Жаяу Мұса



Жаяу Мұса – қазақтың белгілі әншісі, өлең шығаратын ақын, руы Айдабол, Баянауыл ауданы, Павлодар уезі, Семипалат губерниясынікі. Осы кезде тірі болу керек, бірақ қартайған. «Жаяу» атанған себебі- өзінің өнерін жаюда ауыл арасында жаяу жүрген, ал оның өзі аттан түспейтін, ат қадірлейтін қазақ үшін үлкен кемшілік. Солай бола тұрса да оның аты халыққа тез жайылып, бай қазақтар да оны құрметті қонағындай қарсы алды. Жамболовтың сөзіне қарағанда, Мұса- көңілді қарт, қазақ ақындарының әдетін қумай, көбіне домбырада емес, татар әншілері сияқты, скрипкада ойнаған.
Мұса 1835 жылы (кейбір деректер бойынша 1838 жылы) осы кездегі Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасында туды. Руы- Сүйіндік: оның ішінде- Айдабол. Әкесі Байжан деген кісі жай шаруа, оның арасында ұсақ кәсіппен шұғылданған. Өзіне жетерлік күнкөргіштігінің арқасында ешкімнен кем болмай, мінер ат, сауар сауынға тарықпаған. Өзі пысық, әкім болып ел билеп, би болып сөз қумағанмен, кісіге өзінің сөзін де, ұпайын да алдырмаған. Сол пысықтығының арқасында Мұсаны кішкентайынан молдаға беріп, ескіше болса да хат танытады. Мұса бес- алты жыл оқып, көзі ашылып, білімінің негізі бұл оқуда емес екенін сезеді. Шын мәнісіндегі оқуға түскісі келеді. Бір айтқанда қайта айттыра беретін «ежік», «сүре» қабілетті туған. Мұсаның басынан орын ала алмайды. Оның үстіне сол молданың өзі оқытып отырған араб сөздерінің қазақша мәнісін айтып Бере алмайды. Зерек Мұса басқа балалардан бұрын ондайды сезіп жүреді. Бірақ жас талапкердің ондай созған қолын қолдайтын әке болмайды. Саудагер ноғайдың бірінде самауыршы болып жалданып, бос уақытында оқиды. Сөйтіп үш жылдай жүреді. Қаланың жағдайы Мұсаға жақсы әсер етеді. Ол тәжірибе жүзінде орысша жақсы сөйлейтін болды. Ол сөйлеуі хат тануына, орысша жазуды дұрыс үйренуге себеп болады. Мұса енді басқаларға қарағанда қазақша, орысша сауатты кісі болады. Сауық кештерінде барып, қаланың музыкалық дәстүрімен танысады. Бірне- саран орыс жазушыларының, ақындарының кітаптарын оқиды, газеттер, журналдарымен танысады.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жаяу Мұса

Жаяу Мұса – қазақтың белгілі әншісі, өлең шығаратын ақын, руы Айдабол,
Баянауыл ауданы, Павлодар уезі, Семипалат губерниясынікі. Осы кезде тірі
болу керек, бірақ қартайған. Жаяу атанған себебі- өзінің өнерін жаюда
ауыл арасында жаяу жүрген, ал оның өзі аттан түспейтін, ат қадірлейтін
қазақ үшін үлкен кемшілік. Солай бола тұрса да оның аты халыққа тез
жайылып, бай қазақтар да оны құрметті қонағындай қарсы алды. Жамболовтың
сөзіне қарағанда, Мұса- көңілді қарт, қазақ ақындарының әдетін қумай,
көбіне домбырада емес, татар әншілері сияқты, скрипкада ойнаған.
Мұса 1835 жылы (кейбір деректер бойынша 1838 жылы) осы кездегі Павлодар
облысы, Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасында туды. Руы- Сүйіндік:
оның ішінде- Айдабол. Әкесі Байжан деген кісі жай шаруа, оның арасында
ұсақ кәсіппен шұғылданған. Өзіне жетерлік күнкөргіштігінің арқасында
ешкімнен кем болмай, мінер ат, сауар сауынға тарықпаған. Өзі пысық, әкім
болып ел билеп, би болып сөз қумағанмен, кісіге өзінің сөзін де, ұпайын да
алдырмаған. Сол пысықтығының арқасында Мұсаны кішкентайынан молдаға беріп,
ескіше болса да хат танытады. Мұса бес- алты жыл оқып, көзі ашылып,
білімінің негізі бұл оқуда емес екенін сезеді. Шын мәнісіндегі оқуға
түскісі келеді. Бір айтқанда қайта айттыра беретін ежік, сүре қабілетті
туған. Мұсаның басынан орын ала алмайды. Оның үстіне сол молданың өзі
оқытып отырған араб сөздерінің қазақша мәнісін айтып Бере алмайды. Зерек
Мұса басқа балалардан бұрын ондайды сезіп жүреді. Бірақ жас талапкердің
ондай созған қолын қолдайтын әке болмайды. Саудагер ноғайдың бірінде
самауыршы болып жалданып, бос уақытында оқиды. Сөйтіп үш жылдай жүреді.
Қаланың жағдайы Мұсаға жақсы әсер етеді. Ол тәжірибе жүзінде орысша жақсы
сөйлейтін болды. Ол сөйлеуі хат тануына, орысша жазуды дұрыс үйренуге себеп
болады. Мұса енді басқаларға қарағанда қазақша, орысша сауатты кісі болады.
Сауық кештерінде барып, қаланың музыкалық дәстүрімен танысады. Бірне- саран
орыс жазушыларының, ақындарының кітаптарын оқиды, газеттер, журналдарымен
танысады.
Көзі ашылған сайын мұса өзінің білімінің тіпті аз екенін сезеді. Қазақ
халқының су қара надан екенін енді анық түсіне бастайды. Білімсіз ешбір
өмірдің мәні жоқ деп шешеді. Көп ұзамай есебін тауып, жиған азды- көпті
қаржысымен Омбыға барады. Омбы Қызылжармен салыстырғанда едәуір үлкен қала,
ондағы оқу орындары да басқаша, генерал – губернатор тұрғанға мА,
халықтарының жүріс- тұрысы да өзге болып көрінеді. Мұса онда бірнеше жыл
оқиды. Мұса Омбыда бұрынғы біліміне көп нәрсе қосады.Онда шығып тұратын
газеттерді жібермей оқып, айналада не болып жатқанын хабардар болады.
Омбыда оқып жүріп, Мұса жазда еліне келгенде өзінің оқып білгенін,
көргенін, естігенін айналадағыларға баяндап отырады. Қанша айтқанмен
оқығанның аты оқыған, көп жасаған білмейді, көп көрген біледі, көзі
ашылды, айналаға да қадірі күннен күнге арта бастады. Басқаны қойғанда
қазақтың халық әндерін, күйлерін орындай отырып, Мұсаның орыс музыкасының
үлгерін тыңдаушыларға естіртуі үлкен оқиға болады. Мұсаның үстіндегі
ықшамдалған киімі, тек домбыра емес, сырнайда, скрипкада ойнауы, тек қазақ
ақындарының өлеңі емес, орыс жазушылары мен ақындарының шығармаларын өзінің
аударуы арқылы үзінділер де айтып беруі, кейбір кертартпа ауыл адамдарына
ұнамайды. Әңгіменің басы- Мұсаның аты болады. Қандай қиыншылық көрсе де
ауылға келгенде аяқ- лау болсын деп, анасы тигізбей отырады. Мұса сол
атпен ауыл аралап, Омбының әңгімесін айтып, не бір күлкілі жайларды газет,
журнал, кітаптардан оқып беріп, ара- арасында домбырасын, сырнайын,
скрипкасын кезек тартып, айналасына үлкенді де, кішіні де жинайды. Мұсаның
жазғы ауылда болған айы- өнердің, әңгіменің, жаңалықтың жәрмеңкесіне
айналады. Мұның бәрі де жақсылықты өз бастарынан асырғысы келмейтін Шорман
тұқымдарына ұнамайды. Олар тұрғанда Ұсақ кәсіпші Байжанның Мұсасының елге
қадірі артуы заңсыз болып көрінеді. Жоқтан- барды сылтау қылып, Шорманның
Мұстафасы бір күні Мұсаның жалғыз атын тартып алып, ерін арқалатып, жүгенін
қолына беріп жібереді. Шормандарға қарсы келетін күші жоқ Мұса, амалы жоқ,
бұрынғы араланған ауылдарын жаяу кезеді. Осыдан келіп халық арасында ол
Жаяу Мұса атанады. Мұстафаның ойынша ол Мұсаны қатты кеміттім, Жаяу
атандырдым дейді. Бірақ, ежелден қажуды білмейтін Мұса, оған саса қоймайды,
әңгімесін, өлеңін, әнін айта, жаяу- ақ жүріп, жұмысын бітіреді.
Бұл оқиға Жаяу Мұсаның жан қылын қозғайды. Қара күшпен теңдесе алмаса
да, өнерге келгенде Мұстафадан бойы биік екенін біледі де, еңсесін төмен
түсірмейді. Қайта шығармашылық шүйдесі бұрынғыдан көтеріліп, шабыт қанаты
қомдалып, толқын атқан жүректен бір кесек туынды жарыққа шығарамын деп
талпынады. Бұған дейін үлкен аға әншілердің репертуарынан, орыс, қазақ,
татар әндерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаяу Мұса Байжанұлы
Қақақ прозасындағы сал-серілер образы
Қазақ прозасындағы сал-серілер образы
Қазақ романдарындағы өнер адамдарының образдық жүйесі
ХІХ ғасыр қазақтың аса көрнекті компазиторы Біржан сал Қожағұлұлы (1834 - 1897)
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы музыка мәдениеті
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы музыка мәдениеті
Олжабай батыр
Қазақ халық музыкасының тарихы
Тарихи романдарды ерекше тездікпен даму сипаты
Пәндер