Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті банктік несиелендіру: даму факторлары
Кіріспе
1 Банктердің несиемен қамтамасыз етуі және оның экономикалық мәні
1.1 Банк жүйесі және оның түрлері
1.2 Орталық банктердің ақша.несие саясаты
1.3 Коммерциялық банктердің актив операциялары
2 Несие және оның құрылымы
2.1 Несие формалары мен түрлері
2.2 Несиенің қызметтері және оның экономикадығы маңызы
3 Қазақстан Республикасындағы несиелендіру
Қорытынды
Қолданылған әдебиет тізімі

Мемлекеттік кредит жүйесінде механизмінің жұмыс істеуінде банктердің ролі зор. Олар көпфункционалды организациялар несиелік жүйенің әр түрлі секторларында қызмет жасайтын болып табылады. Банктер несиелік ресурстардың негізін құрайды және өз клиенттеріне толық қаржылық қызмет көрсетеді.
Қазіргі нарық экономикада және кәсіпорындарының жұмыс істеуі мен дамуында несиенің ролі зор.
Менің курстық жұмысымда несие түсінігі, түрлерін, атқаратын қызметтерді, және маңыздылығын және қарастырмай, сонымен қатар осы банктік несиені беретін банк жүйесін де қарастырдым. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлерді несиелендіру және жалпы несиелеу жағдайын көрсету үшін “Банки Казахстана”, “Аргументы и Факты” және т.б. журналдарын қарастырып, сонымен қатар “ЦентрКредит” банкінің несие беру үлгісін зерттеп көрсеттім.
Курстық жұмысты жазудағы мақсатым – жалпы несие туралы түсінік беріп, оның түрлерін, атқаратын қызметтерін, экономикаға тигізетін әсерін және экономика үшін маңыздылығын көрсету. Сонымен қатар кәсіпорындарды қаржыландыру, несиелеу үшін банктердің жасайтын жұмыстарын, тәртіптерін зерттеу.
Несие жүйесінің негізгі буыны-банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектертер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.
“Банк” деген ұғым италиян сөзі “bank” –орындық, “айырбас орындығы-айырбас орны” дегенді білдіреді.
К. Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: “Кәсіпкерліктің ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта жүргізіледі...”.
Сонымен қатар банктер “несие ісінің екінші жағы-өсім әкелетін капиталды да” басқарыды. Өйткені банктер фирмалар мен үкімет мекемелерінің және халықтың жинағы мен табыстары сияқты уақытша бос ақша қаражатын өзіне шоғырландырып және оны несиеге бері арқылы несие үшін ақы алып, табыс табады. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде капиталистік кәсіпкерліктің дербес саласына айналады.

Кітаптар мен монографиялар
1. Кошенова Б. А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынасатары. Оқу құралы /Алматы: Экономика 2005ж 298б.
2. Мақыш С. Б. Ақша айналымы және несие: оқу құралы / А: Қазақ Университеті. 2000ж-129 бет
3. Тасыбаева А. А. “Банкілік құқық” / Алматы 1999ж
4. Ақша, несие банктер: Оқулық. Жалпы редакциясын басқарған Ғ.С.Сейітқасымов / Алматы: Экономика, 2001ж. 466б.
Кезеңмен шығатын шығарымдар
1. Банковское кредитование малого предпринимательство в РК //Банки Казахстана 2000г №11(41)
2. Статистический ежегодник Казахстана: статистический сборник / Смаилов редакциясында- А: Агенство Р. К. 2004ж статистикасы бойынша
3. Развитие банков / Банки Казахстана № 11(253)
4. Состояние в финансовой свере в РК // Банки Казахстана 2005ж тамыз №8 (235)
5. Ерлен Жангелдин Қазақстанның банк секторы: даму кезеңдері және қазіргі жан-күйі /Егемен Қазақстан 2000ж 24 наурыз 4 бет
6. Әбдіәзиз Алдаберген Саудагер кәсіпкер емес немесе банктерге құлаққағыс // Егемен Қазақстан 6 наурыз 1998ж 3-бет
7. 2030 стратегиялық даму /12-13 ноябрь

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ БАНКТІК НЕСИЕЛЕНДІРУ: ДАМУ
ФАКТОРЛАРЫ
Мазмұны
Кіріспе
1 Банктердің несиемен қамтамасыз етуі және оның экономикалық мәні
1. Банк жүйесі және оның түрлері
2. Орталық банктердің ақша-несие саясаты
3. Коммерциялық банктердің актив операциялары
Несие және оның құрылымы
2.1 Несие формалары мен түрлері
2.2 Несиенің қызметтері және оның экономикадығы маңызы
3 Қазақстан Республикасындағы несиелендіру
Қорытынды
Қолданылған әдебиет тізімі
Кіріспе
Мемлекеттік кредит жүйесінде механизмінің жұмыс істеуінде банктердің
ролі зор. Олар көпфункционалды организациялар несиелік жүйенің әр түрлі
секторларында қызмет жасайтын болып табылады. Банктер несиелік ресурстардың
негізін құрайды және өз клиенттеріне толық қаржылық қызмет көрсетеді.
Қазіргі нарық экономикада және кәсіпорындарының жұмыс істеуі мен
дамуында несиенің ролі зор.
Менің курстық жұмысымда несие түсінігі, түрлерін, атқаратын
қызметтерді, және маңыздылығын және қарастырмай, сонымен қатар осы банктік
несиені беретін банк жүйесін де қарастырдым. Қазақстан Республикасының
кәсіпкерлерді несиелендіру және жалпы несиелеу жағдайын көрсету үшін “Банки
Казахстана”, “Аргументы и Факты” және т.б. журналдарын қарастырып, сонымен
қатар “ЦентрКредит” банкінің несие беру үлгісін зерттеп көрсеттім.
Курстық жұмысты жазудағы мақсатым – жалпы несие туралы түсінік
беріп, оның түрлерін, атқаратын қызметтерін, экономикаға тигізетін әсерін
және экономика үшін маңыздылығын көрсету. Сонымен қатар кәсіпорындарды
қаржыландыру, несиелеу үшін банктердің жасайтын жұмыстарын, тәртіптерін
зерттеу.
1 БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1. Банк жүйесі және оның түрлері
Несие жүйесінің негізгі буыны-банктер. Себебі масштабы және маңызы
жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер
мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктердің, мектертер мен ауруханалардың, институттар мен
бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды
іс-жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу,
несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.
“Банк” деген ұғым италиян сөзі “bank” –орындық, “айырбас орындығы-
айырбас орны” дегенді білдіреді.
К. Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: “Кәсіпкерліктің
ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың
ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта
жүргізіледі...”.
Сонымен қатар банктер “несие ісінің екінші жағы-өсім әкелетін
капиталды да” басқарыды. Өйткені банктер фирмалар мен үкімет мекемелерінің
және халықтың жинағы мен табыстары сияқты уақытша бос ақша қаражатын өзіне
шоғырландырып және оны несиеге бері арқылы несие үшін ақы алып, табыс
табады. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде капиталистік
кәсіпкерліктің дербес саласына айналады.
Банк ісі - қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын
кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар
жүргізеді. Олар ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастырумен ғана
шұғылданып қоймай, санымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын
қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, ал
кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары
жүргізіледі.
Осы аталған жағдайларға сүйеніп, банктердің атқаратын қызметтерін
топтастыруға болады:
1) Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны
қарыз капиталына айналдыру.
2) Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие
беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу.
3) Ақша айналымын реттеу. Банк - әр түрлі шаруашылық
субъектілерінің төлем айналымы жүретін орталық. Банк
өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне
айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге
мүмкіндік туғызады.
4) Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек
жинаған уақытша бос ақша қаражатыме несиелеп қоймай,
сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді
шығарумен де несиелейді.
5) Экономикалық және қаржылық кеңес беру.1
Орындайтын айырықша қызметтеріне байланысты банктер: эмиссиялық және
эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.
Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға
(шығаруға) құқы бар, әдетте, орталық банк. Әр мемлекеттерде орталық банк
әр түрлі аталады. Қазақстан Республикасында ол Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі деп аталады. Мемлекеттік Орталық банкінің негізгі мақсаты –
айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар – ақша белгісін сату
және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол – елдің екі
деңгейлі банк жүйесінің – жоғары деңгейдегі банк.2
Капитализмнің алғашқы даму сатысында коммерциялық банктер банкнота
шығаруға капитал жинақтаудың бір көзі ретінде кеңінен қолданды. Дегенмен
несие жүйесінің даму барысында ақша шығару сенімді ірі банктерде
шоғырланды. Бұл банкноталардың төлем айналымында кең қолданылуын қамтамасыз
етті. Сөйтіп тарихи орталық банктердің пайда болуы коммерциялық банктердің
банкнота шығаруының бір жерде орталықтандырумен байланысты.
Кез келген орталық банктің міндеті – ұлттың ақша өлшемінің төлем
қабілеттілігі мен валюталық курсының тұрлаулылығын қамтамасыз ету, банк
жүйесінің өтімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету. Осы міндеттерді
атқару үшін орталық банк негізінен мынадай қызметтерді орындайды:
банкноталарды монополиялы түрде эмиссиялау; ақша-несиелік қатынастарды
реттеу; сыртқы экономикалық қатынастарды жүргізу; банктердің банкісі болу
және үкімет банкісі қызметі. Осы аталған қызметтер орталық банктіқ
балансында көрініс табады.
Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шығаруға
құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инновациялық,
ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететін
қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк.
Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа
ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және
басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге
қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал
инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруді
несиелейді.
Ипотекалық банктер – жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке
алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және
басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.
Мемлекеттік несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте
зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет
етеді. Коммерциялық банктер несие ресуртарының негізгі бөлігін
шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау, есептесу,
бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және
басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.
Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі
буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз
қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты
несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып
табылады.1
1.2 Орталық банктердің ақша – несие саясаты
Орталық банктердің ақша – несие саясаты деп оның айналымдағы ақша
массасын, несие көлемін, проценттік мөлшер деңгейі мен ақша айналымындағы
және қарыз капиталы нарығындағы басқа көрсеткіштерді өзгертуге бағытталған
іс-шараларының жиынтығын айтады. Ол саясаттың мақсаты – ақша айналымы мен
несие жағдайына асер ету арқылы шаруашылық конъюктурасын реттеу. Ақша-несие
саясаты несиеге және шектеуге (несиелік рестрикция) бағытталады. Өндірістің
дағдарысы және жұмыссыздықтың күшеюі жағдайында орталық банк несие беруді
кеңейту және процент мөлшерін азайту арқылы өндірістің жандануына себепші
болады. Керісінше, экономикалық өрлеу кезінде кездесетін алыпсатушылық,
бағаның өсуі, үйлесімсідіктің өрлеуі сияқты келеңсіз жағдайларды болдырмау
мақсатында орталық банк несиеге шек қою, проценттік төлемді жоғарылату,
төлем құралдарын шығаруды тежеу және т.с.с. әрекеттермен шұғылданады.
Ел экономикасының жағдайы ақша-несие жүйесіне тығыз байланысты.
Несие институттарының санына, несие ресурстары мен жүргізілетін
операцияларының көлеміне қарай кез-келген мемлекеттің ақша-несие жүйесінің
негізі коммерциялық банктер болып саналады. Оған дәлел, көптеген
мемлекеттерде ақша массасының 75%-тен 90%-ке дейінгісі банктік депозиттер
(клиенттердің банкке салған қаражаты), ал тек 25-10%-ы орталық банктің
банкноталары. Сондықтан мемлекеттің ақша-несие саясатын мемлекеттік реттеу
қызметі, тек орталық банк арқылы коммерциялық банктердің операцияларының
масштабы мен олардың түрлеріне ықпал жасауымен ғана табысты бола алады.
Орталық банк ақша-несие аясына ықпал ету үшін ең алдымен
коммерциялық банктердің депозиттерді ұлғайту немесе азайту (демек ақша
массасын) мүмкіншілігін пайдаланады. Бірақ одан орталық банк бантердің
депозиттік эмиссиясы мен несие операцияларының көлемін тікелей өзгертеді
деген ұғым тумайды. Орталық банк міндетті резервтер жүйесі арқылы банктік
несие мен депозиттер динамикасына әсер етеді. Ол банктердің резервтік
позициясын реттеумен несие мен депозиттерді қысқарту немесе ұлғайту
реакциясын тудыруы мүмкін.
Орталық банктердің ақша-несие саясатының әдістері сан алуан, олардың
ең көп тарағандары төмендегідей:
1) коммерциялық банктерге берілетін несиеге проценттік
төлем мөлшерін өзгерту (ресми есеп мөлшерін, қайтадан
қаржыландыру мөлшерін, ломбардтың мөлшерін);
2) банктердің міндетті қорларының мөлшерін өзгерту;
3) ашық нарықтағы операциялар, яғни вексельдерді,
мемлекеттік облигацияларды және басқа бағалы
қағаздарды сатып алу – сату операциялары;
4) валюта курсының саясаты немесе валюталық саясат.
Бұл айтылған ақша-несиелік реттеу әдістері барлықкоммерциялық
банктердің операцияларына және толық қарыз капиталының нарығына әсер
ететіндіктен жалпы реттеу әдісі деп аталады. Ал іріктеп тексеру әдісі
кейбір шаруашылық салаларын (мысалы, үй құрылысын, экспорт саудасын)
реттеуге қолданылуы мүмкін.
Іріктеп тексеру әдістеріне мыналар жатады:
1) кейбір банктерге банктік несинің мөлшерін немесе қарызды
тікелей шектеу (несиенің шегіне жету деп аталатын);
2) несиенің белгілі бір түрінің берілуіне тәртіп белгілеу, атап
айтқанда, маржа мөлшерін белгілеу, (яғни берілуге тиіс сома мен
берілген несиенің арасындағы айырма), депозиттер мөлшері мен
несие мөлшерінің арасындағы айырма (маржа – французша
өзгешелік, шама шегі деген сөз).
Реттеудің дәстүрлі әдісіне орталық банктің проценттік мөлшерін
өзгерту жатады. Проценттің ресми мөлшерін өсіру коммерциялық банктердің өз
резервтерін толтыру үшін несие алатын мүмкіншілігін азайтады, ол өз
кезегінде коммерциялық банктердің алған қарызын қысқартады, демек ол ақша
массасы мен нарықтық процент мөлшерін өсіреді. Сөйтіп, орталық банк процент
мөлшерін жоғарылатып, несиені шектеу саясатын, яғни несиелік рестрикция
жүргізеді.1
Процент мөлшерін жоғарылату елге қысқа мерзімді шетел капиталын
тартуға әкеп соқтырады. Сонымен қатар, ол төлем балансы мен валюта курсының
деңгейіне де әсер етеді. Қорытындысында төлем балансы активтеніп және шетел
валютасын ұсынушы көбейіп, даемек шетел валютасының курсы төмендеп, ал
ұлттық валютаның курсы жоғарылайды.
Орталық банктің процент мөлшерін төмендету әдісі, яғни несиені
кеңейту саясаты – несилік экспансия деп аталады.
Ресми процент мөлшерін өзгерту барлық қарыз капиталы нарығына екі
жақты әсер етеді: процент мөлшерін жоғарылату несиелік рестрикция
саясатының басталуын, ал несиелік экспансия процент мөлшерін төмендету
саясатының басталуын көрсетеді.2

Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары
анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға
бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру);
комиссиялық делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) және
сенімді операциялары.
Пассив операциялары – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып,
басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және т.с.с.
басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны
ұлғайту операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетіледі. Пассив
операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларына қарағанда алдымен
жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір қор
мөлшері қажет.
Пассив операцияларына мыналар жатады:
1) салым қабылдау (депозиттер);
2) клиенттерге шоттар (оның ішінде корреспондент-банктерге) ашу
және оларды жүргізу;
3) өзінің бағалы қағаздарын шығару (облигация, вексель, депозиттік
және жинақ сертификаттары);
4) банкаралық несие алу, оның ішінде орталықтанған несие
ресурстарынан;
5) репо операциялары;
6) еуровалюталық несие алу.
Банктің жинақталған ресуртарын табыс табу және өтімділігін
қамтамасыз ету мақсатымен орналастыруын актив операциялары деп атайды.
Актив операциялары негізінен төрт топқа бөлінеді:
1) несие-есептеу операциясы, оның нәтижесінде банктің несиелік
портфелі қалыптасады;
2) ивестициялық операциясы, ол инвестициялық портфельдің негізін
құрайды;
3) кассалық және есептесу операциялары – банктің клиенттерге
көрсететін қызметтерінің бірі;
4) басқа операциялары.
Несие-есеп операциялары – ол банктің несие ресурстарын орналастыру
қызметіндегі несие беру операциясы. Банк табысының көп бөлігі осы
операцияларды жүргізуден түседі.
Коммерциялық банктердің клиеттерге беретін қарызын біраз белгілерге
байланысты топтастыруға болады:
1) борышқордың типіне байланысты – кәсіпорынға, үкіметке және
жергілікті үкімет органдарына, халыққа, басқа банктерге
берілетін қарыз;
2) пайдаланылатын мерзіміне байланысты – қысқа мерзімді (1 жылға
дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға жейін), орта мерзімді
(5 жылдан жоғары);
3) қызмет ету ортасына байланысты - өндіріс аясына берілген қарыз
және айналыс аясына берілген қарыз;
4) борышқордың қай салаға тиістілігіне қарай өнеркәсіпке,
саудаға, ауыл шаруашылығына, транспортқа берілген қарыз;
5) қамтамасыз етілуі байынша – кепілді, қорғаулы, қауіпсіз және
қамтамасыз етілмеген (блангтік);
6) өтеу тәсіліне қарай – бір уақытта және бөлек-бөлекпен өтелетін
қарыз.4
Несиені банктер несилеудің мына негізгі принциптері (қағидалары)
сақталғанда ғана береді: қамтамасыздық, қайтарылымдық, мерзімділік,
төлемділік және мақсаттылық.
Көптеген мемлекеттерде қарыз белгілі бір несиелік шектеумен (лимит)
несие линиясын ашумен беріледі. Мысалы, АҚШ-та, Германияда, Голландияда,
Белгияда борышқорға ашылатын контокорренттік шот бойынша лимит бекіту
формасы кең тараған. Контокоррентік шот деген несиелік шотпен ағымдағы
(есептесу) шоттың біріктірілуі. Бұл шот бойынша дебеттік сальдо (қалдық)
клиентке несие беруді көрсетсе, ал кредиттік сальдо шотта өзінің қаражаты
бар екенін көрсетеді. Ал кейбір мемлекеттердің (Ұлыбритания, Канада)
банктері несиені шектеуді овердрафт бойынша жүргізеді. Овердрафт – клиетке
чек бойынша банктің қысқа мерзімді несие беруі немесе оның банкке берген
шоттарын ағымдағы шотындағы қалдықтан артық болса да, бекітілген лимит
шегінде банктің төлеуі.
Берілетін несие көлемі көптеген мемлекеттерде несие линиясының
мөлшерін (лимит) бекіту арқылы реттеледі. Бұл жағдайда банк пен клиент
арасында келісім бекітіледі, ол бойынша банк борышқорға келісілген мерзім
аралығында белгілі бір сомаға несие беруге міндетті. Несие линиясы бір
жылға ашылады. Келісілген мерзім аралығында борышқор қайтадан келіспей-ақ
және қосымша рәсімдемей-ақ қажет кезде несие алуға мүмкіндік алады.
Әйтседе, егер клиенттің қаржылық жағдайы нашарлап кетсе, онда келісімнің
аяқталуы мерзіміне дейін оны жою құқы банкте болады. Несие линиясы банк
жоғары сенім көрсеткен бірінші класты борышқорға қолданылады. 2
Ағылшын және швейцария банктерінің тәжәрибесінде банк топтарының
көлемді сома беретін синдикаттық несие формасы қолданылады. Бұл жағдайда
қатысушы-банктің біреуі басқарушы және төлеушінің өкілі қызметін атқарыды.
Консорциумдық несие әдетте өте ірі сомаға (30 млн. АҚШ долл. жоғары)
беріледі. Бұндай қарыз несие көлемін ұлғайтып, банктің несиелік қауіпін
төмендетеді.
Банктердің несие беру операцияларына факторинг және лизинг
операциялары да кіреді. Факторинг деген өнімдерді сату процесінде
контрагенттердің арасында туындайтын төленбеген қысқа мерзімді қарыз
тыпсырысын банкке сату.
Лизинг операциясы деген жалдаушы кәсіпорындардың ұзақ мерзімге
машиналарды, жабдықтарды, қозғалмайтын мүліктерді және негізгі капиталдың
басқа элементтерін жалға бергенде жүргізілетін операциялар.1
Сонымен коммерциялық банктердің активінің бұрыннан қалыптасып және
қазіргі кезде өрістеп келе жатқан негізгі бағыты – несие беру операциясы.
Актив және пассив операциялары бір-біріне тәуелді. Себебі коммерциялық
банктер негізінен өзгенің капиталымен қызмет жасайды, сондықтан банк
қаражатын несиеге беру масштабы көбіне банктің уақытша бос капитал мен
жинақтарды тарту қабілетіне байланысты. Ол банкте шоғырланған қаражат
қорынан клиенттерге қайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде несие береді.
2 НЕСИЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1 Несие формалары мен түрлері
Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері
сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады.
Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын
түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және
банктік несие болады. Бұл несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы,
қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша
ажыратылады.
Коммерциялық несие – ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге
сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Әдетте
коммерциялық несиеде аударым векселі толтырылады. Коммерциялық несие
алғашқы капитал жинақтау кезінде капиталистік ұдайы өндірістің қажетін
қамтамасыз етуден пайда болып, капиталистік несие жүйесінің негізін қалады.
Мысалы, кейбір объективті себептерге байланысты (тауар өндіру уақыты оны
сатып, ақша түсіру уақытымен сай келмейді, кейбір өндіріс жыл мезгілдеріне
байланысты ұйымдастырылып, онда өндірілген тауарларды сату да жыл
мезгілдеріне байланысты жүргізіледі) бір капиталист-өндіруші нарыққа
тауарын шығарғанда, екінші өндіруші-сатып алушыда қолма-қол ақша болмаған
жоғдайда оған бірінші капиталист тауарын несиеге сатады. Коммерциялық несие
тауардың өндірістен тікелей тұтынушыға түсуін қамтамасыз етеді, сөйтіп
тауарлардың сатылуын және барлық капиталдың қайталама айналысын
жеделдетеді. Ол сонымен қатар кәсіпшілер мен сатушылардың да ақша қажетін
өтейді.
Дегенмен, каммерциялық несиенің қолдануда біраз шетеулер бар. Олар:
1) бұл несиенің көлемі сатылуға тиіс тауарлар қорының көлемімен
шектеледі;
2) бұл несиенің көлемі ел экономикасының жағдайына байланысты
өзгереді, яғни дағдарыс кезінде капиталдың кері қозғалысы
бұзылып, коммерциялық несиенің көлемі қысқарады;
3) бұл несие тек бір бағытта қозғалыста жүреді: оны тек өндіріс
құрал-жабдықтарын шығаратын салалар оларды пайдаланатын
салаларға береді, керісінше болуы мүмкін емес. Мысалы, комбайн
зауыты өз өнімін – комбайндарды несиеге ауыл шаруашылығына
сатуына болады, ал ауыл шаруашылығы комбайн зауытына
коммерциялық несие ретінде өз өнімен бере алмайды. 4
Қорыта айтқанда, коммерциялық несиенің банктік несиеден басты
ерекшелігі – ол тауар түрінде берілетін несие.
Банктік несие – ол банкте шоғырланған қаражат қорынан клиенттерге
қайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде берілетін несие. Коммерциялық
несие мен банктік несиенің бір-бірінен бірсыпыра айырмашылықтары бар.
Біріншіден, коммерциялық несие тауар түрінде берілсе, ал банктік
несие ақша түрінде беріледі. Коммерциялық несиені тауар өндірушілер мен
сатушылар бір-біріне тауардың сатылуын қамтамасыз ету үшін береді. Банктік
несие өндірушіден де, сатушыдан да оқшауланып қарыз капиталы ретінде
беріледі.
Екіншіден, коммерциялық несие мен банктік несие бір-бірінен,
субъектілер, яғни несие келісіміне қатысушылар бойынша да ажыратылады.
Коммерциялық несиеде несие беріші ретінде де, қарыздар ретінде де кәсіпкер
жүреді. Банктік несиде несие беруші – банк, ал қарыз алушы - кәсіпкер.
Үшіншіден, коммерциялық несинің шектеулері банктік несие берумен
жойылады, себебі банктік несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек
тауар айналысына қызмет көрсетсе, банктік несие халықтың барлық топтарының
уақытша бос ақшасын шоғырландырып, оны капиталға айналдырады.
Төртіншіден, бұл екі несиенің динамикасы (өсуі) да біркелкі емес.
Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымының дамуына және
төмендеуіне байланысты өрбіп және қысқарып отырады. Өнеркәсіптің дамуы
кезінде оған ұсыныс пен сұраныс өсіп, дағдарыс кезінде төмендейді. Дағдарыс
әсерінен тауарды өндіру мен сату қысқарып, ал қарызды төлеу үшін банктік
несиеге сұраныс көбейеді. Өндірістің жанданып көтерілуі кезінде нақты
капиталдың көлемі өсіп, өндірістік мақсатқа жұмсау үшін банктік несиеге
сұраныс ұлғаяды. Осыдан банктік несиенің екі жақтылығы туындайды: қарыз
алушы, оны өндірістік капиталдың көлемін өсіру үшін пайдаланса, онда
капитал қарызы, ал қарыз міндеттемелерін өтеу үшін төлем құралы ретінде
пайдаланса, онда ақша қарызы болады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz