Инфляцияның себептері мен механизмдері



Жоспар

Инфляция және инфляцияға қарсы саясат

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4

1. Инфляцияның мәні және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... 5.10
2. Инфляцияның себептері мен механизмдері ... ... ... ... .. 11.18
3. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның ерекшелігі және инфляцияға қарсы саясат ... ... ... ... ... 17.27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28.29

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Кіріспе

Инфляция ұйықтап жатқан итке ұқсас
Оған тиіспес дұрыс болар!
П. Самуэльсон

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының экономикасы тұрақты елдердің бірі болып табылады. Бірақ бұндай жетістіктерге жетуде біздің еліміз көптеген бөгеттер мен қиыншылықтардан өтті. Саяси, әлуметтік және де ең бастысы экономикалық түрлі жағдайларды бастан кешті.
1991 жылы тәуелсіздікті алғаннан кейін Қазақстан экономиканы дамытып тұрақтандыруға байланысты көптеген шаралар қолданды. Американдық және Батыс елдер экономика стратегияларын алға алады, бірақ та бұл іс - әрекеттер дұрыс нәтижелер әкелмеді. Сол жылдары Қазақстан экономиканың ауыр сырқатына инфляцияға тап болды.
Инфляция – бұл бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы, инфляция – жалпы ұсыныс пен сұраныс арасында қалыптасқан сәйкессіздік. Былай айтқанда, бұл экономикадағы ретсіздік.
Инфляцияға қарсы нақты құрал, саясат және әдістер жоқ. Кейбір дамыған елдерде инфляцияның жағымды жақтары бар екенін дәлелдейді. Бірақ бұл жерде тәуекелділік өте жоғары.
Л. Роббинс атамыз айтып кеткендей:
“Экономикалық белсенділік Инфляция көмегімен
дем беруге тырмысу – бұл шошқаның жаншылған
етін қуыру үшін үйді жағып жіберумен тең”
-деген.
Осы айтылған сөздерден, мемлекеттің үлкен экономикасы инфляция салдарынан түгелімен әлсіретуі, тұрақсыздануы өте мүмкін.
Инфляция – бұл айналымдағы ақшаның құнсыздануы. Мысалы, американдық ғалым М. Фридмен инфляцияны “ өнімді шығаруға қарағанда ақшаның артықшылығымен шақырылатын ақша феномені” болып табылады деп көрсеткен.
Инфляция осы күнгі нарықтық экономиканың табиғатына сай келеді, инфляция жағдайларын ( бюджет тапшылығы, монополия, қағаз ақша, т.б.) толық жою мүмкін еместігі өзінен - өзі және алдын ала белгілі. Сондықтан да көп елдерде инфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған.
Бұл курстық жұмыстың мақсты инфляцияға байланысты және еліміздегі инфляция көрсеткіштері мен бұл феноменге қарсы саясат жүргізу туралы ашық түрде түсіндіріп және дұрыс қорғауда !
Қолданылған әдебиеттер:
1. Көшенова Б.; Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары; Алматы; Экономика; 2000
2. Мамыров Н.Қ., Мадиярова Д.М., Қалдыбаева А.Е., Халықаралық экономикалық қатынастар; Алматы; Экономика; 1998-177б.
3. Сейітқасымов Ғ.С.; Ақша, несие, банктер Алматы; Экономика; 2001
4. Жүнісов Б.А., Мәмбетов Ү.Е., Байжомартов Ү.С., Нарықты экономика негіздері; Ақтөбе; 1993
5. Қабдиев Д.К., Оралтаев Т.Қ., Экономикалық саясат; Алматы; Экономика; 2002
6. Әубәкіров Я., Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы, Санат, 1998
7. Мақыш С.Б., Ақша айналысы және несие, Алматы, ИздатМаркет, 2004
8. Экономический журнал Аль – Пари, Моделирование процесса инфляции в Казахстане, 2003 - №3 – 4
9. Усов В.В. Деньги. Денежное обращение. Инфляция: Учебное пособие для вузов. Москва; банки и биржи, ЮНИТИ, 1999 – 544с.
10. Саниев М.С. Деньги, кредит, банки. Алматы; Алматинский коммерч. Ин-т 2000-198с.
11. Марьясин М.Ш., Образ инфляционных поцессов, М, Банковское дело; 2004

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Инфляция және инфляцияға қарсы саясат

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 3-4

1. Инфляцияның мәні және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... 5-10
2. Инфляцияның себептері мен механизмдері ... ... ... ... .. 11-18

3. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның ерекшелігі және инфляцияға қарсы
саясат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .. 17-27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... . 28-29

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .. 30

Кіріспе

Инфляция ұйықтап жатқан итке ұқсас
Оған
тиіспес дұрыс болар!
П. Самуэльсон

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының экономикасы тұрақты елдердің
бірі болып табылады. Бірақ бұндай жетістіктерге жетуде біздің еліміз
көптеген бөгеттер мен қиыншылықтардан өтті. Саяси, әлуметтік және де ең
бастысы экономикалық түрлі жағдайларды бастан кешті.
1991 жылы тәуелсіздікті алғаннан кейін Қазақстан экономиканы дамытып
тұрақтандыруға байланысты көптеген шаралар қолданды. Американдық және Батыс
елдер экономика стратегияларын алға алады, бірақ та бұл іс - әрекеттер
дұрыс нәтижелер әкелмеді. Сол жылдары Қазақстан экономиканың ауыр сырқатына
инфляцияға тап болды.
Инфляция – бұл бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы,
инфляция – жалпы ұсыныс пен сұраныс арасында қалыптасқан сәйкессіздік.
Былай айтқанда, бұл экономикадағы ретсіздік.
Инфляцияға қарсы нақты құрал, саясат және әдістер жоқ. Кейбір
дамыған елдерде инфляцияның жағымды жақтары бар екенін дәлелдейді. Бірақ
бұл жерде тәуекелділік өте жоғары.
Л. Роббинс атамыз айтып кеткендей:
“Экономикалық белсенділік Инфляция көмегімен
дем беруге тырмысу – бұл шошқаның жаншылған
етін қуыру үшін үйді жағып жіберумен тең”
-деген.
Осы айтылған сөздерден, мемлекеттің үлкен экономикасы инфляция
салдарынан түгелімен әлсіретуі, тұрақсыздануы өте мүмкін.
Инфляция – бұл айналымдағы ақшаның құнсыздануы. Мысалы,
американдық ғалым М. Фридмен инфляцияны “ өнімді шығаруға қарағанда ақшаның
артықшылығымен шақырылатын ақша феномені” болып табылады деп көрсеткен.
Инфляция осы күнгі нарықтық экономиканың табиғатына сай келеді,
инфляция жағдайларын ( бюджет тапшылығы, монополия, қағаз ақша, т.б.) толық
жою мүмкін еместігі өзінен - өзі және алдын ала белгілі. Сондықтан да көп
елдерде инфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу
мақсаты қойылған.
Бұл курстық жұмыстың мақсты инфляцияға байланысты және
еліміздегі инфляция көрсеткіштері мен бұл феноменге қарсы саясат жүргізу
туралы ашық түрде түсіндіріп және дұрыс қорғауда !

1. Инфляцияның мәні және мазмұны

Инфляцияның мәні – ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының
өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет саласын төмендеуі салдарынан ақшаның
құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция – қоғамдық
ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен
шығынының үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез келген экономикалық
формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономикалық салалары
арасында, коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және
шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның
пайда болуын ақшаның шығуымен, қызыметімен байланыстырады. Инфляция термині
латын сөзі – inflatio-(вздутие)-қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-
1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз
ақшалардың тым көбейіп кету процесін білдірген. XIX ғасырда бұл термин
Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция
түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып,
кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезінде
көрінді.
Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы- айналымдағы ақша массасының
қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар
бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияның айналым процесін
құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция
тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән “ғажайып”
құбылыс емес. Ол – күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыс, оны тудырушы
нарық шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің
бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі
ең өткір проблемалардың бірі.
Ал қазіргі инфляцияға тән біраз ерекшеліктер бар. Олар:
( егер бұрын инфляция бір жердің шеңберінен аспаса, қазіргі инфляция
елдің бүкіл жерін қамтиды;
( егер бұрын инфляция бір мезгілде ғана жүрсе, қазір инфляция көп
уақытқа созылған құбылыс;
( егер бұрын инфляция тек ақшынң әсерінен туындаса, қазіргі инфляция
көптеген ақшасыз және тағы басқа факторларға байланысты болады.
Инфляцияның түбегейлі себептері тауар айналымы және тауар өндірісі
аясында болғанымен, оған елдегі саяси жағдайлар да әсер етеді.
Инфляцияға әсер ететін бірінші топтағы ақша факторлары – ақшаға
сұраныстың тауарлы ұсыныстан жоғары болуының нәтижесінде ақша айналысы заңы
талаптарының бұзылуы, яғни бюджет тапшылығын жою мақсатында шамадан тыс
ақша шығаруға байланысты айналыстағы ақша массасының көбеюі; халық
шаруашылығындағы несие ақшаларының көптігі; ұлттық валютаның курсын
бірқалыпта ұстау үшін үкіметтің қолданатын тәсілдері; ұлттық валютаның
қозғалысын шектеу және т.б. факторлар.
Екінші топқа тауарлар бағасын және шығындарды өсіретін ақшалы емес
факторлар жатады. Олар: қоғамдық ұдай өндіріс құрылымының үйлеспеушілігі,
шаруашылық механизмінің шығындылығы, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның
ішінде салық және баға саясаты, сыртқы экономикалық іс – шаралары және с.с.
факторлар.
Шын мәнінде екі топтағы факторлар бірімен – бірі тығыз байланысып,
тауарлар көрсетілетін қызметтің бағасын өсіріп, инфляцияға соқтырады.
Шығын (ұсыныс) инфляциясы – бұл баға белгілеу процесіне әсер
ететін мынадай факторлардың болуымен сипатталады:
Еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы;
Көрсетілген қызметтің маңызының артуы;
Бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе
жалақының өсуі;
Энергетикалық дағдарыс.
Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнзызданады:
► алтынға;
► тауар;
► шетел валютасына.
Бірінші жағдайда қағаз ақшамен берілетін алтынның нарықтық құны
артады. Екінші жағдайда тауарлардың бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетел
валютасына қатысты ұлттық валютаның бағасы төмендейді.
Инфляцияны мынандай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
1) Инфляциялық процестің сипатына қарай:
- ашық инфляция, бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін
өсуі байқалады;
- жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға
мемлекет қатаң бақылау жасап отырады;
- инфляциялық шок, яғни бір мезетте бірден баға өсіп кетеді.
2) Таралу орныны қарай:
- локальдық инфляция, яғни кейбір елдерде топтарын немесе барлық
ғаламдық экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.
3) Бағаның өсу қарқынына қарай:
- баяу инфляция – баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына
10 % - ға өседі;
- орташа инфляция – баға тез қарқында жылына 20
дан 200% - ға дейін өседі, мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және
әлуметтік зардаптарға шалдықтырады;
- ұшқыр инфляция – баға жылына 500 –ден 1000% - ға
дейін және одан жоғары қарқынмен өседі. Ұшқыр инфляция ақша жүйесінің
құлдырауына әкеп соғады. Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін
жоғалта бастайды.
Өнеркәсібі дамыған елдер үшін бірінші түрі тән болса, ал дамуша елдер
үшін екінші және үшінші түрлер тән.
Қазақстан Республикасында бағаның өсуіне қарай қазіргі кезде бірінші
түрі көрініс табады. Мысалы, 2002 жылдың соңында статистикалық мәліметтер
бойынша инфляция мөлшері – 5,9 % - ды (2001 жылы – 8,4%) құрады. Бұл
көрсеткіш Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 2002 – 2004 жылдарға
арналған ақша – несие саясатының негізгі бағыттарында бекітілген болжамға
сай болып келеді.
Инфляция қарқыны стаистикалық көрсеткіш – тұтыну бағаларның индексі
көмегімен анықталады.
Тұтыну бағаларының индексі тауалар мен қызметтердің түрлерін қамтитын
тұтыну қоржыны негізінде анықталады.
Тұтыну бағаларының индексін (ТБИ) есептеуде мынадай формула
қолданылады:

ТБИ = Ағымдағы жылдағы тұтыну қоржының бағасы x 100
Базалық жылдағы тұтыну қоржының бағасы

Тұтыну бағаларының индексінің үш сандық мәні болуы мүмкін:
٭ баға индексі 100% - ға тең болады, яғни баға өзгермеген болып
табылады;
٭ баға индексі 100% - дан жоғары, мысалға 140% - ға тең. Демек,
ағымдағы жылдағы бағаны базалықпен салыстырғанда 1,4 есе өскен, яғни ақша
инфляциялық құнсызданды;
٭ баға индексі 100% - дан төмен, айталық 80% - ға тең, яғни ағымдағы
жылдағы баға базалыққа қарағанда 20% - ға төмендеген. Бұл дегеніміз
дефляцияның болғанын, яғни баға деңгейінің төмендеуін білдіреді.
Инфляцияның тигізетін әлуметтік – экономикалық салдарын мынадан
көруге болады:
◆ халық топтары, өндіріс сферасы, аймақтар, шаруашылық құрылымдары,
мемлекет, фирмалар арасында, дебиторлар мен кредиторлар арасында
табыстардың қайта бөлінуі;
◆ халықтың, шарушылық субъектілерінің ақшалай жинақтарының және
мемлекеттік бюджет қаражаттарының құнсыздануы;
( бағаның әркелкі өсуі нәтижесінде өнеркәсіп салдарындағы пайда
нормасының теңсіздігінің артуы және ұдай өндіріс процесіндегі теңсіздіктің
орын алуы;
( жұмыссыздықтың өсуі;
( халық шарушылығына деген инвестицияның қысқаруы;
( амортизациялық қорлардың құнзыздануы;
( бағадағы, валютадағы және пайыздағы алып – сатарлық ойындардың
ұлғаюы;
( көлеңкелі экономиканың белсенді түрде дамуы;
( ұлттық валютаның сатып алу қабілетінің төмендеуі;
( қоғамның әлеуметтік топтарға бөлінуі.
Жоғарыда аталған инфляцияғы ықпал ететін факторлар мен оның
әлеуметтік және экономиклық салдарлары оған қарсы саясаттың болуын талап
етеді.

2. Инфляцияның себептері және механизмі
Ақша таурларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда
құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру яғни ақшаның алтынға қатысты
құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылыма эквивалент деп
қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның
ұсынысынан артық болумен байланысты. Белгілі тауар нарығында сұраныс пен
ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға
өсу деңгейі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экокномикалық жағдайлар да әсер
етеді. Мысалы 70 – жылдардағы энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының
өсуіне (мұнай бағасы 20 есеге өсті) емес, басқа тауар мен қызмет көрсету
бағаларының өсуімен байланасты. 1973 жылы жалпы бағаның деңгейі 7% - ке,
1979 жылы – 9% -ке артты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі
еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық толқуларға, ұдайы
өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы
мемлекеттік реттеуге, салықтың және ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің
девальвациялануы мен ревальвациялануына, нарық коньктурасының өзгерсі мен
сыртқы экономикалық байланыстардың және т.б. байланысты. Демек, бағаның
өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады.
Коньктураның циклдық толқуынан болатын бағаның өскін, инфляцияға
жатқызуға болмайды. Циклдың түрлі фазаларынан өту барысында (әсіресе XIX –
XX ғасырдың бас кезіне тән “классикалық түрі”) бағалардың динамикасы
өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның осы дағдарыс пен
депрессия фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі.
Еңбек өнімділігін арттыру бағаның төмендеуіне әкелуі тиіс. Циклдық
толқулардың тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек өнімділігінен артып
кетуінде. Мұндай құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады, ол өз кезегінде
баға деңгейінің жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да бағаның
инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық, су басып кеткен аймақтардағы
құрылыс материялдардың бағасы өседі. Бұл құрылыс материялдарын шығаратын
өндірісті ұлғайтады, ал олар нарықта толықтыру барысында, баға төмендеуі
тиіс.
Сонымен, баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз?
Инфляция көп сәйкессіздіктермен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі
ең бастыларын айтайық.
Біріншіден , мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе – теңдігінің
бұзылуы., баланстың болмауы. Ол мелекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді.
Егер дефицит Орталық эмиссиф банкісінен заем арықылы қаржыландырылса,
басқаша айтқанда “ақша станогі” белсенді пйдаланылса, онда айналыста ақша
массасы көбейеді. Айырбастың сандық теңдігін MV = PO еске түсірсек, M
мен P көрсекіштері өсуінің байланысы анық.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржылындыру
жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе
экономиканы милитарияландырумен байланысты инвестция инфляцияны өршітеді.
Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар – олар
қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана
қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген
ақша массасынының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік
қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі нарықтық экономиканың
ерекшкелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі нарықта
көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа
мүлдем ұқсамайды. Қазіргі нарық белгілі дәрежеде олигополиялық нарық. Ал
олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді.
Олигополиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға
ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін
өндіріс тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері
билік жүргізетін нарықта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен
монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің
келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйке
келмеуі көмектеседі.
Төртіншіден, Елдің экономикасының ақша толуы оның бірте – бірте
әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында “импорттық” инфляцияның
қаупі туады. Жоғарыда аталған 1979 жылғы энергия бағаның шарықтауы
(энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп,
технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына әкеледі.
“Импорттық” инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын
ревальвация отандық тауарлардың экпорттық бағасын да қымбаттады, ал бұл
дүниежүзілік нарықта бәсекелестік қабілетті төмендетеді.
Бесіншіден, инфляция өзіне - өзі дем беретін сипат алады, ол
“инфляцияны күту” нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген
экономистері және біздің еліміздегі де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық
пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы
саясаттың ең басты міндеті.
Жалпы инфляцияның себептері базистік қатынастардың қарама -
қайшылықтарынан, экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдрыстан, оның
өздігінен дамуға қабілетсіздігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен
тиімділігінен болады.
Инфляцияның сыртқы экономикалық қызмет тарапынан арандатылуы мүмкін,
бұл – импортталатын және экспортталатын инфляция . Бірінші жағдайда ол
шетелдік валютаның шамадан тыс түсімінен және импорттық бағалардың
жоғарылауынан туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық
банкке депозиттейді, орнына ұлттық валютада баламалы сома алады; банк
пассивтері артады, мұның өзі оларға несие операцияларын және кредиттік
экспансияны көбейтуге мүмкіндік береді, ұлттық валютада номиналдырылған
ақша ауқымының көбейіп кетуіне қозғау салады.
Экспортталатын инфляция тауарлар мен қызметтер көрсетуге экспорттық
бағаның көтерілуінен туады, бұл тұтынушы – елдерде, соның ішінде дамып келе
жатқан елдерде бағаның өсуіне соқтырады. Инфляциялар халықаралық
корпорациялардың – нарықтағы үстемдік жағдайда пайдаланатын монополиялардың
қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың валюталық операциялары олар
болған елдерде несие капиталының қосымша ұсынымын жасайды. Сөйтіп шетелдік
валютаның қосымша ауқымы айналысқа түседі және коммерциялық және орталық
банктер арқылы ұлттық ақша айналысқа шығарылады.
Инфляцияның көріну нысаны - ақшаның құнсыздануы мен өнімге,
тауарларға және қызметтерге бағаның көтерілуінде тұлғаланатын оның сатып
алуға жарамдылығының тиісінше төмендеуі.
Инфляцияның табиғаты ақшаның онымен салыстырмалы тұлғаланатын тауар
ауқымынан оқшауландырылған қозғалысты жүзеге асыратын қабілетсіздігінде.
Ақшаның жұмыс істеу негізі болып атабылатын оның бұл қасиеті оған өзінің
арналымын – тауар, төлем айналымына қызмет көрсете отырып, тиімді
орындауға , қорланым мен құнды сақтаудың құралы болуға мүмкіндік береді.
Бірақ ақшаның бұл қасиеті мемлекет белгіленген өлшемге сәйкес оның саны
мен оған қарсы тұратын құнның натуралдық – заттай компоненттерінің
сәйкестігі жағдайында көрінеді.
Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі
қандай? Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық,
бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны
көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйткені олардың
бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін ғой. Өндірушілер өз өнімдеріне өте жоғары
баға белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материял, қосалқы бөлшектер
қымбаттайды. Мысалы, Ресей экономикасындағы (қаңтар – сәуір 1992 жылы)
инфляцияның жоғары қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың
бағаны көтеру мүмкіндігінен сақтанып, алдын ала өз өнімдерінің бағасын
жоғарылатты. Нәтижесінде Ресей экономикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі
бағалар бұрынғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана емес,
инфляцияны күткен деңгейден де асып түсті.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан
түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың
комбинация жекелеген елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты. Айталық
Батыс Еуропада II дүниежүзілік соғыс біткеннен соң инфляция көптеген
тауарлардың тапшылығынан пайда болады. Одан кейінгі жылдарда инфляциялық
құбылыстың күшеюіне мемлекеттік шығыстар, баға мен жалақының арақатысы,
инфляцияның басқа елдерден келуі және т. б. Фактолар себепші болды. Бұрынғы
КСРО – ны алсақ жалпы заңдылықтармен қатар, соңғы жылдардағы инфляцияның
себептеріне экономикадағы ерекше тепе – теңсіздік (диспропорция) жатады, ол
әміршілдік -әкімшілдік жүйе салдары еді. Кеңес экономикасына тән жағдай
ЖҰӨ - дегі әскери шығындар үлесінің көптігі, өндіру, бөлу және қаржы –
несие жүйесін монополияландырудың жоғары деңгейі, ұлттық табыстағы жалақы
үлесінің аздығы және т. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша инфляциясы
Нарықтық экономикадағы инфляция
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдайды талдау
Инфляция туралы ұғым
Инфляцияға қарсы саясат және оның Қазақстан Республикасындағы қолдану ерекшеліктері
Инфляцияның мәні және пайда болу себептері
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары
Қазақстандағы инфляция
Инфляцияның себептері мен салдарлары
Қаржы және инфляия туралы түсінік
Пәндер