Егемендік және Тәуелсіздік


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 ЕГЕМЕНДІК ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҰҒЫМЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ. . . . 6
1. 1 Егемендік ұғымы және оның белгілері . . . 6
1. 2 Тәуелсіздік ұғымы және оның белгілері . . . 9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕГЕМЕНДІ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ . . . 15
2. 1 Егемендік пен тәуелсіздіктің тарихи кезеңдері . . . 15
2. 2 Қазақстан Республикасының тәуелсіздігің және егемендігің айқындайтын нормативтік актілер . . . 31
3 ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДАМУЫНДАҒЫ ОРНЫ. . . . 35
3. 1 Тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуының негізгі бағыттарының бірі - демократиялық жол . . . 35
3. 2 Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет құруда жеткен жетістігі . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 59
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: ҚР Конституциясы 2-ші бабында айтылғандай, өзге бір мемлекеттен тәуелсіз, өз бетінше билік жүргізетін мемлекетті айтады. Мемлекет суверенитетінің тағы бір белгісі - мемлекеттік биліктің үстем болуы, ел бірлігі және тәуелсіздігі.
Конституцияның 91-бабында бекітілгендей, мемлекеттің біртұтастығы мен территорясының бөлінбестігі, биліктің басқару тұрпаты өзгертілуі мүмкін емес. Мемлекеттік тіл - бұл заң шығарушылық істерінде және ресми ісжүргізуде қолданылатын мемлекеттің негізгі тілі.
«ҚР Конституциясының 7-ші бабына сәйкес ҚР-да мемлекеттік тіл - қазақ тілі болып табылады. Қазақ тілімен бірдей мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі де қолданылады. Сонымен бірге Мемлекет Қазақстан халықтарының өсіп-өркендеуіне, үйренуіне қамқорлық жасайды. ҚР Конституциялық құқықтың мәртебесінің негізгі элементі ретінде оның шетелдермен халықаралық қатынас жасау құқығы аталады. ҚР тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық және мемлекетаралық келісім-шарттар жасайды, халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады, ұжымдық қауіпсіздік пен аймақтық одақтарға мүше бола алады. ҚР міне осы қадамдарға негіз болатын барлық құқықтық субъектілерге ие» [1] .
Қазақ атамыз айтқандай, «Ел болам десең - бесігіңді түзе» демекші: Тәулсіз, егеменді ел боламыз десек ұрпағымызды отанға деген сүйіспеншілікке баулуымыз абзал.
ҚР Конституциялық мәртебесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде оның мемлекеттік рәміздері - туы, елтаңбасы, ән ұраны, есептеледі. Оларда ел тәуелсіздігі, мемлекет астанасы Астана бейнеленді.
Қазіргі қоғамымыздың әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, рухани өміріндегі өзгерістер адамгершілік құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі қайта қарастыруды қажет етеді. Әсіресе әлемдік деңгейде тәуелсіз Қазақстан Ресупбликасының қарым-қатынас мәселелерінің шиеленісіп отырған шағында адамның адамға қатынасын ізгілендіріп, жоғары мәдениеттілік деңгейіне көтеру қажеттігі айқындала түсуде. Қазеқстан Республикасының «Білім туралы» заңында « . . . жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы, экономикалық дамуы және кәсіби жетілуі үшін жағдайлар жасау» атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет. Оның өз тәуелсіздігіне қол жеткізген күні 1991 жылғы 16 желтоқсан. Осы кезеңге дейін де бұл мекенде талай мемлекеттер шаңырақ көтеріп, өркендегенін, кейін тарих сахнасынан біржола сөнген оттай болғанын біз білеміз.
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматтары үшін, оның саяси - әлеуметтік дамуы үшін еліміздің территориясында өмір сүрген түрлі мемлекеттер мен олардың құқықтық жүйелерінің ерекшеліктерін оқып үйренудің маңызы үлкен. Осы орайда Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиатының бастауларын түсінгеніміз жөн», деуінің мәні ерекше.
Қазақстан жерінде бұған дейін өмір сүрген мемлекеттік құрылымдардың бүгінгі тәуелсіз республикамызға тікелей қатысы бар. Оларда қазіргі қазақтардың түпкі ата - бабалары өмір сүрді және осы территорияны болашақ ұрпақтары үшін жан - тәнімен қорғап, үлкен өркениетті іздерін қалдырды. Қазақстан жерінде өмір сүрген түрлі мемлекеттер белгілі бір заңдылықтарға сәйкес пайда болып, гүлденіп, сонан соң дағдарысқа ұшырап тарих қойнауынан кетіп отырды. Олардың пайдаға асар тәжірибелері мен сабақ болар үлгілері ұрпақ үшін де қажетті. Осы тұрғыдан алғанда тәуелсзі Қазақстанды құрып жатқан «біздің жасампаз жаңалығымыз тарихи бай тәжірибені тірек ету керек» - деген Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың сөзінің жаны бар екендігі[2] .
Осыны негізге ала отырып, зерттеу жұмысының тақырыбы: «Қазақстан Республикасында егемендік пен тәуелсіздіктің конституциялық -құқықтық негіздері»деп
белгіленді.
Жұмыстың зерттелу деңгейі: Мемлекеттік егемендік және тәуелсіздік ой - пікірлерін тұжырымдайтын заңдар мен нормативтік актілерді жинақтап, олардың Қазақстанның дамуындағы орны мен рөлін айқындап жүйелеу.
Берілген дипломдық жұмыстың жазылу барысында қолданылған шетелдік (ресейлік және батыстық) зерттеушілердің ішінен: Ю. А. Борко, Б. Н. Топорнин, И. В. Лукашук, Г. И. Тункин, М. Торкунова, В. Г. Шемятков, Ю. М. Колосов, Э. С. Кривчиева, С. Ю. Кашкина, Т. С. Хартли, А. А. Окунькова, Л. Делькур.
Қазақстандық зерттеушілердің ішінен келесі азаматтардың еңбектерін атап көрсетуге болады: Л. Б. Нысанбекова, Б. Иришев, М. А. Сарсембаев, М. С. Нәрікбаев , Т. А. Ағдарбеков, К. Тоқаев, Ғ. С. Сапарғалиев, Е. Баянов, Н. А. Назарбаев, Г. Жоламанова, К. Жигалова, А. Қ. Изекенова, А. А. Нурсеитова, Е. Идрисов, Ж. У. Ибрашев, Г. Ш. Жамбатырова, М. Тәжин, А. Х. Арыстанбекова.
Жұмысытың мақсаты мен міндеттері: Қазақстанның дамуындағы мемлекеттік егемендік және тәуелсіздік ой - пікірінің орнын айқындап, алатын рөліне талдау жасау.
- Егемендік ұғымын және оның белгілері ашу;
- Тәуелсіздік ұғымы және оның белгілері анықтау;
- Егемендік пен тәуелсіздіктің тарихи кезеңдерін айқындау;
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін және егемендігін айқындайтын нормативтік актілерді қарастыру;
- Тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуының негізгі бағыттарының бірі болып табылатын демократиялық жолдың нәтижелерін алу;
- Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет құруда жеткен жетістіктеріне хронологиялық ретпен талдау жүргізу.
Зерттеу объектісі : Мемлекеттік егемендік және тәуелсіздік ой - пікірлері. Дипломдық жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде дипломдық жұмысының өзектілігі мен тақырыбы белгіленіп, зерттелу деңгейі, зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері құрылды, сондай - ақ, зерттеу пәні мен зерттеу объектісі және нормативтік базасы айқындалды. Сонымен қатар, кіріспе бөлімі зерттеу жұмысының жаңалығы, оның практикалық құндылығы және жұмыстың көлемі мен құрылымынан тұрады.
«Егемендік және тәуелсіздік ұғымының даму тарихы» деп аталатын зерттеу жұмысының негізгі бөлімінде егемендік және тәуелсіздік ұғымы мен белгілеріне анықтама беріледі. Отандық заңдар мен нормативтік актілер негізінде құқықтық сипаттамасы алынды.
«Қазақстан Республикасы егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде» деп аталатын зерттеу жұмысының екінші бөлімінде егемендік пен тәуелсіздіктің тарихи кезеңдері айқындалып, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін және егемендігін айқындайтын нормативтік актілер қарастырылды.
Ал, «Демократияның Қазақстан Республикасы дамуындағы орны» деп аталатын зерттеу жұмысының үшінші бөлімінде тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуының негізгі бағыттарының бірі болып табылатын демократиялық жолдың нәтижелері аланып, Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет құруда жеткен жетістіктеріне хронологиялық ретпен талдау жүргізілді.
1 ЕГЕМЕНДІК ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҰҒЫМЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ.
1. 1 Егемендік ұғымы және оның белгілері.
Егемендік дегеніміз - мемлекеттің еркін білдіре отырып, ұлттардың өзін - өзі еркін билеу құқығын тани отырып, мемлекет ұлтының тағдыры үшін жауапкершілікті ұғына отырып, демократиялық, құқықтық мемлекет құруды негізге алып, егемендікті жариялау егемендік болып табылады.
Толық, шексіз егемендік, бұл мәселе бүгінгі күні бұрын Қазақстан КСРО одағы құрамында болған, оның егемендігінің айтарлықтай шектелгендігін көрсететін кездегіден мүлдем басқаша қойылуда. Іс жүзінде КСРОдағының егемендігі мен одақтас республикалардың егемендігін біріктірудің қажеттігі көптеген объективті және субъективті себептердің болуына қарай біріншісінің екіншісіне сөзсіз басымдығын білдіреді. Оның үстіне, мемлекеттік орталықтандырудың күшеюіне қарай одақтас республикалардың егемендігі барған сайын формальды бола түсті, оның есесіне КСРОдағының егемендігі бүкіл өмірлік кеңістікті толтырғандай және республикалардың егеменді шексіз құқығын бірінен кейін бірін жалап шексіз кеңейе береді. Одақтас республикалардың егемендігінің шексіздігі туралы бір топ ғалымдардың 60-80 жылдары жасаған қорытындысы да күтпеген оқиға болды. Бұл тезистің дәлелдемесі мынаған саяды: әңгіме республикалардың егемендігн шектеу туралы емес, құқықтары мен өкілеттіліктерін шектеу туралы ғана. Алайда егемендіктің өзі құқықтарымен және өкілеттіктерімен тығыз байланысты емес пе, аталған ғалымдардың айтып отырғанындай, оларды бір бірінен бөліп жіберу егемендікті абстрактылы, өмірімен байланысы жоқ, кез келген мазмұнмен толтыруға болатын ұйымға айналдырады. Бұл орталықтың үстемдігін және республикалардың құқысыздығын ақтаған ыңғайлы ойлау құрылғысы еді, өйткені осыдай жағымсыз құбылыстарға қарамастан, олардың егемендігі бәрібір шексіз деп мойындалады. Республикалар егемендігінің келтіріліп отырған түсіндірмесінің мадақтаушылық (апологеттік) бағыты айқын еді.
КСР Одағының жойылуына байланысты егемендіктің екі деңгейлі коснтрукциясына деген қажеттілік тек федереативті республикаларда (Ресей Федерациясы, сондай-ақ өзінің құрамында автономиясы бар республикалар) ғана сақталады. Федерацияның егемендігі мен автономияның егемендігі нақтылы қалай үйлесім табатынын келешек көрсетеді. Әзірге бұл мәселелер төңірегінде қызу тартыс жүріп жатыр, оның немен аяқталатыны белгісіз. Централистік бағыт жеңе ме әлде ортадан тепкіш күш иелері мақсатына жете ме, бұдан аталған мемлекеттердің егемендігінің проблемасының шешілуі көп байланысты[3] .
Бұрынғы КСР Одағының унитарлық республикаларына келетін болсақ (олардың қатарына Қазақстан да жатады), енді оларға үйлестірілген егемендіктің екі деңгейлі құрылымының қажетті болмай қалды: себебі Қазақстанның ТМД құрамына енуі республиканың егеменді шексіз құқығын шектеумен байланысты емес қой. Қазақстанның егемендігін шектеуге себепші болатын факторлар жойылды. Егемендік толық сақталып қалды. Республика мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейін бұған дейінгі кезеңдердің барлығында оның егемендігіне келтірілген шектеулер алынып тасталады.
Республиканың аумақтық үстемдігі. Республиканың тұтас, бөлінбейтін және қол сұғылмайтын аумағына кез келген сыртқы тікелей немесе жанама қол сұғушылығына жол бермеу керек. Бұдан былай республика аумағын басқа республикаға волютаристікпен беру және сонымен байланысты күні кешеге дейін кеңінен жүзеге асырылып келген шекараны қайта белгілеу кеңінен жойылатын болады.
Республикалық азаматтықтың болуы. Азаматтық өзінің сипаты және мәні жөнінен бұрынғы кеңестік федерация шеңберінде қолданылған формальды, қағаз жүзіндегі республикалық азаматтықтан принципті түрде ерекшеленеді. Қазіргі республикалық азаматтық өз мәнісінде бұрынғы одақтық азаматтықтың функциясын қабылдай отырып (республика аумағы шегінде), соның орнын басып отыр.
Меншікті құқықтық жүйе. Бұрын ол КСР Одағы құқықтық жүйесінің бір буынын ғана құраған болса, енді одақтық конституция және одақтық заң түріндегі «қондырма» жойылды. Өтпелі кезеңде (алдағы уақытта тиісті республикалық актілерді қабылдағанға дейін) КСРО актілері Қазақстан аумағында қолданылды, өйткені олар республика заңдарына қайшы келмейтін еді. Коснтитуцияның және республика заңдарының заңды үстемдігі нығайтылды[4] .
Өзінің мемлекеттік нышандары - туы, елтаңбасы, әнұраны, сондай-ақ астанасы, мемлекеттік мерекелерін белгілеу. Рсепубликаның тәуелсіздік алуына байланысты мемлекеттік символиканы жаңарту, оны жаңа жағдайға сәйкестендіру, одан тоталитаризм мен әкімшілдік-әміршілдік жүйенің стереотиптері мен штаптарын жою жөнінде жұмыстар жүргізілді.
Елдегі мемлекеттік өкімет билігі жүйесі мен экономиканың шұғыл күйреуі жағдайында Қазақстанда саяси және экономикалық өмірді тұрақтандыруға көмектесетін президенттік басқарудың енгізілуі уақытыснда дұрыс шешілген мәселе болып табылды. 1990 ж. 24 сәуірде республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің Президенті лауазымын белгіледі, парламент сессиясында жасырын дауыс беру нәтижесінде оған Н. Ә. Назарбаев сайланды.
Қазақстан Республикасы өзінің «егемендік туралы декларациясын» 1990 жылы 25 қазанда қабылдады. Декларация 17 баптан тұрды.
Біріншіден егемендіктің белгілеріне тоқталар болсақ:
- мемлекет басқа республикалар мен егеменді республикалар одағына ерікті түрде бірігеді және өзара қатынастарын шарттық негізде құрады;
- халықаралық келісім-шарттар жасаса алады;
- Қайсыбір одаққа кіру және шығу құқығы сақталады;
Бұл егемендік туралы декларация мемлекеттің дамуы, сақталуы, қорғалу шаралары негізінде құрылған болатын.
Екіншіден: Республиканың барлық ұлт азаматтары Қазақстан халқын құрайтындығында;
- Мемлекет азаматтарының дініне, тіліне, ұлтына, материалдық жағдайына, қызметі мен лауазымына қарамастан бірдей қорғалуы мен жауапкершілікке тартылуы;
- мемлекеттің өзінің заң шығару, атқару және сот билігінің болуы.
Егемендігімізді жариялаған сәттен бастап Қазақстан Республикасы саяси - демократиялық бағытта ілгерілеп келеді.
Алғаш рет Қазақстан Республикасы территориясында, оның өз еркімен одаққа берген мәселелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарының үстемдігі орнатылады деп жазылды. Бұл егемендіктің өзекті қағидаларының бірі еді. Осыған орай мемлекетіміз егемендігіне қайшы келетін одақ заңдарын тоқтата алды.
Меншіктің алуан түрлілігі және олардың теңдігі қамтамасыз етілді. Республика өз бюджетін дербес қалыптастырды.
Республикада ядролық қаруды сынауға, ол үшін полигондар салуға тиым салынды.
Қазақстан мемлекеті өз ішкі әскерлерін, мемлекет қауіпсіздігі және ішкі істер органдарын ұстауға құқылы болды.
ҚазКСР-і халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына дейінгі ұйымдарға қатысуға құқылы болды.
Қазақстанның егемендік құқықтарын жаңа Конституциясын, егемендік мәртебесін жүзеге асыратын заң актілерін жасауға негіз болып табылды.
Егемендік декларациясын қабылдау шын мәнінде үлкен тарихи оқиға болып, тәуелсіздікке жету жолындағы соңғы саты болып табылды.
Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшандатты, мұның өзі елдегі болып жатқан уақиғалармен тығыз байланысты еді. 1991 ж. ортасында-ақ Қазақстан басқа республикалармен бірге іс жүзінде орталық оппозиция болды. Қазақстанның бастамасы бойынша Белоруссиямен, Украинамен, Ресеймен және басқа республикалармен бір-бірінің егемендігін, қалыптасқан шекараларды, орнатылып жатқан өзара пайдалы экономикалық байланыстарды мойындау туралы екі жақты келісімдер жасалды. 1990 ж. желтоқсанда төрт республика - Ресей, Украина, Белоруссия, және Қазақстан егеменді мемлекеттер одағын құру туралы иницатива жасады, Новоогарев келісімін талдап жасау жөніндегі бірлескен жұмыс басталды.
Бұл Қазақстан Республикасының батыл саяси - демократиялық қозғалысы орынды болды. Мемлекетіміз тәуелсіздік үшін күрес жүргізіп, нәтижесін қанағаттанарлықтай үлкен іс атқарды. Егемендігімізді қабылдап, өз мемлекетімізді көрсетіп, 1991 жылдың 16 желтоқсанына дейін тәуелсіздік жолында күресіп келдік.
Ақырында бабалар аңсап келген тәуелсіздігімізді алып, туымызды өзге мемлекет ретінде, яғни Қазақстан Республикасы деп мойындаттық. Мемлекетіміздің тәуелсіздігін көптеген елдер мойындап құтықтап жатысты. Солардың бірі Түркия мемлекеті мен Украина және тағы басқа да мемлекеттер болатын. Осы тәуелсіздікке жету жолында 1990 жылы 25 қазанда қабылданған декларацияның өз бір септігі болды [5] .
Сондықтан да кейінірек егемендік Декларация қабылданған 25 қазан Республика күні мерекесі болып бекітілді. Қазіргі таңда бұл күнді мейрам күндері қатарынан алынып тасталды.
1. 2. Тәуелсіздік ұғымы және оның белгілері.
Тәуелсіздік дегеніміз - ҚР Конституциясында көрсетілгендей, өзге бір мемлекеттен тәуелсіз, өз бетінше билік жүргізетін мемлекетті айтады. Мемлекет суверенитетінің тағы бір белгісі - мемлекеттік биліктің үстем болуы, ел бірлігі және тәуелсіздігі.
Конституцияның 91-бабында бекітілгендей, мемлекеттің біртұтастығы мен территорясының бөлінбестігі, биліктің басқару тұрпаты өзгертілуі мүмкін емес. Мемлекеттік тіл - бұл заң шығарушылық істерінде және ресми ісжүргізуде қолданылатын мемлекеттің негізгі тілі[6] .
«ҚР Конституциясының 7-ші бабына сәйкес ҚР-да мемлекеттік тіл - қазақ тілі болып табылады. Қазақ тілімен бірдей мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі де қолданылады. Сонымен бірге Мемлекет Қазақстан халықтарының өсіп-өркендеуіне, үйренуіне қамқорлық жасайды. ҚР Конституциялық құқықтың мәртебесінің негізгі элементі ретінде оның шетелдермен халықаралық қатынас жасау құқығы аталады. ҚР тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық және мемлекетаралық келісім-шарттар жасайды, халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады, ұжымдық қауіпсіздік пен аймақтық одақтарға мүше бола алады. ҚР міне осы қадамдарға негіз болатын барлық құқықтық субъектілерге ие».
Республиканың мемлекеттік тәуелсіз белгілерінің, біздің ойымызша, оның көрсеткіштерін айыра білуіміз қажет, өйткені бұл екеуі екі нәрсе. Тәуелсіздік көрсеткіштерінің қатарына, айталық, республиканы басқа мемлекеттердің дипломатиялық тануын, оның Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да халықаралық ұйымдарға қабылдануын, Астанада немесе Алматыда шетел мемлекеттерінің өкілдігінің, халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінің ашылуын жатқызуға болады. Басқаша айтқанда, республиканың тәуелсіздігінің көрсеткіші - тәуелсіздіктің және оның атрибуттарынның нәтижесі, оларды қабылдау нысаны, халықаралық қатынастар субъектілерін мойындауға бағасы және тойтарыс беруі. Республика мемлекеттік тәуелсіздік алмаса, оны ешқандай мемлекет дипломатиялық жағынан танымас еді, Біріккен Ұлттар Ұйымы өзіне мүше етіп қабылдамас еді және т. б.
Мемлекеттік тәуелсіздіктің қалыптасуы мен оның белгі нышандарының жасалуы үлкен кедергілерге кездесті. Алғашқы кезде бұрынғы КСРО-ның құрамдас бөлігі ретіндегі Қазақстан туралы алғашқы түсініктердің қайталануы қатты әсер етті. Осыдан кейін, ол өзінің әрекетімен, айталық экономиканы, мәдениетті, армияны күйретіп жаттыр деген негізсіз кінә тағылды.
Әрбір дербес тәуелсіз мемлекеттің оған айрықша сапа беретін және оны тәуелді мемлекеттерден, автономды мемлекеттік құрылымдардан және кәдімгі әкімшілік-аумақтық бірліктерден айырып тұратын белгілі бір атрибуттар жиынтығы болады.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан қадам басқан сайын кемелденіп, өзін осы атрибуттар аясында соған лайық көрсете бастаған осы айрықша сапаға ие болады. Бұл атрибуттардың генезисі әр алуан. Олардың бір бөлігінің тамыры Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алу фактісімен тікелей байланысты және өзінің тарихын да содан бастайды. Бұған дейінгі кезендерде Қазақстанда олар болған жоқ, олар көрсетілген сәттен бастап алғаш рет құрылған сияқты болып қалыптаса бастады. Алайда бұл барлық атрибуттарға қатысты емес. Олардың кейбіреуі, дәлірек айтқанда, олардың нышаны немесе элементі республикада мемлекеттік тәуелсіздік алған сәттен бұрын-ақ болған еді. Кеңестер одағының құрамында болған кезде Қазақстан одақтас рсепубликаның мәртебесін пайдаланды ғой, ол кездегі конституция бойынша одақтас республика жекелеген шектеулері бар немесе толық емес деуге боларлық егемендігі бар мемлекет ретінде жарияланатын. Ресми доктрина рсепубликаны тәуелсіз, дербес деп көрсетуге тырысты және оны дербестіктің сыртқы атрибуттарымен бекітті[7] .
Сондықтан Қазақстанның оның КСРОдағы құрамында болған кезіндегі кейбір бұрынғы мемлекеттік белгілері сақталды және қазірде де пайдаланылуда, бірақ олардың мәні принципті түрде өзгереді, олар жаңа мазмұнмен толықты. Олар бұрынғы сәндік түрінен өзгеріп, өмірде бір шындықты бейнелейтін реалды белгілерге айналуда. Кеңестік және кеңестік кезеңнен кейінгі Қазақстанның сабақтастығы бар, бірақ ол көбінесе сыртқы сабақтастық, ал шын мәнісінде жаңа сапалық жағдайға көшуі көз алдымызда болып отыр.
Тәуелсіздіктің көрсетіліп отырған екі тобы:
а) тәуелсіздік алған жылдары және одан кейінгі кездері қалыптасқандар және б) дамудың бұрынғы кезеңінен қалғандар бірін бірі өзара толықтырады және жиынтығында республикаға жоғарыда айтылған жаңа сапа береді.
Бұрын болмаған белгілерінің алғашқы қалыптасуы сияқты, бұрыннан бар атриуттардың жетілдірілуі үйлесімді жаңа норматифтік, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және басқа да шешімдерді творчестволықпен таңдаумен, үлен жұмыс көлемін жүргізумен байланысты. Мысалы, армия туралы мәселені қазақстанның тәуелсіздігінің белгісі ретінде алайық. Оның шешілуі бірнеше кезеңдерден өтті: 1991 жылы күзде барлық облыстық әскери комиссариаттар Қазақстан әскери комиссариатына бағынды, Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылып, өзіміздің қарулы күштерімізді құруға дайындық басталды; 1992 жылдың мамыр айында қорғаныс министрлігі құрлды да, Қазақстанда орналасқан әскери құрамалар, бөлімдер мен мекемелер тікелей республиканың бағынысына алынды да, оның қарулы күштерінің құрамына кірді. Кейінірек қарулы күштердің бірнеше түрі - армиясы, шекаралық әскері, ішкі әскері, республикалық гвардиясы, әскери теңіз күштері болды.
Бұрын болмаған белгілердің алғашқы қалыптасуы және бұрыннан бар белгілердің жетілдірілуі бір сәттік шаралар шеңберінде жүзеге асырылмайтынын, бір кезеңнен екінші кезеңге, сосын - үшінші кезеңге ауысып, тәуелсіздік белгілерінің алғашқы сұлбасы неғұрлым тұрақты, тіпті салыстырмалы түрде алғанда олардың аяқталған нысанына жол беретін көп кезеңді процесс екендігін көріп отырмыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz