Орта жүздегі хандық билікті жоюдың құқықтық салдары


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

тақырыбы: «ОРТА ЖҮЗДЕГІ ХАНДЫҚ БИЛІКТІ ЖОЮДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛДАРЫ»

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-4

1. ХІХ ғ. басындағы Қазақстандағы саяси жағдай

1. 1. Хан билігін жоюдың алғы шарттары . . . 5-11

1. 2 Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты . . . 12-19

1. 3 ХІХ ғ. басындағы Орта Жүздегі саяси жағдай . . . 20-26

2. Хан билігін жоюдың құқықтық негіздері

2. 1 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғы» . . . 27-40

2. 2 Ресей әкімшілік-саяси жүйесінің енгізіліуі . . . 41-49

2. 3 Хан билігін жоюға наразылық . . . 50-62

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52-53

ӘДЕБИЕТТЕР . . . 54-55

КІРІСПЕ

Соңғы кезде үстем болып келген «Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуы» дейтін тұжырымдама біршама өзгеріске ұшырады. Тәуелсіз Қазақстан тарихы ғылыми зерттеулердің дербес объектісіне айналған жағдайда осы мәселе ішіне кіретін Қазақстанда хан билігін жою жағдайын тарихи-шындық тұрғысынан қарау керектігі өзекті мәселе.

XVIII-ХІХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы алуан тағдырлы сипаттағы оқиғаларға толы.

Ресей өзінің жаңа аумақтармен бірге көшпелі және отырықшы қанша халық санына ие болғанын, олардың өмірінің экономикалық, саяси және құқықтық жақтарының негізі мен ерекшеліктері қандай екенін жєне қазақ халқының негізін құрайтын басқа да мәселелерді мықтап анықтап алуға тырысты.

Әуелден-ақ Ресей өзінің жаңа аумақтармен бірге көшпелі және отырықшы қанша халық санына ие болғанын, олардың өмірінің экономикалық, саяси және құқықтық жақтарының негізі мен ерекшеліктері қандай екенін және қазақ халқының негізін құрайтын басқа да мәселелерді мықтап анықтап алуға тырысты. XVI11 ғасырдың 70-жылдарының басында Қазақстанда жаңа жалпы қазақ ханын сайлауға барлық жағдайлар қалыптасты. Бірден-бір лайықты кандидатура ықпалды Абылай сұлтан болатын, ол 1740 жылдың өзінде-ақ, қазақ даласынын ең беделді әміршісі болған еді. 1757 жылдың өзінде Цин империясымен ресми жазысқан хаттарында ол өзін хан деп атаған. 1770 жылы әбден қартайған Әбілмөмбет қайтыс болғаннан кейін Абылай Қазақ хандығының шын мәніндегі бірден-бір билеушісіне айналды.

XVIII ғасырдың соңғы ширегінен бастап патша үкіметі Қазақстанда хан билігін жойып, әкімшілік реформа жүргізуге ниеттенді. Бұл үрдіс әсіресе 1822- 1824 жылдары, «Сібір қазақтары туралы жарғы» мен «Орынбор қазақтары туралы жарғы» бекітілген кезде ерекше белсенді жүргізілді, олар арқылы хан билігі жойылып, Орта жүз және Ұлы жүздің бір бөлігі сыртқы округтерге бөлінді, ал Кіші жүзде дистанциялық жүйе енгізілді. Қазақстан аумағының ішкі отарға айналдырылуына қарай Ресей 1867-68 жылдардағы Уақытша ережелер арқылы қазақтарды басқару және бағындыру жүйесін бір ізге келтірді. Әкімшілік өзгерістермен бірге қазақтардың құқықтық және сот жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Қазақтардың дағдылы құқығының колданылу аясы күрт қысқарды, Ресей құқығы басым мәнге ие болып, ол 1886, 1891 жылдардағы Ережелермен түпкілікті баянды етілді. Өлкенің бүкіл жер қоры үстемдік етіп келген Шыңғыс ұрпақтары хан-сұлтан тегінің қолынан алынып, Ресей империясының меншігіне көшті. Абылай биліктің орталықтандырылуын нығайтуға ұмтылды. XVIII ғасырдын бірінші

ширегінде әрбір ру бірлестігі іс жүзінде автономиялы болды жөне оларды өздерінің билері, рубасылары басқарды. Бұл жүйе жағдайында хан көп жағынан билердің еркіне тәуелді болды және оның жекелеген рулар деңгейінде шешім қабылдауға ықпал етуге үлкен мүмкіндіктері болмады. Абылай жүздер мен үлкен бірлестіктерді басқаруға дәстүрлі қазақы кісілік рухы негізінде бір орталық буындары элементтерін енгізуге ұмтылды. Ханның көптеген балалары осындай билеушілер рөліне кірісті. 1774 жылы Әділ сұлтан ұлы жүздің бір бөлігінін, билеушісі болып тағайындалды, оған арнап Абылай Талас аңғарында қала салып, оған қаракалпақтарды қоныстандырды. Солтүстік-шығыс Жетісуда оның басқа бір баласы Сүйік, Орталық Қазақстанда Қасым билік етті. Орта жүзбен ұлы жүздің барлық дерлік жері ханның балалары арасында бөлінді. Тек Кіші жүзде жөне Орта жүздін батыс бөлігінде Қайып ұрпактары, Орталық Қазақстанның кейбір аудандарында -Барақтың ұрпақтары, ал Қытаймен шекара өңіріне таяу жерлерде және Сырдарияда Әбілмәмбеттің ұрпақтары - сұлтандар билік етті.

Осы мәселеде М. Шорманов, Ә. Бөкейханов, Ж. Ақбаев, И. Ибрагимов, Д. Самоквасов, Г. Загряжский, А. Крахалев, П. Маковецкий, Н. Максимов, И. Крафт, А. Добросмыслов, А. Мякутин және тағы басқалардың еңбектері деректі материалдың молдығымен ерекшеленеді.

Диплом жұмысы екі тараудан, әр тарау бірнеше мәселені қамтиды, әрине кіріспе мен қорытынды болары сөзсіз.

Жұмыстың мазмұнындағы Орта жүздегі саяси жағдай тақырыптың мазмұнына үйлеседі деп ойлаймын. Орта Жүзде хан билігін жоюға дейінгі саяси үрдістерді детанып-білу қажет. ХҮІІІ ғ. соңы мен хан билігін жоюға дейінгі кезеңді ерекше қарадым. Тақырыптың өзегі болатын 1822 жылғы “Сібір қырғыздары туралы жарғы” және „Орынбор қазақтары туралы жарғы” тақырып мазмұнының өзегін құрайды. Ресей әкімшілік жүйесін енгізу мәселесі де тыс қалмаған.

1. ХІХ ғ. басындағы Қазақстандағы саяси жағдай

1. 1 Хан билігін жоюдың алғы шарттары

Орта жүздің көптеген билеушілері XVIII ғасырдың 30-40-жылдарында-ақ Ресей протекторатын қабылдағанына қарамастан, олардың бағынуы нақты болмады. Қазақстан шекарасында күшті әрі агрессияшыл Цин империясының пайда болуы күрделі саяси жағдайдың тууына және қазақтардың Ресей ықпалынан шығып кету қаупіне әкеп соқты. Орта жүзді Ресей империясының протекторатында ұстау шекаралык өкімет орындарының негізгі міндетіне айналды. Бұл үшін Сібір ведомствосының әскери-әкімшілік органдары үш бағытта: аумақтық экспансия, дипломатиялық амалдар және сауда-экономикалық байланыстар арқылы әрекет жасады.

Орта жүз қазақтарының Ресейге бодандығы XVIII ғасырдың 40-жылда-рында түбегейлі емес еді, ал өлкедегі өз жағдайын нығайтуға шекаралық өкімет орындарының нақты күштері болмады. Жоңғарлардың Сібір бекіністері мен қоныстарына үнемі қауіп төндіруі, Оңтүстік Сібірдің едәуір аумағына билік жүргізуге дәмеленуі жағдайды шиеленістіре түсті. 50-жылдардың басында, Жоңғарияда өзара қырқыс басталып, ол іс жүзінде үшінші дәрежелі мемлекет деңгейіне дейін төмендеген кезде ғана жағдай өзгерді. Қазақ билеушілері жоңғар нойондарының билік жолындағы күресіне белсене араласты. Солтүстік Қазақстанда Ресейдің әскери экспансиясына және жаңа аумақтарды басып алуына қолайлы жағдай қалыптасты. 1752 жылдың жазында генерал С. В. Киндерманның басшылығымен 11 бекіністен тұратын Новоишим бекіністі шебін салу басталды, оның ең бастысы Есілдегі Петропавл болды. Бекіністі шепті салудың басты мақсаты Үй және Ертіс шебін жалғастыру болатын, соның салдарынан қазақтардан ені 50 шақырымнан 200 шақырымға дейін жететін жер көлемі тартып алынды. 1

Орта жүздің Ресейге тәуелсіздігі 1771 жылы Абылай үш жүздің ханы етіп жарияланғаннан кейін ерекше айқын көрінді. Ресей әкімшілігі өте қиын жағдайда қалды.

XVIII ғасырдын 60-жылдарының аяғына қарай Ќазаќ мемлекеті Абылайдың белсенді сыртќы және ішкі саяси ќызметі арқасында біршама мыќты әрі біртұтас мемлекетке айналды.

Бір жағынан, Абылайдың хан атағын танымау оны Ресейден алыстатуы мүмкін еді, оның үстіне Цин империясы оны қазақтардың жоғарғы билеушісі деп ресми түрде таныған болатын. Екінші жағынан, Ресей Нүралыны Кіші жүздің ханы етіп ресми түрде бекітті және Әбілқайырдың ұрпактарымен жан-жал туындамайынша, Абылайдың барлық үш жүзге билігімен келісе алмады.

Ал Абылай қыр көрсетіп, орыстың өкімет орындарына өзін тану туралы өтініш жасамады. Ара-тұра ол әскер жіберу туралы хат жазды, бірақ 1778 жылы ғана императрицадан өзінің хан атағын тануды ресми түрде сұрады. Сол жылы Абылайды Орта жүздің ханы етіп бекітуге патент - куәлік келді, ал 1779 жылы оған шекаралық шепке жакын жерден ағаш үй салынды. Алай-да бұл әрекеттер қазақ-орыс қатынастарын тек нашарлата түсті, сөйтіп Абылай шекаралық әкімшілікпен кандай да болсын байланыс жасауды мүлде тоқтатады. Сонымен бірге орыстың өкімет орындары белгілі бір себептермен Абылайдың билігіне бағынбаған қазақ қауымдарына ықпалын күшейтудың реті келген жағдайын кұр жібермеді. 1770 жылы Өскеменде уақ руынын бірнеше ауылдарының ақсақалдары жергілікті әкімшілікке орыс бодандығына қабылдауға өтініш жасады. 1772 жылы қарамағында үш мың қазағы бар керей руының ақсақалдары Есберді мен Нұра батыр Семей бекінісіне сондай өтініш етті. Алайда бұл жағдайлар сипатты болған жоқ және бірлі-жарым еді.

ХVIII ғасырдын 60-жылдарының аяғына қарай Қазақ мемлекеті Абылайдың белсенді сыртқы және ішкі саяси қызметі арқасында біршама мықты әрі біртұтас мемлекетке айналды. Ресейдің отаршыл өкімшілігі қазақтардан қалмақтардың қайтарылуына жәрдем көрсетуді талап етті, алайда Абылайдың өз ойлағаны бар еді.

1771 жылы Абылайды жалпы қазақ ханы етіп сайлау үшін жағдай жасалды. 1771 жылдың күзінде ұзақ уақыт бойы ақылдасқаннан кейін барлық үш жүздің өкілдері жана ханды сайлау үшін хандықтың ежелгі астанасы Түркістан қаласына келді. Абылайға ықпалды жырау Бұқар Қалқаманұлы, Әбілпейіз және Болат сұлтандар, Нұралы ханды қоспағанда, Кіші жүз қазақтарының билеушілері, 2 Орта жүз бен Ұлы жүздің өкілдері сөзсіз қолдау көрсетті. Халық көп жиналған кезде қазақ дәстүрі бойынша Абылай ақ киізге көтеріліп, үш жүздің ханы болып жарияланды. Ол «оған (атаққа) торғауыттарды жеңуі арқылы және Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін, барлық қырғыз-қазақ ордаларының ғана емес, түркістандықтар мен ташкенттіктердің де сайлауы арқылы ие болды». 3 Сөйтіп Абылай Қазақ хандығының бірлігін қалпына келтіре алды.

Абылай ханның ішкі саясаты. Бүкіл халықтық мойындауға және үш жүздің ханы атағына қарамастан, Абылайдың билігі шексіз билік болған жоқ. Сұлтандардың едәуір бөлігі, әсіресе Барақ сұлтан мен Әбілмәмбет ханның ұрпақтары Абылайды тақты заңсыз иеленді деп санады.

Абылай биліктің орталықтандырылуын нығайтуға ұмтылды. XVIII ғасырдын бірінші ширегінде әрбір ру бірлестігі іс жүзінде автономиялы болды жөне оларды өздерінің билері, рубасылары басқарды. Бұл жүйе жағдайында хан көп жағынан билердің еркіне тәуелді болды және оның жекелеген рулар деңгейінде шешім қабылдауға ықпал етуге үлкен мүмкіндіктері болмады. Абылай жүздер мен үлкен бірлестіктерді басқаруға дәстүрлі қазақы кісілік рухы негізінде бір орталық буындары элементтерін енгізуге ұмтылды. Ханның көптеген балалары осындай билеушілер рөліне кірісті. 1774 жылы Әділ сұлтан ұлы жүздің бір бөлігінін, билеушісі болып тағайындалды, оған арнап Абылай Талас аңғарында қала салып, оған қаракалпақтарды қоныстандырды. Солтүстік-шығыс Жетісуда оның басқа бір баласы Сүйік, Орталық Қазақстанда Қасым билік етті. Орта жүзбен ұлы жүздің барлық дерлік жері ханның балалары арасында бөлінді. Тек Кіші жүзде жөне Орта жүздін батыс бөлігінде Қайып ұрпактары, Орталық Қазақстанның кейбір аудандарында -Барақтың ұрпақтары, ал Қытаймен шекара өңіріне таяу жерлерде және Сырдарияда Әбілмәмбеттің ұрпақтары - сұлтандар билік етті.

Орталык билікті күшейту үшін Абылай қолданған шаралардың екінші кешені - бір тұлғаның қызметіне және оның тұлға ретіндегі қасиеттеріне сүйену. Мәселен, дағдылы құқықтың дәстүрлі түсініктеріне қарамастан, Абылай хан қылмыскерлерді өлім жазасына кесуге үкім шығару құқығын өзі алды. Бұл міндет бұрын билер қазылығында ғана болатын. Билер кеңесі мен рубасы-ақсақалдар съезінің құқықтары едәуір шектелді. Алайда дағдылы құқықтың дәстүрлі болуы және басқарудың нақты тұтқаларындағы кемшілік Абылайға хандықтың саяси жүйесіне реформаны ақырына дейін жүргізуге мүмкіндік бермеді. Оның үстіне бүкіл басқару жүйесін соғыстар қиратып кетті деуге болатын еді. Федерализм элементтері рулық басқару принциптерімен тығыз ұштасып жатты, хан билігін бұрынғысынша билер мен сұлтандар едәуір дәрежеде шектеп отырды. Мемлекеттік машинаның орнықтылығы түгелдей және толығымен ханның өз беделіне, онын күрделі саяси проблемаларды шешу кезінде ымыраластық таба білуіне байланысты болды.

Абылайдың сыртқы саясаты да икемділігімен және ымырашылдығымен сипатталды. Оның Ресей мен Қытай сияқты күшті мемлекттермен қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан едәуір айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш-қуатын өте жақсы ұғынған хан, бір жағынан, Ресей протекторатын танудан бас тартпай, екінші жағынан, өз иеліктерінде екі державаның да ықпалы күшеюіне жол бермей, олармен қатынастарда барынша икемділдік көрсетуге тырысты. «Қазақтар әуел бастан-ақ екі жақтылықты ұстанды, - деді цин императоры өзінің 1779 жылғы жарлығында, - . . . Абылай бізге бағынған кезде Ресей Абылайдың өз боданы екенін, сондықтан біздің оны өз бодандығымызға қабылдамауымыз керек екенін мәлімдеп, наразылык жіберді. Біз сонда былай деп жауап қайтардық: «Сіздер Абылайды өз адамымыз дейсіздер. Егер сіздер оны жақсылап басқарсаңыздар, ол ешбір жағдайда бізге бағынуға өтпеген болар еді . . . Ал сіздер, орыстар, бұған қалай кедергі жасай аласыздар?. . Егер болашақта мұндай оқиға бола қалса, сақтық жасау керек». 4 Бір жағынан, Абылай қытайдың өкімет орындарын өзінің адалдығына үнемі иландырып отырды, екінші жағынан, ол мәселені «Ресей сарайына әлдеқайда ынталылықпен . . . ал қытай ханымен хат жазысуды бір нөрсе үшін, оған бағынышты қырғыз-қайсақтарға қытайлардың реніш көрсетіп, қысым жасамауы үшін жалғастырып» отырған сияқты етіп көрсетті. 5 Хан өз иеліктерін агрессияшыл көршілерінен осылайша қауіпсіздендіріп қана қоймай, жекелеген пайда келтіруге де тырысты. Мәселен, 1772 жылы ол Ресейден өзінің сыртқы және ішкі жауларына қарсы күресу үшін тағы да әскер сұрады. Бұл орайда ол өзінің Қытаймен өзара келісімі бар екенін былай деп хабарлады: «Қай жақтан және Қандай да бір патша бізге дұшпандық әрекет немесе арсыздық жасайтын болса, оған қарсы тұратын болады және егер сол богдыханнан (Қытай императорынан ) күш сұрасам, ол менің талап етуім бойынша он мыңға деиін немесе жиырма мыңға дейін болса да әскери адамдар берер еді . . . ». 6 Шынына келгенде, Абылайдың адалдығына күмәнді Ресей де, Қытай да оған әскер бөлуден бас тартатын.

Ресейдің өкімет орындары Абылай ханды өзінің ықпал өрісінде ұстауға ұмтылды, сондықтан да 1777 жылы хан жазбаша өтініш жасаған жағдайда оның хан атағын тануға әзір екенін ресми түрде хабарлады. Мұндай дипломатиялық қадам өзінің сыртқы саяси аренадағы беделін нығайта түсетінін түсінген Абылай Петербургке өзінің баласы Тоғым бастаған елшілік жіберді. 1778 жылы ғана II Екатерина оны хан деп және Орта жүздің ғана ханы деп бекіту туралы грамотаға қол койып, оның Кіші жүз бен ұлы жүзге билігін танығысы келмеді. Бұған ызаланған Абылай Орынборда, Троицкіде, тіпті Петропавлда да ант беруден бас тартты. Отаршылдық өкімет орындары хан ордасына шенеунік жіберуге де келісті, алайда хан «мен өз дәрежеме халыктың сайлауымен әлдеқашан-ақ бекітілгенмін» деп мәлімдеп, ант беруден үзілді-кесілді бас тартты. 7 Ханның мұндай мінез көрсетуін оның 1773-75 жылдардағы Пугачевтің көтерілісінен кейін Ресей империясының күш-қуатына шүбәлана қарауымен түсіндіруге болады, ал ол көтерілістің барысында Абылай жалған атақ жамылушыны қолдап, тіпті онымен бірлесе отырып орыс бекіністеріне шабуыл жасауға да ниеттенген еді. 8 Ханға ықпалын мүлдем жоғалтудан қорқып, Ресейдің өкімет орындары 1779 жылы оған 300 сом және 200 пұт ұн мөлшерінде жыл сайынғы жалақы тағайындады, 9 бірақ, 70-жылдардың аяғына қарай Абылай Ресеймен қандай да болсын қатынастарының бәрін мүлде үзді.

Абылайдың оңтүстіктегі көршілерімен қатынастары басқаша болды. Абылайдың күш салуы арқасында қайтадан қазақ аймағына айналған Жетісуда қырғыздармен қақтығыстары жалғаса берді жөне Абылай оларға қарсы ара-тұра жорықтар жасап тұрды. 1774 және 1779 жылдары сондай жорықтар жасалды. Соңғысы қырғыз руларының бір бөлігінің Қазақ хандығына бағынуына жеткізді. Ташкентпен және Ходжентпен соғыста Сайрам, Шымкент, Созақ және Ташкент қазақтарға қайтарылды. Сонымен Абылай ханның XVIII ғасырдың 70-жылдарындағы сыртқы саяси қызметі Қазақ мемлекетінің бірлігін уакытша қалпына келтіруге, онын халықаралық аренадағы жағдайының нығаюына жеткізді.

Абылайға дейін де, одан кейін де бірде-бір қазақ ханының мұндай шексіз билігі болған емес. Бұл ең алдымен оның билігінің сөзсіз құдіреттілік сипатына байланысты еді. Ш. Уәлиханов былай деді: «құрмет (ханға) әлдебір мистикалык сипатта болды . . . Бұл хан уақыт қастерлі еткен еркін женілдіктерге қарсы рақымсыздықпен әрекет ете отырып, өз әрекеттеріне ұрпақтары оны әулие деп санайтындай сипат бере білді». 10

1. 2 Абылай ханның ішкі жєне сыртқы саясаты

XVI11 ғасырдың 70-жылдарының басында Қазақстанда жаңа жалпы қазақ ханын сайлауға барлық жағдайлар қалыптасты. Бірден-бір лайықты кандидатура ықпалды Абылай сұлтан болатын, ол 1740 жылдың өзінде-ақ, қазақ даласынын ең беделді әміршісі болған еді. 1757 жылдың өзінде Цин империясымен ресми жазысқан хаттарында ол өзін хан деп атаған. 1770 жылы әбден қартайған Әбілмөмбет қайтыс болғаннан кейін Абылай Қазақ хандығының шын мәніндегі бірден-бір билеушісіне айналды.

XVIII ғасырдын 60-жылдарының аяғына қарай Қазақ мемлекеті Абылайдың белсенді сыртқы және ішкі саяси қызметі арқасында біршама мыќты әрі біртұтас мемлекетке айналды. 1770 жылы сұлтан қырғыз жерлеріне тағы бір жорық жасады. Шату асуы арқылы Қызылсу және Шамси өзендерінің аңғарына өтіп, қазақтар қырғыз жасақтарын ауыр жеңіліске ұшыратты. Көптеген тұтқындар Орталық Қазақстанға көшіріліп, онда Абылайдың жеке вассалдары - төленгіттері құқығымен қоныстандырылды. Ресей билігінен Жоңғарияға қашқан еділ қалмақтарын талқандағаннан кейін сұлтанның беделі бұрынғысынан да арта түсті. Ресейдің отаршыл өкімшілігі қазақтардан қалмақтардың қайтарылуына жәрдем көрсетуді талап етті, алайда Абылайдың өз ойлағаны бар еді.

Сол кезде Абылай Қытай мен Ресейдің қолдауына қол жеткізуге тырысып, халықаралық аренада белсенді әрекеттер жасады. 1768 жылдың өзінде-ақ ол цин императорының өзін «барлық қазақтар мен сұлтандардың бастығы» деп тануына қол жеткізген еді. Сонымен бірге 1769 жылдың аяғында ол Ресейден өзі үшін 10 мың адамдық армия бөлуді сұрап, оның орнына аманатқа өз балаларының бірін ұсынды. «Егер . . . бізге жау шабуыл жасаса, бізге бір сан (10 мың ) немесе кем дегенде мың немесе бес жүз адам көмек көрсетілетін болады. Ал оның үстіне жоғарыда аталған бір сан әскер, менің тірі кезімде болсын немесе менін балаларымның тірі кезінде болсын, былайша пайдаланылар еді: алыстағы жаулар үшін - бір сан, жақындағылары үшін - мың, ал егер онша көп болмаса - менің ішкі жауларыма қарсы - бес жүз». 11 Сол кезде Абылай өзінің аманат баласын генерал етуді сұрады, аманаттар сұлтанның өз таңдауы бойынша екі-үш жылдан соң алмастырылып отыратын. Әрине бұл талаптар ол кезенде іс жүзінде орындалмайтын талаптар еді, мұны сұлтан жақсы түсінді. Бұл ретте Абылай шекаралық әкімшілікке өзінің қытайлармен, түсініліп жүргеніндей, әсте де онша жақын еместігін және Ресей протекторатынан әсте де бас тартпақшы болып жүрмегендігін білдірген еді.

1771 жылы Абылайды жалпы қазақ ханы етіп сайлау үшін жағдай жасалды. 1771 жылдың күзінде ұзақ уақыт бойы ақылдасқаннан кейін барлық үш жүздің өкілдері жана ханды сайлау үшін хандықтың ежелгі астанасы Түркістан қаласына келді. Абылайға ыќпалды жырау Бұқар Қалқаманұлы, Әбілпейіз және Болат сұлтандар, Нұралы ханды ќоспағанда, Кіші жүз қазақтарының билеушілері, 12 Орта жүз бен ұлы жүздің өкілдері сөзсіз қолдау көрсетті. Халық көп жиналған кезде қазақ дәстүрі бойынша Абылай ақ киізге көтеріліп, үш жүздің ханы болып жарияланды. Ол «оған (атаққа) торғауыттарды жеңуі арқылы және Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін, барлық қырғыз-қазақ ордаларының ғана емес, түркістандықтар мен ташкенттіктердің де сайлауы арқылы ие болды». 13 Сөйтіп Абылай Қазақ хандығының бірлігін қалпына келтіре алды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші жүз хандығындағы көтерілістер
Нұралы хан
Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның саяси-құқықтық салдары
1822 және 1824 жылғы Сібір және Орынбор қырғыздары туралы ереже.
ХІХ ғасырдағы Ресей империясының Қазақстанда жүргізген реформалары
XIX ғ. Қазақстан
Хандар
«Сібір қырғыздары» және «Орынбор қырғыздары»
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдің Қазақстанға жүргізген саяси құқықтық реформалары
Ресей империясының құрамындағы Қазақстанның саяси-құқықтық статусы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz