Қазіргі қазақ лирикасындағы ұлттық дүниетаным



Кіріспе
Ұлттық танымым
Космогониялық мифтер
Ұлы ойшылдар шығармалары
Бүгінгі дербес Қазақстан
Қорытынды
Падаланылған әдебиеттер
Лирика адамзат сөз өнерінде ертеден келе жатқан әдеби тектің бірі. Оның пайда болу, даму кезеңдеріне көз жібере отырып, саналы адамзат тарихымен қатар өсіп, өзгеріп, жетіліп келе жатқанын, әрдайым адамдардың рухани өсу, өрлеу кезеңдерінің көрсеткіші ретінде халық мәдениетімен бірлікте дамып келе жатқанын аңғарамыз. Біздің ұлттық әдебиетіміздегі лирика жанры да сол дәстүрден ауытқыды, басқа салада дамыды десек қателескен болар едік. Әрине түр жағынан, жанрлық сипаты жағынан еуропалық лирикадан өзгешелеу көрінгенімен, қазақ лирикасы да ерте кезден келе жатқан толғау дәстүрі арқылы жеке тұлғаның ішкі толғанысын, айнала қоршаған орта мен өмір туралы терең философиялық ой айта алғаны баршамызға мәлім. Ерте кезден бүгінге дейінгі жыр-толғауларды оқи отырып біз қазақ халқының өзіне ғана тән өмірге деген көзқарастарын, табиғат пен қоршаған орта туралы түсінік танымдарын танып, білеміз. Жалпы дүниетаным деген не? Ол туралы философиялық сөздіктерде мынадай анықтама берілген екен: “Дүниетаным – адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға моральдық нормаға тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі (бастапқы) сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерінмен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі өлшем. Дүниетаным – адамдардың дүниені ақиқатпен теориялық және практикалық жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани тәсілі. Дүниетанымда тұтас адамзат әлемі моделі сияқты мәдениет категорияларының жүйесі көрініс тапқан». [1, 21 бет ]
Көріп отырғанымыздай дүниетаным бір күнгі немесе бір жылдың ғана жемісі емес, ол адамдардың ғасырлар бойы жасаған өмір тіршілігімен тығыз байланыста дамып, жетілетін өнер мен мәдениетке жақын көзқарастар жиынтығы екен. Олай болса біз қазақ халқының ұлттық дүниетанымын өзіміз диплом жұмысында зерттеп отырған лирика арқылы, оның сандаған жылдар бойында қалыптасқан дәстүрлер арқылы танытуымызға болады екен.
Біздің ата-бабаларымыз ежелден далада көшпелі ғұмыр кешкен. Табиғаттың қыр-сырын жан-жақты тереңінен ұғыну, шеті мен шегі жоқ еуразия кеңістігінде мал бағу, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп-қону біздің ата-бабаларымызға тән қасиет. Көшпелі өркениет, көшпелі өмір салты оларды айнала қоршаған ортаға өзгеше көзбен қарауға үйретті. Табиғаттың қатал сынына төтеп бере жүріп өздеріне ғана тән тіршілік қамын жасауға үйретті. Қиыншылықтарға қарсы тұруға машықтанды. Осыдан барып даналық таным ұғымы қалыптасады. Ал даналық таным дегенді қалай түсінеміз? Ол үшін тағы да оқымыстылырдың ой-тұжырымдарына жүгінеміз:
«Даналық таным – көшпенділер дүниетанымына негізделген альтернативті білік. Даналық таным – ерекшелігі ол ешқашан өзгермейді мың жылдар бойы қабылдаған құндылықтарды сол күйінше ұстана береді. Мысалы,егер иран тілдес халықтарды алсақ, олар зороостризм, манихейство, ислам арқылы өзінің рухани ділін өзгерткен халық. Ал көшпенділердің дүниетанымында осы діндердің элементтері барда, ықпалы мардымсыз.Ондағы ең басты қағида – «біз және өзгелер», қан тазалығына негізделген рулық қарым-қатынас.» [1,33 бет.]
1. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. –Алматы: Раритет, 2004
2. Кішібеков Д, Сыдықов Ұ. Философия. Оқулық. –Алматы: 2002.408 бет.
3. Қазақтың мифтік әңгімелері. -Алматы: Ғылым, 2002. 320 бет.
4. Жолдасбеков М. Асыл арналар. –Алматы: Жазушы, 1990.
5. Жолдасбеков М. Шың мен шыңырау. Мақалалар. Сырласулар. Лебіздер. Қоғамдық-саяси басылым. –Астана, 2002. 328 бет.
6. ГумилевЛ. Көне түріктер(ауд. Жұмабаев Ә., Бейсенов П.) -Алматы. 1994
7. Әуезов.М, Шығармалар, - Алматы, 1969, 11 том, 136 бет.
8. Келімбетов. Н, Ежелгі дәуір әдебиеті, -Алматы: Ана тілі, 1991. 264 бет.
9. Байтұрсынов.А, Әдебиет танытқыш, Зерттеу мен өлеңдер. –Алматы: Атамұра,2003, 208 бет.
10. Қазақ ақын-жырауларының философиясы. Жиырма томдық. 8-том. –Астана: Аударма, 2008, 448 бет.
11. Ахметов.З, Таңдамалы. 1-том. (Әдеби зерттеулер), Құрастырған Оразбек М, Зәкиұлы М, Ана тілі, 2008, 280бет.
12. Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 9-том. –Алматы: ҚАЗ ақпарат, 2005, 998 бет
13. Елеукенов.Ш, Қазқ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде, -Алматы: Алатау, 2006, 352 бет
14. Жақып.Б, Уақыт ұршығы, Өлеңдер,балладалар,поэмалар. –Алматы: Жазушы, 2004. 264 бет.
15. Жақып.Б, Айдындағы аспан. –Алматы: Атамұра, 1996,192 бет.
16. Көпбаев.Т, Жаңғырық. Жырлар. –Алматы: Қазығұрт, 2007, 208 бет.
17. Көпбаев.Т, Кие. Өлеңдер жинағы. –Алматы: Жазушы, 2009, 272 бет.
18. Қазақ әдебиеті. №39. 8-14 қазан,жұма, 2010 жыл.
19. Қазақ әдебиеті №32 20.08.2010 жыл.

Қосымша әдебиттер.

1. Қазақ поэзиясындағы дәстүр ұласуы. –Алматы: Қазақ ССР-інің
Ғылым баспасы,1981,320 бет.
2 Базарбаев.М, Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,-Алматы: Жазушы,
1973, 256 бет.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЛИРИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ

Лирика адамзат сөз өнерінде ертеден келе жатқан әдеби тектің
бірі. Оның пайда болу, даму кезеңдеріне көз жібере отырып, саналы адамзат
тарихымен қатар өсіп, өзгеріп, жетіліп келе жатқанын, әрдайым адамдардың
рухани өсу, өрлеу кезеңдерінің көрсеткіші ретінде халық мәдениетімен
бірлікте дамып келе жатқанын аңғарамыз. Біздің ұлттық әдебиетіміздегі
лирика жанры да сол дәстүрден ауытқыды, басқа салада дамыды десек
қателескен болар едік. Әрине түр жағынан, жанрлық сипаты жағынан еуропалық
лирикадан өзгешелеу көрінгенімен, қазақ лирикасы да ерте кезден келе жатқан
толғау дәстүрі арқылы жеке тұлғаның ішкі толғанысын, айнала қоршаған орта
мен өмір туралы терең философиялық ой айта алғаны баршамызға мәлім. Ерте
кезден бүгінге дейінгі жыр-толғауларды оқи отырып біз қазақ халқының өзіне
ғана тән өмірге деген көзқарастарын, табиғат пен қоршаған орта туралы
түсінік танымдарын танып, білеміз. Жалпы дүниетаным деген не? Ол туралы
философиялық сөздіктерде мынадай анықтама берілген екен: “Дүниетаным –
адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға моральдық нормаға тұлғаның
жалпы қатынасын білдіретін негізгі (бастапқы) сенім, қалып, таным немесе
қоғам мүшелерінмен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас
қалыптастырудағы негізгі өлшем. Дүниетаным – адамдардың дүниені ақиқатпен
теориялық және практикалық жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани
тәсілі. Дүниетанымда тұтас адамзат әлемі моделі сияқты мәдениет
категорияларының жүйесі көрініс тапқан. [1, 21 бет ]
Көріп отырғанымыздай дүниетаным бір күнгі немесе бір жылдың ғана
жемісі емес, ол адамдардың ғасырлар бойы жасаған өмір тіршілігімен тығыз
байланыста дамып, жетілетін өнер мен мәдениетке жақын көзқарастар жиынтығы
екен. Олай болса біз қазақ халқының ұлттық дүниетанымын өзіміз диплом
жұмысында зерттеп отырған лирика арқылы, оның сандаған жылдар бойында
қалыптасқан дәстүрлер арқылы танытуымызға болады екен.
Біздің ата-бабаларымыз ежелден далада көшпелі ғұмыр кешкен. Табиғаттың
қыр-сырын жан-жақты тереңінен ұғыну, шеті мен шегі жоқ еуразия кеңістігінде
мал бағу, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп-қону біздің ата-
бабаларымызға тән қасиет. Көшпелі өркениет, көшпелі өмір салты оларды
айнала қоршаған ортаға өзгеше көзбен қарауға үйретті. Табиғаттың қатал
сынына төтеп бере жүріп өздеріне ғана тән тіршілік қамын жасауға үйретті.
Қиыншылықтарға қарсы тұруға машықтанды. Осыдан барып даналық таным ұғымы
қалыптасады. Ал даналық таным дегенді қалай түсінеміз? Ол үшін тағы да
оқымыстылырдың ой-тұжырымдарына жүгінеміз:
Даналық таным – көшпенділер дүниетанымына негізделген альтернативті
білік. Даналық таным – ерекшелігі ол ешқашан өзгермейді мың жылдар бойы
қабылдаған құндылықтарды сол күйінше ұстана береді. Мысалы,егер иран тілдес
халықтарды алсақ, олар зороостризм, манихейство, ислам арқылы өзінің рухани
ділін өзгерткен халық. Ал көшпенділердің дүниетанымында осы діндердің
элементтері барда, ықпалы мардымсыз.Ондағы ең басты қағида – біз және
өзгелер, қан тазалығына негізделген рулық қарым-қатынас. [1,33 бет.]
Ұлттық танымымызды біз мифтік әңгімелерде де, тасқа қашалып
жазылған Орхон-Енесей ескерткіштерінен де, ислам дәуіріндегі
туындылардан да, жыраулар поэзиясынан да көре аламыз. Сонымен қатар ХХ
ғасырдағы бай мұраларымызбен қоса, тәуелсіздік кезіндегі, яғни қазіргі
поэзиямыздан көреміз. Осыған байланысты ұлттық әдебиетіміздің соңғы
кезеңіндегі жас ақындардың лирикаларын жан-жақты талдап көрсетеміз.
Ақыл-парасат, сана-сезім иесі ретінде адамның ең басты
қасиеттерінің-өзін қоршаған ортаны танып білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам
айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында
олардың ішкі құпиясына үңіледі, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын
біледі., өзінің орнын, басқа адамдармен қарым-қатынасын белгілейді. Осы
негізде өзі белсенді іс-әрекетке араласады, мүдделерін, сұранымдарын
қанағаттандырады. Сөйтіп, оның дүниені танып білуі нақты әлеуметтік сипатқа
ие болады. Дүниені танып білудің негізінде құбылыстардың, адам санасында
бейнеленуі жатады. Бейнелену теориясының мәні мынада; заттар, құбылыстар
мен процестер және олардың қасиеттері мен маңызды байланыстары танып-
білуші субьектіден тәуелсіз өмір сүреді.
Таным - сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының
адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнеленуінің қайшылыққа
толы күрделі процесі. Таным барысында адам өзінің қоршаған ортаны игереді,
ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар
туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге
айналады. Ендеше, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы
деп есептеуге болады.[2, 2бет]
Демек, ұлттық дүниетаным дегеніміз – белгілі бір ұлттың
дүниеге, қоршаған ортаға деген көзқарасы, таным-түсінігі.
Әрбір халық өз тілінің негізінде өзіне тән дүние сезім мен
дүниетанымын қалыптастырады. Олай болса, жер бетінде өз тілінің негізінде
қанша халық өмір сүрсіп жатса, соншалықты дүниесезім, дүниетаным, философия
болады.
Көне гректердің айтқанындай, философия дүниеге таңғалудан
басталады. Ал оның өзі өмірдегі күнбе-күн кездесетін айқын да түсінікті
құбылыстардан туындамайтыны баршаға мәлім. Таң қалатын құбылыс сиқырлығы
мен көпқырлылығы, әсемділігі мен орасан зор күш-қуаты, я болмаса ерекше
нәзіктігімен көрініп, адамның жан дүниесінде ерекше із қалдырады.
Философиялық деңгейге көтерілсек, бұл дүниеде мәңгілік адам
таңғалатын екі-ақ құбылыс бар. Оның бірі - әлем, барлық өмір сүріп жатқан
Дүние болса, екіншісі - өзіндік сана-сезімі, ішкі рухани өмірі бар адам
болмақ. Біріншісі құшаққа да ой елегінің ауқымына да сыймайтын шексіз де
мәңгілік әлем.Дүние ғарыш болатын болса, екіншісі ғарыштағы құбылыстармен
салыстырғанда атом сияқты, бірақ өзінің нәзік жан дүниесі бар адам. Біреуі
– макросам, екіншісі- микросам. Адам – кіші әлем ретінде үлкен әлемге –
ғарышқа тең. Бүкіл ғарыштың барлық сиқыры мен талпынысы адамның
табиғатында жиналған.
Сондықтан осыдан мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген белгісіз түрік бабамыз
алдындағы жатқан дүниеге таңғалып сол жөнінде алғаш рет ойланып, ондағы
адамның орны қандай екен деген сұрақты өз алдына қойған кезде, сол сәтте
отандық философия бұлағының көзі ашылды десекте болады. Қазақ халқының
дүние сезімі мен дүние танымының ерекшеліктері, әрине ол өмір сүрген
табиғаттың, соған бейімделіп қалыптасқан шарушылық формалары, өмір салтының
жүйелері мен тығыз байланысты болса керек. Жоғарыда
айтылған тұрғыдан бұл мәселеге көз жіберсек онда біздің ата-бабаларымыз
таңдап алып, өз Отанына айналдырған жерлер мал өсіруге лайықты, табиғаты
қатал, суға тпашы,сонымен қатар өрісі кең, малдың соңында көшіп-қонуға мал
мүмкіншілігі бар кеңістікте орналасқан болатын.Ал табиғаты жұмсақ, суы мол
жерлерде(мысалы, Сырдария,Шу өзендерінің т.с.с бойларында) халық жерге
тұрақтанып егіс егіп, қолөнерін дамытып, қалалар тұрғызды. Оған мысал
ретінде Жібек жолы бойында орналасқан орта ғасырдағы қалаларды айтуға
болады. (Отырар, Жүйнек, Мерке, Құлан, Талғар, Алматы т.с.с)
Негізінен алғанда, жаңа дәуірге – машиналық индустрия пайда болғанға
дейін – қазақ жеріндегі ең тиімді шаруашылық формасы көшпенді мал
шаруашылығы болды. Сондықтан біздің арғы бабаларымыз мыңдаған жылдардың
шеңберінде осы іспен айналысты. Ол біріншіден, табиғатқа бас июді, оған
табынуды талап етті, қазақ халқы басқа да шығыс халықтары сияқты, ешқашанда
табиғаттың патшасы болу, оны өз еркіне сай етіп қайта өзгерту мақсатын өз
алдына қойған жоқ. Сондықтан ежелден қазақ салтының, қазіргі тілмен
айтқанда, экологиялық санасы биік деңгейде болған.
Екіншіден, біздің бабаларымыз тұрақты бір жерге байланбағандықтан
ерікті болып, бас бостандығын қатты сыйлаған. Қазақ жерінде ешқашан құлдар
болмаған.
Үшіншіден, негізінен алғанда көшпенділік теңдікті талап етеді, оған
тән саяси формалар- соғыс демократиясы, әрі кеткенде алғашқы феодалдық
қатынастар дамыған. Феодализм қазақ жерінде ешқашанда болған жоқ, ал
көшпенділік шаруашылық формасының табиғатынан шығады.
Төртіншіден, көшпенді халықтың арасындағы әлеуметтік
айырмашылықтар аз болғандықтан, теңдікке негізделген әділеттілік құндылығы.
Сондықтанда бүгінгі таңда жүріп жатқан қайта әлеуметтік топталу –
рестрафекация – (аса байлармен қатар кедей, қайыршылардың п.б) адамдардың
жан дүниесінде ауыр жарақаттар қалдыруда.
Бесіншіден, байлыққа жетуден гөрі, ар-намысты жоғары ұстау –
ол да көшпенділік өмір салтынан шығатын құндылық.
Алтыншыдан, өне бойы көшіп-қону барысында әрқашанда неше түрлі
қиындықтарды, қауіп-қатерлерді бастан кешуге тура келді. Ол ерлікті,
батырлықты қасиет етуді талап етті.Сондықтан, беске келгенде жылқының
жолында ойнап, 14-15-ке келгенде батырлықты армандап, біздің бабаларымыздың
көбі 20-25-сінде елін аман сақтау жолында өмірлерін қия білген.
Ұлы Отан соғысында қазақ азаматтары осы ұлттық қасиетті бүкіл әлемге
айқын көрсетті.
Жетіншіден, көшпендінің өмірі қысқа, өне бойы қауіп-
қатерлерден, соғыстардан тұрғаннан кейін, ол күнбе-күнгі өмірді бағалап,
өмірден алудан гөрі, болуды жаратқан. әрбір күнді той-думанға айналдыру,
өзін шешен сөзбен, даналықпен көрсете білу, неше түрлі сайыстарға қатысу,
бір сырлы, сегіз қырлы болу - бабаларымызға тән нәрселер болған.
Сегізіншіден, дүниеге, басқа халықтарға деген ашықтық,
қиналғандарға риясыз қол ұшын беру – бұлда біздің халықтың керемет
қасиеттерінің бірі.
Тоғызыншыдан, көшпенділердің негізгі құндылықтарының бірі-ата-
ананы, үлкендерді сыйлау.
Қазақ философиясының ерекшеліктеріне біріншіден, антологиялық (болмыс)
және гносеологиялық (дүниетаным) мәселелерден гөрі адам мәселесіне көбірек
көңіл бөлінеді.
Екіншіден, адам мәселесі, қазіргі тілмен айтқанда, көбіне
экзистенциалдық тұрғыдан қаралады және ол көшпенділік өмір салтын еске
түсірсек түсінікті де болар.
Үшіншіден, отандық философияда абстрактілі- теоретикалық жүйелер
жасау өте сирек кездесетін құбылыс - философиялық ізденіс адамның нақтылы
өмірдегі жүріс-тұрысын сараптауға яғни практикалық мәселелерге көбірек
көңіл бөлінеді.
Төртіншіден, адам болмысының этикалық жақтарына, жақсылық пен
жамандық, ізгілік пен зұлымдық, ар-намыс абырой,,т.с.с категорияларға терең
талдаулар жасалады.
Мифтік әңгімелерге үңіле отырып, байырғы адам баласының санасы мен
рухани дүниесі, ойлау дәрежесі, таным-түсінігі қандай болды дегенге жауап
іздейміз.
Қазақ халқының ежелгі тарихы да осы мифтердің ішінен орын алуға
тиіс.Өйткені ата-бабаларымыздың өткен дәуірі мен ой-санасының айғағы
боларлық мифтер мен мифтік аңыздары ауызша сөз мұрасынан елеулі орын алады.
Олар қазақтың ән-күйлері, өлең-жырлары, аңыз- әңгімелері, т.б, бұл
туындылар сан ғасырлық рухани азық болумен бірге дала тіршілігінің талап -
талғамына лайық өңделіп, өзгеріп отырады. Сондықтан мифтер белгілі бір
дәуірдің, адам дүниетанымының өткен бір кезеңінің нәтижесі.
Дегенменде, мифтер тарихи-рухани мұра ретінде талай-талай ұрпақ
санасына ұялады,сөйтіп пайда болу, даму, өзгеру бағзы бір жағдайларда ұмыт
болу сияқты үрдістерді бастан кешірді. Қазір бізге келіп жеткен мифтер мен
мифтик аңыздар сол бір асып-тасыған мол мұраның бір бөлшегі ғана.
Дүниежүзі халықтарының мифтері ғылыми зерттеулердің нысанасына алынып,
тарихи салыстырмалы тұрғыдан қарастырылғалы бері мифтердің де түрлі- түрлі
қоғамдық-әлеуметтік даму сатылары, тарихи деңгейлері, түрлері мен
тақырыптық аясы болатыны анықталды.Атап айтатын болсақ, аспан мен жердің
жаратылысы туралы айтылатын мифтерді космогониялық мифтер деп атаса,
адамдар оның жаратылуы туралы мифтер антропогондық мифтер деп аталынады.
Мұндай жұртшылық мойындаған бірқатар нәтижелерге табан тірей отырып,
қазақ мифтерінің де қайсібір ерекшеліктерін анықтау ұлтымыздың рухани
мұрасын түгелдеуге септігін тигізері сөзсіз.
Салыстырмалы зерттеулердің нәтижелеріне қарағанда, ең қарапайым, әрі
ең көне мифтердің қатарына аспан денелері - Күн, Ай, жұлдыздар мен
планеталар туралы айтылатын мифтер жататын көрінеді,яғни космогониялық
мифтер.
Космогониялық мифтер деп аталатын мұндай әңгімелердің түп-тамыры
бізді қоршаған дүние қашан, қалай жаратылды, жаратқан кім? ... деген
күрделі сауалдарға жауап іздеумен байланысты.
Осы мифтердің әлем жұртшылығына кең таралғандығы және миф атаулының
ішінде алатын орнының мән- мазмұны олар бір кезде адам болды деген
түсінікті айшықтап көрсетеді. Күн сәулесінің өткірлігін оның мінезінің тік
, өжеттігіне, Ай сәулесінің әлсіздігін оның жұмсақ мінезіне байланысты
түсіндіру де олардың адам кейпінде ұғынылғанын дәлелдейді. Миф бойынша Ай
мен Күн асқан сұлу қыздар екен, бір-бірінің сұлулығын қызғанып, Күн айдың
бетін тырнап алыпты, содан Айдың бетінде дақ қалып, бұдан кейін бір
жүрмейтін болыпты ... [3,4 бет]
Тағы бір мифте: жігіт бейнесіндегі Айға жердегі жетім қыз ғашық
болып қалыпты.өгей шешесі қызды түнде су әкелуге жұмсайды. Қыз суға барса,
ғажайып бір сұлу жігітті көреді, сөтсе ол су бетінде шағылысқан Айдың
бейнесі екен. Қыз Айға жалынып, өзін алып кетуді өтінеді.Сөйтіп Айға барып
қосылған, қолына шелек ұстап тұрған қыздың бейнесін Айдың бетінен көруге
болады. Бұл мифтердің бәрінде де аспан денелерін адам ретінде түсіну ап –
айқын.
Қазақ мифтерінің арасында аспан мен жердің, күн мен айдың, жұлдыздар
мен планеталардың қалай пайда болғандығы, оларды кімдер жаратқаны туралы
мифтер аз сақталған. Дегенмен, жұмыртқадай жерді көтеріп тұрған көк өгіздің
мүйізі, бір мүйізінен екінші мүйізіне ауыстырғанда жер сілкінеді,
дүниежүзіне мәлім миф бойынша әлемді топан су басқаннан кейін Нұх (Ной)
кемесі тоқтаған жерде тіршілік басталған; аспан иесі (әрі Жаратушы) –
Тәңір, кейбір түркі халықтарының мифтерінде жердің иесі әйел Құдай Ұмай,
бәлкім байырғы ұғым бойынша Тәңір мен Ұмай ерлі-зайыпты; аспанды еркек,
жерді әйел бейнесінде ұғыну дүниежүзінің көптеген хъалықтарына тараған.Жер
бетіндегі тау-тас, өзен-көлдер бір кездегі алып адамдардың (Еділ,Жайық,
Толағай,т.б) іс-әрекеттерінің нәтижесінде (секіргенде, жылағанда, айқайлап
күңіренгенде,ұйықтағанда т.б) пайда болған дейтін түсініктердің арғы негізі
олар қалай жаратылды, кімдер жаратты дейтін сауалдармен байланысты екені
анық.
Демек, әр халықтың аспан денелері, қоршаған орта туралы айтатын
мифтерінен олардың өзіне етене таныс, әрі нақтылы білетін өмір салты мен
тұрмыс-тіршілігінің бейнесін көреміз.
