Қазақ халқының дәстүрлі қолөнер бұйымдарындағы ерлер қолөнері


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

АРХЕОЛОГИЯ, ЭТНОЛОГИЯ ЖӘНЕ МУЗЕОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Курстық жұмыс

Қазақ халқының дәстүрлі қолөнер бұйымдарындағы ерлер қолөнері

Орындаған:

1 курс магистаранты Даулетова Б. Е.

Ғылыми жетекші

т. ғ. к., доцент Тургумбаев Е. М.

Кафедра меңгерушісі,

т. ғ. д., профессор Қалыш А. Б.

Алматы 2012ж

Мазмұны

Кіріспе

I ТАРАУ. ЕРЛЕР ҚОЛӨНЕРІ

  1. Қазақтың дәстүрлі қолөнеріндегі ағаш өңдеу технологиясы

1. 2 Қазақ қолөнеріндегі аң терілері мен мал терілерінен жасалған бұйымдарды өңдеу.

1. 3 Зергерлік ұсталық өнері

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .

Қосымшалар . . .

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Ерте заманда ата-бабаларымыз табиғат мінезі мен жемісін, өнегесі мен өрнегін өте жақсы түсіне білген және өздерін қоршаған ортаға бейімделіп еңбек еткен, өмірін құрған. Бұл ретте қазақтардың да, жер бетіндегі басқа халықтар сияқты табиғаттан үнемі үйреніп отырғандығын, сонымен бірге, оның ыңғайына үнемі бейімделе бермей, өмір қиындықтарын жеңе де білгендігін атап айтқан жөн. Қазақ табиғаттың ыстығы мен суығына күйіп те, тоңа да білді. Ондай сындардан парасаттылықпен өте білді. Осылайша, қоршаған ортамен үндесе білу адамдарды өмір сүруге үйретті. Бұл үндесу, жаңаша өмірге бейімделу олардың дүниені тануына бастау болды. Сөйтіп, адам ілгері дамыды, үнемі өсу жолында жүрді. Қазақы әлем табиғатты өзінше түсінді және соған орай өзінше әрекет етті, өзінше пайымдаулар жасады. Курстық жұмыстың өзектілігі аталмыш тақырыптың мәнін ашу және оны пайдалану аясын кеңейту. Сонымен қатар ұмыт қалған бабалар дәстүрін мирас қып қалдыру үшін жағдайлар жасау.

Курстық жұмыстың мақсаты :

  • Қазақ халқының салт-дәстүрінде аса үлкен орын алатын-қазақ қолөнерінін, қазақ мәдениетінің бір тармағы ретінде қарастыра отырып, қолөнер саласындағы ашылмай келе жатқан қырларын ашу, зерттелмей жатқан дүниелерді зерттеу және олардың қыр-сырына терең мән беру.
  • Қолөнеріміз қазақ халқының тарихының құрамдас бөлігі ретінде, қазақ мәдениетінің зерттелуіне үлкен үлес қосу.
  • Ұлттық қолөнеріміздің қоғаммен, халық санасымен психологиясымен, тарихымен байланыстылығына көз жеткізу.
  • Дәстүрлі мәдениетімізді зерттей отырып жас ұрпақты ұлттық дәстүрде тәрбиелеу.

Курстық жұмыстың міндеттері. Тақырыптың негізгі мақсатына сай мына төмендегідей міндеттер орындау көзделеді.

  • Қолөнер бұйымдарының жасалу технологиясының негізгі ерекшеліктері мен түрлерін зерттеп зерделеу.
  • Қолөнер бұйымдарының қолданылатын орнын, әдет-ғұрпын, семантика және интерпретация мәселелерін анықтау.
  • Қазақстаннан басқа да шет елдердегі қазақтардың қолөнеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарын зерттеу.
  • Сонымен қатар қазақ қолөнерінің шет елдегі жәдігерлерін анықтау, олардың біздің ұлттық өнерімізге деген ықыласы.

Қазақ халқының көне дәуірден өшпес мұрасы болып, ұрпақтан - ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, өзіндік тарихымен, әдет - ғұрпымен, сәндік, көркемдік жолымен, көшпенді елімізді бүкіл әлемге өзінің ерекшелігімен таныта білген - қолөнері.

