтың ұлт-азаттық қозғалысымен тығыз қоян-қолтықтасқан қазақ философиясы ғылыми құндылығымен қатар, жоғары азаматтық қасиетімен, әлеуметтік әділеттілікке жету жолдарын тікелей іздеуге атсалысқандығымен, өзінің жемісті жетістіктерімен ерекшелінеді.
Қазақ философиясының көкейтесті мәселелерінің бірі - философияның пайда болу проблемасы. Қазіргі уақытқа дейін әлемдік философияның тарихында осы мәселе талай пікірталас туғызып жүр. Біріншіден, философияның дәл шыққан мерзімін белгілеу өте қиын. Екіншіден, философия деген ұғымның өзіне дәл анықтама беруге осы кезге дейін толық қол жеткен жоқ. Үшіншіден, қазақ философиясына келетін болсақ, жазба түріндегі оның мәселелері классикалық тұжырымдар арқылы берілген текстері жоқтың қасы.
Қазақ тарихында көп кездесетін «рулық» генетизм осы қоғамның әлеуметтік, таптық бөлінуі және «ақсүйекті» рулар пайда болған кезінде күшейеді. Соңғылардың қоғамдағы «заңды» орындары олардың төркіні құдайдан немесе батыр бабаларынан басталады деп түсіндіріледі. Сөйтіп олардың әлеуметтік дүниенің қажетті және заңдастырылған бөлшегі ретіндегі қоғамдағы белсенді ролі бекітілді. Осы рулардан шыққан ойшылдардың әлеуметтік идеялары қоғамның даму тенденциясын біршама дұрыс бейнелейді. Осыдан келіп олардың көзқарасы ғана емес, қоғамның тарихи дамуының мүддесіне сай келгендіктен қоғамдық пікір ретінде қалыптасты. Мысалы: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және т. б. осы жүйесі, олардың ақыл-кеңесі айтқан тұжырымдары осыған дәлел.
Қазіргі әдебиетте философия және қоғамдық ойды бөліп қарамау белең алып кетті. Әсірісе, қазақ философиясы тарихына арналған 50-80 жылдардағы зерттеулерде осы көрініс орын алады. Философия тарихы өзінің сапалық өзгешелігінен айырылып, саяси идеялар тарихы және сол сияқтылар төңірегінде қалып қойды. Бұған себеп тағы да философияны, оның тарихындұрыс түсінбеуде дер едік. Қазақ тарихының кеңестік- уақыт параметрінде философиялық құбылыстарды үш белеске немесе үш кезеңге бөліп қарастыруға болар еді.
Қазіргі замандағы қазақ философиясы. Оның өзіндік тарихи-ғылымын қазақ философиясының метатарихы деп атаса да болар еді. Бұның бір ерекшелігі зерттейтін объектісі осы заманның ауқымынан шығып, келешекті, қазіргіні, өткенді жүйелі түрде рационалды ойлау процесінен өткізіп, екшеуі, сондықтан өз бойында жаңа типті ойлау процесінен өткізіп, екшеуі, сондықтан өз бойында жаңа типті ойлау мәнерән, өрнегін таразылау, сақтау және жаңартуы. Қазақ философиялық ойларының қалыптасу бастаулары хронологиялық және мәндік жағынан үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең ру құрылысы үстем болып тұрған уақытты және соған сәйкес келетін алғы философиялық сананы қамтиды.
Екінші кезең 20 ғасырдың басына дейінгі ойшылдардың ілімі, мұрасы мен еңбектері. Оларда саналы түрде айтылған, жазылған ғылымға дейінгі және теориялық пайымдаулары орын тепкен әртүрлі бағыттағы көзқарастар. Бұларды қалыптасқан пікірлерді ескере отырып нағыз философиялық концепциялар деп атауға болады. Себебі ойшылдардың дүниеге көзқарастары олардың өздерінің ерекшеліктері арқылы әрқилы бағыттарға, жолдарға, қисындарға іштей бөлініп жатыр. Негізгі көксеген мақсатары әрқлы әллеуметтік топтпрдың мүдделерін жоқтау, жақтау, көздеу немесе жою.
Үшінші кезең - 20 ғасырдың басынан қазіргі уақытқа дейінгі қазақ философиясының негізгі принциптері, даму жолдары, жеткен биігі мен алынбай қалған шыңдары, жіберілген методологиялық, теориялық және концептуалды қателері. Талдауға жататын мәселелердің бастылары - қазақ қоғамының экономикалық, саяси және рухани өміріндегі негізгі философиялық мәселелер. Сонымен бірге жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылым - қазақ философиясының тарихын қай тұрғыдан, қай теориялық деңгейден зерттеуіміз керек деген проблема қазіргі кезеңде өте үлкен орын алып отыр.
Қазақ философиясының даму тарихында қалыптасқан, басқа ұлттар философиясынан олардың ішінде өнеге тұратындарынан өзгеше ерекшеліктері бар. Олардың негізінде қазақ халқының әлеуметтік тарихының, оның өзіне тән қилы-қилы, бұлталаң дамуының нәтижесі жатыр.
Қазақ философиясы - қазақ халқының мәдени жетістіктерінің негізгі бөлігі және заңды жалғасы. Қазақ философиясы әлемдік философияның да бір бөлігі. Философия тарихына шынайы көзқарас қазіргі кезде оның құрамында әлеуметтік кеңістік жағдайын ескерсек үш түрлі компоненттер бар екенін көрсетеді. Олар - ұлттық философия, аймақтық философия және әлемдік философия.
Халықтың қоғамдық санасының даму процесінде философиялық дәстүрлер қалыптасып, күшейе түседі. Қазақтың әлеуметтік дамуының ерекшеліктері, тарихи өзгешеліктеріне қарамастан қазақ философиясы тарихында оның әр кезеңдегі сатысында өзінше дамып отырған философиялық ойлардың ішкі байланысы бар екенін және олар бірін-бірі заңды түрде алмастырып отырғанын анықтауға болады. Ұлы Абай айтқандай, «Адам бол!» идеясы бұрынғы фольклордан бастап осы заманғы қазақ философиясына тән ортақ және ұдайы дамып келе жатқан идея.
Әл-Фараби философиясында анық көрсетілгедей, қазақ философиясы әрқашан «нақты адам қоғамына», бақытқа, теңдікке жету жолдарын қарастыруға бет бұрған.
Осы ретте қазақ философиясы тарихында көп рет кездесетін әлеуметтік утопизм туралы да айтпасқа болмайды. Жалпы әлеуметтік утопизм дегеніміз - бұл жеке және қоғамдық сананың сыңаржақ-ойлау тәсілдерімен образ-концепция құруы арқылы жаңа түрдегі әлеуметтік ілім жасауға ұмтылуы. Ақын-жырау, билер мен көсемдер, ағартушылар мен философтардың көпшілігіне тән бұл құбылыстың негізгі гносенологиялық айшығы саналылық пен санасыздық, эмоция мен таза ойлау, төменгі дәрежедегі білімсіздік пен қалыптасқан білім дәрежесінің шекараларын ажырата білмеу, оларды жеке-жеке абсолюттеу деп ойлаймыз. Оған қоса утопизмге тән тағы бір айшық - ол ойлау дәрежесінің төменгі сатыда ғана ажыратылуы. Осыдан барып әрбір жеке утопист-ойшылдарға тән мынадай идея туса керек: ойлау жүйесі жеке дара ойшылдың өз қабілетімен жасалған сыртқы дүниенің бейнесі.
20 ғасырдың басындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткерлері А. Байтұрсынов, А. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, М. Шоқай және басқалары өмірдің объективті жағдайларын өзгертуде күшпен емес, сананы сол процеске еңгізу арқылы өзгерту кекрек деп уағыздады. Олардың негізгі идеялары - бостандық, тәуелсіздік, колониялық езгіден құтылу жолдары және қазақ халқын жалпы адамзаттық құндылыққа жақындастыру болды. Осы идеяларды негізге ала отырып, қазіргі Қазақстан, оның халықтары, ең алдымен қазақтар өркениетті ел, егеменді мемлекет құрып, дамыған қоғамдастықтың терезесі тең мүшесі болуды мұрат етуде.
КӨНЕ ТҮРКІ ЖАзБАЛАРЫНДАҒЫ АЛҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАР
Ашина (Көкбөрі) ұрпақтары алтыншы ғасырда халықтың басқару ісі ақсақалдар алқасының (кейінгі Қазақ халқында - билер алқасы мен хан кеңесі) құзырында болды. Ал хан жарлығын атқарушылық міндеті үлкенді-кішілі лауазымдар иесіне жүктеледі. Бұл мансаптар мұрагерлік жолмен - хандық билік, әскери демократия арқылы жүзеге асырылған. Халықтың құқықтық санасының әрі мемлекеттік басқару жүйесінің арқауы кең ауқымды жеті баптан тұратын, Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деген атаққа ие болған.
Сегізінші ғасырдың басында жазылған аталмыш жәдігерліктер стилі он төртінші ғасырға дейін жеткен. Мұндай жәдігерліктер қатарына «Қорқыт ата» кітабы мен «Оғызнаманы» да жатқызуға болады. Олардың өзара стилдік айырмашылықтары болғанымен, оқиға желілері, баяндау үлгілері, дүниетанымдық арқаулары өте ұқсас.
Бұл аталмыш жәдігерліктердің барлығының да мазмұнын Тәңіршілдік көктей етеді, ол олардың дүниетанымдық өзегі ретінде көрінеді. Мысалы, көне түркілердің космогониялық түсінігін мына сөздерден бағамдамауға болады: «Жоғарыда Көк Тәңірі, төменде Қара Жер жаралғанда, екі арасында кісі оғлы жаралған екен». Олардың үстінен қарайтындар «Тәңірден болған», яғни қағандық үстемдікке ие болатындар Бумын, Істеми, Білге қағандар еді. Аспанның, жердің, тау-ойпатының керағар ұғымдар, диалектикалық қарама-қарсылықтардың бірлігі екендігін көне түркілер үстірт болса да пайымдай алды ма? Әрине, алайда мұндай көқарас аңғалдық пен көмескі топшылаудан ада емес еді. Оның үстіне, Тәңіршілдік - анемизм мен төтемдік көзқарастар үстем болды. Соңғысына қарамай, Аспан мен Қара Жер аралығындағы ғұмыр кешкен адамзаттың екі топқа бөлінуі де адамдардың қарама-қарсы жаратушының қайсысына «жақын» екендігі туралы әпсаналарымен тығыз байланысты болғандығын көруге болады. (1)
«Сатқын бектердің сөзіне еріп, азаттықты қастерлемей, кіріптарлыққа еркімен кірген будун тәңірінің қаһарына ұшырады», - дейді Тонікөк. кейіннен ел басын біріктіріп, қағандық құрып, талай жеңістерге жету ісі де Тәңірден қолдау таппаса, жүзеге аспас. Алты мыңдық оғыз әскерімен кездескенде Тонікөк әскері 2 мың ғана екен. «Тәңірі, Ұмай, Ұйық жер-су жер берді емес пе? Неге қашамыз? Көп екен деп неге қорқамыз…неге басылып қаламыз…тиелік! - дедім дейді Тоныкөк. - Тидік. Бытыраттық. Екінші күні келдік. Отша қызып келді. Соғысты. Жаудың бізден екі-үш сыңары артық еді. Тәңірі жарылқағаны үшін, көп екен деп біз қорқытпады., соғыстық».
Орхон Енисей жазбалары, «Қорқыт Ата» кітабы, «Оғызнама» жәдігерліктерінде тотемдік, анамистік көқарастар сілемдері сақталғандығымен, мифтік ойлаудың ықпалы азая бастағаны байқалады. Оны оқиғалар желісінің реалистік, тарихи шындыққа біршама жанасымды тұрғыда баяндалатынын ақ пайымдауға болады. Алайда тотемдік Көкбөрі барлық аталмыш жәдігерліктерде орын алып отырады. Ол бірте әскерге қолбасшы болса, Оғызнама бірде заузат ретінде дәріптеледі. Сонымен қатар анимистік көзқарастардың да бой көрсетіп қалатынын байқаймыз.
Сапа санаты қасиет ұғымына алып келеді. Ол пәннің басқа заттар мен шындық деген қатынастарынан туындайды. Қасиет сананың потенциалды мүмкінділігі болып табылады. Ғұндардың сөзі заттар мен тіршілік иелеріне сапа тұрғысынан қарады. Мейлінше күшті күтім тілемейтін, алыс жорықтарға төзімді асыл тұқымды жылқыларды өсіргенді дұрыс көреді. Тайпа көсемін оның сапалық қасиеттерін салмақтай отырып сайлады. Оның қасиеттері неғұрлым күштілігімен, айлалы, көргендігімен бағаланды. Күштілері айлалы және дәмдіні жейді, қартайғандары солардың қалдықтарымен тамақтанады. Жастар мен мықтылары сыйлы, ал кәрілер мен әлсіздер керісінше. Мұндай теңсіздік сапалардың сандық өлшеуінің қажеттілігін туғызады. Бұл диалектиканың келесі санаты ретінде сан ұғымын тудырды. Айталық: «Үйсіндерде жылқы көп, олардың ең бай адамдары төрт-бес мың жылқы иеленді». Демек, малшылықтың дамуы сандық айқындылықты дүниеге әкелді. Санның онтологиялық мінездемесі - кеңістік пен уақыт. (2)
Қазақтың ата тегінің еңбек әрекетімен, сан мың шақырымдық көшжолдарының белгілі бір күн мен айға байланысты басып өтілуін белгілеуімен кеңістік ұғымы басталды. Көш жер, сондай-ақ қозы көш, т. б. қашықтық мөлшері белгіленді. Кеңістік бет-бағдары ежелгі қазақтар есігінің шығысқа бығытталуымен еркшелінетін. Ғұндар жайлы былай делінген: «Шаньюй ертемен қосынан күнге табыну үшін, кешке айға табыну үшін шығады. Ол сол жаққа - бетін солтүстікке беріп отырады. Ғұндардан қалған бұл дәстүр түріктерге ауысты. Бұл ғұндардың алғашқы түріктер екендігі жайла болжамды қуаттайды. Киіз үйлерінің есігі әрқашан оңтүстікке ашылған монғолдардан айырмашылығы осында. Бір қызық жайт, Монғолия қазақтарының киіз үйінің есігі осы жердің тұрғындарынікіндей оңтүстікке қарайды. Таным бағдарында шығысты құрмет тұтушылық көне тас балбалдарынан да көрінеді. Түріктердің ежелгі молаларының барлығының беті шығысқа бағытталған. Тіптен, көне түрік тілінде шығыс - алдыңғы жақ, батыс - арқа бет, ал оңтүстік - оң, солтүстік сол жақ болып саналады».
Күлтегін ескерткішінде былай делінеді: «Ілгері - күншығысқа, оңға - түстікке, кейін - батысқа, солға - терістікке». Әйткенмен, көшпелілердің дамуымен бағдар өз мәнін жоғалта бастайды. Егер есік пен түңліктің шығысқа бағытталуы күннің алғашқы сәулелерін сезінуге мүмкіндік берсе, ал бұдан кейін күн сәлесінің шаңырақ бойлай жылжуы және уықтар ерекше бір уақыт өлшеуші сағат ретінде қызмет атқарады. Ал бұл кеңістікке орналасудың қатаң тәртібін бекітті.
Қазақтар күні бүгінге дейін таңның атуы мен күннің батуына дейінгі уақытты беске бөледі: таң, сәске, түс, екінді, ақшам. Осы дәстүр Сырдария бойында туған Заратуштра діні арқылы иудаизмге ауысты, одан ислам дініндегі бес уақыт намаздың орнығуына себепші болды. (3)
А. Тарақтының материалдарында көрсетілгендей, қазақтар әрбір маусымды өз ішінде үшке бөледі: қоңыр күз, Сары ала күз, қара күз немесе қыстың басы, қыстың ортасы, қыстың аяғы, т. б. Осынау өмір салтының өзегінен бір жылды он екі айға бөлетін таным-түсініктің бастау-тегі аңғарылады.
Көшпелілер мәдениеті өзінің 3 жылдық ғұмырында Жерорта теңізі мен Қиыр Шығыс елдерінде қарағанда шығармашылық эволюцияны бастан өткерді.
Қазақ халқының алғы философиялық дүниетанымының қалыптасуына мифологиялық ертегілері, хайуанаттар жайындағы ертегілері, реалистік ертегілерінің де әсері өте үлкен болды. Бұл ертегілер өте ерте замандарда адамның табиғат сырын әлі толық түсініп болмаған кездерден туған. Мұндай мифологиялық наным-сенімдер және оның тарихы үнді, қытай, грек, араб елдерінде көбірек сақталған. Ал қазақ мифологиялық әпсана ертегілері кейінірек дүниеге келген болса керек. Бірақ қазақ аңыз-ертегілерінің ой туғызар дүниетанымдық тұстары - олардың адамды бірінші орынға қоя білуінде. Жалпы айтар болсақ көне шығыс пен алғы түрік мәдениетінен нәр алған қазақ аңыз-ертегілерінің көшпелілер рухани болмысымен біте қайнасқан ауыз әдебиеті, фольклор, эпостық жырлар, сал-серілер, ақын жыраулар шығармашылығы, халық даналығының, қазақ философиясының қайнар көзі, алғы бастау болды деп айта аламыз.
АКЫН-ЖЫРАУЛАР ФИЛОСОФИЯСЫ
Қазақ ақын-жырауларының дүниетанымы, философиялық ойлары төл философиямыздың қалыптасуына рухани негіз бола алады.
Олардың шығармаларынан дәстүрлі филсофиялық тарихи сабақтастық принциптері анық байқалады. Әсіресе, қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушылардың бірі - Шалкиіз жырау Тіленшіұлының (1465-1560) шығарма-шылығы, философиялық ой кешу, жыр толғау әдістері ерекше. Ел аузынан жазылып алынған тарихи әңгімелерге қарағанда, Шалкиіз Батыс Қазақстанда, Ноғайлының ұлы биі Мүсаның қызынан туыпты. Әкесі Тіленші - қазақ арасындағы көп шон-жардың бірі болса керек.
Шалкиіз шығармаларының өзіндік ерекшелігі - ондағы фи-лософиялық толғаныстардың молдыгы. Көркем шығарма қашан-да сол заманның, сол кездің ой-өресімен салыстырыла бағаланбақ. Шалкиіздің философиялық ойлары үзақ толғанып, өз заманын нәзік түсіне білуінің жемісі. Бұл ерекшеліктер жырау-дың шалқар даналықтың, терең ақылдың иесі болғандығын көрсетеді. Осыдан келіп, біздер Шалкиіз ойларының, шығар-маларының өміршеңцігін, арада төрт жарым ғасырдай өтсе де, ұрпақ жадында үмытылмас сақталуының сырын үғамыз.
Белгілі ғалым әрі жазушы Мұхтар Мағауин: «Шалкиіз новатор еді, - дейді. - Ол қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салды. Бұл тұрғыдан алғанда, Шалкиізді қазақтың барлық жырауының атасы деуге болады. Өзінің философиялық-афористік - толғауларында Шалкиіз ойлылықтың, көр-кемдіктің шыңына шықты. Қиыннан қиыстыру, нақтылык, ықшамдылық, ойнақылық, сонымен қатар терендік - Шалкиіз поэзиясының ерекшелігі. Бұл жағынан алғанда, қазақ жырау-ларының ешқайсысы да онымен теңесе алмайды». Қазақ ақын-жырауларының шығармалары, негізінен, көшпелілер болмысы, атақоныс, адам, сол кездегі әлеуметтік жағ-дайларға, батырлық, көркемдік, адамгершілік өмір мәселелеріне байланысты болып келді.
Осы тұрғыдан алғанда, Шалкиіз шығармашылығында бір қалыпқа түскен философиялық көзқарас жоқ. Бұл Шалкиіз шығармаларының біздерге дейінгі ұрпаққа толық жетпеуі себепті болар деп ойлаймыз. Дегенмен, қолда бар толғаулардың өзі адам, қоғам, өмір, табиғат жайында терең түсініктер береді.
Дүниеде түрақты, мәңгілік ештеңе де жоқ дейді жырау. Өмір қысқа екен, бұл жалған басы жүмыр пенденің бәрінен де өтеді екен, демек, осы аз ғүмырды дүниедегі бар қызықты тегіс көріп, думандатып өткізу керек деп, жырау өмір мен өлім мәселесі жайында философиялық толғаныстар жасайды. Жырау өмірдің бар қызығы, бақыты, қуанышы о дүниеде емес, адамның бар бақыты бұл дүниеде екендігін айтып өтеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz