Комьютерлік диагностика



Тапсырма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Негізгі бөлім
1. Сарапшы жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Сарапшы жүйе деген не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. “Білім” терминіне түсініктеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2. Сарапшы жүйе құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.1 Деректер қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.2 Білім қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.3 Диалог ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.4 Түсіндіру блогы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.5 Білімді алу білу бөлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.6 Интерпритатор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
3. Сарапшы жүйелерді қолданудағы шектеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
3.1 Сарапшы жүйенің эксперт адам алдында артықшылығы ... ... ... ... ... 14
4. Продукциялық модель ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
5. Лисп тілі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
6. Тақырыптық сала бойынша анализ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
7. Программаның micro.Lisp.те түсініктемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Қосымша А ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Қосымша В ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Бұл курыстық жұмыста қарстырылған тақырып сарапшы жүйе. Сарапшы жүйе белгілі бір аймақта есептерді шығаруға сарапшы ролін атқаратын программалар жиынтығы. Сарапшы жүйе кеңестер беру керек, консультация беру керек, диагноз қою керек. Сарапшы жүйе практикалық қолданылуы өндірістің тиімділігінің өсуіне және мамандар квалификациясының өсуіне ықпал жасайды. Мұндай жүйе адам жұмысын жеңілдетуге көмектеседі.
Сарапшы жүйе ең маңызды артықшылығы оның білім қорын қоса алу, оларды ұзақ уақыт сақтай алу, жаңарту және тәуелсізділікте болу мүмкіндігінде. Білім қорының көбеюі тек жүйеге емес, сол аймақтағы мамандардың да өсуіне әсер ететінін ескере алып. Сарапшы жүйенің маңызын байқау қиын емес.
Сарапшы жүйенің сапасын оның білім қорының көлемі мен сапасы анықтайды (ереже немесе эвристик).Жүйе келесі циклдық режим түрінде қызмет етеді: мәліметтерді немеесе нәтежиелерді таңдау, бақылау,нәтежиелерді интерпретациялау, жаңа мәліметті алу және анализге керекті нәтежиені беру. Мұндай процесс ең соңғы дұрыс ақпараттар жиынын алғанша жүріп тұру керек.
Сарапшы жүйелер күрделі роботтарда, автоматтандырылған қызмет көрсету және тағы басқа жүйелерде кеңінен қолданылады.
1. Ахметова М., Тоғжанова Г.Ө., Әділбекова Ә. Сарапшы жүйе әдістерін әдістемелік меңгерудегі қолданылатын тәсіл. //Труды международной научной конференции “Информационные технологии и автоматизация производственных процессов” к 40-летию ИИиИТ. Алматы, 2002. 580 б. -431-434 б.
2. Ин Ц., Соломон Д. Использование Турбо-Пролога: Пер. с англ. -Мир, 1993.-608 с
3. Таусенд К., Фохт Д. Проектирование и программная реализация экспертных систем на персональных ЭВМ: Пер. с англ. - М.: Финансы и статистика, 1990.- 320 с.
4. Хювенен Э., Сеппянен Й. Мир Лиспа. В 2-х т. Пер. с финск. - М.: Мир, 1990.

Тақырыбы: Комьютерлік диагностика

Мазмұны
Тапсырма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Негізгі бөлім
1. Сарапшы жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Сарапшы жүйе деген не?
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. “Білім” терминіне түсініктеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

2. Сарапшы жүйе құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2.1 Деректер қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .9
2.2 Білім қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...9
2.3 Диалог ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...10
2.4 Түсіндіру блогы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.5 Білімді алу білу бөлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.6 Интерпритатор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
3. Сарапшы жүйелерді қолданудағы шектеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
3.1 Сарапшы жүйенің эксперт адам алдында артықшылығы ... ... ... ... ... 14
4. Продукциялық модель ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
5. Лисп тілі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 16
6. Тақырыптық сала бойынша анализ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 18
7. Программаның micro-Lisp-те түсініктемесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 9

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..21
Қосымша А ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 22
Қосымша В ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 30

Кіріспе

Бұл курыстық жұмыста қарстырылған тақырып сарапшы жүйе. Сарапшы жүйе
белгілі бір аймақта есептерді шығаруға сарапшы ролін атқаратын программалар
жиынтығы. Сарапшы жүйе кеңестер беру керек, консультация беру керек,
диагноз қою керек. Сарапшы жүйе практикалық қолданылуы өндірістің
тиімділігінің өсуіне және мамандар квалификациясының өсуіне ықпал жасайды.
Мұндай жүйе адам жұмысын жеңілдетуге көмектеседі.
Сарапшы жүйе ең маңызды артықшылығы оның білім қорын қоса алу, оларды
ұзақ уақыт сақтай алу, жаңарту және тәуелсізділікте болу мүмкіндігінде.
Білім қорының көбеюі тек жүйеге емес, сол аймақтағы мамандардың да өсуіне
әсер ететінін ескере алып. Сарапшы жүйенің маңызын байқау қиын емес.
Сарапшы жүйенің сапасын оның білім қорының көлемі мен сапасы анықтайды
(ереже немесе эвристик).Жүйе келесі циклдық режим түрінде қызмет етеді:
мәліметтерді немеесе нәтежиелерді таңдау, бақылау,нәтежиелерді
интерпретациялау, жаңа мәліметті алу және анализге керекті нәтежиені беру.
Мұндай процесс ең соңғы дұрыс ақпараттар жиынын алғанша жүріп тұру керек.
Сарапшы жүйелер күрделі роботтарда, автоматтандырылған қызмет көрсету және
тағы басқа жүйелерде кеңінен қолданылады.

1. Сарапшы жүйелер

1.1. Сарапшы жүйе деген не?

Сарапшы жүйе дегенiмiз - белгiлi бiр сала мәселелерiн шешуде сарапшы-
маман адамды ауыстыра алатын жасанды жүйе. Бұл жүйе жөнiндегi зерттеулердiң
мақсаты, құрылымы қиын есептердi шығарғанда сапасы мен тиiмдiлiгi жағынан
адам тапқан шешiмнен кем түспейтiн нәтижеге жететiн компьютерлiк
программалар жасау. Яғни, әңгiме сарапшы-адамның интеллектуалдық еңбегiн
автоматтандыру жайында болмақ. Сарапшы жүйедегi программалардың жасанды
зерде тарауларындағы басқа бағыттардан ерекшелейтін қасиеттерiне мыналарды
жатқызуға болады [1]:
- бұл жүйедегi программалардың құрылымы қиын, iс жүзiнде маңызы бар,
шешiм жолын табуы қиын есептердi шығаруға қолданылады;
- жүйе өзiнiң тапқан шешiмi туралы түсiнiгiн пайдаланушыға сапалы
деңгейде түсiндiрiп бере алуы керек. Бұл оның сандармен жұмыс iстейтiн
алгоритмдерден ерекшелiгi;
- табылған шешiм өзiнiн сапасы мен тиiмдiлiгi жағынан адам тапқан
шешiмнен кем болмауы керек;
- маманмен пiкiр алысуы арасында өзiндегi бар бiлiмдi үнемi толықтырып
отыратын қасиетi болуы керек.
Пайдаланушы адамға өте қажет болуы үшiн, сарапшы жүйе өзiнiң
құрамында, бiлiмнiң жинақталған, қорын ұстауы қажет. Бұл сарапшы жүйедегi
программалардың жасанды зерде бағытындағы басқа программалардан бөлек,
өзiне ғана тән, оны ерекшелейтiн жеке қасиетiне жатады [2]. Әдетте
интеллектуалдықтың көзi деп шешiм жолын табатын қуатты бiрнеше iс-әрекеттi
атаған. Бiрақ iс жүзiндегi тәжiрбие көрсеткендей, мұндай iс-әрекеттерден
гөрi әрқилы саладағы бiлiм қорын бiр жерде ұстап, қолдану пайдалы.
Сондықтан, сарапшы жүйе үшiн бiрiншi кезекте үлкен бiлiмдер қорын ұстап,
оны толықтырып отыру мәселесi маңызды орын алады. Ал iс-әрекет тәсiлдерiн
қолдану, екiншi кезекке қойылған.
Зерттеулер көрсеткендей, сарапшы жүйелердi жобалап құрғанда, үш
принциптiң орындалуы қатаң шарт болып табылады. Ондай принциптерге мыналар
жатады:
- бiрiншi кезекте ұйымдастырылған, белгiлi бiр тәртiппен
орналастырылған бiлiмдер көлемi қажет, тек сонан соң ғана оған байланысты
iс-әрекет тәсiлдерiн табу қажет;
- бiлiмдердiң өзi белгiсiз, толық емес, қарама-қайшы, тәжiрбие бойынша
алынған түйсiнуден туындаған мағлұматтардан тұрады, яғни бiлiмнiң өзiнiң
жеке сипаты болуы қажет;
- пайдаланушы адам сарапшы жүйедегi программалармен пiкiр алмасу
дәрежесiне жететiндей болуы қажет.

1.2. “Білім” терминіне түсініктеме

Бiлiм дегенiмiздiң өзi не ? Енді терминге талдау жасап көрелiк.
“Бiлiм” терминi жасанды зерде зерттеулерi үшiн программалау тарихының
алғашқы жылдарындағыдай “деректер” деген термин сияқты, көп қолданылатын
жұмыс терминiне арналған [3]. Мәлiметтерден бiлiмдерге ауысу, электронды
есептеу машинасын математикалық программалаумен қамтамасыз етуде үлкен өсу
кезеңiн бiлдiредi. Егер программалаудың алғашқы кезеңiнде программалардың
өзi басты рөл атқарып, ал мәлiметтер олар үшiн (азық( есебiнде жүрсе, одан
кейiнгi кезеңдерде деректер маңызы бiртiндеп арта бередi. Олардың
құрылымдық түрi де қиындатылады. Мәлiметтi машинаға түсiндiру дәрежесi,
оның машина жадындағы бiр ұяға орналасқан бiр машина сөзiнен, вектормен,
жиынмен, файлмен, тiзбекпен берiлетiн құрылымдар дәрежесiне дейiн
көтерiледi. Осындай дамудың арқасында, деректердің абстракты түрi деп
аталатын деректермен жұмыс iстеу дәрежесiне дейiн көтерiледi. Яғни, адам
есептi өзiне ыңғайлы әдiспен шеше алады. Мәлiметтер құрамының бұлай дамуы,
олардың сапалық өзгеруiне, соның арқасында мәлiметтер мен мағлұматттарға,
бiлiмдерге жетуге мүмкiндiк бередi. Бiлiмнiң деректердегі өзгешелiгiн
бiлдiретiн бес ерекшелiгi бар.
1.Жiктелуi (интерпретируемость). Білімдердің мәліметтерден ерекшелігі
– олар туралы мағлұматтарды машина жадысында жинақтап сақтауға болады.
2.Топтау қасиетi. Мәлiметтермен жұмыс iстегенде, олардың бiр жиынға
кiру қасиетiн анықтайтын байланыстар көрсетiлмейдi. Бұл бiр түрдегi
хабарларды бiрнеше қайтара жазып, еске сақтауды қажет етедi осы
элементтердiң барлығына қатысты iс-әрекеттi бiрнеше рет қолдануға
мәжбүрлейді. Бiлiмдермен жұмыс iстегенде, бұл қиындықты жеңуге болады. Ол
үшiн бiлiм элементтерi арасындағы қарым-қатынас түрлерiн анықтап, оны
машинада сақтап отыру қажет.
1. Ситуативтiк қасиетi. Байланыстың бұл түрi машина жадындағы бiлiмдердiң
бiр-бiрiмен бiрге бола алу-алмау қасиетiн бiлдiредi. Бұл байланыстар бiр
мезгiлде бiр жерде болу, бiр авариялық жағдайға болу, т.б. сияқты
қасиеттердi бiлдiредi. Бұл қасиеттердiң - құрылымдық, функционалдық,
кауазальдық, семантикалық деп аталатын түрлерi болады. Құрылымдық қарым-
қатынастар, элементтер арасындағы бiрiнiң iшiне бiрi кiру қасиетiн
бiлдiредi. Функционалдық байланыстар, элементтердiң бiреуiн екiншiсi
арқылы есептеп табуға мүмкiндiк бередi. Каузальдық деп аталатын
байланыстың түрi, себеп-салдар бойынша анықталады, ал семантикалық түрге
- аталған үшеуiнен басқа дүниедегi бүкіл байланыстар бәрi кiредi.
Бiлiмдердiң бұл ерекшелiгi, бiр-бiрiмен қарама-қайшылықта болатын
бiлiмдердi iздеп табатын iс-әрекеттер құру мүмкiндiгiн бередi.
2. Семантикалық өлшемде болу қасиетi. Хабарлар жинақталған жиындарда
құрылымдардың бiр-бiрiне ситуациялық (яғни, жағдай бойынша) жақындығын
бiлдiретiн байланыстар болады. Бұл байланыс - бiлiмдердi жағдайлар
бiрлiгi бойынша топтауға мүмкiндiк бередi. Бұл ерекшелiк, машинаға жаңа
ұғым кiргiзiлген жағдайда, оны өз тобына орналастыру мүмкiндiгiн бередi.
3. Белсендiлiк қасиетi. (Активность). ЭЕМ пайда болғаннан бастап ондағы
хабарлар - деректер, командалар деп екiге бөлiніп деректер үнемі пассивтi
жағдайда, ал командалар активтi болып келген. Машинада жүрiп жатқан жұмыс
барысының барлығы дерлiк командалар өмiрiмен жүргiзiледi де, мәлiметтер
керек уақытында ғана iске қосылады. Ал бiлiмдермен жұмыс iстейтiн жүйелер
үшiн iс-әрекеттiң белсендiлiгi, сол жүйедегi бар сапалық ережелерге
тiкелей байланысты. Яғни программаның орындалу – орындалмауы, бiлiм
қорының сол мезеттегi күйiне байланысты.
Бiлiмдердiң осы аталған бес қасиетi, оның мәлiметтерден ерекшелiгiн
сипаттайды. Бұл ерекшелiктердi шекара есебiнде белгiлесек, одан өткен
мәлiметтер бiлiм болып саналады да, ал мәлiметтер қоры - бiлiм қорына
ұласады.
Әрбiр салаға қатысы бар кез келген бiлiмдер екi түрде болады: жалпы
және жеке. Жалпы бiлiмдер - арнаулы әдебиеттер мен кiтаптарда жазылып
жинақталған, осы салаға байланысты, анықтамалар, фактiлер, iлiмдер
(теория). Ал саладағы мамандардың осы мәселеге қатысты өздерiнiң жеке
бiлiмдерi де болады. Олар көбiне әдебиеттерде жазылмаған, жүйеленбеген.
Сарапшы жүйенi құрудағы негiзгi мақсат, осы маманның жеке бiлiмiн тауып,
жинақтау. Көбiнде бұл жеке бiлiмдер, эмпирикалық ережелерден тұрады. Оларды
әдетте эвристикалық депте атайды. [4]-те эвристиканың мынадай анықтамасы
берілген: “Эвристика” (грек сөзi, heuriska - табамын) дегенiмiз –
мәселенiң көп шешiмдерi iшiнен бiр шешiмдi таңдап алуға кететiн уақытты
қысқартатын тәсiлдi табатын, сол шешiмдi iздеу, табу iсi барысындағы
заңдылықтар мен тәсiлдерiн зерттейтiн ғылым(. Эвристикалар мамандарға
мәселенi шешуде ақылға қонымды ұсыныстар жасап, болашақта мәнi белгiсiз
мәлiметтермен жұмыс жасауға мүмкiндiк бередi. Маман адамдар өздерiндегi
жинақталған бiлiмдер арқасында мәселенi шешуде өте тиiмдi нәтижелерге
жетедi. Егер машина программалары осы бiлiмдердi жинақтап, қолдана алса,
онда олар да белгiлi бiр саладағы есептердi шешуде жақсы нәтижелерге жетуi
мүмкiн. Ол үшiн мамандардағы бар бiлiмдердi ала бiлiп, оларды белгiлi бiр
түрге келтiру арқылы есептеу машиналарына салып, пайдалана бiлу керек. [5]-
те атап көрсеткендей, бiлiмдi өте сирек кездесетiн элементке жатқызуға
болады, өйткенi оған кететiн шығын өте көп, оны өндiру үшiн жақсы
жобаланған тиiмдi технология болуы шарт. Осы еңбекте бiлiмдi ала бiлу
технологиясының негiздерiн құратын принциптер атап көрсетілген. Олардың
қатарына мыналарды жатқызуға болады:
- мамандардан бiлiмдердi ала бiлу, яғни бiлiмдi өндiру iсiн меңгеру;
- бiлiмдердi орналастыру, ұйымдастыру iсiн меңгеру;
- ұйымдастырылған білімдерді машинада сақтай білу өнерін білу;
Ұйымдастырылған, жинақталған білімдерді пайдалануға арналған жаңа
техника мен технология жаңа білім тармағын береді. Ол ағылшынша (knowleege
engineering( деп аталады. Яғни, (бiлiмдер инженериясы( деген мағынаны
білдіреді. Бұл тармақтағы әдістер көмегімен, осы уақытқа дейінгі әдеттегі
математикалық әдістермен шешілмей келе жатқан әр саладағы біршама есептерді
шығару мүмкіндігі туады.

2. Сарапшы жүйе құрамы

Әдеттегi сарапшы жүйе, өзiнiң құрамында бiрнеше бөлiктер болуын
қамтамасыз етуі керек [1]. Ол бөлiктердi атап айтсақ: бiлiм қоры, жұмысшы
зердесi (мәлiметтер қоры), түсiндiрме - басқару құралы, пайдаланушыға
түсiнiктi болуын қамтамасыз ету бөлiгi, бiлiмдi ала бiлу бөлiгi, түсiндiру
бөлiгi. Бұл бөлiктер 1- суретте көрсетiлген.
Суретте келтiрiлген бөлiктердiң бәрiнiң бiрдей сарапшы жүйе құрамында
болуы мiндеттi емес, дегенмен де кейбiр бөлiктер жүйенiң негiзiн құрады.
Мiндеттi түрде болатын бөлiктерге 1, 2, 3-нi жатқызуға болады. Жұмыс
iстеуге қабілетi бар жүйе мына сипатта болады:
- ондағы мәлiметтер мен бiлiмдердi ұсына алатын әдiс болуы қажет;
- пайдаланатын мағлұматтар құрамы анықталған болуы керек;
- басқару құралы - интерпретатордың жұмыс iстеу тәсiлiнің анық болуы.
Сарапшы жүйенi құрудағы негiзгi мақсаттар қатарына мыналар жатады:
1. Бiр саладағы сарапшы-маман адамның құрылым жағынан қиындық
келтiретiн бiлiмдерiн жүйелеуге мүмкiндiк беруi;
1. Адам-сарапшы қабылдайтын шешiмнiң сапасын арттыру;
2. Пайдаланушы адамды есептеудi көп қажет ететiн қиын жұмыстардан
босатуы сияқты мақсат - талаптар жатады.
Аталған мақсаттарға жету үшiн сарапшы жүйе жұмысының екi түрлi
тәртiпте орындалуы керек: бiлiмдi ала білу және есепті шығару тәртібі.

Бiрiншi мақсатқа жету үшiн, сарапшы жүйе бiлiмдi ала бiлу тәртiбiнде
жұмыс iстеуi қажет. Яғни 1- суреттегi 4-шi, 5-шi бөлiктер болуы керек. Бұл
тәртiпте жұмыс iстеу - программалаудан хабары жоқ, бiрақ сол саланың маман-
сарапшының қатысуын қамтамсыз етедi. Әдеттегi программалар құруда бұл
жұмысты тек програмист-маман атқарған. Ал қалған екi талапты орындауда,
сарапшы жүйе - есептi шығару тәртiбiнде жұмыс iстейдi. Бұл жағдайда
пайдаланушы адамға есептiң табылған шешiмi мен оны табу әдiстерi қажет.
Бiрiншi мақсаттың басын ашып қарайтын болсақ, ол бiлiмдердiң
құрылымдық түрiн жасау қажеттiгiн бiлдiредi. “Құрылымдық түр жасау -
объектiлердiң, ұғымдардың мазмұнын, мәнiн олардың түрi арқылы берудi
зерттеу жолы” [4]. Объектiлердiң мазмұны есебiнде, ондағы негiзгi ұғымдар
мен байланыстарды қарауға болады. Құрылымдық түр жасаудың өзi түрлi
тудырмаларға (факторларға) тiкелей байланысты. Олар:
- iздеу кеңiстiгiнiң құрылымы, яғни ұғымдар бiр-бiрiмен қандай
дәрежеде қарым-қатынаста болады;
- бiлiмдердi ұсыну үлгiлерi, яғни ұсынудың әдiстерi мен құрамы;
- мәлiметтердiң қабылдайтын қасиеттерi (сол саладағы ұғымдардың
табиғаты) жатады.
Шешiмдi iздеу тәсiлдерiн таңдау - бiлiмдер құрылымына, ал бiлiмдердi
ұсыну үлгiлерiн қолданудың өзi, ұғымдардың табиғатымен байланысты. Демек,
жоғарыда атап көрсетiлген тудырмалар бiр-бiрiмен бiте қайнасып жатады.
Сонымен қатар, бiлiмдердiң құрылымдық түрiн құру iсiнде аса маңызды орын
алатын тудырма - бiлiмдердi ұсыну әдiстерi мен оның құрамын анықтау. Яғни,
осы құрамды анықтау дәрежесi бiлiмдi үлгiлеу дәрежесiне тiкелей әсер етедi.
Әдеттегі сарапшы жүйе өзінің құрамында әртүрлі бөліктерді жинақтайды
(1-сурет). Төменде осы бөліктердің атқаратын қызметіне шолу жасайық.

2.1 Деректер қоры. Бұл қорды белгілі бір тәртіпппен жинақталған, көп
адамдарға пайдалануға ыңғайлы хабарлар жиынтығы ретінде қарауға болады.
Қордың негізгі міндеті - мәселеге қатысы бар мәліметтерді бір жерде сақтай
білуі және қажет болған уақытта, оларды пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз
ету. Бұл қорды кейде жұмысшы зердесі деп те атайды. Қорды толықтыру үшін
мәліметтердің құрылымдық түрін анықтайтын жобалар қажет. Жобалауды іске
асыратын мәліметтер дегеніміз - мәліметтердің құрылымдық түрін анықтайтын
ережелер жиыны [19]. Үлгілерді құрмас бұрын, мәліметтер табиғаты жайында
бір - екі ауыз айта кету керек. Мәліметтер қарапайым не құрылымы қиын
түрінде кездеседі. Егер мәліметті бір ұғым ретінде қарайтын болсақ, онда
оның ішкі қасиеттерін білдіретін көрсеткіштері болады [20]. Егер ұғымның
өзін, оның қасиетін, қасиетінің сипатын, т.б. бір жерге жинақтасақ, онда
осы ұғым туралы мағлұмат біраз жинауға болады. Мысалы, "Кешен" ұғымы. Оның
қасиетіне "Бұрғылау қондырғысы " ұғымы, ал қасиетінің сипатына бұл
қондырғының аты жатады. Сонда "Кешен" ұғымына қатысты біз мынадай мағлұмат
жинақтадық: кешен. Бұрғылау қондырғысы, УБШ-5. Осы мағлұматты қалай
үлгілеп, ЭЕМ жадында қалай сақтауға болады?- деген сұрақ туады. Ол үшін
мәліметтер үлгісінің бірнеше түрлері бар. Осындай үлгі түріне талдау
жасайық. "Мәліметтер үлгісі" деген терминді мәліметтер құрылымының түрі
анықталған және осы құрылымға қолданылатын амалдың түрі анықталған
формализмге қолданамыз. Қазіргі уақытта осындай үлгінің үш түрі кездеседі:
релятивтік, иерархиялық, торлық түрлері [19]. Релятивтік түрдегі үлгілерде
ұғымдар арасындағы қарым-қатынастар кесте түрінде беріледі. Кестенің тік
жолына ұғымдардың қасиетін білдіретін - атрибут деген көрсеткіш жазылады
да, кестенің ұзын жолына олардың қабылдайтын мәні жазылады. Қабылдайтын
мәндердің орналасу тәртібі аса ұқыптылықты қажет етеді, яғни жолдарын бір-
бірімен ауыстыруға болмайды. Оларды әртүрлі кестелерде берілген ұғымдар
арасынадғы қарым-қатынасты "кілттер " деп аталатын байланыс арқылы беруге
болады. Бұл байланыс түрі, релятивтік үлгінің ерекшелігінің біріне жатады.
Торлық үлгілердің негізінде тор ұғымы жатыр. Тордың төбесі ұғымдарды, ал
оларды біріктіретін жолдар -ұғымдар арасындағы байланысты білдіреді.
Иерархиялық үлгідегі мәліметтер қатаң тәртіппен орналасып, оның құрылымдық
түрі ағаш бұтақтарындағыдай болып келеді. Мәліметтер қорының атқаратын
қызметтер қатарына мәліметтерді алу, оны өзгерту, іздеу сияқты міндеттер
кіреді. Осылай таңдалып алынған мәліметтер білімдер қорындағы
мағлұматтармен салыстырылады. Егер қордағы ұғымдар қарапайым элементтер
түрінде болса, бұл іс-әрекет - салыстыру операциясы деп аталады. Ал
ұғымдардың құрылымдық түрі қиын болып келсе, классификация операциясы деп
атайды. Бұл жұмыс интерпретатор - басқару құралының қызметіне жатады.
2.2 Білімдер қоры - сарапшы жүйенің ең маңызды бөлігі. Жүйенің
қуаттылығы, осы білім қуаттылығына тікелей байланысты. Білімдерді
жинақтайтын қорды құру аса көп еңбекті қажет етеді. Бұл қиындық, қордағы
білімдерді белгілі тәртіппен өзара орналастыру қажеттілігімен тікелей
байланысты. Ал өзара орналастыру дәрежесі осы саладағы шығарылатын
есептердің типі не түріне, үлгісіне тікелей байланысты [18]. Орналастыру
тәртібі Қордан керекті мағлұматты тезінен таба білу де де үлкен рөл
атқарады. Тезінен таба қою өнері іздеу стратегиясына байланысты. Жүйе дұрыс
жұмыс істеу үшін қордағы білімдер, мағлұматтар дұрыс екшеліп, сұрыпталуы
қажет. Сұрыптау ісі былайша өтеді: Шешілетін саладағы фактілерді (ақиқат,
белгілі нәрселер) мәселені шешу әдістерінен бөліп қарау қажет. Сонда
фактілер – декларативтік, ал шешу әдістері - процедуралық деп аталады.
Процедуралық мағлұматтарға, өңделген білімдер мен логикалық қорытындылау
әдістері кіреді. Бұлар жасалатын іс-әрекеттің түпкілікті мақсатының
жүйелілігін бейнелеп түсіндіруі қажет. Декларативтік мағлұматтарға жататын
білімдер сол саладағы фактілер мен аксиомалар жинағы болып табылады.
Білім қорының тағы бір ерекшелігі - оның “сауаттылық” көрсеткіші болуы.
Бұл көрсеткіштің белгісі - керек болған кезде, қажет білімдерді іске
қоса алу мүмкіндігі. Білімдерді осыған орай ұйымдастыру үшін, деректердің
бір-бірімен қалай байланысуы, білімдерді іздеудегі құралдар, салыстыру
әдістері жөніндегі сұрақтарға жауап табу қажет. Деректер арасындағы
байланыстарды екі түрге бөлуге болады: ішкі, сыртқы. Ішкі байланыстар,
ұғымдарды бір бөлікке топтап, олардың құрылымдық ерекшелігін береді.
Сыртқы байланыстар - осы топтардың арасындағы қарым-қатынасты білдіреді.
Оның өзін логикалық, ассоциативттік түрлер деп бөлуге болады. Біріншісі -
элементтер арасындағы байланысты білдірсе, екіншісі - оларды іздеуге
арналған қарым-қатынас түрін береді. Осылардың бәрі, қорда білімді
пайдалану үлгілері арқылы сақталады. Білімді іздеудегі құралдың негізгі
міндеті - жұмысшы зердесіндегі ұғымды тауып, оны қордағы мәліметпен
салыстыру кезеңіне әкелу. Салыстырудың төрт түрі болады: синтаксисттік,
параметрлік, семантикалық, міндеттелген [18]. Синтаксисттік салыстыруда
үлгілер бір-бірімен салыстырылады не мүлде салыстырылмайды. Параметрлік
түрде - салыстыру дәрежесін анықтайтын көрсеткіш енгізіледі, ал
семантикалық түрде - үлгінің өзі емес, олардың атқарылатын қызметі
салыстырылады. Ал міндеттелген түрде салыстыруға түсетін үлгі, басқа ұғым
тұрғысынан қаралады. Қорды білімдермен толықтыру үшін білімді пайдалану
үлгілерін білу қажет [24]. Білім қорының тағы бір тамаша қасиеттерінің
қатарына оның өзіндегі білімдерді толықтырып отыру мүмкіндігі жатады.
Ондай мүмкіндік жүйенің білім алу бөлігінде қаралады. Сонымен білім қоры –
бір саладағы маманның сұрыпталған, екшелген, белгілі бір тәртіппен
ұйымдастырылған, жинақталған білімдер жиыны. Қордың көлемі, қуаты, ондағы
білімді пайдалану үлгісі түріне байланысты. Қордың маңызды көрсеткіштерінің
қатарына оның: “сауаттылық” көрсеткішін, білімдерді жаңалап толықтыруын,
“түсініктілік” көрсеткішін жатқызуға болады.
2.3 Диалог бөлігі. пайдаланушыға түсініктілікті қамтамасыз ететін
бөлік. Адам мен жүйенің арасындағы қатынас екі түрде болады: диалог,
сезімталдық терминал деп аталатын монитор. Біріншісінде - табиғи тілдің
жүйеге салынған сөз қоры арқылы қатынас болады. Екіншісі, програмалаудан
мүлде хабары жоқ адамдарға арналып жасалады. Бұл жағдайда пайдаланушы адам,
саусағының ұшын экранның белгілі бір жеріне тигізсе болады. Сонымен
пайдаланушы адамға түсініктілікті қамтамасыз ететін бөліктің негізгі
міндеті: есепті шығару барысында "адам-жүйе" арасындағы сөйлесу қызметін
қамтамасыз ету, оның нәтижесінде жүйеге түскен табиғи тілдегі сөз
формаларын машинаға түсінікті түрге аудару.

2.4 Түсіндіру бөлігі. Түсіндіру қажеттілігінің себебі: сарапшы
жүйедегі программалар, құрылымдық түрі айқын емес есептерді шығаруға
арналған. Яғни, есептің шешімін табатын жолдарды анық көрсететін
алгоритмдік әдіс, жоққа тән. Сондықтан есеп шешімінің қалай табылғанын
көрсете алатын құралдың болуы өте қажет. Түсіндіру қасиеті бар
программаларды мынандай түрлерге бөлуге болады: Алдан ала дайындалып
қойылған түсіндірмелер, релятивтік түсіндірмелер, арнайы түсіндіруші
программалар. Бірінші түсіндіру түрінде, табиғи тілде қойылған сұрақтарға
жауап беру кезіндегі программаның іс-әрекетін есте сақтап қалуы. Бұл әдісті
қойылатын бүкіл сұрақтарды қамтуға қолдануға болады. Бұл кезде пайдаланушы
түсіндірмені, компьютерде қалай жазылса, сол күйінде алуына болады.
Релятивтік түсіндірмелерде программаның әр бөлігі өзінің іс-әрекеті жөнінде
түсіндірмемен қамтамасыз етіледі. Арнайы түсіндіруші программалар, жүйенің
не істегінін бақылап және керек болған уақытта пайдаланушы адамға
түсініктеме береді.
2.5 Білімді алу білу бөлігі. Сарапшы жүйе құру ісі барысында білімді
ала білу өнері қажет пе, маңызды істің бірі болып табылады. Өйткені
жүйенің негізгі мәйегі болып табылатын білім қорының сапасы, осы білім алу
ісіне байланысты. Жүйені құруда бұл бөлік, өте қиын сатыға жатады. Бұл іс
барысында мынандай қадамдардан өту қажет: 1) қолдағы бар білімді толықтыру
қажеттілігі анықталады; 2) білімді алу барысы; 3) жаңа білім жүйесіне
"түсінікті" түрге енуі керек; 4) жүйедегі білімдер өзгеріске ұшырайды да,
кезек 1-ші қадамға беріледі. Осы айтылған қадамдарды адам не жүйе
орындауына байланысты білімді ала білудің әртүрлі үлгілері бар.
Білімді толықтыру. Білімді толықтыру термині толықтыру, алу,
іздеуді білдіреді. Білімді осылай алу тәсілін білім инженері білу керек.
Білімді ала білуге арналған арнайы компьютерлік программалар бар. Бұл
программаның мақсаты:
1. Маман адамға кез келген әдісті қолдану арқылы білім ала білу;
2. Осылайша алынған білімді компьютер жадысында сақтай білу;
3. Алынған білімді пайдалану үшін түрлендіру;
Маман тірі адамнан білімді ала білу процесіндегі тәжірибелер мынаны
көрсетеді: бір жұмыс күнінде екіден беске дейін ережені шығарады.
өнімділігі өте төмен. Сондықтан талдау процесін автоматтандыратын қабық
жасау үшін білім кезеңдері қарастырады.

(1) идентификкация (2)концептуализация (3)қалыптастыру
(3)қалыптастыру (4)жүзеге (5)тестілеу

асыру

1) Идентификация. Деректер мен шешімдердің сапаларын бағалау
критерийлерін қоса отырып, жобаланатын жүйе көмегімен шешу
тұжырымдарын проблемалар класы табылады.
2) Концептуализация. Олардың арасында базалық концепция мен қатынастар
қалыптасты.
3) Қалыптастыру. Күйлер кеңістігінің құрлымын беру және онда іздеу
әдістерінің сипаттамаларын беруді байқап көруді.қабылдайды.
4) Жүзеге асыру. Қалыптасатын білімдерді бағандарға түрлендіру, мұнда
алға процесті басқаруды ұйымдастыру әдісінің спецификациясы мен
ақпараттық ағымдағы бөлшекті ұйымдастыруды нақтылау шығады.
5) Тестілеу. Құрылған жүйе жұмысын көптеген тапсырмаларда тексеру.

Білімді талдау деңгейлері. Білімдерді мұндай түрде алу сала
аумағы туралы ерекше білімдерді алуға ғана емес, соған байланысты қандай да
бір концептуалды қабықшаға алынған деректерді қолданудың интерпритациясы
және сол арқылы оларды қалыптастыру бағдарлама оны жұмысында қолдана алу
керек. KADS қабықшасының негізінде 5 базалық принциптер салынған.
1. Білімдер инженериясы процестерінің күрделілігін жеңуге мүмкіндік
болатын моделдердің көптігін қолдану
2. Қажет сарапшыларды модельдеу үшін төрт деңгейлік құрылым, мамандар
жұмысының жоғары деңгейі негізіндегі сарапшылар жиыны.
3. Білімдерді алу стратегияларын қолдайтын үлгілер ретінде модельдерінің
ұрпақтарының компоненттерін қолдану.
4. Жай модельдердің күрделілерге дифференциалану процесі.
5. Өндіру және енгізу барысында құрылымда сақтаумен бірге сарапшыларының
модельін түрлендіру маңыздылығы.
Білімдерді алу термині білімдерді жіберудің бір тәсіліне жатады – белгілі
бір сала аумағындағы сарапшылар сұранысы, білімдер бойынша аналитик немесе
инженермен орындалады.
Бұл термин эксперт пен арнайы бағдарлама арасында әрекеттесу
процестерін белгілеу үшін қолданады, оның мақсаты келесі болып табылады:
• қандай да бір жүйелік әдіспен сарапшы білімдерін алу, мысалы
сарапшыға репрезентативті есептерді ұсыну және оларды шешудің
тәсілдерін бекіте отырып;
• осындай түрде алынған білімді қандай да бір түрде аралық түрде
сақтау;
• білімдерді аралық көріністен бағдарламаны қолданып жарамды түрге
түрлендіру.

Мұндай бағдарламаны қолдану артықшылығы процестің жұмыс көлемін талдау,
себебі білімдерді сарапшыдан жүйеге көшіру бір ретте орындалады.
Талдаудың 4 деңгейі бар:
• Білімдер концептуализациясы. Бұл деңгейде принципиалды концепциялар
мен концепциялар арасындағы қатынастар терминдерінде білімдерді ресми
сипаттау ұсынылады.
• Эпистемалогиялық талдау деңгейі. Мұндай талдау мақсаты концептуалды
білімдердің, соның ішінде таксономиялық қатынастарды айқындау.
• Логикалық талдау деігейі. Берілген сала аумағында бар білімдер
негізінде логикалық шығаруды құруға негізгі көңіл бөледі.
• Енгізуді талдау деңгейі. Жүйені бағдарламалық өңдеу механизмі
зерттейді.

Білімдер категориясы Ұйымдастыру Білім түрлері
Стратегиялық стратегиялар жоспарлар, мета ережелер
Есептер есептер мақсаттар
басқару термдері
есеп құрылымдары
Логикалық шығару логикалық шығару құрлымыбілім көздері,
метакласстар,
сала аумағы схемасы
Сала аумағы сала аумағы теориясы қонцепциялар,
қасиеттер,
қатынастар

1. Кесте. KASD жүйесінде білімдер диференциялың төрт деңгейлік
схемасы.

Сипатталатын білімдер дифференцияның схемасы сарапшы жүйенің қарапайым
архитектурасына келтіреді. Дәстүрлі архитектура ішінде де айқын емес түрде
есептер мен стратегиялары сала аумағы туралы білімдерге де, логикалық
қорытынды құру механизміне де қосуға болады.
Білімді сала аумағын қолдану арқылы алу процесі

Сала аумағының
моделі

нақтылау компиляция
(уточнение)

Сарапшы-
адам
Сарапшы
жүйе

нәтижесі

Бар білімдердің негізінде жаңа білімдер алу
Интеллектуалды оқытушы жүйені құру бойынша тәжірибелер жүрісінде
сарапшы жүйелер техникасы негізінде зерттеулер проблемаларды шешкенде
сарапшы қандай білім түрін қолданатын терең түсінді. Аспаптық құралдары
жасағанда өндірістер қызық проблемалармен кездесті кез келген сала
аумағында жататын білімдерді фреймге немесе туғызушы ережеге қалай
түрлендіруге болады.
Білімдерді алу бағдарламасы сарапшы интервьюлерін сала аумағы туралы
базалық білім болу керек. Сол білімдерге инженер де ие болады. Осы жағдайда
ғана ол сарапшылармен сұхбатта түсінісе алады.
Жаңа білімді алу үшін ие болу керек білімдерді метабілімдер деп
қарастыруға болады.
2.6 Интерпретатор- басқару құралы. Әдеттегі программалау әдістеріне
жасалған прорграммалар, оған берілген ат бойынша іске қосылады. Сондықтан,
программалаушы адам мәселені шешудегі түрлі жолдарды ескеріп, оны басқару
құралына кіргізе білуі қажет. Яғни, программаның бір бөлігі өз жұмысын
аяқтағанда, келесі кезекте қандай программа, қандай мәліметтермен жұмыс
істейді, соның бәрін анық көрсетуі керек. Басқарудың мұндай түрі,
құрылымдық жағынан қиын есептерді шығаруға жарамайды.

3. Сарапшы жүйелерді қолданудағы шектеулер

Қазіргі бар ең жақсы деген сарапшы жүйе, ол үлкен немесе шағын
компьтерлерде де жақсы қызмет атқаратын күннің өзінде де оның эскперт
адамға қарағанда кейбір шектеулері болады.
1. Қарапайым қолданушы үішн көптеген сарапшы жүйе қолдануға ыңғайлы
емес. Ондай жүйемен жұмыс істеу үшін тәжірибе қажетті болады, ондай
тәжірибе болмаған күнде қиыншылықтарға тап болуы ықтимал.
2. Бұндай жүйелерде қолданылатын сұрақ-жауап режимі соңғы немесе
мақсатты жауап алуға ұзақ жолды талап етеді. Мысалы срапшы жүйе
қолданбай ақ бір дәрігер аурудың түрін тезірек анықтай алады.
3. Экспертиза сеансынан кейін жүйе білімі өспейді.
4. Экспернттен алынған жауап, срапшы жүйе беген жауаптан әлде-қайда
тиімді болады.
5. Сарапшы жүйе үйрену мүмкіндігі жоқ, оның ақылы да жоқ.
6. Сарапшы жүйе үлкен проблемалық аймаққа жарамсыз болып табылады.
7. Эксперт жоқ аймақта сарапшы жүйе қолдану мүмкін емес болып
табылады.
8. Сарапшы жүйе көбінесе когнитивті есептерді шешуге қолданады деген
ой қалыптасқан.
9. Эксперт Адам мәселені шешу барысында өз интуициясын да қолдана
алады.

3.1 Сарапшы жүйенің эксперт адам алдында артықшылығы

Білім қорына негізделген жүйе адам алдында бірқатар артықшылықтары бар:
1. Ол бір шешімді нақты қабылдайды;
2. Олар асығыс шешім қабылдамайды;
3. Бұл жүйелер жүйелік түрде жұмыс істейді, олар барлық бар
детальдарды қарастырып, соларға байланысты ең жақсы деген
альтернативті таңдайды;
4. Білім қоры өте үлкен болуы мүмкін. Машинаға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интерактивті тақтамен жұмыс істеу
Эксперттік жүйе
Тамырлар бойымен қан қозғалысының физико – математикалық заңдылықтары
Компьютерлік оқыту жүйелерін жобалау
Проективті әдістердің қолданылуы
Басқару әдістері мен технологиялары
Ғасырлар белесіндегі химия құрылымы
Компьютерлік телекоммуникациялар. интернет жұмысына жалпы сипаттама
Объектілердің модификация әдістері
Компьютерлік ақпараттық жүйелер
Пәндер