Қасиетті қазақ халқының қолөнерінің тарихы тым тереңде. Ол кең байтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ тәрізді көне түркі тайпаларының мәдениетінен арқау алады. Және де оған Оңтүстік - Сібір, Орта Азия мен Ресей халықтарының да мәдениеті өз әсерін тигізген. Археологиялық қазбалар мен жазба ескерткіштерге арқа сүйесек, Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар жүздеген жылдар бойы металл, тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн, тағы басқа да шикізаттарды шаруашылық кәсіптері мен күнделікті тұрмыс қажетіне жарап, қол өнердің өз ұлтына тән ерекше көркем түрлерін қалыптастырған. Қазақстан жеріндегі қолөнердің көне заманнан келе жатқанына нақты айғақтар: Павлодар өңіріндегі Досыбай жартасынан табылған бейнелер, Өскемендегі жазбалар мен Ұлытау жартасындағы суреттер, Кригельді өзені аңғарынан табылған керамикалық қазындылар. Қазақ халқының қолөнері ерте кезден ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Геродот тіпті былай деп жазып қалдырған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан істелген. Бас киімдері мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай-ақ, ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы, ауыздығы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріліп, безендірілген». Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массагеттердің барлық заттардың әшекейленіп, киімдердің өзіне тән үлгісі барын айтады. Қазақ халқының қолөнері туралы Ресей ғалымдары да сүйсіне әңгімелейді. Мысалы М. А. Леваневский: «қазақтың қандай кәсіпке болмасын, табиғаттан қабілеттігіне сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды. Қазақтың тіккен аяқ киімдері өте берік, киюге ыңғайлы» - деп жазады. Ал енді қазақтың ұлттық қолөнерінің таңғажайып туындысы - киіз үй орта ғасыр саяхатшылары Марко Полоны (1230), Плано Карпиниді (1246), Клавихоны (1403), Барбораны (1436), қатты таң қалдырып, олардың тарихи жазбаларынан орын алғаны - біз үшін үлкен мақтаныш. Ғылыми деректер бойынша Қазақстан жерінде қолөнер кәсібі бұдан екі жарым мың жыл бұрын түрлі тайпалардың творчествасы арқылы байқап, ұрпақтан-ұрпаққа мәдени мұра болып қалып келеді. Ізденуші ретінде сол асыл мұраларымызды жандандыра түссек, соған титтей де болса көмегіміз тисе бұл әрине қуантарлық жағдай. Атақты батырымыз Бауыржан Момышұлы бір сөзінде былай деген екен: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам. Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әже, әке жоқ» деп зиялы азамат кезінде мұңайған екен. Қазіргі кезде өз өнерін баласына, қызына үйретіп, кілем тоқып, ұршық үйірумен айнылысып отыратын апалар, әжелер азайған тәрізді. Сондықтан баланы қолөнерге баулу және оны қызықтыру үшін ең алдымен оған үлгі алатындай жағдай туғызып, қазақ қолөнерінің әсемдік құпиясын ашып көрсету қажет. [1]

Курстық жұмыстың тарихнамасы: XVIII - XIX ғасырлардағы қазақтың тұрмыс - салты мен мінез-құлқы, шаруашылық әдісі, қолөнер бұйымдарының жасалу технологиясы, материалы жайлы біршама құнды пікірлерді ресейлік зерттеушілер И. Г. Георги, П. С. Паллас, А. И. Левшин, И. Казанцев т. б. еңбектерінде айтылған. Ә. Х. Марғұлан халықтың қолөнеріне арналған үштомдық «Казахское народное прикладное искусство» еңбегін жазу барысында республика көлемінде көптеген музейлер қорында жұмыс жасап, этнографиялық ерекше құнды экспонаттарды суретке түсірді.

Халықтың тарихы, мәдениеті, дүниетанымы, сондай-ақ саяси-әлеуметтік құрылымы, ондағы тіршілік ағымы біртұтас дүние екенін терең түсінген Ә. Марғұлан оның қолөнерін зерттегенде осы тұтастықты негізге алған. Қазақ қолөнерінің дамуы мен қалыптасуы, экономикалық құрылымы, шикізат байлығы, сауда-саттық, мәдени-этникалық байланыстары, табиғи орта мен ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық, тұрмыстық, шаруашылық ерекшеліктерін жан-жақты қарастырған. Ә. Марғұлан қолөнердің түрлі үлгілерін, өзі жинастырған, сондай-ақ Ресей және Қазақстан музейлері қорында сақталған материалдарды жүйеге келтіріп, суреттеген. Қазақы киімді - көненің көзі, ескерткіш ретінде болашаққа жеткізу қажеттігін терең түсінген ғалым осы тақырыптағы зерттеулерге ерекше көңіл бөлген. Ө. Жәнібеков қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, ана тілінің, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына елеулі үлес қосты. Жәнібековтің бастамасымен Қазақстанның көптеген қалаларында этнографиялық мұражайлар ашылды, Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау мен қалпына келтіру мақсатын көздеген. «Қазақтың ұлттық қолөнері» (1982 ж), «Қазақ киімі»” (1996 ж) және т. б. еңбектерін зерттеу нысынының көзі болып табылады.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден бір тарау мен үш тақырыпша және қорытынды, сілтемелермен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I ТАРАУ. ЕРЛЕР ҚОЛӨНЕРІ

Этнология ғылымындағы мазмұнды элементтердің бірі болып табылатын, халық мәдениетінің бір тармағы-қолөнер. Қолөнер-біздің негізгі зерттеу обьектіміз болып отыр. Материалдық мәдениеттің қалыптасуы, халықтың әлеуметтік құрылымына, шаруашылығына және географиялық орналасу аймағымен тығыз байланысты екендігіне теориялық және практикалық құрылымдылықпен көз жеткізік. Сонымен қатар осы мәдениеттің дамуында этникалық процестер елеулі роль атқарып, ұлттың дамуына, санасына, психологиясына әсер ететінін айтпасақта белгілі. Жұмыстың қарастырылып отырған бірінші тарауы "Ерлер қолөнері" деп аталады. Ерлер қолөнері еңбек бөлінісіне, сипатына қарай "ағаш өңдеу", "ершілік", "теріші", "зергерлік, ұсталық", "сүйек және тас өңдеу" деген тараушаларға бөлінеді. Бұл тарауымызда қолөнердің ерлердің айналысатын салаларынан хабар беру, шеберлер жасайтын заттардың жасалу технологиясын, қолданылатын шикізат көздерін анықтап, құрал-саймандарына сипаттама беріледі. Осы мақсатта жоғарғыдағы айтылған мәселелрді тереңірек зерттеуге тырысып, солардың тарихы мен болашағынан өзімізге де құнды материалдарды артарымызға сеніміміз мол. Жалпы "ерлер қолөнері" жайлы айтарымыз өте көп. Олардың қолдарынан шыққан әсем де әдемі бұйымдар еліміздің ғана емес дүниенің түкпір-түкпірінен келген саяхатшы, ғалым, сондай-ақ көптеген шет ел азаматтары қызыға қарап өз елдеріне сыйлық ретінде алып кететіндігі жайлы да айтуға болады. Бірақ бұрынғымен салыстырғанда елімізде "ұста", "зергер", "шебер" секілді азаматтарымыздың саны ащщы болса да азайғаны рас. Оның себебі өте көп.

  • Біріншіден: әлемнің көптеген дамыған елдерінде көрініс тауып келе жатқан жаһандану процессі бізді сырт айналып кете алмады, өзінің оңды және солды жақтарын бізге де тигізіп жатыр. Соның әсерінен біз рухани кемелденіп мәдени байлығымыздан айырылар жолында тұрмыз десек те қателескеніміз емес шығар. Барлығы автоматтандырылған кезеңде бізге "ұста", "зергер", "шебер" секілділерімізді қоғам аса қатты керек ете қоймады.
  • Екіншіден: байлыққа мастанған немесе әлеуметтік топтың жоғарғы өкілдері бұндай дүниелерге аса көп қызығушылық таныта бермейді. Оларға біздің қолдан жасаған өнерімізден гөрі шет елге саяхат жасап қызық қуған әлде қайда жақсырақ. Қызығушылық танытатын көбіне төменгі топ өкілдері мен ауыл тұрғындары. Олардың тұрмыс қажеттіліген байланысты олар қолдан жасауға машықтанған.

Жоғарыда айтқан мақсаттарымызға жету үшін көптеген ғалымдардың ғылыми еңбектері мен пікірлеріне сүйендік. Сондай-ақ әр қазақ шаңырағынан жинаған материалдар негізгі дерек көзі болып табылады.

1. 1 Қазақтың дәстүрлі қолөнеріндегі ағаш өңдеу технологиясы

Халқымыздың өмір-тіршілігінде ағаштан жасалатын бұйымдар өте кең таралған. Сонымен бірге, қазақтың тұрмыстық тұтынуындағы бүтін аспаптың түгелдерлігінің заты ағаш. Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап өскен заманында біздің күнделікті өмірімізде ағаштың алатын орны зор, маңызды материал. Сіріңкенің бір тал шырпысынан бастап, ұлан-байтақ жеріміздің шартарабында жүріп жатқан құрылыстарда ағашсыз ақсап қалары бізге мәлім.

Ғасырдан ғасырға созылып келе жатқан ағаш бұйымдарын өңдеу, жасау, ең жиі қолданатын кәсібі ретінде көне өнерге жатады. Себебі, ертеде қазақтың баспанасы киіз үйінен бастап, қарапайым қасығына дейін ағаштан жасалып отырған. Неге десеңіз, ағаш бұйымдар ыңғайлы, пайдалануға тиімді, сонымен бірге ол тұрмыстық зат есебінде ғана емес, сән үшін де қолданылып, биік өнер дәрежесіне жеткізілген. «Алтынмен аптап, күміспен қаптап» дегендей, әр әулеттің жағдайына қарай зерлеп, әшекейлеп жасалған дүниені тұтынып келген. Ерте кездері бұл өнердің иесін ұста, он саусағынан өнер тамған шебер деп құрмет тұтқан. Қазіргі күні бұл кәсіп қолданбалы сәндік өнер деп айтылады.

Әсілі, бағзы заманда темір ыдыстардың қат кезінде даладағы малшы алдындағы қойын сауып жіберіп, отқа тасты қыздырып, ағаш тостағандағы сүтке қызып тұрған тасты салып жіберіп пісіреді екен. Мұны «қорықтық» болмаса «тас қорық» деп атаған. Қазақтың ет тартатын астау-табағы, құрт езетін астауы, сүт, қымыз құятын шарасы, шөміш, саптыаяқ секілді барлық ыдыс-аяғы ағаштан жасалған. Оның ішінде сыйлы, қадірлі қонағына ұсынатын ыдыс-аяқтың жөні тіптен бөлек. Кейінгі кездері ел ішінде осы дәстүрді ұстанатын отбасылардың қатары көбейіп, ағаш бұйымдарды күнделікті тұрмысына қолдана бастады. Қазір қазақтың өз өнерін, байлығын өзіне көрсететін заман.

Дегенмен, ағаш бұйымдары табиғи зат болғаннан кейін таза ұстап, орнымен қолдансаңыз ұзақ жылға шыдас береді. Ата-бабаларымыз ағаштың түрін, жай-күйін өте жақсы білген. Сондықтан, ыдыс-аяқты көбінесе ағаштың безінен, қатты жерінен жасап отырған. Ағаш ыдыс жарылып кетпеуі үшін оны майлап, май сіңіру керек. Сонда оның ішіне су сіңбейді. Екінші әдіс - оны құрсаулау. Күбінің, үлкен шара ыдыстың сыртын темірмен құрсаулап тастайды. Бұл да жарылып кетпеуден сақтайды және ыдыстың сырты, түбі әр затқа соғылып мүжіліп кетпесін дегеннен туған. Ағаш ұсталарының өздерінің арнайы құрал-сайманы бар. Олар ағаш шабатын шот, қашаудың түр-түрі, ыңғыру, үскі секілді құралдар. Бұрынғы уақытта ағашты иіу, жұмсартудың тәсілдері болған, ағаш шеберлері ағаштың ерекшеліктерін, әр ағашқа тән қасиеттерін жете білуі шарт. Олар ағаштың: қаттылығы, салмағы, тығыздығы, иілгіштігі, серпімділігі, түсі, дәмі, тұтұарлығы, жарылғыштығы, шайырлығы, дыбыс өткізгіштігі т. б. Көбіне музыка аспаптарын жасағанда осы дыбыс өткізгіштік қасиеті жоғары ағаштан жасайды. Бұл ағаштарды шеберлер тілімен айтқанда «шешен ағаштар» деп атайды. Ағаштардың ішінде ең шешені шеберлердің пікірінше «қарағай» деп саналады. Қарағайдан домбыраны тұтас шауып та жасайды немесе басқа ағаштан шауып жасалған болса да домбыраның қақпағын міндетті түрде қарағайдан жасаған. Шеберлер көп жылдық еңбектерінің нәтижесінде қарағайдың тербелу арқылы дыбыс шығару қабілеті өте жоғары екендігін дөп басып айтқан. Көбіне домбыра жасау үшін шебер «ұрғашы қарағайды» таңдап алады. «Ұрғашы қарағай» дегеніміз таудың теріскей беткейіне өскен қарағай діңінің солтүстік бағыттағы жартысында бұтақ болмайды, жылдық сақиналары жиі, әрі шайыры аз болғандықтан дыбыс шығару қасиеті жоғары болады.

Жалпы ағаштан жасалатын бұйымдар баршамызға белгілі оны жоғарыда да атап өттім, яғни тырнақ алды заттардан бастап үлкен көлемдегі бұйымдарға дейін ағаштан жасалынады. Енді бұйымдарды қайталағаннан гөрі ағаш түрлері мен олардың жөн-жосығы жөнінде айтар болсақ.

Бір жыл тұт еккен кісі

Жүз жыл гауһар терер, Тұт еккенің құт еккенің демекші - тұт ағашының сырына тоқталар болсақ: Тұт ағашы негізінде жібек құртын өсіруге пайдаланады. Орта Азияның шеберлері музыка аспаптарын әзірлеуге ең тиімді ағаш ретінде тұт ағашын өте жоғары бағалайды. Одан музыка аспаптарын шауып та, құрап та жасауға болады. Дыбыс жаңғырту қасиеті өте жоғары болады.

Үйеңкі -қатты әрі тығыз ағаш. Сүрегі біртекті ақ сарғыш түсті болып келеді. Үйеңкі Кавказда, Карпат тауларында, Қазақстанның таулы аймақтарында көптеп кездеседі. Музыка аспаптарын жасауда қолайлы ағаштардың бірі болып табылады.

Емен -өте қатты, тығыз, берік ағаш. Ағаш сүрегінің түсі сарғыш қоңыр болып келеді. Емен ағашынан бұйымдар жасағанда өте абай болу керек. Себебі емен өте жарылғыш келеді, сақтықпен кептірмесе өзегін қуалай шытынап, жарылып кетеді. Еменнен жасалған музыка аспапбы өте әдемі болады, ұстала келе табиғи өрнектері ашылып, жылтырай береді.

Атақты адамзатқа қайың едім,

Жаратса не керекке дайын едім деп Жолдекей ақын жырлағандай қайың -сүрегі біркелкі ақ түсті, қатты ағаш. Қайыңның безінен жасалған бұйым әдемілігімен, беріктілігімен ұтымды. Ол күнге қаңсымайды, ыстық-суыққа төзімді болады. Қайыңның тозын музыка аспаптарына қап жасау үшін пайдаланылады.

Қолға алса терек қобыз бақсы болар,

Домбыра істеуге де жақсы болар- дегендей,

Терек - ақ түсті жұмсақ ағаш. Бабымен кепкен терек көп жарылмайды, кепкен сайын киізденіп қатая түседі. Теректі зімпарамен (наждак) өңдесе түгі шығып тұрады. Сондықтан шеберлер теректен бұйым жасағанда өткір құрал-сайманмен өңдеп қана қояды. Сонымен қатар тал ағашы және жеміс ағаштарын да қосуымызға болады. Жалпы тал өзі өте иілгіш келетін ағаш, көбіне музыкалық аспаптар немесе басқада иін болып келетін жерлерде қолданылады. Ал жеміс ағаштарынан кез-келген бұйымдар жасауға жарамды. Жеміс ағаштарына ортақ сипат- қатты, тығыз сонымен қатар жылтыр болып келеді. [2. 25-55б]

Шебердің сыры - ең алдымен шебер ағашты таңдау, дайындау, сақтау сияқты шараларды дұрыс меңгеру қажет. Су ағашын бабымен кептіру үлкен жауапкершілікті жүктейді. Ол үшін ағаштың қабығын аршып, құрғақ лапастың астына ағаштың жуан жағын жоғары қарата тігіннен тұрғызып қойып кептіреді. Көлденең кесіндісіне сыр (лак) жағып кесілген жерінен бір-екі елідей шегіне сым темірмен буып, бұрап қойғаны дұрыс. Егер күн көзі ағашқа тура түссе ағаш жарылып, жарамсыз болып қалуы мүмкін, сондықтан ағаштың өн бойын сиырдың жапасымен сылап көлеңке жерде кептірген жөн. Сонымен қатар қабығы аршылған ағашты көңнің арасына көміп қойып кептіру, құрғақ құм, топырақ, ағаш үгіндісі мен құрғақ жапырақпен жауып қойып кептіру әдісіде бар. Шеберлердің пікірінше ағаш неғұрлым ұзақ жақсы кепсе, соғұрлым оның сапасы да жоғары болады деп есептеген. Жаһанданған қазіргі біздің заманымызда ағаштарды арнаулы ыстық ауамен немесе пештің қызуымен кептіретін өндірістік технологиялар пайдаланылуда.

Ағаш өңдеуде қолданылатын құрал- жабдықтар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатырған ұлттық оюлары
«Ұлттық ырғақтар» композициясында ою-өрнектерді тиімді қолдану әдістері
Қазақ халқының қолөнері
Қазақ халқының қолөнерінің даму жолы
Бүгінгі күннің талабына сай сәндік - қолданбалы өнер түрлері сан алуан
Қазақ ою - өрнегі мәдениеті
Қолөнер атауларының семантикасы
Космогониялық өрнек
Жеткіншектердің эстетикалық талғамы
Қазақ тіліндегі әйел қолөнеріне байланысты халықтық лексиканың этнолингвистикалық сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz