Жеке мұрағат қорларының қалыптасуы және дамуы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 . 6

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. Жеке қорлардың қалыптасу тарихы ... ... ... ..7. 17

ІІ. Жеке қорлардың даму тарихы ... ... ... ... ... ... 18.23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24.25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... 26.27
Тақырыптың өзектілігі: Біздің Отанымыз алдыңғы қатарлы мәдени-тарихи елдер қатарына жатады. Біздің мәдениетіміз ата-бабамыздан келе жатқан тіліміз бен діліміз екеніне ешкімнің дауы жоқ. Бүгінгі таңда Тәуелсіз ел болып, шаңырақ көтерген еліміз өзінің тарихын тірілтуге бар күшін біріктіруде.
Жаңа заман талабына сай білікті маманды қалыптастыру, тәрбиелеу егеменді еліміздің алдына қойған мақсаты ғана емес, басты міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл басты міндет бұл біздің қоғамның идеологиялық, тәрбиелік, рухани құндылықтар мен оқу – ағарту жұмыстарының негізгі бағыты.
Өркениетке, кемелділікке қол созған ел ешқашан бүгінді ғана місе тұтқан емес, өткен тарихқа үңіліп ой жіберіп, болашаққа да көз тігеді. Алды артын түгел болжап тірлік кешеді. Өткен өмір тарихтың қатпар қойнауына кеткенімен, ол бүгінмен, болашақпен өмір бойы сабақтасып, өркені үзілмей жалғасып жатады.
Сан ғасырлар бойы тарихымыз жекеленген адамдардың бір- біріне асыл мұра етіп жеткізуімен сақталып келгені белгілі. Сондықтанда жекеленген қорлардың құрамына кіретін қолжазбалар, жазбалар, күнделіктер, қойын дәптерлер, биографиялық құжаттар, шежірілер және тағы да басқаларыда қор құрушының өмірімен шығармашылық қызметі, өмір сүрген ортасын зерттеуде бірден – дерек көзі болып табылады. Бұл деректерді жете білу дегеніміз тарихтан тағылым алу деген сөз. өткенді білу – тірліктің, заңдылықтарын сараптауға мүнкіндік береді. Соның арқасында тарихтың тағлымы бүгінімізге сабақ, болашағымызға бағдар бола алады. Адамзат өткен тарихынан болашақтың белгілерін табуға үміттеніп, артына қарайлайды.
Қазіргі таңда мұрағатшылар алдында «жеке құрам құжаттары» деп аталатын ірі массивтың дәрежесі мен құрамына байланысты алуан –түрлі сұрақтар тұр. Аталатын сұрақтар шешіміне сәйкес құжаттардың болашағы шешіледі десек артық айтқандық болмас еді.
Жеке мұрағат қорлар материалдарының мазмұнының құндылығы мен көп аспектілігі зертеушілерге аса үлкен дерек көзі болып табылуымен ерекшеленеді.
Отандық деректану ғылымының өзекті мәселелерінің біріне жеке қор құжаттарын мұрағаттанулық және деректанулық тұрғыдан зерттеу болып табылады. Аталмыш тақырыптың мағыздылығы мынандай факторлар айғақтайды: біріншіден, жеке қордың қалыптасуы, яғни оның дерек ретінде пайда болу объективтілігі, шығу тарихы, сонымен қатар оның құжаттық мұра ретінде маңыздылығы. Екіншіден, жеке қордың белгілі қоғам қайраткерлері немесе өнер қайраткерлері қалыптасытырады, осы тұрғыдан алсақ өнер туындыларына жатады, яғни оның субъективлігінде. Үшіншіден, жеке қор құжаттарының сақталу деңгейі, қор ретінде қалыптасуы, оның теориялық методологиялық мәселелері қаншалықты зерттелгендігінде. Міне, осындай мәселелерді зерттеу тақырыптың мағыздылығын және өзектілігін көрсетеді.
1. Н. Г. Емельянова. Документы по личному составу: проблемы отбора и обеспечения сохранности. // Отечетвенные архивы. 2001 №6.
2. А. Н. Артизов, С. Д. Мякушев. Сохранение и использование документов по личному составу: прощлое, настоящее, будущее // Отечественные архивы. 2001. №4.
3. Т. М. Горяева Проблема собирания документов личного происхождения: как мы ее понимаем сегодня // Отечественные архивы. 2005. № 4.
4. С.С Дмитириевтің Личные архивные фонды. Виды и значение их исторических источников
5. А. С. Федотов. Актуальные вопросы собирания личных фондов //Отечественные архивы. 2002. №5
6 . Э. В. Колосовтың Личные архивы историков и историография // Советские архивы. 1971 №4
7. О. Г. Леонтьева. К вопросу о статусе документов по личному составу в государственных и муниципальных архивах // Отечественные архивы. 2001 №6.
8. Л. Г. Сырченко. Личные фонды деятелей русской литературы и искусства а архивах СССР. М ., 1975.
9. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры мұрағаттар туралы Заң. 22 желтоқсан 1998 жыл.
10. Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына «өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы. Астана, 10.11.2001.
11. Методические рекомендации по работе с документами личного происхождения. Мосва 1990жыл.
12. Сариева Р. Х .Мұрағат және тарих . Арыс. 2004жыл.
13. А. Құсайынов. Впервые подготовлено 13 словарей Казахской терминологии. // Казахстанская правда 1 апрель. 2000.
14. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. Алматы: Қазақуниверситеті.-2002-203б.
15. Қозыбаыв М. Ғұмырнама жанрын зерттеу мәселелері // Қазақ тарихы. 1997. №4. 42 б
16. Сейфуллин С. Тар жол тайғақ кешу. Алматы: Жазушы.-1977.-448б.
17. Тәжібаев Ә. Есімдегілер-естеліктер. Эсселер. – Алматы, Жазушы, 1983.
18. Әуезов М. О, Ә.Тәжібаев. – Алматы, Жазушы, 1969.
19. Әлімқұлов Т. Әдеби сын зерттеу. – Алматы, Жазушы, 1993.
20. А. А. Новинкова. О государственном хранении личных архивов деятелей советского общества. // Вопросы история. 1971.№8

Пән: Мұрағат ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

Тарихнама және деректану кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСЫ

Жеке мұрағат қорларының қалыптасуы және дамуы

Орындаған:
1 курс магистранты _____________ Қалыбекова Жанна

Ғылыми жетекші:
Т.ғ.к., доцент _____________ Алпысбаева Н.К.
(қолы, күні)
Қорғауға жіберілді: ____ ____________2011ж.

Каф.меңгерушісі:
Т.ғ.д., профессор ____________ Атабаев Қ.М.
(қолы, күні)

Алматы 2011ж.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
- 6

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. Жеке қорлардың қалыптасу тарихы ... ... ... ..7- 17

ІІ. Жеке қорлардың даму тарихы ... ... ... ... ... ... 18-23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..24-25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... 26-27

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Біздің Отанымыз алдыңғы қатарлы мәдени-тарихи елдер
қатарына жатады. Біздің мәдениетіміз ата-бабамыздан келе жатқан тіліміз бен
діліміз екеніне ешкімнің дауы жоқ. Бүгінгі таңда Тәуелсіз ел болып, шаңырақ
көтерген еліміз өзінің тарихын тірілтуге бар күшін біріктіруде.
Жаңа заман талабына сай білікті маманды қалыптастыру, тәрбиелеу
егеменді еліміздің алдына қойған мақсаты ғана емес, басты міндеттерінің
бірі болып табылады. Бұл басты міндет бұл біздің қоғамның идеологиялық,
тәрбиелік, рухани құндылықтар мен оқу – ағарту жұмыстарының негізгі бағыты.
Өркениетке, кемелділікке қол созған ел ешқашан бүгінді ғана місе
тұтқан емес, өткен тарихқа үңіліп ой жіберіп, болашаққа да көз тігеді. Алды
артын түгел болжап тірлік кешеді. Өткен өмір тарихтың қатпар қойнауына
кеткенімен, ол бүгінмен, болашақпен өмір бойы сабақтасып, өркені үзілмей
жалғасып жатады.
Сан ғасырлар бойы тарихымыз жекеленген адамдардың бір- біріне асыл
мұра етіп жеткізуімен сақталып келгені белгілі. Сондықтанда жекеленген
қорлардың құрамына кіретін қолжазбалар, жазбалар, күнделіктер, қойын
дәптерлер, биографиялық құжаттар, шежірілер және тағы да басқаларыда қор
құрушының өмірімен шығармашылық қызметі, өмір сүрген ортасын зерттеуде
бірден – дерек көзі болып табылады. Бұл деректерді жете білу дегеніміз
тарихтан тағылым алу деген сөз. өткенді білу – тірліктің, заңдылықтарын
сараптауға мүнкіндік береді. Соның арқасында тарихтың тағлымы бүгінімізге
сабақ, болашағымызға бағдар бола алады. Адамзат өткен тарихынан болашақтың
белгілерін табуға үміттеніп, артына қарайлайды.
Қазіргі таңда мұрағатшылар алдында жеке құрам құжаттары деп аталатын
ірі массивтың дәрежесі мен құрамына байланысты алуан –түрлі сұрақтар тұр.
Аталатын сұрақтар шешіміне сәйкес құжаттардың болашағы шешіледі десек артық
айтқандық болмас еді.
Жеке мұрағат қорлар материалдарының мазмұнының құндылығы мен көп
аспектілігі зертеушілерге аса үлкен дерек көзі болып табылуымен
ерекшеленеді.
Отандық деректану ғылымының өзекті мәселелерінің біріне жеке қор
құжаттарын мұрағаттанулық және деректанулық тұрғыдан зерттеу болып
табылады. Аталмыш тақырыптың мағыздылығы мынандай факторлар айғақтайды:
біріншіден, жеке қордың қалыптасуы, яғни оның дерек ретінде пайда болу
объективтілігі, шығу тарихы, сонымен қатар оның құжаттық мұра ретінде
маңыздылығы. Екіншіден, жеке қордың белгілі қоғам қайраткерлері немесе өнер
қайраткерлері қалыптасытырады, осы тұрғыдан алсақ өнер туындыларына жатады,
яғни оның субъективлігінде. Үшіншіден, жеке қор құжаттарының сақталу
деңгейі, қор ретінде қалыптасуы, оның теориялық методологиялық мәселелері
қаншалықты зерттелгендігінде. Міне, осындай мәселелерді зерттеу тақырыптың
мағыздылығын және өзектілігін көрсетеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Жеке қор құжаттары осы күнге дейін
әлі зерттелмеген мәселелердің бірі болып табылады. Бұл республикамызда әлі
де болса мұрағаттану жұмысы қолға алынбағанын көрсетеді. Қазақстан
тарихнамасында жеке тұлғатану бағыты қалыптасқан, ал осы бағыты айқын
көрсететін дерек көздерінің бірі жеке тектік құжаттар. Осы құжаттардың
пайда болуы, олардың шығуына әсер еткен саяси, әлеуметтік факторларды
зерттеу, оларды ғылыми айналымға енгізу қазіргі таңдағы деректану ғылымының
сұранысы. Жұмысты жазу барысында қолданылған көптенген әдебиеттердің басым
көпшілігі Кеңес дәуірі негізінде жазылған. Сол әдебиеттердің ішінен ерекше
атап өтетін болсам Н.Г Емелеьянованың Документы по личному составу:
проблемы отбора и обеспечения сохранности атты мақаласы Бұл мақала
Отечественные архивы журналының 2001 жылы № 6 жариялаған болатын. Бұл
мақалада сараптау тексеру комиссиясының жұмыс бағыттары мен міндеттері
туралы баяндалған.Яғни құжаттарды жинау мен сақтаудағы басты міндет-олардың
нормативті-методологиялық базасын жаңарту керектігін басшылыққа алған.[1]
Аталған еңбектен басқа аса маңызды еңбектердің бірі бұл А.Н Артизов
пен С.Д. Мякушевтің Сохранение и исрользование документов поличному
составу: прошлое, настоящее, будущее атты мақаласын ерекше атап өткеніміз
жөн. Авторлар бұл мақалаларында жеке адамның қызметін қамтитын белгілі бір
құжаттардың кешенін ала отырып, жеке тектік құжаттарды жинау мен сақтаудың
алғашқы кездері тұрмыстық қажеттіліктерен туындаған сүраныстардың нәтижесі
деп көрсетеді.
Дербес мәліметті құжат түсінігіне анықтама бере келіп, оларды
топтастырған [2]
Басымыздан өткен көптеген тауқымет жылдары көптеген құнды
құжаттарымыздан айырылып қалғанымыз баршамызға белгілі.
Бұл құжаттарды жинау мәселесіне Т. М. Горяева тоқталған. Жеке мұрағат
қоры құжаттарын жинау мен сақтауға арналған мемлекеттік заң актілерне
талдау жасай келе, автор ірі – ірі тарихи оқиғаларды баяндап өткен. Сонымен
бірге, жеке тектік құжаттардың ортақ сақтау орындарының болмауы салдарынан,
сақтауға әр жерге быт – шыт болып, тоз – тозы шығуы өз кезегінде
құжаттардың жүйелі қалыптасуына алып келгеніне шолу жасаған. Т. М. Горяыва
бұлармен қоса Мұрағатты қорғайық! ұранын алға тартты. [3]
Сонымен қатар өз еліміздің ізденушілері Гулзағир Өтен Жеке адамдық
дерек көздерін деректанулық талдау жасай отырып, жеке дерек көздеріне
жататын заманхат ,естелікке анықтама беріп өткен. Жеке қорлар және тарихи-
құжаттық топтамалар құжаттары-қоғамымыздың мәдени мұрасының ажырамас бір
бөлшегі атты мақаласында Ауғанбаева Г.М Қазақстан Республикасының Орталық
мемлекеттік мұрағаты қорларынна сипаттама бере отырып, соның ішінде жеке
тектік қорларғадағы ақын, жазушыларды қорларынан қазақ әдебиетінің алыптары
М.Әуезов, И.Жансүгіров, С.Мұқанов қорларына, мемлекет және қоғам
қайраткерлерінен С.Жандосов, Ө.Жәнібеков қорларына, батыр аталарымыз
Б.Момышұлы, М.Ғабуллин, Қ.Қайсенов қорларына тереңінен тоқталады. Аталған
еңбектерден басқа аса маңызды еңбектердің бірі С.С Дмитириевтің Личные
архивные фонды. Виды и значение их исторических источников атты мақаласы.
Бұл еңбегінде автор жеке қор терминине анықтама бере отырып, жеке тектік
құжаттардың түрлеріне тоқталып өткен. [4]
А.С Федотов өзінің Актуальные вопросы собирания личных фондов атты
еңбегінде нарықтық қатынастардың қалыптасуыне байланысты мемлекеттік
сақтауға көптеген жеке қорлардың сатып алуына орай, ұлттық құндылықтарға
жеткілікті қаржының бөлінуі керек екенін тілге тиек етеді. А. С. Федоевтің
тағы бір ерекшелігі-құжаттармен бірге заттай дерек көздерінде жинау, өңдеу,
есепке алу сияқты мәселелерді алға тартуы.[5]
Жеке тектік құжаттар туралы көптеген әдебиеттер мен зерттеулердің
арасында кездесетін дерек көздерін, тарихнамасын талдауға арналағн еңбектер
сирек кездеседі. Аталағн мәселе бойынша Э. В. Колосовтың Личные архивы
историков и историография атты еңбегін атауға болады. Автор жеке қорларға
тән анықталған тарихи деректердің түрлері, жекеленген жеке қорлар мен
біртекті жеке қорларға қатысты деректанулық анализдер туралы бірқатар
еңбектерге тоқталған. Ол әр талдауды қорытындылай келіп, зерттеушілерге
жеке қор материалдарының баға жетпес құндылықтырын атап көрсетуге тырысқан.
[6]
Жеке тектік құжаттардың құқықтық, генеологиялық, тарихи-биографиялық
аспектілеріне тоқталған автор, олардың әрқайсысының ерекшеліктеріне жеке
–жеке тоқталған. Бұл құжат топтарының тым болмаса құқықтық дәрежесін
көтерсек үлкен жетістік болар еді ,-дейді О. Г. Леонтьева [7]
Л. Г. Сырченконың еңбегін ееркше атап өтуге болады. Оның Личные
фонды деятелей русской литературы и искусства а архивах СССР еңбегі
Моквадан 1975 жылы жарық көрді. Бұл ебегінде автор жеке тектік құжаттардың
мұрағат құрамында ұйымдастырылуы мен мұрағаттарды жеке тектік құжаттармен
толықтыру мәселесін талдаған. Сонмен қатар, жеке тектік құжаттар туралы
мұрағат анықтамаларының жарйялану жағына баса назар аударған. [8]
Жұмыстың деректік негізі: Жұмыстың жазылу барысында көптеген дереккөзддері
кеңінен пайдаланылды. Курстық жұмысымдағы ең басты дерек көзі ол Қазақстан
Республикасының Ұлттық мұрағат қоры мұрағаттар туралы Заңы,[9] Қазақстан
Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Заңы
[10] сонымен қатар Методические рекомендации по работе с документами
личного происхождения , [11] Сариева Р. Х Мұрағат және тарих [12] атты
еңбектері пайдаланылды.
Міне, осындай дерек көздерімен жұмыс нәтижесінде, тақырыпқа қатысты
құжаттар талданып, сарапталып, тақырыпты жан-жақты ашуға көп септігін
тигізді.
Жаңалығы: Отандық тарих ғылымында алғаш рет жеке қор құжаттары арнайы
зерттеліп отыр. Мәселенің қойылуының өзі жаңалық болып табылады. Жеке қор
құжаттарының қалыптасу тарихы, жеке тектік құжаттардың түрлері, жолдары
және теориялық методологиялық мәселелері алғаш рет қарастырылады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты: Жеке қорлардың қалыптасу тарихы жан –
жақты зерттеу.
Өз мақсатыма жету үшін мынадай міндеттер белгілеймін.
- Жеке қор ұғымына анықтама беру.
- Жеке қордың қалыптасу тарихын, яғни оның Қазақстанда, шетелде
қалыптасу тарихын зерделеу.
- Жеке қорға жататын құжатар түріне сипаттама беру.
- Жеке қор құжаттарының сақталуын, оның тарихи дерек ретіндегі
маңыздылығын ашып көрсету.
Жұмыстың хронологиялық шеңбері: Жұмыстың хронологялық шеңбері жылдан
бүгінгі күнге дейінгі уақытты қамтиды.
Тақырыптың құрлымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімінен және тұрады.

І – тарау. Жеке қорлардың қалыптасу тарихы.
Жеке қор ұғымына анықтама беру

Мұрағатқа берілетін баға өлшемсіз. Кезінде академик Е. В. Тарле
Құжатсыз тарих жоқ, тарихсыз мемлекет, ұлт жоқ деген. Бұл әлімсақтан
дәлелдеуді қажет етпейтін қағида. Сондықтан да құжаттарды жинақтап, реттеп,
сақтап отырған мұрағаттардың тарихи деректердің ұрпақтар мүдесіне қызмет
етуіне қосар үлесі зор.
Қазақсатн Республикасы Орталық мемелекеттік мұрағаты қорларды
жинақтау бейнені жағынан көп жақты болғандықтан мемлекеттік сақтауға тек
мекемелер мен ведомстволардң ғана құжаттарын қабылдап қана қоймайды,
сонымен қатар жеке адамдарың да, яғни жеке тектік мұрағаттарды да
жинақтаумен айналысалды. Қазіргі таңда біздің мүрағат республика бойынша
жеке қор құжаттары жинақталған бірден-бір мұрағат қоймасы болып отыр.
Еліміздің даму қалыптасу, даму, өркендеу кезеңдерімен және
әдебиетәмен өнерәмен, мәдениетінен мағұлымат беретін жеке тектік құжаттар-
халықтың баға жетпес рухани қазынасы. Сондықтанда жеке қрлар Қазақсатан
Республикасы Ұлттық мұрағат қорын толықтырудың қайнар көздерінің бірі болып
саналады.
Өйткені жеке қор құжаттары қоғамымыздың әлеуметтік құрылысы мен даму
тарихын жан-жақты зерттеуде аса маңызды дерек көзі болып табылады. Кейбір
жағдайларда жеке қор құжаттары қоғам өмірінің әлдебір жақтарын зерделеуде
жалғыз ғана дерктік мәлімет болып қалатын көздері де болады. Дерек көзі
ретінде әсіресе қор құжаттарының басым бөлігін құрайтын шығармашылық,
өмірбаяндық құжаттар және хаттар саа жоғары құндылыққа ие.
Жеке мұрағат қорлар материалдарынң мазмұндық құндылығы мен көп
аспектілігі зерттеушілнрге революцияға дейінгі және революциядан кейінгі
тарих, ғылым, экономика, мәдениет, өнер және саяси-тарихи саласындағы
мәліметтерді зерттеуде аса үлкен дерек көзі болып табылады. Бұл
материалдарме танысу арқылы қор құрушы өмір сүріп отырған кезеңнің саяси-
экнонмикалық, мәдениет, өнер және тұрмыстық тарихы мен идеялық
сұраныстарының іске асырылуы мен қалыптасуы туралы баға жетпес құнды
материалдарға қол жеткізеді. Сонымен қатар, жеке тектік ққжаттармен танысу
арқылы жекеленген тұлғалардың ( ғалым, саясаткер, археолог, мұрағаттанушы,
өнертанушы, тарихшы, физик т.б) қоғамға тигізген әсерін, олардың саяси-
қоғамдық оқиғаның мәнін ашуға болады.
Жеке тектік құжаттар туралы көптеген әдебиеттер мен зерттеулер
арасында жеке қорларда кездесетін дерек көздерін, тарихнамасын талдауға
арналған әдебиеттер өкінішке орай өте аз, тіптен бірен сарн деседе болады.
Ал қазақ тілінде мүлдем оқу құралдары жоқ. Сол аз әдебиеттердің ішінен Э.В
Колосовтың Личные архивы историков и исторогафия атты еңбегін атауға
болады. Автор еңбегінде С. С. Дмитриевтің Личные архивные фонды. Виды и
значения их исторических источников атты мақаласына төмендегідей
көзқарасын баяндайды. Елдегі мұрағат қоймаларындағы жеке мұрағат
қорларының пайда болғаны туралы мәліметтермен автор жеке мұрағат қоры
түсінігін анықтай келе, олардың классификациясын сонымен қатар, жеке тектік
материалдарды зерттеушілердің жұмыс методикасына ерекше тоқтала отырып, XIX-
XX ғасырлардағы жеке қорларға тән анықталған деректердің түрлерін,
жекеленген жеке қорларға қатысты деректанулық анлиздер туралы бірқатар
еңбектерге тоқталып кеткен [6., Б.21.].
Жеке тектік құжаттардың құндылығын айта келіп, ойын былай түйіндейді:
Изучение биографий отдельных личности, их индивидуальный черт является
одним из необходимых условий воссоздания подлинной картины исторической
науки- в особенности. Здесь невозможно обойтись без привлечения докуметов
личного происхождения, не только опубликованным. Но иждущих своего
исследователя в архивах [6.,Б.27.].
Анықтамалық және терминологиялық аппараттың дамуы мен қалыптасуы кез-
келген ғылым үшін аса маңызды болып табылады. Ғылыми даму барысында оның
терминологиясыда шыңдалады; өз кезегінде ұғым мен терминдердің дамып,
жетілуі ғылыми танымның болашақтағы юайып кеңеюіне ықпалын тигізуші фактор
болып табылады. Қазақсатн Республикасының мәдениет ақпарат жеке қоғамдық
келісім министрі А. Сарсенбаевтың келісімімен алғаш рет (2000 жылғы 13
томдық орысша, қазақша терминологиялық сөздік) дайындалып шықты. Аталған
сөздіктің 1 томы толығымен іс жүргізу және мұрағат ісіне арнауы
қуантарлық жағдай [13]. Осы қазақша терминологиялық сздік бойынша жеке
мұрағаттық қор дегеніміз- жеке адамның өмірімен қызыметі барысында
қалыптасатын құжаттардан құралатын жеке тектік мұрағат қоры. Ал жеке тектік
құжаттар-адамдар мен (жеке адаммен) жасалған ресми емес құжаттар болса,
жеке тектік мұрағаттық қор – жеке адамның, отбасының, әулеттің өмірі мен
қызметі барысында қалыптасқан құжаттардан тұратын мұрағаттық қор.
Ал С. С Дмитриевтің анықтамасы бойынша жеке мұрағатық қор-бұл Кеңес
дәуіріндегі мұрағаттардың қорлар арасындағы қорлардың түрі. Мұндай
қорлардың атауы осындай қорлардағы дерек көздерінің ерекше түрі мен сипатын
белгілемеиді, тек қана осы қорларыдың шығу тегі, пайда болуы мен
қалыптасуының тарихи әдісін белгілейді. Қорытып айтқанда жеке мұрағаттық
қорлар тарихи дерек көздерінің ерекше түрі емес, әр түрлі дерек көздерден
тұратын тарихи қалыптасқан кешендер, құрлымы, құрамы жағынан ішкі
бұртастығы бар кешендер деп анықтама берсе,[4.,Б.40] методические
рекомендации по работе с документами личного происхождения жинағында :
Жеке тектік құжаттар- бұл жеке тұлғалардың әрекет ету барысында пайдв
болған құжаттар және оларды даярлау кезіндегі өздерінің жеке меншігіне
жатқан құжаттар деп сипаттайды. [11., Б. 6]

Жеке қор құжаттарына анықтама беру

Тарихи дерек көздерінің үлкен бір тобын өзінің пайда болу жағынан
жеке адамдарға тән дерек көздері құрайды. Сондықтан олар ғылыми
әдебиеттерде жеке адамдық дере көздері деп аталады. Дерек көздерінің
өзіндік ерекшеліктері мол осы тобы туралы деректанушы Қ. Атабаев: Қазіргі
деректану ғылымындажазба деректерді сыныптауда жеке адамдық дерек көздері
сияқты дерек көздерінің ерекше түрін бөліп көрсеиу және зерттеу кеңінен
қалыптасқан. Оған: замахаттар (мемуарлар), естеліктер, күнделіктер, жеке
жазбалар, хаттар т.б жатады. Бұлардың ең басты тірлік ерекшелігі пайда болу
негізі жағыан жеке адамдық деректер тобына жатқандықтан, олардың аса
субъективтілігі. Сонымен қатар, ол дерек көздерінің түрлік
айырмашылықтарының айқынсыздығы. Ол бір жағынан ондағы мәліметтердің
құжаттылығында (немесе ғылымыилығында), екінші жағынан олардың мазмұны мен
формасының көркемділігі мен публицитикалығында деп жазды. [14.,Б.236.]
Жалпы, жеке тектік сипат барлық дерек көздеріне де тән, бірақ ол
барлық уақытта айқын көріне бермейді. Мысалы, халықтық сипатқа ие болған
ауызша тарих айту дәстүрінің туындылары фольклордың өзінің де жеке тектік
бастау болған. Кезінде олардың да белгілі бір адамдар, белгілі бір
оқиғаларға байланысты дүниеге әкелген. Бірақ, олар ауыздан ауызға берілу
арқылы ғасырлар барысында жеке тектік сипатынан айырылып, халықтық сипатқа
ие болған. Өзінің жеке бастауын сақтап қалған Тәуке ханның тура жолы( ,
Қасым ханның қасқа жолы(, ( Есім ханның ескі жолы сияқты дерек көздері
соның дәлелә.
Сол сияқты жазба дерек көздерінің де көп жағдайда ұжымдық ұйымдардың,
мекемелердің, партиялардың, заң шығарушы органдардың аттарымен пайда
болғанымен, олардың да бастапқы нұсқасы жеке адамдардың дайындағаны
белгілі. Мысалы, АҚШ та заңдар конгресте қабылдағанымен, кейбір заңдардың
нақты адамдардың атымен тарихқа енуі олардың авторының кім екендігін ашық
көрсетеді.
Дегенмен, көп жағдайда дерек көз авторын анықтау мүнкін емес, кейде
оның қажетіде болмайды. Ал, кей жағайда, ол нақты дерек көзі жеткізіп
отырған мәліметтің нақты дерек көзі жеткізіп отырған мәліметтің шынайылық
деңгейін анықтауда шешуші рөл атқаруы мүкін. Сондықтан зерттеуші өзінің
алдына қойған мақсаты мен міндеттреіне және талдаудағы нақты мәліметтің
ерекшелігіне қарай дерек көз авторын анықтау не анықтамау проблемасын өзі
шешеді.
Өзіндік ерекшелігін ескеруді қажет етеін жазба тарихи дерек
көздерінің үлкен бөлігін, авторы анық айтылған немесе кімдікі екені белгілі
жеке тектік деректер құрайды. Ұзақ жылдар бойы тарихшылар заманхаттарды,
естеліктерді, күнделіктерлі, хаттарды ғана жеке тектік дерек көздері
ретінде қарастырып келді. Ал шын мәнінде олардың ауқымы одан әлде қайда кең
болатын. Мысалы, оларға өмірбаяндық, әлеуметтік, этнографиялық, әлеуметтік
психологиялы және де басқада ақпараттар енген, бірақ ресми құжаттарда, не
дерек көздерінің басқа типтері мен түрлерінде жоқ дерек көздерін де
жатқызуға болады.
Жеке адамдық дерек көздері мен құжаттар тарихшыға нақты тарихи
тұлғаны оның дербес ерекшеліктерімен, қоршаған ортасының және оны дүниеге
әкелген дәуірінің белгілерімен қоса зерттеуге мүнкіндік береді. Олар
тарихшыға тұлғаның дүниетанымын, мәдени деңгеиін көруге болатын, тарихтың
кейбір сәттерін тұлғаның субъективті қабылдауы арқылы баяндау
ерекшеліктерімен байқауға болатын фактілер алуға болады. Олар зерттеушіге
сол уақыт адамдардың санасында бейнеленген күйінде көрінеді, мұндай дерек
көздері болған жағдайда тарихшылар өткеннің тірі суретін көре алмас еді.
Жеке тектік дерек көздерін зерттеу тарихшыға тарихи оқиғаларды кейде
күтпеген түсіндірмелер, өмір туралы көп тұсты түсінік беруге, оны әдетте
идиология, менталитет, рухани өмір деңгейінде қалпына келтіруге мүнкіндік
береді. Ондай дерек көздері әлеуметтік қатынастар формасын, уақыт
талғамымен, замандастарды ойы мен сезімін, әлеуметтік мәдениеттің адами
мазмұнын тіл, стиль, терминдер арқылы қайта қалпына келтіруге көмектеседі.
Егер, оларды басқа дерек көздерімен белгілі бір байланыста қарастыра білсе,
олар зерттеушәге әр бір кезеңнің өзіндік ерекшеліктері туралы құнды хабар
бере алады. Ол үшін тарихшылар сол дерек көздерінің ерекшеліктеріне сай
келетін тәсілдер қолдана білулері керек.
Дегенмен, жеке адамдық дерек көздерінің басты ерекшелігі-шындықтың
субъективті қабылдауы арқылы берілуі. Тарихтағы адамға дегенмен, өткенннің
тарихи-мәдени оқиғалар қалай қабылдағаныдғы, олардың өздерімен нақты не
болғандығын зерттеудің басты материалдарына айналады. Жеке тектік дерек
көздері зерттеушіге басқа дерек көздерінде кездеспейтін, қанша қазсаң да
таусылмайтын мол деректермен сол уақыт белгісі туралы мол ақпарат бере
алады.
Жеке тектік дерек көздерінің ерекше түрлерінің бірі- заманхаттар.
Заманхаттар жалпы алғанда естеліктермен тығыз байланысты. Олай дейтін
себебіміз, заманхаттардың негізін естелік құрайды. Сондықтанда әдебиеттерде
олар синоним ретінде қолданылады. Дегенменде бұл терминдердің өзіндік
ерекшеліктер бар. Мысалы, Бауйыржан Момышұлының Моква үшін шайқасы, өзі
тікелей қатысқан тарихи оқиға туралы жазған таза заманхаттық жанрға жатса,
сол өз қайын атасы Бауыржан Момышұлы туралы жазған Зейнеп Ахметованың
Шуақты күндері тек естелік қана болып табылады.
Заманхаттағы мәліметтер заманхат жазушының оқиға куәгері ретінде
жеткізген деректеріне негізделеді. Ал, сол заманхат жазуға негіз болған
естелік болса, басқа дерек көздерінде кездеспеген көптеген фактыларды ойша
қайта қалпына келтіруге көмектеседі. Заманхаттық мәліметтер кейбір
оқйғалардың ғылыми реконструкциясын жасауда шешуші рөл атқаруы мүнкін.
Дегенмен, зерттеуші заманхаттардың дерек көздері ретінде пайда болуының
өзіндік ерекшеліктерні есте сақтауы керк. Біріншіден, заманхат негізінен
жадқа сүйену арқылы жазылады. Ал адам жады жыл өткен сайын әлсірейді. Әр
дамның өзінің психикалық қалыптасу ерекшеліктеріне қараай кей нәрселерді
жадында жақсы сақтайды, кейбіреулерін ұмытады. Екіншіден, ол заманхаттың
дайындалу уақытының ерекшелігімен немесе тарихилық принципімен байланысты.
Уақыт ерекшеліктері, белгілі бір дәрежеде, заманхат авторының
дүниетанымына, қоғамдық позициясына, заманхаттардағы мәліметтердің
шынайылық деңгейіне, кейбір фактілердің айтылмай қалуына немесе бұрмалауына
әсер етпей қоймайды. Жалпы, бұл барлық заманхаттарға, әсіресе кеңестік
кезеңдердегі пайда болған заманхаттарға тән.
Заманхаттар арқылы автордың өз естелігін айтуы, ол тек өткенді сол
қалпында жеткізу ғана емес, ол автордың ой-тоғауы немесе күнәдән тазаруы,
ақталуы немесе айыптауы, өз змандастары немесе келешек ұрпақ алында нақты
оқиғаларды өз орнын көрсетуі. Сондықтан, заманхаттардың тағы бір басты
ерекшелігі- аса субъективтілігі. Ол заманхаттардың дерек көздері ретіндегі
кемшілігі емес, заманхатқа тән табиғи қасиеті. Ешкімнің де өзін жаман
жағынан көрсеткісі келмейтіндігі түсінікті, сонымен қатар замнахат өз
бойынды өзін дүниеге әкелген автордың жеке тұлғалық қасиеттерін ізін
сақтайды. Заманхат хазушының барлық жақсы қасиеттері де , жаман қасиеттері
де еріксіз естелікке енеді. Онсыз заманхаттар өзіндік бет бейнесінен
айырылады. Демек, заманхаттар басқаша бола алмайды. Демек, олардың
субъективтілігі-оларға тән объективті қасиет.
Алайда, қазақ заманхат жазу ісінің дәстүрлі мектебі де,
деректануғылымының бір саласы ретінде, сол заманхаттарды дерек көздері
ретінде зерттеуге мүнкіндік беретін заманхаттауда әлі қалыптасқан жоқ.
Дегенмен, аз да болса замахат жазу әрекеттері біздеде болған. Сондықтан
әзірге қолда бар заманхаттар мен естеліктер негізінде оларды әр қайсысының
өзіндік ерекшеліктері бар: ежелгі түркі дәуірінде, орта ғасырларда,
кеңестік кезеңде және тәуелсізк жылдары пайда болған заманхаттар деп,
шартты түрдеболсада, бірнеше кезеңдерге бөліп көрсетуге болады.
Мысалы, замахаттық жанрға тән сипатты белгілер ежелгі түркілердің
теңдесі жоқ ескерткіштері Орхан-Енесей жазбаларында да кездеседі. Ал, орта
ғасырлық заманхаттарға Мұхаммаед Хайдар Дулатидың Тарихи-и Рашидиі мен
Қазыбек би Тауасарұлының Түп-тұқиянынан өзіме шейін деп аталатын
еңбектерін жатқызуға болады. Мұхаммаед Хайдар Дулатидың екі даптаран
тұратын кітабы, Тарихи – Рашидидің екінші даптары заманхат түрінде
жазылған. Онда автор өзіне қатысты және өзі дүниеге келген орта мен
уақытына қатысты мол мәліметтер береді.
Заманхат жазу ісінің келесі кезеңі Кеңес өкіметі жылдарына сай
келеді. Ол кезеңнің ерекшеліктері туралы академик М . Қозыбаев ғұмырнама
жанырын зерттеу мәселесі туралы айта келіп: Ғұмырнаманың тағы да бір
қайнары –естелік, мемуарлық еңбектер. Екеуі егіз қозыдай етене жақын жанр.
Қазақ сахарасында бұл жанр негізінен XX ғасырда дамыды. Төңкерісітен
кейінгі Сәкен Сейфуллин бастайды да, Әліби, Тұрар, сәбит қостайды. 1916 жыл
туралы естеліктер жинағы баспаға терілген жерінен 1937 жылы зынданға
түскен. Социолистік дәуірде, жеке басқа табыну заманында азаматтар естелік
айтудың өте қауіпті екеіндігін түсінді. Мемуарды тек партизандар, Отан
соғысының қаһармандары ғана жазатын болды-деп, сол кезеңнің ерекшеліктерін
көрсеткн.[15]
Өткен ғасырдың басында А. Байтұрсынов дерек көздері ретінде шежіре
мен заманхаттарды салыстыра келе : Заманхат шежіредей емес, тәртіпті,
жүйелі келеді. Шежірені тек хат білетін адамдар құр тікелей беруге болады
заманхатты тек оқымысты адамдар жазады. Сондықтан, мұнда құр халық аузында
әуезе болып жүрген дәлелсіз сөздер жазылмайды- деп жазған еді.
Сол заманхат жаза алатын қазақтың оқымысты адамдары, дәлірек айтқанда
Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов бастаған Алаш зиялылары түгелдей дерлік
сталиндік саяси қуғын- сүргін құрбандығына ұшырады. Тек, С. Сейфуллин ғана
заманхаттық туындылар талатарына толық сай келетін өзінің Тар жол, тайғақ
кешуін жазып, қалдыра алды.
С.Сейфуллиннің Тар жол, тайғақ кешуін классикалық үлгідегі
заманхаттық шығарма деп батыл айтуға болады. Автордың өзі кітаптың жазылу
мақсат туралы : Мақсұт: 1916-17-18-19 жылдадағы тарихи қозғалыстың, ұлы
өзгерістің (революцияның) Қазақстандағы өзім көрген, өзім білген
оқиғаларынан баспа жүзінде әйтеуір із қалдыру болды- деп жазады.[16]
Демек, еңбектің заманхаттық жанр ретінде жазылғаны күмәнсіз. Ал, С. С
Сейфуллинің өз мақсатына толығымен жеткендігі туралы зерттеуші Қ. Атабаев:
Сөз жоқ, автор өз мақсатына толық жеткен деп айтуға болады. Еңбекте 1916
жылғы аласапыран алдындағы қазақ елінің бейбіт өмірі, 16-ның ойраы, ақпан
революциясы мен қазан төңкерісі, қазақ жеріне шексіз қайғы мен қасірет
әкелген азамат соғысы, елде кеңес өкіметінің күштеп орнатылуы, т.т, туралы
мол мәлімет берілген. Бұл мәліметтерді тиімді пайдалана білудің Қазақстан
тарихын түсінуге көмектесуі күмәнсіз-деп, оған нақты мысалдар келтірген.
Қазақстанда заманхат жазу ісі тек XX ғасырдың соңы мен XIXғасырдың
басында ғана кең дами бастады деуге болады. 1985 жылғы КОКП-ның сәуір
пленумынан кейін бұрынғы КСРО-да басталған горбачевтік қайта құру мен
жариялылық , демократиялық өзгерістер саласында көптеген адамдар
заманхаттар жазып жариялай бастады. Бұл үрдіс тәуелсіздік жылдары одан әрі
дамыды. Әрине, бұл үрдіс ерекше қоғамдық құбылыс ретінде арнайы
қарастырылуы керек.
Заманхаттар басқа да тарихи оқиғалармен қатар, мәдениет тарихын
зерттеудің де тамаша дерек көздері болып табылады. Жазушылар мен
режисерлердің, суретшілер мен әртістердің естеліктері көркемдік бағыттар
күресі, шығармашылықтың ауыр азабы тарихынан көп нәрсе айта алады. Әсіресе,
өнер адамдары туралы заманхаттар мен естеліктерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орынбор ғылыми архив комиссиясы құрылу тарихы
Қазақстан Республикасында мұрағат ісін ұйымдастыру
Қазақстандағы мұрағат ісі
Мұрағат ісін ұйымдастыруда іс –шараларды жүргізу
Қазақстанда іс жүргізу және құжаттану: тарихы мен зерттеу әдістері (ХІХ ғ. - ХХІ ғ. басы)
Қазақстан мұрағаттары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат ұғымы
Терминологияның зерттелуінің бастауы
Тәуелсіздіктің жасампаз 21 жылында мұрағат ісінің қызметі мен жетістіктері
ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢЕСТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ АРХИВТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖƏНЕ АРХИВ САЯСАТЫ
Пәндер