Бұл тұрғыдан келгенде, қазақ арасында сақталған мифтерде көшпелі өмір
салтына негізделген көріністердің жалпы дүниеге, оның ішінде аспан
денелерінің қасиеттері мен қимыл-қозғалысына да телінетіні табиғи
жағдай.Көшіп-қонған ел (үнемі қозғалыс үстіндегі аспан денелері), төрт
түлік мал, оны ит-құстан, ұры-қарыдан қорғау (Жетіқарақшы,Ақбозат,
Көкбозат, Арқан жұлдыздары), мысалы Жетіқарақшы мифтік әңгімеде:
... Жетіқарақшы бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін
ұрлаған бау
кеспе ұры болыпты. Халық болып соңына түскен соң, қылмысы басынан асқан
жеті жеткізбей аспанға қашып шыққан. Бастаған алдыңғы төртеуі, ана
артындағы үшеуі;- ерер – ермес болып жүрген олардың құйыршығы. Ана
бүйірдегі екі жкрық жұлдыз- екі батыр. Сонау көрінген қатар екі жұлдыз,
Ақбозатпен Көкбозат – батырлардың аттары. Олар Темірқазыққа арқандаулы.
Шұбатылған арқаны да, әне көрініп тұр. Аттар Темірқазықты айнала аттайды.
Оларды аңдыған жеті ұры да түнімен төңіректеп айналып жүреді. Ұрылар қайтсе
де осы аттарды түсіріп алмақшы. Сақ күзетуші алдыңғысынан көз жазбайды.
Сөтіп жүргенде таң атады. Таң атысымен Жетеқарақшы көзден тайып,
тасаланады.[3,14 бет.]
Жылдың әр мезгілінде әр түрлі өзгешеліктерімен көрінетін аңдар мен
жан-жануарлар (Үш Арқар, Қамбар, Үркер, т.б жұлдыздар) қосақтап сауған
қойлар, (Кемпірқосақ), түнгі бақташының жөн сілтер, мезгілді анықтар
бағдары ( Темірқазық,Шолпан,Есекқыран,Сүмбіле , Құс жолы) ауа райының, жыл
маусымының малға жайлы-жайсыздығын болжау (Айдың қалай тууы, күннің
батуы,жұлдыздардың түр-түсі,т.б)
Міне, бұлардың бәрі де дала тіршілігінің мифтік ұғымдарға астасып
жатқан көріністері екені даусыз. Бұл тұрғыдан келгенде, қазақ мифінің
логикалық құрылымы мен жасалу жүйесі әлемдік үрдіспен сабақтас. Ал оның
өзіндік ерекшеліктерін мифтік символдармен ұғымдарға өз өмірінің
көріністерін көшіруінен көреміз.
Мифтердің келесі бір саласы – антропогондық мифтер. Жоғарыда
айтылғандай, адамдар, оның жаратылуы жайында.
Қазақ танымында адамның жаратылысы, оның өмірі туралы мифтер өлім
және о дүниедегі желісі бар өмір жайындағы ұғымдарға ұштасып отырған.
Исламға дейінгі Тәңірлік дүниетаным бойынша әруақтарға сену,өлген адам іс
жүзінде басқа бір дүниде бізбен қатар тіршілік кешіп жатыр деген түсінік
орын алған. Өлген адамның жыл толған асында ұлан-асыр той жасау оны
ғажайып бір өмірге біржола шығарып салу дәстүрімен сабақтас. Мұндай
ұғымға астар болған байырғы мифтік сенім екені даусыз. Айнала қоршаған
дүниені адамдар кейпінде түсінумен қатар, қайтыс болған адамдар да солардың
қатарына барып қосылатындығы, яғни адамның өзінің келген жеріне қайта
қайтатыны – байырғы біртұтас, араға жік қоймайтын ұғымның сілемдері.
Бұл орайда дүниенің соңы ақыр заман деген түсінікті адамның туу,
жаратылуы, өмір сүруі, өлу және о дүниеде қайта жасау сияқты белгілі бір
жүйеге, циклды тәртіпке түскен тізбенің соңғы және қорытынды бөлімі деп
қарауымызға болады.
Миф түптеп келгенде , о бастан-ақ сөз өнерінің айшықты бір жанры
емес. Мифтің дүниетанымдық қызметі әлсірей бастағаннан кейін ғана ол сөз
өнерінің өзге жанрларымен (аңыз,әпсана,ертегі,т.б) жақындасып, фольклорлық
жанр аясына түсірілді. Ал шындығына келгенде, наным-сеніммен, әдет-
ғұрыппен, салт-санамен бірге туып, бірге жасасқан мифтің қоғамдағы көрінісі
алдымен оның сан-салалы дүниетанымдық қызметінде. Соның бірі мифтің
ғұрыпқа (обряд, ритуал) қатысты мәселелері.
Әлемдегі көптеген халықтардың мифтері діни әдет-ғұрыптармен, салт-
санамен бірлікте өмір сүріп келген. Әсіресе, мәдени дамуы жағынан кенжелеп
қалған халықтарда түрлі ғұрыптардың мән-мағынасы және олардағы іс-әрекеттің
себептері миф арқылы түсіндіріледі.
Қазақ арасында мифтің бұл қызметі ұмытылған. Алайда, исламға
дейінгі тәңірлік дүниетанымға сәйкес мифтік түсініктердің іс-
әрекеттермен, байырғы діни ғұрыптармен қарайластығын байқау қиын емес.
Мәселен, түрлі аурудың иесін көшіру үшін айтылатын әсері күшті сөздер мен
атқарылатын әрекеттер (қамшымен ұру, отпен аластау, түтін салу, түн күзетіп
отыру, т.б) және оларға қатысты айтылатын мифтік аңыздар (Бәдік, Албасты,
Обыр, т.б); бақсылар сарыны мен бақсылық ғұрыптар , Қорқыт, Қойлыбай, т.б
ұлы бақсылар туралы айтылатын мифтік аңыздар, Айға, Күнге, Отқа табынудың
іздері (жаңа туған Айға сәлем беру, ай сәулесін ұйықтаған адамның бетіне
тусірмеу, Күнге бағжиып қарамау,, Отқа түкірмеу және бұлар туралы айтылатын
мифтер, т.б). Бұлардан бюасқа алғыс, қарғыс сөздері және оған байланысты
әрекеттер (дұға оқу, алынған тырнақ, шаш, т.б. дұшпан көзінен тасалау),
байырғы қазақ өмірінің сан тарау тыйымдары (көк шөпті жұлма, босағаны
керме, табалдырықты баспа,түнде судың бетін ашық қалдырма, қолыңды молаға
шошайтпа, т.б.). Міне, халық арасында күні кешеге дейін ұмытылмай келк
жатқан наным-сенімдердің астарында о бастағы қуатты бір сенімнің жатқандығы
даусыз. Тыйымдар мен оны олай жаса, мұны былай жаса дейтін жөн-жоба
себептерінің дені ұмытылған. Ал бұл ұмытылғандардың кезінде мифтік мән-
мазмұнымен байланысты таратылғандығы дау тудырмайды.
Бүкіл дүниені дүр сілкіндіріп, тарих сахнасына шыққан халық
ежелгі түркілер еді. Олар батысында Византия елімен оңтүстігінде Персиямен
тіпті Үндістанмен, ал шығысында Қытаймен шектксіп жататын орасан үлкен
мемлекет құрды.
Түрік мемелекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі
дәрежеде бетбұрыс кезеңі болды. Түркілердің қөоғамдық өмірі мен
әлеуметтік институтттарының күрделі түрлері қайран қалдырады: ел,
меншіктің сатылық жүйесі, шендер иерархияс, әскери тәртіп, елшілік дәстүрі,
сондай –ақ көрші отырған елдердің идеологиялық жүйелеріне қарсы қоятын,
мұқият әзірленген дүниетанымның болғандығы таң қалдырады - деп жазады
Л.Н. Гумилев.[6,251бет.]
Рас, әрбір халықтың тарихы қадым замандардан, тіпті есте жоқ ежелгі
дәуірлерден басталады. Осы Ұлы Түрік қағанатының шынайы шежіресі
таңғажайып тарихы бұдан он үш ғасыр бұрын қағазға емес құлпытастарға
қашап жазылған. Оны жазған Түрік қағанатының қабырғалы бектерінің бірі,
өз дәуірінің кемеңгер ойшылы, шешендік сөздің жүйрігі, ұлы ақын-
Йоллығтегін еді. Бүкіл түркі елін егемендік пен азаттыққа, ерлік пен
бірлікке үндейтін бұл дастандардың әрбір әрпі мәңгі өшпестей етіліп, үлкен
– үлкен құлпытастарға қашалып жазылған. Демек, бұл дастандар бұдан он үш
ғасыр бұрын Түрік мемлекетінде болған сан қилы оқиғаларды бүгінгі күнге
ешбір өзгеріссіз, айна – қатесіз күйінде жеткізіп отыр. Түркі дәуірінің
әдеби -мәдени өмірін жыр еткен ғажайып дастандар – Күлтегін, Білге
қаған, және Тоныкөк жырлары деп аталады. Бұл жырлардан қазақ
философиясына, дүниетанымына, әдет-ғұрпы, салт-дәстүріне сай ұғымдарды,
әрекеттерді көптеп кездестіреміз. Әсіресе, батыцлдық, ерлік қасиеттерді
айтумызға болады.
Ежелден еркіндік аңсаған түркі халқының бақытты өмір жайындағы
арман-қиялын, тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы жүргізіп келген ерлік күресін,
кескілескен шайқастарда қол бастаған хас батырларын жыр еткен батырлық
эпосының алғашқы үлгілері деп танығанымыз жөн.
Демек, бергі замандағы қазақтың бай мұраларының бірі батырлық эпостың түп
тамыры, бастау көзі осы VI-IX ғасырлар мұрасы Күлтегін, Тоныкөк,
Білге қаған жырлары екені тайға таңба басқандай ап айқын көрініп тұр.
Мысалы, Күлтегін жырындағы мынадай өлең жолдарына назар аударсақ:
Қаның судай ақты,
Сүйегің тау боп жатты ...
Бек ұлдарың құл болды ...
Пәк қыздарың күң болды.
Тізеліні бүктірдік,
Бастыны еңкейттік
Еліміз қайта ел болды,
Халқымыз қайта халық болды.[9,33 бет.]
Осы жолдардын ерлік пен ездік, соғыс пен бейбітшілік, құлдық пен
тәуелсіздік жайында екені көрініп тұр.
Күлтегін жырында эпостық баяндау сазы басым екенін айта келіп, М.
Әуезов: Мұнда батырдың жас шағынан бастап, өмірінің ақырында дейінгі
ерліктерін жырлайтын батырлық дастандардың сюжеттік құрылысына ұқсастық
бар деп көрсеткен болатын.[6,10бет.]
Мысалы, Күлтегін жырының мына бір жолдарына назар аударайық: Жалаңаш
халықты төнді,
Кедей халықты бай қылдым
Аз халықты көп қылдым,
Тату елге жақсылық қылдым
Төрт бұрыштағы халықты
Бәрін бейіт қылдым,
Тату қылдым,
Бәрі маған бағынды,
Ісін – күшін беріп,
Осыншама ел жиып,
Інім Күлтегін өзі қайтыс болды.[9,59 бет.]
Эпостық батырдың бойынан табылатын асқақ қасиеттер: батырлық, адалдық,
алыптық сияқты болып келетіні мәлім:
Күлтегін Азманағын мініп,
Шабуылға ұмтылды
(Жаудың) алты ерін шанышты,
Шабуылда жетінші ерін қылыштады.[9,59 бет.]
Немесе, Күлтегін туралы:
Тізеліні бүктірді,
Бастыны еңкейтті.[9,59 бет.]дейді.
Алпамыс батыр сияқты Күлтегін де суға салса батпайды, отқа салса
күймейді:
Жүзден артық оқ тиді
... Бірі де дарыған жоқ.[9,59бет.]
Қазақ эпосында, әсіресе, батырдың жан серігі атының түр-түсін,
шабысын, қалай баптағанын, т.б суреттеуге ерекше назар аударып, соған
ықылас қойып отырады. Мәселен, Қобыланды эпосында мынадай жыр жолдары
бар:
Тобылғы меңді торы атпен
Қобыланды шапты ауылға [9,60 бет.]
Немесе,
Үстіндегі түгіңнің
Жары күміс, жары алтын
Жан серігім, Бурыл ат,
Жылқыда тұлпар сен едің.[9,61 бет.]
Ал, Күлтегін мінген аттардың да сыр – сипаты осылайша суреттеледі:
(Күлтегін) боз атын мініп шапты,
Ол ат сонда өлді
Ерттеулі торы атын мініп шапты,
Ол ат сонда өлді.
... Күлтегін алып Шалшы ақбоз (атын) мініп,
Жауға қарсы ұмтылды.[9,61 бет.]
Сондай-ақ Күлтегін батыр өлгенде бүкіл елдің қабырғасы қайысып, айтқан
жоқтау – жырлары да эпостық жырлар сарынымен орайласып келеді.
Сонымен, Орхон жазба жәдігерліктері мен қазақтың батырлық жырлары
арасындағы көркемдік дәстүр жалғастығын талдай келіп төмендегідей түйін
жасауға болады.
Түркі елінің VI-VIII ғасырлардағы қоғамдық - әлеуметтік өмірін,
түрлі түркі тайпаларының әдет- ғұрпын, наным-сенімін, өзіндік поэзиясын,
тілін, т.б танып-білуде Орхон ескерткіштерінің мәні аса зор.
Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (10-12 ғ.) ерекше
орын алады. Ислам дәуірі әдебиеті деген термин – ұғымды алғаш рет өз
зерттеу еңбектерінде кеңінен қолданған ғалымдар Ф. Көпрүлүзаде, Н.
Бонарлы, және Г. Грюнебауым еді. Ал, А. Байтұрсынов бүкіл түркі
халықтарының 10-13 ғасырлардағы тарихына қатысты болып келетін Ислам
дәуірі әдебиеті деп аталатын аса кең мағынадағы ұғым – түсінікті бертін
келе қалыптасқан қазақ әдебиетін дәуірлерге бөлу процесінде зор
білгірлікпен нақтылай түскен. Ол қазақ әдебиеті тарихында талдау жасай
келіп, төмендегідей дәуірлерге бөліп қарастырады:
Бұрын қазақтарда жоқ сөздердің түрлері шыға бастайды. Дін күшімен
емес, тіл күшімен өзін өзін тыңдайтын сөздер шыға бастайды. Бастапқы жазба
әдебиеттің бас мақсаты – тілді ұстарту, әдебиетті күшейту, көркейту болады.
Сөйтіп, жазба әдебиеттің өзі екі дәуірге бөлінеді; 1. Діндар әдебиет, 2.
Ділмар әдебиет.
Діндар діншіл деген мағынада, ділмар – тілше деген мағынадағы сөздер
[9,145 бет.] Бүкіл түркі әлемінің осы бір тарихи бетбұрыс кезеңінде өмір
сүрген ғұламалар мен шайырлардың әлеуметтік көзқарасы мен дүниетанымы
ғылым мен әдебиетттің болашағын айқындап бергендей еді.
Кезінде оны ғылыми қауым екінші ұстаз деп атаған, энциклопедист-
ғалым, философ, матеметик, музыка теоретигі, әдебиет зерттеушісі, ақын -
Әбу Наср Әл – Фараби (870-950). Қыпшақ даласындағы Отырар қаласында
әскери қызметтің отбасында өмірге келген. Әбу Наср Әл – Фараби - өз
дәуірінің көрнекті ақындарының бірі. Бұл жөнінде Әл- Фараби замандастары
және одан кейінірек өмір сүрген Шығыстың көрнекті ақындары, әдебиетшілері
мен тарихшылары көптеген мәліметтер жазып қалдырған. Мәселен, белгілі
араб тарихшылары Ибн Аби Усайба және Ибн Халликан еңбектерін айтуға
болады. Кезінде араб тарихшысы Ибн Халликан жазып қалдырған Фараби
бәйіттерінің шумағында:
Бауырым, сен теріс жолдарға түскен жандарға ерме,
Олардан аулақ жүр, қашанда әділдік жағында бол.
Бұл дүние – біз мәңгі тұратын мекен – жай емес,
Әлемде ешкім өлімді жеңе алмайды.
Түкке тұрғысыз атақ- даңқа таласып,
Қашанда дйін бір – бірімізді азаптай береміз?
Одан гөрі Көк Тәңірісіне жалбарынып,
Өліп кеткеніміз жақсы емспа?[8,165 бет.]
Сөйтіп, ақыл-парасат пен оқу-ағарту ісінің жолында күрескері болған
Фараби зорлық- зомбылық атаулыға барынша қарсы шықты. Осы идеяны өз
жырларына арқау етті.
Әл – Фараби өлеңдерінің негізі тақырыбы - өмірдің мән-мағынасы жайлы
толғау, оқу мен білімді мадақтау, адамгершілікке шақыру.
Ақынның мына бір жырынан оның поэзиясының бағыт-бағдарын, тынысын айқын
сезінуге болады.:
Қашықтасың туған жер – қалың әлім,
Не бір жүйрік болдырып жырау деген
Шаршадым мен
Қанатым талды менің
Шаңыт болған сарылып қарауменен.
Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,
Қасіреттің жасына көз жуынар.
О, Жаратқан, көп неткен ақымағың,
Құм сықылды тез ысып, тез суынар.
Зиялы аз бір тұтам тіршілікте,
Әкімдікке күліссі жүгіреді.
Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,
Жаным менің түршігіп, түңіледі.
Бір шөлмекте көк сия толып тұрса,
Екіншіде – шарап бар жайы мәлім
Даналықты сиямен толықтырсам,
Шарабымен шерімнен айығамын.[8,166 бет.]
Әл – Фараби тағы бір өлеңінде бұл ғұмырдың мәңгі еместігін айта
келіп, жастық жүректің жалынын осы өмірдің игілікті істерін атқаруға жұмсау
керектігін аңғартады:
Бауырым қанша сүйгенмен,
Өтеді өмір күйбеңмен
Шындыққа бас тік алаулап,
Пенделіктен бол аулақ.
Жататын дәйім жаңғырып,
Бұл ғұмыр емес мәңгілік
Бейопа мына заманда
Бақұл бап кетер адам да
Жұрт кілең күнін көп қызық
Жіберер зая өткізіп.[8,167 бет.]
Өкінішке орай, Фарабидің поэзиялық мұрасы біздің дәуірімізге дейін
толық сақталмады. Әйтсе де саусақпен санарлықтай аз ғана жыр жолдарының
өзінен зор шабытты, кең тынысты, терең ойлы, нәзік сезімді, дарынды ақын
болғанын аңғару қиын емес.
Түркі халықтарының тұңғыш ұлы филологы, ежелгі ауыз әдебиетінің
үлгілерін жинаған, зерттеуші – ғалым, белгілі саяхатшы, Диуани лұғат ат
-түрік атты еңбектің авторы, ислам дәуірінің көрнекті өкілі – Махмұт
Қашақари. М.Қашқари тіл білімі мен әдебиетке қатысты көлемді де күрделі екі
ғылыми еңбек жазған. Бірі – Жавохирун-нахв фи луғат ат-түрік (Түркі
тілдерінің синтаксисі, қағидалары) деп аталады. Өкінішке орай, бұл еңбек
бізге жетпеген. Ал екінші еңбегі – Диуани лұғат ат-түрік (Түркі елдерінің
жинағы) екені мәлім. Бұл еңбек 1074 жылы жазылған. Автор сөздікке ежелгі
ауыз әдебиеті үлгілерін, өзі өмір сүрген орта ғасырдағы поэзиялық
шығармалардан аса, құнды материалдар – түрлі тақырыптағы өлең-жырлар,
ертегі аңыздар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер т.б көркем сөз үлгілерін
енгізген.
Мұнда автор өмір сүрген дәуірді қоса, сан ғасырлар бұрын өмірге
келген халықтың өлең-жырлардың, мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің,
көркем теңеулердің, фразеологиялық тіркестердің,т.б ғажайып үлгілері бар.
Бұл жинақтағы өлең-жырлар мазмұны бойынша түрлі мәселелерге арналған.
Мысалы, табиғат туралы өлең-жырлар.
Түркі тілдері жинағында табиғат көроіністеріне қатысты жыр жолдары көп. М
ұнда бұлттр ойнай бастағанын, сай салаға су толғанын, турлі түсті
бәйшешек өсіп шыққанын, арқар киік асыр салғанын, бейнелейтін өлеңдер
жиі ұшырайды. Мәселен, Еділ өзені жайында:
Жарқырап жұлдыз туғанда
Ұйқыны серпіп қарадым,
Бөлейді құстар думанға,
Тыныштық күйін даланың.
Еділдің суы ағады,
Қахарлы толқын тас қажап
Сайларға су толады,
Ойнайды суда ақ шабақ.[8,178 бет.]
Мұнда тіпті Қыс пен Жаз адамдар бейнесіне түсіп, өзара айтыса бастайды.
Мұның өзі түркі халықтары арасында айтыс өнерінің қадым заманда – ақ кең
тарағанын аңғартса керек:
Жаз бенен қыс жанасты
Қахарланып қарасты
Қарсы тұрып таласты
Телмеңдесіп тұр бүгін.
Қыс:
Ауруды емдедім,
Қуаттанар ерлерім
Тұлпарларды жемдедім
Күш беремін тәнге де.
Жаз:
Қыстың аяз мұзы бар
Жер келбеті бұзылар,
Жайлы жазға қызығар
Сорғанда аяз денені,
Кедей жүрер бүгіліп,
Қыстан жаны түңіліп.[8,178-179 беттер.]
Бұл айтыста адамдарға берер ырзығы да, қуаныш – шаттығы да мол Жаз жеңіп
шығады.
Алғашқы қауым адамдарының тіршілік көзі – аңшылық болғаны жақсы мәлім.
Бертін келе мал шаруашылығымен егіншілікте адамдардың күк көріс кәсібіне
айналды.
Бұл жырларда белгілі бір тайпа мүшелерінің аң аулау маусымына салтанатты
түрде дайындалып жатқаны, аңшылыққа аттанар сәттегі қызу той-думан, сондай-
ақ қанжығасы қанды болып қайтқан аңшылардың ойын-сауығы бейнеледі.
Жастарға қаршыға беріп,
Құс салдырып үйретейік
Аңдарды тазы қосып тістейік,
Түлкі, доңызға тас лақтырайық
Өнер қабілетімізбен мақтанайық.
Немесе,
Жігіттерді жинайық,
Жеміс беріп сыйлайық
Той қызығын тыймайық,
Аңға шығып,құс салып
Төрт аяғын билетіп,
Құр атқа басын үйретіп,
Қырық кез құрық сүйретіп,
Киікке тазы қосайық.[8,180 бет.]
Жинақта ерлікті, батырлықты мадақтайтын өлең жолдары да кездеседі. Әрбір
қадамы қәтерге толы ежелгі дәуір адамы үрейлі аңдармен арпалыста немесе
түрлі тайпалар арасындағы соғыста ерекшк ерлігімен, қыруар күш – қуатымен,
әскери айла – тәсілімен жұрт көзіне түсуді өзіне биік мәртебе санаған.
Сөздікте мысал ретінде келтірілген шағын өлең жолдары қазақтың көнеден
келе жатқан дәстүрлі дастандары – батырлық жырларындағы сюжетті баяндау
сарынын, батырларды таныстыру тәсілін, жекпе – жекке шақыру мәнерін, қазалы
үйге ат шаптырып келу дәстүрін , т.б еріксіз еске түсіреді. Сөздікте
ерлік тақырыбын жырлайтын Мыңлық елін алғанбыз атты жыр үзіндісі:
Тұрмады бектер алдасып,
Жекпе – жек шықты арбасып
Қылыштың жүзін қан басып,
Қынабына қайта сыймады
Домалап жаудың бастары,
Иықтан түсіп қашқаны
Әлсіреп дұшпан сасқаны
Қылыштар қанға малынды.[8,181 бет.]
Қазақтың батырлық жырларында жыршы – ақын кейіпкер тасасында тұрып
жырлайды. Сонда, ақын – мен мен кейіпкер – мен қосылып кетіп отырады.
Мәселен, Ер Тарғын жырының төмендегі жырына назар аударайық:
Алты жаста ақтаттым
Аттай мұрнын таңаттым
Алшақтатып ойнаттым
Арпа – бидай асаттым.[8,182 бет.]
Бұл дәстүр қадым замандарда қалыптасқан сияқты. Оған М.Қашқари
Сөздігіндегі төмендегі жыр үзінділері дәлел:
Мен дұшпаннан саспадым,
Жауды малдай жасқадым
Домалаттым бастарын
Кім тоқтатар мені енді.[8,182 бет.]
Сөздікте дидактикалық – философиялық мазмұндағы жыр үлгілерін де жиі
ұшыратамыз. Олар көбінесе замана жайлы, адамгершілік туралы, ақыл –
парасат, білім хақында болып келеді:
Таққа шығып тұрсаң да, Тәңіріңді ұмытпа,
Асып – тасқан көңілді ақылыңмен шыбықта.
Ұлық болса еліне ізгі болар ер кісі,
Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі.
Немесе, оқу – білімге үндеуі:
Ұлым, ақыл тыңдасаң, білімсіздік жоғалар,
Білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар.
Көңіл толса, үйіңнің жарын жығар,
Білікті адам айтпай – ақ жаныңды ұғар.[8,185 бет.]
Дидактикалық – философиялық сарында өсиет-уағыз айту дәстүрі XV-
XVIII ғасырларда қазақ ақын-жыраулары поэзиясында мейлінше кең көрініс
тапты. Қазақ халқының рухани мәдениеті тарихында ақын-жыраулар мұрасының
алатын орны ерекше. Ұлттық поэзиямыздың, сондай-ақ философиялық ой мен
дүниетанымның қалыптасуына ақындық, жыраулық дәстүр ерекше ықпалын тигізді.
XV-XVIII ғасырларда туып, қалыптасқан жыраулық поэзия ұлтымыздың
табиғатына тән шешендік қасиет пен философиялық терең даналықты бойына
сіңірді.
Халықтың рухани күші болып саналатын тіл, адамның ішкі дүниесін
өзгеріске түсіре алатын сөз өнерінің құдіреті жыраулар поэзиясы арқылы
барынша танылды. Жыраулық дәстүр қалыптастырған сөз саптау ойды бейнелей
жеткізу ұлттық болмысымызды даралады. XV ғасырда дербес хандық болып
шаңырақ көтерген небір жаугершілікті басынан кешірген қазақ ұлысының
қорғаны, қолбасшысы, ақылшысы әрі батагөйі болған жыраулар – төл
әдебиетіміздің бастауында тұрған ұлттық мәдениетіміздің ірі өкілдері. Ірі
өкілдеріміздің бірі Қазтуған жырау. Қазтуған жырау поэзиясына нағыз
көшпенділік психология тән. Кеңістікті пір тұтқан көшпенділер тіршілігі
олардың табиғат туралы түсінігі, өмірге көзқарасы, туған жерге деген
нерзенттік қимас сезімі жыраудың поэзиясынан нақты көрініс тапқан.
Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар,
Арқа мен қосым қалар деп
Ақ дария толқын күшейтер
Құйрығын күн шалмаған балығым
Ортамнан ойран салар деп
Азамат ердің баласы
Жабыққанын білдірмес
Жамандар мазақ қылар деп.[10,8 бет.]
Бұл өлең шумақтары Қазтуғанның кең тынысты жырау, терең ақыл иесі
болғанының айғағы.
Қазақтың тұңғыш ғалымы Ш.Уалиханов көшпенділер философы деп атаған Асан
қайғы халық жадында Желмая мініп, жер шалып, Жерұйықты іздеген халаықтың
қамқоры hәм дана қариясы ретінде сақталды. Жайлы қоныс іздей жүріп, жерге
берген бағасы өз алдына бір жүйе құрайтын қанатты сөздерге айналғаны
белгілі. Асан қайғыны данышпан ойшыл ретінде танытатын нақыл сөздері мен
толғаулары арнайы философиялық саралауды қажет ететін құнды рухани
дүниелер. Сөз бен ойдың ғажайып қисындылығы, күллі жаратылыс сипаты, өмір
заңдылығы, тіршілік ағыны Асан толғауларының негізгі философиялық өзегі.
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады [10,9 бет.]– деген жолдар қай заманда да өзінің
көркемдік хәм фәлсапалық мәнін жоғалтпайтын ғажайып сөздер.
Көшпенділердің ерлігі мен өрлігінң образы Доспамбет жырау толғаулары
арқылы көрінсе сол ерлікпен өрлік философиясы бұл жырау мұрасының екінші
тіні, астары іспеттес. Жорық жырауы атанған Доспамбет мұраты – ел қорғау
жолында шахит кешу болса, бұл мұрат орындалған, ел мен жерге деген шек сіз
перзенттік сүйіспеншілік ерлікке бастаған жырау:
Айнала бұлақ, басы тең,
Азаулының Стамбұлдан несі кем.
Азаулының Аймадет ер Доспамбет ағаның
Хан ұлына бәсі жоқ
Би ұлының несі кем?
Алла өзі берген күнінде
Хан ұлынан артық еді несібем.[10,9бет]
Деп ерлікті,ерлік жасар ерді айрықша дәріптейді.
Ерлікті ту етіп көтерген оның жорық жолдары терең мазмұнды толғаумен
бедерленген. Тіпті өмірмен қоштасар сәтте де:
Ер Мамайдың алдында
Шахит кештім өкінбен! [10,10бет.] -деген асқақ ерлікпен көз жұмады.
Жаугершілік заманындағы жауынгер психологиясы ел мен жерді қорғау
идеясы Доспамбет жырларының басты ерекшелігі деуге болады.
Әйгілі Абылай ханның кеңесшісі болған Бұхар жырау XVIII ғасырдағы ірі
мемелекет және қоғам қайраткері, көрнекті жырау ретінде мәдениетіміздің
тарихынан орын алды. Жырау толғауларынан тарихи оқиғалармен қатар
философиялық мәні терең адам мен заман, жаратылыс, өмір өткіншілігі туралы
тұжырымдар молынан көрінеді. Бұхар жырау фәнидің өткіншілігін, табиғаттың
өзгермелілігін тереңнен толғайды.
Айналасын жер жұтқан
Айды батпан демеңіз
Айнала ішсе таусылмас
Көл суалмас демеңіз
...Құландар ойнар қу тақыр
Қурай бітпес демеңіз,[10,10-11 беттер.]
Деген жолдар жыраудың табиғат құбылыстары мен күнделікті өмірден
түйгендерінен шығарған философиялық, қорытындысы.
Жыраудың мұсылмандық ілімді барынша терең меңгергені:
Ей, айташы, Алланы айл,
Аты жақсы Құдайды айт
Төрт шадияр Мұстафа
Мұсқап ашқан ғаламды айт
Тәңірім сөзі бұрқанды айт,
Кәлим Алла - Құранды айт,
Тәңірім салса аузыңа
Хан жолдасың иманды айт! [10,11бет.]
Немесе
Дін пұсырман болмаса,
Тіл пұсырман не пайда?[10,11 бет.]
Деген толғанысынан барынша анық көрінеді.
Жыраулар дүниетанымында дүниені жаратушы күш – Алла:
Жаратып он сегіз мың ғалам етті,
Бірісін ғылым, бірісін надан етті
Жаратып жын – періні от пен судан
Жаратып топырақтан адам етті.[10,12бет.]
Деген Шал ақын өлеңіндегі таным жыраулар поэзиясында тұрақты түрде
айтылған мәселе. Шал ақыннан біраз бұрын ғұмыр кешкен Шалкиіз жырауда бұл
таным былайша өрнектелген:
Еділден аққан сызашық.
Біз көргенде тебінгі ге жетер – жетпес су еді, -
Телегейдей сайқалтып,
Жарқыраған беренді
Теңіз етсе Тәңірі етті,
Жағасына қыршын біткен тал еді, -
Жапырағын жайқалтып
Терек етсе, Тәңірі етті! [10,12бет.]
Алла Тағала адамды топырақтан жаратты, орл адамға жан мен бірге тіл
берді.Жан мен тілді қатар қою туралы ақын – жыраулар тілге үлкен
философиялық мән жүктейді. Сөйтіп, поэтикалық тілде ғаламның бейнесін
қалыптастырды. Дүниенің рухани тірегі жан, сөз бен тіл болса, заттық
тірегі аспан мен жер, ай мен күн, жарық нұр, күллі табиғат, ел деп таныды.
Олар үшін дүние кең шексіз. Осы таным түсініктерін толғау тілімен
тұжырымдады.
Ала пендесін ажалды етіп жаратты. Бұйрықты күн болғанда кеудедегі
қонақ жан өзінің, мәңгілік тұрағы – бақиға аттанады. Ақын – жыраулардың
поэтикалық ұғымында жан – Алланың аманаты. XIX ғасырда өмір сүрген
Кемпірбай ақынның Әсетпен қоштасу жырындағы Алланың аманатын берем білем
деуінің, Нұрым ақынның Бұл дүниеге келген жан, Бір Құдайдың мүлкі-
ді[10.13бет.] деп толғауының сыры осында. Жыраулар толғауларының
поэтикалық құрылымында өлім концептісі ұшып кеткен рух, кеудені тастап
кеткен шыбын жан, ажал оғының тиюі, ұша бару, фәниден көшу сияқты бейнелі
тіркестермен түзіледі.
Кеудеден шыбын жан
Шырқыраумен ол шығар,[10,13 бет.] - деген Ізбас ақын сол шыбын жанның
ажалдың айбатын көріп қорқатынында жыр етеді.
Шынайы адам болмысын сөз еткенде жыраулар ең алдымен жақсы,
жаман деген адамгершілік өлшемдер аясында ой қозғайды.
Жақсының жақсылығы сол болар –
Жаманменен бас қосып,
Сөйлемекке ар етер,
Жаманның жамандығы сол болар –
Сөйлесе, дәйім бетін қара етер, -
Деген Доспамбет жырау;
Жаманмен жолдас болсаңыз,
Көрінгенге күлкі етер
Жақсымен жолдас болсаңыз,
Айырылмасқа серт етер [10,14 бет.]
деген Бұхар жыраулар шынайы адамның бірінші сипаты – жақсы болуы деп
пайымдап, жақсы болуды адамгершілік, адалдық, тереңдік, ақылдылық,
имандылық, жан тазалығы сияқты қаситеттерден іздейді. Бұл күллі ақын –
жыраулар поэтикасында тұрақты түрде жырланатын тақырып.
Қазақтардың ұлттық танымында төрткүл дүние, жеті қат көк, жеті қат
жер түрінде қабылданатын кеңістіктің кіші бөлшегі – ата мекен, ата қоныс.
Ата бабадан мұра болып қалған жер – қасиетті де құтты қоныс. Жыраулар
дүниетанымындағы ата мекен ерекше шабытпен жырланып, оның қасиет
киесіне басты назар аударылады. Қазтуғанның әйгілі Алаң да алаң, алаң
жұрт толғауы осының мысалы. Данышпан жырау Асан қайғының Желмая мініп,
жер шалып, Жерұйықты іздеуінің өзі халыққа құт әкелер, бейбіт ғұмыр
сыйлар қасиетті мекенге қоныстандыруды мұрат еткені. Ел бірлігі мен
тыныштығы жердің құттылығы мен тікелей байланысты деп түсінген жыраулар
өз толғауларында ата мекен турасында толғамды ой қозғап, мәнді
философиялық тұжырымдар жасады.
Дүниені тануда ақын- жыраулардың өзіндік танымы мен көзқарасы бар.
Олар жүйелі түрде жыр толғауларынан көрініс тапты. Жыраулардың поэтикалық
әлемі бейнелі де көркем сөздердің, немесе бай да құнарлы тілдің тұтастығы
ғана емес, сондай – ақ халықтық дүниетанымның, ұлттық философиямыздың
құнды игіліктерін жинақтаған рухани қазына. Ұлттық рухани мәдениетіміздің
ірі тұлғалары болған ақын-жыраулар ұлттық поэзиямыздың дамуына зор үлес
қосты.
Жыраулардың соңына ала рухани өмірдің жүгін көтере келген ақындар
поэзиясы да белгілі дәрежеде өмір мен, жақсылық пен жамандық, жаратылыс
туралы ұғымдарды пайымдаған поэтикалық құнды дүниелер ретінде рухани
қазынамызды байытты.
Осындай рухани қазынамызды байытқан Ұлы Тұлға, Ұлы Ақын, XIX ғасырда
өмір сүрген, қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев.
Ұлы Абайды Қазақтың бас ақыны деп бағалап, алғашқылапрдың бірі
болып, оның ақындық зор тұлғасын дәл сипаттап, әдеьиет, мәдениет пен
қоғамдық ой-санамыздың дамуындағы орасан зор маңызын тұжырыымды түрде
айқындап берген А.Байтұрсыновтың осы бір нұсқалы сөзін есте тұта отырып
айту парыз деп ойлаймыз. Бұл бүгінгіге дейінгі өрістетіліп, кеңетліп, әр
түрлі бағытта нақтылай айтылып келе жатқан сан алуан пікірлердің тірегі,
алғашқы түйіні, асыл ұрық-дәні, ақиқат түйірі деуге лайық, өйткені ол- жәй
әншейін әлде қалай айтыла салмай, әбден барлап, ойлап, тереңіне бойлап,
байыбына барып, мәнісін жете аңғарып айтылған түйінді ой-тұжырым.
Абайдың атын әлемге әйгілеп, өзінің ғылыми зерттеулерімен де, атақты
Абай жолы дәуірнамасымен де абайтануды үлкен сара жолға салған М.
Әуезовте жаңаша ой толғап, соны шешімдер іздегенде А.Байтұрсыновпен
:Ә.Бөкейхановтың пікірлерін үнемі тірек еткені ешбір дау туғызбайды.
А.Байтұсынов Абайды бас ақын деп жоғары бағалап қастерлеген де ... ..
Абай-ұлы ойшыл, ғұлама, өзгеден мойыны озық философ. Абайды хакім деу
де орынды. Ол сөзді Абай өзі де қолданған. Абайды хакім деп Мағжан да бір
өлеңінде айтатын бар. Хақым деген сөз тілімізде жылдар бойы аз қолданылып,
мағынасы көнергендей болып келі де, қазір жаңғырып қайта жанданды. Алайда
Мағжан Абайды Шын хакім, сөзің асыл, баға жетпес деп сиппаттағанда оның
ойшылдығын, данелығын ақындығынан бөліп айтпаған. Абай -алдымен ақын,
қазақтың бас ақыны. Оны ақын деп ауыз толтырып айтуымыз керек.
Көне заманда Аристотель де нағыз поэзияның философиялық, дүние-
танымдық сипат-қасиеті ерекше қуатты болатынын, тіпті қайсібір зерттеу
еңбектерідегіден де, мысалы, тарихи шолулардан да артық, жоғары тұратынын
атап айтқан болатын. Ғұлама ғалым Аристотель поэзия дегенді жалпы сөз
өнері, әдебиет деп кең мағынасында алған. Осындай мағынада алсақ, қазақ
поэзиясының, халықтық сөз өнер үлгіоерінің, ақын – жыраулардың толғау,
терсме, жыр өлеңдерінің философиялық мәні әр кезде өте күшті болғаны
талассыз. Қазақ халының, көптеген шығыс елдерінің мәдениет тарихына көз
салсақ, философиялық ойдың, дүние- болмыс, өмір-тұрмыс жайындағы үлкен
топшылаулардың, мағыналы толғансытардың салмағы көбіне-көп поэзияды, ауызша
әдебиетте жатқанын байқаймыз. Шығыс халықтарының қайсы бірін айтсақ та,
поэзия мен философия, этика, адам тану мен Алланы тану жалғас келетіні
аңғакрылады. Сондықтан әдебиет пен өнердің, ғылымның, оынң әр салаларның
соның ішінде нақтылы өз мағынасында айтылатын философияның ара –жіктері
ажырап кеткен кейінгі, бүгінгі ұғым бойынша, әрине, ақын деген бір нәрседе,
ойшыл ғұлама, дана деген басқа нәрсе көрінетіні түсінікті. Ал Абайдың
ақындығы мен ойшылдығын, данагөйлігін ажырату оңйға түспейді, әр қырынан
қарастыру үшін ажыратып көргеннің өзінде, бөліп алып айтуға кейде ыңғайы
келсе, көбінесе оның өзі ұтымды болып шықпайды.
Абай – ұлы ақын, Абай – дара ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім лирикасы
Күләш Ахметованың лирикасындағы стиль және бейнелік мәселесі
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗДЫҚ САРЫНЫ
Г.Салықбаева лирикасындағы дәстүр жалғастығы
Айжарық Абылқасымов лирикасындағы ұлттық характер
К.Ахметованың шығармашылық өмірбаяны
Күләш Ахметованың поэзиясы мен поэтикасы
КҮЛӘШ АХМЕТОВА ӘЛЕМІ ЖӘНЕ ПОЭЗИЯ
Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы символизм
Шәкәрім өлеңдеріндегі тұлға мәселесінің дәстүрлік негіздері
Пәндер