Ақпараттық жүйелер және технологиялар орталығы



І. КІРІСПЕ

ІІ. ЖАЛПЫ БӨЛІМ.
2.1. Жергілікті желінің негізгі түрлері:
а) Корпоративті және аймақтық желілер
ә) Телекоммуникациялық есептеуіш желілер
б) Интернет желісі

ІІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
3.1. Жергілікті желілер
3.2. Байланыс хаттамалары. Желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар
3.3. Ауқымды компьютерлік желі

IV. ҚОРЫТЫНДЫ

V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Мен бұл өндірістік практиканы Атырау қаласындағы Коммуналдық Мемлекеттік Кәсіпорны жанындағы «Ақпараттық жүйелер және технологиялар орталығында» өттім. Бұл орталық Республикамызда қолға алынып жатқан Электрондық үкімет құру саласында жұмыс атқарып жатыр. Электрондық үкімет құрудың алғашқы этаптарының бірі жергілікті облыстық және қалалық әкімшілікте желі жүргізу болғандықтан, бұл орталықтағы білікті мамандар қазіргі уақытта желілік кабельдермен жұмыс істеуде. Осы практика барысында мен компьютерлік желілер туралы жалпы мағлұмат алып, оларды құрудың тәжірибе жүзінде қалай іске асатындығын танып білдім. Сондықтан да, осы өндірістік практика есебін компьютерлік желілер және сол желілерде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар түсінігі ретінде дайындап отырмын.
Жалпы алғанда, компьютерлік желілер дегеніміз – ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Электрондық үкімет құруда бұл желілер ең маңызды роль атқарады.
1. Бөрібаев Б., Нақысбеков Б., Мадиярова Г. «Компьютерлік желілер». – Алматы «Мектеп», 2005.
2. Глушаков С.В., Ломотько Д.В., Мельников И.В. «Работа в сети Internet». – Харьков: Фолио, М.: ООО Издательство «АСТ», 2000.
3. Валединский В.Д. «Информатика. Словарь компьютерных терминов». – /М.: Аквариум, 1997.
4. Балапанов Е.К., Бөрібаев Р.М. «Информатикадан 30 сабақ». – Алматы: ИНТ, 2000
5. «Основы работы с Microsoft Office и Internet». Руководство пользователя. Корпорация Microsoft, 2004.
6. Фролов А.В., Фролов Г.В. «Сети компьютеров в вашем офисе». – М.: ДИАЛОГ-МИФИ, 1996.
7. Симонович С.В., Евсеев Г.А., Алексеева А.Г. «Специальная информатика»: Учебное пособие. - М.: АСТ-ПРЕСС: Инфорком-Пресс, 1998.

ЖОСПАР:

І. КІРІСПЕ

ІІ. ЖАЛПЫ БӨЛІМ.
2.1. Жергілікті желінің негізгі түрлері:
а) Корпоративті және аймақтық желілер
ә) Телекоммуникациялық есептеуіш желілер
б) Интернет желісі

ІІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
3.1. Жергілікті желілер
3.2. Байланыс хаттамалары. Желіде жұмыс істеуге арналған жаңа
ақпараттық технологиялар
3.3. Ауқымды компьютерлік желі

IV. ҚОРЫТЫНДЫ

V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Мен бұл өндірістік практиканы Атырау қаласындағы Коммуналдық
Мемлекеттік Кәсіпорны жанындағы Ақпараттық жүйелер және технологиялар
орталығында өттім. Бұл орталық Республикамызда қолға алынып жатқан
Электрондық үкімет құру саласында жұмыс атқарып жатыр. Электрондық үкімет
құрудың алғашқы этаптарының бірі жергілікті облыстық және қалалық
әкімшілікте желі жүргізу болғандықтан, бұл орталықтағы білікті мамандар
қазіргі уақытта желілік кабельдермен жұмыс істеуде. Осы практика барысында
мен компьютерлік желілер туралы жалпы мағлұмат алып, оларды құрудың
тәжірибе жүзінде қалай іске асатындығын танып білдім. Сондықтан да, осы
өндірістік практика есебін компьютерлік желілер және сол желілерде жұмыс
істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар түсінігі ретінде дайындап
отырмын.
Жалпы алғанда, компьютерлік желілер дегеніміз – ресурстарды тиімді
пайдалану мақсатында бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.
Электрондық үкімет құруда бұл желілер ең маңызды роль атқарады.

Телекоференция хабары серверде үш күннен жеті күнге дейін сақталады.
Осы уақыттың ішінде кез келген тұтынуша өзі қосылған провайдер серверіндегі
осы конференция хабарын оқи алады.
World Wide Web (WWW) қызметі. World Wide Web – Интернеттің ең
қарапайым және өте кең тараған қызмет түрі болып табылады. Көбінесе оны тек
Web деп атайды. Бұл қызметтің танымалдығы сонша, оны көпшілік Интернеттің
өзі деп біледі.
Электрондық пошта да, телеконференция жүйесі де ақпарат алмасудың
кәдімгі жүйесі іспеттес. Пошталық жәшігімізді ашып, оған келіп түскен
хабарларды көре береміз. World Wide Web қызметі интерактивті түрде (сауалға
жауап беру) жұмыс істеуге арналған. Ол ақпаратты іздеу және жинауға
мүмкіндік береді. WWW-мен жұмыс істеу қызғылықты орындарды аралап көру
мақсатында әлемге саяхат жасаумен өте ұқсас, тек мұндағы әлем экрандағы
сурет, яғни елестету (виртуалды күйінде) болады. World Wide Web қызметін
пайдалануда HTML құжаттарының пішімі (мәтін пішімі) және гипермәтіндік
сілтемелер деген негізгі екі ұғым бар.

3.3.5. HTML пішіміндегі мәтіндік құжаттар. HTML – компьютерлік желіде
тасымалданатын мәтіндік құжаттарды түрлендіре отырып пішімдеуге арналған
арнайы тіл (оны құжаттарды белгілеу тілі деп те атайды). Мұнда құжаттардың
баспаға шыққандағы пішімі емес, олардың электрондық түрдегі, яғни экрандағы
пішімі туралы айтылып отыр.
Электрондық түрде тасымалданатын Web-құжаттар (Web-парақтар) баспаға
шығаруға емес, тек экранда көруге арналған. Бұл құжаттардың қандай
компьютерде (экраны үлкен-кіші, түрлі-түсті, дыбыстық тақташалары бар
немесе жоқ т.б.) оқылатыны алдын ала белгісіз болады. Сондай-ақ, сол
құжатты оқитын компьютерде мәтін жазылған қаріптің түрі орнатылған ба, жоқ
па, терезе мөлшері қандай екені де белгісіз.
HTML – белгісіз құрылғыларда (қарап шығуға арналған) экрандық
құжаттарды рәсімдеуге арналған арнайы тіл. HTML тілінде құжат құру
программалауға ұқсас болып келеді. Құжат авторы әдеттегі мәтін қаріптеріне
арнайы кодтарды (оларды тег деп атайды) енгізеді. Құжатты оқыған мезетте
осы тегтер командалар қызметін атқарады. Мысалы, абзацтың бас жағында
CENTER деген тег тұрса, құжатты оқыған кезде оның мәтіні жазылған қаріп
түрі мен оқылатын терезенің мөлшерінен тәуелсіз түрде сол абзац терезенің
ортасына ығыстырылып тураланады.
Гипермәтіндік сілтемелер. HTML тегтері құжаттың жолдарын туралауға,
экран фоны, яғни реңі мен мәтін әріптерінің түсін басқаруға мүмкіндік
береді. Тегтердің көмегімен мәтін ішіне әр түрлі сурет енгізіп, олардың
айналасына сөз жазу, сондай-ақ парақтарды безендіруге болады. Осы
әрекеттерді орындап мазмұны тартымды Web-құжат құруға болады.
Web-құжатты кәдімгі газет-журнал сияқты оқитын болғандықтан, Web
жарияланымдары деп те атайды.
HTML тегтерінің ішінде гипермәтіндік сілтемелер құруға арналған арнайы
түрлері болғаны. Гипермәтіндіксілтеме дегеніміз – мәтіннің немесе оның
маңындағы суреттік бейненің басқа Web-парақтардың желілік адресімен
байланысып, ерекшеленген бөлігі. Әдетте гипермәтіндік сілтемелері бар сөз
тіркестері олардың астын сызу немесе басқа түске бояу арқылы ерекшеленіп
тұрады. Гиперсілтемелік мәтінге курсорды жылжытып алып барса, оның түрі
өзгереді. Сол мезетте гипермәтіндік сілтемені нұсқап тұрып тышқанның сол
жақ батырмасын шертсе, басқа сервердегі немесе басқа құрлықта орналасқан
компьютердегі Web-параққа жылдам ауысуға болады.
Web-парақтардың адрестері. Әрбір Web-парақтың өзі жеке Web-09жат болып
табылады. Бұл Web-парақтардың кәдімгі мәтіндік құжаттардан жазылу пішімі
ерекшелеу болады және олардың атауы. HTML деген жалғаумен (кеңейтілуімен)
жазылады. Біз әрбір сервердің әлемдік желіде өзіндік адресі болатындығын
айтқан болатынбыз. Сондай-ақ, жер шарындағы әрбір компьютердегі орналасқан
файлдың адресін – оны іздеу жолы (маршруты) немесе электрондық адресі деп
атайды. Сондықтан Интернеттің ақпараттық өрісіндегі әрбір құжаттың сол
сервердегі файл маршруты мен сервер адресінен тұратын толық адресі болады.
Әрбір құжаттың осындай адресі URL адресі деп аталады.
WWW-дегі ақпараттарды оқу. Кез келген компьютерде HTML пішімі
түріндегі Web-құжаттарды оқу үшін арнайы программа болуы керек. Мұндай
программаларды Web-ті көру құралдары немесе броузерлер деп атайды.
Web-құжаттарды оқуға арналған, өте кең таралған программаларға
Netscape Novigator немесе Internet Explorer броузерлері жатады. Бұл
программалардың негізгі қызметі – алыстағы компьютерлердегі Web-құжаттарды
оқуға, олардың бірінен-біріне жылдам ауысуға мүмкіндік береді.

3.3.6. Интернеттен ақпарат іздеу. Гипермәтіндік сілтемелерді
пайдаланып, Интернет ақпарат кеңістігіндегі Web-парақтардың бірінен
келесісіне өтіп, оларды шексіз аралай беруге болады. Алайда, әлемдегі Web-
парақтардың өте көп екендігін ескерсек, қажетті мәліметті іздеп табуға өте
көп уақыт кетеді, яғни бұл іс қиындай түседі. Сол себепті Интернетте
ақпарат іздеуге арналған арнайы іздеу серверлері бар. Іздеу серверлері өте
көп емес, Интернетте жұмыс істейтін адамдар олардың адрестерін жақсы
біледі. Жалпы іздеу серверлерінің екі түрі бар, олар: іздеу каталогтері
және іздеу индекстері.
Іздеу каталогтері ақпараттарды олардың тақырыбы бойынша іздеуге
арналған. Мұндай серверлердегі мәліметтер негізгі және ішкі тақырыптары
бойынша реттеліп құрылған.
Іздеу индекстері алфавиттік көрсеткіш арқылы жұмыс істейді. Белгілі
бір сөзді немесе сөз тіркесін, яғни түйінді сөздерді (keyword) енгізе
отырып, сол термин кездесетін құжаттарды жылдам іздеп табуға болады.
Сонымен бірге ақпарат іздеу мүмкіндігін беретін арнайы классификациялық
серверлер де бар. Бұл серверлерде ақпарат жалпы тақырыптарымен бірге көп
таралған танымал сөз тіркестерінің тізімі бойынша топтастырылған. Әрбір
іздеуші мәліметіне байланысты құжаттарды ашу кезінде арнайы есептеуіш іске
қосылып, көп қолданылатын ақпараттардың есебі алынып отырады.

3.3.7. Интернетте жұмыс істеу. Интернетке телефон желісі арқылы қосылу
үшін, қызметті жеткізушімен келесідей қызмет түрі көрсетілген келісімшартты
толтыру қажет:
• Интернетке қосуды жүзеге асыратын телефон номері.
• Тіркеу аты (пайдаланушы аты).
• Құпиясөз (пароль).
• Домендік атауын сандық түрлендіруді қамтамасыз ететін DNS
(Domain Name Server) серверінің адресі.
• Байланысты жүзеге асыратын хаттама (РРР немесе SLIP). Мүмкіндік
болса РРР хаттамасын қолданған дұрыс.
• ІР адресі, яғни Интернет желісіндегі сіздің жеке сандық
адресіңіз, бұл келісімшарт бойынша көрсетілуі қажет.
• Пошталық жәшік аты.
• Баптаудың міндетті емес параметрлері, мысалы, Интернет
қауіпсіздігінің хаттамасын баптау (IPSec).
Интернетпен жұмыс істеу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ГАЖ - дың мүмкіншілігі мен қолдану аумағы
Медициналық ақпараттық жүйелер
Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйесі
Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Информатиканың ғылым ретіндегі анықтамасы
ТӘЖІРИБЕ КҮНДЕЛІГІ
GPS навигациялық жүйелерді қолдану
Бұқаралық ақпарат
Мемлекеттік органдардың е-қызмет көрсетулерін қалыптастыру және дамыту
Ақпараттық технологияның құрылымы
Пәндер