Қазақстан Республикасының мемлекеттілігіміздің қалыптасуының себептері, жалпы міндеттері, құрылымы, функциялары, механизмдері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Мемлекеттің пайда болу себептері мен теориялар ... ... ... ... ... ... ..5
2.Қазіргі Қазақстан мемлекетінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
3.Мемлекет белгілері мен басқару нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
4.Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы функциялары ... 15
5.Мемлекеттің механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Тақырыптың өзектілігі: Мемлекеттігіміздің қалыптасуының маңызы, оны зерттеудің қажеттілігі қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани өміріне байланысты. Мемлекет халықтың нақты өкіметі мен егемендігін жүзеге асыратын қажетті механизм болып табылады.
Мемлекетілігіміз бен қоғамымызды құрудың дұрыс стратегиясын тандап алудың өміршең мәні бар. Ерекше талданып жасалған стратегиялық жоспар назарды жинақтайды, тәртіпке жүмылдырады және жәрдемдеседі. Ол мемлекет назарын басымдықтардың аса қысқа тұжырымды тізбесіне жинақтайды, ол тәртіпке жұмылдырады әрі Үкіметті осы міндеттер мен стратегияларды күнделікті шешіп отыруға талпындырады. Ақыр аяғында, ол біздің мақсаттарымыздың іске асуына алып келетін күн сайынғы және жыл сайынғы шешімдерді қабылдауымызға жәрдемдеседі. Бірақ мұның өзі жеткіліксіз. Осы нұсқауларды өмірге енгізудің жобаланған жоспарларды іске асырудың маңызы мүлде кем емес. Сондықтан әрбір министрлік пен ведомство өз жұмысын әрбір күн, ай мен жыл біз қадам басқан сайын қойылған мақсаттарымызға қарай ілгерілейтіндей етіп ұйымдастыратын жүйені құру аса қажет
Жаңа мемлекетімізді құруға кіріскенде, ең алдымен еліміздің мықты іргетасын құрып, негіздердің негізі – жаңа Конститутция керек екені түсінікті болды. Біз сонау 1995 жылы қабылданып, қазіргі қолданыста жүрген Конститутцияға бірден келген жоқпыз. Иә, оның алдында 1993 жылы тұңғыш Конститутциямыз қабылданып, Президент 140-тан астам заң күші бар жарлыққа қол қойды. Осылардың арқасында үлкен табыстарға жетіп, өзінің мемлекеттік экономикалық саясатын «таңдаудан таңдауға» дейтін принциппен емес, экономикалық дамудың инвестициялық цикл деп аталатын объективтік қисынына сәйкестеп жүргізген болатын./1/.
Зерттелу деңгейі: Қоғамның мемлекеттік-құрылымдағы бірінші нысанына құл иеленуші, құл және құл иеленушіге бөлінген қоғам жатады. В.И.Лениннің берген анықтамасы бойынша: «Мемлекет дегеніміз –келісімге келмейтін таптық қарама-қайшылықтың көрінісі және нәтижесі».
Ф.Энгельс мемлекеттіліктің пайда болуындағы оның негізгі үш нысанын атаған: Афин – бұл таза, классикалық мемлекет нысанына жатқызылған. Себебі, мұнда мемлекет- тікелей рулық құрылымның ішінде дамыған, таптық қарама-қайшылықтың нәтижесі деп айтқан. Ертедегі мемлекеттік құрылымдар заңды түрде жер өңдейтін әлеуметтік-экономикалық негізде пайда болды және ертедегі таптық мемлекет ретінде сипатталады.
Алғашқы мемлекеттердің тапқа бөліну табиғаты біртіндеп, уақыт өткен сайын ғана көрінеді. Таптардың арасында, мемлекетті өз мүддесіне пайдалану мақсатында ымыраға келмейтін таптық күрес басталады.
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы Астана, 2007-372б.
2. Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы «НАС» баспа компаниясы, 2003.-328б.
3. Кенжебаев М. Саясаттану негіздері Алматы, «Санат» баспасы 1995, -128б.
4. Сапарғалиев Ғ.С, Ибраева А.С Мемлекет және құқық теориясы – Алматы: Жеті жарғы, 1998-192б.
5. Жамбылов Д.А. Саясаттану негіздері Алматы, 1999 жыл.
6. Байдельдинов Л.Ә Теориялық саясаттану Алматы, 2005 жыл.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Мемлекеттің пайда болу себептері мен
теориялар ... ... ... ... ... ... .. 5
2.Қазіргі Қазақстан мемлекетінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 7
3.Мемлекет белгілері мен басқару
нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 13
4.Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы функциялары ... 15
5.Мемлекеттің
механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 18

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Мемлекеттігіміздің қалыптасуының маңызы, оны
зерттеудің қажеттілігі қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани өміріне
байланысты. Мемлекет халықтың нақты өкіметі мен егемендігін жүзеге
асыратын қажетті механизм болып табылады.
Мемлекетілігіміз бен қоғамымызды құрудың дұрыс стратегиясын тандап
алудың өміршең мәні бар. Ерекше талданып жасалған стратегиялық жоспар
назарды жинақтайды, тәртіпке жүмылдырады және жәрдемдеседі. Ол мемлекет
назарын басымдықтардың аса қысқа тұжырымды тізбесіне жинақтайды, ол
тәртіпке жұмылдырады әрі Үкіметті осы міндеттер мен стратегияларды
күнделікті шешіп отыруға талпындырады. Ақыр аяғында, ол біздің
мақсаттарымыздың іске асуына алып келетін күн сайынғы және жыл сайынғы
шешімдерді қабылдауымызға жәрдемдеседі. Бірақ мұның өзі жеткіліксіз. Осы
нұсқауларды өмірге енгізудің жобаланған жоспарларды іске асырудың маңызы
мүлде кем емес. Сондықтан әрбір министрлік пен ведомство өз жұмысын әрбір
күн, ай мен жыл біз қадам басқан сайын қойылған мақсаттарымызға қарай
ілгерілейтіндей етіп ұйымдастыратын жүйені құру аса қажет
Жаңа мемлекетімізді құруға кіріскенде, ең алдымен еліміздің
мықты іргетасын құрып, негіздердің негізі – жаңа Конститутция керек
екені түсінікті болды. Біз сонау 1995 жылы қабылданып, қазіргі
қолданыста жүрген Конститутцияға бірден келген жоқпыз. Иә, оның
алдында 1993 жылы тұңғыш Конститутциямыз қабылданып, Президент 140-тан
астам заң күші бар жарлыққа қол қойды. Осылардың арқасында үлкен
табыстарға жетіп, өзінің мемлекеттік экономикалық саясатын таңдаудан
таңдауға дейтін принциппен емес, экономикалық дамудың инвестициялық
цикл деп аталатын объективтік қисынына сәйкестеп жүргізген болатын.1.
Зерттелу деңгейі: Қоғамның мемлекеттік-құрылымдағы бірінші
нысанына құл иеленуші, құл және құл иеленушіге бөлінген қоғам жатады.
В.И.Лениннің берген анықтамасы бойынша: Мемлекет дегеніміз –келісімге
келмейтін таптық қарама-қайшылықтың көрінісі және нәтижесі.
Ф.Энгельс мемлекеттіліктің пайда болуындағы оның негізгі үш нысанын
атаған: Афин – бұл таза, классикалық мемлекет нысанына жатқызылған. Себебі,
мұнда мемлекет- тікелей рулық құрылымның ішінде дамыған, таптық қарама-
қайшылықтың нәтижесі деп айтқан. Ертедегі мемлекеттік құрылымдар заңды
түрде жер өңдейтін әлеуметтік-экономикалық негізде пайда болды және
ертедегі таптық мемлекет ретінде сипатталады.
Алғашқы мемлекеттердің тапқа бөліну табиғаты біртіндеп, уақыт өткен
сайын ғана көрінеді. Таптардың арасында, мемлекетті өз мүддесіне пайдалану
мақсатында ымыраға келмейтін таптық күрес басталады. Таптардың және
мемлекеттің пайда болу процесін қарапайым ғана, алдымен таптар пайда
болады,одан кейін, олардың
қарама-қайшы мүдделері, мемлекетті туғызады - деп біржқты
түсіндірместен, оның өте қиын, ұзақ уақыт алатындығын, ұмытпау керек. Бұл
біріне-бірі тәуелсіз, бір-бірімен қарым-қатынастағы қатар жүретін
процесс.4.
Зерттелу мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттілігіміздің
қалыптасуының себептерін, жалпы міндеттерін, құрылымын, функцияларын,
механизмдерін ашып анықтау болып табылады. Біздің алға қарай тұрақты
жылжуымыздың басты шарты - біздің қоғамымыздың алға қойылған мақсаттарға
қол жеткізудегі біртұтастығы, халықтың барлық жіктері мен топтасуы.
Негізгі деректер: Қазақстан Респеуликасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан жолы еңбегінен Қазақстандағы мемлекетіміздің
дамуы мәселелері қарастырылды.Сонымен қатар, Мемлекет және құқық
теориясы т.б, кітаптарынан Мемлекеттің ұғымы, оның функциялары,
құрылымы, қалыптасуы, механизмдері саясаттану пәніне арналған
кітаптардан жазылды.

Негізгі бөлім
Мемлекеттің пайда болу себептері мен теориялар
Қоғамдық еңбек бөлінуі және соған байланысты еңбек құралдарының
жетілуі, еңбек өнімділігінің өсуіне түрткі болды. Жеке меншік
пайда болуына әкеліп соқтырды. Қоғам мүшелерінің экономикалық
жағдайларына байланысты топтарға бөлінуі болып, бірінші жағынан үстем
таптың мүддесін қорғай отырып, екінші жағынан, экономикалық тәуелді
жақпен арадағы қарсылықты басып отыратын органдар құруды талап
етеді.
Қоғамнан бөлініп шыққан мұндай органға мемлекет жатады. Ф.Энгельс
осы жөнінде, мемлекеттің арқасында, экономикалық үстем тап, саяси
үстем тапқа айналады,- деген болатын.
Қоғамның мемлекеттік-құрылымдағы бірінші нысанына құл иеленуші, құл
және құл иеленушіге бөлінген қоғам жатады. В.И.Лениннің берген
анықтамасы бойынша: Мемлекет дегеніміз –келісімге келмейтін таптық
қарама-қайшылықтың көрінісі және нәтижесі.
Ф.Энгельс мемлекеттіліктің пайда болуындағы оның негізгі үш нысанын
атаған: Афин- бұл таза, классикалық мемлекет нысанына жатқызылған. Себебі,
мұнда мемлекет- тікелей рулық құрылымның ішінде дамыған, таптық қарама-
қайшылықтың нәтижесі деп айтқан. Ертедегі мемлекеттік құрылымдар заңды
түрде жер өңдейтін әлеуметтік-экономикалық негізде пайда болды және
ертедегі таптық мемлекет ретінде сипатталады.
Алғашқы мемлекеттердің тапқа бөліну табиғаты біртіндеп, уақыт өткен
сайын ғана көрінеді. Таптардың арасында, мемлекетті өз мүддесіне пайдалану
мақсатында ымыраға келмейтін таптық күрес басталады. Таптардың және
мемлекеттің пайда болу процесін қарапайым ғана, алдымен таптар пйда
болады,одан кейін, олардың қарама-қайшы мүдделері, мемлекетті туғызады -
деп біржқты түсіндірместен, оның өте қиын, ұзақ уақыт алатындығын, ұмытпау
керек. Бұл біріне-бірі тәуелсіз, бір-бірімен қарым-қатынастағы қатар
жүретін процесс.
Мысалы, ертедегі Мысырда, Үндістанда, Қытайда алғашқы мемлекеттер
таптардың пайда болу процесінде катализаторлық атқарған, яғни алғашқы
таптық қоғамның құрылуына жағдай жасаған.
Сонымен, құл иеленуші мемлекет ертедегі тарихтың бір кезеңі, адам
баласы тарихындағы жағдайларына тән, теңдесі жоқ ерекше мемлекет
болып табылады. Ертедегі құл иеленуші мемлекеттерді Греция мен Рим,
тарихи мемлекеттіктерінің кезеңі деп қарау керек.
Қорыта келгенде, алғашқы таптық қоғам, адам баласының даму
процесінде өзіне тәуелсіз орын алады, ал алғашқы мемлекет –
мемлекеттіліктің дамуындағы тәуелсіз кезең, адам баласының әлеуметтік
құрылысындағы алғашқы таптық қоғамның айырмашылығын, оның саяси
мемлекеттілік нысанға ие болуынан және құрамдық аумағының құрылунан
көруге болады. Бұл алғашқы таптық мемлекет, өзінің әрі қарай даму
процесінде, азиялық жолмен өндіруші мемлекеттер жолына ұласады.
Сонымен, Мемлекет дегеніміз - шекарамен шектелген территориясы
бар, мемлекет басқару аппараты мен салық жүйесі қалыптасқан және
мәжбүрлеу аппараты бар саяси ұйым.Мемлекет саяси билік жүргізудің
негізгі құралы болып табылаады. Ол саяси жүйелердегі негізгі
институт саналады. Мемлекет ұғымы Николо Макиавелли ол мемлекет
терминін қолдануда стато (статус) терминін қолданды, республика
және жалпы билік ұғымын біріктірді. Алғашқыда бұл термин
Испанияда estado, Францияда etat, Германияда staat деп қолданды.
Меллекеттің пайда болуына байланысты түрлі концепциялар мен
теориялар бар.
1) Теократиялық теория бойынша мемлекетті, үкіметті құдай
жаратты деп уағыздайды. Үкімет басқарушылығын құдайдың күшіне
жатқызу, сол кездегі пайда болған алғашқы қала- мемлекеттерге күш
және беделімен қатар, міндеттілік жүктеді. Бұл теория шексіз құқығы
бар, бір адамның монархиялық күшін уғыздау үшін пайдаланылған.
Ашып айтсақ, (тереңдіктерін, үстемдіктерін) шіркеулердің атқарған
ролдері, дін иеленушілермен басқару орталықтарына байланысты
бөлінуі.(Ф.Аквинский, Маритэн).
2) Патриархалдық теория – мемлекеттің пайда болуын,
құрылымын, отбасының тым өсуіне байланысты және әкенің отбасына
басшылығын, монархтың басшылығымен ұқсастырды.
Теократиялық теория, патриархалдық теориялар, патшавның,
монархтың шексіз басшылықтарын уағыздау үшін пайдаланылған. Бұл
теория Греция жерінде алғашқы рет Аристотельдің еңбектерінде
танылған болатын. Кейінгі кездерде де ағылшын ғалымы Фильмердің
Патриарх деген еңбегінен көруге болады.(Платон, Аристотель, Фильмер,
Михайловский).
3) Шарттық теория - ХҮІІ ғасырда Голландияда туған, ол
теорияның жақтаушылары болған сол кездегі белгілі ғалымдар
Голландиядағы Гуга Гроцкий, Спиноза, Англиядағы Локк және Гоббс,
Францияда- Руссо болған. Шартты теория бойынша мемлекет
сезімшілдіктің шығармашылық жемісі деген тұжырымға келеді.
Ресейде бұл теорияны қолдаушылардың бірі Ф.Радищевтың
айтуы бойынша, мемлекеттің билігі халықта, сол арқылы жеке
адамның билігі – монмрхқа берілетіні және халықтың бақылауында
қарауында болғанымен, өздерінің шын тәуелсіздігін жоймайды.
Сондықтан да, халық көтерілуге, төңкеріс арқылы үкіметтің басынан
монархты алып тастауға да құқылы екендігі уағыздалған.
4) Марксистік (таптық) теория - мемлекеттің пайда
болуын, ең алдымен, ұоғамның экономикалық жағдайларына сәйкес
түсіндіреді: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің және жеке
меншіктің пайда болуы, қоғамның экономикалық мүдделері, бір-біріне
қарама- қайшылығы бар таптарға бөлінуі. Осы процестердің объективтік
нәтижесі ретінде мемлекет пайда болады және арнайы басқару, басу
жолдарымен таптардың қарсылықтарын тежейді және экономикалық жағынан
үстемдік ететін таптың ерекшеліктерін қамтамасыз етеді.
К.Маркс бойынша Мемлекет, таптық үстемдіктің органы, бір тапты
екінші тапқа қанатушы орган- деп жазған.
5) Күштеу ( зорлау) теория – бұл теория құл иеленуші
кезеңнен басталады. ХІХ- ХХ ғасырларға жатады. Жеке меншіктің, таптың
және мемлекеттің пайда болуы мен ішкі және сыртқы күштеулерге
байланысты, тікелей саяси қимылдың нәтижесі. Күштеу теориясына тән
бөлікті толықтау сипаттайтын Е.Дюрингтің. Л.Гумпловичтің,
К.Каутковскийдің, ғылыми еңбектерін айтуға болады.
Дюрингтің айтуы бойынша, қоғамдық дамудың негізіне саяси
қатынастар нысаны жатады, ал экономикалық құбылыс – саяси актілердің
нәтижексі.
Мемлекеттің пайда болуы туралы алғашқы мәліметті тікелей саяси
күштен іздеу керек. Қоғам, Дюрингтің ойвнша, екң кемінде екі
адамнан тұрады. Екі адамның еркі сол күйінде, біріне-бірі тең,
екеуінің біреуі екіншісіне ешқандай талап қоймайды. Мұндай жағдайда,
қоғам екі тең адамнан тұрса, теңсіздік және құлдық болуы мүмкін
емес. Мемлекеттің пайда болуын түсіндіру үшін, Дюринг ойынша, ең
кемінде үшінші адамды қосады, себебі, көпшілік дауыссыз шешім
шығаруға болмайды. Ал ондай шешімсіз, көпшіліктің азшылыққа
үстемдігінсіз мемлекет те пайда болмайды. Оның ойынша үстем
таптардың және мемлекеттің т пайда болуы – қоғамның бір бөлігінің,
екінші бөлігіне көрсететін күштеуінің нәтижесі.
6) Психологиялық теория - қоғам және мемлекет адамның
психологиялық дамудағы заңдылықтарындщың нәтижесі. (Платон,
Аристотель, Монтескье, Руссо, Кант, Гегель, Маркс, Плеханов,
Ленин, Бердяев).
7) Органикалық теория – ертедегі грек оқымыстылары мемлекет туралы
ой толғауларында оның жұмысының ерекшелігі адам организміне
ұқсатқан. Мысалы, Платон мемлкеттің құрамын және қызметін адам
жанының қабілеттілік жақтарымен салыстырған. Аристотельдің
айтуына қарағанда, мемлекет көп жағдайда тынымсыз жұмыс істеп
тұратын адам организімін еске алады. Өзінің көзқарасын мынадай
образдық салыстырулар арқылы түсіндіреді: адам баласының
денесінің қолы мен аяғын алып тастағанда ол өзінше күн көре
алмайды. Сол сияқты адам да мемлекетсіз өмір сүре алмайды
(Герберт Спенсер)2.
Қазіргі Қазақстан мемлекетінің дамуы
Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресі іске асып, 1991 жылы 16
желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы
Конституциялық заң қабылданып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі жарияланды. Тәуелсіздік алысымен алғашқы кезектегі маңызды
мәселелерді шешуі талап етілді. Бірінші кезекте мемлекет ретінде қалыптасу
қажет болды. Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа
демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды
басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз.
Біз қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауда сөзсіз елеулі рөл
атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен үлғайып келе жатқан өзара
тәуелділік дәуірінде өмір сүріп отырмыз.
Егер біз өз ниетімізді байсалды ұстансақ және пайымды да парасатты
болсақ, өз дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын бүкпесіз талдап-
таразылауға қабілетті болсақ, онда біздің жалпы топтасуымыз, өз тарихымыз
бен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз де
бар.
Біз басқа елдердің тәжірибесін зерделей алсақ та әрі солай етуге
тиісті болсақ та және халықаралық қоғамдастықтағы қолайлы үрдістерді
пайдалана алсақ та біздің жасымызға жеткенде балаларымыз бен немерелеріміз
мақтан ете алар Қазақстанды құру жөніндегі үмітіміз бен арманымызды іске
асыру үшін қажетті осынау орасан зор жұмысты өзге ешкім де емес, тек біздің
өзіміз ғана игере аламыз.
Бұл деген, биліктің мемлекеттік институттарын құрудың, жалпы
халықаралық аренада танылуға жету, әртүрлі дүниежүзілік ұйымдарға кіру
қажет болды. Қазір, өткенге қарайлап отырып, бұл жоспар көбіне-көп тірі
қалудың стратегиясы ретінде өз мақсатын орындап шықты деп нақты айта
аламыз. Күшті президенттік билікке құрылған Егемен мемлекеттің дамуы
стратегиялық мақсат ретінде айқындалды. Жас Республикаға мемлекеттілік
нобайын айқын белгіліп алу қажет болды. Уақыттан ұтылып қалмауды және
дағдарыстың әрі қарай тереңдей түсу қаупін ескере отырып, президенттік
билік кезек күттірмейтін мәселелерді шешу үшін топтасуға және ымырашыл-
жартыкештердің ақыл кеңестері мен ізденулеріне көңіл аудармай қысқа
мерзімде алғашқы кезектегі реформаларды жүргізуге мүмкіндік берді. Сол
кезеңде мемлекетте негізгі міндеттерді шешуді көздеген жаңа министрліктер
құрылды. Сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет қарулы
күштер, дипломатиялық және кедендік қызметтер секілді мемлекеттік
институттар құрылды. Мемлекеттік шекараны айқындап, нығайту жөнінде шаралар
қабылданды. Мұның бәрі ірі қаржы ресурстары мен батыл әрекеттерді талап
етті.
Стратегия негізгі екі экономикалық принципті жария етті. Біріншіден,
бәсекелестікке негізделген әлеуметтік нарықтық экономиканы құру. Екіншіден,
адамның экономикалық тұрғыдан өзін-өзі пайымдауы принципін жүзеге асыру
үшін құқықтық және басқа жағдайлар жасау. Мемлекет болашақта мемлекеттік
меншік үлесінің 30-40 пайызға дейін қысқартатыны туралы ресми түрде
мәлімдеді. Алға қойған экономикалық мақсаттарға жету үшін тиістік
бюджеттік, салықтық, қаржы-несиелік және әлеуметтік саясатты жүзеге асыру
кезінде экономиканы реттеудің жанама тәсілдеріні қолдану ойластырылды.
Стратегияда сондай-ақ ұлттық валютаны енгізу жария етілді. Сонымен
қатар, бұл мәселені тек экономикалық дағдарыстан шығып, тұрақтандыруға
жеткенне кейін қарастыратын болатыны ескертілді. Ол кезде Кеңестік рубль
өтпелі кезеңнің жалпы валютасы қарастырылды, өйткені, біздің
мемлекетте валюта шығаруға дайын емес болатын. 1992 жылғы стратегия
бұл дағдарыстың нағыз қызған шағында әрбір адамның тең
мүмкіндіктерін өз еркімен таңдауына және өздерінің экономикалық,
әлеуметтік саяси мүддені жүзеге асыруға жол ашты. Бұл заң, халық
еркі мен таза ақыл- парасат билік ететін қоғамды құруға ұмтылдырды.
Мемлекетіміз бен экономикамыздың тәуелсіздігін қалыптастыру мен
нығайту кезеңінде кәсіби шебер кадрлардың жетіспеушілік проблемасы
өткір сезілді. Бізде қазақстаендық мамандарды – экономистерді,
заңгерлерді, әскерилерді, қаржыгерлерді және басқаларды бұрынғы Одақ
бойынша іздестірді.
1996 жылы басына таман Еуразиялық одақ идеясы көтеріліп,
реформалау үрдісі толық қарқынмен журді. Бұл кезеңде
макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, заң шығару базасын,
қаржы жүйесін, әлеуметтік сала мен өндірістік секторды жетілдіру,
бұған қоса кәсіпорындарды монополимялық үстемдіктен арылту,
жекешелендіру, біреулерді банкротқа ұшырату енді біреулерді банкрот
болудан құтқару мәселелері – реформаның басты бағыты болды. Осы
жүргізілген қорытындысы ретінде Біріншіден, мынаны атап айту қажет:
Қазақстан тәуелсіз егемен мемлекет ретінде орнықты, бейнелеп айса,
дуние жүзінің саяси картасынан өз орнын алды; Екіншіден: 1995 жылы
тамызда жаңа Конститутцияның қабылдануымен еліміздің мемлекеттік
құрылымның іргетасы қаланды. Бұл қабылданған Конститутцияны қатаң
ұстану – бұл мемлекеттің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық
келісіснің негізі. Ол бойынша өмір сүру – бұл демократияның ең жоғарғы
мектебі. Біздің Конститутцияның бізге берген ең басты құндылығы – таңдау
құқығы, басқсша айтқанда, өз өмірінің қожасы өзің болуы кез келген
қазынадан бағалы. Біздің Конститутция – біздің бостандықтарымыздың
негізіне айналды. Бұл заңда бекітілген базалық стратегиялық сипаты бар
заңдық ережелер мен принциптер мемлекет пен қоғамның даму мүмкіндіктеріне,
саяси экономикалық және әлеуметтік жағдайлардың қалыптасуына қарай ашыла
түсті. Қазір дәлірек айтқанда, Қазақтың экономикасы барлық болып жатқан
өзгерістердің – жаңа Конститутцияны жасаудан бастап және әрбір
қазақстандықтың өмір салтындағы, ең бастысы ой-санасындағы өзгерістерге
дейін – солардың қозғаушы күші болды. Осы кезеңдегі біздің экономиканың
қаны - қазақ жерінің қара алтыны мұнай. Мұнай мен газ біздің басты
ресурсымызға және тәуелсіздіктің алғашқы күнінен өзінше бір бастапқы
капиталға айналды. Осы мемлекеттілігіміз дамып, Болашақтағы 15-20 жылда да
Қазақстан көмір-сутегін дүние жүзінің рыноктарына шығаратын ірі ел болады.
Сонымен бірге мемлекеттік құрылыстың бірінші кезеңі аяқталды;
Үшіншіден. Мемлекеттілікті нығайту мен күшейту мәселелерін шеше
отырып, біз ұлтаралық келісімге, саяси тұрақтылыққа, демократиялық
үрпдістердің дамуына, жаңа саяси институттардың қалыптасуына ерекше
маңыз берді және береді. Елімізде әу бастан-ақ азаматтық құқықтар
мен адам бостандығына басымдылық берілген;
Төртіншіден. Реформаларды жүзеге асыруға және экономикалық
дербестікке жетуге байланысты экономикадағы қаулаған бей берекет
және көбіне дағдарысты үрдістің кезеңі аяқталды. Ол анағұрлым
ақылға қонымды және басқарылатын арнаға түсті, дайындалған нақты
бағдарламалар мен жоспарлар бойынша әрекет етуге жағдай туғызады,
яғни оқиғалардан кейін қалмауға, қайта олардың дамуын алдын- ала
болжауға мүмкіндік береді.
Бесіншіден. Әлеуметтік проблемаларды шеше алдық. Зейнетақы мөлшері
көтеріліп, зейнеткерлер алдындағы борышытар өтелді. Бюджеттік салада
жалақы өсіп, ұлғая бастады. Ауылға ерекше көңіл бөліне бастады.
Осы жүзеге асырылған нарықтық экономикаға көшу кәсіпорындарының
шаруашылық қызметінің еркіндігі мен коммерциялануы, еркін баға
құрылымы, кәсіпорындар қызметіне мемлекеттің араласуының азайтылуы,
әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне дәйектілікпен тартылуы,
неғұрлым жоғары тиімділік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқықтың пайда болуы, оның объективтік заңдары
Алғашқы қауымдық қоғам, оның дамуы және ыдырауы туралы
Жалпы, әмбебап – ұйымдар мәдениеті
Муниципалды менеджмент
Алғашқы қауымдық қоғам, оның дамуы және ыдырауы
Елбасы еңбектері тарихи дерек ретіндегі шынайлығы мен обьективтілігін көрсету мақсаты
Елбасы еңбектерінің қазақ тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері
Жергілікті өзін - өзі басқару жүйесіндегі халықты тікелей басқаруының жолдары
Мемлекет құқық теориясының пайда болуы
Мемлекет және құқықтың пайда болуы туралы
Пәндер